ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Б. Нұрпейісова, Ф. К. Низаметдинов,
Т. Т. Ипалақов
МАРКШЕЙДЕРЛІК ІС
ОҚУЛЫҚ
Алматы, 2013
Н ƏОЖ КБЖ Н
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»
республикалық ғылыми-практикалық орталығы бекіткен
Пікір жазғандар:
Т. Қалыбеков – техника ғылымдарының докторы, профессор;
Х. М. Қасымканова – техника ғылымдарының докторы, профессор;
Ө. Сəбденбекұлы– техника ғылымдарының докторы, профессор.
Нұрпейісова М.Б. жəне т.б.
Маркшейдерлік іс: Оқулық. /авторлар: М. Б. Нұрпейісова, Ф. К. Низаметдинов, Т. Т. Ипалақов / Алматы. 2013. – 400 бет.
ISBN
Кітапта кендерді барлау, тау-кен кəсіпорындарын жобалау, пайдалану жəне жабу кезеңдеріндегі маркшейдерлік қызметтің атқаратын жұмыс- тары баяндалған. Кендерді ашық жəне жер асты əдістерімен игеру кезіндегі маркшейдерлік тірек тораптарын құрудың принциптері қарастырылған.
Маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу кезінде қолданылатын аспаптар мен жабдықтардың сипаттамалары, түсірімдердің атқаратын міндеттері жəне жүргізілу тəртібі, бағыттаудың түрлері, кеніштерді салудағы маркшейдерлік жұмыстар жөнінде толық мағлұмат келтірілген.
Тау жыныстарының жылжуын бақылаудың əдістемесі жəне кен қа- зудың зиянды əсерінен құрылыстар мен табиғи нысандарды қорғаудың шаралары туралы егжей-тегжейлі жазылған.
Екінші басылымда (1-басылым 1993 ж.) маркшейдерлік іс саласын- дағы жаңа жетістіктер жəне авторлардың көп жылдан бері Қазақстанның кен орындарында жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нəтиже лері пайдаланылған. Кітап 050707 - Тау-кен ісі мамандығы бойынша жоғары оқу орындарында оқитын студенттер мен магистранттарға ұсынылады.
ƏОЖ КБЖ
© Нұрпейісова M.Б., Низаметдинов Ф.К., Ипалаков Т. Т., 2013
© ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2013
ISBN
АЛҒЫ СӨЗ
Маркшейдерлік жұмыстар тау-кен өнеркəсібінің ажырамай- тын бір бөлігі болып есептеледі. Оның əдістері мен нəтижелері пайдалы қазынды кендерді игерудің барлық кезеңдерінде (бар- лау, жобалау, құрылыс, пайдалану, тау-кен өндірісін жабу жəне тау-кен жұмысы салдарынан бұзылған жерді қалпына келтіру), мұнай кəсіпшілігінде, метрополитендер мен туннельдері жəне т.б. құрылыстарды салғанда кеңінен қолданылады. Маркшейдер- лік қызметтің негізгі мақсаты кəсіпорын жұмысының тиім- ділігін арттыру жəне кен қазу жұмысының қауіпсіздігін қам- тамасыз ету. Сонымен қатар, маркшейдерлердің алдына жер бетін дегі нысандар мен жер қойнауын қорғаудың қағидаларын қатал сақтау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мəселелері де қойылып отыр.
Бұл, əсіресе, Қазақстан Республикасы экономикасының стра- те гиялық саласы болып отырған тау-кен өндірісін үдемелi индус- триялық-инновациялық жолмен дамыту кезеңінде ғылыми-тех- ни калық прогресті жетілдіруді талап етеді. Осыған орай, соңғы жылдары тау-кен өндірісіне кендерді игерудің жаңа тəсілдері мен жүйелері, кен қазудың, байытудың жəне қайта өңдеудің прогрессивтік технологиялары, механизацияланған кешендері мен өздігінен жүретін жабдықтары енгізілуде. Сондай-ақ, геоде- зия жəне маркшейдерлік іс ғылымы мен техникасының соңғы он жыл ішінде қарқынды дамуы бұл салаға электронды аспаптар- ды, жерсеріктік навигациялық жəне геоақпараттық жүйелерді əкелді.
Осыған байланысты маркшейдерлік қызмет алдына кендер- ді тиімді қазып алу, маркшейдерлік жұмыстарды жүргізудің əдістері мен техникасын жоғары дəрежеге көтеру жəне заманауи
маркшейдерлік-геодезиялық аспаптарды пайдалану міндеттері қойылған. Міне, осы айтылғандардан маркшейдерлік істің көп тараулы, күрделі, жауапкершілігі зор, маңызды ғылыми пəн екендігі көрініп тұр. Сонымен қатар жоғары оқу орындарының алдына білім беру жүйесін одан əрі дамытып, мамандар даяр- лау сапасын тау-кен өнеркəсібіндегі маркшейдерлік қызмет алдына қойылған талаптарға сай жетілдіру мəселесі қойылып отыр. Міне, осы мəселелерді шешуге біздің болашақ маркшей- дер мамандарымыз дайын болуға тиісті. Сондықтан жоғары оқу жүйесін заманымызға сай мемлекеттік тілдегі əдебиеттермен, оның ішінде техникалық-инженерлік оқулықтармен қамтамасыз ету – бүгінгі күннің басты талабы деп білеміз.
«Маркшейдерлік іс» пəні «Тау-кен ісі» мамандығында оқитын студенттер үшін негізгі пəн болып есептеледі жəне ол II IV кур- старда оқытылады. II курста студенттер кен орындарын жер асты тəсілімен игеру кезіндегі негізгі маркшейдерлік жұмыстарды оқып-үйреніп, бірінші өндірістік практикаға дайын болуы үшін маркшейдерлік жұмыстардың негізі «Маркшейдерлік істің жал- пы курсы» пəні оқытылады. III курста – «Маркшейдерлік аспап- тар» жəне «Кендерді ашық тəсілмен игерудегі маркшейдерлік жұмыстар» пəндерін оқып-үйреніп, студенттер екінші өндірістік практикаға барады, ал диплом алдындағы практика алдын- да, яғни IV курста «Жер асты қазба жұмыстарының əсерінен тау жыныстарының жылжуы» мен «Карьер беткейлерінің орнықтылығы» (жалпы алғанда, геомеханика) жəне «Жер қой- науын геометриялау» пəндері оқытылады. Оқулықта марк- шей дерлік жұмыстарда қолданылатын заманауи аспаптар мен құрал-саймандар, маркшейдерлік жұмыстарды орындаудың, ұйым дастырудың əдістері келтірілген. Кітап авторлардың ұзақ жылдар бойы жоғары оқу орындарында оқыған дəрістері мен педагогикалық тəжірибесі негізінде жазылған.
Толықтырылып екінші рет жазылып отырған бұл оқулық он тараудан тұрады жəне олар маркшейдерлік есептерді ше- шуге арналған жаттығулармен толықтырылған. Оқулықтағы
«Жер асты қазба жұмыстарының əсерінен тау жыныстарының
жылжуы жəне құрылыстарды қорғау», «Карьер беткейлерінің
орнық тылығын қамтамасыздандыру», «Жер қойнауын гео- метриялау» тарауларында авторлардың көп жылдар бойы Қазақстанның тау-кен кəсіпорын дарында жүргізген ғылыми- зерттеу жұмыстарының нəтижелері пайдаланылды.
Кітап көрнекті болу үшін суреттері түрлі-түсті сызылған, та- рау аяғында білімді тексеруге арналған бақылау сұрақтары жəне оқулықтың соңында глоссарий берілген.
Оқулықта кемшіліктер болуы да ықтимал. Сондықтан оқыр- мандардың ұсыныстары мен талап-тілектерін алдын ала рахмет айтып қабыл аламыз жəне пікірлерін: Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Маркшейдерлік іс жəне геодезия»
кафедралары мен Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті «Инженерлік геодезия жəне кадастр» кафедрасына жіберулерін өтінеміз.
Авторлар
КІРІСПЕ
1. «Маркшейдерлік іс» пəнінің мазмұны жəне мақсаты Минералдық шикізатты қолданбай адамзат қоғамының да- муы мүмкін еместігі тарихтан белгілі. Пайдалы қазындыларды із деп тауып, олардан өз қажеттіліктеріне минералдық шикі зат- тарды қазып алумен адамдар ерте заманнан бастап айналысқан.
Кен дерді барлау мен қазып алу əртүрлі ұңғымаларды бұрғылау жəне қазбаларды жүргізумен байланысты болғандықтан, жер беті мен жер астында маркшейдерлік түсірімдер деп аталатын өлшеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі туындады.
«Маркшейдерлік іс» немістің «Marksheidenkunst»: Mark –
шекара, меже, sheiden – бөлу, айырып, көрсету жəне Kunst - өнер деген сөздерінен құралған, яғни «Marksheidenkunst» - шекара- ларды белгілеу (анықтау) өнері деген мағынаны береді.
«Маркшейдерлік іс» мазмұнын, оның бастапқы кезеңдерін
жер асты геодезиясы деп атауға болады. Бірақ өзінің даму ке- зеңінде ол кешенді ғылым саласына айналды, оған: түсірім жұ- мыстарын жүргізу, есептеулермен қатар ондағы өлшеу, есептеу жұмыстарының дəлдігін бағалау; маркшейдерлік-геодезиялық аспаптар жасау; жер қойнауының геометриясы; пайдалы кен қорларын есепке алу; тау-кен жұмыстарының əсерінен туын- дайтын геомеханикалық процестерді зерттеу, жылжу мен тау- кен қысымына қарсы шаралар жасау жəне т.б. жұмыс түрлері қамтылады.
Қоғамдағы жаңа белестер жоғары оқу орындарына, оның ішінде оқу жоспарына біршама өзгерістер ала келеді. Бұл рет- те «Маркшейдерлік іс» мамандығының талаптары да өзгеріп, қазіргі заманға сай əдістер мен техникалық жабдықтардың жаңа түрлері енгізіле бастады. Осыны ескере отырып жазылған бұл оқулық он бес тараудан тұрады. Жалпы, бұл кітаптағы та- рауларды біріктіретін фактор – ол пайдалы қазындыларды тиімді пайдалану, кенді барлау жəне игеру жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді маркшейдерлік қамтамасыз ету.
Оқулықтың алға қойған мақсаты – студенттерді тау-кен кəсіпорындарындағы маркшейдерлік жұмыстарды орындаудың, ұйымдастырудың техникасымен таныстыру, əдістерін оқыту,
үйрету, машықтандыру. Маркшейдерлік жұмыстардың əдісте- мелері мен нəтижелері, тек қана тау-кен кəсіпорындарын жоба-
лау, салу жəне қалпына келтіруде ғана емес, пайдалы кен орын-
дарын барлау; метрополитендер мен туннельдердің, темір жəне тас жолдардың, гидротехникалық жəне басқа құрылымдардың құрылыстарында кеңінен пайдаланылады.
2. Маркшейдерлік қызмет жəне оның тау-кен өндірі сіндегі рөлі
Қазіргі кезде маркшейдерлік іс тау-кен ғылымы мен тех- никасының бір саласы болып саналады. Маркшейдерлік жұмыс- тарды жүргізу тау-кен кəсіпорнындағы маркшейдерлік қызметке жүктелген.
Біздің Қазақстанда пайдалы қазындылардың мол қоры бар.
Бұл байлықты халық игілігіне жұмсауда тау-кен өндірісінің, оның ішінде маркшейдерлік қызметтің атқаратын рөлі өте зор.
Маркшейдерлік қызмет, пайдалы қазындылар кен орындарын игерудің барлық кезеңдеріне (барлау, жобалау, құрылыс салу, пай- далану), тау-кен өндірістерін жабу жəне тау-кен жұмыстарының əсерінен бұзылған жерлерді қалпына келтіруге дейін қатысады.
Тау-кен кəсіпорны маркшейдерлік қызметінің негізгі мін- деттері мынадай:
- пайдалы қазындыларды ұтымды жəне кешенді игеру- де, қазба жұмыстарын қауіпсіз жүргізуде жəне жер қойнауын қорғауда маркшейдерлік жұмыстарды өте жоғары дəлдікпен жəне дер кезінде жүргізу;
- маркшейдерлік жұмыстарды жүргізудің əдістерін, ғылым мен техниканың жетістіктеріне сүйене отырып жетілдіре түсу;
- тау-кен қазбаларының дұрыс жүргізілуін, жер қойнауы- ның ұтымды игерілуін, нормадан артық ысырапқорлық пен құнарсыздануды тексеріп отыру жəне қазба жұмыстарын қауіпсіз жүргізу, жер үсті жəне асты құрылыстарын, табиғат объектілерін қорғау, кен қазу жұмыстары əсерінен бұзылған айналадағы ортаны қорғау шараларының жүзеге асырылуын, орындалуын дер кезінде тексеріп отыру.
- кен орындарын барлау кезінде маркшейдер, барлауға арналған учаскенің топографиялық түсірімдерінің жəне бекі-
тілген геологиялық жұмыстардың жобасы негізінде, барлау қазбаларын (ұңғыма, шурф, орлар), штольня жəне т.б. жобадан жер бетіндегі орынына көшіріп, бөліп, орынын белгілеу, кейін түсірімдер орындап, олардың орналасу планын дайындау;
- пайдалы қазындылардың жер қойнауында орналасу жағ- дайларын сипаттайтын, графикалық құжаттарды (пландар, қималар, суреттер жəне т.б.) құрастырады. Құрастырылған план дарды жəне профильдерді (қималарды) пайдаланып пайда- лы қазындының қорын есептейді.
Тау-кен өндірісінің үш сатылы құрылымы бар: шахта
(кеніш) - өндіріс бірлестігі (комбинат) – министрлік. Марк-
шей дерлік қызметтің де осыған сəйкес салалары бар: кеніштің (шахтының) маркшейдерлік бөлімі – бірлестіктің (комбинаттың) бөлімі жəне министрліктің маркшейдерлік басқармасы.
Кеніштегі маркшейдерлік бөлімді аға маркшейдер басқа- рады жəне бөлімде учаске маркшейдерлері, техниктер жұмыс жасайды.
Өндіріс бірлестігіндегі маркшейдерлік қызметке бас марк- шейдер басшылық етеді. Бұл бөлімде əр кеніштегі кен қазу жұмыстары планының орындалу, жер қойнауын ұтымды пайда- лану жəне жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау мəселелері қадағаланып отырлады.
Министрліктегі маркшейдерлік қызмет өндіріс орнындағы бөлімдерді техникалық жəне методикалық қажеттерімен қам- тамасыз етіп отырады. Əр кен орындарында жүргізілетін ғы- лыми-зерттеу жұмыстарын белгілеп, өндірісті маркшейдер ма- мандармен қамтамасыз ету жəне мамандық дəрежесін көтеру мəселелерін шешеді.
Əр шахтада, кеніште, карьерде жеке бөлімнен тұратын, дербес маркшейдерлік қызмет болады. Мұндай арнайы қызметтің бо- луы тау-кен ісінің маңызды, күрделі жəне жауапты мəселелерін, мəселен жылжу процестерін, тау-кен қысымын жəне карьерлер беткейлерінің орнықтылығын білікті шешумен байланысты.
Негізгі маркшейдерлік жұмыстарға мыналар жатады:
Тау-кен құрылыстарын салу кезіндегі маркшейдерлік жұ- мыс тар: жобадағы құрылыстар мен тау-кен қазбаларының орын дарын дəл табу, көрсету; жоба бойынша салынатын
құры лыстардың, тау-кен кешендерінің геометриялық дұрыс- тығын қадағалау; маркшейдерлік түсірімдер жүргізу; тау-кен қазбаларының əртүрлі жазықтықтардағы бейнелерін, қима- ларын, құрылыс жұмыстарын нақтылы түсіру.
Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезіндегі маркшейдерлік жұ- мыс тар: уақтылы жəне нақтылы түсірілген маркшейдерлік жұ мыстар арқылы кен қазбаларының кеңістікте орналасуын, жағдайын; тау-кен жəне геологиялық ерекшеліктерін; тау-кен кешендерінің əртүрлі жазықтықтардағы бейнелерін, қима- ларын; кен қазу жұмыстарының қауіпсіздігін; кен қорының мүм кіндігінше толық алынуын қамтамасыз ету.
Осы аталған жұмыстарды орындау кезінде алынған мəлі мет- тердің компьютерде өңделуін жəне қорытындысында істел ген жұмыстардың дəлдігін қадағалайды. Қазба жұмыстары кезінде жер беті мен жер астының бір-бірімен тұтас байланыста бо- луын, яғни бір координаталар жүйесінде болу шарттылығын қадағалап, орындап отырады. Маркшейдер жер асты кеніш- терінің, құрылыстарының қай тұста, қай бағытта, қандай терең- дікте орналасқандығын қажетті дəлдікпен анықтап, бағыт- бағдар беріп отырады.
Кен қазбаларын толық жəне уақтылы түсіру, олардың жер бетімен салыстырмалы бағытын анықтау тау-кен жұмыстары қауіпсіздігінің негізгі шарты болып есептеледі.
Маркшейдерлік түсіріс жəне оларды бейнелеу негізінде тау- кен жұмыстарын жүргізудегі əртүрлі геометриялық сызбалар, есептеулер, жоба бойынша кен қазу жұмыстарын дəл жүргізу, пайдалы қазбаны мүмкіндігінше толық алу, жер қойнауының қозғалуын, ығысуын, сырғып жылжуын бақылау жəне жер асты жұмыстарының əсерінен жер бетіндегі құрылыстарды сақтау жұмыстары іске асырылады. Қазып алынатын кеннің қорына есеп жүргізу, жер қойнауынан алынған немесе əлі алынбаған пайдалы қазбаның мөлшерін анықтау, уақтылы жəне болашақ- та алынатын кеннің мөлшерін жобалау, тау-кен жұмыстарын өркендетуге, кеңейтуге негіз болатын істер – маркшейдердің тікелей қатысуымен орындалатын жұмыстар.
Тау-кен орындарын жабу кезінде маркшейдер барлық кен қазбаларын бейнелеу құжаттарына толық түсіреді, есеп құжат-
тарын, координаталар есептеу журналдарын, нивелирлеу, жер асты бағыт бағдарлау түсірімдерін тəртіпке келтіріп, негізгі құ- жаттарды өмірлік сақтауға тапсырады.
Маркшейдерлер пайдалы кендерді барлау, тау-кен өнеркəсібін жобалау, игеру, жабу жəне т.б. жұмыстарға қатысады.
3. Маркшейдерлік жұмыстарды жүргізудің негізгі принциптері
Маркшейдерлік түсірістің тиімді əдісі объектінің сипат- тамасымен, мақсатымен, түсірімнің қажетті дəлдігімен анық- талады жəне онда келесі негізгі принциптер ескеріледі:
1. Түсіріріс, өлшеулердің шарасыз қателіктерін азайтып, дəлдіктерін жоғарылату үшін жалпыдан жекеге қарай орында- луы керек.
Бұл принцип жер бетіндегі топогеодезиялық жұмыстардан белгілі, яғни алдымен триангуляция жүйесі құрылады, оның негізінде полигонометрия (аналитикалық жүйе) дамытылады, содан кейін ғана жер бедері жəне толықтыру түсірулері орын- далады. Осы принципке сəйкес, жер астында, оқпаннан кен орнының шетіне қарай, негізгі қазбаларда тірек жүйесі орнаты- лады да, оның негізінде, ұзындықтары шамалы, дайындау жəне өндіру қазбаларында, 1 жəне 2 разрядты түсіру жүйелері дамы- тылады.
2. Орындалатын түсірістің барлық өлшеулері тау-кен ісіне қажет дəлдіктерді қамтамасыз етуі керек. Бұл жағдайда екі ка- телік болуы мүмкін: өлшеулердің орындалу дəлдігі жеткіліксіз немесе артық. Бірінші қателікке жол берілмейтіні айдан анық, өйткені дəлдіктің жеткіліксіздігі тау-кен қазбаларының сапа- сын төмендетіп, жүргізуін қиындатады, бүлінуіне себеп болып, əртүрлі қауіпті апаттарға соқтыруы мүмкін. Артық өлшеулер маркшейдердің еңбегі мен уақытын зая етеді. Сондықтан марк- шейдер өлшеу əдістерін, объектінің сипаттамасын жəне қажетті түсіріс дəлдіктерін ескеріп, дұрыс таңдай білуі керек. Маркшей- дерге бұл мəселені шешуде, əр түсірістің дəлдігі жəне өлшеу тəсілдері анықталған, «Маркшейдерлік жұмыстарды орын дау- дың техникалық нұсқаулары» əжептеуір көмек тигізеді. «Нұс-
қаулар» жиынтығында заң күші бар, сондықтан оларды біздің елдегі маркшейдер қатаң орындауға міндетті.
3. Жер астындағы маркшейдерлік түсірістер, міндетті түрде, олардың дұрыстығын тексерумен жəне дəлдіктерін сараптаумен орындалуы керек. Тексеру түрі түсірістің жалпы схемасымен жəне өлшеу тəсілдерімен байланысты.
Жіберілген қателіктерді уақытында анықтап, қосымша өл- шеу лермен түзету үшін, түсірістің жеке элементтерінің (ұзын- дықтар, бұрыштар, биік айырымдар) өлшеулерінің дұрысты ғын бақылау, əр уақытта өлшеу жүргізіліп жатқан кезде орындалуы керек. Яғни, екі нүктенің арақашықтығы екі рет өлшене ді, гори- зонталь бұрыштарды өлшеу кезінде, бақылау есептері алынады жəне т.т. Мұндай бақылаулар түрлері далалық болып есептеледі.
Далалық бақылаулар кезінде кейбір қателіктер ескерілмейді (мысалы, аспапты жəне белгілерді пункттерге центрлеу). Сон- дықтан ол дəлдіктің жеткілікті критерийі болмайды да, өлшеу нəтижелерін камералдық өңдеу кезінде, белгілі геометриялық жағдайларды (ережелерді) пайдаланып, соңғы бақылау жəне дəлдіктерін сараптау (бағалау) жүргізіледі. Мысалы, тұйық- талған полигонда өлшеулердің дұрыстығын бақылау, дəл дік те- рін сараптау, полигонның бұрыштық жəне сызықтық қиы лыс- паушылығын анықтаумен орындалады. Сондықтан көптеген жер астындағы түсірістер екі рет немесе тура жəне кері бағытта орындалады.
4. Маркшейдерлік істің басқа ғылымдармен байланысы
Алдына қойылған міндеттерін атқаруда «Маркшейдерлік іс»
пəні физика, механика, математика, электроника, геология, гео- дезия, жерсеріктік геодезия, тау-кен ісі, тау-кен графикасы, ра- диоэлектроника ғылымдарының деректеріне сүйенеді (1-сурет).
Маркшейдерлік жəне геодезиялык өлшеулерді жəне олардың нəтижелерін ғылыми өңдеу əдістерінің бірлігі маркшейдерлік ic пəнінің геодезиямен органикалық байланысты екенін көрсетеді.
Бұл пəннің ой желісі құрылымдық геология, барлау жəне тау- кен ici білімдерімен тығыз байланыстылығымен анықталады.
Маркшейдерлік істің көптеген мəселелерін шешуге матема- тика жан-жақты жəне кеңінен пайдаланылады. Аналитикалық жəне сызба геометриясын, дифференциалдық есептеулерді, ма- те матикалық статистиканы, қателіктер теориясын жəне мате- мати каның қажетті басқа бөлімдерін білмей маркшейдерлік істің мəнін толық, терең түсіну жəне маңызды мəселерін іс жүзінде шешу мүмкін емес.
Сонымен қатар, маркшейдерге геология мен тау-кен ісін
(қазбаларды жүргізу, кен қорын қазып алу жүйелерін жəне кенді
өндіру жұмыстары) өте жақсы білуі қажет. Түсіріс жұмыс та- рында қолданылатын маркшейдерлік-геодезиялық аспаптар оп- ти калық физикаға, радиоэлектроникаға, жерсеріктік жүйелерге негізделген. Қазіргі кездегі аспаптар қарапайым геодезиялық өлшеу жұмыстарын жүргізу шеңберінен əлдеқашан шыққан.
Олар күрделі ғылыми, ғылыми-техникалық жəне инженерлік мə селелерді шешуде қолданатын аспаптар дəрежесіне көте- ріліп, əрі қарай дамитыны сөзсіз.
Осыған байланысты маркшейдерлік іс алдында тұрған күр делі мəселе – маркшейдерлік жұмыстарды жүргізудің тəсіл - дері мен техникасын жоғары дəрежеге көтеру, алдыңғы қатар- лы автоматтандырылған заманауи аспаптарды пайдалану мін- деттері тұр.
1-сурет. Маркшейдерлік істің басқа ғылыми пəндермен байланыс схемасы
механика
5. Маркшейдерлік іс мамандығы дамуының қысқаша тарихы
Тау-кен қазбаларына бағыт беру мен түсірімдеу жəне де көптеген қарапайым өлшеу аспаптарын жасау, шамамен І ғасырда өмір сүрген, грек ғалымы Герон Александрийски есімімен тығыз байланысты екендігі тарихи жазбалардан бел- гілі. Сол кезде горизонталь жəне вертикаль бұрыштарды өл- шеуге аранлған Герон диоптры – бүгінгі теодолиттің ізашары.
Ежелгі Мысыр (Египет) елінде тау-кен жұмыстарының ауқымы кең болған. Өйткені орасан зор Египет пирамидаларын салу жəне безендіру аса мол құрылыс материалдары мен құнды та- старды өндіру қажеттігін тудырған.
Мысырда біздің дəірімізге дейінгі 1400 ж. қабірлердің қа- бырғаларына суреттер салудан бұрын оны квадраттар торы- на бөлген, олар өз кезегінде координаталар жүйесінің нысаны рөлін атқарған.
Ал біздің елеміздегі жер асты қазбалары туралы ең көне деректер біздің дəуірімізге дейінгі І ғасырға тұспа-тұс келеді, ол Солтүстік Қазақстанда орналасқан алтын кен орындары (Бестөбе, Ақсу).
Героннның əдістері мен тəсілдерін неміс ғалымы Георгий Агрикола жалғастырған. Тау-кен, металлургия саласындағы Гер манияда жүргізілген жұмыстардың нəтижелері жинақтал- ған Агриколаның «Тау-кен жəне металлургия» атты еңбегі 1556 жылы жарық көрді.
Ресейде маркшейдерлік іс туралы ұғым І Петр билік құр ған кезеңмен байланысты. XIX ғасырдың басында М.В.Ломоно- сов еңбектерінің негізінде, Ресейде маркшейдерия жоғары деңгейге көтерілді. Оған мысал ретінде Оралдағы Березов алтын кеніштерінің жəне қазіргі кезге дейін сақталған тау- кен өндірістерінің маркшейдерлік пландарын келтіруге бола- ды. М.В.Ломоносовтың «Металлургия немесе кен қазу жұ- мыстарының негіздері» атты еңбегі (1763 ж.) Ресейдегі бұл саладағы алғашқы еңбек болып саналады.
Маркшейдерия ғылымының дамуына XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас жағында профессорлар: В.И.Бауман (1867-1923 жж.), П.М.Леонтовский (1871-1921 жж.), П.К. Собо-
левс кий (1868-1949 жж.), И.М.Бахурин (1880-1940 жж.) сияқты орыс ғалымдары зор үлес қосты.
1904 жылы профессор П.К.Соболевскийдің ұйымдас ты-
руымен Томскінің технологиялық институтына маркшейдер ма мандығы бойынша студенттер қабылданды. Оның басшы- лығымен, пайдалы қазындының көрсеткіштерін кескіндеуге изо сызықтар əдісі кең қолданылып, Орал кен орындарының гео- мет риялық модельдерін дайындау жұмыстары жүргізілді .
Кеңестер үкіметі кезінде профессорлар: Д.А.Казаковский, Д.Н.Оглоблин, П.А.Рыжов, Г.Л.Фисенко, В.И.Борщ-Компониец жəне т.б. бірге А.Ж.Машанов, Ж.С.Ержанов, Ж.М.Қаңлыба- ева, И.И.Попов сияқты Қазақстан ғалымдары Қазақстанның ұлан-ғайыр шалқарындағы кен байлықтарын игеруде, оны халқымыздың игілігі мен мəдени деңгейін, экономикасы мен əлеуметтік дамуына пайдалануда көп еңбек сіңірді жəне марк- шейдерия ғылымының дамуына айтарлықтай үлес қосты.
Бүгінде, 1934 жылы Алматыда ашылған Қазақ тау-кен ме- таллургия институты (қазіргі Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ),
1955 жылы ашылған Қарағанды политехникалық институ-
ты (қазір гі ҚарМТУ) жəне Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеттерінде маркшейдерлік іс мамандығы бойынша инженер кадрлары, ғылым магистрлары мен PhD док- торлары даярлануда.
Маркшейдерия ғылымы қазіргі замандағы барлық табиғи- дəлелді ғылымдардың жетістіктерін кең түрде, жан-жақты пайдаланып жəне оларға өзі де едəуір үлес қосуда. Қойны кен- ге толы, кең байтақ Қазақстан аймағында маркшейдерлік іс ғылымының алатын орны зор жəне оның одан əрі өркендеуіне жақсы жағдай жасалған деп білеміз.
Бақылау сұрақтары:
1. «Маркшейдерлік іс» курсының мəні.
2. Маркшейдерлік істің мақсаты мен мазмұны.
3. Маркшейдерлік түсірістер туралы жалпы мəліметтер.
4. Маркшейдерлік түсірістерді орындаудың негізгі принциптері.
5. Маркшейдерлік істің басқа пəндермен байланысы.
6. Маркшейдерлік істің даму тарихынан қысқаша мəліметтер.
1. МАРКШЕЙДЕРЛІК ҚҰЖАТТАР
1.1. Маркшейдерлік құжаттарға қойылатын талаптар жəне олардың түрлері
Тау-кен кəсіпорнының дұрыс жұмыс істеуі – тек тол погра- фиялық, маркшейдерлік жəне геологиялық түсірістер нəти- жесінде жасалатын маркшейдерлік сызбалар деп аталатын кен графиктік құжаттардың кешеніне тікелей байланысты.
Маркшейдерлік құжаттардың негізгі ерекшелігі – ол тау-кен кəсіпорнының дамуына, геологиялық жағдайларының өзгеруі мен басқа жағдайларға байланысты мəліметтердің кеңістікте жəне уақыт аралығында өзгергіштігінде.
Маркшейдерлік іс нақтылы өлшеулер мен геометриялық сызбалар нəтижесінде кен орнының құрылымын, жер қойнауын- дағы пайдалы қазбалардың пішіні мен өлшемдерін, қазбалар- дың кеңістікте орналасу ерекшеліктерін, кен қойнын геоме- триялау, жер беті мен тау жыныстарының тау-кен жұмыстары əсерінен жылжуын зеттеу мəселелерімен шұғылданады.
Тау-кен өндірісінің барлық кезеңдерінде жүргізілген марк- шейдерлік жұмыстардың нəтижелері негізінде өндіріске қажетті əртүрлі маркшейдерлік құжаттар жасалады.
Маркшейдерлік графиктік құжаттар мынадай негізгі талап- тарға сай болуы тиіс.
1. Дəл болуы тиісті, яғни геометриялық элементтерді масш- табтың дəлдігіне сəйкес кескіндеу. Мысалы, ±0,2 мм графиктік дəлдікпен кескіндеу қажет болғанда, 1:500 масштабта план дағы кескінделетін геометриялық элементтер ±10 см-ден кем емес дəлдікпен кескінделуі тиісті. Айтылған бұл талаптар нактылы айқын көрініп түрған элементтерді кескіндеуге жатады.
2. Пайдалы қазындылардың пішіндері мен жату элемент- терін, жер бетінің бедері мен ситуациясын, тау-кен қазба ла- ры ның планды сызған кезіндегі қалпын толық етіп кескіндеу жəне тау-кен жұмыстарының дамуына орай оларды біркалыпты толықтырып отыру.
3. Көрнекті жəне өлшеуге ыңғайлы болу, яғни ешқандай күр-
делі есептеулер мен сызулар жұргізбей-ақ, қажетті дəлдікпен сол сызбалардан сызықтық жəне бұрыштық өлшеулерді алу.
4. Ұзақ мерзімде сақталуын жəне көрнекті болуын қамта- масыз ету үшін құжаттарды жоғары сапалы материалдарға сызу. 5. Сызбалардың қабылданған шартты белгілерге сəйкес жа- салуы.
6. Сызбалардың біртұтас координаталар жүйесінде жасалуы.
Маркшейдерлік графиктік құжаттар өзінің атқаратын қыз- метіне қарай жер бетінің жəне тау-кен қазбаларының сызба жинақтары болып бөлінеді. Сызбалардың құрамы жəне мағы- насы, сондай-ақ масштабтары кен орнының геологиялық құры- лымына, казып алу əдісіне байланысты жəне маркшейдерлік жұмыстарды жүргізудің нұсқаулары бойынша анықталады.
Маркшейдерлік жұмыстарды жүргізудің техникалық ин- струкциясына сəйкес құжаттар бастапқы (далалық), есептеу жəне графиктік болып бөлінеді.
Графиктік құжаттар негізгі болып саналады жəне олар арқылы кенді ашу, дайындық қазбаларын жобалау, жер асты мен жер бетіне қажетті құрылыстарды салу, кенді тиімді жəне қауіпсіз жағдайда қазып алу жəне т.б. мəселелер шешіледі.
Маркшейдерлік құжаттар тау-кен өндірісінің арнайы бөлі- мінде сақталады. Ескіріп жəне қолдануға жарамай қалған құжат- тар құрамында бас инженер, бас маркшейдер жəне бас геолог бар арнайы комиссия қол қойған актыға сəйкес, мезгіл-мезгіл жойылып отырылады. Акт алдын ала мемлекеттік тау-кен ісін техникалық қадағалаушы мекемемен келіседі.
Маркшейдерлік практикада көптеген проекциялар, про- фильдер жəне қималар колданылады, ал күрделі геологиялық құрылымдарды жəне тау-кен қазбаларын кескіндеуде көлемдік графиктер де жасалынады.
Тау-кен өндірісінде графикалық құжаттардың мына түрлері қолданылады:
Проекциялар. Зерттелетін заттың белгілі бір ереже бойын- ша тік, жатық немесе көлбеу жазықтықтарға түсірілген кескіні.
Маркшейдерлік жұмыстарда негізінен бір жазықтыктағы сандық белгілері бар проекциялар қолданылады. Тау-кен қазбаларының жекелеген учаскелерін көрнекті қылып кеңістікте кескіндегенде аксонометриялық, аффиндық, стереографиялық проекциялар да қолданылады.
Пландар. Параллель проекциялар арқылы заттың жазық- тыққа түсірілген прекциясын план деп атайды. Пландар орто- гональ проекцияларында горизонталь жазықтықта жеке нүк- телердің сандық белгілері немесе кескінделетін жер бетінің горизонтальдары көрсетілген жер бетіндегі объектілердің жəне тау-кен қазбаларының проекциялары.
Тік проекциялар. Пайдалы қазындыларды тік бағытта көр- сету үшін қолданылатын проекциялар. Олар күрт құлама кен- дерді (желілерді) қазып алу кезінде тау-кен қазбаларын гори- зонталь жазықтықта кескіндегенде едəуір бұрмалаушылықтар болып, сызба дəлдігі жəне көрнектілігі төмендейді, сондық тан объек тілерді вертикаль жазықтықта кескіндеу өте қолайлы.
Көлбеу орналасқан кен орындарындағы тау-кен қазбаларын жəне баска объектілерді кескіндегендегі қателіктерді жою ҮШІН
проек иия жазықтығын кеніштің көлбеу жазықтығына парал- лель етіп алады. Мұндай сызбаларды көлбеу жазықтықтағы проекциялар деп атайды,
Қималар деп объектілердің кейбір бөліктерінің киыс кеткен жазықтықтағы кескінделуін атайды, Маркшейдерлік сызба лар- ға вертикаль жəне горизонталь кималар кіреді, оларда тау-кен жыныстарының құрылымы мен тау-кен қазбалары кескінде- леді. Вертикаль геологиялық қималарда барлау жəне тау-кен қазбалары сызықтары, сондай-ақ кеніштің созылымы жəне оған көлденең бағыттар бойынша түрғызылады. Қималардың мас- штабтары горизонталь жəне вертикаль бағыттарында планның масштабымен бірдей болады.
Профильдерде қиып өткен вертикаль жазықтықта каралып отырған объектінің тек қана қажетті контурлық сызықтары кес- кінделеді жəне олар түзу не сынык сызықтар түрінде жүргізіледі.
Маркшейдерлік практикада профильдер жер бетіндегі жəне кен қазбаларындағы көлік желілері бойымен олардың көлбеулі- гін сипаттау ҮШІН жəне жобадан қаншалықты ауытқығанды ғын көрсету ҮШІН жасалады. Профильдерде, əдетте вертикаль мас- штабты горизонталь масштабпен салыстырғанда 10 есе үлкейтіп қабылдайды.
Эскиздер объектілердің шамалап қолдан сызылған кескіні, яғни сызбалық жабдықтарсыз сызылған объектінің тұрпаты.
Мұндай эскиздерді маркшейдерлер тау-кен қазбаларын жəне
пайдалы қазындылардың қоймадағы қалдығын, т.б. түсіріп жүр- генде бақылау журналына сызылады.
Маркшейдерлік құжаттарды əр квартал сайын немесе жауап- ты түсірістер кезінде бас маркшейдер тікелей тексеріп отырады.
1.2. Бастапқы жəне есептеу құжаттары
Барлық маркшейдерлік жұмыстар орындалуы жағынан дайын дық, далалық жəне ғылыми өңдеу жұмыстарынан тұрады.
Дайындық жұмыстары кезінде жергілікті жердің жай-жап- сарын кескіндеудің қажетті дəлдігіне сүйеніп, түсірістің мас- штабын таңдайды да, қолдағы бар картографиялык материал- дарды (планды, картаны жəне профильді) мұқият кайта қарап зерттейді. Егер түсіріс жүргізілетін ауданда геодезиялық тірек жүйесінің немесе түсіру негіздемесінің пункттері болса, онда олардың орналасқан жерінің схемасын жасап, каталогтан коор- динаталарын жазып алады.
Маркшейдерлік түсірс кезінде тікелей жұмыс барысында жасалған барлық байқаулар жүйелі түрде далалық журналға жа- зылады. Далалық журналдардың беттері нөмірленіп, əр журнал тізімге алынады. Бұл бастапқы маркшейдерлік құжат болып са- налады.
Далалық журналдарда жүргізілген өлшеулердің орта шамасы жəне өлшеу дəлдігі есептеліп жазылады. Журналдағы жазулар, суреттер, эскиздер тек қарындашпен толтырылады. Далалық жұмыстардың құрамына мыналар жатады:
1. Жергілікті жерді рекогносцировкалау жəне түсіру не- гіз демесінің пункттерін бекіту. Рекогносцировка кезінде марк шейдерлік тірек жүйесінің жəне түсіру негізде месінің пункт тері ізделіп табылады жəне жүргізілетін полигономет- рия лық, теодолиттік, нивелирлік жүрістердің жəне толықтыру маркшейдерлік түсірістердің неғұрлым қолайлы орындары белгіленеді. Рекогносцировканың нəтижесін ірі масштабтағы немесе жұмыс барысында жасалған схемаға немесе арнайы сұлбаға (абриске) түсіреді.
2. Түсіріс негіздемесінің пункттерін геодезиялық жүйе пункт теріне байланыстыру. Маркшейдерлік жұмыстардың нə- ти желері бұрыштық жəне ұзындық өлшеулер, есептеулер ар-
найы жур налдарға енгізіліп, жергілікті жердің жəне нүкте лер- дің орналасу схемасы сызылып, онда бұл жағдайдың көрінісі салынады жəне жер бедерінің сызықтары (арналар, су айрық- тары, беткейдің ойлы-қырлы жерлері жəне т.с.с) көрсетіледі.
3. Түсірістің пландық жəне биіктік негіздемелерін жасаған кезде бұрыштарды жəне сызықтардың ұзындықтарын өлшеу, рейкалардан есептеулер алу. Барлық түсіріс негіздемелерін жəне түсірістерді жүргізген кезде өлшенген бұрыштар, арақа- шықтықтар жəне рейкадан алынған есептеулер арнайы жур- налдарға жазылады, жұмыс барысында жергілікті жердің схе- масы жасалады,
4. Жергілікті жердің жəне тау-кен қазбаларының контур- ларын түсіру. Толықтыру түсірістерін жүргізген барлық өл- шеулердің нəтижелері: бұрыштық жəне ұзындық өлшеулер, алынған есептеулер арнайы журналдарға жазылып, толықтыру түсірістерінің схемалары, абристері жəне крокилері салынады.
Жер бетіндегі маркшейдерлік жұмыстарды жүргізгенде да- лалық құжаттарға мына төмендегі журналдар жатады:
- полигонометриялық жүріс, түсіру жүйелері пункттерін анықтау жəне теодолиттік жүрістер кезіндегі бұрыштық жəне ұзындық өлшеу;
- геометриялық жəне техникалық нивелирлеу;
- жер бетін, тау-кен қазбаларын, пайдалы казындылар қой- маларын жəне тау жыныстары үйінділерін мензулалық, тахео- метриялық, стереофотограмметриялык, ординаталық түсірістер;
- бөлу жұмыстары жəне т.б.
Маркшейдерлік жүрістер мен түсірістерді есептеу жəне ғылыми өңдеу жұмысы мыналарды қамтиды.
1. Дала журналдарын тексеру. Дала журналдарындағы жа зулар мен есептеулер екі қолдан (басқарушы жəне оның көмекшісімен) өтіп тексеріледі. БҰЛ кезде горизонтал жəне вертикаль бұрыштар, горизонтал ұзындықтар, жүрістер нүк- телерінің тура, кері жəне орташа салыстырмалы биіктіктері кайтадан есептеліп шығарылады. Табылған қателіктер тиісті түзетулер енгізу арқылы жойылады.
2. Түсіру негіздемелері мен жүрістер нүктелерінін пландық жəне биіктік координаталарын (х, у,z) есептеп шыға- ру. Далалық журналдарға тексерілген мəліметтерді пайда-
ланып есептеп шығарулар арнайы ведомстарды қолданып, белгілі бір ретпен жасалады. Есептеу барысында тиісті түзет- пелер енгізіліп, есептеп шығарудың дұрыстығы тексеріліп оты- рылады.
3. Жерлігікті жердің жəне ашық кен қазбаларының планын, кималарын жəне профилін салу. Есептеп шығарылған түсіру не гіздемелері мен толықтыру нүктелері өздерінің тікбұрышты координаталарымен немесе полярлық координаталары арқылы пландарға, кималарға жəне профильдерге түсіріледі. Жергілікті жердің жəне тау-кен қазбаларының контурларын планға салу абрис, схема жəне кроки негізінде жасалады.
Тау-кен кəсіпорнының есептеу құжаттары мыналардан тұрады:
- полигонометриялық жүрістердің қабырғаларының ұзын- дықтарын есептеу жəне теңестіру журналдары;
- геодезиялық жүйенің маркшейдерлік тірек пункттерінің биіктік белгілерін есептеу жəне нивелирлік жүрістерді теңестіру журналдары;
- маркшейдерлік түсіру жүйесі пункттерінің координатала- рын жəне биіктік белгілерін есептеу журналы;
- қоймадағы пайдалы қазындылар көлемін есептеу жур- налы;
- қазылған тау-кен қоспалары жəне пайдалы қазындылар көлемін есептеу журналы;
- рекультивация кезіндегі құнарлы топырақ көлемін анықтау журналы;
- геодезиялық жүйенің маркшейдерлік тірек пункттерінің, барлау жəне техникалық ұңғылар сағаларының координаталары мен биіктік белгілерінің катологы.
Есептеу құжаттарына базистердің ұзындығын есептеу, үш- бұрыштарды шешу, триангуляцияларды теңестіру жəне пункт координаталарын есептеу, нивелирлік жүрістерді теңестіру.
Марк шейдерлік торлар биіктіктерін есептеу, қоймадағы пай- далы кендердің көлемдерін есептеу, координаталар жəне биік- тіктер каталогінің журналдары жəне т.б. жатады.
Бастапқы жəне есептеу құжаттарына оларды жүргізген адам жəне жұмысты тексеруші қол қояды.
1.3. Графиктік құжаттар
Жер қойнауынан пайдалы қазбаларды тиімді жəне қауіпсіз жағдайда алу қазылған кеңістіктерді жер бетінің ситуация- сымен байланыстыруды, жер беті жəне астында орналасқан объектілерді тау-кен жұмыстары тау-кен өндірісінде графика- лық құжаттардың қажетті екі комплектісі болуы қажет: жер бетінің жəне тау-кен қазбаларының сызбалары.
Тау-кен жұмыстары басталмай тұрып, кен орналасқан тер- рито рияның топографиялық планы жасалады. Кейін өнді рістің маркшейдерлік қызметі бұл планды толықтырып отырады.
Топографиялық планға рельефтен басқа пайдалы қазба- лардың жер бетіне шығу орны, жатысы, пішіні, таралу шегі, бар- лау скважиналары, шурфтау жəне т.б. көрсетіледі.
Маркшейдерлік жұмыстарды жүргізудің техникалық ин- струкциясына сəйкес графикалық құжаттар, карталар, план- дар, тік жəне жатық проекциялар мына масштабтарда жасала- ды: 1:50, 1:100, 1:200, 1:500, 1:1000, 1:2000, 1:5000, 1:10000,
1:25000. Ауданы 20 шақырымнан кем аймақтардың жəне тау-
кен орындарының топографиялық пландарын салуда квадраттық бөлу қолданылады. Бөлу негізіне масштабы 1:5000 план алы- нып, ол тең төрт квадратқа бөлінеді де, орыс алфавитінің бас əріптерімен – А, Б, В, Г белгіленеді (1.1-сурет). Сөйтіп, масшта- бы 1:2000 план алынады.
Ал 1:1000 масштабтағы план өз кезегінде 1:2000 масштаб- тағы планды тең төрт квадратқа бөліп I-ден IV дейінгі Рим циф- рларымен белгіленгенге тең. 1:500-ге көшу үшін оны 16 тең бөлікке бөледі.
Тау-кен қазбаларының сызбасына кен қазбаларының əр горизонтқа, əр кен денесіне жасалған пландары, вертикаль про- екциялары, қазбалардың қималары мен профильдері жатады.
Əр планшетке өлшемі 100Х100 мм, қалыңдығы 0,1 мм бірыңғай сызықпен координаталық тор сызылады. Ашық жəне жер асты əдістерімен кен казудағы тау-кен қазбалары план- шеттерінің жоғары жəне сол жақтарында 10 мм, оң жағында 30 мм, ал төменгі жағында 50 мм-лік орындар қалдырылады.
Планшеттің координаталар торының төменгі жағында планның аты, масштабы, тау-кен кəсіпорнының жəне жоғары мекеменің
аттары жазылады. Оның сол жағына планшеттердің орналасу номенклатурасы оның ішінде дəл осы планшет штрихталып, ал көршілес планшеттерде олардың номенклатурадағы нөмірлері көрсетіледі (1.2-сурет).
Тау-кен қазбаларының негізгі сызбалары айына бір рет то лықтырып отырылады. Алғашында толықтырулар қарын- даш пен, кейін полигонометриялық жүрістердің салынуына бай ланысты объектілерді кескіндеу, ең көп дегенде, жылына 2 рет туш арқылы жүргізіледі. Негізгі маркшейдерлік сызба- лар жанбайтын шкафтарда горизонталь жағдайда сакталады, ал өндірістік сызбаларды орап жəне жиып коюға рұқсат етіледі.
Маркшейдерлік сызбалар «Тау-кен графиктік құжаттардың шартты белгілеріне» сəйкес сызылады. Маркшейдерлік шартты белгілерді төрт топқа бөлуге болады. Масштабтық (контурлық) шартты белгілер объектілерді сызба масштабында кескіндегенде колданылады.
Масштабтан тыс шартты белгілер көлемінің кішілігінен сыз баның масштабында сызуға болмайтын объектілерді кес- кіндегенде қоданады.
Маркшейдерлік графиктік құжаттар өзінің аткаратын қыз- ме тіне қарай жер бетінің жəне тау-кен қазбаларының сызба жинақтары болып бөлінеді. Сызбалардың құрамы жəне мағы-
1.1-сурет. 1:5000 масштабтағы планшеттің бөлінуі:
а – 20 км2 ауданға дейінгі аймақтың 1:2000, 1:1000 жəне 1:500 масштабты планшеттерге бөлінуі; б – 20 км2 дейінгі аймақтың
1:2000 масштабты планшеттерге бөлінуі
насы, сондай-ақ масштабтары кен орнының геологиялық құры- лымына, казып алу əдісіне байланысты жəне маркшейдерлік жұ мыстарды жүргізудің нүсқаулары бойынша анықталады.
Жер беті сызбаларына (1-жинақ) келесі топтамалар жатады.
Жер бетінің бедері мен ситуациясын кескіндейтін сызбалар:
1. Тау-кен кəсіпорньшың өндіріс-шаруашылық қызметінің жер бетіндегі территориясының 1:1000-10000 масштабтағы пла- ны.
2. Жер бетінің құрылыс салынған (қала, елді мекендер) бө- лігінің 1:1000-1:2000 масштабтағы планы,
3. Өндіріс алаңының 1:500 - 1:1000 масштабтағы планы.
4. Пайдалы қазындылар қоймаларына, тау жыныстары үйін- ділеріне жəне байыту фабрикаларының қалдықтар қой ма ла- рына арналған жер беті учаскелерінің 1:2000 - 1:5000 масш- табтағы пландары.
1.2-сурет. Планшетті безендірудің үлгісі
5. Тау-кен жұмыстарымен бұзылған жерлердің рекульти- вацияланатын жер учаскелерінің 1:500 - 1:5000 масштабтағы пландары.
6. Жер беті түсірілген планшеттердің өзара орналасу карто- граммасы.
Тау-кен кəсіпорнының маркшейдерлік тірек жəне түсіру жүйелері пункттерімен қамтамасыз етілгендігін айқындайтын сызбалар:
1. Жер бетіндегі маркшейдерлік тірек жүйесі пункттерінің орналасу планы.
2. Бөлу жүйесі пункттері мен шахты оқпанының осьтік пункттерінің орналасу планы.
3. Тірек жүйесі центрлері мен пункттерінің схемалары жəне абристері.
Тау-кен кəсіпорнына бөлінген жерлердің сызбалары:
1. Тау-кен кəсіпорнына бөлінген жер танабының 1:1000 - 1:10000 масштабтағы планы.
2. Тау-кен кəсіпорнына бөлінген тау-кен танабының 1:1000- 1:10000 масштабтағы планы.
Тау-кен қазбаларының сы�