• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

BULLETIN ВЕСТНИК

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Share "BULLETIN ВЕСТНИК"

Copied!
21
0
0

Толық мәтін

(1)

ISSN (Print) 2616-678Х ISSN (Online) 2663-1288

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің

ХАБАРШЫСЫ

BULLETIN

of L.N. Gumilyov

Eurasian National University

ВЕСТНИК

Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева

ФИЛОЛОГИЯ сериясы Серия ФИЛОЛОГИЯ

PHILOLOGY Series

№1(126)/2019

1995 жылдан бастап шығады Издается с 1995 года

Founded in 1995

Жылына 4 рет шығады Выходит 4 раза в год Published 4 times a year

Астана, 2019

Astana, 2019

(2)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of the L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series

Бас редакторы Дихан Қамзабекұлы

филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі (Қазақстан) Бас редактордың орынбасары Шолпан Жарқынбекова

филология ғылымдарының докторы, проф. (Қазақстан) Редакция алқасы

Аскер оғлы Рамиз Ф.ғ.д., проф. (Әзербайжан) Ақматалиев Абдылдажан Ф.ғ.д., проф. (Қырғызстан) Бахтикиреева Улданай Ф.ғ.д., проф. (Ресей) Беженару Людмила Ф.ғ.д. проф. (Румыния) Бейсембаева Жанаргүл Ф.ғ.к., (Қазақстан) Біжкенова Айгүл Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Жақыпов Жантас Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Журавлева Евгения Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан)

Жаң Динжиң PhD, проф. (Қытай)

Ескеева Мағрипа Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Ержласун Гүлжанат PhD, ассоц. проф. (Түркия) Қасқабасов Сейіт Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Негимов Серік Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Нұрғали Қадиша Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Нуриева Фануза Ф.ғ.д., проф. (РФ, Татарстан)

Райхл Карл Ф.ғ.д., проф. (Германия)

Рахманов Носимхан Ф.ғ.д., проф. (Өзбекстан) Риверс Уильям Патрик PhD, проф. (АҚШ) Сәтенова Серікгүл Ф.ғ.д. проф. (Қазақстан) Султанов Казбек Ф.ғ.д., проф. (Ресей) Тәжібаева Сәуле Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан)

Хисамитдинова Фирдаус Ф.ғ.д., проф. (РФ, Башқұртстан) Чернявская Валерия Ф.ғ.д., проф. (Ресей)

Шәріп Амантай Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Шәріпова Гүлбану Ф.ғ.к., доцент м.а. (Қазақстан)

Экиджи Метин PhD, проф. (Түркия)

Янковский Генрих PhD, проф. (Польша)

Редакцияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Астана қ., Қ.Сәтбаев к-сі, 2, 408 б.

Тел.: +7(7172) 709-500 (ішкі 31-413) E-mail: [email protected]

Жауапты редактор, компьютерде беттеген: Ілияс Құрманғалиев

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы Меншіктенуші: ҚР БжҒМ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 27.03.2018 ж. №16996-Ж тіркеу куәлігімен тіркелген.

Мерзімділігі: жылына 4 рет.

Тиражы: 35 дана

Типографияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Астана қ., Қажымұқан к-сі ,12/1, тел.: +7(7172)709-500 (ішкі 31413)

© Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

(3)

Editor-in-Chief Dihan Kamzabekuly

Doctor of philology, аcademician of NAS RK (Kazakhstan) Deputy Editor-in-Chief Zharkynbekova Sholpan

Doctor of philology, Рrof. (Kazakhstan) Editorial board

Asker ogly Ramiz Doctor of philology, Рrof. (Azerbaidzhan) Akmataliyev Аbdildajan Doctor of philology, Рrof. (Kyrgyzstan) Bakhtikireeva Uldanai Doctor of philology, Рrof (Russia) Beisembayeva Zhanargul Can. of philology, (Кazakhstan) Bezhenaru Lyudmila Doctor of philology, Рrof (Romania) Bizhkenova Аigul Doctor of philology, Рrof. (Кazakhstan) Chernyavskaya Valeriya Doctor of philology, Рrof. (Russia) Еrzhiasun Güljanat PhD, assos. Prof (Turkey)

Yeskeyeva Мagripa Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Henryk Jankowski PhD, Prof. (Poland)

Kaskabassov Seit Doctor of philology, Prof (Кazakhstan) Khisamitdinova Firdaus Doctor of philology, Prof. (RF, Bashkortostan)

Metin Ekiji PhD, Prof. (Тurkey)

Negimov Serik Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Nurgali Kadisha Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Nurieva Fanuza Doctor of philology, Prof. (RF, Tatarstan) Reichl Karl Doctor of philology, Prof. (Germany) Rakhmanov Nasimhon Doctor of philology, Prof. (Uzbekistan) Rivers William Patrick PhD, Prof. (USA)

Satenova Serikkul Doctor of philology, Prof (Kazakhstan) Sultanov Кazbek Doctor of philology, Prof. (Russia) Sharip Аmantay Doctor of philology, Prof. (Kazakhstan) Sharipova Gulbanu Can. of philology, assos. Prof. (Kazakhstan) Tazhybayeva Saule Doctor of philology, Prof. (Kazakhstan) Zhakypov Zhantas Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Zhang Dingjing PhD, Prof. (China)

Zhuravleva Yevgeniya Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Editorial address: 2, Satвayev str., of. 408, Astana, Kazakhstan, 010008

Теl.: +7(7172) 709-500 (ext. 31-413) E-mail: [email protected]

Executive editor, computer layout: Іlyas Kurmangalyev Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University PHILOLOGY Series

Owner: Republican State Enterprise in the capacity of economic conduct «L.N.Gumilyov Eurasian National University» Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan

Registered by Ministry of Іnformation and Сommunication of the Republic of Kazakhstan. Registration certificate No 16996-Ж from 27.03.2018

Periodicity: 4 times a year Circulation: 35 copies

Address of printing house: 12/1 Kazhimukan str., Astana, Kazakhstan 010008; tel.: +7(7172) 709-500 (ext.31413) © L.N. Gumilyov Eurasian National University

(4)

Главный редактор Дихан Камзабекулы

доктор филологических наук, академик НАН РК (Казахстан) Зам. главного редактора Шолпан Жаркынбекова

доктор филологических наук, проф. (Казахстан) Редакционная коллегия

Аскероглы Рамиз д.ф.н., проф. (Азербайджан) Акматалиев Абдылдажан д.ф.н., проф. (Киргизстан) Бахтикиреева Улданай д.ф.н., проф. (Россия) Беженару Людмила д.ф.н., проф. (Румыния) Бейсембаева Жанаргуль к.ф.н., (Казахстан) Бижкенова Айгуль д.ф.н., проф. (Казахстан) Жакыпов Жантас д.ф.н., проф. (Казахстан) Жан Динжин PhD, проф. (Китай) Журавлева Евгения д.ф.н., проф. (Казахстан) Ескеева Магрипа д.ф.н., проф. (Казахстан) Ержласун Гульжанат PhD, ассоц. проф. (Турция) Каскабасов Сейит д.ф.н., проф. (Казахстан) Негимов Серик д.ф.н., проф. (Казахстан) Нургали Кадиша д.ф.н., проф. (Казахстан) Нуриева Фануза д.ф.н., проф. (РФ, Татарстан) Райхл Карл д.ф.н., проф. (Германия) Рахманов Насимхон д.ф.н., проф. (Узбекистан) Риверс Уильям Патрик PhD, проф. (США)

Сатенова Серикгуль д.ф.н., проф. (Казахстан) Султанов Казбек д.ф.н., проф. (Россия) Тажибаева Сауле д.ф.н., проф. (Казахстан)

Хисамитдинова Фирдаус д.ф.н., проф. (РФ, Башкортостан) Чернявская Валерия д.ф.н., проф. (Россия)

Шарип Амантай д.ф.н., проф. (Казахстан) Шарипова Гульбану к.ф.н., и.о. доцент (Казахстан) Экиджи Метин PhD, проф. (Турция)

Янковский Хенрих PhD, проф. (Польша)

Адрес редакции: 010008, Казахстан, г. Астана, ул. К.Сатбаева, 2, каб. 408 Тел.:+7(7172) 709-500 (вн. 31-413)

E-mail: [email protected]

Ответственный редактор, компьютерная верстка: Ильяс Курмангалиев

Вестник Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия ФИЛОЛОГИЯ Собственник: РГП на ПХВ «Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева» МОН РК Зарегистрирован Министерством информации и коммуникаций РК под номером №16996-Ж от 27.03.2018г.

Периодичность: 4 раза в год Тираж: 35 экземпляров

Адрес типографии: 010008, Казахстан, г. Астана, ул. Кажимукана, 12/1, тел.: +7(7172)709-500 (вн.31413)

© Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

(5)

Мазмұны

Фольклор және әдебиеттану

Аймұхамбет Ж.Ә., Қараханқызы Ұ. Метамәтін құрылымындағы мифтік символика ... 8 Айтуғанова С.Ш., Дәулетова А.А. Дала патшайымдары туралы аңыз бен ақиқат ... 16 Аққұлы С. Алаш мемлекеттік армиясының құрылуы хақында ... 24 Доскеева Ш.А. Ә.Нұршайықовтың эпистолярлық мұрасы ... 39 Дәуітова Г.Р., Сұлтан Е., Мейрамбекова Л.К. Көне эпостағы мифтік кейіпкерлер ... 46 Еслям А.Б., Алпысбаев Қ.Қ. З.Ахметов зерттеуіндегі Абайдың шығармашылық мұрасы ... 54 Жүсіпов Н.Қ., Ибраева А.Т. Бекмұрат Уақатов зерттеулеріндегі халық өлеңдерінің жанрлық жіктелуі ... 61 Қасқабасов С.А. Томирис – «Мәңгілік ел» идеясының символы ... 69 Кемеңгер Қ.Р., Ділдә Ж.Р. M.Mырзахметұлы Бауыржан Момышұлы жайында .... 77 Өскен Ә.М., Қамзабекұлы Д. Алаштану: текстологиялық жауапкершілік туралы (Ә.Н. Бөкейханның «Жаңа мектеп» журналында жарияланған мақалалары) ... 84 Садықова Р.Т. Халел Ғаббасов: өмір мен өріс мектептері ... 94 Химмат Сайед Әли әш-Шазли Орыс әйелдерінің қайғылы тағдыры – орыс адамы- ның дара тұлғасы (Е.Чижованың «Әйелдер уақыты» романы негізінде) ... 104

Лингвистика

Әбдуәлиұлы Б., Көшкінбай Д. Қазақ лексикасындағы құқықтық ақпараттарды зерттеудің жалпы мәселелері ... 120 Әубәкір С.С., Біжкенова А.Е. Поэтикалық дискурстың ерекшеліктері ... 127 Досжан Р.А. Тарихи түбірлердің сөзжасамдық қабілеті ... 135 Акжигитова А., Елегенова М., Жанзакова А. Қазақстанның лингвистикалық ланд- шафтындағы көптілділік белгілері (Астана қаласы негізінде) ... 142 Сарсикеева Г.К., Байоразова Ж.К. Абайдың 38-інші сөзін орыс және ағылшын тілдеріне аудару: салыстырмалы анализ ... 150 Сейидова С. Әзірбайжан, ағылшын және орыс тілдеріндегі «Жас» концептісі және оның идиоматикалық өкілдігі ... 157 Сыздықова Г.О., Шолақова А.К. «Ер Төстік» ертегісінің лингвосемиотикалық аспектісі ... 165

Тіл мен әдебиетті оқыту әдістемесі

Баекеева А.Т., Тәжібаева С.Ж. Тау-кен саласындағы халықаралық терминдерді аудару ... 173 Ниязова А. Е., Мукатова М.Н. Көптілді ортада шет тілінде сөйлеудің мульти- лингвалды әрекетін қалыптастыру ... 183 Смағұлова А., Мұхаметқалиева Г., Балтабаева Г. Сөздерді құрылымдық ұйымдас- тыру (ағылшын және қазақ тілдеріндегі «мұнай газы» термині) ... 191

(6)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of the L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series

Contents

Folklore and Literary Studies

Aimukhambet Zh.A., Karakhankyzy U. Mythical symbolism in the structure of

metatext ... 8

Aituganova S.Sh., Dauletova A.A. The legend and truth about the steppe queens ... 16

Akkuly S. About the creation of the Alash state army ... 24

Doskeyeva Sh.A. A.Nurshaikhov’s contribution to the epistolary genre ... 39

Dautova G., Sultan Y., Meirambekova L.K. Mythical characters in the archaic epos ... 46

Yeslyam A.B., Alpysbayev K.K. Abai’s heritage in Z. Akhmetov’s research ... 54

Jysipov N.K., Ibrayeva A.T. Genre classification of folk poems in Bekmurat Uakatov’s researches ... 61

Kaskabasov S.A. Tomiris - Symbol of the Concept of «Mәңгілік ел» ... 69

Kemenger К.R., Dilda Zh.R. M. Myrzakhmetuly is about Baurzhan Momyshuly ... 77

Osken A.M., Kamzabekuly D. Alash studies: on textual responsibility (Articles by A.N. Bokeykhan, published in «Zhana mektep») journal ... 84

Sadykova R.T. Khalel Gabbasov: School of life and development ... 94

Himmat Sayed Ali ash-Shazli The Tragic Fate of the Russian Women and the Symbol of the Russians Identity (According to the Novel by E. Chizhova «Time of Women») ... 104

Linguistics

Abdualiuly B., Koshkinbay D.S. General problems of studying legal information in Kazakh lexicon ... 120

Aubakir S.S., Bizhkenova A.Ye. Features of Poetic Discourse ... 127

Doszhan R.А. Word-building ability of historical roots ... 135

Akzhigitova A., Yelegenova M., Zhanzakova A. Multilingual signs in the linguistic landscape of Kazakhstan (the case of Astana) ... 142

Sarsikeуeva G.K., Baiorazova Zh.K. Translation of Abay,s 38th word info Russian and English: comparative analysis ... 150

Seyidova S. The concept of “Age” and its idiomatic representation in the Azerbaijani, English and Russian languages ... 157

Syzdykova G.O., Sholakova A.K. Linguosemiotic Aspect of Fairy Tales ... 165

Methods of teaching language and literature

Bayekeyeva A.T., Tazhibayeva S.Zh. Translating International Terms for Mining Industry ... 173

Niyazovа A. E., Mukatova M.N. Formation of foreign language speech activity in a multilingual environment ... 183

Smagulova A., Mukhametkaliyeva G., Baltabayeva G. Structural organization of words («Oil gas» term in English and Kazakh) ... 191

(7)

Содержание

Фольклор и литературоведение

Аймухамбет Ж.А., Караханкызы У. Мифическая символика в структуре

метатекста ... 8

Айтуганова С.Ш., Даулетова А.А. Легенда и правда о степных королевах ... 16

Аккулы С. О создании Алашской государственной армии ... 24

Доскеева Ш.А. Эпистолярное наследие А. Нуршаихова ... 39

Даутова Г.Р., Султан Е., Мейрамбекова Л.К. Мифические персонажи в архаическом эпосе ... 46

Еслям А.Б., Алпысбаев К.К. Творческое наследие Абая в исследованиях З.Ахметова ... 54

Жусипов Н.К., Ибраева А.Т. Жанровая классификация народных стихов в исследованиях Бекмурата Уакатова ... 61

Каскабасов С.А. Томирис – символ вечной идеи «Мәңгілік ел» ... 69

Кеменгер К.Р., Дильда Ж.Р. М. Мырзахметулы о Бауржане Момышулы ... 77

Оскен А.М., Камзабекулы Д. Алашоведение: о текстологической ответствен- ности (Статьи А.Н.Бокейхана, опубликованные в журнале «Жана мектеп») ... 84

Садыкова Р.Т. Халел Габбасов: Школа жизни и развития ... 94

Химмат Сайед Али аш-Шазли Трагическая судьба русских женщин – символ иден- тичности русского человека (по роману Е.Чижовой «Время женщин») ... 104

Лингвистика

Абдуалиулы Б., Kошкинбай Д. Общие проблемы изучения правовой информации в казахской лексике ... 120

Аубакир С.С., Бижкенова А.Е. Особенности поэтического дискурса ... 127

Досжан Р.A. Словообразовательные важности исторических корней ... 135

Акжигитова А., Елегенова М., Жанзакова А. Многоязычные знаки в языковом ландшафте Казахстана (на примере Астаны) ... 142

Сарсикеева Г.К., Байоразова Ж.К. Перевод 38-го слова Абая на русский и английский языки: сравнительная анализ ... 150

Сейидова С. Концепт «Возраст» и его идиоматическое представление на азер- байджанском, английским и русских языках ... 157

Сыздыкова Г.О., Шолакова А.К. Лингвосемиотический аспект волшебных сказок ... 165

Методика преподавания языка и литературы

Баекеева А.Т., Тажибаева С.Ж. Перевод интернациональных терминов горно- рудной промышленности ... 173

Ниязова А.Е., Мукатова М.Н. Формирование иноязычной речевой деятельности в мультилингвальной среде ... 183

Смагулова А., Мухаметкалиева Г., Балтабаева Г. Структурная организация слов (термин «нефтяной газ» в английском и казахском языках) ... 191

(8)

135

№1 (126)/2019

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series

ҒТАМР 16.31.31

Р.А. Досжан

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті, Шымкент, Қазақстан (Е-mail: [email protected])

Тарихи түбірлердің сөзжасамдық қабілеті

Аңдатпа. Сөзжасам тілдің сөздік қорын толықтырудың бір тәсілі, оның тарихы сонау көне замандардан басталады. Жаңа ұғым-түсініктер мен заттардың пайда болуы жаңа атауларға деген сұранысты тудырады. Осыған байланысты тілдегі дыбыстық тұлғаларға тың мағыналар жүктеледі.

Осы заңдылықтардың сырларына бойлай отырып, мақалада көне түркі тіліндегі бір түбірден та- райтын туынды сөздердің даму тарихын зерделеуге назар аударылады. Қазіргі кезде бір түбірден тарайтын көптеген сөздер мағыналық жағынан дамуы барысында бір-бірінен тым алшақтап кеткен.

Оларды өзара салыстыру бойынша ортақ тегін анықтау қиын, тек туыстас тілдердегі дыбыстық нұсқалары мен мағыналық сәйкестіктерін негізге алу арқылы ғана дұрыс ғылыми болжамдар жа- сауға болады. Мақалада бірнеше сөз түбірлерінің этимологиясы ашылып және онымен түбірлес көптеген сөздердің туыстығына ғылыми болжамдар жасалады.

Түйін сөздер: түбір сөз, cөзжасам, сөзжасамдық қабілет, тарихи түбір, түбірлес сөздер.

DOI: https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-126-1-135-141 Тілдің тарихи даму барысында үлкен қызмет атқарған тәсіл – сөзжасам, яғни жаңа сөздердің жасалуы. Дыбыстық тұлғалар мен олардың мағыналары секілді қатар жүріп оты- ратын қос құбылыс қоғамдағы болып жатқан өзгерістеге байланысты әр кезеңде тілді жаңа сапаға көтеріп отырған. Бүгінге дейін маңызды қызмет атқарып келе жатқан осы тіл теті- гі болашақта да дами бермек, себебі тіл өмірі тікелей сөзжасамға байланысты. Сөзжасам тәсілінің маңызы туралы айтылатын пікірлер әр алуан, солардың бірінде «Сөзжасам тіл- де бар құралдарды пайдалана отырып, жаңа ұғымдарды жеткізуге мүмкіндік береді. Осы ерекшелігі арқылы тіл лексикасы мен оның тұрақтылының жалғаспалылығы, үздіксіздігі артады. Сөзжасам лексика мен грамматиканы тіл жасампаздығының біртұтас ағымына ұй- ыстырады», - деп атап көрсетеді [1, 52 б.]. Сөзжасам тәсілі арқылы пайда болған көптеген сөздердің әуелін іздегенде белгілі бір түбірлерге ат басын тірейміз.

Бір негізгі түбір сөзден тарайтын түбірлес сөздердің қатарын анықтау қазіргі тілдік тұрғыдан аса қиындық тудырмайды. Мысалы, «Қазақ грамматикасында» жел деген негізгі түбір сөзден 105 (желбегей, желбегейле, желбегейлен т.б.), ал біл етістігінен 33 (біл, білім, білімді т.б.) туынды түбір, жасалғандығын айтады [2, 262 б.]. Бұлардың бәрі – бір сөзжа- самдық ұяның құрамындағы бір ғана жел немесе біл сөздерінен өрбіген түбірлес туынды сөздер. Бір сөзжасамдық ұяға кіретін сөздер туынды түбірлердің бәріне ортақ түп негіз сөзден тарайды. Ал осы сөзжасамдық ұядан тарайтын түбірлес туынды сөздердің қатарын тарихи тұрғыдан қарастырсақ, олардың қатары мұнан да ары кеңеюі әбден мүмкін. Байы- рғы түбірлерден тараған сөздердің қатарына талдаулар жасағанда олардың сөзжасамдық қа- білеттерінің жоғары екендігін байқауға болады. Әрі мұндай зерттеулер негізгі түбір сөздерді анықтауға, түбірлердің этимологиясын ашуға мүмкіндік берді. Бір ұядан тараған сөздердің қатарын өзге түркі тілдерімен салыстыра қарастырсақ, дыбыстық өзгерістердің нәтижесінде пайда болған түбірлер өз алдына жеке сөзжасамдық ұя қалыптастырғанын аңғаруға болады.

Түркі халықтары жеке ұлттар ретінде бөліне бастағаннан кейінгі кезде тілдері де дербес дамуға бет қойып, даралық сипат иелене бастады. Бүгінгі түркі тілдері жүйесінің негізі болып табылатын дыбыстық сәйкестіктер кешенінің тарихын ескере отырып, дербес ұлттар болып қалыптасқаннан кейінгі кезеңдердегі даму сипатына үңілсек, оларға ортақ байырғы лексикалық қордың сақталып қалғандығы аңғарылады. Осындай ортақ дүние-

(9)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series

136

№1 (126)/2019

лердің қаншалықты дәрежеде және қандай бағыттарда дамығандығы лингвист ғалымдар- ды қызықтырары анық. Әрине, сөздердің дыбыстық жағынан өзгеруі олардың байырғы түбірлерін анықтауда қателіктерге ұрындырып жатады. Себебі сөздердің өзгеруі – әртүрлі жолмен, әртүрлі деңгейде болып отыратын құбылыс. Қазіргі сөздердің түбіріне қарап қай сөзжасамдық ұядан тарайтынын анықтай алсақ, ал байырғы сөздердің түбірлеріне қарап, одан тараған туынды сөздердің бәрін бірдей ажырату оңай емес, себебі олар дыбысталуы жағынан да өзгерістерге ұшырап, өз алдына дамып, бүгінгі күні өз алдына жеке сөзжасам- дық тізбек жасай алатын дәрежеге жеткен.

Сөзжасамдық ұяның құрамы негізгі түбір сөзден және түбірлес туынды сөздерден тұрады. Туынды сөздер әртүрлі жұрнақтар арқылы жасалатындықтан, олар әртүрлі сөз тап- тарына тиесілі болып келе береді. Бір сөзжасамдық ұяда бір ғана негізгі түбір алынып, осы түбірден тарайтын бүкіл туынды сөздер соның аясынан тарайды. Ал осы негізгі түбір бүгінгі күн тұрғысынан алынған байырғы замандардан бері бір ұядағы түбірлес сөздердің қатарын ғана жасап қойды ма? Бір сөзжасамдық ұядағы сөздер негізінен бір ғана кезеңнің жемісі емес, тарихи тұрғыдан әртүрлі дәуірлерге тиесілі екені белгілі. Десек те, сөздердің тарихи сөзжасамдық қабілеті жайлы айтқанда, туынды түбірлердің қатары мүмкіндігінше барлық өзгеру сипатымен бірге анықталуы тиісті. Мысалы, қазақ тілінде түбірлес дөң, дөңес сөздері. «Қазақ грамматикасында» дөң деген түп негізден жасалған сөзжасамдық ұяда дөңбек, дөңгелек, дөңгелекше, дөңес деген туынды түбір зат есім сөздермен қатар, дөңбектен, дөңбекші, дөңбекшіт, дөңгеле, дөңгелекте, дөңгелектел, дөңгелектет, дөңгелен, дөңгелент, дөңгелеңкіре, дөңгелес, дөңгелет, дөңден, дөңесте, дөңестел, дөңестен, дөңе- стендір, дөңки, дөңкит деген туынды етістіктер, дөңгіл, дөңдей, дөңді, дөңкиіңкі тәрізді туынды түбір сын есім сөздер бар екендігін айтылады [2, 262 б.]. Ал осы дөң, дөңес сөз- дері тарихи тұрғыдан қандай өзгерістерге ұшырады? Дөң сөзінің сөзжасамдық қабілеті осы берілген сөздермен ғана шектеле ме? Көне тілдегі тұлғасы tȍрȕ (төпү) 1. Темя, макушка (төбе); голова; 2. Вершина. Тіліміздегі төпе, төпеле (үсті-үстіне тоқпақтау) етістіктері де осы көне түбір сөзден жасалған. Tȍрȕlȁ- бить по голове [3, 580 б.]. Әуелде төбесінен ұру, басынан ұру мағынасын берген. Төбе сөзінің тілімізде бастың ең үстіңгі бөлігі, бір заттың ұшар басы, ең жоғарғы жағы мағыналары сақталған: таудың төбесі, үйдің төбесі, бөркі төбесінде. Бұл сөздердің бәрінің түбірі бір. Өзбек тілінде төбені тепа, төмпешікті тепача, дўнг, ал төпеле етістігін тепала дейді.

Осыған ұқсас өзбек тіліндегі дўнг сөзі дөң, төбешік, дўнглик сөзі белес, төбешік, төмпешік, қырқа дегенді білдіреді. Мағыналық жағынан да, дыбысталуы жағынан да бұл сөздердің бір түбірден тарағандығы дау тудырмайды. Көне түбірмен салыстыра қарамасақ, төпе, төпеле сөздерінің түбірі дөң, дөңес сөздерімен немесе төбе сөзімен түбірлес екені байқала бермейді.

Өзбек тілінде дўндиқ сөзі домаланған, торсиған, томпайған мағыналарын білдіреді.

Шындығында, төбенің сыртқы көрінісі осы домаланған, торсиған, томпайған сипатқа ке- леді. Сондай-ақ қазақ тілінде т-мен айтылатын көптеген сөздер өзбекше д-мен айтылады, алайда бір түбірден немесе бір ұядан тараған сөздердің қатары толыққан сайын бұл қағида- ның әр уақытта сақталмайтынын аңғарамыз, себебі тіліміздегі мағыналас дөң мен төбе екі түрлі дыбысталады.

Домбығу сөзінің де түбірі томпаюмен ұқсас. Домбығудың екінші бір мағынасы ісіну, ісіп кету, томпаюмен байланысты. Бұл етістіктердің дом – том түбірлерін айырып тұрған д мен т дыбыстары ғана. Қазіргі кезде бұл екі етістік екі түрлі мағынаны білдіреді.

Томпай дегеніміз: сыртқа қарай дөңестеніп шығып тұру, томпақтану. Томпақ сын есімі де жазық емес, дөңес дегенді білдіреді. Төмпешік, төмпек, төмпеш, төбе (өзб.: тепалик, тепа) синоним сөздерінің мағынасын сөздікте: «Құм, топырақ, тағы басқа заттан үйілген кіш- кентай ғана дөңес» деп береді [4, 533]. Байқап отырсаңыздар, томпақ немесе төмпешік,

(10)

137

№1 (126)/2019

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series

төмпек, төмпеш, төбе сөздерінің мағыналарын түсіндіру үшін соларға синоним дөңес сөзін пайдаланып отырмыз. Егер томпақ (өзб.: дўмбоқ) пен дөңес синоним болса, онда домбығу мен томпаю да синоним сөздер деуге болады. Әрине, стильдік тұрғыдан қолдануларында айырмашылықтар бар, дегенмен мағыналық жағынан ұштасатын тұстары да бар. Жалпы ортақ мағына биіктікпен, көлемнің ұлғаюымен байланысты.

Осы екі сөз мынадай синонимдік қатарладан тұрады:

1. Дүңкию, дөңкию, діңкию, теңкию.

2. Дүрдию, томпаю, дүмпию, көнтию [4, 189-190].

Өзбек тіліндегі тепалик сөзі төбе әрі биіктік дегенді білдіреді.

Түбірлерді қуалай берсек, әлі де осы түбірден жасалынған талай сөздердің сөзжа- самдық қабілетіне куә боламыз.

Өзбек тілінің дўппи сөзі ‘тақия, төбетей’. Осы сөзбен мәндес топы және Өзбекстан қазақтарының тілінде топпы түрінде айтылатын сөздер осы өзбек тіліндегі нұсқасымен сәйкес келеді. Бұл сөз тілімізде жергілікті аймақтарда қолданылады.

Топы – жан-жағы тік, төбесі шошақ, жеңіл тақия [5, 812 б.]. Тіпті әуелде бас киім ретінде қолданылып, кейіннен өзгеше сипат алған тақия, телпек, тымақ сөздері де түбірлес болуы мүмкін. Мұндағы айтпағымыз: сөздердің сыртқы тұлғасында алдамшы сипат бар.

Кейде сыртқы формалары ұқсас болып келеді, алайда этимологиясын ашуда басты рөлді мағына ұқсастығы мен дыбыстардың тарихи сәйкестік заңдылығына бағынатын байырғы түп негіздер атқарады. Ілгеріде берілген сөздерде сондай ұқсас мағына мен түп ~ топ ~ том

~ дөң ~ доң ~ дом т.б. секілді ортақ түбірлер бар. Қазақ тіліндегі домалану, домалақ, доңға- лақ, дөңес, дөңгелек, дөңгелен, дөңкес, дөңки сөздері де осы түбірден тараған. Тіпті түбірі біршама өзгеріске ұшыраған доға, доғабас, доғал сөздерінің өзі де мағынасы жағынан ұқсас келеді. Домалақ шар тәрізді болса, доға жарты шарға ұқсайды. Орыс тілінің дуга сөзі.

Сөздердің түбірлерін айыру бір ғана түбірмен шектелмейді. Түбірлес сөздердің қата- рын анықтау ортақ түбірден тараған сөздерді табуға көмектеседі. Сөздердің мағыналарын, түбір ұқсастықтарын қуалай отырып, өзбек тілінің өзінде бұл түбірдің бір ғана нұсқамен шектеліп қалмағандығы байқалады. Біршама сөздер т-мен айтылып, өзгеше сипат алған.

Өзбек тілінің тўп (қазақ т.: доп) сөзі, біріншіден, доп, екіншіден, зеңбірек мағыналарын білдіреді. Әуелгі түпкі мағына доппен байланысты. Ал көне тілге келсек, топ ‘шар, доп’

(шар, мяч) (МҚ III 24) [ДТС, 575 с.] мағыналары сол кездің өзінде болған. Орта ғасырларда осы сөзбен түбірлес топық сөзі де (шар, мяч) мағынасында жұмсалған, ал тобық (өзб. т.:

тўпиқ) сөзінің мағынасы ДТС-да [ДТС, 569 б.] лодыжка ‘жіліншік, тобық’ деп берілген.

Енді осы сөздерді хакас тіліндегі баламаларымен салыстырсақ, бұл сөздердің бір түбірден тарағандығы байқалады, яғни осы сөзбен түбірлес қанша сөздің бар екендігін айырамыз.

Хакас тілінде «Топ 1. Шар. 2. Шарообразный, выпуклый; тоғыс наада ай топ полыбысча на девятый день новолуния луна становится выпуклый» [4, 650 б.]. Доп сөзі сақталмаған (оның орнына орыс тілінің мячик сөзі мерчік түрінде енген). Алайда хакас тілінде осы сөзбен түбір- лес өзге де сөздер кездеседі: тоғылах – круг, комок, клубок, шар, округлость [6, 636 б.].

Орта ғасыр ескерткіштерінің тілінде жіліншік, тобық (лодыжка) мағынасындағы тобық сөзі хакас тілінде толарсығ түрінде айтылады. Қазақ тілінде толарсақ та сақталған:

«Асық жіліктің тобықпен түйіскен жеріндегі бөлек тұратын шодырайған қисық сүйек» [5, 808 б.]. Толарсақ сөзі тілімізде «толарсақтан су (қан) кешті – қиыншылық күнді басынан өткізді» тұрақты тіркесімен қолданылады. Орта ғасырларда толарсуқ өкше, табан (пята, пятка МҚ I 502) мағынасында қолданылған.

Топтайған - выпуклый, выступающий; топтайған тигейлер выступающие на поверх- ности земли холмы (небольшие; выпуклые). Сырайы топ-тоғылах [у него] лицо круглень- кое; топ-тоғылах мерчік кругленький мячик [6, 651 б.]. Тобық, тўпиқ, толарсығ сөзінің мағынасы да дүмпию, дөңкию, томпаю етістіктерімен байланысты.

(11)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series

138

№1 (126)/2019

Бір түбірден тараған сөздердің үш түркі тіліндегі сөзжасамдық қабілетін қарасты- ра отырып, олардың әрқайсысының дыбыстық дамуында өздеріне тән бірдей заңдылық сақталған деп айта алмаймыз. Мысалы, қазақ тілі қатаң дыбыстардың, яғни сөздердің қатаң дыбыспен айтылуына бейім десек те, кейбір түбірлес сөздердің ұяң нұсқалары немесе ұяң да, қатаң да нұсқалары қалыптасқан. Оған жоғарыда берілген мысалдар дәлел бола алады.

Көне тілдегі топ тілімізде доп түрінде айтылып, осы сөзден доптың да, шардың да мағына- сына қатысты сөздер тараған. Доптан домалау етістігі, сондай-ақ доп, шар тәріздес дөңге- лек, домалақ, төңірек т.б. сынды зат есімдер жасалынған.

Сөздердің байырғы түбірлері бір буынды сөз болып келетіндігі белгілі. Осындай бір түп түбірден әртүрлі сөз таптары жасалады. Бұрынғы еңбегімізде осындай түбірлес сөз- дердің бір-бірінен туындауына қарай оларды сөзжасамдық тізбек ішінде көрсеткенбіз. Топ негіз сөзден туындаған түбірлес сөздердің қатарын анықтау біраз сөздердің этимологиясын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы:

Төпү ®төбе

Топ ® доп ® дөң®төбе ® топы Топ® тобық ® толарсақ

топ® томпаю ® томпақ ®теңкию® ® ®

доп ® домала® домалақ® доңғалақ® дөңгеле® дөңгелек ® төңірек, домбығу

дөң® дөңес ®дөңкес ®дөңкию ® дөмпию ® төбе ® төмпек ® төмпеш ® төмпешік

төбе®төбеле ®төпе®төпеле ® төмпеште топы ®топпы®төбетей ®тақия®телпек ®тымақ

Бір сөзжасамдық ұяға кіретін сөздердің өзгеру жолдарын көрсеткенімізбен, сол туынды сөздердің бүгінгі күні қалыптасқан барлық қатарын толық беруді мақсат тұтпадық.

Бұл сөздердің барлығы бір ғана түбірден тарағандығы белгілі, алайда ұқсас, мағыналас түбірлерді көрсеткенімізбен, түпкі түбірдің қайсы екендігін дөп басып айту қиын. Жоғары- да берілген туынды сөздерге ортақ түбірлер түп ~ топ ~ том ~ дөң ~ доң ~ дом десек те, бұл түбірлер бір мезгілде өзгеріске түсіп, бір мезгілде пайда бола салған жоқ. Көне тілге тән қа- таң дыбыстардың қолданылуының басымдығын ескерсек, көне жазба ескерткіштер тілінде кездескен түбір сөздерге сүйенсек, байырғы негізгі түбір түп, топ болуы мүмкін әрі ұяң дөң нұсқасы ДТС-да кездеспеді. Берілген сөздердің бәрі сөздік қорда орны бар лексикалық бірліктер әрі әрқайсысы (мысалы: дөң, төбе, тобық, топы, доп т.б.) жеке сөзжасамдық ұяға тиесілі.

Түркі тілдерінің бір-біріне жақындығын көбінесе біз көне, орта ғасыр ескерт- кіштерінің тілімен салыстыра отырып сөз етеміз. Көлемін сол ескерткіштердің сөздік қо- рымен өлшейміз, алайда бүгінгі сөздік қорына, ондағы сол тілдердің қаншалықты алыс, жақындығына, ұқсастықтарына көңіл бөле бермейміз. Екі тілдік сөздіктермен жұмыс істей отырып, көне, орта ғасыр ескерткіштерінің тілінде кездеспейтін көптеген құрамы жағынан күрделі дейтін сөздердің екі тілге ортақ болып келуі – таңданарлық нәрсе. Себебі арамыз- ды (ұлт ретінде бөлініп шыққаннан кейінгі) қанша ғасыр, қаншама қашықтық бөліп жатса да, осындай ұқсастықтардың сақталуы тілдің соншалықты өміршеңдігін көрсетеді. Хакас тілінің тойтаңнирға /тойтаңна-/ - топать, идти нетвердо (о ребенке); ходить частыми мелки- ми шаркающими шагами; семенить (о старых людях) [6, 641 б.], тітіриге /тітіре/ - дрожать, трястись – тітіреу [6, 634 б.]; тумтарақай: тумтарақай бўлмоқ ‘тымтырақай қашу, тырағай- лап қашу’ т.б. сөздер қазақ тілінде де сол мағынада айтылады.

Түбі бір түркі тілінің жақындығы тек түбірлердің бірдейлігімен ғана анықталмай- ды, сөздердің белгілі бір сөздермен тіркесіп келуіндегі ұқсастықтардан да көрінеді. Өз- бек тіліндегі тинка ‘әл, күш’ cөзі қазақ тілінде діңке түрінде айтылады. Осы сөз қуримоқ

(12)

139

№1 (126)/2019

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series

етістігімен тіркесіп келіп, тинкаси қуримоқ күрделі етістігін жасайды. Қазақ тілінде де дәл осы етістікпен діңкесі құру түрінде жұмсалады. Өзге сөздермен тіркесіп келуіндегі, яғни тұрақты сөз тіркесі түріндегі ұқсастықтар тілдердің дамуындағы жақындықты, тіпті ортақ негізден тарайтынын да көрсете алса керек. Өзбек тіліне қарағанда бұл сөздің түбірі қа- зақ тілінде көбірек өзгеріске ұшырағаны байқалады. Діңке жеке қолданыста өнімді емес, тек діңкелеу етістігі түрінде және діңкесі қатты, діңкесі құрыды, діңкесіне тиді, діңкесін тауысты сияқты тіркестерде келеді. Этимологиясына келсек, түбірінің қандайдан шыққа- нын анықтау қиын, мағынасы да түсініксіз. Салыстырмалы талдаулар арқылы ғана белгілі бір деректерге қол жеткіземіз. Бұл орайда өзіміз салыстырма жаса отырған өзбек тілінің фактілеріне жүгінсек, мақсатымызға бір табан жақындай түсеміз. Мысалы, Тинка сөзінің түбірі көне тілге жақындау. Тин өзбек тілінде тыныс, дем дегенді білдіреді. Дем деп тыныс мүшелері арқылы сырттан ішке тартылатын не іштен сыртқа шығарылатын леп, тынысты айтамыз.

Ауыспалы мағынада күш, қуат, бу дегенді білдіреді. Тин мен тыныс, дем мен дым сөздерінің де түбірлері бір. Осы түбірден тинка сөзі жасалған болса керек. Әлі кетудің мағынасы тынысы тарылумен байланысты. Әл сөзі кейін пайда болған, парсы тілінің һәл сөзінен енген. Тілімізде араб, парсы сөздерінің енуімен байланысты кейбір төл сөздеріміз қолданыстан шығып қалса, кейбір сөздер қатар жұмсалып келеді. Діңке сөзінің де қызметі осындай себептен әлсіреген. Дегенмен дем сөзі демі жетпеді, демі әлсіреді, демін алды, демалды, демалыс, демде, демікпе сияқты сөздерде кеңінен қолданылады.

Тіліміздегі дым жоқ түріндегі тіркес те осы сөзбен түбірлес, мағыналас. Дым сөзінің мағынасы – үн, дыбыс. Әуелде дым жоқ түріндегі тіркес үн де жоқ, дыбыс та жоқ деген мағынада қолданылып, кейіннен ештеңе, дәнеме мағыналарына ауысқан, олай болса, дым мен дыбыс та түбірлес. Дымы құрыды тұрақты тіркесі шаршап шалдықты, діңкеледі дегенді білдіреді, яғни діңкесі құру, діңкеледі мен дымы құрудың тарихи тұрғыдан мағыналары ортақ.

Біріншіден, үн, дыбыс түріндегі, екіншіден, күш, қуат, үшіншіден, бу, дым мағыналары өзге сөздердің жасалуына ұйтқы болған. Мысалы: 1. Дың етті, дыңыл, дыбыс; 2. Дымақ (күш-жі- гер, қайрат), дыңдай (күшті, қуатты), 3. Дым, дымда, дымды, дымқос, дымқылда, дымық т.б.

Өзбек тілінде де осы сөздер әртүрлі дыбысталады: тыну – тинмоқ, тынығу – дам олмоқ, дем – дам, демалыс – дам олиш, тыныс – тин олиш, тыныш – тинч, тынышсыз – ти- ниб-тинчимас, тыныштану – тинчланмоқ, тұншығу,демігу - димиқмоқ т.б.

Бір түбір екі түрлі дыбысталып, екі нұсқадан екі түрлі бағытта өрбіген. Оған қазір- гі тіліміздегі дамыл, дамылдау сөздерін де қосуға болады. Тин түбірінен тыныс, тынық, тынбау т.б. Ал көне тун түбірі, біріншіден, тыныш, тыныштық (покой, спокойствие), екін- шіден, тыну, тынышталу (затихать, успокаиваться) мағыналарын білдірген. Осы сөзбен түбірлес tunčuq тұншық (задыхаться, с трудом переводить дыхание) сөзі – орта ғасырларда қолданылған көне туынды түбірлердің бірі. Покой, спокойный, спокойно мағыналарын біл- діретін inč (инч) сөзінің алдындағы т дыбысы түсіп қалып тұр. Мұндай қолданыс тайпалар тіліне тән болуы да мүмкін. Тыныш сөзі inč tïnč ‘покой’ қос сөзінде айтылған әрі біраз түркі тілдерінде қатаң т мен ұяң д-дан басталатын tɪnɪç (тат.), tɪnɪs (башқ.), tïnïș (қаз.), tɪnç (қырғ.), tinç (өзб.), dïnç (түркм.) түріндегі тұлғалары сақталған.

Көне tun түбірінің беретін әртүрлі мағыналары біртіндеп әртүрлі қосымшаларды қо- сып алу арқылы түрлі сипат алған. Жоғарыда берілген тыныш, тыныштық, тыну, тынышта- лу сияқты сөздерді айтуға болады. tunčuq сөзінің түбірі де tun-мен сәйкеседі.

Тарихи тұрғыдан туынды түбірлердің барлығы осы негізгі түбір сөзден жасалады деуге болады, бірақ қалай жасалады? Біріншіден, тікелей түбірге жұрнақ жалғану арқылы, екіншіден, туынды түбірлерге жұрнақ жалғану арқылы жасалады. Десек те, көне түбірлес сөздердің қатарын белгілі бір заңдылықтарға сүйене отырып қарастырып отырғандықтан, олардың ары қарай даму жолын анықтауға болады. Дыбысталуында өзгешелігі бар дем,

(13)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series

140

№1 (126)/2019

дым, діңке сөздерінің де осы tun түбірінен тарағандығын білеміз. Олай болса, әуелі туынды түбір сөздердің жасалуына негіз болған түп түбірдің дыбыстық өзгеру сипатын анықта- сақ, екіншіден сол негіздерден тараған сөздердің сөзжасамдық ұясын анықтаймыз. Қазіргі тілімізде тын түбірі өз алдына, дем түбірі өз алдына сөзжасамдық ұя жасайды.

Тун ® тұншық ®тұншығу ®демігу ® демікпе Тин® тыныс ®тыныста ® дыбыс ®дыбыста тын ®тыну®тыншы ® тынық ®тынбау ® ® тың ®тыңшы ®

инч-тынч ®тыныш ®тыныштық®тынышсыздану дем ®демал ® демалыс ® демде (лезде)®

дым ® дың ®діңке ®

Сөзжасамдық ұяда сөздердің басын бір негізге топтастырушы құрылым ғана емес, сонымен қатар тарихи негіздерден бастап соңғы жасалған туынды сөзге дейінгі дыбыстық тұлға мен мағынаның даму сатылары бойынша ақпарат сақтаушы қор әрі тарихи жүйе бо- лып табылады. Оның әр сатысында сөз дамуының ерекшеліктері туралы мәліметтер бар, тек оны тілдің даму заңдылықтарын негізге ала отырып, аршып алу керек. Тарихи өзгері- стердің нәтижесінде тіл дамуының алуан түрлі жолдарын шаң басып, бізге белгісіз күйге жеткен. Алайда оны туыстас тілдер фактілерін салыстыру арқылы анықтауға болады. Бұл тұрғыдан алғанда тілдік қор тек лексикалық бірліктердің жиыны ғана емес, сөз дамуының динамикасын, жүріп өткен жолын және туыстас халықтардың ортақ тарихын айқындаушы ақпараттық та қор болып табылады. Сөзжасамдық ұя соның тамаша сатыларының бірі.

Әдебиеттер тізімі

1 Грамматика хакасского языка / под редак. проф. Н.А. Баскакова. - Москва: Наука, 1975.

– 418 с.

2 Қазақ грамматикасы. // Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. - Астана: Астана полиграфия, 2002. – 784 б.

3 Древнетюркский словарь / Под ред. Э.В. Севортян. - Ленинград: Наука, 1969. - 676 с.

4 Бизақов С. Синонимдер сөздігі. / С. Бизақов - Алматы: Арыс, 2007. - 640 б.

5 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. / Жалпы редакциясын басқарған Т. Жанұзақов. - Алматы:

Дайк-Пресс, 2008. - 968 б.

6 Хакасско-русский словарь=Хакас-орыс сȍстік. - Новосибирск: Наука, 2006. - 1114 с.

Р.А. Досжан

Региональный социально-инновационный университет, Шымкент, Казахстан

Словообразовательные важности исторических корней

Аннотация. Словообразование с древних времен является одним из способов пополнения слов в языке. Новые понятия и предметы требуют новых названий, в связи с этим производные звуки приобретают новые значения. С учетом данных закономерностей в статье рассматриваются производные слова, исходящие от однокоренных слов древнетюркского происхождения.

В настоящее время многие слова, происходящие от одного корня, семантически отдалились друг от друга. Трудно определить их общее происхождение путем сравнения, между тем как изучая семантические соответствия и звуковые варианты в родственных языках можно выдвигать весомые научные гипотезы. В статье рассматривается этимология нескольких корней и выдвигаются гипо- тезы по однокоренным словам.

Ключевые слова: корень, словообразование, словообразовательная способность, истори- ческий корень, однокоренные слова.

(14)

141

№1 (126)/2019

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series

Р.А. Doszhan

Regional Social and Innovative University, Shymkent, Kazakhstan

Word-building ability of historical roots

Abstract. This article is considered the definitions of derivative words spreading from one basic cognate word of ancient Turkic origin. Determining a number of words spreading from ancient radical, it can determine the high degree of their word-forming abilities. In addition, such studies undoubtedly make it possible to discover the etymology of the radical and to determine the basic cognate words. Many of the words that are now rooted in the meaning of one another are far removed from each other in meaningful development. It is difficult to find common ground for their comparisons, but only on the basis of sound variants and meaningful comparisons in related languages can only make the right scientific forecasts.

In the article the etymology of several word roots is revealed and scientific prognosis is generated by the many words associated with it.

Key words: radical, word formation, word-formation method, historical radical, cognate words.

References

1 Grammatika khakasskogo yazyka [The grammar of the Khakass language]. / pod redak. prof.

N.A. Baskakova [edited by prof. ON. Baskakova]. (Nauka, Moscow, 1975, 418 p.). [in Russian]

2 Qazaq grammatïkasy [Kazakh Grammar], Fonetïka, sözjasam, morfologïya, sïntaksïs [Phonetics, word formation, morphology, syntax]. (Astana poligrafia, Astana, 2002, 784 p.). [in Russian]

3 Drevnetyurkskiy slovar’ [Old Turkic Dictionary] / Pod red. E.V. Sevortyan [Ed. E.V. Sevortyan].

(Nauka, Leningrad, 1969, 676 p.). [in Russian]

4 Bïzaqov S. Sïnonïmder sözdigi [Dictionary of synonyms]. (Arys, Almaty, 2007, 640 p.). [in Kazakh]

5 Qazaq tiliniñ tüsindirme sözdigi [Explanatory dictionary of the Kazakh language]. / Jalpı redakcïyasın basqarğan T. Januzaqov [General edition. Zhanuzakov]. (Daik-press, Almaty, 2008, 968 p.). [in Kazakh]

6 Khakassko-russkiy slovar’=Khakas-orys sȍstík [Khakass-Russian dictionary = Khakas-Orys сȍстік]. (Nauka, Novosibirsk, 2006, 1114 p.). [in Russian]

Автор туралы мәлімет:

Досжан Р.А. - филология ғылымдарының докторы, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеттің профессоры. Шымкент, Қазақстан.

Doszhan R.A. - Doctor of Philology, Professor of Regional Social-Innovational University, Shymkent, Kazakhstan.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Қажығ ұмар Шабданұлы осы шығармасы арқылы ӛз кӛзімен кӛрген Ресей мен Қытай алпауыт мемлекеттерінің аумағында бодан болып отырған қазақ халқының бір ғасырға жуық уақыт аралығында кӛрген