• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

journals.ayu.edu.kz

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Share "journals.ayu.edu.kz"

Copied!
20
0
0

Толық мәтін

(1)

444

ӘОЖ 94(574); МҒТАР 03.20 https://doi.org/10.47526/2023-1/2664-0686.36 Ө. ҚОЖАҚҰЛЫ1, А. АСҚАР2✉*

1тарих ғылымдарының докторы,

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры (Қазақстан, Қызылорда қ.), е-mail: oteubay@bk.ru

2Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің магистранты (Қазақстан, Қызылорда қ.), е-mail: abusad.askar.01@mail.ru ҚАЗАҚТАРДЫҢ ТАШКЕНТПЕН БАЙЛАНЫСЫНДАҒЫ ТАРИХИ ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР

Аңдатпа. Бұл зерттеу жұмысында XVIII ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың 70-ші жылдарындағы қазақ пен Қоқан халықтарының саяси және шаруашылық қарым- қатынастарының теориялық-методологиялық негіздемесі, тарихнамасы және деректік негіздері көрсетіледі. Ұлы жүз қазақтары мен Ташкент халқы арасындағы тарихи-дәстүрлі және географиялық факторлар, олардың саяси, әлеуметтік-экономикалық байланыстары туралы мәселелер қарастырылады. Бұл аймақтың негізгі айналысатын шаруашылығы мал және егін болғандықтан, олардың осы салада сауданы қалай дамытқаны туралы да деректер кездеседі. Сонымен қатар қазақ халқының өз тәуелсіздігі үшін күресі және Қоқан хандығының ұстанымы, ХІХ ғасырдың бірінші ширегіндегі патшалық Ресейдің қазақ-қоқан қатынастарына ықпалы, оның Сыр бойын, Жетісуды және Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуының тарихы баяндалады. Ресей мен Қоқан хандығының саяси арақатынасы және әйгілі Саржан сұлтан көтерілісі, оған Ташкент бектерінің қатынасы және ХІХ ғасырдың 20–50- жылдарындағы көтерілістер, Қоқан хандығының қазақ халқымен әлеуметтік, қоғамдық-саяси қатынасындағы салық жүйесінің рөлі талданған. Патша үкіметінің отаршылдық саясатының сол кездегі хандықтарға тигізген әсері мен қазақ хандары және Ташкент билеушілері арасындағы байланыстар көрсетілген. Қазақ пен қоқан арасындағы шиеленістер мен қақтығыстар анықталып, баяндалды. Қазақстанның XVIII–ХІХ ғасырлардағы көршілес елдермен қарым-қатынастарының тарихы талданған.

Кілт сөздер: Ташкент, Қоқан хандығы, қазақ, орыс, тарих, география, патша үкіметі.

O. Kozhakuly1, A. Askar2

1Doctor of Historical Sciences,

Professor of Kyzylorda University named after Korkyt Ata (Kazakhstan, Kyzylorda), e-mail: oteubay@bk.ru

2Master student of Kyzylorda University named after Korkyt Ata (Kazakhstan, Kyzylorda), e-mail: abusad.askar.01@mail.ru

Historical Traditional and Geographical Factors in Connection of Kazakhs with Tashkent

*Бізге дұрыс сілтеме жасаңыз:

Қожақұлы Ө., Асқар А. Қазақтардың Ташкентпен байланысындағы тарихи дәстүрлі және географиялық факторлар // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2023. – №1 (127). – Б. 444–463.

https://doi.org/10.47526/2023-1/2664-0686.36

*Cite us correctly:

Qojaquly O., Asqar A. Qazaqtardyn Tashkentpen bailanysyndagy tarihi dasturlі jane geografiialyq faktorlar [Historical Traditional and Geographical Factors in Connection of Kazakhs with Tashkent] // Iasaui universitetіnіn habarshysy. – 2023. – №1 (127). – B. 444–463. https://doi.org/10.47526/2023-1/2664- 0686.36

(2)

445

Abstract. This research paper presents the theoretical and methodological basis, historiographical and documentary base of political and economic relations of the Kazakh and Kokand peoples from the end of the XVII century to the 70s of the XIX century. The historical, traditional and geographical factors between the Kazakhs of the Elder Zhuz and the people of Tashkent, questions about their political, socio-economic ties are considered. Since the main occupation in this region is animal husbandry and crop production, information is also given about how they developed trade in this area. Also have talken about the struggle of the Kazakh people for their independence and the position of the Kokand Khanate, the influence of tsarist Russia on Kazakh-Kokand relations in the first quarter of the XIX century, the history of its conquest of Syrbai, Zhetysu and Southern Kazakhstan. The article analyzes the political relations between Russia and the Kokand Khanate and the famous revolt of Sultan Sarzhan, the attitude of Tashkent beggars and the uprisings of the 20–50s of the XIX century, the role of the tax system in the social, socio-political relations of the Kokand Khanate with the Kazakh people. The influence of the colonial policy of the tsarist government on the khanates of that time and the relationship of the Kazakh khans with the rulers of Tashkent is shown. Tension and conflicts between Kazakhs and Kokand people are revealed. The history of Kazakhstan's relations with neighboring countries of the XVIII–XIX centuries is analyzed.

Keywords: Tashkent, Kokand Khanate Kazakh, Russian, history, geography, royal government.

О. Кожакулы1, А. Аскар2

1доктор исторических наук,

профессор Кызылординского университета имени Коркыт Ата (Казахстан, г. Кызылорда), е-mail: oteubay@bk.ru

2магистрант Кызылординского университета имени Коркыт Ата (Казахстан, г. Кызылорда), е-mail: abusad.askar.01@mail.ru

Исторические традиционные и географичекие факторы связи казахов с Ташкентом Аннотация. В данной исследовательской работе представлены теоретико- методологическая основа, историографическая и документальная база политических и экономических отношений казахского и кокандского народов с конца ХVІІІ века до 70-х годов ХІХ века. Рассматриваются историко-традиционные и географические факторы между казахами старшего жуза и народом Ташкента, вопросы об их политических, социально- экономических связях. Поскольку основным занятием в этом регионе является животноводство и растениеводство, также приводятся сведения о том, как они развивали торговлю в этой области. Так же речь идет о борьбе казахского народа за свою независимость и позиции Кокандского ханства, влияние царской России на казахско- кокандские отношения в первой четверти XIX века, история завоевания ею Сырбая, Жетысу и Южного Казахстана. Анализируются политические взаимоотношения России с Кокандским ханством и знаменитый мятеж султана Саржана, отношение к нему ташкентских попрошаек и восстания 20–50-х годов XIX века, роль налоговой системы в социальных, общественно-политических отношениях Кокандского ханства с казахским народом.

Показано влияние колониальной политики царского правительства на ханства того времени и взаимоотношения казахских ханов с правителями Ташкента. Выявлены напряженность и конфликты между казахами и кокандцами. Проанализирована история взаимоотношений Казахстана с соседними странами XVIII–XIX веков.

Ключевые слова: Ташкент, Кокандское ханство, казах, русский, история, география, царское правительство.

(3)

446 Кіріспе

Халқымыздың сан ғасырлар бойы армандаған ізгі тілегі жүзеге асып, еліміз тәуелсіздік тізгінін өз қолына алған шақта қазақтардың оңтүстік өлкесіндегі ежелден төсекте басы, төскейде малы қосылған көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасын қайта қарап, бекіте түсті. Осы жағдайға байланысты ел алдында жаңа міндеттер мен талаптар қойылды. Соның бірі – халқымыздың ежелгі дәуірден, ғасырлар қойнауынан бастау алатын шежірелі тарихын бүгінгі биік талаптар тұрғысынан зерделеп, оны шындықты күтіп отырған барша қауымға боямасыз, бүкпесіз жеткізіп, жаңа қоғамға сай баға беру.

Тарих зердесінде Қазақстан мен Орталық Азия халықтары арасында саяси, әлеуметтік- экономикалық байланыстардың болғандығын дәлелдеп отыратын тарихи, археологиялық, этнографиялық деректер сақталған. Бүгінгі күні осы байланыстарды ашып көрсету үлкен мәселеге айналып отыр.

Кеңес үкіметі тұсында халықаралық қатынастарға баса назар аударылып, проблемалық мәселелердің көпшілігі ғылыми тұрғыда зерттелмегені белгілі.

Алайда, бұл өлкелерді мекендеген халықтардың тарихында, тұрмыс-тіршілігінде, салт- дәстүрі мен әдет-ғұрыптарында да үлкен ұқсастықтың болғандығын жоққа шығаруға болмайды. Ағайынды халықтар қандай қиындықтар мен ауыр жағдайлар болса да, бір-біріне қол ұшын беріп, жақындық белгілерін танытып отырған. Бұл тұрғыда 1993 жылдың маусым айында Ордабасыда өткен Қазақстан Президенті – Н. Назарбаев, Өзбекстан Президенті – И. Каримов, Қырғызстан Президенті – А. Ақаевтың бас қосқан кездесулерінде айтылды.

Онда қазақ халқының ХVІІІ ғасырдағы қайраткерлері Төле, Қазыбек және Әйтеке билерді еске ала отырып, осыдан үш ғасырдай бұрын осындай жекелеген тарихи тұлғалардың жоңғарларға қарсы күресте, қазақтарды біріктіруде үлкен еңбек сіңіргендіктерін айта келіп, осы кезде қазақтарға достық пен ағайындықтың белгісі ретінде Орта Азияда өмір сүрген халықтар, яғни өзбектер, қырғыздар, түркімендер, тәжіктер, қарақалпақтар өздерінің көмектерін көрсеткендіктері айтылған. Осылайша аумақтық тұтастыққа қол жеткізу мен саяси тәуелсіздік жолындағы шешуші қадамдардың бірі жасалынған.

Жалпы алғанда, Қазақ-Қоқан хандықтарының зерттелініп отырған ғасырлардағы қарым-қатынастарын біржақты қарастыруға болмайды, өйткені ол байланыстар сонау заманнан бері біте қайнасып, біртұтас бөлінбейтін дүниеге айналып кеткен. Міне, осы себептен көршілес халықтардың арасындағы қарым-қатынастарды жан-жақты қарастыру керек.

Қазақ тарихында «қазақ халқының Ресейдің қол астына өтуі» елеулі орын алады. Қазақ хандығының билеуші топтары арасында ішкі түсінбеушілік жағдайлары мемлекеттіліктің әлсіреуіне әкелді. Ішкі саяси қырқыстарды Қоқан және Хиуа хандығы пайдаланып, қазақ хандығына сырттай агрессиялық саясат жүргізді.

Қоқан хандығының тарихын зерттей отырып, өзбек-қазақ халқының «Қоқан хандығының» деспотизм саясатына қарсы еңбекшілер мен бұқара халықтың жақындасып бауырласқанын көреміз. Қоқан хандығының қанаушылық саясаты өзбек және қазақ халықтарын біріктіріп, өздерінің саяси бостандықтары үшін екі халықты достастыра түсті.

Сондықтан да XVIII ғасырдың 70-ші жылдары мен ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндегі Қоқан хандығы тұсындағы қазақ халқының тарихын зерттеу заман талабы.

Жүздеген жылдар бойы қазақтар (әсіресе, оңтүстік өңірі) Қоқан хандығының қол астында өмір сүріп, өзбек ағайындарынан егіншілік және қолөнер кәсібін, ирригациялық және мелиорациялық жүйелер мен дәстүрлерді, сауда-саттық байланыстарды қабылдаған.

Сондай-ақ қазақтар мен өзбектердің қалыптасуы мен дамуында ортақ мәселелер көп: олар бір этногенетикалық отбасыға кіретін көршілес елдер. Бұған қоса екі ел арасындағы шаруашылық пен әлеуметтік жағдайлар, тұрмыс пен дәстүр, салт пен мәдениеттегі өзара байланыстар төңкеріске дейінгі дәуірде-ақ белгілі бір деңгейге жеткен еді. ХІХ ғасырдың

(4)

447

екінші жартысынан бастап қазақтар мен өзбектердің әлеуметтік-экономикалық және өзара қарым-қатынасы екі халықты бұрынғыдан да гөрі етене жақындастырды.

Саяси жағынан қазақтар екі жақты: әуелі, Қоқан хандығының бектеріне және екіншіден

«өздерінің» жергілікті билеушілеріне тәуелді болды. Қазақ халқының Қоқан хандығына қарсы көтерілісі, әкімшілік-басқару жүйесі, Сыр бойындағы, Оңтүстіктегі қоқандықтардың бекіністері, қазақ феодалдарының саяси сахнадағы рөлі, қазақтардың агрокешенді жағдайлары, қазақ жеріндегі өзбек және қырғыз халықтарының егіншілікпен айналысуы, қазақ қоғамының әлеуметтік жағдайлары және қазақтардың ұлт-азаттық күресі туралы мәселелер ізденістерді қажет етеді.

Еңбекте қазақ халқы басынан кешірген XVIII–XIX ғасырлардың, яғни біз қарастырып отырған кезеңдегі Қоқан хандығының үстемдігін: Қазақстанның Оңтүстігіндегі халықтардың экономикасы мен мәдениетіне, әлеуметтік-саяси өміріне кері әсер еткенін нақты дәйектермен көрсетуге ұмтылдық. Сол сияқты зерттеуде Қазақ халқының өз бостандығы жолындағы ұлт- азаттық күресіне де сипаттама жасау қажет деп табылды.

Тарихи тақырыптың өзіне тән күрделілігіне сәйкес зерттеуде өзіндік қорытындылар мен тұжырымдар жасалды. Десек те бұл тақырыптың кейбір мәселелері мұрағат деректері негізінде әлі де зерттеуді қажет етеді.

Қазіргі таңда Қоқан, Хиуа, Бұхара хандықтарының қазақ аудандарын жаулап алу, басқыншылық, тонаушылық әрекеттері және оған Ресейдің көзқарасы мен Қазақ халқына ықпалы туралы ізденістер жүргізілуде. Біздің зерттеу тақырыбымыздың өзектілігін аша түсетін мәселелер қатарына: төл тарихымыздағы толық зерттеле қоймаған XVIII–XIX ғасырлардағы қазақ-қоқан қарым-қатынастары және оған Ресей империясының тигізген ықпалы мен жаулаушылық әрекеттерін, сонымен қатар Қоқан хандығы жүргізген варварлық, тонаушылық әрекеттеріне қарсы қазақ халқының наразылықтардың ерекшеліктері мен маңыздылығына тоқталу, Қазақстанның қазіргі таңдағы көрші мемлекеттермен саяси байланыстарына жаңа көзқараспен баға беру, зерттеулер жүргізіп, тарихымыздың ақтаңдақ беттерін ашу болып табылады.

Зерттеу әдістері

Бұл жұмыстың әдіснамалық негізін әлемдік тарих ғылымында жалпы қабылданған методологиялық және теориялық тәсілдер құрайды. Авторлар материалдық өндіріспен байланысты адамдар өмірінің әлеуметтік-экономикалық саласын талдауға қолданылатын формациялық және өркениеттік тәсілдерді кешенді пайдалануға бет бұрады. Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну өндірістік қызметті әлемдік-тарихи процестің анықтаушы факторы ретінде қарастыруға негізделген. Дегенмен, зерттелетін кезеңнің дамуындағы жалпы тенденцияларды анықтау прогрестің бірнеше векторларының болуын көрсетеді.

Солардың бірі – тарихи прогрестің мәні – адам қолымен жасалған өндіріс құралдарында, экономикалық және әлеуметтік қатынастарда жүзеге асатын рухани құндылықтардың жинақталуы.

Прогрестің екінші векторы – әртүрлі халықтардың, аймақтар мен елдердің тарихи тағдырларының ортақтығын нығайту. Бұл теориялық ой-пікірлер қазақ, өзбек, қырғыз, тәжік және басқа халықтардың тарихын салыстырмалы түрде зерттеуде пайдаланылды.

Талдау мен нәтижелер

Ресейдің шығысқа қарай жылжуының түпкі себептерін ашып көрсете келе Түркістан мен Батыс Қытайға ие болса, Азиядағы жағдайдың қалай өзгеретінін К. Маркс пен Ф. Энгельс былай деп түсіндіреді: «Егер орыстар бұл аймақтарға енді соңғы 25 жылдағыдай дәл осы қарқынмен, осы жылдамдықпен және осы ретімен жүре беретін болса, онда 10 немесе 15 жылдан кейін орыстар Үндістанның қақпасын ұрып тұратын болады. Оларға қазақ даласынан өтсе-ақ болды, оңтүстік-шығыс Түркістанның біршама өңделген және құнарлы

(5)

448

жеріне тап болады, олардың жаулаушылығына бірдеңе деп айту мүмкін болмай қалады.

Бірнеше жылдар ішінде бұл жерде әскер 50 немесе 60 мыңға жетіп, ол әскер Үндіге қарай кез-келген бағытта жорық жасауға жеткілікті болады» [1, 619-б.].

Орыстардың отар иелену жолындағы саясаты кең көлемде болғанын К. Маркс пен Ф. Энгельспен қатар, мына дерек көзі де растайды. Онда былай делінген: «Біздің оңтүстік- шығыстағы қозғалысымыздың басты мақсаты Үндістанға ұмтылысымыз болып табылады және біздің Орта Азиядағы барлық қимылымыз бен міндетіміздің түпкі мақсаты – Үндістан»

[2, 25-б.].

Бұл туралы М.К. Рожкова былай деп келтіреді: «Жаркенттен Леха мен Үндістанға баратын жеңіл жол бар, бұл жолмен түйе өте алатындықтан, әскер де өте алады, сондықтан орыстардан қауіптенген ағылшындар Қарақорым өткелін күзетуде және Қытайлық Түркістанмен байланыс орнатуда» [3, 104–114-бб.].

Ресей империясының Үндістанға басқыншылық жорық жасамақ болғанын жоғарыда келтірілген деректерден басқа, сол уақытта жарық көрген Англияның «Таймс», «Таймс оф Индия», «Таймс оф Цейлон» сияқты ресми баспасөз құралдары атап өтсе, бұл жағдайды Вамбери, Мак-Георг, Керзон және тағы басқалардың деректерімен қатар кеңес тарихшылары да растайды [4, 134-б.; 5, 88-б.].

Ресей патшалығының бұл амалына қазақ-қырғыз алданып тұзаққа түсіп, араларында күнде соғыс, күнде барымта, күнде тартыс болып, аттан ат, қазақта намыс қалмады. Осы күнге дейін үш ру араларында татулық жоқ. Хүкімет ақылды болып надан, соқыр қазақты өзінің амалына түсіріп алды. Береке-бірлігін кетіріп әлсіретті [6, 255-б].

Патшаның жарлығын саяси құрал ретінде пайдаланған орыс шенеуніктері қазақтар жүздерін бағындыруда аянып қалмады. Алдымен Орта жүз қазақтарын жаулап алып, отарлаған патша өкіметі, оларды Ұлы жүз қазақтарына айдап салып, өз мүддесіне пайдаланады. Нәтижесінде қазақтар өзара қырылып, малдарын барымталап, бітіспес жауға айналады. Осыны шебер пайдаланған орыстар қарамағындағы қазақтарды қорғаймыз деген сылтаумен, Орта жүздің ханы Бөкейге «әскери көмек» беріп, наймандардан «ерекше» қарулы атты әскер жасақтап, Ұлы жүз руларының ауылдарын шабуға аттандырады [7, 13-б.].

«Ілгері уақытта, - деп ашына жазады жалайырлардың сұлтаны Сүйік Абылайханов Батыс-Сібір генерал-губернаторына жіберген хатында, - наймандар малдарымызды ғана барымталайтын, ал соңғы уақытта үйлерімізді тонап, ұлдарымыз бен қыздарымызды тартып әкетуде» [8, 2-б.].

Орта жүз қазақтарымен болған тең емес талас-тартыста Ұлы жүз қазақтарының рулары ауыр соққының астында қалып, тоз-тозы шығады. Бұл жағдайды өз пайдасына шешуге тырысқан патша өкіметі сәті келді деген оймен татар саудагерлерін арнайы нұсқаумен Ұлы жүз руларының ауылдарына жібереді. Патша өкіметіне көп уақыттан бері қызмет жасайтын татар саудагерлері мен молдалары қазақ даласында орыс билігін насихаттайтын құралға айналып, «Орыс, патша, Ресей» деген түсінікті қазақтардың санасына сіңіріп, орыстарға бағындыру үшін көптеген қызметтер атқарады.

Татар өкілдерінің орыс саясатының құралына айналуы ІІ Екатеринаның патшалығынан бастау алады. Ол 1784 жылы 27 қарашада Сібір және Уфа генерал-губернаторларына жарлық шығарады. Онда «Қазақтардың әртүрлі руларына молдаларды тағайындау біздің бұрынғы жарлықтарымызды іске асыруға көмектеседі. Оларды бізге шын берілген қазан татарларынан іріктеңіздер. Қызметке жіберер кезде жақсылап нұсқау беріңіздер. Берілген нұсқауларда татарлар қазақтарды орыстарға берілген рухта тәрбиелеуді, шекараларда жиі-жиі болатын тәртіпсіздіктердің алдын алуды естен шығармауы керек. Бұл татарлардың жол шығынын төлейтін болыңыздар, ерекше көзге түскендеріне сый-құрмет көрсетіңіздер» - деп татарлардың міндеттерін белгілейді [9, 84-б].

Татар өкілдері қазақ даласында үгіт-насихат жүргізумен қатар тыңшылық кәсіппен айналысып, қазақтар мен Қоқан хандығында және Қытай патшалығында болып жатқан саяси

(6)

449

жағдайларды және әскери күш-қуаты туралы мәліметтерді орыстарға уақытында жеткізіп, қызметтері үшін көптеген жеңілдіктер мен ақшалай сыйлықтар алып отырған [10, 55-б.].

Қазақтардың сеніміне кіріп, “екіжүзді” саясат ұстап, орыстардың «шашбауын»

көтерген татар өкілдеріне наразылық білдірген қазақтың белгілі демократ-ағартушысы Ш.Ш. Уәлиханов орыс әкімшілігіне былай деп жазған: «қазақ даласын татарлардан тұратын Орынбор муфтилігінен бөліп, молдалыққа тек жергілікті қазақтар мен қожалардан тағайындап, Орта Азиядан шыққан ишандар мен қожаларды және татар семинаристерін қазақтардың қонысында мекендеуіне тиым салу қажет» [11, 63-б.].

Ұлы жүз қазақтарының ауылдарына орыстардан арнайы нұсқаумен келген татар саудагерлері жоғарыда баяндалған міндеттерді іске асыруға кіріседі. Қазақ ауылдарының арасында бір жыл бойы сауда-саттық жасап, Қазақ билеушілерінің сеніміне кірген татарлар сұлтандар мен оның билеріне Ресей билігін насихаттап, елге тыныштық тек қана Ресейдің қол астына өткен жағдайда ғана орнайтынын, Орта жүз қазақтары тартып әкеткен ұлдары мен қыздарын, малдары мен дүние-мүлкін орыстар ғана алып беріп, наймандардан қорғайтын әскер жібере алады деп үгіттеп, орыстар беріп жіберген заттай сыйлықтарын жалайырлардың билеушілеріне үлестіреді [12, 5–18-бб.].

Орыс әкімшілігінің дем беруімен болған Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтарының арасындағы тұтанған руаралық жанжал, сұлтандарға татар саудагерлерінің ұсынысын қабыл алуына, сөйтіп орыс патшасына «өздерін Ресейдің қол астына алуы» туралы және оларды өз қандастарынаң қорғауы жөнінде өтініш жазып, орыс билігін мәжбүрлікпен қабылдатты. Ұлы жүз қазақтарының билеушілері бұл шешімге жеке өздері емес, ру басылары мен билерімен және қоғамдық пікірмен санаса отырып келген. Ол уақытта қазақ қоғамында демократиялық институттар мықты болғандықтан сұлтандардан бастап хандарға дейін билікті жеке-дара жүргізбей, кез-келген мәселені елдің игі жақсыларымен бірге жиындар мен мәслихаттар арқылы шешкен [13, 188-б].

Сұлтандардың Ресейдің билігін «өз еркімен» мойындауы қазақтардың басқа да руларына орыс әскерінің көмегімен билігін орнатып, хан болуды көксеген деген пікірді орыс деректанушылары мен империалистік «дерттен» арыла алмаған кеңес идеологтарының Ресейдың отаршылдық саясатын бүркемелеу үшін қалыптастырды. Себебі хандар мен сұлтандар қазақ мемлекетінің негізгі тірегі болғандықтан, оларды әшкерелеп, жеккөрінішті ету арқылы қазақ халқының санасынан біржола өшірсе, онда болашақта да қазақ халқы олардан теріс айналып, хан, сұлтан, билеуші деген ұғымдардан бас тартып, бір мемлекеттің аясына бірікпес деп ойлады. Сонымен қатар орыс идеологтарының тағы бір арам ойы қазақтың орысқа бағынуына патша өкіметінің еш қатысы жоқ, қазақ билеушілерінің өздері келіп жалынған деген түсінік жатты. Соның нәтижесінде Абылай мен Кенесары сияқты хандарды қазақ халқын «қанаушы», Әбілхайыр хан және тағы басқа сұлтандарды өз пайдалары үшін орыс билігін «өз еркімен» мойындап, орыс әскерлерін қазаққа өз билігін сақтап қалу мақсатында шақыртқан деген пікірге келдік.

Қазақ халқының белгілі бір бөлігінің Орта Азияның (Ташкент ауданы) егіншілік шаруашылығына қолайлы солтүстік-шығысына қоныстануы айтарлықтай кеш жүрді. Бұл XVI ғасырдың екінші жартысында Орта Азия территориясы жаппай өзбектер мекеніне айналған кез еді [14, 92–93-бб.]. XVI–XVIII ғасырлар: саяси билік бірде өзбектердің, бірде қазақтардың, ал енді бірде жоңғарлардың қолына өтіп жатқан аумалы-төкпелі кезең болды.

Осыған қарамастан ауданға қоныстанушылардың этникалық құрамы да, шекарасы да еш өзгеріссіз қалды. Атап айтқанда, қазақтар мекен еткен оңтүстік бөлікте (Ангрен жазықтығы) XVI ғасырдың өзінде қоныстану тұрақты болып, қазірге дейін сақталған. Осындай тұрақтылық оңтүстік-батыста өзбектердің ғасырлар бойы егін шаруашылығымен айналысып келген Әмудария бойы Хорезмде де қалыптасады.

(7)

450

Еуропа мен Ресейдегі капитализмнің дамуы шығысқа әсерін тигізбей қоймады. Ресей нарығы XVIII ғасырдың алғашқы жартысынан бастау алып Орта Азиядағы қалыптасқан натуралдық рентаның ақша айналымына ауысуына кері әсерін тигізді.

Бұл кезде Орта Азия мемлекеттерімен шекаралас отырған қазақ руларының жағдайлары да айтарлықтай жақсы емес еді. XVIII ғасырдың екінші жартысында «Орта Азиядағы Бұқар, Хиуа және Қоқан хандықтарының құрылу процесі аяқталып, бұл хандықтардың өз жерлерін шалғай жатқан, көшіп-қонуға ыңғайлы жерлерді басып алу арқылы кеңейту әрекеттері байқалды» [14, 94–95-бб.].

Орта Азия хандықтары қазақ қоғамындағы әлеуметтік қайшылықтарды, өзара талас- тартысты, қырқысты, тұрақты түрдегі соғыстарды шиеленістіре түседі. XVIII ғасырдың соңынан бастап Қоқан феодалдары қазақтарды өздерінің қол астына қаратуға, олардың жерлеріне бекіністер салып, қазақ даласына әскери жасақтар жіберіп, халықтан алым-салық жинауды жүзеге асыруға барынша ұмтылыс жасайды. Қоқан билеушілерінің бұл әрекеттері тек жергілікті халықтар тарапынан ғана емес, Ресей тарапынан да қарсылықтар туғызады.

Хиуа хандарының басқыншылық жорықтары қазіргі Түркіменстанның барлық аудандарын, солтүстікте Сырдарияның төменгі ағысын, осы өзеннің сол жағалауын түгелдей қамтыды.

Сырдария өзенінің оң жағалауын қоныстанған қазақ руларының көпшілік бөлігі және оларға жақын жатқан шығыстағы аудандар Қоқан хандығының қол астында қалып қойды [15].

XVIII ғасырдың бірінші жартысында феодалдық бытыраңқылық салдарынан қазақтар мен өзбектер жоңғар феодалдарының шабуылына ойдағыдай тойтарыс жасай алмады. 1723 жылы жоңғарлар Сайрам, Түркістан, Ташкент қалаларын жаулап алды және жан-жағындағы қазақтарды бағындырды. Аш–жалаңаш ауру қашқындар Ташкент, Бұқара, Хиуа, т.б. өзбек қалаларына босты [16, 561-б.]. Онсыз да салық ауыртпалығынан күйзеліп отырған жергілікті халықтың мойнына қосымша жүк түсті. 1728–1729 жылдары қазақ және басқа туысқан халықтардың Орта Азиядағы біріккен күштері жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беріп, Қазақстанның көптеген жерлерін азат етті. Алайда жоңғар феодалдарының қол астында Ұлы жүздің көптеген территориялары қалып қойды да, жоңғар елінің жаңадан басталар шабуылының мүмкіндігі сақталды [17, 71–72-бб.].

Осыған байланысты 1731–1732 жылдары Кіші жүз ханы Әбілқайырдың және бірқатар қазақ старшындарының Ресей құрамына енуіне байланысты патша үкіметі XVIII ғасырдың 30-жылдарынан бастап Орта Азиямен саяси және экономикалық байланыстың дамуына көп назар аударды. Осы мақсатпен 1734 жылы Орынбор қаласы, кейін басқа да қамалдар салынды. Олар Қазақстанды одан әрі отарлаудың және Орта Азияға енудің негізгі тірегі болды.

Орынбор-Ресейдің Орта Азия хандықтарымен байланысының негізгі қақпасына айналды. Орынбордың жергілікті әкімшілігі Орта Азияда болып жатқан оқиғаларды қатаң бақылап отырды. Орынбор экспедициясының бастығы И.И. Кириллов Орта Азиядағы жағдайлар туралы мәліметтерді жинаумен жеке өзі айналысқан. Орта Азиямен тығыз байланыс орнату әрекеті И.И. Кирилловтың және Ташкент өкілдерінің келуімен байланысты жасалды. Кіші жүз қазақтарының Ресей құрамына енуі басқа қазақ билеушілерінің де назарын аударды. 1734 жылдың өзінде Ташкентті билеген Ұлы жүз қазақтарының ханы Жолбарыс Уфаға өзінің өкілі, ташкенттік Нұрмұхаммед молда Алимовты жіберген [18, 53–

55-бб.]. Нұрмұхаммед молла Алимовты И.И. Кириллов жылы қарсы алып, мынадай бұйрықты шығарды: «Император билігінің жарлығымен Ташкенттен келген сарттарға Нұрмұхаммед молда Алимов пен Бөкей Тұрсыновқа император билігінің пайдасы үшін кейбір істерге әрқайсысына 5 сомнан беру» [19]. И.И. Кириловтың ташкенттікпен кездесуге үлкен мән бергені туралы мәліметтер аса қызығушылық тудырады. Өйткені, Нұрмұхаммед Алимовтың берген мәліметтерінде, қазақ хандары мен сұлтандары «қалалар мен уездерде тұратын адамдардан ақша-тауар түрінде, егер ол жоқ болса, салық жинаушылар халықтан астықтың бестен бір бөлігін және малдың оннан бір бөлігін, мүйізді ірі қара мен қойды

(8)

451

жинап алып отырды. Салық жинаушылар осы кезде өте қатыгездікпен жұмыс істеді.

Көптеген адамдарды төлемегені үшін өлімші етіп сабады. Соның нәтижесінде халық пен салық жинаушылар арасында қақтығыстар болып тұрды. Ташкенттің орналасуы мен қала құрылысы туралы Н. Алимов былай мәлімдейді: «Қала төрт бұрышынан кірпіш дуалдармен қоршалған, оған кіретін 32 қақпа болды. Қала Шыршық өзені бойында орналасқан, онда 20 000 отбасы бар, қаланың үлкен бөлігі өзекте салынған. Қала дуалдарының қалыңдығы соншалық – оның үстімен 2 аттылы адам қатар жүре алады, соғыс қаупі туған жағдайда қарауылдар дуал бойымен шауып, қорғанысқа дайын болсын деп айқайлайды. Бұл қаланың ұзындығы түстен кешке дейін созылады, көлденеңінен де солай. Мешіттер мен үйлер кірпіштен салынған, әр үйдің қақпасында мұнара бар. Қаладан 114 шақырым қашықтықта 10 000 әскерге дейін сиятын бекініс орналасқан. Қалада үлкен 40 мешіт бар, орталықта Кремль орналасқан, барлық жағынан кіретін 6 қақпасы бар, бұл Кремльді ескі Ташкент деп атайды».

Сондай-ақ, Ресейдің ежелгі актілер мұрағатынан XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы Ташкент тарихы туралы, 1741 жылы Ташкентте болған татарлық саудагер Шубай Арслановтың хабарламасында кездеседі [20].

Жоңғарлардың қолына билік көшкеннен соң, жағдай тіпті қиындап кетті. Енді салықты тек жоңғар ханына ғана емес, қазақтардың Ұлы жүз феодалдарына да төлеу керек еді. Себебі, олар жергілікті тұрғындарды үнемі қорқытып, қала билеушісіне де осыны айтатын болған.

Ташкенттіктердің өмірін бейнелей отырып, Арсланов олардың көшпелілерге тәуелділігін айқын көрсетеді [21, 193-б.].

Өз тарапынан Кусек бек Ташкентті билеуді қолға алған соң жоңғарларға аманат беру арқылы олармен келісімге келеді. Сөйтіп төрт жылдың ішінде салық жинаумен қалалықтардың жағдайын әбден нашарлатады. Халықтың оған деген жеккөрініш сезімі шексіз еді. Оны тұрғындардың биліктен тайдырғысы келген іс-әрекетінің нәтижесіз аяқталғандығының Арсланов куәсі болған екен. Кусек бектің үйіне астыртын түрде кірген адамдарды біреу сатып кетіп, олар жедел түрде ұсталып қалады. Ұйымдастырушылардың саны бесеу екен, сонымен бірге олардың әкелері мен ағалары жалпы саны 25 болған.

«Олардың барлығы өлім жазасына кесілді, кейбіреулерін дарға асты, әйелдер мен балаларын құлдыққа сатты» [22, 413–414-бб.]. Ташкенттен кетерден 20 күн бұрын, ол жерге жаңа билеуші келді, оны Жоңғар ханы Қалдан-Церен жіберген болатын. Жаңа билеуші қалмақ Қасым-Кузе келмей жатып сыйлықтар мен алымдар талап ете бастады. Қалдан-Цереннің мұрагері Сейітхан билеген Түркістанның жағдайы да дәл осындай еді. Қала тұрғындары жоңғарларға да, қазақ феодалдарына да салық төлеуге мәжбүр болды.

А.И. Левшиннің мәлімдеуінше, сол уақытта қазақ сұлтандары Ташкенттің ішкі саясатына араласты, қала күнделікті жан-жақты қоршауда тұрды. Олар Ташкент маңына егін егіп сол жерлерді иеленген. Әсіресе, Ташкент, Жоңғария күйрегеннен кейін (1756 ж.) Ұлы жүзден зардап шеккен [17, 87–88-бб.].

Абылай хан тұсында Ташкент және оның округтерін – қазақ жүздері бөліске түсірген.

Шымкентті шымыр аталығы иеленді. Ташкент төрт бөлікке бөлінді – Ысты (Бесағалы), қоңырат және Орта жүзде (Көкше), Жаныс (Сибзар), Сіргелі, Ысты, Ошақты-Шейхантаур.

Наймандар Чинас шықтым руы – Паркентті басқарды. Төле бидің баласы Ниязбек жаныс руынан Ташкент түбінде қамал тұрғызды. Сіргелі руына Байтенек және Қият руынан Қибрай қамал тұрғызды. Ташкенттің төрт округін Абылай ханның туыстары: Бабахан-төре (Шейхантаур), Раджаб-бек Аштраханидтер әулетінен (Бешагач). Мұхаммед Ибрахим-бек Шағатай әулетінен (Көкше) және Жошы ұрпақтары (Сибзар) басқарды [23], өздерінің арасында билік үшін талас-тартыс басталды.

Оңтүстіктегі қазақ жерлері туралы маңызды мәліметтер 1796 жылы барған Ресей елшілері арқылы алынған. Ресей елшілерінің құрамына сержант А.С. Безносиков, казак-

(9)

452

атаманы, подпоручик Д.Телятников және аудармашы Сібір казактарының бірі, капрал Я. Быков енгізіледі. Алексей Безносиков 1794 жылы Колывано-Воскресенск тау-кен зауытының обершихтмейстрі Тимофей Бурнашевпен бірге алғашқы елшілердің құрамында Орынбор және Бұхара арқылы Ташкентке бармақшы болып, алдын-ала белгіленген әрекеттері сәтсіздікке ұшыраған еді. Оның сәтсіздікке ұшырауына Сібір әкімшілігінің Орта Азиядағы саяси жағдайы туралы мәлімет ала алмағаны себеп болып, елшілер Бұхарада қолға түсіп сапарларын жалғастыруға мүмкіндік болмай, 1795 жылы сәуір айында Омбыға қайтып оралған еді.

Ресей мәмлегерлерінің жаңа сапары Ташкент билеушісі Жүніс қожа өтінішінше жауап ретінде, Ташкент билеушісі мен Ресейдің арасындағы сауда қатынастарының көлемін кеңейту және жандандыру мақсатында жүзеге асырылды.

Алғашқы елшілер әрекетінің сәтсіз аяқталуы жөнінде Ресей үкіметіне берген хабарламасында Сібір корпусының басшысы генерал-лейтенант Г.Э. Штрадман былай дейді:

«Предпринимаемы уже были мною меры к отправлению их (елшілер – Ө.Қ.) другим способнейшим путем» [24, 13-б.].

Жаңа елшілерді қазақ даласы арқылы өтетін керуен жолымен тікелей Ташкентке жеткізу мақсаты қарастырылады. Сібір әкімшілігі олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ниетімен Орта жүздің Қаракесек руының сұлтаны Бөкейге көмек ретінде елшілерге жол бастаушы мен қарулы күзет беруін, айтып, өтініш жасайды [25, 168-б.]. Осы өтінішке Бөкей сұлтан жолбасшылыққа өзінің баласы Есім сұлтанды тағайындап, оның қасына екі қазақтан тұратын күзетті қосып беріп орыс елшілерін Ташкентке аман-есен жеткізіп салады.

Орыс елшілерін Ташкентте үлкен құрметпен қабылдайды. Ресейдің арнаулы тапсырмамен жіберілген өкілдері Ташкент билеушісі Жүніс қожаның иелігінде бір жылдай болып, осы өлкенің қоғамдық-саяси, шаруашылық өмірімен жете танысады. Олардың жинаған материалдарындағы хабарламаларды, қолжазбаларды, естеліктерді көптеген зерттеушілер өздерінің ғылыми жұмыстарына пайдаланған.

Орыс елшілері дайындаған материалдардың арасындағы өте құнды құжаттардың бірі – казак әскерінің атаманы, подпоручик Дмитрий Телятниковтың «Обьявление» естелігі. Бұл естелікті тарихшы-ғалым Ю.А. Соколов шығыс елдерінде сақталған құжаттармен салыстыра отырып, тарих ғылымына пайдалануға болатын «күмәнсіз дұрыс» құжат деп табады [25].

Салыстыру кезінде шығыс елдерінде сақталған құжаттардағы мәліметтер Телятниковтың қолжазбаларындағы мәліметтермен толық сәйкес келген. Орыс елшілері Телятниковтың мәліметтерінде көрсетілгендей [26], Ташкентте ұзақ уақыт болып, өздерінің жасаған алғашқы бақылау, бейнелеу жұмыстарын және алған әсерлерін егжей-тегжейіне дейін анықтауына мүмкіндік алды. Д. Телятниковтың мәліметінше, Жүніс қожа 1784 жылы Ташкент билеушісі болған. Алайда, ол қаладағы сепаратистік күштермен күресті одан кейінгі жылдары да жүргізген. Ташкент өзінің саяси құрылысы жағынан Бұқар, Қоқан және Орта Азияның басқа хандықтарынан еш айырмашылығы болмады, өзара қырқысу күресі жүріп жататын қарапайым феодалдық иелік болды.

Сонымен қатар, Ташкент билігіне Ташкенттің шаруашылығы мен сыртқы саудасында көрнекті орын алатын, қаланың Шейхантаур бөлігінің жергілікті қожалары келді. Алайда Ташкентті басқаруға Ресеймен сауда жасайтын бай қолөнершілер мен көпестер де ықпал жасап отырды. Бұл саудаға Жүніс қожаның өзі де қатынасты [27, 182-б.].

Д. Телятниковтың жазбасында Жүніс қожаның құзырындағы қазақтың шанышқылы, үйсін рулары Ташкент билеушісіне алым-салық төлеп тұратындығы айтылған. Бірақ мұндағы Жүніс қожа алым-салық жинау кезінде қол астындағы рулардан түтін басынан бір қойдан [28, 158-б.] алып отырды деген мәлімет қате. Оның басты дәлелі Д. Телятниковтың естеліктерінен басқа құнды құжаттар мен хаттарда, күнделіктерде Жүніс қожа көшпелі қазақтардан салық жинағанда түтін басынан бір қой емес, әр жүз қойдан бір қой алатындығы айтылады.

(10)

453

Телятниковтың хабарламаларындағы тағы бір ерекше назар аударатын нәрсе – керуен жолдарындағы әскери-саяси жағдайлар, Ертіс өзенінен Ташкентке қарай жүрер жолдағы қазақ руларының орналасуы және оларға басшылық етіп отырған қазақ сұлтандары мен билерінің есімдері жөніндегі мәліметтер. Бұл мәліметтер атақты Қоқан тарихшысы Мұхаммед Салих Ташкендидің осы мәселелер жөніндегі мәліметтерімен үндес.

Жүніс қожа билікті өз қолында ұстап, бес бірдей ұлына: Мұхаммед-қожа, Хан-қожа, Хашим-қожа, Сұлтан-қожа және Хамид-қожаларға Ташкент маңындағы қамалдарды басқартып отырған.

Жүніс қожаның Орта Азияның бірқатар аудандары мен Ұлы жүз аудандарын бағындыру үшін жүргізген күресі тұрғындарды аяусыз қырумен жүрді. Ол өз билігінің қарамағына түскен Ұлы жүз қазақтарына салық салумен қатар, оларды әскери күш ретінде пайдаланды.

Жүніс қожа Ұлы жүздегі хандық билікті жойды. Енді Ферғана мен Зеравшан жазығынан қазақ даласына, одан әрі Ресейге баратын жолдарға бақылау жасау Ташкенттің қолында болды. Мұндай жағдай Ташкенттің Орта Азиялық хандықтармен, әсіресе Қоқан хандығымен қарым-қатынасының шиеленісуіне әкелді.

Жоғарыда атап көрсеткендей Д. Телятников Жүніс қожаның көршілермен қарым- қатынасын былай сипаттайды: «Билеуші барлық көршілермен қырқыста тек қожалық көршісімен тату» [29, 8-б.] бейбітшілік жағдайда болды. Ташкенттің Қоқанмен қатынасының шиеленісуі олардың арасында әскери қақтығысқа әкелді.

1794 жылы Қоқан билеушісі Нарбота би үлкен әскермен Шыршық өзенінен өтіп, Ташкент маңындағы елді мекендерді және осында көшіп-қонып жүрген Ұлы жүздің шанышқылы руын тонай бастады. Жүніс қожа әскері шанышқылармен біріге отырып, күшті қарсылық көрсеткені соншалық Нарбота би шегінуге мәжбүр болды [30, 187-б.].

XVIII ғасырдың соңында Ташкент жеке иелік етудің орталығы болды және XIX ғасырдың алғашқы он жылдығының соңына дейін өмір сүріп, 12 жыл бойы Жүніс қожа басқарды. Поспеловтың дерегі бойынша Жүніс қожа қазақ сұлтандарына қарсы өз әскери жорығын 1799 жылы аяқтаған. Бұл кезде Ташкент билігіне Түркістан мен Қаракөл деген атпен белгілі көлге дейінгі территория бағындырылды [31, 16-б.]. Бірақ қазақтар Ташкент билеушісіне түбірімен тәуелді болмады, өздерінің тонаушылық әрекетімен қала тұрғындарына қысым жасап, ұзақ уақыт бойы олар үшін қауіпті болды. Көптеген ауылдар тұрғындарымен солардың билігінде болды [32]. Сол кезеңде қазақтардың саны ташкенттіктерден асып түспеді. Далалы жердегі тұрмыс тіршілігіндегі ерекшелік әр болыста би немесе старшындар бар, яғни олар басты билеушіге келіп, болыстағы тыныштыққа жауап береді. Содан соң бағыныштылар жыл сайын алым-салық төлеп отырды: жүз қойдан бір қой, ал жылқыдан, ірі қарадан алынбады. Егер бір болыста ұрлық немесе өзара келіспеушілік болса, билеушілер оны шеше алмады, яғни басты билеушіге келеді. Ол мұндай істерді жәбірленушінің пайдасына шешеді, ал кінәліні жазалап, кейбір малын тартып алу есебі арқылы айыппұл салды. Маңызды қылмыс үшін өмірінен айыратын. Қасында жаза мен қайырымдылығы бар жаңа биліктің тұсындағы қазақтар өздерін көрсеткендей болуға қорқады, өйткені басты билеушіге жеткен барлық қылмыстар жауапсыз қалмады.

Ташкент бегінің қазақтардан алым-салық жинағаны туралы, сол кезде өмір сүрген Қоқан феодалдарына қарсы күрескен, әрі айлакерлігімен көзге түскен Бошан Абылайұлы жөнінде мынадай әңгіме бар [33]. Ол кезде Бошанның шын болмысы ашылып, аты елге белгілі бола бастайды. Шойбек датхамен (Төле шөбересі) бірге ел ішіндегі даулы істерге араласып та жүреді. Бір жолы Келестің жоғарғы жағын жайлап отырған жайдақ руының 14 жасар қызын Шыршық бойындағы құрамалар алып қашып кетеді. Екі-үш адам болып артынан қуып барған жайдақтарға құрамалардың жігіттері қызды көрсетіп, қалың мал төлемек түгілі, өздерін сабап-сабап, біреуінің көзін шығарып, біреуінің басын жарып, кері

(11)

454

қайтарып жібереді. Бұған ашуланған жайдақтар датхасы, Арал бидің баласы Марқабай қасына он шақты кісі ертіп, Ташкенттің билеушісі Рәжіпханға келеді. Сөйтсе, әлгі қыз алып қашып, күш көрсетіп жүрген жігіттер Рәжіпханның оң қолы, құрама жұртының датқасы Сақымның туыстары екен. Рәжіпханды арқа тұтқан Сақым бұларға жеңістік бермей, қайта өздеріне жала жауып, Марқабайды қаматып қояды. Бұл оқиға Ташкенттегі бекке алым-салым жөнінде есеп беруге барайын деп дайындалып жүрген Шойбекке жетеді. Шойбек: Ал, сенің Қоқан бегінің алдына барып, өз туыстарының арын арашалап алатын кезін, өзіңнің шын батырлығың мен шешендігіңді көрсететін мезгілің келді. Бек алдында сөз тауып айта алмасаң, қатынның киімін кигізіп, өзіңді масқара қылады, - деп Бошанды қайрап-қайрап жанына ертіп алады. Бұлар Ташкентке келсе, алым-салықтарын алып келген қазақ датхалары сарайға жиналып қалыпты. Сарай іші у-ду. Алым-салықтарды түгел әкелмеген кейбір датхаларға бек қатындардың ұзын көйлегін кигізіп, мойындарына арқан салып, оны жоғарыға кере байлап, артынан ұзын таяқпен шұқып: Осы тұрған тұрысың саған жараса ма, жараспай ма? - деп мазақтап жатыр екен. Үрейі ұшқан сорлы датхалар:

- Ия, тақсыр, жарасады, жарасады, - деп шулап жатыр. Шойбек пен Бошан бектің сарайында осындай келемеж көрініс үстіне тап болады. Бұлар кірген бойда бекке иіліп сәлем береді. Бірақ бек олардың сәлемін алмай бірден:

- Әй, Шойбек, мына тұрыс мыналарға жараса ма? Айтшы? - дейді Шойбек не деп жауап берерін білмей сасып, Бошанға жалтақ-жалтақ қарай беріпті. Сонда Бошан:

- Ия, тақсыр! Бұлай қорлану басынан бағы тайғандарға ғана жарасады, - деп жауап береді. Оған ала көзімен ата қараған бек:

- Ал, қатынның киімін киген еркек кімге лайық? – дейді. Бошан тағы да тайсалмай:

- Басынан бағы тайып тұрған бектің сарайына лайық, - дейді.

Сөзден жеңілген бек Шойбекке бұрылып: - Мына қап-қара сайрап тұрған кімің – деп сұрайды. Шойбек күмілжіп ештеңе айта алмайды. Оның орнына Бошанның өзі суырып алғандай:

- Тақсыр, аң патшасы арыстан да, алғыры қасқыр емес пе? Еркектің керілген көрімдей қатын сияқты аппағы сартта болмаса, қазақта жоқ дейді тақылдап. Әбден ұтылып, әрі қарай сөз таластыруды жөн көрмеген бек байлаудағы датхаларды босатады.

Бошанның батырлығы мен шешендігіне риза болған бек оған Ташкентте қалып оқуды, сондай-ақ сарайда қызмет етуді ұсынады.

Қожа ханның өзі тұтқынға түсіп, 70 сарбазымен азапталып өлтіріледі. Бұл соғыстың Қоқан хандығы үшін сәтсіздікпен аяқталғандығын М. Поспелов былайша баяндайды: «При робости хотя и превосходного числом кокандского войска...ташкенцами одержана победа, она еще и тем увеличена, что кокандский владелец со многими чиновниками и другими людьми попал в плен» [34, 42-б.]. Қоқандықтар Ходжентті жоғалтқаннан кейін, Солтүстік Ферғанада Әлім ханға қарсы Шуста қаласының әмірі Бұзуруқ қожа бүлік шығарды. 1800 жылы Жүніс қожа Ходжентке келіп, қала билеушісімен одақтастық құрды. Қоқан әскерлері, Сырдария өзенінен өтіп, Әлім хан тек үшіншішабуылдан кейін, Шуста қамалын алып Бұзурық қожаны өлтіреді [35].

Ташкент билеушісі Жүніс қожа иелігіндегі қазақтар туралы толық мәліметтер орыс елшілерінің құрамында болған сержант Безносиковтың «Журнал похода подпоручика и атамана Д.Телятникова в Ташкент» деген жазбаша хабарламасында кездеседі. Осы хабарламамен өз уақытында Ш. Уәлиханов жеткілікті түрде танысып, өзінің жеке мұрағатында сақтаған [36]. Д. Телятников пен А.С. Безносиковтың хабарламалары мен күнделіктері XVIII ғасырдың соңындағы Қазақ - Орта Азия, Қазақ-Орыс қатынастарының тарихы жөніндегі құнды деректердің бірі болып табылады. Д. Телятниковтың жазбаша мәліметтерінде орыс елшілерінің Ертіс өзеніне жақын таулы аймақтардағы атақты Барақ ханның немересі, Бөкей сұлтанның баласы Тоғым сұлтанның қоныстарында болғандығы, Ресей және Ташкент керуендерін шығарып салудағы қазақтардың Орта және Ұлы жүздері

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Өзі өмір сүрген қоғам қалай құбылса да, саясат желі қай жақтан соқса да Ысқақов туындыларының діттеген мақсаты мен темірқазығы – адам және өмірі мен тіршілігі.. Оған бір мысал келтіру

Қазақ хандығының нығаю, күшею процесі және халық ретінде тарихи сахнада өзін-өзі танытуы жайдан-жай келе қойған жоқ, ол ұзақ уақытқа созылған жер үшін, бейбіт өмір үшін қан төгіскен,