• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

PDF Өртке қарсы қызмет жеке құрамының өрт-тактикалық дайындығы

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Share "PDF Өртке қарсы қызмет жеке құрамының өрт-тактикалық дайындығы"

Copied!
80
0
0

Толық мәтін

(1)

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты

Баймаганбетов Р.С., Сакенов Р.Е.

Өртке қарсы қызмет жеке құрамының өрт-тактикалық

дайындығы

Оқу құралы

Көкшетау 2018

(2)

ӘОЖ 614.842

Рецензенттер:

М.М. Әлменбаев - Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтының өрттің алдын алу кафедрасының бастығы, техникалық ғылымдар кандидаты.

Е.К. Молдаханов – Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық- құтқару жұмыстары» ММ бастығының орынбасары;

Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының Оқу-әдістемелік кеңесімен баспаға мақұлданды

«___»____2018 жылдың №__ хаттамасы.

Өртке қарсы қызмет жеке құрамының өрт-тактикалық дайындығы, Оқу құралы /Р.С. Баймаганбетов, Р.Е.Сакенов – Көкшетау: Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты

Өрт-тактикалық дайындықтың (ӨТД) негізгі мақсаты әртүрлі орталарда мүмкін өрттерді сөндіру әдістеріне, өрт сөндіру бөлімдерінің үнемі дайындығына және өртті сөндіру тәжірибесінде озық тәжірибелермен өртке қарсы қызметінің (ӨҚ) жетістіктерін қамтамасыз етудің әдістерімен оқыту және дайындау.

Бұл оқу құралы өртке қарсы қызметінің басқарушы құрамына, қызметті ұйымдастыру, дайындық және өрт сөндіру мәселелерімен айналасатын барлық мамандарға, сонымен қатар Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының курсанттарына арналған.

ӘОЖ 614.842

© Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты, 2018

(3)

Мазмұны

Кіріспе 4

1. Өртке қарсы қызметі жеке құрамының өрт-тактикалық

дайындығын ұйымдастыру 6

1.1 Тактикалық дайындықтың әдістері мен формалары 7

1.2 Басшының сабақтарға дайындық әдістемесі 7

2. Өрт-тактикалық есеп шешу бойынша сабақтарды өткізу

әдістемесі 8

2.1 Жалпы талаптар 8

2.2 Басшының сабақтарға дайындық әдістемесі 10

2.3 Сабақ өткізу тәртібі және әдісі 13

3. Өртке қарсы қызметі басқарушы құрамының өрт-тактикалық

дайындығы 16

3.1 Бөлімнің шығу ауданын жедел-тактикалық үйрену 17 3.2 Бөлімнің шығу ауданының жалпы жедел-тактикалық

ерекшеліктерін оқу. 19

3.3 Бөлімнің шығу ауданының жеке учаскелеріндегі жедел-

тактикалық ерекшеліктерін оқу 19

3.4 Бөлімнің шығу ауданында жеке объектілердің, ғимараттар мен

имараттардың жедел-тактикалық ерекшеліктерін оқу 20

4. Топтық жаттығулар (істік ойындар) 22

4.1 Топтық жаттығуды өткізу 24

4.2 Топтық жаттығуды талдау 25

5. Басқарушы құрамның сынақ ісі 26

6. Басқарушы құрамның жедел шеберлігін жоғарылату мектебі 28

6.1. Негізгі тапсырмалар 29

6.2 Оқу жұмысын ұйымдастыру 29

7. Өрт-тактикалық және команда-штабтық үйретулер 30 7.1 Өрт-тактикалық үйретулерді өткізудің жалпы ережелері 30

7.2 Тактикалық үйретулерді дайындау 32

7.3. Үйретулерді өткізу 34

7.4. Үйрету қорытындыларын жеткізу 36

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 38

(4)

Кіріспе

Ғылыми және ғылыми-технологиялық прогрестің дамуы, жаңа техникалық жүйелерді жасауға, қоршаған ортада не өндірісте адамға қауіп- қатерді азайтып, жер бетінде адамзат өркениетінің артуына ықпал етеді.

Оның ең басты себебі, қауіпті өндірістер, технологиялық процестер, заттар және материалдармен техносфераның қанықтыруы болып табылады. Барлық құрлықта жаһандық әскери жанжалдар болмағандықтан, елдерде адамзат ірі өндірістік апаттар, өрттер, жарылыстар, технологиялық апаттар, табиғи апаттар салдарынан үлкен шығынға ұшырайды. Статистика олардың санының үнемі ұлғаюын және олардан шығынның тұрақты өсуін көрсетеді.

Олар халыққа және елдің экономикасына үлкен, кейде орны толмайтын шығындар әкеледі.

Өрт қауіпсіздігінің негізгі қағидалары:

- өрт қауіпсіздігі саласындағы адамдардың өмірі мен денсаулығын, мүлкін, ұлттық байлығын және қоршаған ортаны қорғау;

- ұйымдар мен азаматтардың қызметіндегі тәуекел дәрежесін мерзімінен бұрын анықтау, алдын алу шаралары бойынша оқыту және өрт қауіпсіздігі саласындағы алдын алу шараларын жүзеге асыру;

- өртті сөндіру, авариялық құтқару және басқа да қажетті жұмыстар жүргізу, медициналық көмек көрсету, азаматтарды әлеуметтік қорғау және зардап шеккен жұмысшылар, азаматтардың, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші субъектілердің денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу міндеттемесі.

Жазатайым оқиғалардың, өрттердің, жарылыстардың, апаттардың салдарын жою үлкен материалдық, қаржы, адам ресурстарын талап етеді.

Қазіргі уақытта адамдардың өміріндегі тәуекел деңгейін арттыруға ықпал ететін техникалық жүйелер құрылуда. Көптеген ғалымдар соңғы жылдары техносферада қауіпсіздіктің деңгейін үнемі төмендететінін атап өтті.

Сондықтан, қазіргі кездегі апаттардың, жарылыстардың, өрттердің, жазатайым оқиғалардың 70-80% адамдардың кінәсінен туындайды: олардың немқұрайлылығы, біліксіздігі себеп болады. Бұл, ең бастысы, заманауи адамның қазіргі өмірге қауіп төндіретін жағдайларда психологиялық және физиологиялық тұрғыдан дайын еместігін білдіреді.

Өртке қарсы дамып келе жатқан жедел жағдайға барабар жауап беру үшін өрт сөндіру қызметінің міндеттері мен функциялары үнемі өзгеріп отырады және қазіргі уақытта ең дайындалған, техникалық жабдықталған және жылжымалы төтенше қызметі болып табылады.

Өрт ғылымының бірі өртті сөндіру барысы мен нәтижесі өрт құрылымдарына, олардың әлеуметтік-экономикалық, техникалық және тактикалық мүмкіндіктерін арақатынасына байланысты екенін мәлімдейді.

Өрттерді сөндіру - адамдар мен мүлікті құтқаруға және өрттерді жоюға бағытталған іс-шаралар.

(5)

Өрт сөндіру - өрт қауіпсіздігі жүйесінің негізгі функцияларының бірі болып табылады.

Өртті сөндіруге және өртті сөндіруге дайындық өртке қарсы қызметінің гарнизондарында тактикалық дайындықты дұрыс ұйымдастырусыз мүмкін емес. Тактикалық дайындық психологиялық дайындықпен тығыз байланысты, яғни, өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің өрт кезіндегі жағдайларда, оның ішінде стресстік және төтенше жағдайлардағы барлық ұрыс қимылдарын жүргізуге дайындығы болып табылады.

Әртүрлі жерлерде өрттерді сөндіргенде, ӨСЖ жалпы негiзде ғаназде ғана емес, сондай-ақ жеке негізде нақты өрттерде үлгiзде ғаналерге тән әрекет етуге мәжбүр.

Қазіргі уақытта өртке қарсы қызметінің құрылымдары адамдарды заманауи құралдарымен жабдықтауға және өрт кезінде ең күрделі жағдайында міндеттерді орындауға мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылғандардың бәрін ескере отырып, өрт сөндіру және техникалық профильді аяқтағаннан кейін өрт сөндіру бөлімінің жас мамандары оқу орнында алған теориялық білімдерін іске асыруда, әсіресе оның алғашқы кезеңінде, қиындықтарға тап болады. Сондықтан әртүрлі дереккөздерде келтірілген материалды жүйелеу, сондай-ақ осы саладағы қызметкерлердің тәжірибесін жинақтау жас маманға қалыптасу кезеңінде көмектесуге бағытталған. Бұл оқу-әдістемелік нұсқаулық өртке қарсы және тактикалық дайындық бойынша материалдарды жинақтайды.

Оқу-әдістемелік нұсқаулықта авторлар өртке қарсы тактикалық жаттығулардың әртүрлі нысандарын қарастыруға тырысты, алайда, сұрақтардың толық жиынтығы жабылмаған. Бірқатар сұрақтар ішінара баяндалады, дегенмен оларды егжей-тегжейлі қарастыру қажет болуы мүмкін.

Авторлар оқу-жаттығуды, жаттығуларды және өрт сөндіруді ұйымдастырумен айналысатын өртке қарсы қызметінің барлық мамандары үшін пайдалы болады деп үміттенеді.

Нұсқаулық оқу-әдістемелік нұсқаулықта көрсетілген бағыттармен байланысты жұмысқа тағайындалатын курсанттарға көмектеседі.

(6)

1. Өртке қарсы қызметі жеке құрамының өрт-тактикалық дайындығын ұйымдастыру

Тактикалық дайындық – бұл жеке құрамның ұйымдасқан, үзіліссіз және мақсатқа, оның кәсіби мамандығын жоғарылатуға бағытталған, өртте күштер мен құралдармен басқара білуді қажет ететін процесс.

Өрт-тактикалық дайындықтың (ӨТД) негізгі мақсаты, түрлі жағдайларда пайда болатын өрттерді сөндіру әдістері мен тәсілдеріне өртке қарсы қызметінің жеке құрамын үйрету және дайындау, өрт бөлімдерін әрдайым дайындықта қолдау болып табылады.

ӨТД негізгі тапсырмалары:

- өрттерде, апаттарда және табиғи апатарда іс-қимылдарды жүргізуге бөлімшелер мен қарауылдарды дайындау;

- экстремалды жұмыс жағдайларында жеке құрамның өзін-өзі ұстауын, шыдамдылығын, психологиялық тұрақтылығын және тактикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру;

- күндіз-түні қиын жедел жағдайларда ӨҚҚ гарнизондары мен бөлімшелерін білікті жұмыстарды өткізуге дайындау және басқа да қызметтермен әрекеттесу;

- басқарушы құрамда бағынушыларды тәрбиелеу мен үйретуді толық жетілдіру;

- ӨҚҚ гарнизондары мен жеке құрамын дайындығын өткізу және оны тәжірибеге енгізу;

- өрттерде күштер мен құралдарды басқару бойынша басқарушы құрамның пркатикалық дағдыларын және өрт-тактикалық білімдерін жетілдіру;

- бөлімнің шығу ауданында өртжарылыс және өте қауіпті объектілердің жедел-тактикалық ерекшеліктерін білу болып табылады.

ӨТД екі түрге бөлінеді: бөлімшелердің тактикалық дайындығына (бастапқы және келесі) және басқарушы құрамдардың тактикалық дайындығына.

Бастапқы ӨТД өрт сөндірушілермен өрт ісінің негізін білуге бағытталған. Келесі ӨТД - ӨҚҚ бөлімшелерінің дайындығын жетілдіруге бағытталған.

Тактикалық дайындықтың әрбір түрі, оқытудың өздік ұйымдастырушылық формаларына ие. Осылайша, өрт сөндірушілерді тактикалық дайындықтың ұйымдастырушылық формаларына үйрету кезінде өрттерді сөндіру тактикасының теориялық негіздерін және үйретулер мен өрттерде іс-қимылдарды практикалық түрде өткізу болып табылады.

Қорытынды: өрт-тактикалық дайындықтың негізгі мақсаты - өрттерде, апаттарда және табиғи апаттарында бөлімшелер мен қарауылдарды іс- қимылдарды өткізуге дайындау болып табылады.

(7)

1.1. Тактикалық дайындықтың әдістері мен формалары Оқудың негізгі принциптері:

- саналылық және белсенділік;

- көрнектілік;

- жүйелілік және кезектілік;

- жеткіліктілік;

- жеке ерекшеліктерді ескеру.

Тактикалық дайындықты өткізу кезінде:

- басқарушыларды сабақтарға мұқият дайындау;

- өрт жағдайына мүмкіндігінше максималды еліктеу;

- практикалық сабақтар барысы нақты өртті сөндіру кезіндегі іс қимылдарға жақын болуы;

- сабақтарды өткізу үшін ыңғайлы жерлерді дұрыс таңдау;

- әрдайым тәртіпті бекіту қажет.

Тактикалық дайындықтың негізгі формалары:

- бөлімнің шығу ауданын жедел-тактикалық үйрену;

- өрттерді сөндіру негізін білу;

- адамдарды құтқару, өртті барлауды өткізу кезінде өрт сөндірушілердің іс-қимылдарын жүргізу;

- түрлі объектілерде өрттерді сөндіру тактикасын сабақтары;

- өрт-тактикалық есептерді шешу (ӨТЕ);

- өрттерді талдау;

- топтық жаттығулар (істік ойындар);

- өрт-тактикалық үйретулер (ӨТҮ).

Үйреті әдістері – бұл, үйретуші үйренушілерге жаңа ғылымдар мен білімдерді беретін әдіс.

Тактикалық дайындық жүйесінде оларды мынадай түрде есептеуге болады:

- әңгімелеу;

- кеңес;

- түсіндіру арқылы практикалық көрсету;

- демонстрация;

- шартты өртті сөндіру бойынша практикалық жұмыстар;

- өздік жұмыс.

Бірнеше әдістер бірге қосылып өте жиі жүргізіледі.

ӨТД бойынша сабақтарды, ереже бойынша, қызмет көрсету аудандарындағы объектілерде тапсырмаларды шешу жолымен өткізу қажет.

1.2. Басшының сабақтарға дайындық әдістемесі

ӨТД негізгі формасы классты-топтық сабақтар болып табылады.

Оған жататындар:

- сабақ кестесі бойынша сабақ тақырыбымен танысу;

- ӨҚҚ гарнизондары мен бөлімдерінің жеке құрамдарын дайындау

(8)

бағдарламасы бойынша тақырып мазмұнын оқу;

- сабақ мақсатын анықтау;

- негізгі әдебиеттермен қамтамасыз ету;

- оқытудың техникалық құралдарын және көрнекі жабдықтарды дайындау;

- сабақ жоспарын анықтау, яғни сабақтарды өткізу әдісін, негізгі түйінді сұрақтарды;

- собақтарды өткізу үшін жоспар жасау.

Класста карауылмен сабақ өткізудің мысалдық сызбасы:

- өткен материалдар бойынша сұрақ қою;

- жаңа материалды баяндау;

- жаңа материалды бекіту;

- өздік дайындыққа тапсырма.

Жоспарды құру формасы өз бетінше, бірақ сабақтарды өткізу тәжірибесінен шыға келесі сұрақтарды бейнелеу қажет:

- сабақ тақырыбы және оның мақсатын;

- оқу уақыты және оны өткізу орнын;

- материалдық жабдықталуын;

- өткен материалдар бойынша сұрақ қою;

- баяндалуға жататын сұрақтар, және олардың мазмұны;

- сабақ және сұрақтар бойынша қорытындылар;

- материалды бекіту;

- өздік дайындыққа тапсырма.

Жоспардағы материал үш негізгі бөлімге бөлінеді: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды. Уақыттың көбі жаңа материалмен танысуға жұмсалады.

Сабақтарды өткізу дайындығының барысында негізгі назарды мысалдарды таңдауға бөлу қажет. Мысалдарды, ереже бойынша, бөлім өмірінен немесе сол гарнизонның бөлімдерінен келтіру қажет.

Объектіде басшының практикалық сабаққа дайындығы класстағы басшы сабағынан айырмашылығы бар. Басшыға жауынгерлік жұмыстар ерекшеліктерін толығымен ашу үшін сипатты объектіні таңдау және оны өрт- тактикалық қатынаста білу, ӨТЕ шешу үшін өрт-тактикалық қатынаста шешімдерді өңдеуі, объектіде ӨТЕ шешу бойынша практикалық сабақтарды өткізу үшін жоспар жасауы қажет.

2. Өрт-тактикалық есеп шешу бойынша сабақтарды өткізу әдістемесі 2.1. Жалпы тааптар

Өрт-тактикалық есептерді шешу бойынша сабақтар – бұл нақты объектілерде өртке қарсы қызмет бөлімшелері жеке құрамының жауынгерлік іс-қимылдарды енгізуді үйренудің негізгі формасы.

Тактикалық есептерді шешу кезінде, бөлімшелер мен қарауылдардың өрттерді сөндіру және адамдарды құтқару кезіндегі және тактикалық сауатты

(9)

іс-қимылдарға үйренуі жүзеге асырылады және бөлімшелер командирлері мен қарауыл басшыларының жағдайларда бөлімшелермен және қарауылдармен басқару бойынша тактикалық дайындықтары жетілдіріледі.

Өрт-тактикалық есептерді шешу кезінде жеке құрамның үйренуінің ең басты принципі: «өрттегі іс-қимылдарды жүргізу кезінде бағынушыға қажетті есептерді шешуге үйрету» болып табылады.

Негізгі тапсырмалар:

- өрт бөлімдерінің жеке құрамын түрлі жағдайлардағы өрттерде жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуге үйрету, қызмет есептерін шешу және өртте іс-қимылдарды жүргізуге қажетті оларда моральды-қайратты сапалықтарды және психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру;

- өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің дайындығын және өртті сөндіруге жұмылдырылатын гарнизонның басқа да күштері мен құралдарын текесеру болып табылады.

Сабақтарды өткізу кезінде келесі мақсаттар қойылуы мүмкін:

- өрт сөндіру басшысын ішкі әрекеттер бойынша өрт жағдайын бағалауға, оның өзгеруін болжай білуге, барлауды өткізуге,өрттегі іс-қимылдардың шешуші бағытын анықтауға, сөндірудің әдістері мен тәсілдерін, құралдарды таңдауға, аға бастық келгенге дейін жоғарылатылған шақыру бойынша күштер мен құралдарды орналастыру мен қарсы алуды және оларды басқаруға, бөлімшелердің тактикалық мүмкіндіктерін рационалды қолдануға жаттықтыру;

- өртте іс-қимылдарды жүргізуге өртке қарсы қызмет бөлімшелерін және гарнизондардың дайындығын тексеру;

- өртке қарсы қызмет гарнизонының бөлімшелері, ерікті өрт бөлімшелері, апаттық-техникалық және қаланың арнайы қызметтерінің арасындағы әрекеттестікті қолдау;

- өрт қауіпті, конструктивты және технологиялық ерекшеліктері бойынша күрделі ғимараттар мен имараттарда өртке қарсы қызметтің басқарушы құрамын өрттерді сөндіруге дайындау;

- бөлімшелер мен қарауылдардың өрттегі іс-қимылдарын ұйымдастыруда бөлімше командирлері және қарауыл бастықтарының тактикалық дайындығын, сол сияқты өрттерді сөндіру және адамдарды құтқару кезінде қажетті өрт бөлімдері жеке құрамының өрт есепті білуді жетілдіру, техника қауіпсіздігі сұрақтарын өңдеу;

- өрт техникасы және өрт-техникалық жабдықтардың жаңа түрлерінің, жаңа от сөндіргіш заттардың, өрт сөндірудің жаңа әдістері мен тәсілдерінің тактикалық мүмкіндіктерін үйрену;

- басқарушы құрамда нақты шешімдерді қабылдауды, бағынушыларға оларға тез арада жеткізуді және орындалуына жетуді тәрбиелеу;

- жеке құрамда моральды-қайратты сапалықтарды және психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру.

Өрттегі іс-қимылдарды жүргізу кезінде, өртке қарсы қызметінің Өрттің сөндіруін ұйымдастыру ережесінің барлық талаптарын дұрыс қолдану негізінде қатардағы және басқарушы құрамның тактикалық ойлауын дамыту,

(10)

нақты өрттегі жағдаймен соқтығыса отырып, өрттерді техника санымен емес, тактикалық дайындықтың әрбір сабағының негізгі тапсырмасы болып табылатын – білгірлікпен сөндіруге үйрету.

Өрт бөлімдерінің кезекші қарауылдарымен өрт-тактикалық есептерді шешу бойынша сабақтарды өткізу сапалығы мен ұйымдастырылуына бөлімдер, өртке қарсы қызметінің отряд және гарнизон бастықтары, өрт сөндірудің кезекші қызметтері және жедел бөлімдері жауап береді

Өрт бөлімдерінің бастықтары бағынушылардың тактикалық дайындық күйіне жауап береді.

Өрт-тактикалық есептерді шешу бойынша сабақтарды өткізу мерзімдерін қалалар мен облыстардың ӨҚҚД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы бекітеді.

2.2. Басшының сабақтарға дайындық әдістемесі

Өрт-тактикалық есептерді шешу бойынша сабақтар сапалығы оларды өткізу дайындығына байланысты.

Сабақтарға дайындалуға: басшының дайындығы, жеке құрамның дайындығы, материалды-техникалық құралдардың жабдықталуы, қауіпсіздік шараларын анықтау жатады.

Басшының сабақтарды дайындауына: тақырыпты және сабақтың оқу мақсатын түсіндіру; сабақ объектілерін таңдау және оқу; материалдық жабдықтаудың қажетті құралдарын анықтау; тактикалық ойды өңдеу; сабақ өткізудің жоспар-конспектін жасау және оны аға бастықпен бекіту; бөлімше командирлері және қарауыл бастықтарымен нұсқауды өткізу; жеке құрамның сабақтарға дайындығын ұйымдастыру жатады.

Тақырыпты түсіндіру – бұл дегеніміз оның мазмұнын ашу және тақырыптан шығатын сұрақтар маңыздылығын ұсыну. Мақсатты түсіндіре отырып, сабақты жүргізуші оқушыларда берілген тақырып бойынша барлық білімдерін әрі қарай жетілдіруі тиіс.

Сабақтардың оқу мақсаты тактикалық дайындықтың тапсырмаларымен, тақырыптың мазмұнымен, оқушылар санымен, олардың дайындық дәрежесімен және сабаққа кететін уақытпен анықталады.

Сабақ мақсатын анықтау кезінде, оқытушы келесі сабақ тапсырмаларын қоя алады: таныстыру, көрсету, үйрету, жаттықтыру және тексеру.

«Түсіндіру және тексеру» тақырыптарды өңдеу кезінде, сол сияқты объектіні жедел-тактикалық қатынаста оқу кезінде қойылады; «үйрету» — оқушыларда белгілі бір дағдыларды өңдеу кезінде қажет; «жаттықтыру» - алдыңғы сабақтарда алынған білімдерді тексеру, жедел жоспарлар мен өрт сөндіру кәртішкелерін, аудандық күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспарлары кезінде керек; «тексеру» - түрлі тағайындаулы халық шаруашылық объектілерінде кезекші қарауылдардың жауынгерлік дайындығын тексеру кезінде қойылады.

(11)

Жағдайды және жеке құрамның дайындық дәрежесін ескеріп, көрсетілген мақсаттар бірігуі мүмкін. Бұл жағдайда тапсарма бірігіп шешіледі.

Содан кейін алдағы дайындық үшін, әдебиеттер мен әдістемелерді, өртке қарсы қызмет органдарының Өрттерді сөндіруді ұйымдастыру қағидаларына сәйкес келуші баптарды, ұсынылған әдебиеттерді, өрттердің сипаттамаларын, бұрықтарды және басқа да құжаттарды алу қажет.

Практикалық сабаққа дайындалу кезінде оқытушының мамандығында ең қажеттісі сабақ объектісін таңдау және оқу болып табылады.

Объектіні таңдау кезінде басшы келесіні ескеруі тиіс: өндірістің өрт қауіптілігін, өрттің мүмкін пайда болу орнын; оттың таралу жолдары мен жылдамдығын анықтауды; түтіндену аймағын, адамдар өміріне қауіптілік мүмкінділігін, қондырғылардың, жабдықтардың жарылысын, конструкциялардың бұзылу мүмкіндігін, резервуарлардан сұйықтықтардың қайнауы мен лақтырылуын, газдануды және берілген объектіде өртпен жүретін басқа да құбылыстарды. Бұны бағалай отырып, басшы бағынушылардың жауынгерлік іс-қимылдарын ойша болжамдауға міндетті.

Объектіні таңдап болғаннан кейін, басшы оның жетекшілерімен сабақтарды өткізу мерзімдеріне, бөлімшелер санын жұмылдыру қажеттілігіне, нақты жағдайларға жақындатылған іс-қимылдарды жүзеге асыруға жататын сұрақтарды келістіруі және оларды жедел-тактикалық қатынаста білуі тиіс. Объектіде ол анықтауы тиіс:

- өрт орнын және бөлімшелердің келу сәтінде оның жағдайын;

- өрт сөндірудің стационарлы және алғашқы құралдарын қолдану мүмкінділігін;

- өрт сөндіру басшысымен басқарыла алатын өртке қарсы сумен жабдықтау көздерін;

- күштер мен құралдарды орналастыруды, қосымша көмекті шақыру қажеттілігін;

- төгілген судан заттарды қорғау және көшіру бойынша жұмыстарды, құтқару жұмыстарының тізімін;

- конструкцияларды ашу және бұзу орындары мен тәсілдерін;

- енгізілетін құралдарды ескере отырып өрттің алдағы даму барысын;

- техника қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларды;

- еліктеу құралдары мен әдістерін және т.б.

Басшының практикалық сабаққа дайындығында ең жауапты кезең – сабақтың тактикалық ойы болып табылады, ол оларды қиын жағдайды туғызуды, өрттің даму ерекшеліктерін дұрыс бейнеллеуді және оны сөндіруді процессінде қазіргі мазмұнды қамтамасыз етуі тиіс.

Тактикалық ойды өңдеу – бұл дегеніміз: берілгендерді түсіндіру, оқушылар қимылдары үшін жағдайды анықтау, шартты өртті сөндіру үшін күштер мен құралдарды есептеу, өртті сөндіру және оларды орналастыру тәртібі бойынша бөлімшелер іс-қимылдарының әдістері мен тәсілдерін анықтау.

(12)

Тактикалық ойды өңдеу үшін берлігендерге: өрттің мүмкін пайда болу орнын, оттың таралу сипатын, өрттің бос дамуының ұзақтылығын, адамдардың бар болуы мен олардың өмірі үшін қауіптілікті, өрт өлшемін (аудан және периметрді), сабақта жұмылдырылатын күштер мен құралдардың саны және мөлшерін анықтау жатады.

Өрттің мүмкін пайда болу орны екі талаптың негізінде түсіндіріледі:

объектінің берілген орнында өрттің нақты пайда болуы мүмкінділігі және бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарын орындау үшін ең ауқымды қиындықтарды құру.

Тактикалық ой, мазмұны бойынша сабаққа жұмылдырылатын бөлімшелер мен құрылымдардың тактикалық мүмкіндіктерінен асып кетуі мүмкін. Бұл жағдайда өрт-тактикалық есепті шешуге қатысатын барлық күштерді қолданып болғаннан кейін, басшы өртке қарсы қызметінің қосымша күштері мен құралдарын шақыртуды жариялай алады, ал ӨСБ есептерді класста шешкендей жүргізе алады.

Тактикалық ой сабақтарда қиын жағдайды туғызуды, өрттің даму ерекшеліктерін дұрыс бейнеллеуді және оны сөндіруді процессінде қазіргі мазмұнды қамтамасыз етуі тиіс.

Сабақ басшысы шартты өртте өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің келу сәтіндегі, күштер мен құралдарды енгізу сәтінде және өртті тоқтату мен жою сәтіндегі жағдайды анықтайды. Егер өрт-тактикалық есепті шешу үшін бір қарауылдан көп күштер мен құралдар жұмылдырылса, онда бұл күштер мен құралдардың келуі кезіндегі жағдайды анықтайды.

Күштер мен құралдарды есептеу от сөндіргіш заттарды таңдаумен және құтқару, көшіру, конструкцияларды ашу және бұзу бойынша жұмыстар орындаумен жүзеге асырылады.

Дайындық жұмысының негізінде басшы жоспар-конспектті жасауға кіріседі.

Конспект формасы тақырып сипатына және оқу сұрақтарына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Тәжірибелік сабақтарда жоспар- конспектіге ұсынылатын негізгі талаптар болып табылады: ықшамдық, айқындық және нақтылық.

Жоспар-конспектінің бірінші бөлімінде:

- сабақ тақырыбы;

- оқу мақсаты;

- сабақты өткізу орны мен уақыты;

- өткізу әдісі;

- бөлімшелер құрамы және материалды-техникалық жабдықталуы;

- объектінің жедел-тактикалық сипаттамасы;

- тактикалық ой және күштер мен құралдарды есептеу;

- сабақ өткізу жоспары баяндалады.

Жоспар-конспектінің екінші бөлімінде сабақ мазмұны және сызбаға күштер мен құралдарды орналастырып ӨТЕ шешу барысы қарастырылады.

Сабақ мазмұнын (күтілетін шешімдер және өрт сөндіру басшысының іс- қимылдарын) мына форма бойынша баяндауға ұсынылады:

(13)

Жедел уақыт Өрттің жағдайы

Күтілетін қимылдар,

өрт сөндіру

басшысының бұйрықтары

Әдістемелік нұсқаулар

1 2 3 4

2 графаға тактикалық есепті шешуде принципиалдық мағынасы бар және басқарушы құрамның тактикалық ойлауын дамытуға бағытталған жағдай элементтері кіреді.

Өрт жағдайының элементтер санын және олардың сипаттамаларын, олармен тақырыптың негізгі сұрақтарын бейнелей отырып, уақытты ескерумен анықтау қажет, яғни есепті шешу барысында, мысалы:

ішкі әрекеттері бойынша өрттің жағдайы туралы; қарауылдың келу сәтіндегі жағдай туралы; өрттің толық жағдайы;

өртті сөндіру барысында жағдайдың өзгеруі туралы; қалалық арнайы қызметтердің келуі туралы; заттарды көшіру және құтқару жұмыстарын өткізу туралы, сонымен қоса ГТҚҚ буындарын қолданумен; өртті тоқтату және жою туралы.

Әрбір элемент нақты, қысқа құрылады, атқарушыға дұрыс шешім қабылдауға көмегін тигізетіндей белгілі бір мағынаға ие болуы тиіс.

Дайын шешімдері бар қосымша енгізулерді беруге болмайды (от қайда таралды, неге қауіп төндіреді, жану ауданы қандай және т.б.).

Сабақ жетекшісі өзі жасаған конспектіні міндетті түрде өзі тексеруі тиіс, яғни өзін ӨСБ ролінде қоюы және сабақ барысында барлық енгізулерді шешуі тиіс.

Жоспар-конспект сабақ жетекшісімен жазылады және жоғары тұрған бастықпен бекітіледі. Жоспар-конспектіге күштер мен құралдарды орналастыру сызбасы қосылады.

Сабақ сапалығы олардың материалды-техникалық қамтамасыз етілуіне байланысты. Сабақ жетекшісі өрт техникасының, еліктеу құралдарының дайындығын, қажетті басқару құралдарымен, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету сұрақтарын шешуге міндетті.

Қарауыл бастықтары мен бөлімше командирлерінің нұсқама мазмұны, жеке құрамның сабаққа дайындығы ӨТЕ шешу бойынша сабақ түрінен шыға (жаттықтыру, тексеру, көрсетпелі) әрбір нақты жағдайда анықталады.

2.3 Сабақ өткізу тәртібі және әдісі

Объектілерде өрт-тактикалық есептерді шешу сабақтары келесі тәртіпте өткізіледі.

Егер практикалық сабақтың алдында қарауылдың жеке құрамымен берілген тақырып бойынша теориялық сабақтар өткізілмесе, онда сабақ жетекшісі әңгімелеу әдісімен 15-20 мин аралығында берілген объектілерде өрттерді сөндіру және даму ерекшеліктерін жалпы түрде түсіндіреді. Содан

(14)

кейін дабылды хабарлайды және қарауылмен бірге объектіге шығады. Егер практикалық сабақтың алдында сабақ сыныпта өткізілген болса, онда сабақ дабылды хабарлаумен бекітілген уақытта басталады және қарауыл сабақты өткізу орнына шығады. Объектіге келісімен, біріншіден қарауылдың барлық жеке құрамымен объектінің (ғимараттың, имараттың) жедел-тактикалық сипаттамасы оқытылады, ал содан кейін өрт-тактикалық есеп шешіледі. Егер қарауылдың жеке құрамы берілген объектінің жедел-тактикалық сипаттамасымен таныс болса, онда сабақ жетекшісі тез арада есепті шешуге кіріседі, ал оны шешіп болғаннан кейін соңғы уақыттарда өткен өзгерулерді жеке құраммен талдайды.

Қарауылдың жауынгерлік дайындығын тексеру кезіндегі сабақтар, өрт- тактикалық есептерді шешуден басталады. Өрт туралы хабар және қарауылдың шақыртылуы нақты жағдайлардағыдай жүзеге асырылады, ол туралы тек КҚЖБО және объектінің сәйкес келуші лауазымды тұлғалары ескертіледі.

Есепті шешу алдында сабақ жетекшісі өзі немесе алдын ала дайындалған тұлғаның көмегімен шартты өрт жағдайын еліктейді, ал егер бұл мүмкіндіксіз болса, онда ол оның ауызша сипаттамасын дайындайды және есепті шешуге кіріседі. Өрт жағдайының жан-жакты еліктеуі кезінде сабақ жетекшісі ӨСБ тек еліктеу құралдарымен түсіндірілмейтін қасиеттерді ғана түсіндіреді (айғай, иіс, температуралық өзгерулер, түтін түсі, конструкциялар күйі және т.с.с.). Егер өрт жағдайын еліктеуді өткізу мүмкін емес болса, онда сабақ жетекшісі оны ӨСБ және барлық қатысушыларға ауызша, көтеріңкі дауыспен түсіндіреді. Сабақ жетекшісімен хабарланатын жағдай ӨСБ үшін дайын шешімдермен ашылмауы тиіс.

Сабақ жетекшісі оны өткізу барысында барлауды дұрыс өткізу сапалығын, шартты өртті дұрыс бағалауды және жауынгерлік іс- қимылдардың шешуші бағытының дұрыс анықталуын, күштер мен құралдарды тиімді қолдану жолдарын, бұйрықтардың нақты әрі дұрыс берілуін, сол сияқты бөлімшелер, қызмет көрсетуші тұлғалар және ведомствалық өрт сөндірушілер арасындағы қарым-қатынасты тексеруі, өрттің дамуына және бөлімшелердің іс-қимылдарына әсер етін факторлардың жан-жақты және терең анализдерін жүзеге асыруы, жеке құрамнан Жауынгерлік жарғысының барлық талаптарын орындалуын талап етуі тиіс.

Сабақ жетекшісі қосымша енгізулерді беруі тиіс, егер:

- есепті шешуші дұрыс емес шешімді қабылдаса;

- өртті тоқтату үшін қосымша күштер мен құралдарды жұмылдыру талап етілгенде ӨСБД оларды сұрамаса;

- қанат жаюдың аяғында оттың бір немесе бірнеше бағыттарда таралуында күштер мен құралдар болмайды, егер олар жеткіліксіз немесе олардың жұмысы аз тиімді болса (суды «түтін бойынша» беру, шашыратқыштардың жеткіліксіз диаметрлері, талшықты заттарды сөндіру кезінде оқпан- шашыратқыштардың болмауы және т.с.с.).

Жағдай ӨСБ мен жеке құрамға жіберілген қателіктерді көрсету және өртті табысты сөндіруге дұрыс шешімдерді қабылдау үшін түсіндіріледі.

(15)

Егер ӨСБ техника қауіпсіздігін бұзатын және өндірістік санитарияға, өндірістің технологиялық процессіне немесе басқа да қауіпті жағдайларға әсер ететін шешімдерді қабылдаса, сабақ жетекшісі тез арада дұрыс шешімді қабылдауға бағытталған жағдайды түсіндіруге міндетті. Егер ӨСБ осыдан кейін де өз шешімін өзгертпесе, сабақ жетекшісі сабақ барысын тоқтатып, қателіктерді түсіндіруге міндетті, ал содан кейін сабақ қайтадан жалғасады.

Сабақ барысында еліктеу құралдарын ауыстыру жолымен шартты өрт жағдайын өзгерту ұсынылады. Оқпандарды позицияларға берумен, мысалы, осы учаскеде отты еліктейтін жалауларды алу немесе оттың басқа таралу бағытында санын ұлғайту қажет.

Нақты өрт жағдайларында түтіндену, улы газдар мен булар болатын ғимараттар мен бөлмелерде есептерді шешу кезінде жеке құрам оқшаулағыш противогаздарды қолдануы тиіс, ал радтоактивты және қатты әсер етуші улы заттар бар болғанда – арнайы қорғау құралдары пайдаланылады.

Сабақ өткізу кезеңінде әрдайым КҚЖБО (ББП) байланысты қолдау қажет.

Егер ӨСБ барлауды толық өткізсе, жағдайды дұрыс бағаласа және шешуші бағытты анықтаса, күштер мен құралдарды тиімді пайдаланса, ал жеке құрам тапсырманы тез және тактикалық сауатты орындаса, сабақ аяқталады.

«Тоқтату» командасы бойынша жеке құрам өрт-техникалық жабдықтарды жинап, өртке шығуға дайын болулары тиіс. Бөлімшелерді жауынгерлік дайындыққа келтіру бойынша жеке құрамның жұмыс тездігі іс- қимылдар элементі ретінде сабақ жетекшісімен бағаланады және қорытындыда ескеріледі.

Сабақ аяқталғаннан кейін оның талдануы өткізіледі және үйретушілерге, бөлімшелерге, қарауылдарға баға қойылады.

Сабақ жетекшісі тактикалық ой маңыздылығын, сабақ мақсаты мен тапсырмаларын баяндайды, содан кейін бөлімше командирлері өрт сөндіру басшысынан алған бұйрықтар кезіндегі өздерінің іс-қимылдарын баяндайды, бөлімшелер жеке құрамының жұмысын сипаттайды.

Содан соң ӨСБ қойылған тапсырманы орындау барысы, қарауылдың жеке құрам жұмысының оң және теріс жақтары туралы баяндайды.

Қорытындыда сабақ жетекшісі сабақты жалпы қорытындылайды. Ол қойылған тапсырманың орындалуы туралы айтады, жіберілген қателіктерді түсіндіреді, жұмыстың оң жақтарын атайды. Қарауылдың тактикалық дайындығында жетіспеушіліктерді жою бойынша нақты іс-шараларды көрсетеді.

Сабақтың жалпы қорытындысынан кейін, жетекші барлық жеке құрамнан бөлек қарауыл бастығының алдында бөлімше командирлерінің іс- қимылдарын толығымен талдайды. Командирлердің көрсетілген іс- қимылдарын бөлімде талдауға болады.

(16)

3. Өртке қарсы қызметі басқарушы құрамының өрт-тактикалық дайындығы.

Шаруашылық объектілерінде өрттермен табысты күрес - құралдарды, сөндіру тәсілдері мен әдістерін, және өрт бөлімшелерімен басқаруды ұйымдастыруды толық жетілдірумен тығыз байланысқан.

Басқарушы құрам жедел-қызметтік әрекеттің барлық сұрақтарында өртке қарсы қызметінің ұйымдастырушы буыны болып табылады. Ол өрт сөндіру басшысы (ӨСБ) ретінде өрттерді сөндіру тактикасы және ұйымдастыру бойынша шешімдерді қабылдайды. Тек жоғары тактикалық білімділік, оған өртте жауынгерлік іс-қимылдардың шешуші бағытын тез және дұрыс анықтауға, бұл бағытта қажетті күштер мен құралдарды уақытында енгізуге және жұмылдыруға мүмкіндік береді. Сондықтан да басқарушы құрамның дайындығы, оның арнайы білімдері, өртте іс- қимылдарды басқара білуі өрттермен күрес бойынша тапсырмаларды шешу кезінде маңызды рольді атқарады.

Оларды табысты орындаудың ең негізгі түрі, өртке қарсы қызметі басқарушы құрамының тактикалық дайындығының жоғары деңгейі болып табылады.

Қызметтік дайындық жүйесінде өртке қарсы қызметі басқарушы құрамының тактикалық дайындығы маңызды орынды алады.

Тактикалық дайындықтың тапсырмалары:

- өртте табысты іс-қимылдарды жүргізуге қажетті басқарушы құрамның жоғары моральды және кәсіби сапалықтарын, психологиялық тұрақтылығын қалыптастыру және қызмет тапсырмаларын орындау;

- өртке қарсы қызмет гарнизондарының және бөлімдерінің жеке құрамын дайындықтың жаңа әдістері мен тәсілдеріне үйрету, елдімекендерде және шаруашылық объектілерде өрт сөндіруді ұйымдастыру;

- өрт техникасымен, құралдар және жабдықтармен жұмыс істеудің жаңа әдістері мен тәсілдерін өңдеу, түрлі тағайындаулы объектілерде жаңа сөндіру құралдары мен әдістерін игеру, өрт сөндіру тәжірибесіне ғылым мен техниканың жаңартылған жетістіктерін енгізу.

Басқарушы құрамның тактикалық дайындығында өртті сөндіру кезінде өтетін құбылыстарды сараптамадай алатын білімді мамандарды дайындау, өртте болатын жағдайды дұрыс бағалау, өртте іс-қимылдардың шешуші бағытын дұрыс анықтау, өрттерді сөндіру бойынша нақты және түсіндірілген шешімдерді қабылдауға үйрету, күштер мен құралдарды уақытында жұмылдыру және олардың тактикалық мүмкіндіктерін максималды қолдана отырып, оларды іс-қимылдардың шешуші бағытында дұрыс енгізу, өртті, апаттарды тоқтату кезінде күштер мен құралдармен басқара білу мақсаты бар.

Аға және орта басқарушы құрамның тактикалық дайындық негіздері өрт ісінің мамандарын дайындауды жүзеге асыратын орта және жоғары оқу орындарында салынған, және практикалық әрекетте, қызметтік дайындықта, мамандықты жоғарылату курстарында, жедел шеберлік мектептерінде, оқу

(17)

жиналыстарында және семинарларда жетілдіріледі. Бұл дайындық өрт ісінің көптеген мамандарынан жиналған бай тәжірибемен, сол сияқты халықшаруашылығының түрлі объектілерінде өрттерді сөндіру ерекшелігімен құрылады.

3.1 Бөлімнің шығу ауданын жедел-тактикалық үйрену

Өрттерді сөндіру табыстылығы басқарушы құрамның бөлімнің шығу ауданының жедел-тактикалық ерекшеліктерін, жеке объектілерді, ғимараттар мен имараттарды білуіне байланысты.

Шығу ауданының жедел-тактикалық сипаттамасы – бұл өрттің пайда болуына, дамуына және сөндіруіне әсер ететін, сол сияқты оның мүмкін масштабтарын анықтайтын жағдайлар жиынтығы.

Бөлімнің шығу ауданы, жедел қатынаста өрт бөлімімен қызмет көрсетілетін құрылыстар мен имараттардың барлық аумағымен түсіндіріледі.

Жеке объектілерді, ғимараттар мен имараттарды, бөлімнің шығу ауданын жедел-тактикалық үйрену – тактикалық дайындықтың ең негізгі түрі болып табылады және арнайы білімдерді алу негізінде нақты жағдайларда мүмкін өрттерді сөндіру бойынша іс-қимылдардың басқарылуын қамтамасыз ететін басқарушы құрамның тактикалық ойлауын дамыту мақсатында өткізіледі.

Шығу ауданын жедел - тактикалық қатынаста үйренуге кіретіндер:

- шығу ауданының жалпы ерекшеліктерін игеру;

- шығу ауданының жеке учаскелерін игеру;

- жеке объектілерді, ғимараттар мен имараттарды игеру.

Шығу ауданын жедел-тактикалық үйрену бойынша сабақтар:

- өрт бөлімдерінің басқарушы құрамымен - өрт бөлімдерінің бастықтарымен немесе олардың орынбасарларымен;

- гарнизондарда өрттерді сөндіру сұрақтарымен айналысатын басқарушы құрамдармен – гарнизон бастықтарымен немесе олардың орынбасарларымен өткізіледі;

- өрт қатынасындағы өте қауіпті объектілерде «ӨС және АҚЖҚ»

ММ басқарушы құрамымен - өрт сөндіру тәжірибесі бар және берілген объектіні білетін басқарушы құрам тұлғаларымен.

Жеке объектілердің, ғимараттар мен имараттардың, шығу ауданының жедел-тактикалық ерекшеліктерін үйрену, өз бетінше немесе басқарушы құрамның топтық құрамында өткізіледі.

Шақырудың жоғарылатылған нөмірі қарастырылған гарнизондарда, сонымен қатар шығу ауданының шекарасынан тыс орналасқан объектілер, ғимараттар мен имараттарды жедел-тактикалық қатынаста үйренуді гарнизон немесе өртке қарсы қызмет жасағының бастығықтары ұйымдастырады. Бұл сабақтарға, жоғарылатылған шақыру нөмірі бойынша өртті сөндіруге шығатын өрт бөлімдерінің барлық басқарушы құрамдары жұмылдырылады.

(18)

Қажеттілік кезінде бөлімнің шығу ауданын жедел-тактикалық қатынаста үйрену, ведомствалық өрт командаларының басқарушы құрамдарымен өткізіледі.

Шығу ауданын, оның жеке учаскелері мен объектілерін жедел- тактикалық үйрену бойынша сабақтар өртке қарсы қызметінің бөлімдерінде, жасағында және гарнизондарында жауынгерлік дайындықтың жоспар- кестесімен, пәндер бойынша уақытты бөлу жылдық жоспарларымен, басқарушы құрамның қызмет дайындығының тақырыптық жоспарларымен және сабақ кестелерімен жоспарланады.

Топтық сабақтар толығымен сол жерде немесе сыныпта өткізілуі мүмкін.

Топтық сабақтарда болмаған тұлғалар, бөлімнің шығу ауданын өз беттерінше оқиды және тікелей басшыға сынақтар тапсырады.

Бөлімге қайтадан келген басқарушы құрам бір ай ішінде үйренуге міндетті:

- бөлімнің шығу ауданының жедел-тактикалық ерекшеліктерін (объектілі бөлімдердің басқарушы құрамы өндірістегі технологиялық процесстің өрт қауіптілігін және қорғалатын объектінің барлық ғимараттар мен имараттарының жедел-тактикалық ерекшеліктерін, өртке қарсы сумен жабдықтауды оқиды);

- бөлімнің жабдықталуында орналасқан өрт техникасының тактико- техникалық берілгендерін және өртті тоқтату кезіндегі оларды пайдалану тәртібін меңгеруге;

- объектіде, гарнизонда, бөлімнің шығу ауданында өрттерді сөндіру ерекшеліктерін анықтайтын басқарушы құжаттарды игеруге.

Басқарушы құрам шығу ауданының жедел-тактикалық ерекшеліктерін үйреніп болғаннан кейін, бөлім бастығы немесе оның орынбасарларымен бірге кем дегенде үш кезекшілікте болуы тиіс.

Арнайы дайындықтан кейін, басқарушы құрам басқарма бастығының бұйрығымен тағайындалған, гарнизонның жедел құрамынан тұратын комиссия басшысы ретінде өртке шығу құқығын беретін сынақтарды тапсыруы тиіс. Республикалық, облыстық орталықтарда комиссия құрамына өрт сөндірудің кезекші қызметінің және жедел бөлімнің қызметкерлері кіреді.

Комиссияның хаттамасы негізінде өрттерге өз бетімен шығу, гарнизон бойынша бұйрықпен бекітіледі.

ӨСБ ретінде өрттерге өз бетінше шығуға жіберілген басқарушы құрам, басқарушы құжаттарды, өрт техникасын, шығу ауданындағы аса күрделі жарылыс қауіпті ғимаратардың жедел-тактикалық міндеттерін, өрт сөндіруді ұйымдастырудың негізгі талаптарын, өртте күш пен құралдарды басқара білуі бойынша екі жылда бір реттен кем емес, комиссияға сынақ тапсыруы тиіс.

Өртке қарсы қызметінің гарнизондарында сынақтарды қабылдау тәртібін басқарма бастығы бекітеді.

Сынақтарда нашар білімдерді көрсеткен тұлғалардың лауазымдарға сәйкес келуін «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы анықтайды.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Сондықтан Солтүстік Қазақстан облысында пилоттық режимде арнайы ішкі қоныс аударушылар үшін тұрғын үй салу бойынша жоба іске қосылды, оның

(13.8) ӛрнегінен уақыт бойынша туынды алатын болсақ:.. -бӛлшек пен бор 10 5 В ядросының соқтығысу кезінде ядролық реакция пайда болып және

Жартылай сызықты 1 - теңдеудiң қасиетi бойынша, егер оның бiр шешiмiнiң [n, n+ 1 және [m, m+ 1, n > m ≥ 1 аралықтарында жалпыланған нөлдерi болса, онда ол шешiмге сызықты тәуелсiз

Оның әдістемесіне тірек ретінде алынған негізгі ережелер санатына мыналар жатқызылуы мүмкін: оқушылардың іс-әрекеттің осы түріне қызығушылықтарын оятуға және өзіне барынша ұнаған