ISSN (Print) 2616-678Х ISSN (Online) 2663-1288
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
ХАБАРШЫСЫ
BULLETIN
of L.N. Gumilyov
Eurasian National University
ВЕСТНИК
Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева
ФИЛОЛОГИЯ сериясы Серия ФИЛОЛОГИЯ
PHILOLOGY Series
№4(129)/2019
1995 жылдан бастап шығады Издается с 1995 года
Founded in 1995
Жылына 4 рет шығады Выходит 4 раза в год Published 4 times a year
Нұр-Сұлтан, 2019 Nur-Sultan, 2019 Нур-Султан, 2019
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of the L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
Бас редакторы Дихан Қамзабекұлы
филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі (Қазақстан) Бас редактордың орынбасары Шолпан Жарқынбекова
филология ғылымдарының докторы, проф. (Қазақстан) Редакция алқасы
Аскер оғлы Рамиз ф.ғ.д., проф. (Әзербайжан) Ақматалиев Абдылдажан ф.ғ.д., проф. (Қырғызстан) Аймұхамбет Жанат ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Бахтикиреева Улданай ф.ғ.д., проф. (Ресей) Беженару Людмила ф.ғ.д., проф. (Румыния) Бейсембаева Жанаргүл ф.ғ.к. (Қазақстан) Біжкенова Айгүл ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Жақыпов Жантас ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Журавлева Евгения ф.ғ.д., проф. (Қазақстан)
Жаң Динжиң PhD, проф. (Қытай)
Ескеева Мағрипа ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Ержласун Гүлжанат PhD, проф. (Түркия) Қасқабасов Сейіт ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Негимов Серік ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Нұрғали Қадиша ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Нуриева Фануза ф.ғ.д., проф. (РФ, Татарстан)
Райхл Карл ф.ғ.д., проф. (Германия)
Рахманов Носимхан ф.ғ.д., проф. (Өзбекстан) Риверс Уильям Патрик PhD, проф. (АҚШ) Сәтенова Серіккүл ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Тәжібаева Сәуле ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Тұрысбек Рақымжан ф.ғ.д., проф. (Қазақстан)
Хисамитдинова Фирдаус ф.ғ.д., проф. (РФ, Башқұртстан) Чернявская Валерия ф.ғ.д., проф. (Ресей)
Шәріп Амантай ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Шәріпова Гүлбану ф.ғ.к., доцент м.а. (Қазақстан)
Экиджи Метин PhD, проф. (Түркия)
Янковски Хенрих PhD, проф. (Польша)
Редакцияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Қ.Сәтбаев к-сі, 2, 402 каб.
Тел.: +7(7172) 709-500 (ішкі 31-413) E-mail: [email protected]
Жауапты редактор, компьютерде беттеген: Ілияс Құрманғалиев
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы Меншіктенуші: ҚР БжҒМ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 27.03.2018 ж. №16996-Ж тіркеу куәлігімен тіркелген.
Мерзімділігі: жылына 4 рет. Тиражы: 35 дана
Типографияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Қажымұқан к-сі, 12/1, тел.: +7(7172)709-500 (ішкі 31413)
© Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Editor-in-Chief Dikhan Kamzabekuly
Doctor of philology, аcademician of NAS RK (Kazakhstan) Deputy Editor-in-Chief Zharkynbekova Sholpan
Doctor of philology, Рrof. (Kazakhstan) Editorial board
Asker ogly Ramiz Doctor of philology, Рrof. (Azerbaidzhan) Akmataliyev Аbdildajan Doctor of philology, Рrof. (Kyrgyzstan) Aimukhambet Zhanat Doctor of philology, Рrof. (Кazakhstan) Bakhtikireeva Uldanai Doctor of philology, Рrof . (Russia) Beisembayeva Zhanargul Can. of philology (Кazakhstan) Bezhenaru Lyudmila Doctor of philology, Рrof . (Romania) Bizhkenova Аigul Doctor of philology, Рrof. (Кazakhstan) Chernyavskaya Valeriya Doctor of philology, Рrof. (Russia) Еrzhiasun Güljanat PhD, Prof. (Turkey)
Yeskeyeva Мagripa Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Henryk Jankowski PhD, Prof. (Poland)
Kaskabassov Seit Doctor of philology, Prof . (Кazakhstan) Khisamitdinova Firdaus Doctor of philology, Prof. (RF, Bashkortostan)
Metin Ekiji PhD, Prof. (Тurkey)
Negimov Serik Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Nurgali Kadisha Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Nurieva Fanuza Doctor of philology, Prof. (RF, Tatarstan) Reichl Karl Doctor of philology, Prof. (Germany) Rakhmanov Nasimhon Doctor of philology, Prof. (Uzbekistan) Rivers William Patrick PhD, Prof. (USA)
Satenova Serikkul Doctor of philology, Prof . (Kazakhstan) Sharip Аmantay Doctor of philology, Prof. (Kazakhstan) Sharipova Gulbanu Can. of philology, assos. Prof. (Kazakhstan) Tazhybayeva Saule Doctor of philology, Prof. (Kazakhstan) Turysbek Rakymzhan Doctor of philology, Prof. (Kazakhstan) Zhakypov Zhantas Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Zhang Dingjing PhD, Prof. (China)
Zhuravleva Yevgeniya Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Editorial address: 2, Satвayev str., of. 402, Nur-Sultan, Kazakhstan, 010008
Теl.: +7(7172) 709-500 (ext. 31-413) E-mail: [email protected]
Executive editor, computer layout: Іlyas Kurmangalyev Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University PHILOLOGY Series
Owner: Republican State Enterprise in the capacity of economic conduct «L.N.Gumilyov Eurasian National University» Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan
Registered by Ministry of Іnformation and Сommunication of the Republic of Kazakhstan. Registration certificate No 16996-Ж from 27.03.2018
Periodicity: 4 times a year Circulation: 35 copies
Address of printing house: 12/1 Kazhimukan str., Nur-Sultan, Kazakhstan 010008; tel.: +7(7172) 709-500
(ext. 31413) © L.N. Gumilyov Eurasian National University
Главный редактор Дихан Камзабекулы
доктор филологических наук, академик НАН РК (Казахстан) Зам. главного редактора Шолпан Жаркынбекова
доктор филологических наук, проф. (Казахстан) Редакционная коллегия
Аскероглы Рамиз д.ф.н., проф. (Азербайджан) Акматалиев Абдылдажан д.ф.н., проф. (Киргизстан) Аймухамбет Жанат д.ф.н., проф. (Казахстан) Бахтикиреева Улданай д.ф.н., проф. (Россия) Беженару Людмила д.ф.н., проф. (Румыния) Бейсембаева Жанаргуль к.ф.н. (Казахстан)
Бижкенова Айгуль д.ф.н., проф. (Казахстан) Жакыпов Жантас д.ф.н., проф. (Казахстан) Жан Динжин PhD, проф. (Китай) Журавлева Евгения д.ф.н., проф. (Казахстан) Ескеева Магрипа д.ф.н., проф. (Казахстан) Ержласун Гульжанат PhD, проф. (Турция) Каскабасов Сеит д.ф.н., проф. (Казахстан) Негимов Серик д.ф.н., проф. (Казахстан) Нургали Кадиша д.ф.н., проф. (Казахстан) Нуриева Фануза д.ф.н., проф. (РФ, Татарстан) Райхл Карл д.ф.н., проф. (Германия) Рахманов Насимхон д.ф.н., проф. (Узбекистан) Риверс Уильям Патрик PhD, проф. (США)
Сатенова Сериккуль д.ф.н., проф. (Казахстан) Тажибаева Сауле д.ф.н., проф. (Казахстан) Турысбек Рахимжан д.ф.н., проф. (Казахстан)
Хисамитдинова Фирдаус д.ф.н., проф. (РФ, Башкортостан) Чернявская Валерия д.ф.н., проф. (Россия)
Шарип Амантай д.ф.н., проф. (Казахстан) Шарипова Гульбану к.ф.н., и.о. доцент (Казахстан) Экиджи Метин PhD, проф. (Турция)
Янковский Хенрих PhD, проф. (Польша)
Адрес редакции: 010008, Казахстан, г. Нур-Султан, ул. К.Сатпаева, 2, каб. 402 Тел.:+7(7172) 709-500 (вн. 31-413)
E-mail: [email protected]
Ответственный редактор, компьютерная верстка: Ильяс Курмангалиев
Вестник Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия ФИЛОЛОГИЯ Собственник: РГП на ПХВ «Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева» МОН РК Зарегистрирован Министерством информации и коммуникаций РК под номером №16996-Ж от 27.03.2018г.
Периодичность: 4 раза в год Тираж: 35 экземпляров
Адрес типографии: 010008, Казахстан, г. Нур-Султан, ул. Кажимукана, 12/1, тел.: +7(7172)709-500 (вн. 31413)
© Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева
Мазмұны
Фольклор және әдебиеттану
Азкенова Ж., Оразаева Қ. Н. Гогольдің «Ескілікті помещиктер» повесіндегі Данте архетипі және апостасиясы ... 8-15 Байділдаева Н., Негимов С. Жетес би тағылымы ... 16-23 Бaйтанасова Қ. Мәтін теориясының кейбір мәселелері ... 24-31 Есенова А., Оразбек М. Ғалым Жайлыбай поэзиясындағы жаңа ізденістер ... 32-38 Жапанова М., Нұрманова Ж. Асанәлі Әшімовтің «Арылу прозасы»: жанрлық әртектілігі ... 39-46 Қалиева А., Маукеева А., Рысбаева А. Герольд Бельгердің шығармашылық даралығының қалыптасуы ... 47-52 Қожашев М. Жамбылдың жыршылық өнері: қалыптасуы мен ерекшелігі ... 53-60 Мажиева Н., Балтабаева Н., Юсуп П. Қазақ эпостарында полигамиялық некенің көркем бейнеленуі ... 61-66 Найманбай А. Заман шындығы: ақиқат пен көркемдік шешім сабақтастығы ... 67-72 Саликжанова Ш., Карипжанова Г. Қазіргі қазақ жастар поэзиясындағы қоғам бейнесі ... 73-79 Сайлауова А. Жыршы-жыраулар мектептерінің зерттелуі ... 80-86 Сейсенбиева Э., Мәдібаева Қ., Юсуп А. Ы.Алтынсариннің «Шариат-ул ислам»
еңбегіндегі мұсылман ағартушылығы ... 87-92
Лингвистика және әдістеме
Абдыханова Б., Мейрамбекова Л. Прецедентті есімдер: фольклордың ықпалы және әлем мәдени кеңістігіндегі орны (неміс тілі материалы негізінде) ... 93-98 Біжкенова А., Сәбитова Л. Құрылымдық бөлімшенің ғылыми қызметі - универ-
ситеттің даму компоненттерін зерттеудің маңызды бағытының бірі ретінде ... 99-107 Досжан Г. Кірме сөз мәселелерін зерттеудегі интегративтік тәсілдер ... 108-118 Ербулатова И., Салимов Т. «Тағам» атауы: лексика-семантикалық аядағы
мәдени-таңба бірліктері ... 119-124 Жұмағұлова А., Сыздықова Г. Лингоэкология және медиакеңістік ... 125-132 Жұмаханова А., Біжкенова А. Бағалау - қарым-қатынастың сөйлеу актісі ... 133-140 Ильясова Н. Синтагма – тіл теориясы мен танымды байланыстырушы бірлік .... 141-150 Кадеева М., Дмитрюк Н., Нарожная В.Атаулы грамматикалық категориялар-
дың имплициттілігі ... 151-158 Тулеубаева С. Лингвофилософиялық дәстүр сабақтастығы: әл-Фарабиден
В. фон Гумбольдке дейін ... 159-166 Өтебалиева Г., Қасқабасова Х. Коммуникативтік құзіреттілік - шет тілін оқыту
үдерісін зерттеу аспектісі ... 167-176 Шингарева М., Нарожная В. Рождестволық құттықтауларды талдау ерекше-
лігі - саяси дискурс элементі ... 177-184
Әдеби шолу
Қайыржанов А. Шәкәрім. Шынайы ізгілікті іздеу ... 185-189
Contents
Folklore and Literary Studies
Azkenova Zh., Urazayeva K. Dante’s archetype and apostasy in the novel of «Old World Landowners» by N. Gogol ... 8-15 Beydildaeva N., Negimov S. Jetes Biy’s Edification ... 16-23 Baitanasova K. On Some Issues of Text Theory ... 24-31 Yessenova А., Orazbek M. The latest research related to the poetry of Galym Zhaylybay ... 32-38 Zhapanova М., Nurmanova Zh. Assanali Ashimov’s «Confession Prose»: Genre Diversity ... 39-46 Kalieva А., Maukeeva А., Rysbaeva А. Formation of Herold Belger’s Creative Individuality ... 47-52 Kozhashev М. Zhambyl’s Poetic Art: Formation and Poetry ... 53-60 Mazhıyeva N., Baltabaeva Nazim, Yussup Р. The Art Image of Polygam Marriage in Kazakh Epics ... 61-66 Naimanbai A. Reality of the Еra: Continuity of Truth and Literary Solutions ... 67-72 Salikzhanova Sh., Karipzhanova G. The image of society in modern Kazakh poetry ... 73-79 Sailauova А. On Research of Zhyrshy-Zhirau Schools ... 80-86 Seisenbiyeva E., Madibayeva K., Yussup A. Muslim Enlightenment in Y. Altynsarin’s Works «Shariat-ul Islam» ... 87-92
Linguistics and methodics
Abdykhanova B., Меirambekova L. Precedent Names: Influence of Folklore and Its Place in World Cultural Space (based on the German language) ... 93-98 Bizhkenova A., Sabitova L. Scientific Activity of Structural Divisions as One of the
Important Components in the Development of a Research University ... 99-107 Doszhan G. Integrative Approaches to Studying Borrowed Words ... 108-118 Yerbulatova I., Salimov Т Culture-Marked Units of the Lexical-Semantic Field «Food» .... 119-124 Zhumagulova А., Syzdykova G. Linguoecology and Media Space ... 125-132 Zhumakhanova А., Bizhkenova А. Evaluation as a Speech act of Communication ... 133-140 Ilyassova N. Syntagma – a Unit Combining Language and Cognitive Theory ... 141-150 Каdеyеvа М., Dmitryuk N., Narozhnaya V. On Implicitness of Nominal Grammatical
Categories ... 151-158 Tuleubayeva S. Linguophilosophy from al-Farabi to V. von Humboldt: Continuity of
Tradition ... 159-166 Utebalieva G. , Kaskabassova Kh. Communicative Competence: As an Aspect in
Studying the Process of a Foreign Language Acquisition ... 167-176 Shingareva M., Narozhnaya V. Peculiarities of Analyzing Christmas Messages as an
Element of Political Discourse ... 177-184
Literature Review
Kairzhanov A. Shakarim. The quest for absolute good ... 185-189
Содержание
Фольклор и литературоведение
Азкенова Ж., Уразаева К. Дантовский архетип и апостасия в «Старосветских помещиках» Н. Гоголя ... 8-15 Бейдильдаева Н., Негимов С. Назидания Жетес бия ... 16-23 Байтанасова К. О некоторых проблемах теории текста ... 24-31 Есенова А., Оразбек М. Поэзия Галыма Жайлыбая в свете новых исследований ... 32-38 Жапанова М., Нурманова Ж. «Исповедальная проза» Асанали Ашимова:
жанровое многообразие ... 39-46 Калиева А., Маукеева А., Рысбаева А. Становление творческой индивидуаль-
ности Герольда Бельгера ... 47-52 Кожашев М. Поэтическое искусство Жамбыла: становление и особенности... 53-60 Мажиева Н., Балтабаева Н., Юсуп П. Художественное изображение полигам-
ного брака в казахских эпосах ...... 61-66 Найманбай А. Реальность эпохи: преемственность правды и художественного решения ... 67-72 Саликжанова Ш., Карипжанова Г. Образ общества в современной казахской молодежной поэзии ... 73-79 Сайлауова А. Об исследованиях сказительских школ (школ жыршы и жырау) ... 80-86 Сейсенбиева Э., Мадибаева Қ., Юсуп А. Мусульманское просветительство в трудах Ы.Алтынсарина «Шариат-ул ислам» ... 87-92
Лингвистика и методика
Абдыханова Б., Мейрамбекова Л. Прецедентные имена: влияние фольклора и его место в мировом культурном пространстве (на материале немецкого языка) ... 93-98 Бижкенова А., Сабитова Л. Научная деятельность структурных подразделений
как одна из важных составляющих развития исследовательского вуза ... 99-107 Досжан Г. Интегративные подходы к изучению заимствованных слов 108-118 Ербулатова И., Салимов Т. Культурно-маркированные единицы лексико-
семантического поля «Еда» ... 119-124 Жумагулова А., Сыздыкова Г. Лингвоэкология и медиапространство ... 125-132 Жумаханова А., Бижкенова А. Оценка как речевой акт коммуникации ... 133-140 Ильясова Н. Синтагма – единица, связывающая теорию языка и познания ... 141-150 Кадеева М., Дмитрюк Н., Нарожная В. Об имплицитности именных
грамматических категорий ... 151-158 Тулеубаева С. Преемственность традиций в лингвофилософии:
от аль-Фараби к В.фон Гумбольдту ... 159-166 Утебалиева Г., Каскабасова Х. Коммуникативная компетенция как аспект в
изучении процесса усвоения неродного языка ... 167-176 Шингарева М., Нарожная В. Особенности анализа рождественских
поздравлений как элемента политического дискурса ... 177-184
Рецензия
Каиржанов А. Шакарим. Поиски абсолютного добра ... 185-189
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.
ФИЛОЛОГИЯ сериясы
24
№4 (129)/2019
ХҒТАР 17.07.01.82 Қарлығаш Бaйтанасова
Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (E-mail: [email protected])
Мәтін теориясының кейбір мәселелері
Аңдатпа. Мәтіннің мәні, даму тарихы уақыт өткен сайын толығып отырады. Оған дәлел - мәтіннің көп қырлы сипаты. Мәтіннің негізгі қасиеті – оның қарым-қатынас функциясында. Бұл сипат көркем мәтіннің болмысын толық ашады. Мәтін – тек қарым-қатынас жасаудың әдепкі фор- масы ғана емес, мұнда сөздің барлық қырлары – тікелей, жасырын, көркем, ишара, ықпалдас, сим- волдау, монолог, диалог тәсілдері ашылады. Ендеше мәтінде сөздің тікелей мағынасы ғана емес, астарлы мәні, белгі-сипаттары айқындалады. Мәтінде ақпараттың жаңа, көркем, бейнелі, жалпы, дербес түрлері жинақталады. Бұл ретте, мәтін - сөзді сақтаудың, жеткізудің, сол арқылы белгілі бір тарихи дәуір бейнесін, әлеуметтік жағдайды, адамға тән сезім-күйі мен психологияны жеткізудің ерекше құралы. Мәтінге берілетін әдебиеттанушылық, философиялық, лингвистикалық анықтама- лар мәтіннің көпсалалы болмысын айқындайды.
Түйін сөздер: мәтін, баяндау, интермәтін, дискурс, эмоция, құрылым
DOI: https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-129-4-24-31 Кіріспе. Қандай мәтін де белгілі бір әрекет жүйесінің ерекше ұйымдасуы, нақты болмыстың шынайы көрінісі. Мәтін тек сол құрылымның аясындағы мән-мазмұнды ғана ашпайды, оның ар жағындағы мәнін де ишаралап көрсетеді. Мәтінде оның ішкі табиға- тын айқындайтын уақыт пен кеңістікке байланысты сипаттар жинақталады. Осыған қарап мәтінде жанама түрдегі мәтінішілік, мәтінаралық ақпараттардың берілетініне куә боламыз.
Яғни мәтінде оның ішкі көркемдік болмысын айқындайтын уақыт пен кеңістікке қаты- сты мән-мазмұн жинақталады. Мұнда автордың өмірге деген көзқарасы, идеялық мазмұн, бейнелер жүйесі, тақырыптық мотивтер, авторлық интенция көрінеді. Осы ретте көркем мәтінді талдаудың бірнеше аспектілері айқындалады.
Мақсаты мен міндеті. Метамәтін – (мета – туралы деген ұғымды береді) мәтін ту- ралы мәтін деген сөз. Метамәтін мәтіннің ұйымдастырылуын түсіндіру, ондағы өзара бай- ланысты қарым-қатынасты анықтау қызметін атқарады. Яғни оның нақты қызметі мәтін- дегі белгілі бір ситуацияның тууын, қабылдануын, мәтіннің белгілі бір тілдік-стильдік тұрғыда түсіндірілуін жүзеге асырады. Осы тұрғыдан келгенде метамәтінді нақты мәтіннің екінші бір түрі, прагматикалық тұрғыда жүзеге асуы деуге болады. Метамәтіннің жасалу процесі әдебиеттанудың, лингвистиканың, семиотика мен мәдениеттанудың категориясы болып табылады. Ол автордың өзіндік рефлексиясын (автордың өзіне, өзінің сана-танымы- на назар аударуы), көркем шығармадағы автордың шығармашылығына дербес қатынасын оның маңыздылығын көрсетеді. Метамәтін туындыда басқа да функция атқаруға қабілетті, ол автор мен нақты мәтінге қатысты алмасып отырады. Мақалада мәтіннің көпаспектілі болмысын ашуды мақсат еттік.
Зерттеу әдіснамасы. Метамәтін проблемасын қазіргі метатекстуалдық ұғымына жақын тұрғыда теориялық жағынан дәйектеуге деген қадам алғаш рет XIX ғасырдың ба- сына тұспа-тұс келді. Неміс романтизмі теоретигі Фр. Шлегель алғаш рет «поэзия поэзии»
- «поэзияның поэзиясы» («Die Poesie der Poesie») деген терминді ұсынды [1, 183 б.]. Ол бұл ұғымды «трансцендентальді («логикадан тыс») поэзия» ұғымын сипаттау кезінде қол- данды. Шлегельдің терминін О. Мандельштамның поэзиясын талдау кезінде В.М. Жир- мунский де пайдаланған [2, 87 б.]. Зерттеуші Мандельштамның өлеңдерін «өмір поэзиясы емес», «поэзияның поэзиясы» деп атаған. Яғни, бұл поэзияның негізі ақынның дербес қа-
25
№4 (129)/2019
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия ФИЛОЛОГИЯ - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
былдауындағы өмір емес, өмірді өзгеше көркемдік түрде қабылдауы. Француз философы Ж.Ф. Лиотар және американдық әдебиеттанушы Фр. Джеймсон XX ғасырдың ортасында
«нарратив», «метамәтін» теориясын орнықтырды [3]. Зерттеуші оның аясында кез келген
«түсіндіру жүйесін»: дін, тарих, ғылым, психология, өнерді атайды. Р. Барт «Литература и метаязык» (1957) еңбегінде метатіл және метаәдебиет проблемасын қарастырды [4, 108].
Орыс әдебиеттануында метамәтін проблемасы XX ғасырдың екінші жартысында пай- да болды. Бұл кезеңде тілші ғалымдар мәтінді нақты белгілер жүйесі (А.А. Потебня, Р.О.
Якобсон, М.М. Бахтин, Ю.М. Лотман) ретінде зерттеу нысанына алды. Зерттеушілер ба- сты назарды «ой» (смысл) – мәтін» проблемасына аударып, мұны белгілі бір конструкция ретінде қарастырды. Метамәтіндік функцияны белсенді тілдік бөлшек ретінде Р.О. Якобсон дербес зерттеді. Ғалым метамәтінді басқа тілдік жүйеде баламасы жоқ құрылымдық бірлік ретінде санады [5].
Қазіргі ғылымда бұл ұғымның шекарасы әр зерттеушіде «мәтін туралы мәтін»,
«мәтіндегі мәтін» (А. Попович, М.Р. Майенова) тіркестерінен бастап, «авторлық баяндау туралы авторлық баяндау» дегенге дейін аталып жүр. Жапон зерттеушісі Ким Хюн Еун бұл ұғымның әдебиеттанушылық мәнін лингвистика мен семиотикадан бөлек алып қарастыру керек екендігін көрсетеді [6]. Лингвистика ғылымында «метамәтін» ұғымы А. Вежбицкая- ның «Метатекст в тексте» еңбегі жарыққа шыққаннан кейін кең қолданыла бастады. Линг- вист зерттеуші А. Вежбицкая лингвистикалық семантика, прагматика мен тіларалық әре- кеттестік мәселелерін қарастырған. «Метатекст в тексте» зерттеуінде авторлық монологтік мәтінді зерттеуші белгілі бір зат түріндегі айтылым, белгілі бір ой туралы айту «двутекст»
(екіжақтымәтін) деп атайды. Ғалымның айқындауынша «метамәтін – бұл негізінен семан- тикалық элементтермен бірлескен қыстырма сөздер мен оралымдар, ал оның функциясы негізгі мәтіндегі «семантикалық өрнектерді» түсіндіру үшін қажет. Басқаша айтқанда А.
Вежбицкаяның пікірінше «метамәтін дегеніміз – осы тілдік ситуация ағымындағы сөз ту- ралы айтылған ой [7, 53 б.].
Ғылыми тұжырымның талдануы. Әдебиеттануда метамәтін – бұл «тек белгілі бір затқа ғана емес, сонымен бірге ол туралы айтылған автордың сөзіне арналған мәтін. Ю.
Лотман «Бейнелеу объектісі сол әдеби бейнелеудің өзі» болады дейді. Құрылымдық-семи- отикалық тәсілге сәйкес метамәтін арқылы алғашқы тілдің шешімін табатын код түсініледі.
Мұндай трактовка сонымен бірге лингвистикада, структурализм мен постструктурализмде де көрініс тауып, ғалым Ю. Лотманның еңбектерінде дәйектелді. Лотмандық тәсілге сәй- кес метамәтін ретінде туындының атауы, мәтіннің құрылымдық бөлшектері, бөлім атау- лары, эпиграфтар, шығармаға қатысты, негізгі мәтінге кірікпеген авторлық ескертулер, сол сияқты әр текті «лирикалық шегіністер» және шығарманың өзіндегі шығарма туралы толғамдар (соңғысы әсіресе, жазушы-постмодернистерде Е. Попов, Дм. Липскеров, В. Пе- левин, Вен, Ерофеев, Д. Лодж, П. Теру жиі кездескен) аталады.
Зерттеуші Ю. Лотман өзінің «Мәтіндегі мәтін» мақаласында метамәтін ұғымын әдебиеттанушы, мәдениеттанушы, семиотик ретінде арнайы риторикалық құрылым ретін- де қарастырып, бұл мәтіннің әр бөлігіндегі кодтанудың айырмасы авторлық құрылым мен оқырманның мәтінді қабылдау факторларын айқындайтындығын айтады [8, 28]. Семиоти- калық қабылдау жүйесінің бірінен екіншісіне қандай да бір ішкі құрылымдық көкжиекте (шекте) жасалуы орталық негізгі ойды құрайды. Метамәтінге ұмытылушылық Лотманның пікірінше мәтіннің имманентті (ішкі, сол мәтіннің шегінде) сипатын танытады. Осы ме- тамәтінге қатысты зерттеуін ғалым «Евгений Онегинді» талдау арқылы дәйектейді. «Ро- ман в стихах Пушкина «Евгений Онегин» еңбегінде зерттеуші «бөгде сөздің» үш түрінен
«авторлық баяндау туралы авторлық баяндауды» бөліп алады да оны «метақұрылымдық пласт (қабат)» деп атайды. Ғалымның пікірінше метамәтіндік қабатта бейнелеу объектісі сол әдеби бейнелеудің өзі болады. Орыс зерттеушісі М. Бахтиннің теориясында метамәтін
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.
ФИЛОЛОГИЯ сериясы
26
№4 (129)/2019
металингвистиканың негізін жасаған ұғым ретінде қарастырылады. Зерттеуші оны диалог- тағы субъектілер қатынасының негізі деп санайды. М.Бахтин өзінің көптеген еңбектерінде метамәтін терминін қолданбаса да, оның айтқан тұжырымдары метамәтін проблемасына қызығушылық танытқанын дәлелдейді. Бахтиндік теорияда «мәтіндегі мәтін» семиотика- лық ұғымы «бөгде сөз» ұғымына сәйкеседі [9].
Метамәтін ұғымын жете ұғыну үшін оны интермәтіннен ажыратып алу керек: егер интермәтін берілген мәтінді барша көпқырлылығымен, басқа, бөтен туындылармен бай- ланысты қарастырса, метамәтін өз-өзімен тұйықталып қалады. Интермәтіннің функцио- налдық (қолданбалы) мүмкіндігі шексіз – бұл интермәтін әрекеті арқылы әр түрлі фор- малардың пайда болатынынан туындайды. Интермәтін құбылысы мәдениеттің, өнердің, әдебиеттің және тілдің аясында көрінеді. Біз интермәтінде тек өткеннің тәжірибесін ай- ғақтап қана қоймаймыз, сонымен бірге оның белсенді түрде жүзеге асып, дамып, сабақта- сатынын да көреміз. Интермәтін өткен тәжірибеге назар аудару, таңдау сипатын иеленеді.
Интермәтін – өткеннің тәжірибесін бүгінге тек формальді түрде көшіру механизмі емес, сонымен қатар өткеннің тәжірибесін бүгінгі күн арқылы үнемі қайталап ойдан, сұрыпта- удан өткізу үдерісі. Осы айтылғандар интермәтінді адамзат тәжірибесіндегі маңызды мә- дени фактор екенін айғақтайды. Түйіндей айтқанда интермәтінділік механизм ең азы екі контекстік тәжірибеде: өткен мен бүгіннің қатынасына түседі. Осы ретте бұрынғының эле- менттері немесе белгілері бүгінгіде қайталанады. Яғни әр түрлі контексте қолданылатын бірдей элемент немесе екі әр текті элемент қарым-қатынасқа түседі. Екі контексті тәжірибе бір-біріне қарама-қарсы байланыста да болады: қайталанатын элементтер немесе белгілер өзді-өзімен қалады, солай бола тұра өзгеше тұрпатқа ие де болады. Бұл кезде қандай да бір жағдайға басымдық бере алмаймыз: ұқсас бола тұра айырмасы бар. Бір жағынан белсенді мәтін алдыңғының жалғасы әрі екінші жағынан бұл оны қайта ой елегінен өткізу, мағына- лық бейімдеу тұрғысынан терістеуге қызмет етеді. Контекстердің қақтығысынан ситуация және уақыт жағынан бір-бірінен алшақ тұратын мәтіндердің дискурсивтілігі туындайды.
Интермәтінді мәдени және тілдік дискурстың негізі, қозғаушысы деп атауға болады. Дис- курстық деген сөздің аясында мәтіннің өзектілік реттілігін – мәтіннің ішкі сапалық ерек- шелігін, бағыттас (сызықтық) қатынасын түсінеміз. Интермәтін – әр түрлі мәтіндердің ара- сындағы дискурстықтың түрде қалыптасқан сызықтық қатынасы. Интермәтін мәдениеттегі мәтіндердің кірігуін (синергетика), мәдениет пен тілдегі стилистикалық, жанрлық, тақы- рыптық кеңістікті тудырады. Сонымен интермәтін метамәтін сияқты мәтін интерпретаци- ясының белгілі бір түрін көрсетеді. Дегенмен ол мәтін мағынасының шеңберінен шығып, оның мән-маңызын кеңейтеді. Метамәтіндік интерпретациядан интермәтіндік интерпрета- ция бірнеше белгілері бойынша ажыратылады. Олар:
1) Интермәтіндік интерпретация дискурсивті, ол мәтіннің дискурсивті түрде ай- қындалған жалғасы деп түсіндіріледі; метамәтіндік интерпретация виртуалды, тек бір сы- зықты, бағыттас мәтіннің ашылуын ғана қайталайды.
2) Интермәтінділік басқа контекстегі принциптерді тірек етеді немесе өзге контек- стегі оның бөлігі, алғашқысымен байланыссыз басқа ситуациялық жағдай; метамәтін ин- терпретацияланатын нақты мәтінді, контекстік алмасуды жасай алмайды.
3) Интермәтінде біз бір мәтін арқылы келесі мәтінді символикалық түрде көре ала- мыз; нақты мәтін мен метамәтін арасында символикалық қатынас пайда болмайды; ме- тамәтін – бұл шынайы дүниенің виртуалды (мүмкін) суреттемесі.
4) Интермәтінде біз кейбір мәтіндердің және олардың контексінің өзара «бәсекеле- стігін» көреміз, интермәтінде бір мәтін арқылы екіншісін бағалау туады; метамәтінде біз кәдімгі қайта аталудың актісін – бұл жерде бағалау немесе субъектілік қарым-қатынасты беру емес, өзіндік нақты болмысты ашатын жаңа ақпаратқа қол жеткізуді көреміз.
27
№4 (129)/2019
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия ФИЛОЛОГИЯ - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
Интермәтінділіктің формасы барынша әр қилы: оның мәдениет, өнер мен әдебиет аясына қатысты бөлігі үнемі кешенді зерттеледі. Қазіргі кезде ғылымда интермәтіннің по- этикалық құбылыс ретіндегі артықшылығын көрсету маңызды мәнге ие. Мұнымен, қоса интермәтінде тек поэтикаға ғана емес, риторикаға қатыстылығы да айқындалады. Яғни интермәтінділік тілдік аяны қоса алғанда көптеген деңгейде қарастырылуы керек. Тілдік интермәтінділікті айқындау мен талдау әдебиетке қарағанда тілдің мәдени тәжірибедегі ор- нын, табиғатын, шекарасын айқындайды.
Интермәтінділіктің тілдік формасына мыналарды жатқызуға болады: А) мақалдар, афоризмдер, қанатты сөздер – бұл формалар белгілі бір ситуацияларда қолданылады да, олардың тәжірибесі нақты қадағаланады. Мәселен, мақал-мәтелдер «қандай да бір ситуа- циялардың белгісі» болып келеді. Бұл ретте ситуация арқылы мақалдың контексі анықтала- ды. Мақалды басқа контексте қолдану оның мағыналық қабылдауын күшейтеді, мақалдың дискурсивті байланысын өткендегі және қазіргі жағдайдағы мәнді қолданысын орнықты- рады. Мәселен, қызмет түрі ұқсас, ойлауы үндес адамдардың кездейсоқ жолығысуын көргенде «Балықшы балықшыны алыстан таниды» дейміз. Бұл мәтелдің осы қолданысы арасында ешқандай байланыс жоқ. «Сүтке күйген адам суды үрлеп ішеді» дегенде де ай- тылған мәтел мен айтылу ситуациясы арасында байланыс жоқ. Тілдік идиоматика мен тіл- дің бейнелілік құралында метафора механизмі кең көрініс береді. Шындығында кез келген метафора мөлтек (миниатюралы) интермәтінді береді. Мәселен, «өкшесін басып қалды»,
«бөтен дауыспен ән салу» дегенде тура айтылып тұрған нысандар туралы емес. Олардың өзгерген мағынасының мәні терең. Кез келген өзгерген, ауыспалы мағынада қолданыла- тын сөз дискурсивті интерпретацияға жатады. Тілдік дискурс метафорада пайда болды.
Сөздің мағынаны жинақтаушы функциясы да тілдік дискурсты құрайтын құрал ретінде түсіндіріледі. Сөз мағынасының белсенді жүзеге асуы бір жағынан, сөз мағынасының бар- лық бұрынғы тәжірибесінің ассоциациясын тудырады, екінші жағынан, сөздің мағыналық тәжірибесін терістейді. Осылайша, алдыңғы сөз тәжірибесі одан кейінгі мағынаға тарты- лады да, бұл дискурсивті қатынас ретінде түсіндірілуі мүмкін. Сөздер арасындағы мағы- на, олардың «бәсекелестік» немесе «ынтымақтастық» қызметі бір-бірімен тілдік узусте (тілдік бірлік) дискурсивтік тілдік тәжірибе терминдерінде интерпретацияланады.
Интермәтін мен метамәтін тілде, тілдік тәжірибеде іргелес өмір сүреді. Олар бір- бірін толықтырып отырады. Интермәтінде әрі қарай метамәтіндік деңгейде, яғни грамма- тикалық норма немесе тілдің грамматикалық категориясы ретінде бекітілуі мүмкін тілдік тәжірибе туады. Интермәтін тілдік тәжірибеде басымдыққа ие болып, тілдік бірліктің ше- карасын жылжытады да оны барынша түрлендіреді. Метамәтін мен интермәтіннің «бейбіт қатар бірлесе өмір сүруі» тіл аралық қатынаста, яғни аударма аясында аяқталады.
Психолингвистика, лексикология, фонология салаларының дамуына ерекше үлес қосқан Л. Щерба: «Мәтіннің болуының өзі оның айтылуының алғышарты», - дейді [10, 89 б.]. Мәтінді оқу арқылы автор мен оқырманның арасында диалог орнығады. Көркем мәтін- ді оқу арқылы автор бірнеше тарапты ақпарат алады: қабылдайды, түсінеді, ой жарыстыра- ды, салыстырады, елестетеді.
Соңғы кезде көркем мәтіннің құрылымы туралы эстетикалық түсініктер семиотика саласының ұғымдарымен толыға түсті. Көркем шығарма тілін туынды, яғни негізгі емес модельдік жүйе ретінде қарастыру – эстетикалық қабылдау психологиясы үшін өнімді тәсіл.
Көркем бейне – нақтылық пен жалпылықтың бірлігі. Ол сөз болып отырған құбылыстар туралы көрнекі ұғымдардың тууына әсер етеді, әдеби шығарма кейіпкерінің нақты өмірлік жағдайға тасымалдануы оқырман эмоциясын тудырады. Яғни оқырманда өмірлік жағдай- лар және адамдардың өзін-өзі ұстауы, іс-әрекеті туралы жалпы тәжірибесі болуы керек.
Дегенмен, эстетикалық қабылдау үшін тек мәтіннің негізінде нақты бейнелердің тууы жет- кіліксіз. Олар оқырман түсінігінде көркемдік-идеялық мазмұнның бір қыры ретінде қалып-
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.
ФИЛОЛОГИЯ сериясы
28
№4 (129)/2019
тасуы қажет. Оқырман үшін ең қиыны – осы. Егер шығармадағы суреттелетін болмысты қабылдау оқырманды кейіпкермен бірге ойланып – сезінуді, оның бейнесі мен өз ойының үндесуі сезімін тудырса, оқырман мұны шығарманың идеялық мазмұны ретінде қабылдай- ды. Сондай-ақ туынды көркемдігінің көрсеткіші ретінде оқырмандардың көбі «жазылған дүниені түсіну» деп санайды. Бірақ мұндай жағдайда шығарманың идеялық мазмұны оқы- рман үшін белгісіз болуы мүмкін. Сондықтан, эстетикалық қабылдау үшін бейнеленген нәрсені айқын елестете алу жеткіліксіз. Осындай елестету үнемі көркем елестету, яғни эстетикалық құндылықты көрсететін бейнелік жалпылау бола алмайды. Яғни, эстетикалық қабылдау үшін көркем шығармадағы құбылыстарды, болмысты елестету жеткіліксіз.
Әдебиеттанушы Т. Есембеков: «Көркем мәтіннің фатикалық қызметі (қарым-қаты- нас) арнайы «адресаттық белгілер» арқылы жазушының оқырманмен эмоционалдық, ин- теллектуалдық байланыс орнатуы болып табылады. Ал эмфатикалық функция (көркем, бейнелі) сол байланыстың нақты объективтік нәтижесі, оқырман ойы мен бойындағы, жан дүниесіндегі белгілі бір сипатқа ие болған әсері мен ықпалының көрінісі. Сөз басы пайда болуының құпиясы көп, зерттелуі қиын эстетикалық сезім туралы болмақ. Өнердің басты мәселелерінің бірі болып саналатын бұл феномен талайдың назарын аударған, әрқи- лы ғылыми ізденістерге түрткі болған»,-дейді [11, 25 б.]. Мәтіндегі мәтін – бұл нақты ав- торлық мәтінге өзге мәтіннің енуі. Осылайша бірыңғай мағыналық кеңістіктегі мәтін- ді басқа мәтіндегі әр түрлі элементтерді енгізу арқылы толықтырып, кеңейтуге болады.
«Өзге» мәтін ретінде сол автордың басқа шығармаларын да алуға болады. Өзге мәтін нақты мәтінде әр қилы көрініс береді. Тікелей, үзінді, әңгімелеу, баяндау ретінде алуға болады.
Әдеби реминисценция (еске алу) - автордың жекелеген бейне, мотив, стилистикалық тәсілдерді қолдану нәтижесінде өзге туындыны еске түсіру. Мұның ең күрделісі мәтінге кіріктірілген мәтіннің басты сюжетпен шынайы түрде қатар жүруі. Мәтінге мұндай кірік- тіру тәсілі жазушы Ш. Айтматов шығармаларында байқалады. Қаламгердің басым туын- дыларында негізгі мәтін мен аңыз мәтіні қатар жүреді. Оған дәлел «Ақ кеме», «Боранды бекет», «Жанпида» туындылары. Тіпті аңыз мәтіні идеялық-логикалық тұрғыда жетекші мәнге ие болып, психологиялық және философиялық тұрғыда нақты оқиғаны айқындап отырады. «Мәтін ішіндегі мәтін – бұл тек қана автордың эрудициясы немесе тек сыртқы ажарлау емес. Мәтін ішіндегі мәтін негізгі мәтіндегі басым идеяны (доминант) айқындап, жаңа бір ойға, мәтіндегі оқиғаны жаңаша қабылдауға жетелейді [12, 103 б.]. Мәселен, қа- ламгердің «Ақ кеме» хикаятында бұғылар туралы аңыз тек мәтінге реңк беріп тұрған жоқ.
Негізгі мәтінге жуық салмақты көтеріп тұр. Себебі, хикаят басталғанда-ақ ертегі ауызға алынады. Негізгі кейіпкер (жеті жасар бала) ертегі мен аңыздың аралығында өседі. Олар – өзі ойдан шығарып алған ертегісі мен атасының бұғы-анаға қатысты ертегі-аңызы. Осы нақты және ойдан шығарылған кеңістік аралығында өсіп, есі кірген бала үшін екеуінің мәні бірдей. Тіпті кейде сол қиялдағы әлемді көбірек аңсайды. Шығарма соңында бала өзі көп іздеп, аңсарына айналған мекенге бет түзейді. Аңыз мәтіні нақты шығарманың сюжетіне кірігіп кеткен.
Қаламгер Ғ. Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейне» шығармасында романтика- лық әуезді тақырыптың ашылуы бірден басталмайтынына көзіміз жетеді. Алайда, ақындық толғаныс, өрнек байқалады. Автор шығармасында қосымша дәйек, белгілермен мәтіннің көркемдік кеңістігін кеңейтіп, астарлы, ишаралы ойларды ұсынып отырады. «Жиырма екі жасында патшаны құлатысып еді. Жиырма үшінде Уақытша үкіметті құлатысты. Енді міне, Колчактың жалаң қылышы желкемізде жарқылдап тұрған кезде қазақ даласының қақ орта- сында қызыл жалау орнатты! Ақын да, батыр да осындай болсын да!» [13, 9 б.]. Автор бұл үш түрлі тарихи оқиғаны айту арқылы ол туралы емес, өзінің бұл шығармасындағы басты идеяны айқындауды мақсат еткен. Себебі, қаламгердің әу баста ерекше назар салып, дәріп- тейтіні ақын болмысы, ақындық («Жас ақынның атағын көтеріп әкеткен осы оқиғалар екені
29
№4 (129)/2019
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия ФИЛОЛОГИЯ - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
рас. Ақын өлеңдеріндегі асқақ теңеулерді байырғы ел қаз-қалпында ұғынады. Дауыл ...Өрт ...От ішінде қанатын жалын шалмайтын қызыл сұңқарлар, қияға тартқан қырандар» [13, 9]
болмақ. Автордың басты кейіпкері Еркебұлан - ақын, күрескер. Оның болмысы шығармада әр қырынан ашылады. Ақын бірде ел алдында жалынды сөз сөйлеп, елді оятқысы келеді («Ақын уақыты арпалыспен өтіп келеді. Байырғы елге көп нәрсені ұғындыру керек. Ғасы- рлар бойы бұйығып қалған, ұйлығып қалған ойды ояту керек») [13, 10-11 б.]. Туындыдағы барлық сюжет желісі Еркебұланның әрекетін дәйектеп отырады. «Дала халқы, жаңа заман келе жатыр. Ол сенің ауыл арасындағы кер ауыздығыңа пысқырмайды да. Ол келе жатқанда маңдайдан соғып сұлата салар Ақын серінің Құлагері де емес, ол қара жерді солқылдата сілтеп келе жатқан от арба! Қараңғы түнді қақ жарып, жарқырап келе жатқан паравоз!» [13, 14-15 б.].
Сюжет өрби бастаған кезде жолаушылап, ақ отауға түскен Еркебұланның екінші бір қыры ашылады. Енді ол майда қоңыр нәзік үнді әуенді домбырасында шертіп отырады. Әрі тауып айтылған, мысқыл араласқан сөздер автордың ойынан хабар береді. Мәселен, «бірі күрек тістері сояудай ақсиып тұрған, қоян жырық екен». Осы сипаттаудан соң, Ақбаланың аузына «... сонда да сенің аузыңа түсе қоймағанмын, жырылып кеткемін», - деген сөзді салады [13, 25 б.]. Жырық аузыңнан жырылып кеткенмін дегені. Аз ғана реплика, қысқа эпизодтарда шығарманың идеясын көтеріп тұрған салмақ бар.
Көркем мәтіннің жасалу құрылымы ерекше болады. Көркем шығармада берілетін ақпараттың тура және балама мәні көп қырлы. Осыған сәйкес кейде шағын мәтін арқылы кең, терең мәні бар ақпарат берілсе, кейде көлемді мәтін беретін ақпаратты ықшамдап, жи- нақыландыруға болады. Бұл ретте қаламгердің дербес стилінің, шығармашылық болмы- сының мәні ерекше. Бұған «жазушы-оқырман» қатынасы қосымша мүмкіндіктер береді.
Жазушы таңдаған сюжет немесе кейіпкердің әрекетін оқырман мүлдем басқаша қабыл- дауы мүмкін. Осы тұста әдебиеттану ғылымында орнығып, көптеген зерттеулерге нысан болған нарратология проблемасын атап өту орынды. Нарратологияның объектісі баянда- латын туынды екені белгілі. Баяндау теориясында баяндалатын мәтіндегі басты белгі ав- тор мен баяндалатын орта аралығындағы бір дәнекер тұлғаның қатысуы [14, 9 б.]. Сонда баяндалатын жағдаят сол нарратордың қабылдауы арқылы беріледі. «Баяндау» термині
«дескриптивті» («суреттеу») ұғымына қарама-қарсы қойылып, белгілі бір баяндаушының аралық қатысуын емес, берілген материалдың нақты құрылымын білдіреді. Баяндау мәтіні құрылымдық тұрғыдан алғанда бейнеленетін әлемнің темпоральді (уақыттық) құрылым деңгейінде алып, қандай да бір жағдайдың өзгерісін білдіреді. Егер «Кездеспей кеткен бір бейне» хикаятында авторлық баяндау алма-кезек ауысып, бірде автор, бірде кейіпкерлер арқылы жүргізіліп, уақыт жағынан шапшаң өтпесе, бұл ұзақ туынды болар еді. Туындының («Жыл бойы есінен бір кетпеген арманының аты Ақлима екен. Түрме терезесінің алдынан екі күнде бір өтетін жас қыз сол Ақлима болды ма екен, басқа ма? Қара атқа жайдақ мінген біреу қызды қайырып әкетіп еді-ау? Сол болғанда не... болмағанда не... От орнында күл...
Ақлима ақын үшін қызығып жүрген қызы емес, көркемдік бейнесі еді»). Аз ғана уақыт ішінде кездескен, кейін арман бейнеге айналған Ақлиманың тағдыры ақынның жүрегіне ерекше сезім орнықтырды. Тіпті Ақбаланың өзі екі рет көрген Еркебұлан бейнесіндегі өз- геріске куә («Әлдеқандай жаңғырықтар жалғасып, Ақбаланың көз алдына сол қоштасудың елесі келді. Апырау, осы көздер, тап осылай бір қоштасқаны бар еді-ау, менімен... Қашан еді? Былтыр ма?.. Қой, ол болмас... Ол жиырма төрттегі жас ақын болатын.») [13, 73-74 б.].
Туындыдағы уақыт арасы жақындап, өткен уақыт пен қазіргі мезеттің берілуінде үйлесім айқын байқалады.
Қорытынды. Мәтін – барша гуманитарлық-филологиялық ойлаудың көрінісі.
Мәтін ой мен танымның, сезім мен эмоциялық күйдің шынайы да тікелей көрінуі. Мәтін – аяқталған, жүйелі тілдік шығармашылық туынды. Әрі мәтін лексикалық, грамматикалық,