• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

6В06102 «Ақпараттық жүйелер», 6В06103 «Есептеу техни

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Share "6В06102 «Ақпараттық жүйелер», 6В06103 «Есептеу техни"

Copied!
75
0
0

Толық мәтін

(1)

Компьютерлік графика

«6В06102 «Ақпараттық жүйелер», 6В06103 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік

нұсқаулар

Алматы 2022

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС

УНИВЕРСИТЕТІ

Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік

кафедрасы

(2)

2

Құрастырушылар: Ж.Ж. Қожамқұлова, М.Н. Майкотов. Компьютерлік графика. «6В06102 «Ақпараттық жүйелер», 6В06103 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар. - Алматы:

АЭжБУ, 2022 .– 74 б.

Әдістемелік нұсқаулықта зертханалық жұмысқа дайындалуға арналған нұсқаулық бар, оның мақсаты Компьютерлік графика негіздерін үйрену; әр зертханалық жұмыстың сипаттамалары келтірілген, әдістемесі мен үлгерімі келтірілген, ұсынылған әдебиеттер тізімі және бақылау сұрақтары көрсетілген.

Әдістемелік нұсқау «6В06102 «Ақпараттық жүйелер», 6В06103

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған. Олардың көмегімен басқа мамандықтарға жоспарланған ұқсас пәндер бойынша бірдей тақырыптар бойынша зертханалық сабақтар ұйымдастыруға болады.

Ил. 19, қойынды. 1, библиография. - 4 тақырып

Рецензент: м.ғ.д., ITE кафедрасының доценті Аманбаев А.А.

«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс

университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2022 ж басылым жоспары бойынша басылады.

© «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2022 ж

(3)

3

Мазмұны

№1 Зертханалық жұмыс.Corel Draw графикалық редакторының жұмыс

экраны. Объектілермен жұмыс істеу негіздері 4

№2 Зертханалық жұмыс.Corel Draw графикалық редакторында түспен

жұмыс.Суреттерді бояу. Біртүсті бояу және өтпелі бояу 14

№3 Зертханалық жұмыс.Corel Draw графикалық редакторында суреттерді бояу. Бояумен жұмыс істеудің көмекші режимі өрнектік құйма және

текстуралық құйма 17

№4 Зертханалық жұмыс. Corel Draw графикалық редакторында объектілерді реттеу және біріктіру әдістері 18

№5 Зертханалық жұмыс.Corel Draw графикалық редакторының арнайы эффектері.Көлем эффектісі. Interactive Extrude сайманы.

Ағымдану эффектісі. Interactive Blend сайманы. 23

№6 Зертханалық жұмыс. Corel Draw графиктік редакторында мәтінмен

жұмыс. 26

№7 Зертханалық жұмыс. Adobe PhotoShop CS6 бағдарламасының жұмыс экраны. 30

№8 Зертханалық жұмыс. Adobe PhotoShop бағдарламасында ерекшеленген аймақтармен жұмыс 36

№9 Зертханалық жұмыс. Adobe PhotoShop бағдарламасында қабаттармен жұмыс істеу негіздері. 39

№10. Зертханалық жұмыс.Векторлы объектілерді салу және қолдану.

Фотосуреттерді өңдеу (ретуширование). 42

№11. Зертханалық жұмыс.Autocad бағдарламасында сызба сызуды

қамтамасыз ету әдістері. 45

№12 Зертханалық жұмыс.Autocad бағдарламасындағы нысандық

Байлаулар 50

№13 Зертханалық жұмысAutocad бағдарламасындағы қабаттар және

олармен жұмыс жасау. 58 Зертханалық жұмыс №14.Autocad бағдарламасында нысандарды таңдау 67 Зертханалық жұмыс №15. Autocad бағдарламасында объекттіні үш өлшемді кеңістікте моделдеу 69 Әдебиеттер тізімі 74

(4)

4

№1 Зертханалық жұмыс

Corel Draw графикалық редакторының жұмыс экраны.

Объектілермен жұмыс істеу негіздері Бұл сабақта:

• егізгі терезенің мәзір пункттерін тағайындау;

• саймандардың мүмкіндіктерімен танысу;

• бейненің кейбір бөлшектерін салу кезіндегі өлшемінің өзгеруі;

• панелдермен жұмыс;

• қасиеттер тақтасының ерекшелігі;

• қалып-күй қатары туралы ақпарат;

• объектіні өшіру;

• объектіні жылжыту;

• объектіні айналдыру және қисайту;

• объектінің мөлшерін өзгерту;

• объектіні көшіру және айна түрінде көрсету (зеркальное отражение) ;

• жай геометриялық фигуралардн сурет құрастыру.

CorelDraw программасын жүктеу. Программа жүктелген соң CorelDraw -ның негізгі терезесі ашылады (1 сурет).

CorelDraw терезесінің стандартты интерфейсі.

Тақырып қатарында программаның белгішесі мен аты, құжат аты көрсетіледі

1 сурет – CorelDraw жұмыс экраны.

(5)

5

Тақырып қатарынан кейін меню қатары орналасады. CorelDraw бағдарламасында командалар атқаратын қызметіне байланысты бірнеше топтарға біріктірілген. Кез келген меню бөлек топтардың командаларынан тұрады.

Файл – меню бейнені ашу және жабу командаларынан тұрады.

Түзету (Правка) – өңдеу командаларынан (қиып алу, көшіру, көбейту және т.б.) тұрады.

Түр (Вид) – экранды баптау командаларынан тұрады.

(6)

6

Сұлба (Макет) – жұмыс парағын баптау командаларынан тұрады.

Реттеу (Упорядочить) – менюі объектілерді реттеу, оларды бір топқа қосу, шығарып тастау командаларынан тұрады (преобразование, выровнять и распределить, порядок, формивание,соединить кривые командаларынан тұрады).

(7)

7

Эффекты – арнайы графикалық эффекттер беретін командалардан тұрады.

Растрлік сурет (Растровые изображение) – рең (тон) және түс түзету командаларынан тұрады, бейненің түстік моделін өзгерту және бірнеше эффектілер бар.

(8)

8

Мәтін (Текст) – мәтін құруға, өңдеуге, пішімдеуге арналған командалардан тұрады.

Кесте (Таблица) – кесте құруға арналған мәзір.

(9)

9

Құрал-саймандар (Инструменты) – параметрлер, баптау, түстер палитрасын баптау және т.б. командалардан тұратын мәзір.

Терезе (Окно) – экран бетіне бір уақытта бірнеше суретті шығарып және бірінен біріне көшу командаларынан тұрады.

(10)

10

Анықтама (Справка) – анықтама алуға арналған командалардан тұрады.

Тапсырма 1. Қағаз форматы бойынша жұмыс парағының өлшемін беру.

(11)

11

Макет/ Парақ параметрі (Layout/Page Setup ► Макет/Параметры страницы) командасын орындаңыз.

Параметр терезесі ашылады.

• Қағаздың форматын таңдаңыз (мысалы, А6). Ені мен биіктігі өрістері берілген форматқа байланысты беріледі.

• OK батырмасын шертіңіз.

Тапсырма 2. Парақтың бағдарын таңдау.

Макет/ Парақ параметрі (Макет/Параметры страницы) командасын орындаңыз.

• Ашылған терезеде Альбом (Альбомная) немесе Кітап (Книжная) батырмасын шертіңіз.

Тапсырма 3. Сайманды таңдаңыз.

• Кез келген сайманның белгішесіне тышқанды апарыңыз. Белгішенің жанынан сайманның аты және сол сайманға «бекітілген» перне шығады.

• Сайманның белгішесін немесе «бекітілген» пернені басыңыз.

Тапсырма 4. Тіктөртбұрыш салыңыз.

• Тіктөртбұрыш сайманын таңдаңыз.

• Тышқан батырмасын басыңыз.

• Керекті өлшемге дейін тышқан батырмасын тартаңыз.

• Тышқанды жібереңіз.

Ескерту. Егер <Shift > пернесін басып отырсаңыз, тіктөртбұрыш

«шетінен» емес, «ортасынан» салынады.

Тапсырма 5. Квадрат салыңыз.

• <Ctrl> пернесін баса отрып алдыңғы әрекеттерді орындаңыз.

Тапсырма 6. Эллипс салыңыз.

• Эллипс сайманын таңдаңыз.

• Тышқан батырмасын басыңыз.

• Керекті өлшемге дейін тышқан батырмасын тартаңыз.

• Тышқанды жібереңіз.

Ескерту. Егер <Shift > пернесін басып отырсаңыз, эллипс «шетінен»

емес, «ортасынан» салынады.

Тапсырма 7. Шеңбер салыңыз.

• <Ctrl> пернесін баса отрып алдыңғы әрекеттерді орындаңыз.

Тапсырма 8. Объектіні ерекшелеңіз.

• Объектінің жиегіне тышқанды шертіңіз.

• Ерекшеленген объекті маркерленген жиекпен қоршалады (2-ші сурет).

(12)

12

Ескерту. Ең соңынан салынған объект автоматты түрде ерекшеленіп тұрады.

Тапсырма 9. Бірнеше объектілерді ерекшелеңіз.

• Бірінші объекті ерекшелеңіз.

• <Shift > пернесін баса отырып екінші, үшінші және т.б.

объектілерді тышқанмен шерте беріңіз.

Маркерленген жиек барлық ерекшеленген объектілерді қоршап алады.

Тапсырма 10. Объектіні өшіру.

<Delete> пернесін басу немесе жанама менюден Delete командасын қолдану керек.

Тапсырма 11. Объектімен жасалған соңғы операцияларды болдырмау.

Түзету/Болдырмау (Правка/Отменить► Edit/Undo) командасын орындау керек.

Тапсырма 12. Объектіні жылжыту.

• Объектіге курсорды орнату.

• Тышқанның сол жақ батырмасын басу.

• Басылған күйінде тышқанды жылжыту.

• Қажетті күйге жеткенде тышқанды жіберу.

Тапсырма 13. Объектіні айналдыру.

• Объектіні ерекшелеп алып, тышқан батырмасын бір рет басу.

Маркерлік квадраттар иілген стрелкаға айналады.

• Тышқанды сол иілген стрелканың біреуіне басу.

• Тышқанның сол жақ батырмасын басып, объектіні керек бағытта айналдарамыз.

• Қажетті күйге жеткенде тышқанды жіберу.

Тапсырма 14. Объектіні қисайту.

• Объектіні ерекшелеп алып, тышқан батырмасын бір рет басу.

Маркерлік квадраттар иілген стрелкаға айналады.

• Тышқанды сол иілген тік стрелканың біреуіне басу.

• Тышқанның сол жақ батырмасын басып, объектіні керек бағытта жылжытамыз.

• Қажетті күйге жеткенде тышқанды жіберу.

(13)

13

Тапсырма 15. Объектіні үлкейту (кішірейту).

1 - нұсқа

• Тышқанды бұрышындағы маркерлік квадраттың біріне әкелеміз.

Курсор екі бағыттағы стрелкаға айналады.

• Тышқанның сол жақ батырмасын басып, объектіні керек бағытта жылжытамыз.

Объект тігінен және көлденеңінен бірдей үлкейеді (кішірейеді).

• Қажетті күйге жеткенде тышқанды жіберу.

2 - нұсқа

• Тышқанды жанындағы маркерлік квадраттың біріне әкелеміз.

• Тышқанның сол жақ батырмасын басып, объектіні жылжытамыз.

Объект тігінен және көлденеңінен бір бағытта үлкейеді (кішірейеді).

• Қажетті күйге жеткенде тышқанды жіберу.

Тапсырма 16. Объектінің көшірмесін алу.

• Объектіні ерекшелейміз.

• + пернесін басу немесе <CTRL>+D пернелерін басу. Көшірмесі берілген объектінің үстінде орналасады.

• Көшірмесін берілген объектінің үстінен алып, басқа жерге жылжытамыз.

Тапсырма 17. Объектіні айна түрінде көрсету.

• Тышқанды жанындағы маркерлік квадраттың біріне әкелеміз . Курсор екі бағыттағы стрелкаға айналады

• Тышқанның сол жақ батырмасын басамыз.

• Тышқанды объектінің үстінен айна түрінде көрсету бағытында жылжытамыз.

• Тышқанды жібереміз. Көшірмесін берілген объектінің үстінен алып, басқа жерге жылжытамыз

Жаттығулар:

Алынған дағдыларды пайдалана отырып келесі суреттерді салыңыз.

(14)

14

Бақылау сұрақтары

1. Меню қатарының маңызы неде?

2. Қалай сайманды таңдайсыз?

3. Қай сайман ерекшелеуге арналған?

4. Бірнеше объектілерді ерекшелеу үшін қайдай әдістерді білесіз?

5. Қасиеттер тақтасының ерекшелігі неде?

6. Объектілерді жылжыту, айналдыру, масштабтау үшін алдымен қай әрекет орындалу керек?

7. Объектіні «қолмен» («вручную») айналдыру қалай орындалады?

№2 Зертханалық жұмыс

Corel Draw графикалық редакторында түспен жұмыс.

Суреттерді бояу. Біртүсті бояу және өтпелі бояу Бұл сабақта:

• RGB моделінде өз түстеріңізді қалыптастыру

• CMYK моделінде өз түстеріңізді қалыптастыру

• HSB моделінде өз түстеріңізді қалыптастыру

• әртүрлі түске ауысатын бояу құру.

• өз түсіңізбен әртүрлі түске ауысу бояуларын қолданып иллюстрация құру.

Құйма (заливка) фигураның ішкі ауданын белгілі бір түске бояуға, әр түсті түске, өтпелі қылуға (градиенттеуге), өрнектеуге (узор), тектурлеуге арналған. Құралдар І жиынынан Интерактивті құйманы таңдаймыз.

Қасиеттік тақтадан құйманың түрін таңдаймыз. Мынадай құйма түрлері бар:

Біртекті (однородный) құйма - өңкей бір түспен құйылады. Қасиеттік тақтада палитра мен түстік модельдерді таңдап, түстердің пайыздық қатынастарын келтіреміз.

Өтпелі құйма екі не бірнеше түстің бір-біріне өтуіндегі түстер жиыны. Мұнда сызықтық, радиальдық, конустық, квадарнтық дайындамаларда түстердің ауысуын пайдалануға болады.

Өрнектік құйма белгілі бір ретпен орналасқан өрнектердің (шеңбер, тіктөртбұрыш, сызық және тағы басқа әртүрлі фигуралар) жиыны.

өрнектік құйманың әрқайсысының атрибуттарын өзгертуге болатын 3 түрлі құйма: екі түсті, толық түсті, растрлық өрнек деген түрлері бар.

Текстуралық құйма дайын текстураны пайдалануға арналған.

Бірақ текстуралардың пайыздық қатынастарын, түстерін өзгерту арқылы жаңа текстура алуға болады.

ПостСкрип құймасы. Бұл құйма текстуралы және өрнектік құймаларға ұқсас.

(15)

15

Өтпелі құйма

1-тапсырма. Көп түсті өтпелі құйма құрып, онымен объектіні бояу.

• Бояу сайманының көмекші менюін ашамыз.

• өтпелі құйма менюін ашамыз.

• Таңдау (Настраиваемый) батырмасына шертеміз.

Тіктөртбұрышты тақтаның сол жағындағы қара квадрат орналасқан. Сол квадрат екпінді болады да оған түстерді беруге болады.

• Түс палитрасында қызыл түсті

таңдаймыз. Тақтаның сол жағы қызыл түске айналды.

• Тіктөртбұрышты тақтаның кез келген

жерінде екі рет шертіңіз. Тақтаның төбесінде қара үшбұрыш пайда болады, соның көмегімен түстерді береміз.

• Жасыл түске шертіңіз.

• Бояуға бірнеше түстерді қосуыңызға болады.

• OK батырмасын басыңыз.

Жаттығу 1:

Алынған дағдыларды пайдалана отырып келесі суреттерді салыңыз.

«Күннің батуы» иллюстрациясын салу.

Суреттің элементтері:

1. Аспан 2. Су 3. Күн

4. Судағы күннің сәулесі

• Жұмыс парағы албом үлгісінде таңдау керек.

• Аспан мен су үшін тіктөртбұрышты саламыз.

1сурет - Әрлі түске өтетін Fountain Fill (өтпелі бояу) бояу терезесі .

2 сурет - Fountain Fill терезесінің жаңа түс қосатын көрінісі.

(16)

16

• Жоғарғы тіктөртбұрышты ерекшелеп, оны градиентті бояумен бояймыз:

Қызыл горизонт 0C + 50M + 25Y + 12K Қызғышқа көшу 0C + 60M + 100Y + 0K Ашық сары 0C + 0M + 40Y + 0K

Жайлап қара түске көшу 40C + 50M + 0Y + 0K Түнгі аспан 100C + 70M + 0Y + 25K

3 сурет - Өтпелі бояу көмегімен салынған суреттеме.

• Төменгі тіктөртбұрышты ерекшелеп, оны градиентті бояумен бояймыз:

Қою түсті (темная) су 100C + 70M + 0Y + 50K Онша қою түсті емес су 42C + 55M + 0Y + 25K Ашық жолақ 0C + 0M + 40Y + 25K Терең қызыл 0C + 60M + 100Y + 20K Горизонт 0C + 49M + 25Y + 25K Енді су мен аспанды бөліп тұрған қара сызықты өшіру керек.

• Екі тіктөртбұрыштың контурын өшіру

• Батып жатқан күнді салу үшін: эллипс салып, оны Shape сайманымен өңдейміз.

• Күнді өтпелі радиалды бояумен бояймыз.

• Эллипспен шағын арал (островок) саламыз.

• Freehand сайманымен пальма саламыз.

• Құстарды символдар библиотекасынан алсаңыз болады.

Бақылау сұрақтары

1. CorelDRAW редакторында бояудың қандай түрлері бар?

2. Өтпелі бояудың қай түрлерін білесіз?

3. Әртүрлі түске көшетін бояуды қалай құруға болады?

(17)

17

№3 Зертханалық жұмыс

Corel Draw графикалық редакторында суреттерді бояу. Бояумен жұмыс істеудің көмекші режимі өрнектік құйма және текстуралық құйма Бұл сабақта:

• өрнектік құйманы қолдану

• текстуралық құйманың ерекшелігі

• суретті дәл салу үшін сетканы және бағыттаушыны қолдану

• барлық бояуларды қолданып иллюстрация құру.

Өрнектік құйма

Тапсырма 1. Екі түсті өрнектік құйма.

• Бояу сайманының көмекші менюін ашамыз.

• 3-менюге басу керек. Өрнек өрнектік құйма менюі ашылады.

• 2- color (екі түсті) батырмасына шертеміз.

• Негізгі және өңдік түсті таңдаймыз.

• Терезенің оң жағындағы үшбұрышқа басу арқылы өрнектердің үлгісін таңдаймыз.

• OK –ге басамыз.

2 -тапсырма. Көп түсті векторлы өрнек өрнектік құйма.

• Бояу сайманының көмекші менюін ашамыз.

• 3 - менюге басу керек. Өрнек өрнектік құйма менюі ашылады.

• Full color (көп түсті) батырмасына шертеміз.

• Терезенің оң жағындағы үшбұрышқа басу арқылы өрнектердің үлгісін таңдаймыз.

• OK –ге басамыз.

3 -тапсырма. Көп түсті растрлі өрнек өрнектік құйма.

• Бояу сайманының көмекші менюін ашамыз.

• 3 - менюге басу керек. Өрнектік құйма менюі ашылады.

• Bitmap (растрлі) батырмасына шертеміз.

• Терезенің оң жағындағы үшбұрышқа басу арқылы өрнектердің үлгісін таңдаймыз.

• OK –ге басамыз.

Текстуралық бояу

4 - тапсырма. Текстуралық құймамен бояу.

• Бояу сайманының көмекші менюін ашамыз.

• 4- менюге басу керек. Текстуралық құйма менюі ашылады.

• Texture Lbraryist (Текстура библиотекасы) тізімінен текстура бояуының библиотекасын таңдаймыз.

• Texture List тізімінен бояуды таңдаймыз..

(18)

18

• OK –ге басамыз.

Бояумен жұмыс істеудің көмекші режимі

Суретті дәл салу үшін сызғышты, торды және бағыттаушыны қолданамыз.

5-тапсырма. Сызғышты орналастыру

• Түр/Сызғыш командасын орындаймыз.

6 -тапсырма. Торды орналастыру

• Түр/Тор командасын орындаймыз.

Жаттығулар:

Алынған дағдыларды пайдалана отырып келесі суреттерді салыңыз.

«Ауылдағы үй» иллюстрациясын салу.

Суретті салу үшін:

1. Бөрене салып, оны әртүрлі түске ауысатын градиентті бояумен бояп, көлем эффектісін береміз.

2. Бір бөрене саламыз. Тігінен бағыттаушыны қолданып, басқа бөренелердің көшірмесін аламыз.

3. Дәл сурет салу үшін сетканы қолданамыз (терезе, шатыр).

4. Алдымен бір терезе салып, сосын оның көшірмесін алып, екеуін көлденең бағыттаушыларды қолдана отырып орналастырамыз.

5. Шатырды және есікті бояу үшін сызықты градиентті бояуды қолданамыз.

6. Үйдің төменгі бөлігі екі түсті өрнекпен толтырылады.

7. Аспан мен жерді градиентті немесе текстурамен бояуға болады.

Бақылау сұрақтары

1. Өрнектелген деп қандай бояулар аталады?

2. Қандай өрнектелген бояулар қолданылады?

3. Текстуралық бояудан біртекті бояудың айырмашылығы неде?

4. Жиектің қандай параметрлерін өзгертуге болады?

5. Тор мен бағыттауыш қандай мақсатта қолданылады?

№ 4 Зертханалық жұмыс

Corel Draw графикалық редакторында объектілерді реттеу және біріктіру әдістері

Бұл сабақта:

• объектілерді реттеу;

• объектілерді тегістеу;

• объектілерді топтау, қосу және біріктіру әдістерінің ерекшеліктері;

• объектілердің қиылысуы;

• объектінің келесісінен бөлініп алынуы.

(19)

19

Объектілерді реттеу

Объектілерді реттеу – объектілердің орналасуының бір-бірінен салыстырмалы түрде өзгеруін айтамыз.

1 -тапсырма. Объектілердің орналасуы ретін өзгерту.

• 1- суретті салыныз.

• Үшбұрышты ерекшелеңіз.

1 сурет - Объектілердің орналасуының өзгеруі нәтижесі

Упорядочить/Рет командасын орындаңыз.

Келесі командалардан тұратын меню ашылады:

На передний план – алдына орналастыру;

На задний план слоя – артына орналастыру;

На уровень вперед– бір орынға алдына қарай жылжыту;

На уровень назад – бір орынға артына қарай жылжыту;

Установить перед – берілген объектінің алдына орналастыру;

Установить за – берілген объектінің артына орналастыру

Бір орынға артына қарай жылжыту (На уровень назад) командасын орындаңыз (бір сатыға артқа ауысады); нәтижесі -1 б - суретте берілген.

Объект/Рет/Алдына орналастыру (На передний план) командасын орындаңыз. Нәтижесі 1 в – суретте көрсетілген.

• Барлық объектілерді ерекшелеңіз;

2-тапсырма. Объектілерді тегістеу.

• Объектілердің қалыпты күйін салу (2а сурет).

• Доп пен тақтаны ерекшелеңіз (алдымен допты- ерекшелеп, сосын тақтаны, өйткені тегістеу соңғы ерекшеленген объекті бойынша жүреді).

Упорядочить/Тегістеу және бөлу командасын орындаңыз.

Терезе ашылады.

Тегістеу белгішесін шертіңіз.

Жоғары жалаушасын орнатыңыз.

(20)

20

OK -ді шертіңіз.

Нәтижесін келесі 2-ші суреттен көруге болады.

Келесі (опция) жалаушалармен жұмыс жасап көріңіз.

2 сурет - Объектілердің тегістелу нәтижесі Объектілерді топтау, қосу және біріктіру әдістері

Бірнеше объектілерді біріктірудің үш әдісі бар: топтау (группирование), қосу (комбинирование) және біріктіру (сваривание).

3 сурет - Топтау, қосу және біріктіру әдістерін қолдану нәтижелері 3-тапсырма. Объектілерді топтау.

• Топталатын объектілерді ерекшелеңіз.

Объект/Топтау командасын орындаңыз.

Осыдан кейін топталған объектілер бір объекті болып саналады.

4-тапсырма. Объектілерді топтан шығару.

• Топталған объектілерді ерекшелеңіз.

Упорядочить/Топтан шығару командасын орындаңыз.

(21)

21

5-тапсырма. Объектілерді қосу.

• Қосылатын объектілерді ерекшелеңіз.

Упорядочить/Қосу командасын орындаңыз.

Объектілердің қиылысуы мен алынып тасталуы

6-тапсырма. Объектілердің қиылысуын табу (4-ші сурет).

4 сурет - Екі дөңгелек және олардың қиылысуының нәтижесі

• Бірінші объектіні ерекшелеңіз.

Упорядочить/Формалау/Қиылысу командасын орындаңыз. Терезесі ашылады

Онымен қиылысу батырмасын басыңыз. Қара көрсеткіш пайда болады.

• Екінші объектіге шертіңіз.

7-тапсырма. Объектінің келесінен алынып тасталуы (бөлінуі).

• Алынып тасталатын объектіні ерекшелеңіз.

Упорядочить/Формалау/Кесу командасын орындаңыз. Терезесі ашылады.

Кесу батырмасын басыңыз. Қара көрсеткіш пайда болады.

• Қайсы объектіден алынып тасталады, сол объектіге басыңыз.

1-жаттығу.

5- ші суретте көрсетілген объектілерді салыңыз.

Нұсқаулар

1. Эллипс немесе алтыбұрыш фигурасын таңдап алыңыз.

2. Ортасынан айналдыру бағытын таңдаңыз.

3. 15 немесе 20 градус бойынша бірнеше рет көшірмесін алыңыз.

4. Алынған объектілерді қосыңыз.

(22)

22

5 сурет - Қосу әдісі қолданылған объектілер нәтижесі 2-жаттығу.

6- ші суретте көрсетілген объектілерді салыңыз.

Нұсқаулар

1. Кітап закладкасын жасау үшін қосу, біріктіру, сонымен бірге өрнекті ортасына, оңға, солға қарай тегістеу командаларын орындауға болады.

2. Кілтті салу үшін алып тастау, қосу және біріктіру командаларын орындау керек.

3. Шөлмекті салу үшін қосу, және тігінен ортасынан тегістеу командаларын орындаңыз.

Бақылау сұрақтары

1. Объектілердің орналасу ретін қалай өзгертуге болады?

2. Тегістеудің әртүрлі әдістерін қолданған кейін объектілер қалай орналсады?

3. Қалай топтау, қосу және біріктіру комадалары бір-бірінен ажырытылады?

4. Біріктірілген объектіні ажыратуға бола ма?

5. Қосу және алып тастау командаларының нәтижесі бірдей бола ма?

(23)

23

№5 Зертханалық жұмыс

Corel Draw графикалық редакторының арнайы эффектері.

Көлем эффектісі. Interactive Extrude сайманы.

Ағымдану эффектісі. Interactive Blend сайманы.

Бұл сабақта:

• көлемді сурет салу үшін «сығу» әдісін қолдану;

• бүйір жақ беттерін бояу;

• көмескі жарық (подсветка) эффектісі;

• көлемді бейнені айналдыру;

• ең қысқа жол арасындағы тіреу объектілерінің ағымдануы

• өз бетімен нұсқаны бойлай ағымдану;

• дөңестік және батыңқылықтың күшті әсерін жасау;

Иілткіш эффектісі. Интерактивті иілткіш (Оболочка) құралы фигураны пішіні тіптен басқа фигураға айналдырады. Иілткіш құралын таңдағаннан кейін белгіленген фигура жиегінде қызыл үзік сызықты тік төртбұрыш пайда болады.

Созылу (вытягивание) эффектісі. Созылу эффектісі көбінесе табиғат обьектілерін ұқсатып салуға қолданылады. Интерактивті созылу құралы 3 режимде: итер-тарт, зигзаг, айландыру бола алады. Бұл режимдер кезінде қасиеттік тақтада созылудың амплитудасын, жиілігін және тағы басқаларын келтіруге болады.

Ағымдану (Перетекание) – барлық эффектердің ішіндігі ең күштісі. Интерактивті ағымдану құралы. Ағымдану (перетекание) эффектісімен аралық объектілерді алуға болады. Ағымдану эффектісінің қолдану аумағы шексіз. Көбінесе объектідегі тереңдікті, көлеңкелеу жағын көрсетуге, ашып айтсақ көлемді көрсету үшін қолданылады.

(24)

24

Линза эффектісі. Линза эффектісі барлық Corel Drаw векторлық объектілеріне қолданылады. Линза эффектісін пайдалану үшін Эффектер - линза командасын орындап, ашылған терезеден линзаны таңдау керек. Бұл көмескілеу көріністерді көрсетуге таптырмайтын құрал. Реңді өшіру (удалить фон) тек кейбір линза түрлерінде қолданылады. Жалауша қойылған жағдайда, линза эффектісі бет реңіне тиіспейді.

Көлеңке эффектісі. Тереңдікті көрсету (имитация глубины) – суретті қызықты да, тартымды етіп көрсететін қарапайым әдіс. Интерактивті көлеңке құралы арқылы көлеңке көрсетіледі.

Фигуралық қима эффектісі. Бұл эффект белгілі объектінің басқа объектіден шығып тұрған жерін қиып тастауға арналған. Қиятын объектіні - контейнер, қиылатын объектіні – қамтылған деп атайды. Бұл эффектінің объектілерді қалыптастыру командасынан айырмашылығы фигуралық қимадан кейін әрбір фигурамен жеке айналысуға болады.

Перспектива. Перспектива бұл оптикалық құбылыс, бақылаушыларға қарағанда екі нүктенің бір - бірінен алысырақ орналасуы.

Берменірек орналасқан зат арманырақ орналасқан дәл сондай затқа қарағанда үлкенірек болып көрінеді. Бұл эффект арқылы екі өлшемді көріністен үш өлшемді көріністің иллюзиясын, түстер тереңдік сезімін және көлемділік көрсетуге болады.

Экструзия. Экструзия эффектісі (ағылшыннан аударғанда

“extrude”- шығыңқы, үрлеу) жазық объектіні рельфті және шығыңқы ету үшін үшінші өлшемін қосады және айналдыруға болады. Үшінші өлшемді қосу үшін Интерактивті Экструзия құралы қолданылады.

CorelDraw бағдарламасында экструзия (көлем) эффектісі «сығу»

әдісі көмегімен құрылады. Ол үшін алдымен жалпақ объект салып, оны Interactive Extrude сайманы көмегімен перспективалы бейнеге айналдырады.

Міне осылай, негізгі объектің негізінде сығудың беттері деп аталатын жаңа беттер пайда болады.

Экструзия (көлем) эффектісін араластырылған (скомбинированный) және пісірілген (сваренный) объектілерге қолдануға болады, бірақ-та топтастырылған объектілерге қолданылмайды.

1-тапсырма. Тесігі бар текшенің (куб) перспективалы бейнесін құру.

• Парақтың кез келген жеріне квадрат салыңыз.

• Тағы да бір кішілеу квадрат салыңыз парақтың кез келген жеріне.

• Кіші квадратты 45 градусқа бұрыңыз.

• Екі квадратты да парақтың ортасына қарай тегістеңіз.

• Тесікті объект салу үшін Объект/Қосу (Объект/Комбинировать) командасын орындаңыз.

• Алынған объектіні ашық сұр түспен бояңыз.

Interactive Extrude сайманын таңдаңыз.

Осыдан кейін қасиеттер тақтасында сығу эффектісін баптау құралдары шығады (-сурет).

(25)

25

1 сурет - Сығу эффектісінің қасиеттер тақтасының элементтері.

• Курсорды тесігі бар квадраттың үстіне әкеліңіз.

• Тышқан батырмасын басыңыз.

• Тышқан басулы күйінде курсорды жоғары және оңға қарай жылжытыңыз.

• Тышқан батырмасын жіберіңіз. Нәтижесінде төмендегі сурет пайда болады.

2 сурет -Перспективалы бейнені салу 2-тапсырма. Екі шеңбердің арасында ағымдану құру.

• Бастапқы және соңғы объектілерді құру.

Ағымдану сайманын таңдаңыз.

Осыдан кейін қасиеттер тақтасында ағымдану эффектісінің баптау құралдары шығады (- сурет).

3 сурет - Ағымдану эффектісінің қасиеттер тақтасының элементтері.

• Курсорды бастапқы объектіге орнатыңыз.

• Тышқан батырмасын басыңыз.

• Батырма басулы күйінде соңғы объектіге әкеліңіз.

Экран бетінде аралық объектілер пайда болады.

• Қадам саны немесе ағудың жылжу түрі (Число шагов или сдвиг форм перетекания ) өрісінде аралық объектілердің санын береміз, мысалы 5-ке тең болсын.

Аралық объектілер бастапқы объектіден соңғы объектілердің қысқа жол арасында орналасады.

3-тапсырма. Берілген жол бойында ағымдануды орналастыру.

• Екі шеңбердің арасында қысқа жол бойынша ағымдану жасау.

• Аралық объектілер орналасатын траектория салыңыз.

• Ағымдануды Ағымдану (Перетекание) сайманымен шертіңіз.

• Аралық қадамды 50-ге теңеңіз.

Жолдың қасиеті (Свойства пути) белгішесіне шертіңіз.

Ағымдану жолын өңдеуге арналған меню ашылады.

(26)

26

Жаңа жол (Новый путь►New Path) командасын орындаңыз.

Тышқан курсоры иілген стрелкаға айналады.

• Объектілер орналасатын траекторияға шертеміз. Алынған ағымдануға баптау жұмыстарын жүргізіңіз.

Ағымданудың әртүрлі параметрлері (Различные параметры перетекания) батырмасына басыңыз.

Меню ашылады. Жолға орналастыру (Смешать по пути►) жалаушасын орнатыңыз. 1 жаттығу.

Дербес компьютердің көлемді бейнесін салыңыз.

4 сурет - Дербес компьютердің көлемді бейнесі Нұсқау

Алдымен, объектілерді біріктірудің әртүрлі әдістерін қолдана отырып, жалпақ бейнені салып алыңыз. Сонан кейін көлем эффектісін қолдаңыз.

Бақылау сұрақтары:

1. Қысу эффектісінің бояу әдістерінің қандай түрлері бар?

2. Жиылыс нүктесі дегеніміз не?

3. Қандай жағдайда Жиылыс нүктесінен көшіру (Copy VP From) режимі қолданылады?

4. Ағымдану қандай мақсатта қолданылады?

5. Ағымдану кезіндегі аралық объектілердің санын қалай өзгертуге болады?

№6 Зертханалық жұмыс

Corel Draw графиктік редакторында мәтінмен жұмыс Бұл сабақта:

• фигуралық және жай мәтіннің ерекшеліктері;

• мәтін құру;

• мәтіннің бөлігін ерекшелеу ;

• әріптер мен сөздер, қатарлар арақашықтығын өзгерту;

• фигуралық мәтінге арнайы эффектер беру.

(27)

27

Corel Draw графикалық редакторында мәтінді өңдеу және әр мақсатта қолдануға болады. Мәтін – жарнамалық плакат, логотип, буклеттердің бөлінбес бөлігі және дизайнерлік жұмыстарда қажет. Мәтіндік құралдар логотип жасауда қарапайым әрі ыңғайлы бола отырып, құжат жасауда мәтіндік құралдардың қуатты дамығандығын көруге болады.

Corel Draw графикалық редакторында мәтіндік объектінің екі түрін – қарапайым және фигуралық мәтінді қолдайды.

Фигуралық мәтін. Фигуралық мәтін арнайы эффектер мен айналулар қолданатын қысқа мәтіндік фрагменттерді жасауға пайдаланылады.

Фигуралық мәтін формасын, эффектерін, бұрмалану дәрежелері оңай өзгертіледі және ол бөлек сөздер, тақырып сияқты мәтін қатарлары, логотиптер және шығарылған сөздер (выноски) үшін қолданылады.

Қарапайым мәтін. Қарапайым мәтін кәдімгі көп қолданылытын мәтіндік редактор – Word Pad- ты еске түсіреді.

Мәтін ені блок ішіне жазылады, егер бірінші қатарға сыймаса, екінші қатарға автоматты түрде өтеді. Қарапайым фигуралық мәтіннен айырмашылығы осында, фигуралық мәтін ұзынынан-ұзақ жазыла береді.

Блоктың құрылуы, қисаюы және өлшемінің өзгеруі ішіндегі мәтіннің қасиеттеріне (қаріп(шрифт) өлшемі, теңестірілуі (выравнивание) және тағы басқалары) әсер етпейді, бірақ мәтін өзгерген блок ішін толтыруға тырысады.

Егер осы блок толса, онда мәтін келесі блокқа өтеді. Қарапайым мәтін барлық фигураның ішіне жазыла алады. Қарапайым мәтінді мәтіндік колланаларда жазуға болады. Бұл газет беттеріндегі мәтінді реттеуге (верстка) қолданылады.

Қарапайым мәтін жасау үшін Мәтін құралын таңдап, құжат бетіне тіктөртбұрыш сызыңыз, сосын сол тіктөртбұрыш ішіне мәтін жазылады.

1-тапсырма. Фигуралық мәтінді құру.

• Мәтін сайманын таңдаймыз.

• Курсорды мәтіннің басына әкеліп, тышқанның сол жағын шертеміз.

• Мәтінді енгіземіз, мысалы, Вас приветствует CorelDRAW!

Поздравляем с Новым годом!

Желаем удачи!

Келесі қатарға көшу үшін Enter басу керек.

• Мәтінді енгізуді бітіру үшін Pick (Указатель–көрсеткіш) сайманы басамыз.

2-тапсырма. Қарапайым мәтін құру.

• Мәтін сайманын таңдаймыз.

• Курсорды мәтіннің басына әкеліп, тышқанды төмен қарай тартып жылжытамыз. Сол уақытта тіктөртбұрышты рамка пайда болады.

• Мәтінді енгіземіз, мысалы,

CorelDRAW бағдарламасына қош келдіңіз!

Жаңа жылыңызбен!

(28)

28

Сәттілік тілейміз!

Келесі қатарға көшу үшін Enter баспаймыз.

• Мәтінді енгізуді бітіру үшін Pick (Указатель – көрсеткіш) сайманы басамыз.

3-тапсырма. Мәтіннің полиграфиялық параметрлерін өзгерту.

1 - нұсқа

• Мәтінді немесе бір бөлігін ерекшелейміз.

Мәтін/Мәтінді форматтау (Текст/Форматирование текста) командасын орындаймыз. Мәтінді форматтау (Форматирование текста) сұхбаттасу терезесі ашылады.

Шрифт қосымшасына шертеміз. Терезе ашылады.

• Керекті параметрлерді таңдаймыз: қаріп, өлшем, жазылу, астын сызу, үстін сызу, индекстеу.

• OK –ге басамыз.

2 - нұсқа

• Мәтінді немесе бір бөлігін ерекшелейміз.

Мәтін/Мәтінді өңдеу (Текст/Редактирование текста) командасын орындаймыз. Редактирование текста сұхбаттасу терезесі ашылады.

Шрифт қосымшасына шертеміз. Терезе ашылады.

• Қаріп, өлшем, жазылуы және т.б. орнатамыз.

• OK –ге басамыз.

4-тапсырма. Әріптер арасындағы арақашықтықты өзгерту (жай және фигуралық мәтін)

• Shape сайманымен мәтінді белгілеңіз. Мәтін астында ерекше маркер пайда болады: символдың сол жағында – квадратты белгі (интерлиньяж), оң жағында – кернинг символы .

• Кернинг символы курсорды әкеліп, тышқанды басыңыз.

• Тышқанды басулы күйінде оңға/солға жылжытыңыз. Әріп арасындағы арақашықтық үлкейіп/ кішірейеді.

5-тапсырма. Қатарлар арасындағы арақашықтықты өзгерту (жай және фигуралық мәтін)

• Shape сайманымен мәтінді белгілейміз.

• Интерлиньянж символы курсорды әкеліп, тышқанды басыңыз.

• Тышқанды басулы күйінде төмен/жоғары қарай жылжытыңыз.

Қатар арасындағы арақашықтық үлкейіп/ кішірейеді.

6-тапсырма. Әр әріпті жылжыту (жай және фигуралық мәтін)

• Shape сайманымен мәтінді белгілейміз.

• Әріптің төртбұрышты белгісіне курсорды әкеліп, тышқанды басыңыз.

• Тышқанды басулы күйінде жылжытыңыз..

(29)

29

Фигуралық мәтінге арнайы эффектілер

7-тапсырма. Фигуралық мәтінді траектория бойына орналастыру.

• Фигуралық мәтін енгізу.

• Траектория саламыз.

• Мәтінді және траекторияны ерекшелейміз.

Мәтін/Қисық бойындағы мәтін (Текст/Текст вдоль кривой) командасын орындаймыз.

Қисық бойында мәтініміз орналасады. Сол уақытта мынадай тақта пайда болады

а- жабық контур б – ашық контур

• Траектоия бойына орналасу әдісін таңдаймыз.

8-тапсырма. Рельефті фигуралық мәтін құру.

1 - нұсқа

• Фигуралық мәтінді қара түспен енгіземіз

• Керекті шрифтті, өлшемін және әріп арақашықтығын таңдап аламыз.

• Көшірмесін аламыз

• Көшірмені көк түске бояймыз.

• Осы екі мәтінге «Ағымдану» эффектісін қолданамыз.

2 - Вариант

• Фигуралық мәтінді қара түспен енгіземіз

• Керекті шрифтті, өлшемін және әріп арақашықтығын таңдап аламыз.

• «Қысу» (Выдавливание) эффектісін қолданамыз.

9-тапсырма. Фигуралық мәтіннің формасын өзгерту

• Фигуралық мәтінді енгіземіз

• Мәтінді ерекшелейміз.

• Interactive Envelope сайманын қолданамыз.

Жаттығулар:

Алынған дағдыларды пайдалана отырып келесі жаттығуларды орындаңыз.

1-жаттығу

Траекория бойына орналасқан рельефті мәтін құру Ко мпь юте р на я гр афика

• Фигуралық мәтін құру

• Траектория бойына орналастыру

(30)

30

• Мәтіннің көшірмесін алу

• Ағымдану эффектісін алу 2-жаттығу

Эмблемалар құру

3-жаттығу

Қарапайым және фигуралық мәтіннен тұратын иллюстрация құру.

4-жаттығу

Құттықтау открыткасы, шақыру қағаздарын, мекеменің печатін жасау, қарапайым және фигуралық мәтіннен тұратын жарнамалық хабарламалар жасау

Бақылау сұрақтары

1. Фигуралық мәтін мен қарапайым мәтіннің айырмашлығы неде?

2. Мәтіннің қандай полиграфиялық параметрлерін білесіз?

3. Мәтін құру үшін қай сайман қолданылады?

4. Мәтіннің бөлігін қалай ерекшелеуге болады?

5. Әріп пен сөз арақашықтығын қалай өзгертуге болады?

6. Рельефті мәтінді қалай құруға болады?

7. Қабықша қандай мақсатта қолданылады?

№7 Зертханалық жұмыс

Adobe PhotoShop CS6 бағдарламасының жұмыс экраны Бұл сабақта:

• негізгі терезенің меню пункттерін тағайындау;

• саймандардың мүмкіндіктерімен танысу;

• бейненің кейбір бөлшектерін салу кезіндегі өлшемінің өзгеруі;

• панелдермен жұмыс;

• құжатты үлкейту/кішірейту;

• бейнені терезе ішінде жылжыту;

• бейненің бөлшектерін ерекшелеу;

(31)

31

Adobe PhotoShop CS6 программасын жүктеу. Программа жүктелген соң PhotoShop CS6-тың негізгі терезесі ашылады (1 – сурет).

PhotoShop CS6 терезесінің стандартты интерфейсі.

Тақырып қатарында программаның белгішесі мен аты көрсетіледі

1-сурет. Adobe PhotoShop программасының негізгі терезесі

Тақырып қатарынан кейін меню қатары орналасады. PhotoShop CS6 бағдарламасында командалар атқаратын қызметіне байланысты бірнеше топтарға біріктірілген. Кез келген меню бөлек топтардың командаларынан тұрады.

Файл - менюі бейнені ашу және жабу командаларынан тұрады.

(32)

32

Редактирование - өңдеу командаларынан (қиып алу, көшіру және т.б.), көркем суреттердің және оның үзінділерін өзгерту командаларынан (айналдыру, бұрмалау, масштабтау, айналы тойтарыс және т.б.) тұрады.

Изображение - рең (тон) және түс түзету командаларынан тұрады, бейненің түстік моделін өзгерту және тағы басқалар.

Слой - бейненің қабаттарын басқару командаларынан тұрады.

(33)

33

Выделение - ерекшеленген аймақтармен жұмыс істеу командаларынан тұрады.

Фильтр - арнайы графикалық эффекттер беретін командалардан тұрады.

(34)

34

Окно - экран бетіне панелдерді (көмекші терезені) шығару және алып тастау командаларынан тұрады.

Справка - анықтама алуға арналған командалардан тұрады.

(35)

35

Терезенің сол жағында саймандар тақтасы орналасады (2 - сурет).

2- сурет. Саймандар тақтасы 1-тапсырма. Сайманды таңдау.

• Тышқан курсорын кез келген сайман белгішесіне апарыңыз.

Белгішенің қасында сайманның аты және жақша ішінде

«бекітілген» әріп шығады.

• Тышқанды сол белгішеге немесе «бекітілген» пернеге басыңыз.

Сайман белгіленіп алынды.

Кейбір саймандардың оң жақ бұрышында кішкентай үшбұрыш бар.

Бұл сол сайманның ішінде тағы да бір қосымша сайман екенін білдіреді.

2-тапсырма. Қосымша сайманды таңдау.

• Тышқан курсорын үшбұрыш бар сайман белгішесіне апарыңыз.

• Тышқан батырмасын басып, қосымша сайманның шығуын күтіңіз.

• Тышқан батырмасын жібермей отырып, курсорды қосымша сайман белгішесіне ауыстырыңыз.

• Тышқан батырмасын жіберіңіз.

Қосымша сайман таңдалып алынды.

3-тапсырма. Панельді таңдау.

• Панельдің түбіне шертіңіз, мысалы Каталог (Swatches) панеліне.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

VR технологиясымен жүргізілген зертханалардың артықшылықтары: 1 Қымбат тұратын жабдықтар мен арнайы оқыту бағдарламаларын сатып алу қажеттілігінің болмауы; 2 Зертханалық жұмыс

Бұл еңбектерде «жүйенің шығысын практикалық бақылау» жаңа концепциясы ұсынылды және үшбұрышты пішіндегі жүйелер тобы үшін шығысты практикалық бақылау мәселесі зерттеліп, және бұл