ISSN (Print) 2616-678Х ISSN (Online) 2663-1288
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
ХАБАРШЫСЫ
BULLETIN
of L.N. Gumilyov
Eurasian National University
ВЕСТНИК
Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева
ФИЛОЛОГИЯ сериясы Серия ФИЛОЛОГИЯ
PHILOLOGY Series
№1(126)/2019
1995 жылдан бастап шығады Издается с 1995 года
Founded in 1995
Жылына 4 рет шығады Выходит 4 раза в год Published 4 times a year
Астана, 2019
Astana, 2019
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of the L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
Бас редакторы Дихан Қамзабекұлы
филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі (Қазақстан) Бас редактордың орынбасары Шолпан Жарқынбекова
филология ғылымдарының докторы, проф. (Қазақстан) Редакция алқасы
Аскер оғлы Рамиз Ф.ғ.д., проф. (Әзербайжан) Ақматалиев Абдылдажан Ф.ғ.д., проф. (Қырғызстан) Бахтикиреева Улданай Ф.ғ.д., проф. (Ресей) Беженару Людмила Ф.ғ.д. проф. (Румыния) Бейсембаева Жанаргүл Ф.ғ.к., (Қазақстан) Біжкенова Айгүл Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Жақыпов Жантас Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Журавлева Евгения Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан)
Жаң Динжиң PhD, проф. (Қытай)
Ескеева Мағрипа Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Ержласун Гүлжанат PhD, ассоц. проф. (Түркия) Қасқабасов Сейіт Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Негимов Серік Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Нұрғали Қадиша Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Нуриева Фануза Ф.ғ.д., проф. (РФ, Татарстан)
Райхл Карл Ф.ғ.д., проф. (Германия)
Рахманов Носимхан Ф.ғ.д., проф. (Өзбекстан) Риверс Уильям Патрик PhD, проф. (АҚШ) Сәтенова Серікгүл Ф.ғ.д. проф. (Қазақстан) Султанов Казбек Ф.ғ.д., проф. (Ресей) Тәжібаева Сәуле Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан)
Хисамитдинова Фирдаус Ф.ғ.д., проф. (РФ, Башқұртстан) Чернявская Валерия Ф.ғ.д., проф. (Ресей)
Шәріп Амантай Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Шәріпова Гүлбану Ф.ғ.к., доцент м.а. (Қазақстан)
Экиджи Метин PhD, проф. (Түркия)
Янковский Генрих PhD, проф. (Польша)
Редакцияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Астана қ., Қ.Сәтбаев к-сі, 2, 408 б.
Тел.: +7(7172) 709-500 (ішкі 31-413) E-mail: [email protected]
Жауапты редактор, компьютерде беттеген: Ілияс Құрманғалиев
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы Меншіктенуші: ҚР БжҒМ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 27.03.2018 ж. №16996-Ж тіркеу куәлігімен тіркелген.
Мерзімділігі: жылына 4 рет.
Тиражы: 35 дана
Типографияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Астана қ., Қажымұқан к-сі ,12/1, тел.: +7(7172)709-500 (ішкі 31413)
© Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Editor-in-Chief Dihan Kamzabekuly
Doctor of philology, аcademician of NAS RK (Kazakhstan) Deputy Editor-in-Chief Zharkynbekova Sholpan
Doctor of philology, Рrof. (Kazakhstan) Editorial board
Asker ogly Ramiz Doctor of philology, Рrof. (Azerbaidzhan) Akmataliyev Аbdildajan Doctor of philology, Рrof. (Kyrgyzstan) Bakhtikireeva Uldanai Doctor of philology, Рrof (Russia) Beisembayeva Zhanargul Can. of philology, (Кazakhstan) Bezhenaru Lyudmila Doctor of philology, Рrof (Romania) Bizhkenova Аigul Doctor of philology, Рrof. (Кazakhstan) Chernyavskaya Valeriya Doctor of philology, Рrof. (Russia) Еrzhiasun Güljanat PhD, assos. Prof (Turkey)
Yeskeyeva Мagripa Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Henryk Jankowski PhD, Prof. (Poland)
Kaskabassov Seit Doctor of philology, Prof (Кazakhstan) Khisamitdinova Firdaus Doctor of philology, Prof. (RF, Bashkortostan)
Metin Ekiji PhD, Prof. (Тurkey)
Negimov Serik Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Nurgali Kadisha Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Nurieva Fanuza Doctor of philology, Prof. (RF, Tatarstan) Reichl Karl Doctor of philology, Prof. (Germany) Rakhmanov Nasimhon Doctor of philology, Prof. (Uzbekistan) Rivers William Patrick PhD, Prof. (USA)
Satenova Serikkul Doctor of philology, Prof (Kazakhstan) Sultanov Кazbek Doctor of philology, Prof. (Russia) Sharip Аmantay Doctor of philology, Prof. (Kazakhstan) Sharipova Gulbanu Can. of philology, assos. Prof. (Kazakhstan) Tazhybayeva Saule Doctor of philology, Prof. (Kazakhstan) Zhakypov Zhantas Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Zhang Dingjing PhD, Prof. (China)
Zhuravleva Yevgeniya Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Editorial address: 2, Satвayev str., of. 408, Astana, Kazakhstan, 010008
Теl.: +7(7172) 709-500 (ext. 31-413) E-mail: [email protected]
Executive editor, computer layout: Іlyas Kurmangalyev Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University PHILOLOGY Series
Owner: Republican State Enterprise in the capacity of economic conduct «L.N.Gumilyov Eurasian National University» Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan
Registered by Ministry of Іnformation and Сommunication of the Republic of Kazakhstan. Registration certificate No 16996-Ж from 27.03.2018
Periodicity: 4 times a year Circulation: 35 copies
Address of printing house: 12/1 Kazhimukan str., Astana, Kazakhstan 010008; tel.: +7(7172) 709-500 (ext.31413)
© L.N. Gumilyov Eurasian National University
Главный редактор Дихан Камзабекулы
доктор филологических наук, академик НАН РК (Казахстан) Зам. главного редактора Шолпан Жаркынбекова
доктор филологических наук, проф. (Казахстан) Редакционная коллегия
Аскероглы Рамиз д.ф.н., проф. (Азербайджан) Акматалиев Абдылдажан д.ф.н., проф. (Киргизстан) Бахтикиреева Улданай д.ф.н., проф. (Россия) Беженару Людмила д.ф.н., проф. (Румыния) Бейсембаева Жанаргуль к.ф.н., (Казахстан) Бижкенова Айгуль д.ф.н., проф. (Казахстан) Жакыпов Жантас д.ф.н., проф. (Казахстан) Жан Динжин PhD, проф. (Китай) Журавлева Евгения д.ф.н., проф. (Казахстан) Ескеева Магрипа д.ф.н., проф. (Казахстан) Ержласун Гульжанат PhD, ассоц. проф. (Турция) Каскабасов Сейит д.ф.н., проф. (Казахстан) Негимов Серик д.ф.н., проф. (Казахстан) Нургали Кадиша д.ф.н., проф. (Казахстан) Нуриева Фануза д.ф.н., проф. (РФ, Татарстан) Райхл Карл д.ф.н., проф. (Германия) Рахманов Насимхон д.ф.н., проф. (Узбекистан) Риверс Уильям Патрик PhD, проф. (США)
Сатенова Серикгуль д.ф.н., проф. (Казахстан) Султанов Казбек д.ф.н., проф. (Россия) Тажибаева Сауле д.ф.н., проф. (Казахстан)
Хисамитдинова Фирдаус д.ф.н., проф. (РФ, Башкортостан) Чернявская Валерия д.ф.н., проф. (Россия)
Шарип Амантай д.ф.н., проф. (Казахстан) Шарипова Гульбану к.ф.н., и.о. доцент (Казахстан) Экиджи Метин PhD, проф. (Турция)
Янковский Хенрих PhD, проф. (Польша)
Адрес редакции: 010008, Казахстан, г. Астана, ул. К.Сатбаева, 2, каб. 408 Тел.:+7(7172) 709-500 (вн. 31-413)
E-mail: [email protected]
Ответственный редактор, компьютерная верстка: Ильяс Курмангалиев
Вестник Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия ФИЛОЛОГИЯ Собственник: РГП на ПХВ «Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева» МОН РК Зарегистрирован Министерством информации и коммуникаций РК под номером №16996-Ж от 27.03.2018г.
Периодичность: 4 раза в год Тираж: 35 экземпляров
Адрес типографии: 010008, Казахстан, г. Астана, ул. Кажимукана, 12/1, тел.: +7(7172)709-500 (вн.31413)
© Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева
Мазмұны
Фольклор және әдебиеттану
Аймұхамбет Ж.Ә., Қараханқызы Ұ. Метамәтін құрылымындағы мифтік символика ... 8 Айтуғанова С.Ш., Дәулетова А.А. Дала патшайымдары туралы аңыз бен ақиқат ... 16 Аққұлы С. Алаш мемлекеттік армиясының құрылуы хақында ... 24 Доскеева Ш.А. Ә.Нұршайықовтың эпистолярлық мұрасы ... 39 Дәуітова Г.Р., Сұлтан Е., Мейрамбекова Л.К. Көне эпостағы мифтік кейіпкерлер ... 46 Еслям А.Б., Алпысбаев Қ.Қ. З.Ахметов зерттеуіндегі Абайдың шығармашылық мұрасы ... 54 Жүсіпов Н.Қ., Ибраева А.Т. Бекмұрат Уақатов зерттеулеріндегі халық өлеңдерінің жанрлық жіктелуі ... 61 Қасқабасов С.А. Томирис – «Мәңгілік ел» идеясының символы ... 69 Кемеңгер Қ.Р., Ділдә Ж.Р. M.Mырзахметұлы Бауыржан Момышұлы жайында .... 77 Өскен Ә.М., Қамзабекұлы Д. Алаштану: текстологиялық жауапкершілік туралы (Ә.Н. Бөкейханның «Жаңа мектеп» журналында жарияланған мақалалары) ... 84 Садықова Р.Т. Халел Ғаббасов: өмір мен өріс мектептері ... 94 Химмат Сайед Әли әш-Шазли Орыс әйелдерінің қайғылы тағдыры – орыс адамы- ның дара тұлғасы (Е.Чижованың «Әйелдер уақыты» романы негізінде) ... 104
Лингвистика
Әбдуәлиұлы Б., Көшкінбай Д. Қазақ лексикасындағы құқықтық ақпараттарды зерттеудің жалпы мәселелері ... 120 Әубәкір С.С., Біжкенова А.Е. Поэтикалық дискурстың ерекшеліктері ... 127 Досжан Р.А. Тарихи түбірлердің сөзжасамдық қабілеті ... 135 Акжигитова А., Елегенова М., Жанзакова А. Қазақстанның лингвистикалық ланд- шафтындағы көптілділік белгілері (Астана қаласы негізінде) ... 142 Сарсикеева Г.К., Байоразова Ж.К. Абайдың 38-інші сөзін орыс және ағылшын тілдеріне аудару: салыстырмалы анализ ... 150 Сейидова С. Әзірбайжан, ағылшын және орыс тілдеріндегі «Жас» концептісі және оның идиоматикалық өкілдігі ... 157 Сыздықова Г.О., Шолақова А.К. «Ер Төстік» ертегісінің лингвосемиотикалық аспектісі ... 165
Тіл мен әдебиетті оқыту әдістемесі
Баекеева А.Т., Тәжібаева С.Ж. Тау-кен саласындағы халықаралық терминдерді аудару ... 173 Ниязова А. Е., Мукатова М.Н. Көптілді ортада шет тілінде сөйлеудің мульти- лингвалды әрекетін қалыптастыру ... 183 Смағұлова А., Мұхаметқалиева Г., Балтабаева Г. Сөздерді құрылымдық ұйымдас- тыру (ағылшын және қазақ тілдеріндегі «мұнай газы» термині) ... 191
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of the L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
Contents
Folklore and Literary Studies
Aimukhambet Zh.A., Karakhankyzy U. Mythical symbolism in the structure of
metatext ... 8
Aituganova S.Sh., Dauletova A.A. The legend and truth about the steppe queens ... 16
Akkuly S. About the creation of the Alash state army ... 24
Doskeyeva Sh.A. A.Nurshaikhov’s contribution to the epistolary genre ... 39
Dautova G., Sultan Y., Meirambekova L.K. Mythical characters in the archaic epos ... 46
Yeslyam A.B., Alpysbayev K.K. Abai’s heritage in Z. Akhmetov’s research ... 54
Jysipov N.K., Ibrayeva A.T. Genre classification of folk poems in Bekmurat Uakatov’s researches ... 61
Kaskabasov S.A. Tomiris - Symbol of the Concept of «Mәңгілік ел» ... 69
Kemenger К.R., Dilda Zh.R. M. Myrzakhmetuly is about Baurzhan Momyshuly ... 77
Osken A.M., Kamzabekuly D. Alash studies: on textual responsibility (Articles by A.N. Bokeykhan, published in «Zhana mektep») journal ... 84
Sadykova R.T. Khalel Gabbasov: School of life and development ... 94
Himmat Sayed Ali ash-Shazli The Tragic Fate of the Russian Women and the Symbol of the Russians Identity (According to the Novel by E. Chizhova «Time of Women») ... 104
Linguistics
Abdualiuly B., Koshkinbay D.S. General problems of studying legal information in Kazakh lexicon ... 120Aubakir S.S., Bizhkenova A.Ye. Features of Poetic Discourse ... 127
Doszhan R.А. Word-building ability of historical roots ... 135
Akzhigitova A., Yelegenova M., Zhanzakova A. Multilingual signs in the linguistic landscape of Kazakhstan (the case of Astana) ... 142
Sarsikeуeva G.K., Baiorazova Zh.K. Translation of Abay,s 38th word info Russian and English: comparative analysis ... 150
Seyidova S. The concept of “Age” and its idiomatic representation in the Azerbaijani, English and Russian languages ... 157
Syzdykova G.O., Sholakova A.K. Linguosemiotic Aspect of Fairy Tales ... 165
Methods of teaching language and literature
Bayekeyeva A.T., Tazhibayeva S.Zh. Translating International Terms for Mining Industry ... 173Niyazovа A. E., Mukatova M.N. Formation of foreign language speech activity in a multilingual environment ... 183
Smagulova A., Mukhametkaliyeva G., Baltabayeva G. Structural organization of words («Oil gas» term in English and Kazakh) ... 191
Содержание
Фольклор и литературоведение
Аймухамбет Ж.А., Караханкызы У. Мифическая символика в структуре
метатекста ... 8
Айтуганова С.Ш., Даулетова А.А. Легенда и правда о степных королевах ... 16
Аккулы С. О создании Алашской государственной армии ... 24
Доскеева Ш.А. Эпистолярное наследие А. Нуршаихова ... 39
Даутова Г.Р., Султан Е., Мейрамбекова Л.К. Мифические персонажи в архаическом эпосе ... 46
Еслям А.Б., Алпысбаев К.К. Творческое наследие Абая в исследованиях З.Ахметова ... 54
Жусипов Н.К., Ибраева А.Т. Жанровая классификация народных стихов в исследованиях Бекмурата Уакатова ... 61
Каскабасов С.А. Томирис – символ вечной идеи «Мәңгілік ел» ... 69
Кеменгер К.Р., Дильда Ж.Р. М. Мырзахметулы о Бауржане Момышулы ... 77
Оскен А.М., Камзабекулы Д. Алашоведение: о текстологической ответствен- ности (Статьи А.Н.Бокейхана, опубликованные в журнале «Жана мектеп») ... 84
Садыкова Р.Т. Халел Габбасов: Школа жизни и развития ... 94
Химмат Сайед Али аш-Шазли Трагическая судьба русских женщин – символ иден- тичности русского человека (по роману Е.Чижовой «Время женщин») ... 104
Лингвистика
Абдуалиулы Б., Kошкинбай Д. Общие проблемы изучения правовой информации в казахской лексике ... 120Аубакир С.С., Бижкенова А.Е. Особенности поэтического дискурса ... 127
Досжан Р.A. Словообразовательные важности исторических корней ... 135
Акжигитова А., Елегенова М., Жанзакова А. Многоязычные знаки в языковом ландшафте Казахстана (на примере Астаны) ... 142
Сарсикеева Г.К., Байоразова Ж.К. Перевод 38-го слова Абая на русский и английский языки: сравнительная анализ ... 150
Сейидова С. Концепт «Возраст» и его идиоматическое представление на азер- байджанском, английским и русских языках ... 157
Сыздыкова Г.О., Шолакова А.К. Лингвосемиотический аспект волшебных сказок ... 165
Методика преподавания языка и литературы
Баекеева А.Т., Тажибаева С.Ж. Перевод интернациональных терминов горно- рудной промышленности ... 173Ниязова А.Е., Мукатова М.Н. Формирование иноязычной речевой деятельности в мультилингвальной среде ... 183
Смагулова А., Мухаметкалиева Г., Балтабаева Г. Структурная организация слов (термин «нефтяной газ» в английском и казахском языках) ... 191
69
№1 (126)/2019
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
ҒТАМР 17.09.09
С.А. Қасқабасов
Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының қазақ халқының батырлық-эпикалық жыр-аңыздауларында көркем бейнеленуі» тақырыбындағы ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру жобасы бойынша орындалды (келісімшарт №132, 12 наурыз, 2018 жыл)
Томирис - «Мәңгілік ел» идеясының символы
Аңдатпа. Мақалада түркі дәуіріне дейінгі қаһармандық аңыздаулар қатарындағы Томирис патшайым туралы аңыздарға тарихи жазбалар және көркем туындылармен салыстырмалы талдау- лар жасалады. Томирис туралы аңыздаулар он екі мотивке жіктеліп, сол мотивтер бойынша тұжы- рымдар жасалады. Сондай-ақ Геродоттың «Тарих» еңбегіндегі жазбалардың тарихи мәні сарала- нады. Томирис патшайымның елдікті сақтау жолындағы күресі, ерлік істері, ел билеуші ретіндегі тұлғасы – аңыздың негізгі өзегі екендігі көрсетіледі. Елдік пен ерліктің тамаша үлгісі ретінде ел жадында мәңгілік сақталған қаһармандардың істері аңыз арқылы дәріптелгені түсіндіріледі. Та- рихи оқиға мен аңыздар негізінде түзілген әйгілі тарихшы еңбегіндегі мәліметтер кейінгі, қазіргі заман зерттеушілері мен қаламгерлерінің еңбектеріне қайнар көз болғандығы айтылады. Томирис патшайымның елдік жолындағы ерлігі «Мәңгілік Ел» идеясының бағытында түсіндіріліп, тұжы- рымдалады.
Түйін сөздер: Геродот, антика, тарих, мотив, Томирис, сақ, фольклор, ерлік.
DOI: https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-126-1-69-76 Кіріспе. Өзінің атақты «Тарих» кітабын жазу барысында Геродот көп жерді ара- лаған, көптеген адамдармен кездескен. Дұрысын айтқанда, ол осы кітабында, негізінен, антика заманындағы гректер мен парсылардың арасында болған қисапсыз соғыстарды, тарихи оқиғаларды баяндайды, сол шақтағы патшалар мен қолбасшылардың өмірін, сон- дай-ақ шайқасып жүрген елдердің салт-дәстүрін, тұрмыс-тіршілігін әңгімелейді. Ол өзінен бұрын өмір сүрген қайраткерлерді, олардың адами, әскери, саяси харекеттерін, бір-бірімен ара-қатынастарын сипаттайды. Ғұмырында жеті рет саяхат жасаған Геродот тарихи де- ректермен ғана шектелмейді: ол өзіне жолыққан адамдардан да, тіпті кейбір соғыстарға қатысқан ардагерлерден де естелік-әңгімелер жазып алады. Сондай әңгімелердің ішінде шындыққа негізделген аңыздар мен қиял араласқан әпсана-хикаялар мен хикаяттар да ұшырасады. Осы типтес ауызекі әңгімелердің арасында Томирис патшайым жайында та- маша аңыз бар. Жай ғана аңыз емес. Ол тарихи оқиғаға құрылған, өмірде болған даңқты адамдардың мінез-құлқын, іс-қимылын, соғысу амалдарын шындықтан ауытқымай бей- нелейтін нағыз тарихи аңыз түріндегі шығарма. Бұл шығарманың тағы бір айрықша ерек- шелігі – парсылардың әдеттегі гректермен соғысы емес, парсылардың Ұлы Даланы мекен- дейтін массагет-сақтармен соғысын әңгімелеуі. Бұл оқиға біздің дәуірімізге дейінгі 530-529 жылдары болған. Осы жағдай аңызда нақты көрсетіліп, соғыстың қалай басталып, қалай жүргені, қалай аяқталғаны кеңінен айтылады.
Егер Геродоттың өмір сүрген уақыты біздің дәуірімізден бұрынғы 484 жыл мен 425 жылдар аралығын қамтитынын ескерсек, онда Геродот бұл аңызды жазып алған шақта әлгі соғысқа қатысқан ардагерлермен кездесуі де мүмкін, өйткені соғыстың аяқталғанына 100 жылдай ғана мезгіл өткен. Олай болса бұл аңыз ақиқатқа өте жақын деуге болады.
Мәселенің зерттелуі. Томирис пен Кирдің шайқасы туралы жазылған еңбектер баршылық. Шетелді былай қойғанда, қазақ авторлары да біршама тер төкті бұл тақырыпқа.
Мәселен, жазушы Болат Жандарбековті, зерттеушілер Немат Келімбетовті, Алма Қырау-
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
70
№1 (126)/2019
баеваны, Тұрсын Жұртбаевты атауға болады. Олар аңызды әр мақсатта қарастырған. Бірі аңыз сюжетіне повесть жазған (Б.Жандарбеков), бірі аңызды қазақ әдебиетінің бастаулары- на жатқызады (Н.Келімбетов, А.Қыраубаева), енді бірі аңызды тарихи дерек деп пайдала- нады (Т.Жұртбаев).
Біздің мақсатымыз – аңыздың сюжетін герменевтика тәсілімен талдап, оның ішкі құрылымын ашып, кейіпкерлер бейнесінің, олардың іс-әрекеттерінің қандай көркемдікпен суреттелетінін айқындау, сол арқылы «Мәңгілік ел» идеясының қалай және қандай әдістер- мен паш етілетінін зерттеу.
Мәселенің өзектілігі. Геродот жазбасындағы сюжет бірнеше мотивтен тұрады.
Бірінші мотив: Кир патшаның Томириске «құда түсу» үшін елші жіберуі. Бұл – жалпы фольклорда, дәлірек айтқанда, батырлық жырларда, кейбір дастандарда, батырлық ерте- гілерде бүкіл сюжеттің бастамасы ретінде берілетін батырдың үйлену үшін өзіне жар іздеу мотиві, яғни барлық елдің эпосында кездесетін «үйлену» мотиві. Әдетте, болашақ батыр, яки патша (хан, сұлтан, т.б.) үйлену мақсатымен қыз іздеп, үйінен, елінен жыраққа сапар шегеді (осыдан әрі қарайғы оқиғаның бәрі онымен байланысты болады).
Геродот жазбасында бұл мотив басқаша сипатта көрінеді. Кир үйінен қыз іздеп шықпайды. Ол үйлену үшін емес, жаулап алу ниетімен құдалыққа елші жұмсайды. Міне, бұл «құдалық» бүкіл сюжеттің бастамасы болып оқиғалардың баяндалуына жол ашады.
Екінші мотив: Геродот жазбасында Кирдің «құда түсуі» сәтсіз аяқталады.
Шамданған ол «қалыңдықты», оның елін күшпен алмақ болады. Сөйтіп ол соғыспақ үшін нақты әрекетке көшеді. Аракс өзенінен өту үшін кемелерді бір-біріне жалғап, көпір салды- ра бастайды.
Әдетте, эпикалық жырларда қалыңдық (яки әкесі) келіспесе, батыр (хан, әмірші) қы- здың елін шауып, қалыңдықты мәжбүрлеп, немесе күшпен тартып әкетеді. Бірақ батырдың соғысқа дайындығы тәптіштеп айтылмайды. Ал, Геродот кітабындағы Кир патша соғысқа жақсылап дайындалады, кеңес құрады.
Үшінші мотив: Геродот жазбасындағы бұл мотив – жаңа. Жалпы, халықтық дәстүр- дегі эпостарда келісім бермеген қызды, оның елін басып алу үшін жасалған нақты істер мен кеңес құрып, ақылдасу деген болмайды. (Рас, ондай жағдай «түс көру» мен «түс жору» мо- тивтерінде кездеседі). Бұл жағдай – біз талдап отырған аңызға белгілі дәрежеде мемлекеттік эпостың әсері болуы мүмкін. Геродот жазып алған замандағы фольклорлық дәстүр (үдеріс) мемлекеттердің (әсіресе, грек пен парсылардың) бір-біріне қарсы жорықтары қаһармандық фольклордың рулық-тайпалық сипаттан асып, мемлекеттік тұрпатта көрініп, дамығаны бел- гілі. Сол себепті Геродот жазбасында Кир патша өзінің басшыларымен кеңес құрып, ақыл- дасады. Кеңесте қолбасшылардың ойы мен сөзі мемлекет тұрғысынан айтылады.
Төртінші мотив: Патшалардың соғысқа кіруден бұрын бір-біріне елші жіберіп, ойларын айтуы. Геродотта Кир мен Томирис әуелі бір-біріне хабаршы-елші жіберіп, ұрыс шарттарын сөз етеді. Алдымен Томирис өзінің хабаршысын жібереді де, Кирге райыңнан қайт, ал егер бізбен соғысам десең, өзеннен өт. Біз өзеннен үш күндік жерге шегінеміз, ал егер бізді өзеннен өткізсең, сен де солай ет деп кеңес береді.
Осы мотив бойынша ежелгі эпостарда екі батырдың жекпе-жекке түсер алдын- да бір-бірімен сөз салғастырып, әрқайсысы өзінің күш-қуатын айтып, қарсыласына қыр көрсетеді. Содан соң ғана қарумен сайысқа кіріседі. Бұл ру-тайпалық қоғамда орныққан дәстүр болатын, ол фольклорда да көрініс тауып, екі батырдың жекпе-жегі екі ел арасын- дағы келіспеушілікте шешуші рөл атқаратын кей-кейде.
Геродот жазбасында бұл ескі мотив мемлекеттік қоғам кезіндегі дәстүрге сай өз- гертіліп, мемлекеттік дәрежедегі мәселе болып көрсетілген. Кирдің жауап беруі, Томири- стің қайта жауап беруі – осы өзгерістің көрінісі.
71
№1 (126)/2019
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
Бесінші мотив: «Әскери кеңес» мотиві десек болады. Кир патша Томиристің алғашқы сәлемінен кейін өзінің әскербасыларын шақырып, кеңес сұрайды. Бұл кеңесте екі түрлі пікір айтылады. Біріншісі – өзеннен өтпей, Томиристі әскерімен осы жерде қарсы алу. Бүкіл әскербасы қолдайды бұл ойды. Екіншісі – өзеннен өтіп, Томирис жеріне кіріп соғысу. Бұл пікірді Крез айтады. Ол Кирден жеңіліп қалған Мидияның патшасы еді. Кир оған рақымшылық жасап, жанында әскери кеңесші ретінде ұстайтын. Крездің сөзін мақұл көріп, Кир Томириске кейін шегінсін деп хабар береді де, әскерімен бірге өзеннен өтеді.
Бұл мотив ескі эпоста жоқ.
Алтыншы мотив: Кирдің түс көруі. «Түс көру» мотиві барлық халықтың фолькло- рында бар және көбінесе жеңіліс табатын батырдың, яки патшаның түсі болады. Мұнда да солай.
Жетінші мотив: «Түс жору» мотиві. Әдетте, ескі фольклорда түсті басқа адамдар жориды, ал Геродот жазбасында көрген түсін Кирдің өзі жориды. Оның жорығаны – түптің түбінде тура келеді. Аңыздың өзінде «бұл түс арқылы тәңір Кирдің ажалы осы жерде мас- сагеттер елінде болатыны, ал оның патшалығы Дарийге көшетіні туралы ғана аян берген еді» [1, 78] - делінеді.
Сегізінші мотив: Кирдің массагеттер сарбаздарын мас қылып, біразын қырып, қалған бөлігін тұтқынға алуы. Мұндай іс-әрекет ру-тайпалық фольклорда да көрсетіледі.
Эпикалық дәстүр бойынша жорықпен келе жатқан батырды орта жолда дұшпандары ебін тауып, мас қылып, яки ұйықтатып, немесе басқа бір шара қолданып, есеңгіретіп, қол-а- яғын байлап, алып кетеді. Оны не зынданға салады, не болмаса басқа бір шаруаны атқаруға жұмсайды. Геродот кітабындағы аңызда Томиристің ұлы дұшпандардың айласына ілініп, мас боп қалады да, жаудың қолына түседі. Әрине, дәл эпостағыдай емес, бірақ ескі эпостың мотиві сәл өзгеріспен пайдаланылған. Бұл өзгеріс ру-тайпалық эпостағы ситуация мен Ге- родот аңызындағы мемлекеттік ұғымдағы ситуацияның айырмашылығынан туындаған бо- луы мүмкін.
Тоғызыншы мотив: «Батырдың тұтқында болуы». Массагеттердің қолбасшысы Спаргапис өзінің тұтқынға түскенін көріп, өзіне қанжар салып өледі. Бұрынғы ру-тайпалық эпоста да батыр «аңғалдықпен» тұтқынға түседі, бірақ ол өзіне қол жұмсамайды, әртүрлі көмекшілердің жәрдемімен тұтқыннан босап шығып, өзінің қаһармандық істерін жүзеге асырады.
Оныншы мотив: «Кек алу» мотиві. Әдетте, ескі эпоста тұтқыннан шыққан батыр жаудан кегін қайтару үшін тағы да жорыққа шығады. Мұндай іс-әрекетке Томирис де бара- ды. Өз әскерінің, әсіресе баласының алдауға түсіп, мерт болғанын білген соң Томирис бүкіл әскерін жиып, Кирдің әскеріне өзі шабуыл жасайды.
Он бірінші мотив: «Қарсыластардың шайқасы». Геродот аңызында шайқас біршама нақты көрсетіледі. Мұнда екі жақтың да әскері белгілі бір дәрежеде арнайы дайындықтан өткен сарбаздардан тұрады. Олар соғыс ережесіне сәйкес ұрысады, қаруларын рет-ретімен қолданады, бір тәртіппен шайқасады. Дәлірек айтқанда, «дұшпандар алдымен бір-біріне қарсы тұрып, садақпен атысқан. Сосын садақ оқтары таусылған соң, олар қоян-қолтық ұрысқа көшіп, қанжармен, найзамен соғысқан» - деп жазады Геродот [1, 80 б.].
Соғысудың мұндай әдісі мемлекетте тұрақты әскер болғанын, олар соғыс тәсілдері мен ретін жақсы меңгергенін, сөйтіп, өлмей, беріспейтін жауынгерлер дайындалғанын көр- сетеді. Ал, ежелгі эпоста шайқас бұлай жүрмейді.
Он екінші мотив: «Жеңілген жауды жазалау». Бұрынғы ру-тайпалық жырда жеңіл- ген дұшпанды жазалау, көбінесе, жеңілген батырды, яки ханды өлтіру болып көрінеді.
Бұған қоса жеңілген жауды қорлап өлтіру де кездеседі, оның «құлағын кесіп құнтитып, мұрнын кесіп шұнтитып» жазалау да бар. Рас, бұлай жазалау, әдетте, зұлымдыққа барған, зорлық-зомбылық істеген, сатқындық жасаған адамға қолданылған.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
72
№1 (126)/2019
Томирис осы әдісті қолданған. Ол шапқыншылықпен келіп, залымдықпен Спарга- писті өлтірген, әскерінің үштен бір бөлігін қырған. Кирді қанішер деп атап, оның басын қанға толы меске салып, жазалайды.
Осылайша, Шығыстағы Вавилон, Бактрия сияқты ірі мемлекеттерді бағындырып, 29 жыл патшалық құрған Кир біздің дәуірімзге дейінгі жыл санауы бойынша 529 жылы массагет-сақтардың сайын даласында масқара болып, атаусыз қалады. Сондықтан, оның
«өлімі туралы көптеген аңыз-әңгімелердің ішіндегі ең дұрысы, менің ойымша, – осы си- яқты» [1, 80 б.], – деп күмәндана жазады Геродот.
Мәселенің талдамасы. Сонымен, біз бұл аңыздың жанрлық белгілері мен сюжеттік желісін қарастырдық, оның фольклорлық шығарма, дәлірек айтсақ, тарихи аңыз екенін және осы жанрға тән ерекшеліктері бар екенін, атап айтқанда: белгілі бір нақты тарихи фактіге негізделетінін, басты кейіпкерлер тарихи тұлғалар болатынын, нақты мезгіл мен мекендер аталатынын және мұндай шығарма, бір жағынан, фольклортану процесінен өтетінін, екін- ші жағынан, осы үдеріс кезінде сюжет эпикалық сипат ала бастайтынын, т.б. анықтадық.
Ал, сюжеттік құрамы жағынан бұл аңыз, көбінесе, эпосқа тән мотивтерден тұрады және мотивтердің кейбірі фольклордың стадиялық даму сатысына сәйкес мемлекеттік эпостың да белгілерін желіге сіңірген.
Көркем фольклордың үлгісі болғандықтан, бұл аңызда сөз өнеріне тән кейіпкер- лер жүйесі бар, олардың өзара қатынасы мен іс-әрекеттері бар. Әсіресе, мән беріп айта- тын нәрсе – бүкіл сюжет бас кейіпкерлердің тартысына және контрастқа құрылған. Тартыс (конфликт) Томирис пен Кирдің арасында өрбиді, соған сәйкес екеуінің болмысы, ойы мен сезімдері, істеген іс-әрекеттері де контрасты, қарама-қайшы түрде көрсетіледі. Бұл ғана емес, екі патшаның елдері де, өмір салты да, мекендері мен тұрақтары да бір-біріне қара- ма-қайшы, олардың әлеуметтік ұйымдары, яғни құрылымдары да контрасты, тіпті екі пат- шаның жыныстары екі түрлі. Мәселен, Томирис – сұлу әйел, Кир – айбынды еркек, Томи- ристің елі – далалық, Кирдің елі – қалалық, Томиристің қауымы – ру-тайпалық, ал Кирдің қоғамы – құл иеленуші мемлекет, Томирис – өз елін, жерін қорғаушы, Кир – басқыншы, шапқыншы... Осындай антитеза бүкіл аңыздың мазмұнын құрайды. Контрастық сипат тіпті батырлардың өлімінде де байқалады. Айталық, Спаргапистің өлімі мен Кирдің өлімі екі басқа. Біреуі – өз Отанын қорғау жолында, екіншісі басқыншылық шайқаста ажал құшады.
Жалпы, осы аңыздағы конфликт екі түрлі әлемнің, екі түрлі мәдениеттің, яғни дала мен қаланың, ру-тайпалық қоғам мен мемлекеттік құрылымның күресі сияқты көрінеді.
Он екі мотивтен тұратын сюжет өзінің көптеген компоненттері бойынша эпикалық жырдың табиғатына сай. Әсіресе, ондағы екі бас қаһарман мен олардың істері һәм екі қолдың шайқасы, - бәрі батырлық мәндегі тарихи жырдың айқын белгілері. Ал, енді осы аңыздың басты қаһармандары – кімдер деген сауалға жауап ізделік. Мұнда бірнеше тұлға көрінеді: Томирис, Кир, Крез, Камбис, Гистасп, Дарий. Бұлардың бәрі – тарихи қайраткер- лер, дұрысында – патшалар, ел басқарушылар. Біз олардың бәрін емес, тек Томирис пен Кирдің бейнелерін талдаймыз.
Кир туралы Геродоттың кітабында көп ақпарат беріледі. Оның қалай өмірге келгені, үйленгені, таққа отырғаны туралы, оның қанша елге жорыққа шыққаны, қандай елдерді бағындырғаны жөнінде дерек мол. Тіпті, оның қай мемлекетті қай жылы жаулап алғаны жай- ында да мағлұмат бар. Бұларға қоса Кир патшаның адами болмысы да ашылып көрсетіледі.
Ол жай ғана шапқыншы емес, ақылды да айбарлы, айлалы да тәжірбиелі, ержүрек те ойлы басшы ретінде, әр қырынан бейнеленеді. Ол әр жорығын күні бұрын ойластырып, алдын-ала дайындық жасап кіріседі. Сақтар еліне жорыққа шықпас бұрын Бабылды (Вавилонды), Бак- трияны бағындырып алады. Содан соң Египетті алу керек, бірақ одан бұрын сақ-массагет- терді бағындыру қажет деп табады. Енді ол Томиристің жесір қалғанын біліп, оған үйлену керек, сөйтіп сақ мемлекетіне ие болуды ойластырады да, Томириске «құда түседі».
73
№1 (126)/2019
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
Кир – өте тәжірибелі, соғыс өнерінің тактикасын жақсы білетін қолбасшы. Ол бір- ден шабуылға шақпайды. Томиристің сөзінен кейін ол ойланады, әскери кеңес өткізеді, кеңесте алғашқы ойынан айнып, Крездің пікірін дұрыс деп табады. Мұнда ол, қажет болса, өз шешімінен айнып, басқа адамның да сөзін тыңдай білетін, ұтымды жолды іздей білетін басшы ретінде көрінеді.
Міне, бұл аңызда үлкен мемлекеттің патшасына қажетті осындай қасиеттермен бір- ге Кирдің басқа да мінездері айшықталады. Ол – өзімшіл, тәкаппар, мақтаншақ, өзіне өте сенімді және өзін ерекше жаралған жанмын деп санайтын адам, сондықтан ол өзін өлмей- тін кісімін деп, шайқасқа кіреді, сонда өледі, ал оның өз басы қалай шайқасқаны, қалай мерт болғаны айтылмайды.
Томирис тұлғасының тарихилығы. Ал, Томирис кім? Оның ата-анасы кім болған?
Арудың балалық шағы қалай өткен? Ол таққа қалай отырған?...т.т. Сауал жетерлік. Жауап- тар табыла ма? Оны қалай табуға болады? Іздеу керек... Томирис жайында дерек өте тапшы.
Геродоттың кітабында осы аңыздан басқа еш жерде Томирис туралы әңгіме жоқ. Оның есімі В.Янның шығармаларында құр аталады. Томирис патшайым жөнінде қазақ авторла- ры да қалам тербеді. А.Қыраубаева, Н.Келімбетов, Т.Жұртбай т.б. еңбектерінде Томирис туралы осы аңыз қарастырылады. Алайда, олар да Томиристің тегі мен жастық шағы тура- лы ешқандай мәлімет бермейді. Мұндай мәліметтерді марқұм Болат Құрманбекұлы Жан- дарбековтің «Томирис» атты тарихи повесінен табуға болады [2, Б. 4-6]. Әрине, көркем шығарма болған соң, мұнда да белгілі бір дәрежеде шарттылық бар, алайда бұл жағдай бізді шошытпауға тиіс, өйткені повестің авторы өз шығармасын «тарихи повесть» деп атаған.
Демек, ол өзіне үлкен жауапкершілік алған да, қажетті тарихи деректер мен жылнамаларға аңыз бен әфсаналарға, тағы басқа әдебиетке сүйенген, олардан өзіне керек мағлұматтар алған, оларды зерделеген, ой елегінен өткізген, таңдап, іріктеп пайдаланған. Олай болса, жазушы шындықтан тым алшақтамаған деп ойлаймыз. Бұл ойымызды құптайтын мына бір жәйттерді де ескеру керек сияқты. Болат Жандарбеков өз шығармасына негіз етіп, Геродот жазбасындағы аңыздың сюжетін алған да, көркем сөз өнерінің тәсілдерін пайдаланған, сөй- тіп Томирис патшаймның ата-тегі, анасы, әсіресе, әкесі жөнінде кең әңгімелеген. Автор бұл жолда батырлар жырының сюжеттік композициясына сүйенген. Әлбетте, көркем шығарма болған соң, бұл повесте болуы ықтимал деген жағдайлар да ойдан қосылған, ондайлардың қатарында Томиристің жастық шағы, тұрмыс құруы, оның таққа отыруы сияқты оқиғалар- ды атауға болады.
Жазушы Б.Жандарбековтің шығармасында Томиристің әкесі – Спаргапис деген адам. Ол сақтар мен массагеттердің басын біріктірген патша. Оның әйелі – Зарина сұлу. Ол қызы Томиристі дүниеге әкелген күні қайтыс болады. Анадан ерте айырылса да Томирис өжет, әрі бұла болып өседі. Томирис бес жасында асау аттың құлағында ойнайды. Алты жасқа толғанда қолына қылыш алып, соғыс өнеріне жаттыға бастайды. Он үш жасқа кел- генде қарудың барлық түрін меңгереді. Ел ішінде одан асқан шебер жоқ. Ол қылышпен де, найзамен де шайқаса алатын, садақтан оң қолымен де, сол қолымен де дәл ататын мерген болады. Ал, бәйгеде әрқашан бірінші болып келетін шабандоз да Томирис.
Спаргапис өзінің қызын әдейі осылай баулиды. Томиристен басқа перзенті жоқ. Сол себепті ол қызын тақ мұрагері болуға дайындайды. Қызы да әкесінің ойын түсініп, барынша оған жақын болады. Томирис өзін болашақ патшайым ретінде ұстап, керек болса кез-кел- ген батырмен шайқасуға дайын жүреді. Мұндай жағдай пайда болып, Томирис биіктен көрі- неді: массагеттер мен тиграхауд сақтардың әскері бірігіп, хаомоварг сақтарға қарсы жорыққа шығуға жиналады. Осы жиын-тойда Томирис өзінің нағыз батыр екенін дәлелдейді. Ол тигра- хауд сақтарының бас батыры Рустаммен жекпе-жекке шығып, соғыс өнерін, қаруды пайдала- на білу жағынан Рустамнан кем түспейді. Тек Рустам батырдың физикалық күшін мойындап, соған тұрмысқа шығады. Әкесі қайтыс болған соң, Томирис таққа отырады [2, Б. 23-25].
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
74
№1 (126)/2019
Болат Жандарбековтің ежелгі аңыз сюжетіне қосқан бұл оқиғалар – кәдімгі баты- рлық жырлар мен аңыздарда жиі кездесетін эпикалық мотивтер. Бұлар осыдан екі жарым мың жыл бұрын хатқа түскен аңыздың сюжетін толықтырып тұр, яғни Геродот жазбасында жоқ мотивтер ойдан қосылып, аңызды мазмұн жағынан байытқан, толыққанды шығармаға айналдырған. Осы мотивтер арқылы біз Томиристің парсы патшасы Кирмен соғысына дей- інгі өмірін біліп, оның соғыс кезеңіндегі іс-әрекеттерінің, сөздері мен мінез-құлқының сы- рларымен ерекшеліктеріне, оның патшалық болмысына қанығамыз.
Томирис – жәй ғана әйел патша емес. Ол өте ақылды, ұстамды әр нәрсені ойланып істейтін басшы. Кирге жолдаған алғашқы сәлемінде-ақ – ол «өз ойыңнан қайт, сен өз мем- лекетіңде патшалық құра бер, ал біз өз елімізде билік еткенімізді қызғанба» [1, 79 б.], – деп, бейбіт өмір сүруді ұсынады. Демек, Томирис соғыс іздеген жиһангер емес, тыныштықты сақтаушы, өз елінің адамдарына жақсылық тілеуші. Ол Кир патшаның құдалыққа кісі жібер- генінің түпкі мақсаты – сақтарды өзіне қарату екенін зеректікпен түсінеді. Кирдің соғыспай қоймайтынын жақсы біледі. Ол соғыстан қорықпайды, тек адам қанының төгілуіне қарсы, сол себепті Кирге екінші рет сәлем жолдап «Енді сен менің жанашырлық ақылымды тыңда:
аман-сауыңда менің жерімнен кет. Егер де сен мұны істемесең, қанша тойымсыз болсаң да, мен сені қанға тойдырам!» – дейді [1, 79 б.]. Осы сөзін ол іс жүзінде де дәлелдейді. Бейбіт- шілікті сақтауға қанша күш салса да озбыр жаумен соғысуға мәжбүр болады. Сөйтіп, «Кир оның ақылын тыңдамағанын білген соң, Томирис бүкіл әскерін түгел жинап, өзі парсы- ларға қарсы шабуыл жасайды. Бұл шайқас, менің білуімше, – деп жазады тарихтың атасы Геродот, – варварлар шайқастарының ішіндегі ең қатыгез шайқас болды. Бұл шайқастың қалай өткені туралы мен мынаны білдім. Естуімше, дұшпандар алдымен бір-біріне қарсы тұрып, алыстан садақпен атысқан. Сосын садақ оқтары таусылған соң, олар қоян-қолтық ұрысқа көшіп, қанжармен, найзамен алысқан. Дұшпандар ұзақ шайқасты, бірақ ешқайсы- сы шегінген жоқ. Ақыр соңында массагеттер жеңіске жетті. Парсы әскері түгелімен дерлік соғыс алаңында қаза болды. Кирдің өзі де ажал құшты. Ол 29 жыл бойы патшалық құрған болатын» [1, 80 б.].
Міне, көп асқанға – бір тосқан. Жарты әлемді жаулап алған Кир патшаның ақыры – осы болды. Жерлеусіз қалды.
Осы жан беріп-жан алысқан шайқасқа Томиристің өзі тікелей қатысты ма, жоқ па?
– ол тағы белгісіз. Ол тікелей қатысуы да мүмкін, өйткені Дала фольклорында шайқасқа қатысқан, тіпті қол бастаған батыр қыздардың бейнесі жиі кездеседі (жазушы Б.Жандар- бековтің повесінде ол әйелдерден құралған жасақтарымен ұрысқа кіріп, жеңіске жетуде шешуші рөл атқарады). Дұрысын айтқанда, мәселе Томиристің тікелей шайқасқа қаты- суы-қатыспауында емес. Мәселе Томиристің өз елін, жерін қорғау үшін барлық мүмкіндікті пайдалануында, бейбіт жолмен отанына, жұртына төнген қауіптен соғыссыз құтқару жол- дарын іздестіруінде. Амалсыздан парсыларға өзі шабуыл жасап, жауды ел ішіне енгізбей, сол өздері тоқтаған шекарада шайқасады, кескілескен соғыста дұшпанын жеңіп, қалың елі мен туған жерін сақтап қалады. Жәй ғана сақтап емес, шекарадан асырмай, парсыларды патшасымен қоса түгел қырып салады. Және қапияда опат болған ұлының кегін қайтара- ды: өліп жатқан парсылардың арасынан Кирдің денесін таптырып, оның басын қан толған меске салуды бұйырады. Содан соң марқұмға қарата былай деді: «Мен сені соғыста жеңіп, тірі қалғаныммен сен ұлымды қулықпен қолға түсіріп, бәрібір мені мертіктірдің. Енді, міне, мен айтқанымдай сені қанға тойдырам» [1, 80 б.].
Осы эпизодта біз Томиристі, бір жағынан, қатал басшы, нағыз батыр, екінші жағынан, баласын қатты сүйетін, өте мейірімді ана бейнесінде көреміз. Ол Кирге жіберген бір сәлемінде «сен улы затқа айналған жүзім шырынның көмегімен зұлымдық жасап, ашық шайқасқа бармай, мерт қылдың менің ұлымды» [1, 80 б.], – деп, Кирдің істегені нағыз ба- тырға лайық мінез емес екенін паш етеді. Сонымен қатар баласынан айырылып, аһ ұрған
75
№1 (126)/2019
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
ананың жағдайын көрсетеді. Оның «мен сені жеңіп, тірі қалғаныммен бәрібір мені мерт- тіктірдің», – деген сөзі Томиристің қаншалықты қан жұтып, қайғырғанын, өзегі өртеніп, күйзелгенін айғақтайды. Осы тұста аңыз, терең болмаса да, екі психологиялық жағдайдан хабар береді. Бірі – баласын жоғалтқан ананың қайғысы болса, екіншісі – қаһарлы жауды жеңген патшайымның қуанышы.
Қорытынды. Н.Келімбетов «Сақтардың жерін парсы әскерінің шапқыншылық әре- кетінен сақтап қалу тақырыбын жыр еткен «Томирис» дастанының сюжеті бізге Геродот- тың «Тарих» атты көптомдық еңбегі арқылы жеткен» деп, әуелде Томирис туралы қаһар- мандық дастаны болған деген болжам жасайды [3, 16 б.].
Геродоттың әйгілі еңбегіндегі Томирис патшайым жайлы оқиғаға өз зерттеулерінде А.Қыраубаева да тоқталып өтеді [4, Б. 10-11].
Томирис туралы аңыз сюжеттері В.Янның [5], Т.Жұртбайдың [6, Б. 177-190] еңбек- терінен де орын алған.
Рас, жеңіс оңайлықпен келген жоқ: қаншама сарбаз опат болды. Бірақ мұндай өлім – ардақты өлім еді, ажал құшқан сарбаздар өз елін, отанын, жерін қорғады, жұртын сақтап қалды. Томирис те мұны түсінеді, сондықтан ол өз әскерінің жеңісіне риза. Отан үшін жанын пида еткен, құрбан болған азаматтардың арасында тұрып, дұшпанының пат- шасы Кирдің басын таптырып, жаңа ғана шайқастан шыққан жауынгерлердің көзінше «мен айтқанымдай, сені қанға тойдырам», – дейді де,басты қанға толы меске салдырады. Осы қылығымен-ақ Томирис өзінің бейбітшіл екенін, ал бірақ шапқыншылық жасаған жауға қа- тыгез екенін көрсетеді. Сөйтіп, ол өз отанының, елінің болашағы үшін қандай дұшпанмен болса да аяусыз күресетінін паш етеді. Міне, өзінің ел-жұртын мәңгілік ету үшін Еуразия- ның жартысын жайлаған сақтар мен массагеттер осылай қимылдаған...
Әдебиеттер тізімі
1 Геродот. История в девяти книгах. / Геродот – Ленинград: Изд-во: «Наука», 1972. - 600 с.
2 Джандарбеков Б. Томирис. Историческая повесть. / Б. Джандарбеков - Алма-Ата: Жалын, 1982. - 288 с.
3 Келімбетов Н. Ежелгі әдеби жәдігерліктер. / Н. Келімбетов - Алматы: «Алатау», 2005.
- 332 б.
4 Қыраубаева А. Ежелгі әдебиет. / А. Қыраубаева - Астана: «Елорда», 2001. - 224 б.
5 Ян В. Огни на курганах. Юность полководца. Молотобойцы. Исторические повести. / В.
Ян - Москва: Художественная литература, 1989. – 398 с.
6 Жұртбаев Т. Дулыға. Екі томдық. 1 том. / Т. Жұртбаев - Алматы: «Жазушы», 2007. - 400 б.
С.А. Каскабасов
Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева, Астана, Казахстан Томирис - символ вечной идеи «Мәңгілік ел»
Аннотация. В статье проводится сравнительный анализ героических сказаний о царице То- мирис, представленных в исторических источниках дотюркской эпохи и в художественных произве- дениях. В сказаниях о Томирис выделяются двенадцать мотивов, по которым сделаны соответству- ющие заключения. Историческое значение труда древнегреческого ученого Геродота «История»
рассмотрено в аспекте исследования. В статье демонстрируется тот факт, что в основу сказаний о Томирис легло описание личности сакской предводительницы, ее подвигов и борьбы за сохранение