• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

BULLETIN ВЕСТНИК

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Share "BULLETIN ВЕСТНИК"

Copied!
24
0
0

Толық мәтін

(1)

ISSN (Print) 2616-678Х ISSN (Online) 2663-1288

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің

ХАБАРШЫСЫ

BULLETIN

of L.N. Gumilyov

Eurasian National University

ВЕСТНИК

Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева

ФИЛОЛОГИЯ сериясы Серия ФИЛОЛОГИЯ

PHILOLOGY Series

№2(127)/2019

1995 жылдан бастап шығады Издается с 1995 года

Founded in 1995

Жылына 4 рет шығады Выходит 4 раза в год Published 4 times a year

Нұр-Сұлтан, 2019 Nur-Sultan, 2019 Нур-Султан, 2019

(2)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of the L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series

Бас редакторы Дихан Қамзабекұлы

филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі (Қазақстан) Бас редактордың орынбасары Шолпан Жарқынбекова

филология ғылымдарының докторы, проф. (Қазақстан) Редакция алқасы

Аскер оғлы Рамиз Ф.ғ.д., проф. (Әзербайжан) Ақматалиев Абдылдажан Ф.ғ.д., проф. (Қырғызстан) Бахтикиреева Улданай Ф.ғ.д., проф. (Ресей) Беженару Людмила Ф.ғ.д., проф. (Румыния) Бейсембаева Жанаргүл Ф.ғ.к. (Қазақстан) Біжкенова Айгүл Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Жақыпов Жантас Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Журавлева Евгения Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан)

Жаң Динжиң PhD, проф. (Қытай)

Ескеева Мағрипа Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Ержласун Гүлжанат PhD, ассоц. проф. (Түркия) Қасқабасов Сейіт Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Негимов Серік Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Нұрғали Қадиша Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Нуриева Фануза Ф.ғ.д., проф. (РФ, Татарстан) Райхл Карл Ф.ғ.д., проф. (Германия) Рахманов Носимхан Ф.ғ.д., проф. (Өзбекстан) Риверс Уильям Патрик PhD, проф. (АҚШ) Сәтенова Серікгүл Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Султанов Казбек Ф.ғ.д., проф. (Ресей) Тәжібаева Сәуле Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан)

Хисамитдинова Фирдаус Ф.ғ.д., проф. (РФ, Башқұртстан) Чернявская Валерия Ф.ғ.д., проф. (Ресей)

Шәріп Амантай Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Шәріпова Гүлбану Ф.ғ.к., доцент м.а. (Қазақстан) Экиджи Метин PhD, проф. (Түркия)

Янковский Генрих PhD, проф. (Польша)

Редакцияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Қ.Сәтбаев к-сі, 2, 408 б.

Тел.: +7(7172) 709-500 (ішкі 31-413) E-mail: [email protected]

Жауапты редактор, компьютерде беттеген: Ілияс Құрманғалиев

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы Меншіктенуші: ҚР БжҒМ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 27.03.2018 ж. №16996-Ж тіркеу куәлігімен тіркелген.

Мерзімділігі: жылына 4 рет. Тиражы: 35 дана

Типографияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Қажымұқан к-сі, 12/1, тел.: +7(7172)709-500 (ішкі 31413)

© Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

(3)

Editor-in-Chief Dikhan Kamzabekuly

Doctor of philology, аcademician of NAS RK (Kazakhstan) Deputy Editor-in-Chief Zharkynbekova Sholpan

Doctor of philology, Рrof. (Kazakhstan) Editorial board

Asker ogly Ramiz Doctor of philology, Рrof. (Azerbaidzhan) Akmataliyev Аbdildajan Doctor of philology, Рrof. (Kyrgyzstan) Bakhtikireeva Uldanai Doctor of philology, Рrof . (Russia) Beisembayeva Zhanargul Can. of philology (Кazakhstan) Bezhenaru Lyudmila Doctor of philology, Рrof . (Romania) Bizhkenova Аigul Doctor of philology, Рrof. (Кazakhstan) Chernyavskaya Valeriya Doctor of philology, Рrof. (Russia) Еrzhiasun Güljanat PhD, assos. Prof. (Turkey)

Yeskeyeva Мagripa Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Henryk Jankowski PhD, Prof. (Poland)

Kaskabassov Seit Doctor of philology, Prof . (Кazakhstan) Khisamitdinova Firdaus Doctor of philology, Prof. (RF, Bashkortostan)

Metin Ekiji PhD, Prof. (Тurkey)

Negimov Serik Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Nurgali Kadisha Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Nurieva Fanuza Doctor of philology, Prof. (RF, Tatarstan) Reichl Karl Doctor of philology, Prof. (Germany) Rakhmanov Nasimhon Doctor of philology, Prof. (Uzbekistan) Rivers William Patrick PhD, Prof. (USA)

Satenova Serikkul Doctor of philology, Prof . (Kazakhstan) Sultanov Кazbek Doctor of philology, Prof. (Russia) Sharip Аmantay Doctor of philology, Prof. (Kazakhstan) Sharipova Gulbanu Can. of philology, assos. Prof. (Kazakhstan) Tazhybayeva Saule Doctor of philology, Prof. (Kazakhstan) Zhakypov Zhantas Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Zhang Dingjing PhD, Prof. (China)

Zhuravleva Yevgeniya Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Editorial address: 2, Satвayev str., of. 408, Nur-Sultan, Kazakhstan, 010008

Теl.: +7(7172) 709-500 (ext. 31-413) E-mail: [email protected]

Executive editor, computer layout: Іlyas Kurmangalyev Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University PHILOLOGY Series

Owner: Republican State Enterprise in the capacity of economic conduct «L.N.Gumilyov Eurasian National University» Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan

Registered by Ministry of Іnformation and Сommunication of the Republic of Kazakhstan. Registration certificate No 16996-Ж from 27.03.2018

Periodicity: 4 times a year Circulation: 35 copies

Address of printing house: 12/1 Kazhimukan str., Nur-Sultan, Kazakhstan 010008; tel.: +7(7172) 709-500 (ext. 31413) © L.N. Gumilyov Eurasian National University

(4)

Главный редактор Дихан Камзабекулы

доктор филологических наук, академик НАН РК (Казахстан) Зам. главного редактора Шолпан Жаркынбекова

доктор филологических наук, проф. (Казахстан) Редакционная коллегия

Аскероглы Рамиз Д.ф.н., проф. (Азербайджан) Акматалиев Абдылдажан Д.ф.н., проф. (Киргизстан) Бахтикиреева Улданай Д.ф.н., проф. (Россия) Беженару Людмила Д.ф.н., проф. (Румыния) Бейсембаева Жанаргуль К.ф.н. (Казахстан)

Бижкенова Айгуль Д.ф.н., проф. (Казахстан) Жакыпов Жантас Д.ф.н., проф. (Казахстан) Жан Динжин PhD, проф. (Китай) Журавлева Евгения Д.ф.н., проф. (Казахстан) Ескеева Магрипа Д.ф.н., проф. (Казахстан) Ержласун Гульжанат PhD, ассоц. проф. (Турция) Каскабасов Сейит Д.ф.н., проф. (Казахстан) Негимов Серик Д.ф.н., проф. (Казахстан) Нургали Кадиша Д.ф.н., проф. (Казахстан) Нуриева Фануза Д.ф.н., проф. (РФ, Татарстан) Райхл Карл Д.ф.н., проф. (Германия) Рахманов Насимхон Д.ф.н., проф. (Узбекистан) Риверс Уильям Патрик PhD, проф. (США)

Сатенова Серикгуль Д.ф.н., проф. (Казахстан) Султанов Казбек Д.ф.н., проф. (Россия) Тажибаева Сауле Д.ф.н., проф. (Казахстан)

Хисамитдинова Фирдаус Д.ф.н., проф. (РФ, Башкортостан) Чернявская Валерия Д.ф.н., проф. (Россия)

Шарип Амантай Д.ф.н., проф. (Казахстан) Шарипова Гульбану К.ф.н., и.о. доцент (Казахстан) Экиджи Метин PhD, проф. (Турция)

Янковский Хенрих PhD, проф. (Польша)

Адрес редакции: 010008, Казахстан, г. Нур-Султан, ул. К.Сатпаева, 2, каб. 408 Тел.:+7(7172) 709-500 (вн. 31-413)

E-mail: [email protected]

Ответственный редактор, компьютерная верстка: Ильяс Курмангалиев

Вестник Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия ФИЛОЛОГИЯ Собственник: РГП на ПХВ «Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева» МОН РК Зарегистрирован Министерством информации и коммуникаций РК под номером №16996-Ж от 27.03.2018г.

Периодичность: 4 раза в год Тираж: 35 экземпляров

Адрес типографии: 010008, Казахстан, г. Нур-Султан, ул. Кажимукана, 12/1, тел.: +7(7172)709-500 (вн. 31413)

© Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

(5)

Мазмұны

Фольклор және әдебиеттану

Аймұхамбет Жанат, Исебаева Аяужан. Ертегілердегі «Жер асты әлеміне саяхаттау» мотиві ...777... 8-14 Аққұлы Сұлтан Хан, Жұмағұл Сағымбай, Кемеңгер Қайырбек. Алаштың рухани мұрасындағы ашаршылық туралы тың деректер (1932-33 жылдар) ... 15-21 Арыққарақызы Еркегүл. Ақыт Үлімжіұлының «Мүнаджат хази әл-Хажат» туындысы (идеялық ерекшелігі) ... 22-28 Әшімхан Талдаубек. Тәуелсіздік әдебиеті контексіндегі Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» роман-хамсасы ... 29-35 Байтанасова Қарлығаш, Нұрлыбек Гүлбану. Қазіргі қазақ прозасындағы фольклорлық мотивтер ... 36-44 Ғұбайдуллина Айжан, Қорғанбеков Болат. «Дариға қыз» және «Қисса Шаһизинда»

дастандарының поэтикасы мен типологиясы ... 45-51 Жанысбекова Элмира. Қазақстанның қазіргі заман прозасындағы антикалық және інжілдік бейнелер мен сарындар ... 52-63 Қамзабекұлы Дихан. Түрік танзиматы: заман шындығының әдебиеттегі көрінісі ... 64-74 Нуртаева Гүлнура, Үсен Айгүл. Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы ұлттық мотивтер ... 75-83 Оразбай Сәуле. Орхон-Енисей ескерткіштері мәтіндеріндегі тарихи тұлғалар бейнесі... 84-90 Теміртас Гүлсезім, Кемеңгер Қайырбек. Сұлтанбек Қожанұлының қаламгерлік қызметі мен шығармашылығы ... 91-97 Хамзина Қарлығаш, Қалыбекова Қаламқас, Кулейменова Ләйла. Мағжан Жұмабаев

поэзиясының типологиялық құрылымы ... 98-106

Лингвистика және әдістеме

Алиханқызы Гулия, Ахметбек Гүлжан. Қытай тілін шетел тілі ретінде оқыту әдістері ... 107-115 Ашраф Мұхаммед Аттия. Мәдениетті лингвомәдени антропонимдер арқылы түсіну

(орыс және араб антропонимдері негізінде) ... 116-121 Гришина Арина, Гиздатов Газинұр. АҚШ-тың қазіргі медиалық дискурсындағы мәдени

кодтар ... 122-128 Құлтанова Жанара, Кұсайынова Райса. Коммуникативтік мінез-құлық мәдениеті және

ұлттық (этникалық) стереотиптер ... 129-134 Жарқынбекова Шолпан, Оразаева Құралай, Петкова Сильвия, Қожамқұлова Гүлмира.

Студенттік орталықтандырылған білім беру және тиімді оқыту ортасы ... 135-146 Ерланова Мадина, Жүнісова Жаңыл. Қазіргі орыс тіліндегі бейузуал лексиканың

сөзжасамдық әлеуеті ... 147-156 Бейсенова Назерке , Исенова Фатима. Бақыт Қайырбековтің лирикасындағы «махаббат»

бейнесінің концептуалдық мазмұндағы жалпыадамзаттық және ұлттық тұжырымдамасы .. 157-162 Қарағұлова Балгенже. Қазіргі тіл білімінде жаңа сөздерді зерттеудің негізгі бағыттары... 163-171 Қалибекұлы Толқын. Қытай және қазақ тілдерінің сөз тіркестеріндегі байланысу тәсілдері

мен түрлері ... 172-184 Манапбаева Жаннура, Сейденова Сәуле. Реалияларды өзге тілдерге аудару барабарлығы

(Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» романының орыс, ағылшын тіліндегі аудармалары) ... 185-192 Өтелбай Гүлбайра. М. Дулатұлының «Есеп құралы»: ұмытылған терминдердің мәні мен

мәртебесі ... 193-200 Смағұлова Гүлшат, Мұхаметқалиева Гүлнұр, Мұртаза Анипа, Балтабаева Гауһар.

Ислам терминологиясының Шығыс мәдениетіне енуі: Қытай ... 201-209 Шәріп Амантай. Қазақ поэзиясындағы «Жер-Ана» архетипі: генезис және

трансформация ... 210-217

(6)

Contents

Folklore and Literary Studies

Aimukhambet Zhanat, Issebayeva Ayauzhan. Motive «Zher asty alemine sayachattay» («A travel to the underground world») in fairy tales ... 8-14 Akkuly Sultan Khan, Zhumagul Sagymbay, Kemengger Kaiyrbek. New facts about the famine in Alash’s spiritual heritage (1932-33 years) ... 15-21 Arykkarakysy Erkegul. Produced by Akyt Ulimzhiuly «Munadzhat chazi al-Chazhat»

(ideo feature) ... 22-28 Ashimhan Taldaubek. Roman-Hamza «Abaidyn zhumbagy» («Abai’s mystery») of Ramazan Toktarov in the Context of Non-Sufficient Literature ... 29-35 Baytanasova Kharlуgash, Nurlуbek Gulbanw. Folkloric motives in modern Kazakh prose ... 36-44 Gubaidullina Aizhan, Korganbekov Bolat. Poetics and typology of the epics «Dariga khyz»

(«Dariga gir») and «Kissa Shachzinda» («Kissa Shaxzinda») ... 45-51 Zhanysbekova Elmira. Antique and biblical images and motifs in the modern Kazakhstani prose .. 52-63 Kamzabekuly Dikhan. Тurkic tanzimat: a reflection of the age reality in literature ... 64-74 Nurtayeva Gulnura, Usen Aigul. The national motive in the poetry of Mukagali Makatayev .. 75-83 Orazbai Saule. An image of historical figures in the texts of Orkhon-Yenisei monuments ... 84-90 Temirtas Gulsezim, Kemenger Kairbek. Writing activities and creativity Sultanbek Kozhanov .... 91-97 Khamzina Karlygash, Kalybekova Kalamkas, Kuleimenova Laila. Typological structure of the poetry of Magzhan Zhumabayev ... 98-106

Linguistics and methodics

Alikhankyzy Gulya, Akhmetbek Gulzhan. Modern methods of teaching Chinese as a foreign

language ... 107-115 Attia Ashraf Mohamed. Understanding culture through the prism of linguistic anthroponyms

(Based on Russian and Arab anthroponyms) ... 116-121 Grishina Arina, Gizdatov Gazinur. Cultural codes in the modern media discourse of the USA .. 122-128 Kultanova Zhanara, Kussainova Raisa. Cultural and National (ethnic) stereotypes of

Communicative behavior ... 129-135 Zharkynbekova Sholpan, Urazayeva Kuralai, Petkova Sylvia, Kozhamkulona Gulmira.

Student-centered learning and effective learning environment ... 135-146 Yerlanova Madina, Zhunusova Zhanyl. Word-forming potential of non-usual dictionary in

modern Russian language ... 147-156 Beisenova Nazerke, Issenova Fatima. The theme of «love» in the common human and ethnic

concepts of the poet Bachyt Kairbekov ... 157-162 Karagulova Balgenzhe. New directions of neologisms research in modern linguistics ... 163-171 Kalibekuly Tolkyn. Ways of phrases formation and phrases classification in Chinese and Kazakh

languages ... 172-184 Manapbayeva Zhannura, Seidenova Saule. Аdequacy of translating realia into other

languages (based on Smagul Yelubay’s novel ‘Ak boz uy’ and its translations in the Russian

and English languages) ... 185-192 Otelbay Gulbaira. «Esep kuraly» («Math textbook») of Mirzhakup Dulatuly: the meaning and

status of forgotten terms ... 193-200 Smagulova Gulshat, Mukhametkalieva Gulnur, Murtaza Anipa, Baltabaeva Gauchar.

Integration of Islamic terminology in Eastern culture: China ... 201-209 Sharip Amantai. The archetype «Zher-Ana» («Mother Earth») in Kazakh poetry: the genesis

and transformation ... 210-217

(7)

Содержание

Фольклор и литературоведение

Аймухамбет Жанат, Исебаева Аяужан. Мотив «Жер асты әлеміне саяхаттау» («Путе- шествие в подземный мир») в сказках ... 8-14 Аккулы Султан Хан, Жумагул Сагымбай, Кеменгер Кайырбек. Новые данные о голодоморе в идеологических наследиях Алаша (1932-33 годы) ... 15-21 Арыккаракызы Еркегуль. Произведение Акыта Улимжиулы «Мунаджат хази аль-Ха- жат» (идейные особенности) ... 22-28 Ашимхан Талдаубек. Роман-хамса Рамазана Токтарова «Абайдың жұмбағы» («Тайна Абая») в контексте независимой литературы ... 29-35 Байтанасова Карлыгаш, Нурлыбек Гулбану. Фольклорные мотивы в современной казахской прозе ... 36-44 Губайдуллина Айжан, Корганбеков Болат. Поэтика и типология поэм «Дариға қыз» и

«Қисса Шаһизинда» ... 45-51 Жанысбекова Эльмира. Античные и библейские образы и мотивы в современной прозе Казахстана ... 52-63 Камзабекулы Дихан. Тюркский танзимат: отражение действительности в литературе... 64-74 Нуртаева Гулнура, Усен Aйгуль. Национальные мотивы в поэзии Мукагали Макатаева ... 75-83 Оразбай Сауле. Образы исторических деятелей в текстах орхоно-енисейских памятников 84-90 Темиртас Гульсезим, Кеменгер Кайырбек. Писательская деятельность и творчество Султанбека Кожанова ... 91-97 Хамзина Карлыгаш, Қалыбекова Каламкас, Кулейменова Лейла. Типологическая структура поэзии Магжана Жумабаева ... 98-106

Лингвистика и методика

Алиханкызы Гулия, Ахметбек Гулжан. Современные методы преподавания китай-

ского как иностранного языка ... 107-115 Аттия Ашраф Мохаммед. Понимание культуры сквозь призму лингвоантропонимов

(на материале русских и арабских антропонимов) ... 116-121 Гришина Арина, Гиздатов Газинур. Культурные коды в современном медиадискурсе США... 122-128 Култанова Жанара, Кусаинова Райса. Культурные и национальные (этнические)

стереотипы коммуникативного поведения ... 129-134 Жаркынбекова Шолпан, Уразаева Куралай, Петкова Сильвия, Кожамкулова Гульмира.

Студентоцентрированное обучение и эффективная обучающая среда ... 135-146 Ерланова Мадина, ЖунусоваЖаныл. Словообразовательный потенциал неузуальной

лексики в современном русском языке ... 147-156 Бейсенова Назерке, Исенова Фатима. Общечеловеческое и этническое в концептуаль-

ном содержании образа «любовь» в лирике Бахыта Каирбекова ... 157-162 Карагулова Балгенже. Основные исследования неологизмов в современном языкознании ... 163-171 Калибекулы Толкын. Способы и виды связи словосочетаний в китайском и казахском языках 172-184 Манапбаева Жаннура, Сейденова Сауле. Адекватность передачи реалий на другие языки

(на основе романа Смагула Елубая «Ак боз уй» и его переводов на русский и английский языки)... 185-192 Өтелбай Гүлбайра. «Есеп құралы» («Учебник по математике») Миржакупа Дулатулы:

значение и статус забытых терминов ... 193-200 Смагулова Гульшат, Мухаметкалиева Гулнур, Муртаза Анипа, Балтабаева Гаухар.

Интеграция исламской терминологии в Восточной культуре: Китай ... 201-209 Шарип Амантай. Архетип «Жер-Ана» («Мать-Земля») в казахской поэзии: генезис и

трансформация ... 210-217

(8)

45

№2 (127)/2019

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series

ХҒТАР 17.07.51

Айжан Ғұбайдуллина, Болат Қорғанбеков

Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (E-mail: [email protected])

«Дариға қыз» және «Қисса Шаһизинда» дастандарының поэтикасы мен типологиясы Аңдатпа. Қазақтар арасында ауызша да, кітаби түрде де кең тараған діни мазмұндағы шығармалардың қатарында «Дариға қыз» және онымен мазмұндас «Қисса Шаһизинда» дастанда- рын атауға болады. «Дариға қызды» алғаш рет М.Жұмашұлы, ал «Қисса Шаһизинданы» Ж.Шайхыс- ламұлы жариялаған. Екі дастанда да көптеген діндерде құтқарушы ретінде көрсетілетін Мәһди бас кейіпкер болып көрінеді. Алайда бұл екеуіндегі Мәһдидің ата-анасы мен дүниеге келуі жайындағы мәліметтерде елеулі діни-дүниетанымдық айырмашылықтың көрінісі бар. «Дариға қыз- да» шиға- лық көзқарастың орны елеулі түрде көрінеді. Діни ұстанымы сүнниттік болғаны айқын Ж.Шайхыс- ламұлының «Қисса Шаһизиндасында» «Дариға қыздағы» осы ұстанымды терістеу мақсатында, Шығыс әдебиетіндегі «жауап» дәстүрінің арнасында жазғаны аңғарылып тұрады. Бұл екі кісіні де аталған дастандардың авторы деп айту қиын. Екі дастанның да мазмұнынан және көркемдігінен олардың фольклорлық айналымда көп болғаны және әуелгі шығарушылары оларды халық аузында айтылған аңыздар негізінде тудырғаны көрініп тұрады. Екі шығарманы салыстыра зерттеу фоль- клор мен жазба әдебиеттің өзара байланысын, қазақ даласындағы діни көзқарастардың сөз өнерінде із қалдыруын тереңірек тануға жол ашады.

Түйін сөздер: М.Жұмашұлы, Ж.Шайхысламұлы, діни дастан, фольклорлық сарын, нәзира, джауаб.

DOI: https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-127-2-45-51 Кіріспе. ХХ ғасырдың басы қазақ даласында сан алуан саяси, мәдени, дүниетаным- дық ағымдар мен бағыттардың белсенді қатар және қарама-қайшы әрекет еткен кезеңі бол- ды. Оның ізі сол тұстағы сөз өнерінде жақсы бедерленіп қалды. Бұл күрделі кезеңдегі сан алуан үдерістердің астарында діни дүниетанымның ықпалы да күшті болғаны мәлім. Қазақ халқы өзін исламның сүнниттік бағытында, шариғи мәселелер бойынша Имам Ағзам мәз- хабындамыз деп есептегенімен, бұдан өзге де діни көзқарастардың елеулі орын алғанын діни мазмұндағы шығармалардан аңғаруға болады. Осындай көзқарастар қайшылығын та- нытатын, бір сюжетті түрліше жырлаған «Дариға қыз», «Қисса Шаһизинда» дастандарын зерделеу арқылы сол тұстағы қазақ даласындағы рухани үдерістердің бір ұштығына қол жеткізгендей боламыз. Оларды хатқа түсірген М.Жұмашұлы мен Ж.Шайхысламұлының діни танымы аталмыш шығармалардың арасындағы мазмұндық алшақтықтың тууына се- беп болған. Алайда олардағы діни мазмұн халықтық эстетикалық талғамның тасасында қалып қойған.

Зерттеудің басты мақсаты – «Дариға қыз» және «Қисса Шаһизинда» дастандарын- дағы мазмұндық және көркемдік ұқсастықтар мен айырмашылықтарын себебін көрсету.

Олардағы фольклорлық пен дара шығармашылықтың үлесін айқындау. Бұл мақсаттан мы- надай міндеттер туындайды:

- «Дариға қыз» дастанының пайда болуына М.Жұмашұлының қатысын көрсету;

- «Дариға қыз» дастанындағы Мәһди бейнесінің даралық сипатын пайымдау;

- «Қисса Шаһизинда» жазылуындағы Ж.Шайхысламұлының орнын айқындау;

- екі дастанның арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтардың сырын ашу;

- екі дастанның фольклорлық және Шығыс әдебиетіндегі көркемдік дәстүрлерге қа- тысын таныту;

(9)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series

46

№2 (127)/2019

- екі шығармадағы фольклорлық сарындардың үлесі мен көркемдік қызметін саралау;

- екі шығармадағы жеке шығармашылықтың үлесін пайымдау.

Мақаланың жазылу барысында салыстырмалы, тарихи-салыстырмалы, кешенді зерттеу әдістері қолданылды.

Талдау мен нәтиже. «Дариға қыз» дастанының шығу тегі жағынан фольклорлық екендігі айқын аңғарылады. М.Жұмашұлының бұл дастанға қатысы авторлықтан гөрі, хатқа түсірушіге жақынырақ. Дегенмен ол қазақ дастандарында және өзге де эпикалық туын- дыларды кездесе бермейтін шиғалық ұстанымдағы Мәһди бейнесін жасаған. Ж.Шайхыс- ламұлы осы көзқарасты терістеу бағытында «Қисса Шаһизинданы» жазған. Алайда ол да дайын, өзіне дейін болған сюжет пен образдарды пайдаланғандықтан, оны да туындының толыққанды авторы деп есептеу қиын. Дегенмен «Қисса Шаһизинданың» жазылу мақса- тында Шығыс әдебиетіндегі жауап дәстүрі басты орын алған. Бірақ, екі дастанда да фоль- клорлық дәстүрлі сарындардың үлесі басым. Бұл фольклорлық сарындар қос шығарманың халық арасында кең тарауына мүмкіндік берген. Олар ауызша да, жазбаша да қатар тараған.

Қазақтар арасында ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап кітаби дастандар кең тарай бастады. Олардың үлкен бір шоғырын діни мазмұндағы туындылар құрайды. Солардың қатарында «Дариға қыз» және «Қисса Шаһизинда» дастандары да бар. Бұл екі дастан ортақ сюжетке құрылған. Олардың арасында мазмұндық-сюжеттік байланыс көп. Оның өзіндік себептері бар. Біз бұл мақаламызда, негізінен алғанда, осы мәселені жан-жақты ашып көр- сетуді мақсат еттік. «Дариға қыз» дастанын алғашқы жариялаушы – Мәулікей Жұмашұлы.

Ол 1836 Тобыл губерниясынан Ялутур уезіне қарасты Сейінғұл болысында туылған деген деректер бар. Ал қайтыс болған жылы белгісіз. Мәулікейдің жариялаған шығармаларының қатарында «Қисса Салсал», «Қисса Сейітбаттал», «Қисса Наушаруан», «Қисса Гүлжәмила қыздың хикаясы», «Диуана Шейх Бұрқы», «Қисса Тамимдер», «Дариға қыз», «Жұмжұма»

дастандары айтылып жүр [1].

«Дариға қыз» дастанының М.Жұмашұлына қаншалықты тиесілі екендігі әлі айқын- далмаған басы ашық мәселе. Біз ол жайында арнайы мақала жариялаған болатынбыз [2, 181-183 б.]. Дастанның негізгі жариялаушысы Мәулікей болғандықтан, шығарма соның атына телініп жүр. «Дариға қыз», «Қисса Шаһизинда» дастандары «Бабалар сөзі» көп том- дығында жариялануы көпшіліктің оны фольклорлық туынды деп есепке алғандығын көр- сетеді. Яғни «Дариға қыз» телініп жүрген М.Жұмашұлын да, «Қисса Шаһизинда» телінген Ж.Шайхысламұлын да бұл шығармалардың авторы деп айту қиын. Бұл дастандар, негізі- нен алғанда, халық арасында ауызша тараған фольклорлық туынды болуға тиіс. Әуелгі шығарушысы діни сауатты адам болғанымен, ол ауызша кең тарап, қарапайым халық таны- мына сай қайта өңделген. «Дариға қыз» дастанының хатқа түскен бірнеше нұсқалары бар.

Атап айтсақ, «Дариға қыз қиссасы», «Ер Ғали мен балуан Дариға қыздың күрескен мәсе- лесі», «Әли батыр», «Дариға қыз», «Қыз Дариға», «Қыз Дариға мен Әзірет Әлидің күресі»,

«Әзірет Әли мен Дариғаның күресі» [3, 106-107 б.].

Бұдан дастанның едәуір кең тарағандығын байқаймыз. «Дариға қыз» алғаш жария болғаннан кейін, оның артынша-ақ, 1898 жылы Ж.Шайхысламұлы «Қисса Шаһизинда»

дастанын жариялады. Бұл екеуін бір сюжетке құрылған туынды деп есептеуге болады.

Ж.Шайхсламұлының Мәулікей жариялаған шығарманың сюжеттік желісін біршама өз- гертіп, өңдеп, басқа атпен жариялауында бірнеше себептер бар. Бұл себептерді көрсетпес бұрын олардың арасындағы айырмашылықтарға тоқталып өтуіміз қажет. Бұлардағы айыр- машылықтарды Б.Әзібаеваның «Қазақ дастандары» еңбегіндегі салыстырулар бойынша бере кетейік: «Мысалы, «Дариға қызда» (Мәулікей нұсқасы) Қатыран қала атауы болса,

«Шаһизинда» (Жүсіпбек нұсқасы) дастанында ол – патшаның есімі. Мұнда қаланың аты – Самарқан; шығарманың кіріспесі бірінші нұсқада тым қысқа жазылған; сондай-ақ мұн- да Әли батырға жолығатын кісі кемпір болса, екінші нұсқада ол – қарауыл; алғашқы ва-

(10)

47

№2 (127)/2019

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series

риантта Дариға алтын діңгекке өзі келсе, екіншісінде қызметкерлері кілемге отырғызып әкеледі. Мәулікейде – қыздың әкесі бар болса, Жүсіпбекте қайтыс болған; бірінші нұсқада Әли хазірет пен Дариға он төрт күн күрессе, Жүсіпбекте он бес күн алысады; Шаһизинда

«әкесінің Әли екенін» балалардың аузынан естісе, Жүсіпбекте – кемпірден естиді. Мәу- лекейде Шаһизинда Мекке-Мәдинеге керуенге ілесіп барса, Жүсіпбек нұсқасында «Қызыр бабаның жол сілтеуімен» тез жетеді т.б.» [3, 108 б.].

Бұл жерде әрине нәзиралық дәстүрдің де ізі бар. Бірақ бұны тек қана нәзиралық дәстүрге қатыстырып қойсақ жеткіліксіз болар еді. Өйткені, Ж.Шайхысламұлының бұл дастанды жазуда М.Жұмашұлымен көзқарасындағы қайшылықты, келіспеушілікті аңға- рамыз. Бұрыннан келе жатқан мұндай көзқарас шығыс әдеби дәстүрлерінде де бар. Оның біреуі – «жауап», біреуі – «қиная» деп аталады [4, 3 б.].

Ж.Шайхысламұлының Мәулікеймен жарыса бір сюжетке шығарма жазуында нәзи- раның да, жауаптың да, қинаяның да сипаттары бар. Нәзира – шығармашылық жарысты білдірсе, жауап – өзге шығармаға деген диалогтық қатынасты білдіреді. Бұл жерде келіс- пеушілік көбірек байқалады. Себебі Ж.Шайхысламұлы өңдеуінде бас кейіпкерлердің аты ауыстырылған. Бұлардың бәрі ненің себебінен шықты деген сұраққа жауап алу үшін, Ис- лам тарихына біраз үңілудің қажеттілігі туады. М.Жұмашұлы өзі жариялаған «Дариға қыз»

дастанындағы бас кейіпкер имам Мәһди, әуелден өзге діндерде де бар. Иудаизмде Машиах деп аталса, христиандықта Мессия делінеді [5, 98-111 б.].

М.Жұмашұлы өзі жариялаған дастанының бас кейіпкерін Исламдағы құтқарушы бейнесімен байланыстырып жіберген. Бірақ оның көзқарасында шиғалық (шиизм) бағыт- тың ұстанымы байқалады. «Шиизмнің негізгі құтқарушы тұлғасы ретінде 12-ші имам Мұ- хамед Абуль Қасым болды. Ол 873 жылы Бағдатта дүниеге келген. Шамамен 12 жасында жоғалып кеткен. Кейін уақыты келгенде осы бала Мәһди «Құтқарушы» болып халыққа шығады деген түсінік бар» [5, 68 б.]. Сондай-ақ мұны біз мәтіннен де байқаймыз. Мәтін- нің ішінде М.Жұмашұлы имам Мәһди деп айтып отырады. Бұдан біз М.Жұмашұлының шиғалық көзқарастағы ұстанымды жырға қосқандығын байқаймыз. Ал енді М.Жұмашұлы- ның өзінің шиғалық бағытқа қаншалықты қатысы бар екендігін біз әлі анықтаған жоқпыз.

Бұл мәселеде оның өмір деректері көбірек іздестірілуі керек. Ал қазір тек М.Жұмашұлы шиғалық көзқараста болуы мүмкін деген болжам ғана айтуға болады. Ал шиғалық бағытты қолдамайтын, өзінің сүнниттік бағытта екені мәлім Ж.Шайхысламұлы осы Мәулікей бер- ген мәліметтерді реттеу үшін, өзі есептеген қателікті орнына келтіру мақсатында «Қисса Шаһизинда» дастанын жазған болуы тиіс.

Шаһизинда – тарихта болған, Мұхаммед с.ғ.с пайғамбардың немере інісі Кусам Ибн Аббастың лақап есімі. Халық аузындағы аңыз бойынша, ол Ислам дінін тарату мақса- тында Самарқанд қаласына келеді. Дін дұшпандарымен соғыста басынан айрылады. Аңыз бойынша, ол кесілген басын қолымен көтеріп, қуысқа кіріп кетеді. Халық оның жерге кіріп кеткен тұсын жәннаттың орналасқан жері екен деп аңыздайды [6, 66 б.]. Бірақ оны жұрт ешқашан Мәһдимен байланыстырған емес. Бұл туралы жақсы білген Ж.Шайхысламұлы М.Жұмашұлының редакциясын дұрыс деп таппаған. Сөйтіп, өзі қателік деп есептеген мәліметті дұрыстау мақсатында «Қисса Шаһизинданы» жазған. Осыған байланысты, бұл дастанның пайда болуында шығыстық «жауап» дәстүрінің орны үлкен дей аламыз.

Ж.Шайхысламұлы қандай өзгерістер жасады дейтін болсақ, біріншіден, оның нұсқа- сында 12-ші имам деген көзқарас мүлдем жоқ. Бұрыннан айтылып келе жатқан жердің астына кіріп кету сияқты фольклорлық сарынның шиғалық көзқараспен астасып кетуі де мұнда байқалмайды.

Екі дастан да, негізінен алғанда, фольклорлық сарындарға өте бай. Бұл шығарманың халық шығармашылғында едәуір айналымға түскендігін байқатады. Бұнда ежелден келе жатқан дәстүрлі сарындар мол. Екеуінде де алып қаһарман әйелдің бейнесі бар. Күресіп,

(11)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series

48

№2 (127)/2019

өзімді жеңген жігітке тұрмысқа шығамын деп жар салып, бас қаһарманмен жойқын күрес нәтижесінде жеңіліске ұшырап, оған жар болатын алып қыз – әлем халықтарының сөз өнерінен кең орын алған типологиялық бейне. Мысалы, «Қорқыт ата кітабындағы» Бам- сы-Бәйрек туралы жырда Бану-Шешектің Бамсымен күресіп, тұрмысқа шығатыны бар [7, 49 б.]. «Қорқыт ата кітабындағы» бұл эпизод халық дастандарынан да кең орын алған.

В.М.Жирмунский «Алпамыс батырдың» Фазыл Юлдашев жырлаған вариантындағы Бар- шынның бейнесінің де осы үлгімен жасалғанына көңіл бөледі [8, 40 б.]. Бұл сарынды әлем халықтарының фольклорынан көптеп табуға болады.

Әке мен баланың бірін-бірі танымай күресуінің тұрақты сарын ретінде кең тарауы- на Фирдоусидің «Шаһнамасының» тигізген әсері зор. «Шаһнаманың» Рүстем мен Зорабқа арналған тарауында осы сарын басты орын алынған. Дастанның бұл бөлімі ХХ ғасырдың басындағы аудармалар арқылы қазақтар арасында кеңінен танымал болды. Оны аударған- дар – Т.Ізтілеуұлы [10, 312 б.] мен М.Сералиндер [11, 260 б.]. Орыс былиналарының ішінде де осы сарын орын алған шығармалар кездеседі. Мәселен, Илья Муромецтің өз ұлымен соғысын бейнелейтін сарын орыс фольклорында өте кең тараған [12, 283 б.]. «Шора батыр»

жырының татар варианттарында да осы бар. Мұнда бас қаһарман орыс қызына үйленеді.

Мұсылмандықты қабылдамаған ол қыз батырдан жүкті болған соң, өз еліне қашып кетеді де, батыр кейін орыс қызынан туылған өз ұлымен күреседі [9, 30 б.].

Өте ерте замандардан келе жатқан жар таңдау сарының да екі дастандағы орны бөлек. Зерттерушілердің пікірінше, бұл сарын анаеркі (матриархат) дәуірінде қалыптасқан.

Бұл туралы фольклортанушы С.Қасқабасов былай дейді: ««Қамбар батыр» жырындағы қыздың күйеу таңдағаны жайындағы сюжетке келетін болсақ, бұл да – ең ескі сюжет- тердің бірі, ол ежелгі аналық ру дәуіріне меңзейді. Бірақ, әрине, кейінгі аталық ру уақытын- да басқа мәнге ие болған да, қыздың күйеу таңдауы – әкесінің ісі болып көрінеді. Сөйтіп, қыз әкесінің бұйыруы бойынша елдегі бүкіл еркекті шолып, өзіне Назым күйеу таңдауға мәжбүр болады. Рас, кейбір ертегілерде патшаның қызы өз еркінше күйеу таңдайды, алайда оның бұл қылығы, көп жағдайда,– тәлпіштік, еріккендік, хан қызының ойына кел- гендігін істегендік деп бағаланады» [13, 451 б.]. Бұл сарын қазақ фольклорында «Қамбар батырдан» басқа «Қобыланды батыр» мен эпостарынан байқалады. «Қобыланды батырда»

– Құртқа да Назым сияқты жар салып, өзінің күйеу таңдайтын шарттарын жариялайды. «Да- риға қыз» бен «Қисса Шаһизинда» да Дариғаның қойған шарттары осыған ұқсайды.

Екі дастандағы бас қаһарманның өзінің әкесі жайында кездейсоқ білуі де – кең та- раған фольклорлық сарын. Ол «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Алпамыс батыр» жырларын- да, «Ер Төстік» ертегісінде және көптеген халық туындыларында кездеседі.

Сондай-ақ, жерге кіріп кету де – фольклорлық дәстүрлі сарын. Бұл сарынға құрылған біршама аңыздар бар. Мысалы, «Жылаған ата» аңызы. «Құрышқан ата мен Шаш ана екі бөлек тұрыпты. Бір күні ай-күні жеткен Шаш ана еріне келе жатып, жолшыбай арбаның (үлкен екі дөңгелекті арба) үстінде босаныпты-мыс. Бірақ мес (перделі бала) табады.

Осы төңіректе «Мес» деген жер бар. Оны Шаш ананың месті туған жері дейді екен.

Бірақ Құрышқан атаға жеткенінше арбаның шайқатылуымен мес жарылып, бір бала шығады да, тұра қашады. Шешесі соңынан тұра қуады. Ақыры жетуге айналғанда бала

«Қара тас, жарыл!» деп айқайлапты-мыс. Сол кезде таудан үңгір пайда болып, бала соған кіріп жоқ болады. Сол бала кейіннен Жылаған ата деген әулие атанады» [14, 123]. Қандай да бір үңгірге, жердің қуысына кіріп кетіп қиямет қайымда қайта шығатын адамдар болады деген түсінік ислам дүниесінде кең тараған. Ол Құранның өзінде де бар. Құранның 18-ші,

«Кәһф» сүресінде айтылған.

«Қисса Шаһизинда» мен «Дариға қыз» дастандарын, негізінен алғанда, таза діни шығарма деп айтуға толық келмейді. Себебі, бұл жерде діни нақтылықтан гөрі, аңыздық сипат басым. Бірақ олардағы басты кейіпкерлер ислам тарихында бар, дін қайраткерлері.

(12)

49

№2 (127)/2019

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series

Атап айтсақ, Әзірет Әлі, Фатима т.б. тарихта болған адамдар. Дәстүрлі сарындардың мол- дығынан бұл туындылардың халық арасында едәуір ауызша айтылғандығын көреміз.

Ж.Шайхысламұлының бұған дейін де қате басылған туындыларды түзету мақсатын- да еңбектенгені мәлім. Мәселен, «Қыз Жібек» жырын бірнеше рет қайта бастырғаны мәлім.

Алайда оны «Қыз Жібектің» авторы ретінде қарауға болмайды. Дегенмен, қате басылған туындыларды, көзқарас, стиль, тіл тазалығы тұрғысында түзету жұмыстарын жасаған- дығы белгілі. Ж.Шайхысламұлының «Қисса Шаһизинда» дастанын да М.Жұмашұлы жариялаған «Дариға қыздағы» діни-теологиялық көзқарасты қате деп есептегендіктен жазғанын әлі де айқындай түсу қажет. Бұл, бір жағынан, қазақ даласындағы діни көзқа- растардың бір-бірімен қарым-қатынасын, қайшылығын, байланысын көрсетсе, екінші- ден, көне шығыстық дәстүрлердің қазақ топырағында ХІХ ғасырда да жалғасқандығын аңғартады.

Біз салыстырып отырған «Дариға қыз» бен «Қисса Шаһизинда» жырын хатқа түсіріп, баспаға берген кісілер белгілі болғанмен, оларды толыққанды автор деп айта алмайтыны- мызды жоғарыда білдіріп өттік. Ендеше, не себептен бұларды автор деп есептемейтінімізді де біршама тарқатып айтайық. Біріншіден, ол шығармаларға негіз болған сюжеттің өзі аңыздан алынған. Екіншіден, бұл аңызды дастанға айналдырушының кім екені айқын емес.

М.Жұмашұлы да, Ж.Шайхысламұлы да бізге белгісіз айтушылардың аузынан хатқа түсір- ген болу керек. Үшіншіден, жоғарыда тоқталып өткеніміздей екі дастан да фольклорлық сарынға өте бай. Осылардың бәрін ескере келгенде, бұл шығармаларды авторлы әдеби туындыдан гөрі фольклорлық шығарма деп есептеген жөн. Дегенмен, мұнда М.Жұмашұлы мен Ж.Шайхысламұлының қолтаңбасы мүлдем жоқ деп айтуға болмайды. М.Жұмашұлы дастанға шиғалық көзқарасқа қатысты 12-ші имам ұғымын кіріктірсе, Ж.Шайхысламұлы осыны түзету бағытында жұмыс істеген. Ол да «Кусам Ибн Аббас» туралы аңыз бен «Да- риға қыз» жайындағы аңызды біріктіріп жіберген. «Кусам Ибн Аббас» туралы аңызда бас қаһарманның Әзірет Әлінің ұлы екендігі айтылмайды, керісінше, ол Пайғамбардың немере інісі деп айтылады. «Қисса Шаһизинданың» бас кейіпкерінің түп тұлғасы болған Кусам Ибн Аббас Әзірет Әлінің ұлы болмаса да, «Қисса Шаһизинда» дастанында да, «Дариға қы- здағы» сияқты оны Әлінің ұлы етіп көрсеткен. Яғни бұл жерде халық аңызын өңдеп, өзге шығармаға айналдыру әрекеті М.Жұмашұлының да, Ж.Шайхысламұлының да қолтаңба- сынан көрінеді. Ол екеуін де «Қисса Шаһизинда» мен «Дариға қыздың» авторы деп есеп- теуге болмайды. Олар тек дайын туындыны өз көзқарастарына сай өңдеуші, хатқа түсіруші, жариялаушы деп айтқан жөн.

Қорытынды. «Дариға қыз» дастаны діни хикаялар мен фольклорлық ойлаудың астасуынан туған. М.Жұмашұлының редакциясы негізінде оған 12-ші Имам жөнінде- гі шиғалық көзқарас енгізілген. Осы көзқарасты терістеу үшін Ж.Шайхысламұлы «Қис- са Шаһизинда» дастанын жазған. Осылайша сюжеттік және образдар жүйесі бір негізден туған екі шығарманың арасында елеулі айырмашылық пайда болған. Алайда жеке шығар- машылық иелерінің редакциялық өңдеулері олардағы фольклорлық сипатты көмескілен- діре алмаған. Ж.Шайхысламұлының шығармашылық әрекетінде Шығыс әдебиетінде бар жауап дәстүрінің рефлекциясы басшылыққа алынған. Осылайша діни мазмұн мен Шығыс әдебиеті мен қазақ фольклорының көркемдік дәстүрлері қатар өрілген, өзгеше тұрпатты шығармалар пайда болып, халық көңілінен шыққан, сол себепті таралуда кең өріс тапқан.

Әдебиеттер тізімі

1 Ыбырай С. Қазақ тіліндегі қиссалардың авторы татар ма / С. Ыбырай // Жас қазақ. 2005, № 15.

2 Ғұбайдуллина А. Мәулікей Жұмашұлы және кітаби ақындар дәстүрі / А. Ғұбайдуллина // Тарту - Алматы: Жазушы, 1998. - 245 б.

(13)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series

50

№2 (127)/2019

3 Әзібаева Б. Қазақ дастандары. / Б. Әзібаева - Алматы: Жазушы, 2009. – 288 б.

4 Бертельс А.Е. Художественный образ в искусстве Ирана IX-XV веков (слово, изоброжение) / А.Е. Бертельс - Москва: Издательская фирма «Восточная литература» РАН, 1997. – 422 с.

5 Таирова Б.Л., Кемелбаев Е.А. Мұсылмандық-христиандық дүниетанымдағы құтқарушы бейнесі: монография. / Б.Л. Таирова, Е.А. Немелова - Астана: Күлтегін, 2015. - 122 б.

6 Умняков И., Алескеров Ю. Самарканд: Справочник-путеводитель. Издание четвортое, исправленное и дополненное. / И.И. Умняков, Ю.Н. Алескеров – Ташкент: Узбекистан, 1967. – 167 с.

7 Қорқыт ата кітабы. / редакторы Ә. Қоңыратбаев - Астана: Фолиант, 2008. – 608 б.

8 Жирмунский В.М. Тюркский героический эпос. / В.М. Жирмунский – Ленинград: Наука, 1974. – 727 с.

9 Қорғанбеков Б.С. «Шора батыр» эпосы: нұсқалары, генезисі, тарихилығы. / Б.С. Қорғанбеков – Астана:

Фолиант, 2014. – 302 б.

10 Ізтілеуов Т. Рүстем-Дастан (Фердауси «Шаһнамасының» желісімен жазылған қаһармандық жыр). Бірін- ші кітап. / Т. Ізтілеуов - Алматы: Жазушы, 2004. – 336 б.

11 Сералин М. Мақалалары, публицистикалық шығармалары, поэмалары және аудармалары.

/ М. Сералин - Астана: Аударма, 2002. – 344 б.

12 Азбелев С.Н. Историзм былин и специфика фольклора. / С.Н. Азбелев – Ленинград: Наука, 1982. – 328 с.

13 Қасқабасов С.А. Жаназық. / С.А. Қасқабасов - Астана: Аударма, 2002. – 584 б.

14 Дүйсенбі А. Аңыздар мен абыздар. / А. Дүйсенбі - Астана: Фолиант, 2017. – 320 б.

Айжан Губайдуллина, Болат Корганбеков

Евразийский национальный университет им. Л. Н. Гумилева, Нур-Султан, Казахстан

Поэтика и типология поэм «Дариға қыз» и «Қисса Шаһизинда»

Аннотация. В числе распространенных среди казахов произведений религиозного содержа- ния, как устно, так и книжно, можно назвать поэмы «Дариға қыз» и «Қисса Шаһизинда». Поэму «Да- риға қыз» впервые опубликовал М.Жумашулы, а поэму «Қисса Шаһизинда» – Ж.Шайхысламулы.

В обоих дастанах Махди, как спаситель во многих религиях, становится главным героем.

Однако в этих сведениях о рождении и родителях Махди имеется существенное религиозно-миро- воззренческое различие. В поэме «Дариға кыз» имеет существенное значение взглядов чига. Как известно Ж.Шайхысламұлы придерживался суннитских взглядов и можно заметить, что в целях отрицания взглядов чига в поэме «Дариға қыз», он написал поэму «Қисса Шаһизинда» по тра- диции «назира» Восточной литературы. Сложно назвать этих людей авторами данных поэм. По содержанию и красочности обоих дастанов видно, что они были в фольклорном обороте больше, и изначально их создатели создавали их на основе легенд, о которых говорится в устах народа. Срав- нительное исследование двух произведений способствует более глубокому познанию взаимосвязи фольклора и письменной литературы, оставлению следов религиозных взглядов в казахской степи.

Ключевые слова: М.Жумашулы, Ж.Шайхысламулы, религиозная поэма, фольклорный мо- тив, назира, джауаб.

Aizhan Gubaidullina, Bolat Korganbekov

L.N.Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan

Poetics and typology of the epics «Dariga khyz» («Dariga gir») and «Kissa Shachzinda» («Kissa Shaxzinda»)

Abstract. Among the works of religious content, distributed both in oral and in book form among the Kazakhs, the epics of the «Dariga Kyz» and similar in content «Kissa Shahizinda» can be called. For the first time, «Dariga Kyz» was published by M.Zhumashuly, and «Kissa Shahizinda» by J.Shaikhslamov.

In both epics, the main character is Mahdi, who is represented in many religions as a savior. However, in both epics there are significant religious and ideological differences in the data on the parents and the birth

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

– діни экстремизмнің пайда болуына себеп болатын факторларға шолу жасау;.. Вестник Торайгыров университет, ISSN 2710-3439.. – діни

Жұмыскерлердің еңбек жəне денсаулығын қорғау - бұл құқықтық, əлеуметтік – экономикалық, емдік алдын алу, оңалту жəне өзге де іс-шараларды

Түркия ғалымдары «Поло» ойынының пайда болуы мен оның прототипі «чауган» туралы және бұл ойын түркілердің дәстүрлі ойыны болғаны жөнінде

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан E-mail: [email protected]¹, [email protected]², [email protected]³ Рухани жаңғыру процесіндегі қоғамның саяси

Осылайша, тақырыптың өзектілігі кеңестік әскери баспасөздің әскери қызметшілерді па- триоттық тәрбиелеу тәжірибесін жалпылау- дың объективті қажеттілігімен анықталады, бұл 1960-1990

Деректер қоймасының сұлбасы Kyubit Business Intelligence және Microsoft Analysis Services жүйелерінде құрылған гиперкуб Бұл жұмыста Kyubit Business Intelligence бағдарламалық құралы

Сондай-ақ қазақ тілінде т-мен айтылатын көптеген сөздер өзбекше д-мен айтылады, алайда бір түбірден немесе бір ұядан тараған сөздердің қатары толыққан сайын бұл қағида- ның әр уақытта

Қазақстан мемлекетіндегі маңызды «Цифрлық Қазақстан – 2020» бағдарламасында ел экономикасын, жекелеген салаларды цифрландыру қажеттілігі айтылған болатын және бұл үшін кәсіби кадрларды