ISSN (Print) 2616-678Х ISSN (Online) 2663-1288
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
ХАБАРШЫСЫ
BULLETIN
of L.N. Gumilyov
Eurasian National University
ВЕСТНИК
Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева
ФИЛОЛОГИЯ сериясы Серия ФИЛОЛОГИЯ
PHILOLOGY Series
№1(126)/2019
1995 жылдан бастап шығады Издается с 1995 года
Founded in 1995
Жылына 4 рет шығады Выходит 4 раза в год Published 4 times a year
Астана, 2019
Astana, 2019
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of the L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
Бас редакторы Дихан Қамзабекұлы
филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі (Қазақстан) Бас редактордың орынбасары Шолпан Жарқынбекова
филология ғылымдарының докторы, проф. (Қазақстан) Редакция алқасы
Аскер оғлы Рамиз Ф.ғ.д., проф. (Әзербайжан) Ақматалиев Абдылдажан Ф.ғ.д., проф. (Қырғызстан) Бахтикиреева Улданай Ф.ғ.д., проф. (Ресей) Беженару Людмила Ф.ғ.д. проф. (Румыния) Бейсембаева Жанаргүл Ф.ғ.к., (Қазақстан) Біжкенова Айгүл Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Жақыпов Жантас Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Журавлева Евгения Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан)
Жаң Динжиң PhD, проф. (Қытай)
Ескеева Мағрипа Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Ержласун Гүлжанат PhD, ассоц. проф. (Түркия) Қасқабасов Сейіт Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Негимов Серік Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Нұрғали Қадиша Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Нуриева Фануза Ф.ғ.д., проф. (РФ, Татарстан)
Райхл Карл Ф.ғ.д., проф. (Германия)
Рахманов Носимхан Ф.ғ.д., проф. (Өзбекстан) Риверс Уильям Патрик PhD, проф. (АҚШ) Сәтенова Серікгүл Ф.ғ.д. проф. (Қазақстан) Султанов Казбек Ф.ғ.д., проф. (Ресей) Тәжібаева Сәуле Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан)
Хисамитдинова Фирдаус Ф.ғ.д., проф. (РФ, Башқұртстан) Чернявская Валерия Ф.ғ.д., проф. (Ресей)
Шәріп Амантай Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Шәріпова Гүлбану Ф.ғ.к., доцент м.а. (Қазақстан)
Экиджи Метин PhD, проф. (Түркия)
Янковский Генрих PhD, проф. (Польша)
Редакцияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Астана қ., Қ.Сәтбаев к-сі, 2, 408 б.
Тел.: +7(7172) 709-500 (ішкі 31-413) E-mail: [email protected]
Жауапты редактор, компьютерде беттеген: Ілияс Құрманғалиев
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы Меншіктенуші: ҚР БжҒМ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 27.03.2018 ж. №16996-Ж тіркеу куәлігімен тіркелген.
Мерзімділігі: жылына 4 рет.
Тиражы: 35 дана
Типографияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Астана қ., Қажымұқан к-сі ,12/1, тел.: +7(7172)709-500 (ішкі 31413)
© Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Editor-in-Chief Dihan Kamzabekuly
Doctor of philology, аcademician of NAS RK (Kazakhstan) Deputy Editor-in-Chief Zharkynbekova Sholpan
Doctor of philology, Рrof. (Kazakhstan) Editorial board
Asker ogly Ramiz Doctor of philology, Рrof. (Azerbaidzhan) Akmataliyev Аbdildajan Doctor of philology, Рrof. (Kyrgyzstan) Bakhtikireeva Uldanai Doctor of philology, Рrof (Russia) Beisembayeva Zhanargul Can. of philology, (Кazakhstan) Bezhenaru Lyudmila Doctor of philology, Рrof (Romania) Bizhkenova Аigul Doctor of philology, Рrof. (Кazakhstan) Chernyavskaya Valeriya Doctor of philology, Рrof. (Russia) Еrzhiasun Güljanat PhD, assos. Prof (Turkey)
Yeskeyeva Мagripa Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Henryk Jankowski PhD, Prof. (Poland)
Kaskabassov Seit Doctor of philology, Prof (Кazakhstan) Khisamitdinova Firdaus Doctor of philology, Prof. (RF, Bashkortostan)
Metin Ekiji PhD, Prof. (Тurkey)
Negimov Serik Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Nurgali Kadisha Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Nurieva Fanuza Doctor of philology, Prof. (RF, Tatarstan) Reichl Karl Doctor of philology, Prof. (Germany) Rakhmanov Nasimhon Doctor of philology, Prof. (Uzbekistan) Rivers William Patrick PhD, Prof. (USA)
Satenova Serikkul Doctor of philology, Prof (Kazakhstan) Sultanov Кazbek Doctor of philology, Prof. (Russia) Sharip Аmantay Doctor of philology, Prof. (Kazakhstan) Sharipova Gulbanu Can. of philology, assos. Prof. (Kazakhstan) Tazhybayeva Saule Doctor of philology, Prof. (Kazakhstan) Zhakypov Zhantas Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Zhang Dingjing PhD, Prof. (China)
Zhuravleva Yevgeniya Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Editorial address: 2, Satвayev str., of. 408, Astana, Kazakhstan, 010008
Теl.: +7(7172) 709-500 (ext. 31-413) E-mail: [email protected]
Executive editor, computer layout: Іlyas Kurmangalyev Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University PHILOLOGY Series
Owner: Republican State Enterprise in the capacity of economic conduct «L.N.Gumilyov Eurasian National University» Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan
Registered by Ministry of Іnformation and Сommunication of the Republic of Kazakhstan. Registration certificate No 16996-Ж from 27.03.2018
Periodicity: 4 times a year Circulation: 35 copies
Address of printing house: 12/1 Kazhimukan str., Astana, Kazakhstan 010008; tel.: +7(7172) 709-500 (ext.31413)
© L.N. Gumilyov Eurasian National University
Главный редактор Дихан Камзабекулы
доктор филологических наук, академик НАН РК (Казахстан) Зам. главного редактора Шолпан Жаркынбекова
доктор филологических наук, проф. (Казахстан) Редакционная коллегия
Аскероглы Рамиз д.ф.н., проф. (Азербайджан) Акматалиев Абдылдажан д.ф.н., проф. (Киргизстан) Бахтикиреева Улданай д.ф.н., проф. (Россия) Беженару Людмила д.ф.н., проф. (Румыния) Бейсембаева Жанаргуль к.ф.н., (Казахстан) Бижкенова Айгуль д.ф.н., проф. (Казахстан) Жакыпов Жантас д.ф.н., проф. (Казахстан) Жан Динжин PhD, проф. (Китай) Журавлева Евгения д.ф.н., проф. (Казахстан) Ескеева Магрипа д.ф.н., проф. (Казахстан) Ержласун Гульжанат PhD, ассоц. проф. (Турция) Каскабасов Сейит д.ф.н., проф. (Казахстан) Негимов Серик д.ф.н., проф. (Казахстан) Нургали Кадиша д.ф.н., проф. (Казахстан) Нуриева Фануза д.ф.н., проф. (РФ, Татарстан) Райхл Карл д.ф.н., проф. (Германия) Рахманов Насимхон д.ф.н., проф. (Узбекистан) Риверс Уильям Патрик PhD, проф. (США)
Сатенова Серикгуль д.ф.н., проф. (Казахстан) Султанов Казбек д.ф.н., проф. (Россия) Тажибаева Сауле д.ф.н., проф. (Казахстан)
Хисамитдинова Фирдаус д.ф.н., проф. (РФ, Башкортостан) Чернявская Валерия д.ф.н., проф. (Россия)
Шарип Амантай д.ф.н., проф. (Казахстан) Шарипова Гульбану к.ф.н., и.о. доцент (Казахстан) Экиджи Метин PhD, проф. (Турция)
Янковский Хенрих PhD, проф. (Польша)
Адрес редакции: 010008, Казахстан, г. Астана, ул. К.Сатбаева, 2, каб. 408 Тел.:+7(7172) 709-500 (вн. 31-413)
E-mail: [email protected]
Ответственный редактор, компьютерная верстка: Ильяс Курмангалиев
Вестник Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия ФИЛОЛОГИЯ Собственник: РГП на ПХВ «Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева» МОН РК Зарегистрирован Министерством информации и коммуникаций РК под номером №16996-Ж от 27.03.2018г.
Периодичность: 4 раза в год Тираж: 35 экземпляров
Адрес типографии: 010008, Казахстан, г. Астана, ул. Кажимукана, 12/1, тел.: +7(7172)709-500 (вн.31413)
© Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева
Мазмұны
Фольклор және әдебиеттану
Аймұхамбет Ж.Ә., Қараханқызы Ұ. Метамәтін құрылымындағы мифтік символика ... 8 Айтуғанова С.Ш., Дәулетова А.А. Дала патшайымдары туралы аңыз бен ақиқат ... 16 Аққұлы С. Алаш мемлекеттік армиясының құрылуы хақында ... 24 Доскеева Ш.А. Ә.Нұршайықовтың эпистолярлық мұрасы ... 39 Дәуітова Г.Р., Сұлтан Е., Мейрамбекова Л.К. Көне эпостағы мифтік кейіпкерлер ... 46 Еслям А.Б., Алпысбаев Қ.Қ. З.Ахметов зерттеуіндегі Абайдың шығармашылық мұрасы ... 54 Жүсіпов Н.Қ., Ибраева А.Т. Бекмұрат Уақатов зерттеулеріндегі халық өлеңдерінің жанрлық жіктелуі ... 61 Қасқабасов С.А. Томирис – «Мәңгілік ел» идеясының символы ... 69 Кемеңгер Қ.Р., Ділдә Ж.Р. M.Mырзахметұлы Бауыржан Момышұлы жайында .... 77 Өскен Ә.М., Қамзабекұлы Д. Алаштану: текстологиялық жауапкершілік туралы (Ә.Н. Бөкейханның «Жаңа мектеп» журналында жарияланған мақалалары) ... 84 Садықова Р.Т. Халел Ғаббасов: өмір мен өріс мектептері ... 94 Химмат Сайед Әли әш-Шазли Орыс әйелдерінің қайғылы тағдыры – орыс адамы- ның дара тұлғасы (Е.Чижованың «Әйелдер уақыты» романы негізінде) ... 104
Лингвистика
Әбдуәлиұлы Б., Көшкінбай Д. Қазақ лексикасындағы құқықтық ақпараттарды зерттеудің жалпы мәселелері ... 120 Әубәкір С.С., Біжкенова А.Е. Поэтикалық дискурстың ерекшеліктері ... 127 Досжан Р.А. Тарихи түбірлердің сөзжасамдық қабілеті ... 135 Акжигитова А., Елегенова М., Жанзакова А. Қазақстанның лингвистикалық ланд- шафтындағы көптілділік белгілері (Астана қаласы негізінде) ... 142 Сарсикеева Г.К., Байоразова Ж.К. Абайдың 38-інші сөзін орыс және ағылшын тілдеріне аудару: салыстырмалы анализ ... 150 Сейидова С. Әзірбайжан, ағылшын және орыс тілдеріндегі «Жас» концептісі және оның идиоматикалық өкілдігі ... 157 Сыздықова Г.О., Шолақова А.К. «Ер Төстік» ертегісінің лингвосемиотикалық аспектісі ... 165
Тіл мен әдебиетті оқыту әдістемесі
Баекеева А.Т., Тәжібаева С.Ж. Тау-кен саласындағы халықаралық терминдерді аудару ... 173 Ниязова А. Е., Мукатова М.Н. Көптілді ортада шет тілінде сөйлеудің мульти- лингвалды әрекетін қалыптастыру ... 183 Смағұлова А., Мұхаметқалиева Г., Балтабаева Г. Сөздерді құрылымдық ұйымдас- тыру (ағылшын және қазақ тілдеріндегі «мұнай газы» термині) ... 191
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of the L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
Contents
Folklore and Literary Studies
Aimukhambet Zh.A., Karakhankyzy U. Mythical symbolism in the structure of
metatext ... 8
Aituganova S.Sh., Dauletova A.A. The legend and truth about the steppe queens ... 16
Akkuly S. About the creation of the Alash state army ... 24
Doskeyeva Sh.A. A.Nurshaikhov’s contribution to the epistolary genre ... 39
Dautova G., Sultan Y., Meirambekova L.K. Mythical characters in the archaic epos ... 46
Yeslyam A.B., Alpysbayev K.K. Abai’s heritage in Z. Akhmetov’s research ... 54
Jysipov N.K., Ibrayeva A.T. Genre classification of folk poems in Bekmurat Uakatov’s researches ... 61
Kaskabasov S.A. Tomiris - Symbol of the Concept of «Mәңгілік ел» ... 69
Kemenger К.R., Dilda Zh.R. M. Myrzakhmetuly is about Baurzhan Momyshuly ... 77
Osken A.M., Kamzabekuly D. Alash studies: on textual responsibility (Articles by A.N. Bokeykhan, published in «Zhana mektep») journal ... 84
Sadykova R.T. Khalel Gabbasov: School of life and development ... 94
Himmat Sayed Ali ash-Shazli The Tragic Fate of the Russian Women and the Symbol of the Russians Identity (According to the Novel by E. Chizhova «Time of Women») ... 104
Linguistics
Abdualiuly B., Koshkinbay D.S. General problems of studying legal information in Kazakh lexicon ... 120Aubakir S.S., Bizhkenova A.Ye. Features of Poetic Discourse ... 127
Doszhan R.А. Word-building ability of historical roots ... 135
Akzhigitova A., Yelegenova M., Zhanzakova A. Multilingual signs in the linguistic landscape of Kazakhstan (the case of Astana) ... 142
Sarsikeуeva G.K., Baiorazova Zh.K. Translation of Abay,s 38th word info Russian and English: comparative analysis ... 150
Seyidova S. The concept of “Age” and its idiomatic representation in the Azerbaijani, English and Russian languages ... 157
Syzdykova G.O., Sholakova A.K. Linguosemiotic Aspect of Fairy Tales ... 165
Methods of teaching language and literature
Bayekeyeva A.T., Tazhibayeva S.Zh. Translating International Terms for Mining Industry ... 173Niyazovа A. E., Mukatova M.N. Formation of foreign language speech activity in a multilingual environment ... 183
Smagulova A., Mukhametkaliyeva G., Baltabayeva G. Structural organization of words («Oil gas» term in English and Kazakh) ... 191
Содержание
Фольклор и литературоведение
Аймухамбет Ж.А., Караханкызы У. Мифическая символика в структуре
метатекста ... 8
Айтуганова С.Ш., Даулетова А.А. Легенда и правда о степных королевах ... 16
Аккулы С. О создании Алашской государственной армии ... 24
Доскеева Ш.А. Эпистолярное наследие А. Нуршаихова ... 39
Даутова Г.Р., Султан Е., Мейрамбекова Л.К. Мифические персонажи в архаическом эпосе ... 46
Еслям А.Б., Алпысбаев К.К. Творческое наследие Абая в исследованиях З.Ахметова ... 54
Жусипов Н.К., Ибраева А.Т. Жанровая классификация народных стихов в исследованиях Бекмурата Уакатова ... 61
Каскабасов С.А. Томирис – символ вечной идеи «Мәңгілік ел» ... 69
Кеменгер К.Р., Дильда Ж.Р. М. Мырзахметулы о Бауржане Момышулы ... 77
Оскен А.М., Камзабекулы Д. Алашоведение: о текстологической ответствен- ности (Статьи А.Н.Бокейхана, опубликованные в журнале «Жана мектеп») ... 84
Садыкова Р.Т. Халел Габбасов: Школа жизни и развития ... 94
Химмат Сайед Али аш-Шазли Трагическая судьба русских женщин – символ иден- тичности русского человека (по роману Е.Чижовой «Время женщин») ... 104
Лингвистика
Абдуалиулы Б., Kошкинбай Д. Общие проблемы изучения правовой информации в казахской лексике ... 120Аубакир С.С., Бижкенова А.Е. Особенности поэтического дискурса ... 127
Досжан Р.A. Словообразовательные важности исторических корней ... 135
Акжигитова А., Елегенова М., Жанзакова А. Многоязычные знаки в языковом ландшафте Казахстана (на примере Астаны) ... 142
Сарсикеева Г.К., Байоразова Ж.К. Перевод 38-го слова Абая на русский и английский языки: сравнительная анализ ... 150
Сейидова С. Концепт «Возраст» и его идиоматическое представление на азер- байджанском, английским и русских языках ... 157
Сыздыкова Г.О., Шолакова А.К. Лингвосемиотический аспект волшебных сказок ... 165
Методика преподавания языка и литературы
Баекеева А.Т., Тажибаева С.Ж. Перевод интернациональных терминов горно- рудной промышленности ... 173Ниязова А.Е., Мукатова М.Н. Формирование иноязычной речевой деятельности в мультилингвальной среде ... 183
Смагулова А., Мухаметкалиева Г., Балтабаева Г. Структурная организация слов (термин «нефтяной газ» в английском и казахском языках) ... 191
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
94
№1 (126)/2019
ХҒТАР 17.07.21
Р.Т. Садықова
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, Семей, Қазақстан (E-mail: [email protected])
Халел Ғаббасов: өмір мен өріс мектептері
Аңдатпа. Мақалада Алашорда үкіметі төрағасы Әлихан Бөкейханның орынбасары болған көрнекті мемлекет қайраткері, «Сарыарқа» газетінің редакторы, В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің физика-математика мамандығын алтын медальмен бітірген тұңғыш қазақ Халел Ғаббасұлы және Ғаббасовтар әулеті туралы деректер ұсынылған.
Халел Ғаббасұлы 1928 жылдың 10 қарашасында Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарма (ОГПУ) тергеушілеріне берген мәліметтері бойынша 1888 жылы Семей уезінің Шаған болысында дүниеге келген.
Бүгінде Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қарақол ауылында Алаш қайраткері Ха- лел Ғаббасұлының немере інісі Берікбол Әділхасенұлы Баязитов тұрады. Берікбол Әділхасенұлы- ның әкесі Әділхасен Баязитұлы - Халел Ғаббасұлымен бір атадан тарайтын немере ағайыны.
Түйін сөздер: Алаш, Алаш автономиясы, «Сарыарқа» газеті, редактор, мемлекет қайрат- кері, әулет.
DOI: https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-126-1-94-103 Кіріспе. XX ғасырдың алғашқы ширегінде елін бодандықтан босатуды, әрі мәдени- етті халықтардың қатарына қосуды өзіне парыз санаған азаматтар тарих сахнасына шықты.
Сондай ұлтжанды азаматтардың қатарынан Халел Ғаббасұлы да лайықта орын алады. Сол тарихи кезеңде жарық көріп тұрған «Сарыарқа» газеті Халел Ғаббасұлын мынадай мінез- деме арқылы халыққа таныстырған: «Халел студент күнінде-ақ ұлтшыл, жинаған білім қа- зынасын халыққа таратуды өзіне борыш санаған һәм сол пікірін іспен көрсете бастаған қазақтың үмітті ұлы». Міне, жас та болса оған жұрты мен ұлт жетекшілері артқан сенім үрдісінен шығып, үмітін ақтады ма? Бұл сауалдарға жауап бермес бұрын, ең алдымен, Х.
Ғаббасұлының тәлім-тәрбие көрген, білім алған ортасына зер салуымыз керек.
Зерттелу тарихы. Алаш мұрасы - ортамызға тәуелсіздіктің орнауымен оралған мол тарихи, рухани қазына. Тарихтың қойнауына еніп, өткеннің еншісіне айналған «қазынаны»
табу әрдайым қажырлықты, табандылықты, ізденімпаздықты қажет етеді. ХХ ғасырдың ба- сында Қазақ мемлекеттілігін бейбіт саяси күрес жолының әдіс-тәсілдерімен қайта қалпына келтірген Алаш зиялыларының қайраткерлік, қоғамдық және рухани қазынасын зерттеу жұмыстары жолға қойылған тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қозғалыстың алғы шебін- де болған тұлғалардың қызметі мен мұралары ерекше қарқынмен зерделене бастады. Алаш зиялыларының қалың шоғыры ортамызға ерекше екпінмен оралып, Алаштың көрнекті қай- раткері Халел Ғаббасұлы туралы зерттеу жұмысын ұсынып отырмыз.
Зерттелу нысаны. ХХ ғасыр басындағы Семейлік әдеби орта мен Халел Ғаббасұлының шығармашылық ғұмырбаяны, ол жайлы деректер мен зерттеу еңбектер және қайраткердің әдеби-көсемсөздік туындыларына қатысты ой-пікір, сараптамалар негізгі зерттеу нысаны етіп алынды.
Халел Ғаббасұлы 1928 жылдың 10 қарашасында Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқар- ма (ОГПУ) тергеушілеріне берген мәліметтері бойынша 1888 жылы Семей уезінің Шаған болысында дүниеге келген.
1898 жылы Семейге оқуға келіп, бастауыш білімді алғашқыда приход мектебінен, кейін орыс-қазақ мектебінен алады. Содан кейін 1901-1903 жылдары қалалық гимназияда білімін жалғастырады. Гимназияны тәмамдаған соң 1910 жылдың күзіне дейін Сейтен бо-
95
№1 (126)/2019
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
лысында ауыл мұғалімі болады. Сол жылы Мәскеу Мемлекеттік университетінің заң фа- культетіне оқуға түседі. Алайда, 1911 жылы көктемде студенттер ереуіліне қатысқаны үшін оқудан шығарылады. Бірақ, Халел Ғаббасұлы осы жылы студенттік құқығын қайта қал- пына келтіріп, заң факультетінен физика-математика факультетіне ауысуға мәжбүр болған [1]. Басқа факультетке ауысуының себебі – заң саласы бойынша оқитын қазақ студенттері- не Семей облысының губернаторы жергілікті Земстводан бөлінетін стипендияны төлеу- ді тоқтатқан болатын. Өйткені, губернатор заң факультетінің студенттері қоғамдық, саяси өмірде белсенділік көрсетеді, сөйтіп революциялық пиғылдағы студенттердің ықпалына түсіп кетеді деп қауіптенген. Бұл қауіп Семей облысының губернаторы Тройницкий үшін 1905 жылғы революциялық қозғалыста белсенділік танытқан Ж. Ақбаевтың тәжірибесі- нен туындаған болатын. Ал империялық мемлекет үшін революциялық ахуал шиеленіскен кезеңде оның тәуелді аймақтарында білімді әрі саяси көзқарасы шыңдалған азаматтардың көбеюіне мүдделі болмауы заңды құбылыс еді.
Губернатор Тройницкийдің қазақ жастарының жоғары білім алуына кедергі жасауы бұл бір ғана емес. Ол Томск технология институтына түскен Әлімхан Ермековтің да төле- мақысыз оқуын «қамтамасыз» еткен болатын. Осындай әкімшілік тарапынан жасалған ке- дергілерді жеңе отырып, Халел 1915 жыл университетті алтын медальмен бітіріп шығады.
Өзінің тергеу кезінде берген мәліметтеріне қарағанда, саяси көзқарасының қалыптасуына Мәскеудегі студенттік ортасы әсер еткені байқалады. Сол тарихи кезеңде Ресейдегі, әсіре- се, Мәскеудегі революциялық қозғалыстардың өршуі көкірегі ояу жастарды бейжай қалды- рмасы да анық еді.
Университетті тәмамдағаннан кейін Халел Ғаббасұлы Петроградтағы уақ қарыз ісі бойынша Орталық басқармада есепші (статист) қызметін атқарады. 1916 жылы Семейдегі ауыл шаруашылығына уақ қарыз беру ісімен шұғылданатын Мемлекеттік банктің Семей бөлімшесіне инспектор қызметіне ауысып келеді. Бұл мекеме сол замандағы кооператив, серіктестік сияқты ұйымдарға да кредит беретін. Қыр қазағы «уақ қарыз серіктестігі» деп атаған мұндай банктік кооператив мекемелері Столыпиннің «аграрлық реформасына» орай, қазақ жеріне келіп, қоныс тепкен крестьяндарға (қара шекпендерге) қаржылай несие беру үшін қазақ жерінде 1908 жылдан бастап қаулап өсіп ашылған. Осындай несие кооперативін қазақта ең алғашқылардың бірі болып ашқан – Халел Ғаббасұлы. Оның уақ қарыз серік- тестігі 1916 жылдың 18 қыркүйегінде ашылғаны жөнінде «Қазақ» газетінің сол жылғы № 204 санындағы хабарда жазылған. Онда: «Инспектор Халел мырза Ғаббасұлы өзі келіп, қазақтар жиналып, кеңесті. Серіктестіктің түп сомасы 3 мың болмақ, мұны банк бермек.
Кредит бір серікке 200 сомнан аздық қылмайды. Залог салғандарға 500-ге шейін ашылады.
Бұл күнгі мәжіліске председатель қылып жиылған әлеумет Халел мырзаның өзін сайлады.
Серіктік жайын кеңесіп болғаннан кейін правление члендері сайланды. Бұлар Құнанбай Мұздыбайұғлы һәм Мұстақым Малдыбайұғлы, Ғұмар Мәсімкенұғлы».
Халел басқарған Мемлекеттік Банктің Семейдегі бұл филиалының атап айтарлық ең үлкен қызметі – 1918 жылы «Абай» атты әдеби, әлеуметтік журналдың шығуына қаржылай көмек көрсетіп, несие беруі болды. Бұған Жүсіпбек Аймауытұлы: «Осы журналды басты- рып отырған уақ қарыз серіктестігі журналдан пайда көрейін, ақша табайын деп шығарып отырған жоқ. Халықтың көзі ашылсын, мағлұмат алып, ағарсын деп, игілік істің бірі деп, ел қамын ойлап шығарып отыр» – деген сөзі дәлел бола алады.
Халел Ғаббасұлы жалғыз «Абай» журналын ғана емес, 1917 жылдары Алашор- даның газеті болған «Сарыарқаның» шығуына да қаржылай көмек жасап, біраз уақыт өз серіктестігінің баспаханасында бастырып шығарған.
Сонымен, 1916 жылдары басталған саяси өзгерістер Х. Ғаббасұлының әлеумет істеріне белсенді түрде араласып, өзінің алған білімі мен қайрат-жігерін көрсетуіне мүм- кіндіктер ашты. Оның азаматтық ұстанымы сол жылы, яғни 1916 жылы ұлт азаттық кө-
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
96
№1 (126)/2019
теріліс кезінде ашылған еді. Қаһарлы 16 жылы халықтың басына күн туғанда, әр жерлерде жазықсыз қан төгіліп жатқанда, Халел Ғаббасұлы Семей уезінде патша жарлығына наразы халықты үкіметтің қарулы әскеріне айыр-садақпен қарсы тұрудың ақылға сыйымсыздығына көздерін жеткізіп, өзінің азаматтық белсенділігімен елін үлкен ойраннан аман алып шықты.
Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің «Таныстыру» атты поэмасында Р. Мәрсеков, М.
Боштаев, А. Малдыбаев сынды елге танымал азаматтарға сын көзімен қараса да, Х. Ғаб- басұлына оң баға беруі көп жайды аңғартса керек.
Сонымен, Халел Ғаббасұлының саяси көзқарасының қалыптасуына, біріншіден, Мәскеу Мемлекеттік университетіндегі белсенді студенттік ортасы негіз болса, екіншіден,
«Қазақ» газеті мен оны ұйымдастырып, қоғамдық пікір таратушы Алаш қозғалысының же- текшілері Ә. Бөкейханұлы, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, Ш. Құдайбердіұлы, Р. Мәрсеков, Ж. Ақбаев сынды азаматтардың ықпалы күшті болғандығын 1916 жылғы көтеріліс көрсетті.
Ақ патша құлағаннан кейін Әлихан Бөкейханұлы бастаған алаш зиялылары тез ара- да қазақтың өз съезін өткізбек болады. Тұңғыш қазақ съезі - 1917 жылы сәуірде Орынборда өткен Торғай облыстық съезі еді. Одан кейін айдың соңында Семей облыстық съезі өтеді.
Бұны ұйымдастырған қайраткерлердің бірі – Халел Ғаббасұлы. Әлихан Ермеков, Биахмет Сәрсенов, Сатылған Сабатаев, Райымжан Мәрсеков, Ахметжан Қозыбағаров және Шәкәрім қажы сияқты көптеген қазақ зиялылары осы съезде бас қосады.
Халел Ғаббасұлы басқарған осы съезд қазақ тарихында ерекше орын алады. Себебі, қазақ ұлтының автономиясы туралы, қазақтың мемлекеті туралы ұлы мәселелер ең алғаш рет осы жиында қарастырылған еді.
Бүтін қазақ пен қырғыздың тұңғыш съезі 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынборда өткені белгілі. Алаштың бұл басқосуы ең басты екі үлкен шешімге қол жеткізеді:
1) қазақ жерін қазақ ұлтының меншігі деп таниды;
2) «Алаш» деп аталатын ұлттық саяси партия құрады.
Жалпы, осы жылдар Халелдің қоғамдық-саяси қызметінің шарықтау кезеңі болғаны аян. Бұл заңды да еді. Өйткені сол кезеңнің саяси оқиғалар толқыны оны пікірлес серік- терімен бірге саясат майданына алып шықты. Бұл кезеңде оның азаматтық болмысы қа- лыптасып, қайраткер тұлға ретінде таныла бастады. Ол Семейдегі қазақ зиялыларының үркердей тобындағы серкелердің бірі ғана емес, Алаш қозғалысы жетекшілерінің сенімді серігіне, үмітті ізбасарына айналды.
Х. Ғаббасұлы алған білімі мен кәсіби қызметінің ерекшеліктеріне сәйкес әлеумет істерінде де әрекетшіл адам ретінде көзге түсті. Оның бұл қасиетін қоғамдық-саяси қы- зметтеріндегі атқарған жұмыстары дәлелдей түседі. Мәселен, 1917 жылғы Ақпан револю- циясы нәтижесінде патша өкіметі құлап, орнына Уақытша үкіметтің билік органдары келген уақытта, Халел Семей облыстық қазақ комитеті төрағасының орынбасары болып сайланды [2].
Ал сәуір-мамыр айларында Уақытша үкіметтің Семей облыстық Атқару комитетіне ен- гізіліп, оның президиумына және Облыстық Делегаттар Жиылысының мүшелігіне сайла- нады [2]. Сонымен бірге Халел Семей облыстық қазақ съезін ұйымдастыру жұмыстарына да белсене араласты. Бұл съезд Семейде 1917 жылдың 27 сәуір - 7 мамыр аралығында өткізілді. Съезд делегаттары Халел Ғаббасұлын Президиум төрағасының орынбасары етіп сайлады.
Сөзіміз дәлелді болу үшін, «Сарыарқа» газетінің 1917 жылғы 19-маусым күнгі № 2 санында жарияланған «Оқшау сөзден» үзінді келтірейік. Бұнда Семей облыстық қа- зақ съезінің жұмыс барысы берілген: «...Мәжілісті басқарып билейтін адамдар сайланса екен деп Марсеков жамағаттың құзырына тапсырды. Халық бір ауыздан председателдік- ке: Жақып Ақбаевты, оған серіктікке: Халел Ғаббасұлын, Райымжан Марсековты, Мұқыш Божтаевты және Биахмет Сәрсеновты сайлады. Секретарлыққа Әлмұқан Ермековты, Ыды- рыс Оразалинді, Мұстақим Малдыбаевты және Шәріп Ақпановты сайлады...».
97
№1 (126)/2019
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
«Алаш» партиясының Семей губерниялық комитеті қазан айында ашылды. Онда партияның 15 кісіден тұратын уақытша облыстық комитеті өз жұмысын бастап, төрағасы болып Х. Ғаббасұлы сайланды. Бұл уақытта Ресейдегі саяси партиялардың талас-тартысы ушығып тұрған еді. Соны бастан-аяқ талдап, Халел Ғаббасұлы «Сарыарқа» газетінің 1917 жылғы 25 қараша күнгі санында «Мемлекет күйі» деген бас мақала жариялайды.
Ал осы «Сарыарқа» газеті Семейде 1917 жылғы маусым айынан бастап шыға бастаған болатын. Өйткені ұлт азаттық жолындағы күрестің, халықтық қозғалыстың қол бастаушылары алғашқы орыс төңкерісінің саяси-әлеуметтік мәнін терең түсініп, тәуелсіз ел болып, өнер-білім жолына шығуды мақсат етіп ұстанды. Алашорда үкіметі құрылып, оның маңына озық ойлы зиялы қауым топтасты. Өз бағыттарын айқындап, сара жолды халыққа жаңылмай нұсқап, адастырмас даңғылға алып шығуға ұмтылған қазақ зиялылары Алашорданың Семей облыстық комитетінің үні болған «Сарыарқа» газетін шығару жұмы- сын қолға алған еді.
«Сарыарқа» газеті 1917 жылдың 15 маусымынан бастап Семей қаласында қазақ тілін- де аптасына бір рет шыға бастаған. Онда халықтың тұрмыс-тіршілігін, елде болып жатқан жағдайларды кеңінен қамтыған мақалалар көптеп жарияланып тұрды. Сондай-ақ, Алашор- да үкіметін құру, қазақ мемлекетінің негізін қалау секілді маңызды мәселелер қозғаған са- яси мазмұндағы мақалалар да берілді. «Алаш» партиясының қаулы-қарарлары, құжатта- ры жарық көрді. Бұл орайда Семейдің құрметті азаматы, қаламгер Сейітжан Тәбәрікұлы:
«Алашорданың Семей тобының саяси бағдарламасы да осы газетте жарық көрген. Қазақ қайраткерлерінің іс-қимыл әрекеттерімен де оларды жазған мақалалары арқылы тікелей тануға болады» [3, 46], – деп жазады. Сәкен Сейфуллиннің: «Семейде шыққан «Сарыарқа»
газеті – Алаштың тілі болды» [4, 362 б.], – деген сөзі тарихи ақиқат.
Осы алаш арыстарының қатарында Халел Ғаббасұлы 1917 жылы маусым айынан Се- мейде шығарыла бастаған «Сарыарқа» газетінің ұйымдастырушысы, әрі редакторларының бірі болды. Сонымен бірге ол осы газетте саяси өмірге қатысты мақалаларын жариялап тұр- ды. Азаматтық қарсыласу жылдары Семей облыстық қазақ комитеті мен «Алаш» партиясы- ның облыстық комитетін құру, жергілікті земстволық басқару жүйесін енгізу, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау, «Сарыарқа» газетін ашуға қатысты істерді Әли- хан Бөкейханұлы, Райымжан Мәрсеков, Әлихан Ермеков, Мәннән Тұрғанбаев, Ахметжан Қозыбағаров және тағы басқалары тізе қосып қатар жүрген Халел Ғаббасұлы еді. Мәселен, оның осындай түрлі қоғамдық-саяси қызметі мен газет редакциясын басқаруына байланы- сты мынадай бір деректерге – Ресей Ғылым Академиясының академигі В. Лашин мен про- фессор М. Шиловскийдің «Сибирские автономисты и деятели «Алаш-Орды» мақаласында 1917 жылдың 8-17 қазаны аралығында Томск қаласында Сібір автономистерінің идеялық көсемі Г.Н. Потаниннің ұйымдастыруымен өткізілген бірінші Сібір облыстық съезіне қазақ автономиясы мәселесі бойынша Әлихан Бөкейханұлымен бірге Семей облысынан барып қатысқан ұлт зиялылары туралы:
«1. Габбасов Х.А., 29 лет, киргиз, беспартийный, делегирован Семипалатинским областным киргизским комитетом, окончил Московский университет, редактор газеты;
2. Ермеков А.А., 25 лет, киргиз, беспартийный, делегирован Каркаралинским областным киргизским комитетом, студент 5-ого курса Томского политехнического университета; 3.
Марсеков Р.М., 39 лет, киргиз, беспартийный, делегирован Семипалатинским областным киргизским комитетом, образование высшее, юрист» [5, 27 б.], – деп атап көрсетілген.
Ал, осы тарихи оқиғаны Сұлтанмахмұт Торайғыров «Сарыарқа» газетіндегі «Әли- ханның Семейге келуі» мақаласында: «Кешке жақын Семейде, 21 октябрьде, бұрынғы жан- дарал мекемесі, «Бостандық үйіне» қарай топ- тобымен ағылған қазақ еді. Семинаристер бір рет, гимназистер бір рет, курсистер, мұғалімдер бір рет, саудагерлер, қырдан келгендер де бар. «Сегіздегі бала, сексендегі шал да қалмай» дегендей, тойға бара жатқандай бәрінің
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
98
№1 (126)/2019
де мерейлері үстем, еңселері көтеріңкі, жүздері жарық, көздерінен, қозғалыстарынан қу- анғандықтары көрініп тұрушы еді. Бір-біріне жолыққанда қуаныштан аман-сәлемді де ұмытып, сөздері: «Поезд, қашан келеді деу ғана» еді. Бұлар сенімді тосады?» дей келіп, әлгі қарақұрым қаптаған халықтың асыға күткені Алаштың көсемі Әлихан Бөкейханұлы еді. Оны поездан Мұстақым Малдыбаев пен Иманбек Тарабаевтың қарсы алғанын, ал қа- лың бұқара атынан Ахметжан Қозыбағаров, учительдер одағы атынан Мәннан Тұрғанбаев, семинаристер атынан Жүсіпбек Аймауытов түрлі құттықтаулар білдіріп, өзінің өлең оқыға- нын, сонан соң ертеңінде елдің Алаш қаласына барып, Әлихан мен Әлімханның Сибирь съезінде сөйлеген сөздерін тыңдағанын айтады.
Қоғамдық-саяси мәселелерді көтерген мақалаларды Халел Ғаббасұлы да жазды.
Мәселен, оның 1918 жылдың 28 қаңтарында «Сарыарқа» газетінде шыққан «Алаш авто- номиясы» мақаласында: «Қазақ-қырғыздың уақытша үкіметі – «Алаш-Орда» Алаш қала- сына келіп, Алаш автономиясын жариялағаннан кейін қазақ-қырғыз балалары бағынған үкіметімізді осы деп сеніп, ант беріп, басқа үкіметті танымай, өз үкіметінің әмірін екі қыл- май орындауы керек. Жұрт жұмылуының белгісі осы» [6], – дей келіп, сөзін Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Алаштың әнұраны» атты өлеңінің:
Алаш туы астында
Күн сөнгенше сөнбейміз!
Енді ешкімнің Алашты Қорлығына бермейміз!!
Өлер жерден кетдік біз, Бұл заманға жеттік біз, Жасайды, Алаш, өлмейміз.
Жасасын, Алаш, жасасын! – деген жыр шумақтарымен аяқтайды.
Сонымен Семейдегі Алаш арыстары Абайдың ізбасар шәкірттері ұйытқы болып, ұлттың өз билігін өз қолына алып, дербес даму жолында күресіп жатқан кезеңде Семей облыстық Делегаттар Жиналысының атқарушы органы Халел Ғаббасұлын Облыстық Ко- миссариат құрамына сайлайды. Сөйтіп осы облыстың Комиссариат тапсырмасымен Зайсан уезінде комитет, сот, земство мекемелерінің сайлауын ұйымдастыру істерін шешу үшін ол комиссар болып тағайындалады [2]. Семей облыстық Делегаттар Жиналысының мүшесі ретінде Жиналыс жанындағы қаржы-есеп, тексеру, банктік тексеру комиссиясының құра- мына ене отырып, өзінің ұйымдастырушылық қырымен де таныла бастады. Қазақ комитеті мен басқа да облыстық билік органдарында шыңдалған тәжірибесі мен іскерлік қабілетінің көрінуіне орай Халел Ғаббасұлын Алаш жетекшілері Алаш партиясы атынан Бүкілресей- лік Құрылтай Жиналысына депутаттыққа ұсынады [7].
1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында өткен II жалпы қазақ съезіне Семей облы- стық Қазақ комитетінің өкілі ретінде делегат болды. Бұл съезде Алаш автономиясы жа- рияланып, оның үкіметі – Алашорда Ұлт Кеңесі құрылған соң Х. Ғаббасұлының Кеңес төрағасының орынбасарлығына сайлануы оның беделі мен оған артылған сенімнің деңгейі қандай дәрежеде болғандығын айғақтаса керек.
Халел Ғаббасұлы қаржы және ұлттық милиция жасақтау бойынша комиссияларда жұмыс атқарып, баяндама жасаған. Съезд барысындағы пікірталастарға батыл араласып, автономия жариялау мәселесіне қатысты қалыптасқан екі ағымның бірі – Ә. Бөкейханұлы ұсынған бағытты қолданған. Бұл бағыт бойынша автономия жариялауды кідірте тұру ұсы- нылған. Ал Жаһанша мен Халел Досмұхамедовтар автономияны дереу жариялау қажет де- ген ұсыныстарын білдірді [1]. Съезд өте күрделі пікірталастардан кейін бір ортақ шешімге келіп, Алаш автономиясы мен Алашорда Уақытша Ұлт Кеңесі құрылғанын жариялады.
Халел Ғаббасұлының баяндауы бойынша 1918 жылы ақпан айының соңында Се- мейде өкімет билігі кеңестердің қолына өткен. Кеңестер билікке келгеннен кейін өткізілген
99
№1 (126)/2019
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
жиында Х. Ғаббасұлы Семей облыстық шаруа, жұмысшы, солдат, қырғыз-қазақ және ка- зак депутаттарының Кеңесі төрағасының орынбасары болып сайланады. Кеңес құрамына Халелден басқа Алаш партиясының белсенділері Биахмет Сәрсенов (халыққа білім беру комиссарының орынбасары), Әубәкіров (почта, телеграф және жол байланысы бөлімі ба- стығының орынбасары), И. Әлімбеков (еңбек бөлімі төрағасының орынбасары), М. Бошта- ев (сот ісі бөлімінің мүшесі), Ы. Оразалин (азық-түлік бөлімінің мүшесі) енгізілген.
Қазан төңкерісінен кейін орнай бастаған Кеңес билігі Алашорданың кең қанат жа- юына әрі оның жергілікті жерлердегі бөлімдерінің құрылу барысына үлкен тежеу болған.
Алаш автономиясының орталығы ретінде Семей қаласының белгіленуі және 1918 жылы 18 қаңтарда большевиктердің Орынборды басып алуы Ұлт Кеңесіне мүше болған зиялылар- дың негізгі бөлігін Алаш қаласына шоғырлануға мәжбүр етті. Алаш жетекшілері социализм идеяларын қабылдай алмаса да, большевиктерге қарсы күресуге дәрменсіз болғандықтан және елді азамат соғысынан аман алып қалу үшін олармен өзара ымыраға келе отырып, Алаш автономиясын Кеңес үкіметіне ресми түрде мойындату жолында саяси күрес жүргізді.
Халел Ғаббасұлының қоғамдық-саяси белсенділігі алаш үкіметінің төрағасының орынбасары болған кезінде барынша өрістеді. Себебі бұндай лауазымды қызметтің сал- мағы мен жауапкершілігі саяси белсенділікті талап етті. Сонымен бірге, оның білімі мен қайраткерлігін көре білген ұлт жетекшілері оған аса жауапты іс-шараларды жүктеді. Мәсе- лен, Кеңес үкіметі мен Алашорда арасындағы телеграф арқылы 1918 жылы көктемде келіс- сөз жүргізуді Х. Ғаббасұлына тапсырды.
Кеңес өкіметінің жергілікті билік органдарында жауапты қызмет атқарған ұлт зи- ялылары большевиктік саясаттың ішкі мәнін түсінген соң, Әлихан Бөкейханұлы бастаған арыстар Кеңес өкіметіне қарсы күресу үшін саяси одақтас іздей бастады. Бұл жөнінде Ха- лел Ғаббасұлының НКВД тергеушілеріне берген жауабында: «1918 жылдың сәуір айында Семейге Омбыдан Хамит Тоқтамышев келгеннен кейін Кеңес билігіне қарсы ұйымдармен байланыс орнатты. Сонымен бірге оны біз Қазақ комитетіне жұмысқа орналастырған едік.
Ол Семей қаласында Кеңес билігіне қарсы екі ұйымның бар екенін бізге айтты. Бірі офи- церлік, екіншісі социалистік. Облыстық Совдеппен арамыздың шиеленісуіне байланысты біз Қазақ комитетінің Кеңесінде осы екі ұйымның бірімен байланысуын қажет деп таптық.
Тоқтамышевтың мәліметі бойынша бұл ұйымның жетекшілері Сібірде және оның платформа- сы бойынша ұлттардың өзін-өзі билеу құқын беру туралы айқындамасы бар екенін білдірді.
Бұл Кеңестен кейін аталған ұйымның әскери бөліміне Х. Тоқтамышев пен Р. Мәрсековты, ал азаматтық бөліміне Б. Сәрсенов пен И. Әлімбековті енгіздік» [8, 316 б.], – деген мәлімет бар.
Алашорда үкіметіндегі қызметімен бірге Халел Ғаббасұлы өз ісін қайта бастаған Семей облыстық Земство басқармасында да белсенді жұмыс атқарды. Дерек көздеріне қа- рағанда Р. Мәрсеков, Х. Ғаббасұлы, Ә. Сәтбаевтар Земствоны қазақ халқының мүддесіне сай жұмыс істетті.
Мәселен, 1918-1919 оқу жылының екінші жартыжылдығы үшін Земство стипендия- сын бөлу туралы құжатқа «қажетті қаржы бөлінсін» деген резолюцияға Халел қол қойған.
Бұл құжатта стипендия алатын студенттер мен оқушылардың басым бөлігі қазақ жастары.
Ішінде елге танымал бола бастаған М. Әуезов, Ж. Аймауытов, Ы. Мұстамбаев бар еді.
Х. Ғаббасұлының сол тарихи кезеңде атқарған қызметінің ауқымына назар аударсақ, қолда бар дерек көздері оның езілген елі үшін нардың жүгін көтерген азаматтығын таны- тады. Оның халқы үшін атқарған қызметі осымен ғана шектеліп қалған жоқ еді. Елдегі аза- мат соғысынан кейін түпкілікті орнаған Кеңес өкіметінің жауапты билік органдарында да жалғасты. Большевиктердің идеяларын мойындай алмаса да, сырттан танылған зорлықшыл күресті тануға мәжбүр болды. Ал Кеңес өкіметінің ұстанымдарын мүлде қабылдай алмаған Мұстафа Шоқай Түркияға, одан әрі Францияға эмиграцияға кетіп, большевизмге қарсы идеологиялық күрес жүргізсе, Халел Ғаббасұлының үзеңгілес серігі болған Райымжан
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
100
№1 (126)/2019
Мәрсеков Қытайға кеткен болатын. Ал, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы бастаған ұлт зиялылары күрестің басқа жолын таңдаған еді. Х. Ғаббасұлының елі үшін қызметі қан- дай моральдық-психологиялық қысым жағдайында жүрсе де Кеңестік билік органдарында жалғасын тапты. Бұл жайды біз Халел Ғаббасұлының ғұмыр тағдырына қатысты мұрағат деректері негізінде толық баян етейік. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатындағы Халел Ғаббасұлының жеке ісінде мол деректік мағлұматтар бар [9].
1926 жылғы 15 наурызда толтырылған анкетада оның 15 ақпаннан бастап Халық комиссарлары советінің (Совнарком), Мемлекеттік жоспарлау комитетінің (Госплан) қаржы-экономика секциясының меңгерушісі болып қызмет істегені, еңбекақысы айына 300 сом болғаны көрсетілген. «Үйленген, екі қызы бар» деп жазылған анкетада.
1926 жылдың 3 маусымында Халел Ғаббасұлы екі ай мерзімге кезекті еңбек дема- лысын алады. Осы уақытында ол бала-шағасымен Семейге, одан әрі Шыңғыстауға, ағай- ын-туғанының ортасына барып демалуға ниет қылады. Бірақ белгісіз себеппен Семей қала- сында Халел тұтқынға алыныпты. Басты себеп мынада деп ойлаймыз: 1920-21 жылдары Х.
Ғаббасұлы Семей губерниялық ревком басшыларына қарсы шығып, мәжілісте іс жоспар- ларының түп астарын әшкерелей отырған. Отаршы коммунистердің алаш баласын басы- нып, жер-суын өзге ұлтқа тартып алып беріп жатқан іс-әрекетіне ұлт қайраткері шыдай алмаса керек. Осындай «жиренсіздігі» үшін Семейден қуылған Халел арада бірнеше жыл өткен соң елді көрем деп келіп, сонау қара күзге дейін кете алмайды. Оның негізгі себебін мұрағатта сақталған мына бір жеделхат ашып көрсетпек:
«ҚазССР Мемлекеттік Жоспарлау комитетіне. Қызылорда қаласына хабарлаймын.
Мемлекеттік жоспарлау комитетінің қаржы экономика секциясының меңгерушісі Х. Ғаб- басұлы менің өндірісімдегі «Алаш аудандық Одағындағы қызметі» қылмысты ісіне оның қатысы болуына байланысты Қылмыстық кодекстің 128-бабы, 1-бөлімі бойынша айыпкер ретінде ұсталды. 1926 жылдың 5 қазанындағы менің қабылдаған қаулымның негізінде ол Семей қаласындағы ісі бойынша тергеу біткенше жіберілмейді. Семей губерниялық сотын- дағы аға тергеуші Туркин. 6.10.1926 ж.» [10].
Бұдан кейін Х. Ғаббасұлының өзі де сол кездегі астана Қызылордаға мына мазмұн- дағы жеделхатын жолдайды: «Қызылорда. Ақсаевқа. Совнарком төрағасына мені тергеуші ұстап, ешқайда кетпеуім туралы қолхат алып, жібермей отырғанын айтып, екі рет жедел- хат жолдаған едім. Жағдайымның не болары әзірге белгісіз, сотқа дейін ұстайтын шығар деп ойлаймын. Осы жеделхаттарды алғаныңыз жөнінде бір хабар беріп, Сәтбаевтың ме- кен-жайына жіберсеңіз. Ғаббасов» [10]. Халелдің Сәтбаев деп отырғаны – Қаныш Сәтбаев- тың ағасы, губерниялық оқу бөлімінің бастығы Әбікей Сәтбаев.
Тағы бір жеделхаттың мәтіні мынадай: «ҚазССР Халық Комиссарлары Советіне.
Сіздің тарапыңыздан Алаш аудандық Одағы басшыларын және «Өрнек» серіктестігін ай- ыптау ісіне қызығушылық тууына орай Республика прокуратурасы сізге ақпар беру мақ- сатында 11 қазандағы № 43118 өкімімен Семей губерниялық прокуратурасынан қадағалау тәртібі бойынша қылмыстық істі сұратып отыр; егер қылмыстық іс тыңдалуға және қайта қаралуға бекітілген болса, сот процесі үзіліп қалмақ. Сондықтан прокуратура қылмыстық істің мәні, квалификациясы мен саяси жағы жөніндегі нақты баяндамасын жіберумен шек- телуі де ықтимал. Үшінші Саяси бөлімнің меңгерушісі Александровский. ҚазССР Әділет халық комитетінің прокуроры Сұлтанов» [10]. Осыған орай Х. Ғаббасұлы Госплан төраға- сына жазған арызы да сақталған. Онда оның: «Мен кезекті демалысымнан Қызылордаға 19 қарашада келдім» [9], – деп жазған сөздері бар. Соған қарағанда Госплан төрағасы да, Халық комиссарлары кеңесі де Х. Ғаббасұлына қолұшын созса керек, оған: «Семей губер- ниялық оқу бөліміне. Сәтбаевқа. Әділет Халық комитеті Ғаббасовтың ісін талап етіп отыр.
Совнарком Орталық атқару комитеті. 1 қараша, 1926 жыл. Қызылорда» [9], -деген мәтіндегі жеделхат дәлел бола алады.