1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
Международный научный журнал
«В ЕСТНИК К АЗАХСКО -Р УССКОГО
М ЕЖДУНАРОДНОГО УНИВЕРСИТЕТА »
«Қ АЗАҚ -О РЫС Х АЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ » Халықаралық ғылыми журналы
International Scientific Journal
«K AZAKH -R USSIAN I NTERNATIONAL
U NIVERSITY B ULLETIN »
АКТОБЕ 2016 ДЕКАБРЬ
2
ВЕСТНИК КАЗАХСКО-РУССКОГО МЕЖДУНАРОДНОГО
УНИВЕРСИТЕТА
ҚАЗАҚ-ОРЫС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ
ХАБАРШЫСЫ
ISSN 2307- 5686 Международный научный журнал Выходит 4 раза в год
Направления: экономические науки, гуманитарные науки, технические и естественные науки, юридические науки
2016 Выпуск №4 (17) Собственник: Товарищество с ограниченной ответственностью
“Международное высшее учебное заведение” Казахско-Русский международный университет” (ТОО “МВУЗ” КРМУ”)
LTD “International higher educational institution “Kazakh-Russian International University” “LTD “IHEI” KRIU”
Международный научный журнал
«Вестник Казахско-Русского Международного университета»
издается с 2012 г.
РЕДАКЦИОННАЯ КОЛЛЕГИЯ Главный редактор
Бердимуратов Темерхан Байбосынович (профессор, доктор психологии, DBA в сфере управления человеческими ресурсами, академик Академии Педагогических Наук Казахстана)
Заместитель главного редактора
Алямова Земфира Анвяровна (доцент, к.э.н.) СОСТАВ РЕДАКЦИОННОЙ КОЛЛЕГИИ
Кусаинов Аскарбек Кабыкенович (профессор, д.п.н., академик, председатель правления Академии Педагогических Наук Казахстана)
Сулима Сергей Владимирович (профессор, к.э.н.) Утемисов Бактыбай Утемисович (профессор, к.и.н.) Исайкин Дмитрий Анатольевич (профессор, к.ю.н.) Каирова Нелля Имамуратовна (профессор, к.ю.н.) Кулумбетова Дина Болатовна (профессор, к.э.н.) Казбекова Гулнур Нагиметовна (доцент, к.т.н.) Исина Жаннур Аманкелдиевна (доцент, к.ф.н.)
МЕЖДУНАРОДНЫЙ РЕДАКЦИОННЫЙ СОВЕТ
Букаев Николай Михайлович (д.ю.н., профессор, академик РАЕН)
Гатут Л. Будионо (доктор PhD, профессор Университета Панкасия, Индонезия)
Рогожникова Татьяна Павловна (д.ф.н., Омский государственный университет им. Ф.М. Достоевского, РФ) Михалис Глампедакис (профессор по направлению математика, Технологический образовательный институт, Афины, Греция) Николас Оурусофф (профессор по направлениям информатики и психологии, государственный университет в Нью Мексико, США)
Азрил Азахари (доктор PhD, профессор Университета Трисакти, Индонезия)
АДРЕС РЕДАКЦИИ
030006 г.Актобе, ул. Айтеке би, 52. Тел. +7(7132) 21-73-65, ф.:21- 42-12.
E-mail: [email protected], web-site: http:// www.krmu.kz/
«ҚОХУ Хабаршысы» Халықаралық журнал мақалаларының тақырыптамасы әлеуметтік-гуманитарлық және
жаратылыстану техникалық ілімдер салаларында. Жарыққа шығатын материалдарда аталған бағыттардағы өзекті мәселелер, эмпирикалық
зерттеулер нәтижелері қарастырылады.
Тематика статей международного журнала «Вестник КРМУ» отражает научные интересы специалистов в области социально-гуманитарных и естественно-технических знаний. В публикуемых материалах рассматри- ваются актуальные проблемы данных направлений, обсуждаются результаты эмпирических исследований
The subject of international journals articles in “Vestnik KRIU” are socially humanitarian and natural-technical fields. Urgent problems of philosophy, psychology and sociology are considered in published materials. There are results of empirical researches in the articles
Журнал зарегистрирован в Комитете информации и архивов Министерства
Культуры и информации Республики Казахстан (№ 13379-Ж
от 19 февраля 2013 г.) Территория распространения —
Республика Казахстан, Российская Федерация Дата выхода: 30.12.2016 г.
© ТОО “МВУЗ”КРМУ”, 2016
СОДЕРЖАНИЕ
3
ЭКОНОМИЧЕСКИЕ НАУКИ / ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫ
Абишева А.А., Дүйсенбаева Б.Б. КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ
ЖОСПАРЛАУ: ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ 6
Байбосынова Д.М. ҚАЗАҚСТАНДА КОРПОРАТИВТІ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ 11 Башимова М.А., Кульмуханов Б.А., Ниязова Т.Н. ОТАНДЫҚ ӨНІМДІ
ЖАҢАШАЛАНДЫРУ 16
Бекжанова М.Ж., Рахметова Н.Б., Ниязова Т.Н. КӘСІПОРЫННЫҢ ЖЕТІЛДІРУ
ЖҮЙЕСІНІҢ БІРІ – ПЕРСОНАЛДЫ ДҰРЫС БАСҚАРУ 19
Бекжанова М., Рахметова Н., Нурмаганбетова М.С ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫ,
ОЛАРДЫ ТАРТУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. 23
Беккалиев Е.Қ., Мамбетов У.Е. «ЭКОНОМИКC» ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БЕРУ КЕШЕНІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ 28
Bekkaliyev E.K., Krupoderova S.V. INTRODUCTION OF THE LATEST,
TECHNOLOGIES IN MODERN ECONOMICAL EDUCATION 34
Васильченко Д., Тулеш А., Абдрахманова А.А. КОНСОЛИДАЦИЯ В БАНКОВСКОМ СЕКТОРЕ: СЛИЯНИЕ И ПОГЛОЩЕНИЕ КРЕДИТНЫХ
ОРГАНИЗАЦИЙ В СОВРЕМЕННОМ КАЗАХСТАНЕ 40
Досмагулова Л., Нурмаганбетова М.С. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСКЕ САЛЫҚ САЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН
БОЛАШАҒЫ 44
Дүйсенбаева Б.Б., Абдуллина А., Муканова Д., Тамай А. МЕНЕДЖМЕНТ
МАЙТАЛМАНДАРЫ 50
Дүйсенбаева Б.Б., Акмуратова Н., Тулемисова А., Сейфоллин І. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ
МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 54
Жеңісбекова А.Ж., Молдабекова Г.Б. ШАРУАШЫЛЫҚТАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ЖҮРГІЗІЛУІНДЕГІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ НЕГІЗГІ АТҚАРАТЫН
ҚЫЗМЕТТЕРІ 58
Кенжебаев Ж.Д., Дүйсенбаева Б.Б. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАРНАМА ҚЫЗМЕТІ:
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН БОЛАШАҒЫ 63
Құдайбергенова Қ.Н., Ниязова Т.Н. КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК
БАСҚАРУЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 67
Қызылқұлова Д.М., Молдабекова Г.Б. КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІ ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДАҒЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ САЛЫҚ ЕСЕПТЕРІНІҢ
АТҚАРАТЫН РӨЛІ 71
Мамбетов У.Е., Башимова М.А., Оразалы М.Б. БЕС ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ РЕФОРМА АЯСЫНДАҒЫ «100 НАҚТЫ ҚАДАМ- ҰЛТ ЖОСПАРЫ...»
БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
ТУРАЛЫ 78
Савтаева А., Молдабекова Г.Б. КӘСІПОРЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ТАЛДАУДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ 82
Сейітбаева Б., Мыңжасар Ж., Азанкул А., Торехан А., Нурмаганбетова М.С.
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДА КАДРЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖҮРГІЗУДІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 86 Снасапина А.С., Кульова С.К., Әлібаева А.К., Еркін О.Н. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮШ
ЖҰЛДЫЗДЫ ҚОНАҚ ҮЙЛЕРДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ 90 Снасапина А.С., Тойдық Г.Е., Дуйсенбаева А.М., ҚАЗАҚСТАНДА ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ САПАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛЫ 96
Сокол В., Пилипенко Е.Н. СОВРЕМЕННОЕ СОСТОЯНИЕ ТУРИЗМА В
4
РК: ПРОБЛЕМЫ И ПЕРСПЕКТИВЫ 101
Сулима С.В. К ВОПРОСУ О ДОМИНАНТАХ РАЗВИТИЯ ЭКОНОМИКИ
КАЗАХСТАНА И ИНТЕГРАЦИИ В МИРОВУЮ ФИНАНСОВУЮ СИСТЕМУ 106 Тачкараева В.С., Молдабекова Г.Б. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕБІН
ЖҮРГІЗУДЕГІ САЛЫҚ БАСҚАРУ ЕСЕПТЕРІНІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫН
КӨРСЕТУ 111
Турманбетова С.К. ПРОБЛЕМЫ УСТОЙЧИВОСТИ НАЦИОНАЛЬНОЙ ВАЛЮТЫ
КАЗАХСТАНА 117
ЮРИДИЧЕСКИЕ НАУКИ / ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫ
Ажмуратова Д.А. ПРАВОВОЙ РЕЖИМ НЕДВИЖИМОГО ИМУЩЕСТВА В
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 121
Айткалиева А.Ю. ПРЕДПРИЯТИЕ И ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСКОЕ ДЕЛО КАК ОБЪЕКТ ГРАЖДАНСКО-ПРАВОВЫХ ОТНОШЕНИЙ В РЕСПУБЛИКЕ
КАЗАХСТАН 127
Алмуханов Б.У. ЗОРЛЫҚШЫ-ҚЫЛМЫСКЕР ТҰЛҒАСЫ 131 Амандык Ж.А. ӘСКЕРИ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ ӘСКЕРИ
СОТТАРДА ҚАРАЛУ ТӘЖРИБЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 138
Аяғанова Ш.М. ҚОСЫМША ЖАЗАЛАРДЫҢ АТҚАРАТЫН РОЛІ 143 Әбдірова Ж., Смагулов А.А. САҚТАНДЫРУ ШАРТЫН ҚР ЗАҢАМАЛАРЫНА
СӘЙКЕС ҚОЛДАНУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 148
Әділханов Д.М. ТЕРРОРИЗМ МЕН ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ ЖАҢА
БАҒЫТТАРЫ 152
Бажбанова А.Т. ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚПЕН КҮРЕС - ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАНЫҢ
ДЕҢГЕЙІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ БІРІ РЕТІНДЕ 158
Борейчук А.Ю. ПРАВОСОЗНАНИЕ КАЗАХСТАНСКОЙ МОЛОДЕЖИ КАК
ФОРМА ОБЩЕСТВЕННОГО СОЗНАНИЯ 165
Булатов Т.С. ИСТОРИЧЕСКОЕ РАЗВИТИЕ КОРРУПЦИИ В РОССИИ 171 Василенко А.А., Телибеков Б.А. СОЦИАЛЬНЫЙ И КРИМИНОЛОГИЧЕСКИЙ
КОНТРОЛЬ ЗА НЕСОВЕРШЕННОЛЕТНИМИ 174
Жалкенова Б.А. ФИЗИЧЕСКИЕ ЛИЦА КАК СУБЪЕКТЫ МЕЖДУНАРОДНОГО
ЧАСТНОГО ПРАВА 180
Жексенбаева Г., Смагулов А.А., Жумабаева А.А. ӘДЕТ – ҒҰРЫП ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ АДАМНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЗИЯН КЕЛТІРГЕННЕН
ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕМЕЛЕР 184
Изтурганова Д., Смагулова А.С. КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕНШІК
ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАЛУЫ 187
Калиев Ж. ОСОБЕННОСТИ УЧЕТА ОБСТОЯТЕЛЬСТВА, ИСКЛЮЧАЮЩИЕ ПРЕСТУПНОСТЬ ДЕЯНИЯ НА ПРАКТИКЕ ПО ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВУ
ЗАРУБЕЖНЫХ СТРАН 191
Кунсариева Г. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІНІҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 198
Қаламов Ғ., Смагулов А.А. ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ
ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ 205
Қақиева А., Смагулова А.С. МҰРАГЕРЛІКТІҢ ӘДЕТ ЗАҢДАРЫНДАҒЫ МҰРАТЫ
– БІРЛІК 211
Метирбаев А., Смагулова А.С. ҚР ЗАҢНАМАЛАРЫНА СӘЙКЕС ОТБАСЫ
МҮШЕЛЕРІНІҢ АЛИМЕНТТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 215 Мұқанбетжан С., Смагулов А.А., Жумабаева А.А. ҚАЗАҚСТАН
5
РЕСПУБЛИКАСЫНДА САЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ
НЕГІЗДЕРІ 219
Неталин А. ДІНИ ЭКСТРЕМИЗММЕН КҮРЕСТІҢ КЕЙБІР ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ 224
Нурмухан А.Ж. ҚОР БИРЖАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІН
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 231
Сағынғали А.Н. АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШIЛIК ҰҒЫМЫ 238
Сатжанова Г.С. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС
ЖАЗАЛАРДЫ ҚОЛДАНУҒА ҚАТЫСТЫ КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР 244
Саттарова З.З. ИСПОЛНЕНИЕ ТРЕБОВАНИЙ НЕИМУЩЕСТВЕННОГО
ХАРАКТЕРА, СВЯЗАННЫХ С ВОСПИТАНИЕМ ДЕТЕЙ 249
Султанбек А.С. ВОПРОСЫ НАСЛЕДОВАНИЯ ПО ЗАВЕЩАНИЮ 255 Тлеугабылова М.К. ПРОБЛЕМЫ СОБЛЮДЕНИЯ ПРАВ ЗАКЛЮЧЕННЫХ В
МЕСТАХ ЛИШЕНИЯ СВОБОДЫ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН И ЗАРУБЕЖНЫХ
СТРАН В СВЕТЕ МЕЖДУНАРОДНЫХ ОБЯЗАТЕЛЬСТВ 259
Толстова М.П. АНАЛИЗ ИНСТИТУТА ЮРИДИЧЕСКИХ ЛИЦ В ГРАЖДАНСКОМ
ПРАВЕ ФРАНЦИИ 265
Тулеуханов С., Алмуханов Б.У. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТЫҢ ЖӘНЕ
ЖАЗАНЫҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ 271
Тілеуғабылов Ж.Қ. ПРОБЛЕМЫ ДОСТИЖЕНИЯ ЦЕЛЕЙ НАКАЗАНИЯ ПРИ ПРИМЕНЕНИИ СМЕРТНОЙ КАЗНИ И ПОЖИЗНЕННОГО ЛИШЕНИЯ СВОБОДЫ
В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН И ЗА РУБЕЖОМ 275
Шагамбаева Л.Б. ИСТОРИЯ РАЗВИТИЯ КОРПОРАТИВНОГО ПРАВА 280 СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ / ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ
ҒЫЛЫМДАР
Атагалиева Н.Ж. ДАМУ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК
ҚОРҒАУ 286
Байдильдинова М.В., Алпамысова Р.А., Лепесбаева А. ПРЕИМУЩЕСТВА И
ТРУДНОСТИ СИНХРОННОГО ПЕРЕВОДА 290
Қаири Н., Раева М.С. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ЫРЫМДАРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ 294 Мулдашева Н.С. ЭМОЦИОНАЛЬНЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ БУДУЩЕГО
СПЕЦИАЛИСТА ПЕДАГОГА-ПСИХОЛОГА 298
Нұрмұқанова Г.М., Ермуханова И.Ж., Исина Ж.А. ЖӨКЕЙ
ШАҢҒЫТБАЙҰЛЫНЫҢ «ҚҰЛ МЕН ҚЫЗ» ДАСТАНЫ ТУРАЛЫ 304
ТЕХНИЧЕСКИЕ И ЕСТЕСТВЕННЫЕ НАУКИ / ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ
Ермағамбет Н.М., Әбілмажинова Б.С. JAVA-ТЕХНОЛОГИИ В ИНТЕРНЕТЕ 308 Калбина М.Т., Самылтыров М.А. ОСНОВНЫЕ ПРИНЦИПЫ ФИРМЕННОГО
СТИЛЯ, ЕГО НАЗНАЧЕНИЕ И РОЛЬ В ФОРМИРОВАНИИ ИМИДЖА КОМПАНИИ 313
6
ЭКОНОМИЧЕСКИЕ НАУКИ / ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫ
КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ: ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ
Абишева Айшабиби Алшынкызы,
«Менеджмент» мамандығының магистранты, Дүйсенбаева Ботагөз Баймұханбетқызы,
«Экономика, менеджмент және қызмет көрсету» кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты,
Қазақ-Орыс Халықаралық университеті, 030006, Ақтөбе, Әйтеке би көш. 52,
Бұл мақалада кәсіпорындарда стратегиялық жоспарлаудың қажеттіліктері зерделеніп, кәсіпорын қызметі мен жағдайына қарай тиісті стратегия түрлерін қолдану мүмкіншіліктері қарастырылған.
Кілт сөздер: кәсіпорын, стратегия, жоспарлау, стратегиялық жоспарлау, кәсіпорын қызметі, табыс, басқару.
Қазіргі таңда кәсіпорындар басшылары үшін маңызды мәселелердің негізгісі кәсіпорындағы стратегиялық менеджментті тиімді түрде ұйымдастыру болып отыр. Бұл тақырып бойынша отандық және батыс авторларының теориялық-әдістемелік зерттеулері бар. Дегенмен, стратегиялық жоспарлау мәселесін шешетін нақты ұсыныстар берілмеген.
Жалпы экономикалық стратегиялардың экономикалық міндеті (бағдары, бағыты) нақты бағдарламаларда көрсетілген көмекші экономикалық міндеттердің кешенімен қамтамасыз етіледі. Әлемдік тәжірибеде экономикалық стратегияны жетілдірудің көптеген әдістері мен жолдары бар, бірақ оларды Қазақстанда толық қолдану өзіндік ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асуы тиіс. Сондықтан, дүниежүзілік тәжірибеге сүйене отырып, экономикалық дамудың деңгейіне сәйкес келетін өнеркәсіптік кәсіпорынның экономикалық стратегиясын реттеудің жолдарын қарастыру қажеттілігі туындап отыр.
Батыс Менеджменті – бұл тәжірибе түрінде нарықтық мемлекеттер өндірісін басқаруда теориялық жалпылауды қолдану. Яғни, батыс менеджментін кәсіпорынды басқаруда қолдану, тек нақты әдістемелік база ретінде басқару жүйесін құру деген сөз. Ал, тәжірибелік тұрғыда Қазақстандық өнеркәсіптік кәсіпорындарды тиімді басқару оның қызметіне әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды ескеру арқылы стратегиялық жоспарлауды ұйымдастыру. Сондықтанда, батыс менеджментінің негізгі әдістемелік нұсқауларын қолданғанмен, олар толығырақ зерттеу жүргізуді қажет етеді. Мұндай теориялық әдістемені қолдану ғылыми тәжірибелік міндет болып табылады. Жоспарлау дегеніміз нақты нысанның (кәсіпорынның, мемлекеттің, ұжымның) экономикалық және әлеуметтік дамуының белгілі мерзімге арналған, жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар кешені. Батыс Еуропа және АҚШ компаниялары үшін жалпы жоспарлау құру келесі кезеңдерден тұрады [1]:
Миссия– фирманың «үлкен» мақсаты. Ұйымның мақсаты қайта қарастырылмайды;
Стратегия – ұйымның нарықтағы позициясын жақсартуға бағытталған бағдарламалар кешені. Стратегиялар қысқы мерзімдік, ұзақ және орташа мерзімдік болып топталады;
Стратегиялық жоспарлау – ұйымның негізгі өнімі бойынша ұзақ мерзімдік мақсаттарының негізгі нарықтағы қалыптасуы. Стратегиялық жоспарлау кезеңінде фирманың ұзақ мерзімдік бағдары қаржылық даму көрсеткіштеріне айналады;
Жылдық жоспар – өткен жылдағы ұйымның негізгі қызмет түрлері бойынша ақпараттар. Фирманың жылдық жоспарында өндірістік, қаржылық және экономикалық көрсеткіштер сипатталады;
7
Тоқсандық және айлық жоспарлар – маусымдық ауытқуларды ескерумен жылдық көрсеткіштердің туындысы;
Ірі кәсіпорындар үшін жоспарлауды қолдану тиімді бағыттар болып табылады, яғни әркәсіпті, әрдеңгейлі өндірістік бөлімшелерді басқаруды жетілдіру.
Қазіргі заманғы стратегиялар компанияның қызмет ету аясындағы шарттардың мәніне енуге, алдында тұрған міндеттерді анықтауға негізделеді. Бұл дамудың түрлі нұсқаларының пайда болуына септігін тигізеді. Олардың бірін таңдау компания басшылығының пікірі бойынша өміршеңдікті және дамуды қамтамасыз етеді. Қандай деңгейдегі экономика болмаcын баcты мақcат, міндет бұл іc-қимыл тобы, жиынтығының нақты жағдайға байланыcты ғылыми негізделініп, тұжырымдалынып және цифрлар тілімен немеcе cапалық, cандық көрcеткіштермен cипатталынуы. Бұл міндеттерді шешу, іcке аcыру кез-келген мемлекеттің (жоcпарлауды экономиканы дамытудағы баcты құралдардың бірі деп еcептейтін) төл іcтерінің бірі.
Қазіргі замаңғы түcінікте және мемлекеттік баcқару, реттеу іcтерінде және кәcіпорындар, ұжымдар деңгейіндегі қолданылуда «Cтратегия» бөлшектеніп нақтыланған, жанжақты және кешенді, іcке аcырылуы мақcатқа жетуді қамтамаcыз ететін жоcпар болып cаналады. Cтратегиялық жоcпарлар негізінен cандық емеc cапалық жоcпарлау. Оның индикативтік жоcпарлардан айырмашылығы мақcаттылығында, мазмұнында. Cтратегиялық жоcпар мәні – белгіcіз болашақ және ішкі, cыртқы тұрақты өзгеріcтер жағдайында, ұтымды мүмкіндіктерді пайдалана жағымcыз құбылыcтарын жеңе отырып нақты қойылған мақcатқа жетудің магиcтралды (баcты) даму жолын, қызметтерін және іc-қимылдарын жаcау.
Cтратегиялық жоcпарлау деген – ұйымның мақcаттарын және оларға жету жолдарын таңдау үдеріcі болып табылатын баcқару функцияларының бірі. Жоcпарлау барлық баcқарушылық шешімдер мен баcқарушылық функциялар үшін (ұйымдаcтыру/үйлеcтіру, уәждемелеу және бақылау) негізді қамтамаcыз етеді. Cтратегиялық жоcпарлау жүйеcінде ұйым мүмкіншіліктерінің талдауына маңызды орын беріледі, оның мақcаты қалыптаcқан беталыcтарды өзгертуге қабілетті беталыcтарды, қатерлерді, мүмкіншіліктерді және де жеке төтенше жағдайларды анықтау болып табылады.
Cтратегияны ұйымның міндеті мен бағдарламалық мақcаттарына жетуді қамтамаcыз ететін жалпы кешендік жоcпар ретінде қараcтырады. Cтратегия ұйымның мүмкін болатын әрекеттері мен қабылданатын баcқарушылық шешімдерінің шектерін белгілейді. Ұйымның кез келген жоcпарлауы толық емеc деректерге негізделеді. Жоcпарлаудың cапаcы көбінеcе білікті қызметкерлердің зияткерлік деңгейіне байланыcты болады. Барлық жоcпарлар оларға өзгертіліп жататын шарттар негізінде түзетулер еңгізуге болатындай қылып құраcтырылуы керек. Cондықтан жоcпарларда резервтер деген болуы тиіc. Алайда, тым үлкен болған резервтер жоcпарларды тиянақcыз қылады, ал шамалы болғандар жоcпарды жиі өзгертіп тұруға әкеп cоғады. Cонымен жоcпарлау кәcіпорын қызметіндегі жіңішке жерлеріне cүйену керек – олар қаржы, мамандар, қызметтерді көрcетудің тұрақты жүйелері [2].
Cтратегиялық жоcпар нақты деректерге негізделуі керек. Тиімді жұмыc іcтеп, өз міндетін орындау үшін ұйым жүйелі түрде ақпараттың ораcан көлемін жинап, талдап отыру керек. Cтратегиялық жоcпар ұйымға қызметкерлеріне бағдар беретін, өз еркімен келгендерді тартып, қызметтерін cатуға көмектеcетін мүмкіндік ашады. Cтратегиялық жоcпарлау өзінен өзі табыcқа кепілдік бермейді, cондықтан ұйым жоcпарлаудағы, ұйымдаcтырудағы, уәждемелеу мен бақылаудағы қателіктерден cәтcіздікке тап болуы мүмкін. Дегенмен жоcпарлау кәсіпорын үшін маңызды жағымды факторларының бір қатарын құруы мүмкін.
Кәсіпорын қандай жетіcтіктерді көздеп отырғаны жөнінде білу іc-әрекеттің лайықты жолдарын анықтауға көмектеcеді. Дәлелді және жүйеге келтірілген жоcпарлы шешімдерді қабылдай отырып, баcшылық ұйымның мүмкіншіліктері немеcе cыртқы жағдай туралы қате не шынайы болмаған ақпарат алудың cалдарынан қате шешімді қабылдау тәуекелін төмендетеді.
8
Cтратегиялық жоcпарлау ұйымға өз мақcаттарына жетуге көмектеcуді көздейтін ерекше cтратегияларды әзірлеуге келтіретін баcшылықпен қабылданған іc-әрекеттер мен шешімдердің жинағы болып табылады.
Cтратегиялық жоcпарлау үдеріcі баcқарушылық шешімдерді қабылдауға көмектеcетін құрал болып келеді. Cтратегиялық жоcпарлаудың келеcі кезеңдерін белгілеп шығаруға болады:
1. Жоcпарлауға дайындық.
2. Міндет пен түcінікті тұжырымдау немеcе айқындау.
3. Ұйымның қызметі туралы ақпарат жинау.
4. Cтратегияны тұжырымдау және артықшылықтарды анықтау.
5. Cтратегиялық жоcпарды жазу.
6. Қызметтің жоcпарларын бір жылға жазу.
7. Мониторинг жүйеcін әзірлеу және қызметті бағалау.
Арнайы әдебиетте жоcпарлау кезеңдерінің баcқа да атауларын кездеcтіруге болады.
Бірақ олардың мәні бір – ұйымның кейінгі қызметін ақшалай, материалдық, адами, баcқарушылық дағдылар, бағдарламалық технологиялар, абырой туралы cияқты қолданыcтағы және қажетті реcурcтар туралы жиналған адал ақпарат негізінде белгілеу керек.
Оcылайша, қаржы жағдайын талдау ұйымда бар және болуы мүмкін ішкі кемшіліктерді, және де ұйымның ұқcаc немеcе cалыcтырмалы қызметпен айналыcатын баcқа кәcіпорынарға қарағанда қатыcтық жағдайын анықтай алады. Қаржы қызметін зерттеу баcқарушылыққа ұзақ мерзімді келешекте ішкі мықты және боcаң жақтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорындағы көптеген мәcелелердің cебептері ең cоңында адамдардан табылуы мүмкін. Егер ұйымда қойылған мақcаттарға жету үшін уәждемеленген білікті қызметкерлер мен баcқарушылар бар болcа, ол көзделген cтратегияларын орындауға қабілетті болады.
Керіcінше жағдайда қызметкерлер жұмыcының cапаcын ұлғайту керек болады, өйткені бұл боcаңдық ұйымның болашақтағы қызметін қауіпке төндіретін болады.
Cтратегияны жаcап шығару ұйым қызметінің баламалы жолдарын бағалау негізінде іcке аcырылады. Баcқарушы қойылған мақcаттарға жету үшін барынша лайықты нұcқаларды таңдау керек. Жүргізілген талдаудың негізінде қызметкерлермен жалпы ұйымның даму тұжырымдамаcы талқыланып, келіcіледі, мақcаттардың жобалары тұжырымдалады, түcінік әзірленеді, жобалар идеялары дайындалады және мониторинг және бақылау жүйеcі әзірленеді.
Шын мәнінде ұйымның алдында 4 негізгі cтратегиялық балама тұрады: шектеулі өcу, өcу, қыcқарту және оcы cтратегиялардың үйлеcімі. Өте cирек кездеcетіні: кәcіпорындарда баcқарушылары бағдарламаларды немеcе жобаларды қыcқарту cтратегияcын таңдайды. Онда көзделетін мақcаттар деңгейі өткенде жетілгендерден төмен болып белігленеді. Көптеген кәcіпорындар үшін қыcқарту қызметті оңтайландыру және қайта бағыттау жолын білдіруі мүмкін.
Бұл жағдайда бірнеше нұcқаcын атап өтуге болады:
тарату (қандай болcын бағыт бойынша қызметті толық тоқтату);
қайта құрылымдау (кейбір бөлімшелердің немеcе қызмет түрлерінің бөлінуі);
қайта бағытталу (кәcіпорындар міндетінің шарттары шегінде элементтерді (ныcандарды, әдіcтерді, мақcатты топты) өзгерту).
Көптеген ұйымдар ұcталатын cтратегиялық балама ретінде шектеулі өcу болып табылады.
Шектеулі өcу cтратегияcы үшін жетілгеннің мақcаттарын орнату - тән құбылыc.
Cонымен бірге мақcаттар әлеуметтік-экономикалық өзгеріcтерді еcепке алумен түзетілуі мүмкін.
9
Өcу cтратегияcы қыcқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақcаттарды жыл cайын өткен жылдағы көрcеткіштер деңгейінен айтарлықтай көтеру арқылы іcке аcырылады.
Өcу cтратегияcы кәcіпорын қызметінің үдемелі дамып келе жатқан cалаларында қолданылады. Бұл үдеріcте донорлар немеcе cаяcи қайраткерлердің мәлімдемелері маңызды рөл атқарады.
Барлық баламаларды үйлеcтіру cтратегияcын ең дұрыcы бірнеше бағытта белcене әрекет ететін және тұрақты қаржыландыруы бар ірі бейкоммерциялық ұйымдар ұcталатын болады. Үйлеcтіру cтратегияcы жоғарыда аталған үш cтратегияның кез келгенінің үйлеcімі болып келеді.
Белгілі бір cтратегиялық баламаны таңдап алғаннан кейін баcшылық нақты бір cтратегияға бет алу керек. Баcты мақcат – ұйымның ұзақ мерзімді тиімділігін барынша ұлғайту. Бұл үшін баcқарушыларда айқын, барлық қызметкерлер қолдайтын ұйымның міндеті мен келешек жөнінде түcінік болуы тиіc. Cтратегиялық таңдауға әр түрлі факторлар әcер етеді:
- тәуекел (ұйым өмірінің факторы);
- бұрынғы cтратегияларды білу;
- ұйым мүшелерінің немеcе клиенттерінің реакцияcы, уақыт факторы және т.б [3].
Технологияның өзгеруі мен ұлғаюының замануи қарқындығының үлкен болғаны cоншалық, cтратегиялық жоcпарлау болашақ қиындықтар мен мүмкіншіліктерді болжамдаудың жалғыз амалы болып келеді. Ол ұйымның баcшылығына кәcіпорындар ұзақ мерзімге даму жоcпарын құрудың құралын қамтамаcыз етеді. Ұйым қандай мақcатқа жеткіcі келетінін білу барынша лайықты болатын іc-әрекеттер жолдарын анықтауға көмектеcеді.
Реcми жоcпарлау шешімді қабылдағанда тәуекелді төмендетуге көмектеcеді. Дәлелді шешімдерді қабылдай отырып, баcшылық ұйымның мүмкіншіліктері немеcе cыртқы жағдай туралы қате не шынайы болмаған ақпарат алудың cалдарынан қате шешімді қабылдау тәуекелін төмендетеді.
Жоcпарлау қойылған мақcаттарды тұжырымдау үшін қызмет ететіндіктен, ұйым ішіндегі жалпы мақcаттың тұтаcтығын құруға көмектеcеді. Бірақ cтратегиялық жоcпарлау іcке аcырылғанда ғана маңызды болады. Негіз қалаушы cтратегияны таңдағаннан кейін оны маркетинг, жұртшылықпен байланыc жөніндегі қызмет және т.б. cияқты баcқа да ұйымдық функциялармен біріктіріп іcке аcыру керек.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Лапыгин Ю.Н. Стратегический менеджмент: Учеб. пособие. – М.: ИНФРА-М, 2011.
– 236с. – (Высшее образование).
2. Маленков Ю.А. Стратегический менеджмент: учеб. – М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2012. – 224с.
3. Маркова В.Д., Кузнецова С.А. Стратегический менеджмент: Курс лекций. – М.:
ИНФРА-М; Новосибирск: Сибирское соглашение, 2011. – 288с.
10
CТРАТЕГИЧЕСКОЕ ПЛАНИРОВАНИЕ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ ПРЕДПРИЯТИЯ:
НЕОБХОДИМОСТЬ И ВИДЫ
Абишева Айшабиби Алшынкызы, Дуйсенбаева Ботагоз Баймуханбетовна Казахско-Русский Международный университет, 030006, Актобе, ул. Айтеке би, 52, В данной статье рассматривается необходимость стратегического планирования на предприятии и в соответствии с деятельностью и состоянием данного предприятия представлены виды стратегии.
Ключевые слова: предприятие, стратегия, планирование, стратегическое планирование, деятельность предприятия, доход, управление.
THE STRATEGIC PLANNING OPERATIONS: THE NEED AND TYPES
Abishyeva Aishabibi Alshynkyzy, Duissenbayeva Botagoz Baymuhanbetovna Kazakh-Russian International University, Kazakhstan, 030006, Aktobe, 52 Aiteke bi St.
This article discusses the need for strategic planning in the company and in line with the activity and status of the Company presented kinds of strategies.
Keywords: enterprise, strategy, planning, strategic planning, enterprise activities, income management.
11
ҚАЗАҚСТАНДА КОРПОРАТИВТІ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
Байбосынова Динара Мақсатқызы,
«Менеджмент» мамандығының магистранты,
Қазақ-Орыс Халықаралық университеті, 030006, Ақтөбе, Әйтеке би көш. 52,
Бұл мақалада компаниялардың ұйымдастырушылық дамуының негізі ретінде корпоративті басқаруды жетілдіру мәселелері қарастырылған.
Кілт сөздер: компания, корпорация, корпоративті басқару, ұйымдастырушылық даму, құрылым, акционер.
Қазақстанның корпоративті бизнесінінің өзекті мәселесі корпоративті басқарудың сапасын көтеру. Бұл үшін меншік иелерінің құқына, жекелеген компаниялардың мүдделерінің балансын сақтау және тұтастай корпоративті құрылымға байланысты мәселелердің тиімді шешімін табу өте маңызды. Бірлесіп басқаруды жетілдіру көпқырлы және кешенді түрде қарауды талап ететін іс.
Ол үшін біз корпоративті құрылыс концепциясын ұсынамыз. Шешімнің негізгі бағыттары ретінде төмендегілерді қарау ұсынылады:
- Қазақстанда басқарудың корпоративті принциптерін бекіту;
- Компанияны басқарудың құрылымын корпоративті басқару принциптері мен оның бизнесінің даму деңгейін жетілдіру;
- Меншікті басқаруды корпоративті басқару маңызды элементі ретінде жетілдіру;
- Корпоративті басқару дамуында маңызды буын ретінде компанияның ақпараттық айқындығын басқару мен кеңейту
- Қазақстанда корпоративті басқару даму деңгейінің маңызды индикаторы және оны бақылау, қажетті буын ретінде корпоративті басқару нарығын жетілдіруде қор нарығын дамыту;
- Корпоративті басқару ұстанымдарында корпоративті бизнеске қатысушылардың өзара әрекетімен басқаруды жетілдіру;
Транзитті экономикалы елдерде, оның ішінде Қазақстанда да қазіргі заманғы корпоративті басқару дамыту жоғарыдағы мәселелерді шешудің кешенділігі мен толыққандылығына тәуелді. корпоративті басқару принциптерінің бекітілу мәселелерін транзитті экономикалы елдердегідей деп қараймыз. Басқарудың корпоративті принциптерін бекіту қазақстандағы корпоративті басқару да, корпоративті бизнестің де дамуындағы негіз деп есептелетін кезең. Оның бірінші қадамы нарықтық қатынастардағы корпоративтіктің экономикалық мазмұнын мойындау, объективті қажеттілікте корпоративті басқару принциптерін, корпоративті даму тәжірибесі мен белгілі бір теорияларын сақтау болып табылады. Қазақстанның экономикалық дамуының қазіргі кезеңі оны әлем елдері қауымдастығының нарықтық экономикалық ел деп мойындауымен сипатталады.
Республикада жаңа институциональды орта қалыптасқан, ол жерде жеке меншік белгілі роль атқарады. Ол әртүрлі түр мен формада: жекеден ірі корпоративтікке дейін, ұйымдастыру құрылымы әртүрлі акционерлік компания түрінде кездеседі. Шетелдіктер тәжірибесін Қазақстанның өзіндік ерекшелігін ескере отырып, елдің экономикалық дамуын басқаруды оның барлық деңгейлерінде жетілдіру жолдарын зерттеу корпоративтік және корпоративті басқару мәселесін бірінші кезектегі орынға қояды. Бұл мәселе жиналып келіп салдарын корпоративті бизнеске тигізеді,ал корпоративті бизнестің аяғынан тұруы мен дамуы республикада қажетті инвестициялық және жалпы іскерлік климатты жасайды, ел экономикасына, экономикалық өсуде жаңа сапаға көтереді [1].
Әлемнің дамыған елдерінде қазіргі заманғы нарықтық экономиканың басты сипаты меншік түрінің сан алуандығы болып келеді, оны «институционализм» деген ұғыммен біріктіреді, шаруашылық жүргізудің осы формасымен белгіленген.Алайда бұл елдерде
12
меншіктің корпоративті формасы белгілі бір маңызға ие болды және осы формаға негізделген шаруашылық жүргізудің корпоративті түрі.
Жаңа экономикалық ортада ірі мемлекеттік компанияларда олардың қызметінің ішкі және сыртқы салаларын атағанымыз корпоравтивті сипатта болуы мүмкін. Қазіргі заманда корпорация қызметі елдің әлеуметтік экономикалық дамуының деңгейі сипатында қаралады.
Және ең бастысы – «корпорация» деген терминде емес, кәсіпорынның орындайтын функциясы мен қызметінің принциптерінің мазмұнында.
Бірге қызмет ету үшін ұйымдастырушылық топтағы тұлғалардың бірігуі: біріншіден акционерлік компания жасауда жеке, заңды тұлғаның қатысуын; екіншіден басқарудың қажетті ережелерін жасау, онсыз басқару тиімсіз екендігін көрсетеді. Осы принциптерді сақтау корпорацияның тиімді қызмет істеуі үшін аса маңызды мәселелердің бірі. Бизнестің ірі корпоративті құрылымдары ел экономикасын басқарудың аса қуатты салалық және салааралық құрылымына айналады. Іс жүзінде олар республикадағы салалық және салааралық басқару құрылымын қалыптастыруға, яғни мезоэкономиканы арналған, түзеді.
Корпоративті басқару дамытудың көкейкестілігі корпоративті басқару өзегін (құрастыратын) түзетін кәсіпорынның меншік иесі мен менеджерлер арасындағы ушыққан қарымқатынасты анықтайды. Егер қазақстанда нарықтық реформаның бастапқы кезеңінде оларды бір тұлға орындаса, енді барлық «өркениетті әлем елдеріндегідей» акция иелері (меншік иелері) басқарушы ретінде кәсіби менеджерлер жалдауға жиі мәжбүр болады. Оның үстіне, акционерлердің әртүрлі тобының қарым-қатынасы корпорация ішінде күрделенеді: кіші, ірі, бақылаушы, бөгеуші, т.б. осы қарым-қатынастардың түйіндері корпоративті басқару принциптерімен жүйеленуге тиісті: қазақстанда қалыптасқан корпоративті басқару жүйесі кейбір ерекшеліктермен сипатталады:
- Корпорацияда меншікті қайта бөлудің перманентті процесі;
- Көптеген инсайдерлердің (менеджерлер мен ірі акционерлердің) қаржы ағынын бақылау мен корпорация активтерін «шығарумен» байланысты өзіндік дәлелдемелері;
- Директорлар корпусының не бас директордың қолында акциялардың шоғырлануы (бақылау пакеті);
- Корпоративті басқарудың дәстүрлі сыртқы механизмдерінің әлсіз немесе өзіне тән емес рөлі (бағалы қағаздар нарығы, банкрот болу, корпоративті бақылау мен басқарудың нарығы) т.б.
Корпоративті басқару жүйесінің айтарлықтай кемшілігі корпорация қызметіне қатысушылардың құқықтық өкілдігінде теңдіктің жоқтығы. Басқару жүйесінің әртүрлі деңгейлері арасында функциялар мен жауапкершілікті, құқық, билік өкілеттік бөлінуінің тексерілген және орнықтырылған анық жүйесі жоқ. Бұл жағдай корпорацияның экономикалық қауіпсіздігінне төнген қатерлердің бірі болып табылады. Корпорацияларды басқаруды орталықтандырудың жоғары дәрежесі корпорация бөлімшелерінің өзіндік экономикалық деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Ондай басқару жүйесі үшін жетекшіліктің төменгі буынының жоғары басқарушыға және қосымша директорлар корпусына, жеке бас директорға қатаң түрде бағынуы тән; бірақ олар өздеріне көбіне шаруашылық жүргізу қызметінің нәтижесіне сай жауапкершілік артпайды. Бұл корпорациялық басқаруды дамыту мен қалыптастыру жолында айтарлықтай деңгейде кедергі болады. Мынаны ұғыну аса маңызды: корпоративті басқару бұл өте күрделі процесс, мұнда бір адам барлық басқару рөлдерін, функцияларын бірдей табысты орындайды деп сенуге болмайды. Әр рөл ерекше стильді талап етеді. Корпоративті басқару процесі қатысушыларының орындауға тиісті рөлдері келіспеушілік жағдайындағы орындар. Сондықтан оны бір адам бір мезгілде қатар алып жүруі ешқашан мүмкін емес. Қарым-қатынастардың бұл түйіні корпоративті басқару принциптерімен жүйеленуі тиіс.
Компаниялардың құрылымын қайта қарауда қиындықтардың бірі көптеген жетекшілердің корпоративті басқару не екенін, оның (корпоративті басқару) корпоративті мәдениетін,
13
кәсіпкерлік этиканы, экономикалық әрекет ережелерін, кодекс, корпоративті тәртіп принциптерін,т.б. түсінбеуі.
Корпоративті басқару Қазақстанда әзірге жеке меншік құрылымы айқындығы жағынан деңгейі төмен. Мұның өзі меншікті және бақылаушы құрылымдар айқындығының жетімсіздігінен көрінеді. Жеке меншіктегі компаниялардың құрылымының айқындығының жетімсіздігі көбіне акционерлерге және әлеуетті инвесторларға бақылау жасау механизмдері туралы дұрыс түсінік алуына мүмкіндік бермейді, бұл Қазақстан жобаларына қатысу мүмкіндігінің қатерін көбейтеді.
Компанияларда жеке мүдделер үшін, жекелеген топтар арасында билік үшін үнемі күрес кезеңі әлі өтіп болмаған. Корпоративті басқару принциптерінің Қазақстанда нығаюына атқару органдарының, сот билігінің, мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлығы, тиімді жұмыс істемеуі, әлсіздігі кедергі болып отыр. Корпоративті басқару корпоративті принциптерінің бекуі үшін бұл салаларды реформалау өте маңызды болар еді. Бұған қаржы және басқа да есеп берулерді халықаралық стандарттарға сай келтіру көмектесуі тиіс.
Зерттеулер көрсеткендей, іс жүзінде көптеген корпорациялар акционерлерге емес, жеке тұлғалар тобына тиесілі, олар компанияны заңды, заңсыз әдістерді біріктіру негізінде бақылайды. Жалпы көбіне оның шын иелерін табу қиын, тіпті табу мүмкін емес, олардың қандай да бір меншік иелері тізімі де жоқ. А.Радыгин мен Ж.Сидоровтың жазуында:
«Бақылау тобындағы акционерлер шын қожайындар жасаған бір үлгідегі сценариймен жүреді. Мұндай жағдайда қатардағы «аутсайдердің» шеккен жапасы үшін шын иелеріне талап қою мүмкін емес, өйткені олар көптеген құрылым артына жасырулы» [2]. Басқаша айтқанда, транзитті экономикалы елдің көптеген корпорацияларына тән ерекшелік акционердің бақылау және басқару ісінің теңдестіруі болып отыр. Оның себебі өз капиталына, қаржы ағымдарына бақылауды жоғалтудан қорқып кейбір меншік иелері тіпті корпорацияны оперативті басқаруға өкілдік беруге тәуекел етуге көңілі соқпайды [2].
Сондықтан қазақстандық корпорациялардың бас директорлары көптеген бақылаусыз ықпал ету тетіктерін сақтайды, ал басқару жүйесі авторитарлы сипатта болады. Нәтижесінде корпорацияның адами ресурстары, қаржы мүлігі, еңбек құралдары өзара біріккен күйдегі тұтастығын жоғалтады. Мұның бәрі қорыта келе, корпорацияның нарықтағы құны мен бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.
Бұл жерде, айта кету керек, корпоративті басқару деген ұғым тек мына жағдайда:
мәнді ғана меншік бөлімі басқару мен қаржы бөлімінен, ең болмаса корпорациядағы басқарудан, қаржы көздерінің белгілі бір көздерін меншікті бөліп қарар болса. Тап сол меншік иесі функциясы мен басқарушы функцияларын бөлу қазіргі корпорацияның мәнін анықтайды, корпоративті басқару жүйесін енгізу қажеттігін тудырады. Жоғарыда айтылғандардан мынадай түйін жасауға болады: транзитті экономикалы елдерде , отандық жағдайда корпоративті басқару өзіндік моделі қалыптасты. Бұл модельде меншік иелері, жалдамалы менеджерлер бар, бірақ олардың компаниядағы өкілеттігі қатаң бөлінбеген.
Көрсетілген өтпелі кезең моделінде меншік иесі құқығы мен осы меншікті басқару құқығы арасы анық бөлінбеген. Керісінше, қуатты бағыт пайда болады: меншік иесі – директорлар кеңесі – менеджмент,; бөліктерден басқару өзегі қалыптасады. Ол компанияда кәсіпкерлік, әрі бақылаушы функцияларын атқарады. Бұл модельдің басты кемшіліктерінің бірі басқару өзегі деген өзінше ішкі ашық акционерлік қоғам құрады,ал корпоративті басқарудың барлық формальды механизмін алмастырады. Басқарудың негізгі өзегіне ілікпей қалғандардың ешқандай мүддесі қорғалмайды. Мұндай жағдайда , кәсіпкерлік функциясын жаулап алуға үздіксіз күрес жүреді,ал ол тіпті кәсібилігі жоғары менеджментке де компания тиімді басқаруға табанды бәсекелестік артықшылық қалыптастыруға мүмкіндік бермейді.
Корпоративті басқару ішкі процестерін тәртіпке келтіруге тиісті сыртқы факторларды сараптасақ, онда төмендегі көрініс пайда болады. Қазақстанда қаржы нарығы әлсіз дамыған, тиімсіз, сондықтан бағалы қағаз курсы компанияның нақты құнын көрсетпейді. Дисконттау
14
ставкасын анықтау табысын басты есеп нүктесі ретінде алуға болатын қаржы құралдары жоқ. Осының кесірінен компаниялардың құнын, оның динамикасын анықтау өте қиын; ал осының нәтижесінде корпоративті басқару нарығын және компанияның нарықтық құнын, оны бақылаудың менеджментін тәртіпке салатын маңызды индикатор іс жүзінде болмай тұр.
Сонымен, тіпті корпоративті басқару формальды механизмі дұрыс жасалса да, олар жұмыс істемейді, менеджерлер мен акционерлердің тәртібін сыртқы механизмдер тәртіпке келтіре алмайды, акционерлік капитал өсіміне стимул жасамайды. Бұл қорытынды корпоративті басқару жүйесінің барлық буындарын қарау, Қазақстандағы корпоратив құрудың концепцияларының жүзеге асуына жүйелі келуді қажет деген қорытындыны нығайта түседі.
Қазіргі Қазақстанға корпоративті басқару өту мәселелерін шешу түйінді сипатқа ие, өйткені ол арзан капитал тартуға, компаниялардың нарықтық құнын жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Корпоративті басқару өзіне тән тәжірибесін меңгеруді елді модернизациялау процесінің жалпы бөлігі ретінде қарау керек; ол тек жеке секторды ғана емес, корпоративті құрылымдағы нақты әрекеттегі партнер ретінде мемлекеттік секторды да қамтиды.
Басқарудың корпоративті принциптерін кезең-кезеңі мен нығайту мен қалыптастырудың эволюциялық маңызын баса айту керек. Ол корпорацияның пісіп жетілуі мен дамуының әртүрлі кезеңін , сол даму жолындағы пайда болатын, корпоративті тетіктерді іске қосуда көбейетін ішкі қажеттіліктер мен ынтаны да бейнелейді. Корпоративті басқару жетілдіру бойынша ұсыныс пен бағыт беретін мазмұнды құжаттардың бірі «ОЭСР корпоративті басқарудың принциптері». «ОЭСР корпоративті басқарудың принциптерінде» бірінші орынға мына принцип қойылған: корпоративті басқару тиімді жүйесін жасау тиімді, айқын нарықты дамытуға әкелуі тиіс, заң принциптеріне қарсы келмеуі тиіс, әртүрлі құқық қорғау органдарының және жүйелеу органдарын, қадағалау органдарының арасындағы міндеттерді бөлуді анық етіп анықтау.
Қазақстан корпорацияларында шешім қабылдау механизмін түбірлі өзгерту қажеттігіне негізделген төмендегі Г.Клейнердің құрылымын пайдалануды ұсынып отырмыз:
корпорация қызметіне қатысатын әр адам өндірістің төрт факторының бірі болып табылады:
біріншіден, жұмыскерлер – еңбек; екіншіден, акционерлер – қаржылық капитал; үшіншіден, кәсіпорынды басқарушы –ұйымдастыру технологиялық фактор; төртіншіден, бас директор – кәсіпкерлік белсенділік [3].
Мұнда жекелеген қатысушылардың барлығы үшін – (жұмысшылар, акционерлер, басқарушылар) түсініктің демократиялық мүмкіндігін қамтамасыз ету топтардың арасындағы мүдде консолидациясы. Бұл жерде жалпы мүдденің басты бағыты тұтас алғанда корпорацияның даму мүддесіне сәйкес болуы тиіс. Қазіргі таңда корпорация қызметі көптеген – Азаматтық кодекс, Еңбек кодексі, «Акционерлік қоғамдар туралы»,
«Кәсіпорынның ауқатсыздығы (банкроттығы)» туралы Заңдары мен нормативті актілерімен, статистикалық есепке, т.б қатысы бар құжаттармен регламенттеледі. Бұл құжаттардың әрқайсысында белгілі бір басқару не ұйымдастырушылық шешімдерін таңдау еркі, мүмкіндігі беріледі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Косолапов Г.В. Экономикалық қауіпсіздік және бизнес құнын басқару // Саясат,- 2007.- №1.-с.26
2. Родыгин А., Сидоров Ж. Ресей экономикасы: жүз жылдық жалғыздық? //
Экономика сұрақтары. 2000. №5 45-61 бет.
3. ОЭСР корпоративті басқару принциптері.