• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

DOC agz.edu.kz

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Share "DOC agz.edu.kz"

Copied!
60
0
0

Толық мәтін

(1)

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті

Көкшетау техникалық институты

Күндізгі оқу факультеті.

Өрттің алдын алу кафедрасы ТАПСЫРМА

дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау бойынша мамандығы 5В 100100 «Өрт қауіпсіздігі»

1.Тақырыбы «Өрт жағдайымен қоғамның әлеуметтік даму ықпалын зерттеу»

Институт бұйрығымен бекітілді № 157«10» 09 2014 ж.

2. Аяқталған жұмысты (жобаны) тапсыру «06» 06 2015 ж.

3. Жұмыс (жоба) бойынша қолданылған мәліметтер өрттердің сараптамасы

4. Бөлімдердің орындалу уақыты, сұрақтарды қарастыру, қысқаша мазмұны:

Бөлімдердің атауы Орындау

мерзімі

1. Кіріспе 15.01.2015

2. Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін

тақырыбын негіздеу 19.01.2015

3. Дипломдық жобаның мақсатының, міндеттерінің және

тақырыбының өзектілігі 19.01.2015

4. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің

жағдайын талдау 2.02.2015

5. Нормативтік-техникалық және ұйымдастыру-құқықтық

құжаттаманы талдау 12.02.2015

6. Жобалық бөлім 25.02.2015

7. Елдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішінен

өрт жағдайын модельдеу принциптері 10.03.2015 8. Өрттің әлеуметтік себептерін және оның салдарын

талдау 16.03.2015

9. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының өртпен

жағдайына әсер ету көрсеткішінің деңгейін анықтау 25.03.2015 10. Халықтың ауқаттылық деңгейінің өртпен жағдайға

ықпалы. 30.03.2015

11. Халықтың экономикалық даму деңгейінің өртпен

жағдайына ықпалы 6.04.2015

(2)

12. Өрт қаупі бар өндірістің өртпен жағдайына ықпалы 13.04.2015 13. Әлеуметтік ортаның өртпен жағдайына ықпалы 17.04.2015

14. Қорытынды 22.04.2015

15. Әдебиет тізімі 23.04.2015

16. Графикалық бөлім 24.04.2015

17. Диплом алдындағы қорғау 27.04.2015

5. Тапсырманың берілген уақыты 01.10.14 ж.

6. Бекітемін (каф.бастығы) ө.қ.қ полковнигі Кәрменов Қ.К.

7. Жетекші т.ғ.к, профессор _________ _________Джумагалиев Р.М.

(лауазымы; аты-жөні; қолы; күні)

8. Тапсырманы қабылдап, орындаған Турсумбаев Б.А.

9. Кеңесші:

Графика бөлімі бойынша ө.қ.қ подполковнигі Кәрденов С.А.

Мазмұны

(3)

1. Кіріспе 4 2. 1 бөлім. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талдау 6 3. 1.1 Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің бөлімшелерінің

оперативті қызметін талдау

6 4. 1.2 Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің бөлімшелерінің

шақыру құрылымын талдау

13 5. 1.4 Ұйымдастыру-құқықтық және норматиті-техникалық

құжаттарды талдау

26 6. 1.5 Қазақстан Республикасында өртке қарсы қызметтерді

ұйымдастыру бойынша нормативтер

26 7. 1.6 Нормативті-техникалық әдебиетті талдау 31

8. 1.7 Техникалық регламенттер 31

9. 2 бөлім. Жобалық бөлім

2.1 Елдің дамуының әлеуметтік-экономикалық көрсеткішіне байланысты өртпен жағдайды үлгілеу принципі

36

10. 2.2 Өрттің және олардың салдарының әлеуметтік себебін талдау

36 11. 2.3 Елдің дамуының әлеуметтік-экономикалық көрсеткішінің

өртпен жағдайының әсер ету дәрежесін анықтау

45 12. 2.4 Елдің ауқаттылық деңгейіне өртпен жағдайдың әсер етуі 46 13. 2.5 Елдің экономикалық даму деңгейіне өртпен жағдайдың

әсер етуі

47 14. 2.6 Аймақтардағы өрт қаупі бар өртпен жағдайдың әсер етуі 49 15. 2.7 Әлеуметтік ортаға өртпен жағдайдың әсер етуі

2.8 Адам потенциалының даму индексін бағдарлау

52 56

16. Қорытынды 61

17. Қолданған әдебиеттердің тізімі 63

Кіріспе

(4)

Біздің қоғамымыздың дамуының заманауи кезеңі әр түрлі қауіптің өсуімен сипатталып, олардың негізгілері ірі қалалар, жергілікті орындар мен кәсіпорындарда орын алып, қазіргі таңда төтенше жағдай болып табылады.

Ғимараттар мен құрылыстардың қабаттылығының өсуі, көпшілік адамдардың келуімен ірі сауда орталықтары мен супермаркеттердің жасалуы (пайда болуы), сапалы әрі көптеген көліктің дамуы,объектілердің энергиямен қамтылуы бір жағынан өмір сапасының жақсаруына, ол басқа жағынан өрт және басқа да төтенше жағдайлардың артуына, демек – зардап шеккендер мен материалдық залалдың өсуіне әкеліп соғады. Қазіргі уақытта өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері өзекті әрі күрделі болуда.

2013 ж. Қазақстан Республикасының аумағында 13926 өрт орын алып, 4902801 мың теңге көлемінде зиян келтіреді. Төтенше жағдайлар кезінде (ары қарай - ТЖ) 455 адам қаза тауып, 579 адам жарақаттанды. ТЖ санының төмендеуі 18%, қайтыс болғандар саны 13% құрады. Жарақаттанғандар саны 3% төмендеді. Материалдық залал 13% төмендеді. Өртке қарсы қызмет құрылымы төтенше жағдайларды жоюға 45910 рет шықты. Өрт салдарының көрсеткішінің төмендеуінің бірден бір себебі өртке қарсы күрес қызметінің (кейін - ӨҚҚ) және адамдар өмірі мен материалдық құндылықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған басқа құрылымдардың жетілдірілуі мен дамуы болып табылады.

Сондай–ақ төтенше жағдайлар қауіпінің, соның ішінде өрттің, залалдың өсуіне қарағанда қорғану мүмкіндіктерінің өсуі байқалады. Бұл көптеген фактілерге байланысты, олардың негізгілері:

– ірі тұрғылықты орындарда халық (тұрғындардың) тығыздылығы мен санының артуы;

– кәсіпорын қызметкерлері және тұрғындардың өрт қауіпсіздік ережелерін жеткілікті білмеуі және бұл ережелерді тұрмыс пен қызметте елемеуі, ішімдікті шектен тыс пайдалануы;

– автокөлік магистралінің толып кетуі және жүргізуші тәртібінің төмендеуі, өртке қарсы құрылымның жедел келуін қиындатуы;

– төтенше жағдайларды жоюға және ескертуге қатысты міндеттерді тиімді шешетін азаматтық қорғаныс, аумақтық құрылым ресурстарының жетілуі.

Қазақстан Республикасы аумағында өрт жағдайын тұрақтандыру үшін өртке қарсы күрес қызметін басқару принциптері мен әдістерін дамыту, сонымен қатар ресурстардың орналасу үлгілерін әзірлеу қажет. Шын мәнінде Қазақстан Республикасының және оның облыстарының экономикалық байлығы табиғи және заманауи технологиялық, өндірістік және инновациялық әлеуеттер, сонымен қатар ықтимал қауіптер: саяси, қаржылық және т.б. соның ішінде төтенше жағдайлардың, өрттердің пайда болу қаупімен айқындалады. Осыған орай, әлеуметтік-экономикалық әлеуеттің басқару рөлі артты; осыған байланысты, әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштер өрт жағдайына әсерін зерттеу өзекті мәселе болып тұр.

(5)

Тұрғылықты мекендерде өрт жағдайы көбінесе халық санына байланысты. Сондай-ақ, аймақтың экономикалық-әлеуметтік құрылымы аталған көрсеткішке ықпалын тигізеді. Ғылыми дәлелденген әдістер, аймақ құрылып аталған көрсеткішке әсер етеді. Оның әсер ету деңгейі адам дамуының деңгейіне, соның ішінде адам тұлғасының барлық даму аспектілері – оның денсаулық жағдайынан бастап экономикалық және саяси бостандық деңгейіне байланысты ӨҚҚ әрекеті, сондай-ақ аймақтың табиғи климаттық жағдайларына және төтенше жағдайлардың табиғи сипатына тікелей байланысты.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аса маңызды ролді өрттің алдын алуына бөледі. Бұл қызметтің мемлекеттік өрт қауіпсіздігін қадағалау құрылымының қызметкерлері атқарады. Алайда бүгінгі таңда мемлекеттік өрт сөндіру инспекторларының нормативтік саны айқындалмағандықтан, олардың үлкен жүктемесіне, әрекет тиімділігінің төмендеуіне және аталған бағытта зерттеу өткізу қажеттілігіне әкеліп соғады.

Қазақстан Республикасында өрт жағдайы дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны болып табылады.

Дипломдық жобалаудың мақсаты – бұл әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерден, сонымен қатар климаттық және басқа да жағдайлардан өрт жағдайының тәуелділігін анықтау. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер іске асырылады: өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи жағдайына талдау жасау, әр түрлі өрт сөндіру қызметтерінің жедел әрекеті мен нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуіне талдау, өрттің себептері мен салдарына талдау жасау, 2015 ж. өртке болжам жасап, өрттің туындауына әсер ететін түрлі фактілерді анықтау.

(6)

1 бөлім. Өрт қауіпсіздігін заманға сай қамтамасыз ету мәселелерін талдау

1.1 Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің бөлімшелерінің оперативті қызметін талдау

Елдердің көбінде өртпен күрес, адамдардың мүлігін, денсаулығын және өмірін қорғау маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі , оны табысты шешу үшін маңызды материалдар мен еңбек ресурстары шығынданады.

Қазіргі уақытта өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері көбіне қиын және өзекті болып келеді. Өртке қарсы қызметтің қызметінің тиімділігін арттыру үшін бірнеше әдістер бар. Мысалы, материалды- техникалық базаны еңжоғарғы деңгейге көтеру және кеңейту. Берілген әдіс ондай маңызды болмаса да, құрылымға көп қаржылық құйылымды қажет етеді. Басқа әдістердің тізіміде бар, соларға мемлекеттік өртке қарсы қызметті (бұдан әрі - МӨҚ) ұйымдастыру және басқаруды жетілдіруді енгізуге болады. МӨҚ қызметінің тиімділігін арттыру резервісі негізін ұйымдарды басқаруды әрі қарай жетілдіруде іздеу керек, және де елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қоғамды жұмылдыру керек.

Өрт сөндіру қызметі әрекетінің аясында басқарудың ғылыми принципі (заңдылығы) оның қызмет ету және құрылымдарды басқару процессінің заңдылығын зерттеуді, бұл заңдылықтарды басқарудың жаңа құрылымдарын құруда, кадрларды үйлестіру және іріктеуде пайдалануды талап етеді.

Өрт сөндіру, зардап шеккендерді құтқару және апатты-құтқару жұмыстарын өткізу мемлекеттік өрт сөндіру қызметі жедел құрылымдарының ең маңызды міндеті болып табылады.

Өрт сөндіру қорғанысының пікірінше тұрғылықты мекендерде (қалаларда, ауылдық жерлерде) жедел жағдай, көбінесе, өрт сөндіру қызметінің сол мекендегі қауіп кешеннің элементтерімен үнемі өзара байланысымен анықталады.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік иелігіндегі аса маңызды, стратегиялық, селиберді аумақтарды өрттен қорғау үшін Қазақстан Республикасы ІІМ төтенше жағдайлар бойынша комитетінің 414 өрт сөндіру құрылымдары іске асырады. Күнделікті әскери кезекшілікте, тәулік бойы қызмет өткеруде 2500 өрт сөндірушілер бар. Республика бойынша тәулігіне орташа 50-ге жуық өрттер орын алып, дабыл бойынша 160 астам шығу өрт сөндіру құрылымдармен жүзеге асырылады.

2012-2013 жылдардағы Қазақстан Республикасында өрт жағдайлары 2013 жылы республикамыздың өртке қарсы қызметтерінің бөлімшелерімен 13926 өртті сөндіруге шығулар болды, бұл 2012 жылдың көрсеткішінен 18% кем, апатты-құтқару жұмыстарын жүргізуге 4617 шығулар, өрт есебіне жатпайтын жалындауларды жоюға 27290 шығулар және жалған шақыруларға 77 шығулар болды. 2012-2013 жылдары республикамызда болған өрттер статистикасы бойынша мәліметтер 1.1 кестесында көрсетілген.

(7)
(8)

1.1 кесте – 2013 жылға Қазақстан Республикасы бойынша өрт туралы ақпарат

Областтар

Өрт саны Шығынның соммасы (мың.

теңге)

Адамдардың қазасы Зақымданған адамдар

2012 2013 %ПГ 2012 2013 %ПГ 2012 2013 %ПГ 2012 2013 %ПГ

Астана қ. 870 733 - 16 % 247833 76119 - 69 % 21 22 + 5 % 54 36 - 33 %

Алматы қ. 970 651 - 33 % 180026 172613 - 4 % 18 16 - 11 % 75 68 -

Ақмола обл. %

1051 826 - 21 % 483487 352518 - 27 % 41 25 - 39 % 28 7 - 4 р.

Ақтобе обл. 702 575 - 18 % 296284 294849 - 0,5 % 15 14 - 7 % 20 20 0%

Алматы обл. 1683 1545 - 8 % 970937 927592 - 5 % 72 48 - 33 % 86 94 + 9 %

Атырау обл. 479 402 - 16 % 4973 84779 + 71 % 13 11 - 15 % 17 18 + 6 %

Ш.Қазақстан обл. 2040 1576 - 23 % 579704 639052 + 10 % 84 61 - 27 % 52 49 - 6 %

Жамбыл обл. 371 553 + 49 % 172586 138369 - 20 % 20 19 - 5 % 15 28

+ 87

%

Б.Қазақстан обл. 689 580 - 16 % 400313 373262 - 7 % 18 15 -

7 %

31 24 - 23 % Карағанды обл. 2380 2025 - 15 % 369336 336619 - 9 % 55 46 - 16 % 95 72 - 24 %

Қызылорда обл. 567 469 - 17 % 341573 322463 - 6 % 15 9 - 40 % 10 14

+ 40

%

Қостанай обл. 1523 1056 - 31 % 110911 63758 - 43 % 52 48 - 8 % 15 16 + 7 %

Маңғыстау обл. 330 279 - 16 % 6316 92648 + 15 р. 5 9 + 80 % 9 9 0 %

Павлодар обл. 1552 1028 - 34 % 464858 256223 - 45 % 34 39 + 15 % 39 36 - 8 % С.Қазақстан обл. 909 746 - 18 % 556350 322119 - 42 % 47 48 + 2 % 32 58

+ 81

% О.Қазақстан обл. 788 882 + 12 % 3854

1

449818 + 17 % 11 25

+ 2,3

р. 21 30

+ 43

%

(9)

Республика бойынша 16904 13926 - 18 % 5615677 4902801 - 13 % 521 455 - 13 % 599 579 - 3 %

(10)

Берілген 1 кесте бойынша (1.1 сурет) диаграмманы құрып, 2013 жылы республикамыздың барлық облыстарында, тек қана Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарынан басқаларында, өрттің саны төмендегенін көреміз.

1.1 сурет – 2012-2013 жылдардағы республикамыздың облыстары бойынша өрттер саны

Берілген мәліметтерге сәйкес өрттің пайда болу мәселелері бойынша (1.2 кесте, 1.2 сурет), алдыңғы жылдардағыдай, өрттің негізгі мәселелері болып электрқондырғыларын пайдалану техникасын және монтаждау ережелерін бұзу, сонымен қатар отпен абайсыз қолдану болып табылады.

2012 жылмен салыстырғанда өрттің пайда болу мәселелері көбейді, яғни тұрмыстық электрқондырғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау ( 41%) және балалардың отпен ойнауы ( 5%).

(11)

1.2 кесте –Өрттің себептері туралы мәліметтер

Өрт себептерінің атауы Саны Зақым

2012 2013 % ПГ 2012 2013 % ПГ

1 2 3 4 5 6 7

Анықталған өрттер 2400

(14)

1996

(14) -17 % 1402693 830980 - 41 % Өндірістік жабдықтардың

ақаулығы, технологиялық процессінің бұзушылығы

127 (0,8)

102 (0,7)

- 20

% 22380 34393 + 54 % Электр жабдықтарын техникалық

пайдалану және монтаждау ережелерін бұзу

3333

(20) 3238

(23) - 3 % 1353966 154413

4 + 14

% Электр құралдарын тұрмыста

пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің ережелерін бұзу

276

(1,6) 389

(2,8) + 41

% 124899 135569 + 9 % Жылутудыру қондырғысын

орнату және пайдалану кезінде ӨҚЕ бұзу

25 (0,1)

12

(0,1) - 2 р. 15616 1037 + 15 р.

Пештерді орнату және пайдалану кезінде ӨҚЕ бұзу

2280 (13)

1555 (11,2)

- 32

% 711148 470938 - 34 % Электрдәнекерлеу және басқада

отпен жұмыс істеуді дайындау кезінде ӨҚЕ бұзу

202 (1,2)

193

(1,4) - 4 % 70608 217906 + 3 р.

Тұрмыстық газ қондырғыларын пайдалану кезінде ӨҚЕ бұзу

231 (1,4)

197 (1,4)

- 15

% 93122 78932 - 15 % Отпен абайсыз жұмыс істеу 6380

(38)

4895 (35)

- 23

% 1325888 101529

6 - 23 % Балалардың отпен ойнаулары 483

(3)

509

(3,7) + 5 % 130781 147089 + 12%

Заттардың және материалдардың өздігінен жанулары

157 (1)

144

(1) - 8 % 41470 61803 + 49 %

Жарылыстар 7

(0,04)

5 (0,04)

- 29

% 0 4550 + 100

% Найзағайдың тікелей түсуі немесе

оның екінші әсерлері 221

(1,3) 151

(1) - 32

% 19080 10521 - 45 % Анықталмаған себептері 148

(0,9) 106

(0,8) - 28

% 45873 165559 + 3,6 р.

Өрттің басқа да себептері 634 (3,8)

434 (3)

- 32

% 258153 184094 - 29 %

БАРЛЫҒЫ: 16904 13926 - 18

% 5615677 490280

1 - 13 %

1.2 сурет 2012-2013 жылдардығы өрттің пайда болу мәселелері бойынша бөлу

Берілген мәліметтерде көрсетілгендей өрттің жиі кездесетін мәселесі, алдында айтылғандай [3] отпен абайсыз қолдану, электржабдықтарын

(12)

пайдалану техникасын және монтаждау ережелерін бұзу және де пештермен түтін шығатын трубаларды тазалау кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау.

Сонымен қатар өрттің жиі пайда болу нысаны болып тұрғын секторы қала береді (1.3 кесте).

1.3 кесте – 2013 жылғы өрттің пайда болу нысандары жайында мәліметтер

Өрт нысандары Саны Зақым

2012 2013 % ПГ 2012 2013 % ПГ

Өндірістік бағыттағы

ғимараттар мен құрылыстар 430

(2,5) 394

(2,8) - 8 % 98946 263934 + 2,7 р.

Сауда кәсіпорындары 497 (3)

475

(3,4) - 4 % 371688 555449 + 49 %

Қойма ғимараттары 111

(0,7)

90 (0,6)

- 19

% 83869 89183 + 6 %

Білім беру мекемелерінің ғимараттары

53 (0,3)

34 (0,2)

- 36

% 33612 17052 - 49 %

Балалар мекемелері 9

(0,05)

9

(0,06) 0 % 12573 6834 - 46 % Мәдени-көріністер мекемелері 28

(0,2)

36 (0,3)

+ 29

% 20551 35506 + 73 %

Спорттық-көріністі мекемелер 2

(0,01) 10

(0,07) + 5 р. 50 5432 + 109 р.

Емді-профилактикалық

мекемелер 48

(0,3) 48

(0,3) 0 % 22059 31782 + 44 % Монша және кір жуатын

кешендер

27 (0,2)

72 (0,5)

+ 2,6

р. 10727 54236 + 5 р.

Әкімшілік-қоғамдық ғимараттар

271 (1,6)

246

(1,8) - 9 % 120755 197162 + 63 % Ауылшаруашылық

нысандары

148 (0,9)

156

(1,1) + 5 % 68290 142101 + 2 р.

Құрылыс нысандары және құрылыс алаңдары

91 (0,5)

107 (0,8)

+ 18

% 4743 2661 - 44 %

Көлік құрал-жабдықтары 2430 (14)

2244

(16) - 8 % 617008 636985 + 3 %

Тұрғын үй секторы 11435

(68) 9295

(67) - 19

% 3478856 279622

1 - 20 %

Ормандар 666

(4) 274

(2) - 2,4

р. 574223 13009 - 44 р.

Дала, көгалдар, жайлаулар 94 (0,6)

31

(0,2) - 3 р. 5532 7488 + 35 % Басқа да ашық территориялар

(кәдімгі жолдар, көшелер, алаңқайлар және т.б.)

564 (3,3)

405 (2,9)

- 28

% 92195 47766 - 48 %

Барлығы: 16904 13926 - 18

% 5615677 490280

1 - 13 %

11

12

(13)

1.3 сурет – 2010-2013 ж.ж. өрт кезінде қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің динамикасы

Қазақстан Республикасының аумағында ағымдағы жылда жедел мәліметтер бойынша 16541 төтенше жағдайлар мен табиғи, техногенді сипаттағы оқиғалар тіркелді ( 2012ж. кезеңге қарағанда 17,6% төмен).

Сонымен 4262 адам зардап шекті (2012 ж. қарағанда 13,3% аз), оның ішінде 1333 адам қайтыс болды (2012 ж. қарағанда 15,9% азайды). Мәліметтер бойынша материалдық залал өткен жылдағы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 9787,2 млн. теңгені құрап, 56,3% ұлғайды (2012 ж. – 6260 млн. теңге).

1.2 Мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметі құрылымының шақырту құрамына талдау

Өрт немесе апаттар орын алған кезде, шақыртулар тұрғылықты мекеннің немесе аймақтың МӨҚ бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметке түседі. «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі (ары қарай – БКДҚ) – заңды және заңсыз тұлғалардан төтенше жағдайлар,өрт адамдардың денсаулығына зиян келтіру,өміріне қауіп төндіру және басқа да жағдайлар туралы келіп түскен хабарламаларды қабылдап, өз құзыретіндегі келесі шұғыл қызметтердің әрекет етуін үйлестіру шараларын талап ететін әрекеттерді өңдеу қызметі.

МӨҚ құрылымының шығуын және әрекетін анықтайық.

МӨҚ құрылымы бекітілген заңдылық тәртібімен азаматтық қорғаныс күші бола тұра, өрттің алдын алу және сөндіру жұмыстарын ұйымдастыру, шаруашылық объектілерде, тұрғылықты мекендерде, облыс маңындағы аудан, қала, республика маңындағы қалалар мен астанада алғашқы апаттық- құтқару және шұғыл жұмыстарды өткізеді.

Өрт кезінде өрт сөндіру қызметі жеке құрамының міндеті бұл жұмылдырылған күш пен құралдардың тактикалық мүмкіндігіне қарай, өртті жою (сөндіру) және адамдардың өміріне қауіп төнген кезінде адамдарды құтқару және тарату. Демек, дабыл бойынша кезекші қарауылдардың негізгі мақсаты – бұл өртті сөндіру және аппаттық-құтқару жұмыстарын өткізу.

(14)

Алайда, тәжірибе кезінде дабыл бойынша МӨҚ құрылымы жану, жалған шақырулар, оқу-жаттығулар және т.б. шығады.

Өртке жатпайтын жану жағдайлары:

–өндірістік технологиялық процестің ерекшелігіне уағдаласылған жану жағдайлары (технологиялық регламентке негізделген) немесе өндіріс барысына (технологиялық регламент әлде басқа техникалық құжаттамаға) және өнеркәсіп агрегаттар, сонымен қатар, бөлмелерді жылытуға арналған тұрмыстық пештер;

–заттарды өңдеу, оларды сапалы қасиетін өзгерту мақсатында (кептіру, пісіру, үтіктеу, қуыру, еріту және т.б.) жылыту немесе термикалық әсермен, отпен өңдеу нәтижесінде пайда болған жану жағдайлары;

–өрт жағдайларын тудырмаған электр қуаттарымен жарылыстар;

–агрегат механизм және апараттан тыс жанбаған, тұрмыстық және өндірістік электр құрылғыларда, электр жабдықтарда, электр желілерде қысқа тұйықталу жағдайлары;

–өртті тудырмаған, тағам дайындау кезінде тұрмыстық электр құрылғыларының ақаулығынан түтіндеу жағдайлары;

–иесіз қалған ғимараттар, көлік құралдары, құрғақшөп, жапырақ, ашық аумақ пен даладағы қалдықтар, сонымен қатар шаруашылық нысандарда, үй аулаларында, жол жиектерінде, қоқыс контейнерлерінде, тұрғын үйлердің лифттерінде, жертөлелер мен шатырларында қоқыстың өрттенуі;

–өзін өрттеу арқылы өзіңе қол жұмсау жағдайлары;

–жол-көлік оқиғалары себепболған автокөліктердің өрттену жағдайлары;

–әуе, теміржол аппаттары, террористтік, әскери әрекеттер, құқық қорғау органдарының арнайы операциялары және жер сілкінісі себеп болған өрт жағдайлары;

–адамдардың газдан уланып қайтқан жағдайлары;

–ешбір залалсыз пирофорлық жалғаулардың тұтану жағдайлары.

Кәсіби дайындық, өрт кезінде шешуші бағытты анықтау әрекеттерін өтеу, адамдарды құтқару тәсілдері мен әдістерін дұрыс енгізу, өрт сөндіру жедел штабын ұйымдастыру, басқа кәсібидағдыларды өтеу аясында нормативтерді жаттықтыру бойынша тәжірибелі, өрт сөндіру тактикалық сабақтар, жаттығулар, шығулар жүзеге асырылады. МӨҚ күштері өрт сөндіру құралдарын үнемі дайын және дұрыс күйінде сақтау үшін су құралдарын тексереді. Ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралардың кешенін өткізу өрттің жоғары пайызын қосымша күштер мен құралдарын пайдаланбай, жеке құрамның әскери қабілеттілігі мен дайындығын арттыруға бағытталған.

МӨҚ әрекетіне талдау жасау үшін Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ комитетінің мәліметтерін пайдаланамыз (1.5, 1.6 кестелер, 1.4 сурет).

(15)

1.5 кесте– 2010-2013 ж.ж. өртке қарсы қызметтің бөлімшелерінің дабыл бойынша шығулар туралы мәліметтер

Есепті жыл 2010 жыл 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл

Дабыл бойынша барлық шығулар, сонымен қоса

59163 48681 56870 45910

өрттерге 17710 13975 15720 13926

Апаттан құтқару

жұмыстарына

4446 4180 4500 4617

Өрт есебіне алынбайтын жануларға

36756 30266 36559 27290

Жалған шақыруларға 251 260 91 77

Өрттерге

Апатты-құтқару жұмыстарына Өрт есебіне жатпайтын жануларға Жалған шақырулар

1.4 сурет – 2010-2013 ж.ж. МӨҚ бөлімшелерінің шығу сандарының динамикасы

(16)

1.6 кесте –2013 жылдын өртке қарсы қызметінің шығуларының құрылымы

Атаулар

Астана Алматы Ақмола Алматы Актөбе Атырау ШҚО Жамбыл БҚО Қарағанды Қостанай Қызылорда Маңғыстау Павлодар СҚО ОҚО

Барлығы

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18

Кезекші күзеттің

шығулары, барлығы 1300

5 1207

0 1618

1 17752 10693 630

0 2599

5 1160

2 1232

5 31347 19018 9975 1100

6 1406

4 1265

1 2482

0 248804 Дабыл бойынша кезекші

күзеттің шығулары,

соның ішінде: 2252 3415 2081 3170 1451 1228 5452 1480 1747 7510 3627 1287 1348 3011 1414 4764 45237 Гарнизон

шекарасындағы

өрттерге 730 645 757 1506 513 360 1385 527 525 1906 1002 456 256 949 695 845 13057

Гарнизоннан тыс жердегі

өрттерге 43 152 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 1 0 196

Апаттан құтқару

жұмыстары 100 206 479 267 32 49 1490 187 190 565 377 27 273 115 160 100 4617

Өртесебіне жатпайтын

жанулар жағдайы 1379 2405 844 1395 896 819 2572 762 1018 5021 2245 804 816 1943 556 3815 27290

жалған 0 7 1 2 10 0 5 4 14 18 3 0 3 4 2 4 77

Өртті-тактикалық

үйренулер 31 30 179 95 15 58 91 129 24 62 93 60 21 202 137 182 1409

Өртті-тактикалық оқулар 240 742 2310 438 226 991 1225 1242 327 822 1391 238 491 225 954 868 12730

Су көзін тексеру 362 682 307 663 699 145 444 530 319 723 362 326 560 105 171 741 7139

Кесте бойынша оқулар 5805 3624 8977 10160 6225 2666 12824 6061 4057 16224 7227 5971 6441 6372 7100 11061 120795

Механикалану барлауы 805 744 422 821 331 25 666 216 141 951 240 0 315 192 122 1026 7017

1.6 кестесінің жалғасы

(17)

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 Басқа да шығулар 3510 2833 1905 2405 1746 1187 5293 1944 5710 5055 6078 2091 1830 3957 2753 6178 54475 Өрттің мемлекеттік

есептер жүргізілмейтін

нысандарға 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 2 0 0 0 0 2

Өрт нысандары

бойынша шығулар саны 730 645 757 1506 513 360 1385 527 525 1906 1002 456 256 949 695 845 13057

Көп адамдар жұретін

нысандарда 68 128 15 29 3 6 19 18 1 115 4 17 6 16 5 82 532

Тұрғын секторы 351 348 603 1237 407 232 1067 280 425 1386 667 306 92 669 553 562 9185

Табиғи өрттер: орманды

(жертезек) 0 0 2 11 0 3 0 0 4 12 5 0 0 1 0 7 45

- дала 0 0 0 8 0 2 15 1 1 1 0 0 0 4 0 0 32

Басқа да нысандардағы

өрттер 311 169 137 221 103 117 284 228 94 392 326 133 158 259 137 194 3263

(18)

(1.5 суреттегі) дөңгелек диаграммаға 1.6 кестедегі мәліметтерді қолдана МӨҚ бөлімшелерінің шақыруларының бірнеше түрлерін салыстыра республика бойынша жалпы санын көрсетеміз, ол өз тарапынан МӨҚ бөлімшелерінің шынымен жұмыс бастылығын көрсетеді.

1.5 сурет – МӨҚ құрылым шақыруларын салыстыру

Сонымен, өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстарына шығу жалпы шақыру санының 18% құрады. Жалпы санның 27% өрт есебіне жатпайтын және жалған шақыру құрады. Шақырудың 55% «Басқа шақыру»

санатын құрады, бұл гарнизондық өрт-тактикалық жаттығулар мен сабақтар, адамдарды құтқару және тарату амалдарын, әдістерін және нормативтерін өтеу бойынша тәжірибелік сабақтар, өрт сөндірудің жедел штабын ұйымдастыру, су көздерін тексеру және т.б.

Егер республиканың облыстары бойынша шығуларды қарастыратын болсақ, келесіні байқауға болады. Өртке шығудың көбі Алматы және Қарағанды облыстарында 1506 и 1906 болды, демек (барлық шығулардың 27%); шығулардың шамалы саны Атырау және Маңғыстау облыстарында 360 (14,9%) және 256 (7%). Облыстар бойынша жыл бойы орташа 828,3 шығуды құрады.

Апаттық-құтқару жұмыстарына көптеген шығулар саны Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында 565 (4,5%) және 1490 (13,9%), ал аздаған шығулар Қызылорда және Ақтөбе облыстарында 27 (0,8%) және 32 (1%) құрады. Орташа облыс бойынша жыл бойы апаттық-құтқару жұмыстарына 288,6 шығу жүзеге асырылады.

Қарағанды облысында өртке жатпайтын (5021, 40%) және жалған шақырулар (18, 0,1%) жағдайлар саны байқалады. Солтүстік Қазақстан облысында өрт санатына жатпайтын (556, 13,3%) және Ақмола облысында жалған шақыру (1, 0,03%) құрады, Атырау, Қызылорда облыстары және Астана қ. 2013 жылы жалған шақырулар болмады.

Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарында басқа да шығулар

(19)

саны 6078 (62,6%) және 6178 ( 56,5%) құрады; Атырау және Ақтөбе облыстарында аздаған шығулар саны 1187 (49,2%) және 1746 (54,6%) құрады. Орташа облыстар бойынша жылына апаттық-құтқару жұмыстарына 3404,7 6 шығу жүзеге асырылды.

Шығулар бойынша мәліметтер, Қарағанды облыстарында ең көп жылына 17604 шығулар саны болатынын көрсетті.

Егер өрттің депо санын және әр облыстағы ӨА негізгі және арнайы бірлік санын есепке алатын болсақ, онда өрт автотехникасының бірлігіне шығулар саны бойынша орташаланған жүктемесін анықтауға болады. 1.7 кестесінде және 1.6, 1.7 суретінде өсу бойынша саралауға бір өрт депосына және өрт автотехникасының бірлігіне, келетін дабыл бойынша және басқа шығулар көрсетілген.

(20)

1.7 кесте – Дабыл бойынша және басқа да шығулар саны бойынша мәліметтер

Облыстардың атауы ӨД

саны Арнайы және негізгі ӨА саны

Дабыл бойынш

а кезекші қарауыл

дардың шығуы

Басқа да шығулар

(өрт есебінежат

пайтын, жалған шақырулар

)

Шығуды ң жалпы

саны

Дабыл бойынш а бір ӨА жылына орташал анған шығулар

саны

Бір ӨА жылына орташал анған басқа шығулар

саны

ӨА жылына орташал анған шығулар

саны

Бір ӨД дабылбо

йынша жылына орташал анған шығулар

саны

Бір ӨБ жылын а басқа шығул ардың орташа

ланған саны

Бір ӨБ жылына орташал анған шығулар

саны

Солтүстік Қазақстан 27 92 1414 1533 2947 15,4 16,7 32 52,4 56,8 109,1

Қызылорда 16 70 1287 1373 2660 18,4 19,6 38 80,4 85,8 166,3

Ақмола 31 113 2081 2225 4306 18,4 19,7 38,1 67,1 71,8 138,9

Шығыс Қазақстан 65 282 5452 5799 11251 19,3 20,6 39,9 83,9 89,2 173,1

Батыс Қазақстан 27 90 1747 1864 3611 19,4 20,7 40,1 64,7 69,0 133,7

Жамбыл 19 73 1480 1572 3052 20,3 21,5 41,8 77,9 82,7 160,6

Атырау 12 48 1228 1288 2516 25,6 26,8 52,4 102,3 107,3 209,7

Павлодар 22 111 3011 3144 6155 27,1 28,3 55,5 136,9 142,9 279,8

Ақтөбе 19 48 1451 1518 2969 30,2 31,6 61,9 76,4 79,9 156,3

Алматы 30 102 3170 3302 6472 31,1 32,4 63,5 105,7 110,1 215,7

Астана қ. 10 71 2252 2333 4585 31,7 32,9 64,6 225,2 233,3 458,5

Алматы қ. 13 106 3415 3534 6949 32,2 33,3 65,6 262,7 271,8 534,5

Қостанай 27 112 3627 3766 7393 32,4 33,6 66 134,3 139,5 273,8

Оңтүстік Қазақстан 45 128 4764 4937 9701 37,2 38,6 75,8 105,9 109,7 215,6

Қараганды 33 184 7510 7727 15237 40,8 42 82,8 227,6 234,2 461,7

Маңғыстау 12 32 1348 1392 2740 42,1 43,5 85,6 112,3 116,0 228,3

(21)

жылына бір ӨА дабыл бойынша шығуларының орташаланған саны жылына бір ӨА басқа шығуларының орташаланған саны

жылына бір ӨА шығуларының орташаланған саны

1.6 сурет – Облыстар бойынша бір өрттің автотехникасына дабылдарға және басқа да шақыруларға шығу санының орташаланылған салыстырмасы.

(22)

жылына бір ӨА дабыл бойынша шығуларының орташаланған саны жылына бір ӨА басқа шығуларының орташаланған саны

жылына бір ӨА шығуларының орташаланған саны

1.7 сурет – облыс аумағында жылына бір өрт сөндіру депосының дабыл және басқа шығулар санының орташаланған салыстырмасы

1.6 және 1.7 суреттерімен барлық облыстарды дабыл және басқа шығулар санының салыстырмасы шамамен бірдей екенібайқалады. Сондай-ақ, республиканың барлық облыстарындадабыл дабылбойыншаорташаланған шығу саны басқа шығуларға қарағанда жылына бірнеше рет кем.

1.8 суретіндегі диаграммада республиканың облыстары үшін дабыл бойынша шығу саны, демек 1 өртке шығу саны 1,9-дан бастап (Солтүстік Қазақстан облысында) 5,4-ке дейін (Оңтүстік Қазақстан облысында) басқа шығуларды есепке алмай, төтенше жағдайлар мен апаттарға шығулар саны көрсетілген.

(23)

СҚО Алматы Ақмола Ақтөбе Жамбыл Қызылорда Павлодар БҚО Атырау Астана қ. Қостанай ШҚО Қарағанды Маңғыстау Алматы қ. ОҚО

1.8 сурет – Облыс аралығында дабыл бойынша шығулар саны мен өртке шығу санының қатынасы

Аса жоғары көрсеткіштері бар облыстарда ӨҚҚ құрылымдары көбінесе өртке қатысы жоқ, техногенді және табиғи сипаттағы апаттық-құтқару жұмыстарын орындауға жұмылдырылады.

Жасалған талдау МӨҚ әрекетін жоспарлау және ресурстарды орналастыру, соның ішінде өрт сөндіру депосын тиімді орналастыруын, қамтылуын анықтау кезінде шығу легін есепке алу қажеттілігін нұсқайды.

1.3 МӨҚ құрылым шақыруларының санын болжамдау және динамикасын зерттеу

Тұрғылықты мекендер мен аймақтарда өрт қаупіне әсер ететін фактілерді талдау негізінде, МӨҚ құрылымдары қызмет ететін ортаның жағдайына мекеннің тұрғындар саны, аймақ ауданы, географиялық, климаттық ахуал, әлеуметтік-экономикалық даму және т.б. сияқты фактілер баға береді. Жедел өрт жағдайына әсер ететін ең маңызды фактілердің бірі және тұрғылықты мекенде қалыптасқан өрт қаупін бейнелейтін фактілер бұл кезекші диспетчерлік қызметіне келіп түсетін шақыруларға өрт сөндіру қызметінің жедел бөлімшелерінің шығуы.

Тұрғылықты мекен және аймақ БКДҚ келіп түсетін шақырулар бірнеше параметрлер бойынша кездейсоқ сипатқа ие: олардың пайда болу мерзімі және орны бойынша, оларға қызмет көрсетуді талап ететін шығулар саны, сонымен қатар олардың қызмет көрсетудің уақыт ұзақтылығы. Бұл шығулар легінің

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР