• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

PDF Bulletin Вестник - Enu

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Share "PDF Bulletin Вестник - Enu"

Copied!
24
0
0

Толық мәтін

(1)

ISSN (Print) 2616-678Х ISSN (Online) 2663-1288

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің

ХАБАРШЫСЫ

BULLETIN

of L.N. Gumilyov

Eurasian National University

ВЕСТНИК

Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева

ФИЛОЛОГИЯ сериясы Серия ФИЛОЛОГИЯ

PHILOLOGY Series

№2(127)/2019

1995 жылдан бастап шығады Издается с 1995 года

Founded in 1995

Жылына 4 рет шығады Выходит 4 раза в год Published 4 times a year

Нұр-Сұлтан, 2019 Nur-Sultan, 2019 Нур-Султан, 2019

(2)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of the L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series

Бас редакторы Дихан Қамзабекұлы

филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі (Қазақстан) Бас редактордың орынбасары Шолпан Жарқынбекова

филология ғылымдарының докторы, проф. (Қазақстан) Редакция алқасы

Аскер оғлы Рамиз Ф.ғ.д., проф. (Әзербайжан) Ақматалиев Абдылдажан Ф.ғ.д., проф. (Қырғызстан) Бахтикиреева Улданай Ф.ғ.д., проф. (Ресей) Беженару Людмила Ф.ғ.д., проф. (Румыния) Бейсембаева Жанаргүл Ф.ғ.к. (Қазақстан) Біжкенова Айгүл Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Жақыпов Жантас Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Журавлева Евгения Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан)

Жаң Динжиң PhD, проф. (Қытай)

Ескеева Мағрипа Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Ержласун Гүлжанат PhD, ассоц. проф. (Түркия) Қасқабасов Сейіт Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Негимов Серік Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Нұрғали Қадиша Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Нуриева Фануза Ф.ғ.д., проф. (РФ, Татарстан)

Райхл Карл Ф.ғ.д., проф. (Германия)

Рахманов Носимхан Ф.ғ.д., проф. (Өзбекстан) Риверс Уильям Патрик PhD, проф. (АҚШ) Сәтенова Серікгүл Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Султанов Казбек Ф.ғ.д., проф. (Ресей) Тәжібаева Сәуле Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан)

Хисамитдинова Фирдаус Ф.ғ.д., проф. (РФ, Башқұртстан) Чернявская Валерия Ф.ғ.д., проф. (Ресей)

Шәріп Амантай Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Шәріпова Гүлбану Ф.ғ.к., доцент м.а. (Қазақстан)

Экиджи Метин PhD, проф. (Түркия)

Янковский Генрих PhD, проф. (Польша)

Редакцияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Қ.Сәтбаев к-сі, 2, 408 б.

Тел.: +7(7172) 709-500 (ішкі 31-413) E-mail: [email protected]

Жауапты редактор, компьютерде беттеген: Ілияс Құрманғалиев

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы Меншіктенуші: ҚР БжҒМ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 27.03.2018 ж. №16996-Ж тіркеу куәлігімен тіркелген.

Мерзімділігі: жылына 4 рет. Тиражы: 35 дана

Типографияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Қажымұқан к-сі, 12/1, тел.: +7(7172)709-500 (ішкі 31413)

© Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

(3)

Editor-in-Chief Dikhan Kamzabekuly

Doctor of philology, аcademician of NAS RK (Kazakhstan) Deputy Editor-in-Chief Zharkynbekova Sholpan

Doctor of philology, Рrof. (Kazakhstan) Editorial board

Asker ogly Ramiz Doctor of philology, Рrof. (Azerbaidzhan) Akmataliyev Аbdildajan Doctor of philology, Рrof. (Kyrgyzstan) Bakhtikireeva Uldanai Doctor of philology, Рrof . (Russia) Beisembayeva Zhanargul Can. of philology (Кazakhstan) Bezhenaru Lyudmila Doctor of philology, Рrof . (Romania) Bizhkenova Аigul Doctor of philology, Рrof. (Кazakhstan) Chernyavskaya Valeriya Doctor of philology, Рrof. (Russia) Еrzhiasun Güljanat PhD, assos. Prof. (Turkey)

Yeskeyeva Мagripa Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Henryk Jankowski PhD, Prof. (Poland)

Kaskabassov Seit Doctor of philology, Prof . (Кazakhstan) Khisamitdinova Firdaus Doctor of philology, Prof. (RF, Bashkortostan)

Metin Ekiji PhD, Prof. (Тurkey)

Negimov Serik Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Nurgali Kadisha Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Nurieva Fanuza Doctor of philology, Prof. (RF, Tatarstan) Reichl Karl Doctor of philology, Prof. (Germany) Rakhmanov Nasimhon Doctor of philology, Prof. (Uzbekistan) Rivers William Patrick PhD, Prof. (USA)

Satenova Serikkul Doctor of philology, Prof . (Kazakhstan) Sultanov Кazbek Doctor of philology, Prof. (Russia) Sharip Аmantay Doctor of philology, Prof. (Kazakhstan) Sharipova Gulbanu Can. of philology, assos. Prof. (Kazakhstan) Tazhybayeva Saule Doctor of philology, Prof. (Kazakhstan) Zhakypov Zhantas Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Zhang Dingjing PhD, Prof. (China)

Zhuravleva Yevgeniya Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Editorial address: 2, Satвayev str., of. 408, Nur-Sultan, Kazakhstan, 010008

Теl.: +7(7172) 709-500 (ext. 31-413) E-mail: [email protected]

Executive editor, computer layout: Іlyas Kurmangalyev Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University PHILOLOGY Series

Owner: Republican State Enterprise in the capacity of economic conduct «L.N.Gumilyov Eurasian National University» Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan

Registered by Ministry of Іnformation and Сommunication of the Republic of Kazakhstan. Registration certificate No 16996-Ж from 27.03.2018

Periodicity: 4 times a year Circulation: 35 copies

Address of printing house: 12/1 Kazhimukan str., Nur-Sultan, Kazakhstan 010008; tel.: +7(7172) 709-500 (ext. 31413) © L.N. Gumilyov Eurasian National University

(4)

Главный редактор Дихан Камзабекулы

доктор филологических наук, академик НАН РК (Казахстан) Зам. главного редактора Шолпан Жаркынбекова

доктор филологических наук, проф. (Казахстан) Редакционная коллегия

Аскероглы Рамиз Д.ф.н., проф. (Азербайджан) Акматалиев Абдылдажан Д.ф.н., проф. (Киргизстан) Бахтикиреева Улданай Д.ф.н., проф. (Россия) Беженару Людмила Д.ф.н., проф. (Румыния) Бейсембаева Жанаргуль К.ф.н. (Казахстан)

Бижкенова Айгуль Д.ф.н., проф. (Казахстан) Жакыпов Жантас Д.ф.н., проф. (Казахстан) Жан Динжин PhD, проф. (Китай) Журавлева Евгения Д.ф.н., проф. (Казахстан) Ескеева Магрипа Д.ф.н., проф. (Казахстан) Ержласун Гульжанат PhD, ассоц. проф. (Турция) Каскабасов Сейит Д.ф.н., проф. (Казахстан) Негимов Серик Д.ф.н., проф. (Казахстан) Нургали Кадиша Д.ф.н., проф. (Казахстан) Нуриева Фануза Д.ф.н., проф. (РФ, Татарстан) Райхл Карл Д.ф.н., проф. (Германия) Рахманов Насимхон Д.ф.н., проф. (Узбекистан) Риверс Уильям Патрик PhD, проф. (США)

Сатенова Серикгуль Д.ф.н., проф. (Казахстан) Султанов Казбек Д.ф.н., проф. (Россия) Тажибаева Сауле Д.ф.н., проф. (Казахстан)

Хисамитдинова Фирдаус Д.ф.н., проф. (РФ, Башкортостан) Чернявская Валерия Д.ф.н., проф. (Россия)

Шарип Амантай Д.ф.н., проф. (Казахстан) Шарипова Гульбану К.ф.н., и.о. доцент (Казахстан) Экиджи Метин PhD, проф. (Турция)

Янковский Хенрих PhD, проф. (Польша)

Адрес редакции: 010008, Казахстан, г. Нур-Султан, ул. К.Сатпаева, 2, каб. 408 Тел.:+7(7172) 709-500 (вн. 31-413)

E-mail: [email protected]

Ответственный редактор, компьютерная верстка: Ильяс Курмангалиев

Вестник Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия ФИЛОЛОГИЯ Собственник: РГП на ПХВ «Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева» МОН РК Зарегистрирован Министерством информации и коммуникаций РК под номером №16996-Ж от 27.03.2018г.

Периодичность: 4 раза в год Тираж: 35 экземпляров

Адрес типографии: 010008, Казахстан, г. Нур-Султан, ул. Кажимукана, 12/1, тел.: +7(7172)709-500 (вн. 31413)

© Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

(5)

Мазмұны

Фольклор және әдебиеттану

Аймұхамбет Жанат, Исебаева Аяужан. Ертегілердегі «Жер асты әлеміне саяхаттау» мотиві ...777... 8-14 Аққұлы Сұлтан Хан, Жұмағұл Сағымбай, Кемеңгер Қайырбек. Алаштың рухани мұрасындағы ашаршылық туралы тың деректер (1932-33 жылдар) ... 15-21 Арыққарақызы Еркегүл. Ақыт Үлімжіұлының «Мүнаджат хази әл-Хажат» туындысы (идеялық ерекшелігі) ... 22-28 Әшімхан Талдаубек. Тәуелсіздік әдебиеті контексіндегі Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» роман-хамсасы ... 29-35 Байтанасова Қарлығаш, Нұрлыбек Гүлбану. Қазіргі қазақ прозасындағы фольклорлық мотивтер ... 36-44 Ғұбайдуллина Айжан, Қорғанбеков Болат. «Дариға қыз» және «Қисса Шаһизинда»

дастандарының поэтикасы мен типологиясы ... 45-51 Жанысбекова Элмира. Қазақстанның қазіргі заман прозасындағы антикалық және інжілдік бейнелер мен сарындар ... 52-63 Қамзабекұлы Дихан. Түрік танзиматы: заман шындығының әдебиеттегі көрінісі ... 64-74 Нуртаева Гүлнура, Үсен Айгүл. Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы ұлттық мотивтер ... 75-83 Оразбай Сәуле. Орхон-Енисей ескерткіштері мәтіндеріндегі тарихи тұлғалар бейнесі... 84-90 Теміртас Гүлсезім, Кемеңгер Қайырбек. Сұлтанбек Қожанұлының қаламгерлік қызметі мен шығармашылығы ... 91-97 Хамзина Қарлығаш, Қалыбекова Қаламқас, Кулейменова Ләйла. Мағжан Жұмабаев

поэзиясының типологиялық құрылымы ... 98-106

Лингвистика және әдістеме

Алиханқызы Гулия, Ахметбек Гүлжан. Қытай тілін шетел тілі ретінде оқыту әдістері ... 107-115 Ашраф Мұхаммед Аттия. Мәдениетті лингвомәдени антропонимдер арқылы түсіну

(орыс және араб антропонимдері негізінде) ... 116-121 Гришина Арина, Гиздатов Газинұр. АҚШ-тың қазіргі медиалық дискурсындағы мәдени

кодтар ... 122-128 Құлтанова Жанара, Кұсайынова Райса. Коммуникативтік мінез-құлық мәдениеті және

ұлттық (этникалық) стереотиптер ... 129-134 Жарқынбекова Шолпан, Оразаева Құралай, Петкова Сильвия, Қожамқұлова Гүлмира.

Студенттік орталықтандырылған білім беру және тиімді оқыту ортасы ... 135-146 Ерланова Мадина, Жүнісова Жаңыл. Қазіргі орыс тіліндегі бейузуал лексиканың

сөзжасамдық әлеуеті ... 147-156 Бейсенова Назерке , Исенова Фатима. Бақыт Қайырбековтің лирикасындағы «махаббат»

бейнесінің концептуалдық мазмұндағы жалпыадамзаттық және ұлттық тұжырымдамасы .. 157-162 Қарағұлова Балгенже. Қазіргі тіл білімінде жаңа сөздерді зерттеудің негізгі бағыттары... 163-171 Қалибекұлы Толқын. Қытай және қазақ тілдерінің сөз тіркестеріндегі байланысу тәсілдері

мен түрлері ... 172-184 Манапбаева Жаннура, Сейденова Сәуле. Реалияларды өзге тілдерге аудару барабарлығы

(Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» романының орыс, ағылшын тіліндегі аудармалары) ... 185-192 Өтелбай Гүлбайра. М. Дулатұлының «Есеп құралы»: ұмытылған терминдердің мәні мен

мәртебесі ... 193-200 Смағұлова Гүлшат, Мұхаметқалиева Гүлнұр, Мұртаза Анипа, Балтабаева Гауһар.

Ислам терминологиясының Шығыс мәдениетіне енуі: Қытай ... 201-209 Шәріп Амантай. Қазақ поэзиясындағы «Жер-Ана» архетипі: генезис және

трансформация ... 210-217

(6)

Contents

Folklore and Literary Studies

Aimukhambet Zhanat, Issebayeva Ayauzhan. Motive «Zher asty alemine sayachattay» («A travel to the underground world») in fairy tales ... 8-14 Akkuly Sultan Khan, Zhumagul Sagymbay, Kemengger Kaiyrbek. New facts about the famine in Alash’s spiritual heritage (1932-33 years) ... 15-21 Arykkarakysy Erkegul. Produced by Akyt Ulimzhiuly «Munadzhat chazi al-Chazhat»

(ideo feature) ... 22-28 Ashimhan Taldaubek. Roman-Hamza «Abaidyn zhumbagy» («Abai’s mystery») of Ramazan Toktarov in the Context of Non-Sufficient Literature ... 29-35 Baytanasova Kharlуgash, Nurlуbek Gulbanw. Folkloric motives in modern Kazakh prose ... 36-44 Gubaidullina Aizhan, Korganbekov Bolat. Poetics and typology of the epics «Dariga khyz»

(«Dariga gir») and «Kissa Shachzinda» («Kissa Shaxzinda») ... 45-51 Zhanysbekova Elmira. Antique and biblical images and motifs in the modern Kazakhstani prose .. 52-63 Kamzabekuly Dikhan. Тurkic tanzimat: a reflection of the age reality in literature ... 64-74 Nurtayeva Gulnura, Usen Aigul. The national motive in the poetry of Mukagali Makatayev .. 75-83 Orazbai Saule. An image of historical figures in the texts of Orkhon-Yenisei monuments ... 84-90 Temirtas Gulsezim, Kemenger Kairbek. Writing activities and creativity Sultanbek Kozhanov .... 91-97 Khamzina Karlygash, Kalybekova Kalamkas, Kuleimenova Laila. Typological structure of the poetry of Magzhan Zhumabayev ... 98-106

Linguistics and methodics

Alikhankyzy Gulya, Akhmetbek Gulzhan. Modern methods of teaching Chinese as a foreign

language ... 107-115 Attia Ashraf Mohamed. Understanding culture through the prism of linguistic anthroponyms

(Based on Russian and Arab anthroponyms) ... 116-121 Grishina Arina, Gizdatov Gazinur. Cultural codes in the modern media discourse of the USA .. 122-128 Kultanova Zhanara, Kussainova Raisa. Cultural and National (ethnic) stereotypes of

Communicative behavior ... 129-135 Zharkynbekova Sholpan, Urazayeva Kuralai, Petkova Sylvia, Kozhamkulona Gulmira.

Student-centered learning and effective learning environment ... 135-146 Yerlanova Madina, Zhunusova Zhanyl. Word-forming potential of non-usual dictionary in

modern Russian language ... 147-156 Beisenova Nazerke, Issenova Fatima. The theme of «love» in the common human and ethnic

concepts of the poet Bachyt Kairbekov ... 157-162 Karagulova Balgenzhe. New directions of neologisms research in modern linguistics ... 163-171 Kalibekuly Tolkyn. Ways of phrases formation and phrases classification in Chinese and Kazakh

languages ... 172-184 Manapbayeva Zhannura, Seidenova Saule. Аdequacy of translating realia into other

languages (based on Smagul Yelubay’s novel ‘Ak boz uy’ and its translations in the Russian

and English languages) ... 185-192 Otelbay Gulbaira. «Esep kuraly» («Math textbook») of Mirzhakup Dulatuly: the meaning and

status of forgotten terms ... 193-200 Smagulova Gulshat, Mukhametkalieva Gulnur, Murtaza Anipa, Baltabaeva Gauchar.

Integration of Islamic terminology in Eastern culture: China ... 201-209 Sharip Amantai. The archetype «Zher-Ana» («Mother Earth») in Kazakh poetry: the genesis

and transformation ... 210-217

(7)

Содержание

Фольклор и литературоведение

Аймухамбет Жанат, Исебаева Аяужан. Мотив «Жер асты әлеміне саяхаттау» («Путе- шествие в подземный мир») в сказках ... 8-14 Аккулы Султан Хан, Жумагул Сагымбай, Кеменгер Кайырбек. Новые данные о голодоморе в идеологических наследиях Алаша (1932-33 годы) ... 15-21 Арыккаракызы Еркегуль. Произведение Акыта Улимжиулы «Мунаджат хази аль-Ха- жат» (идейные особенности) ... 22-28 Ашимхан Талдаубек. Роман-хамса Рамазана Токтарова «Абайдың жұмбағы» («Тайна Абая») в контексте независимой литературы ... 29-35 Байтанасова Карлыгаш, Нурлыбек Гулбану. Фольклорные мотивы в современной казахской прозе ... 36-44 Губайдуллина Айжан, Корганбеков Болат. Поэтика и типология поэм «Дариға қыз» и

«Қисса Шаһизинда» ... 45-51 Жанысбекова Эльмира. Античные и библейские образы и мотивы в современной прозе Казахстана ... 52-63 Камзабекулы Дихан. Тюркский танзимат: отражение действительности в литературе... 64-74 Нуртаева Гулнура, Усен Aйгуль. Национальные мотивы в поэзии Мукагали Макатаева ... 75-83 Оразбай Сауле. Образы исторических деятелей в текстах орхоно-енисейских памятников 84-90 Темиртас Гульсезим, Кеменгер Кайырбек. Писательская деятельность и творчество Султанбека Кожанова ... 91-97 Хамзина Карлыгаш, Қалыбекова Каламкас, Кулейменова Лейла. Типологическая структура поэзии Магжана Жумабаева ... 98-106

Лингвистика и методика

Алиханкызы Гулия, Ахметбек Гулжан. Современные методы преподавания китай-

ского как иностранного языка ... 107-115 Аттия Ашраф Мохаммед. Понимание культуры сквозь призму лингвоантропонимов

(на материале русских и арабских антропонимов) ... 116-121 Гришина Арина, Гиздатов Газинур. Культурные коды в современном медиадискурсе США... 122-128 Култанова Жанара, Кусаинова Райса. Культурные и национальные (этнические)

стереотипы коммуникативного поведения ... 129-134 Жаркынбекова Шолпан, Уразаева Куралай, Петкова Сильвия, Кожамкулова Гульмира.

Студентоцентрированное обучение и эффективная обучающая среда ... 135-146 Ерланова Мадина, ЖунусоваЖаныл. Словообразовательный потенциал неузуальной

лексики в современном русском языке ... 147-156 Бейсенова Назерке, Исенова Фатима. Общечеловеческое и этническое в концептуаль-

ном содержании образа «любовь» в лирике Бахыта Каирбекова ... 157-162 Карагулова Балгенже. Основные исследования неологизмов в современном языкознании ... 163-171 Калибекулы Толкын. Способы и виды связи словосочетаний в китайском и казахском языках 172-184 Манапбаева Жаннура, Сейденова Сауле. Адекватность передачи реалий на другие языки

(на основе романа Смагула Елубая «Ак боз уй» и его переводов на русский и английский языки)... 185-192 Өтелбай Гүлбайра. «Есеп құралы» («Учебник по математике») Миржакупа Дулатулы:

значение и статус забытых терминов ... 193-200 Смагулова Гульшат, Мухаметкалиева Гулнур, Муртаза Анипа, Балтабаева Гаухар.

Интеграция исламской терминологии в Восточной культуре: Китай ... 201-209 Шарип Амантай. Архетип «Жер-Ана» («Мать-Земля») в казахской поэзии: генезис и

трансформация ... 210-217

(8)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series

84

№2 (127)/2019

ҒТАМР 16.21.49

Сәуле Оразбай

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан

(E-mail: [email protected])

Орхон-Енисей ескерткіштері мәтіндеріндегі тарихи тұлғалар бейнесі

Аңдатпа. Мақала Орхон-Енисей жазба ескерткіштері мәтініндегі қағандар мен қол- басыларды әскери тұлға ретінде саралауға бағытталған. Тарихи тұлғалардың сапалық ерек- шеліктерін сипаттайтын тілдік бірліктер лексикалық, синтаксистік, мәнмәтіндік деңгейде қарастырылады. Қағандар мен қолбасыларға тән антропонимдердің семантикасы негіздері сараланып, ҮІІ-ІХ ғасырларда өмір сүрген түркі дүнесінің әскери тұлғалары анықталады.

Батырлардың мәртебесі осы көне түркілердің жазба ескерткіштерінен бастау алғаны айқындалды. Батырлардың өзіне тән әлеуметтік нормалары, өзін-өзі ұстау ережелері, өзінің идеологиялары, өзінің ерекше өмір-салты, өзінің әскери этикасы, өздеріне ған тән әдеттері, дәстүрлері, көшпелі қоғам топтары арасында өзара қарым-қатынастары айтылды.

Жырларда ата-бабасынан мирас ретінде қабылдап одан әрі елді басқара отырып, елді жаудан құтқаруды, ата-баба өсиетін бұлжытпай орындайтын тұлғалар топтастырылды.

Жауынгердің мақсаты мен тағдыры халық тағдырымен ұштасып жатқаны өзектелді.

Түйін сөздер: тұлға, антропоөзектік, тіл, әскери сөздер, қаған, әскери қолбасшы, соғыс.

DOI: https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-127-2-84-90 Кіріспе. Түркі халықтарының рухани құндылықтары қатарындағы ерекше қасиет- тердің бірі – елін, жерін қорғаған батырларды қастерлеп, келер ұрпаққа үлгі ету ежелгі дәуірлерден бері ұласып келе жатқан игі дәстүр. Көне түркілердің өмірлік ұстанымдары мен салт-дәстүрі айқын көрініс тапқан VІ-ІХ ғғ. түркі ескерткіштері түрк елі мен жер-суын қорғаған қағандар мен әскери қолбасшылар, батырлар тұлғасының мазмұнын ашуға мүм- кіндік беретін бірден-бір жазба дереккөз болып табылады. Тасқа таңбаланып, мәңгілікке жазылған Орхон-Енисей және Талас жазба ескерткіштерінде мазмұндалған ерлік тарихы қайталанбас өр рух пен ата-бабаларымыздың дүниетанымынан, құндылықтарынан, озық мәдениетінен сыр шертеді. Жалпытүркілік тарихи тұлғалардың сапалық ерекшеліктерін саралау, тұлға бейнесін сомдайтын тілдік бірліктердің лексикалық мазмұнын ашу түркі тіл біліміндегі өзекті мәселелер қатарынан орын алады.

Ұлы дала тарихы тұлғалар тарихымен тығыз байланысты, әлемдік өркениетте өзін- дік орны бар көптеген ұлы тұлғалар да ұлы дала перзенттері: «Ұлы дала әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді» [1, 1 б.]. Қазақтың шежірелік зердесінде адам – тарихтың негізгі тұлғасы, ал, адам сапасы – тарихтың қозғаушы күші ретінде көрініс береді. Әрбір адам ата-анасының ғана перзенті емес, сонымен бірге тарихи этностың да бір бөлігі. Яғни, шежірелік зердеде этнос тарихы жеке адамнан тыс қарастырылмайды, керісінше, адам әулетінің өмірбаяны ретінде қарастырылады. Адамдардың қоршаған ор- таға иекемделуіне, дүниетанымының кеңеюіне, ойлау қабілетінің дамуына сәйкес әлеумет- тік жағдайға әсер етуі әр этностың өзіне ғана лайық дара мәдениетін қалыптастыруына ықпал етеді. Бұл Тарих – Этнос – Тұлға үштігіне негізделетін жалпыадамзаттық тарихи даму үдерісінің қазақ дүниетанымындағы көрінісін сипаттайды. Қазақы дүниетаным мен

(9)

85

№2 (127)/2019

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series

мәдениеттің тарихи бастауын құрайтын Орхон, Енисей ескерткіштері мен қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілеріндегі, шежірелеріндегі әскери қолбасшылар мен батыр-жауынгерлер тұлғасының сапалық мазмұнының сәйкес келіп жатуы жалпытүркілік Жауынгерлік кон- цептінің ортақ желісін айқындайды. Батырлық пен ерлікті насихаттау, мифологиялық бей- нелер мен тарихи тұлғаларды ардақ тұту қазақ халқының ертегілері мен аңыздары, эпостық жырлары арқылы да ұрпақтан-ұрпаққа үздіксіз жалғасып келеді.

Мәселенің зерттелуі мен талдануы. Көне түркі жазба ескерткіштердің басты кей- іпкерлері – хандар мен бектер, батырлар. Түркілер тарихында өзіндік орны бар, ел үшін қызмет еткен хандар мен бектердің, қолбасшылардың ата-тегі, өмір сүрген ортасы, тарихқа ықпалы, дара болмысын құрайтын жеке қасиеттері, елінің жанашыры, туған жерінің қорға- ушысы ретіндегі тұлғалық сапасын бейнелейтін тілдік бірліктер лексемалық деңгейде де, синтаксистік деңгейде де, мәнмәтіндік деңгейде де кездеседі. Тұлға мазмұның айқындай- тын лексемалық деңгейдегі тілдік бірліктерді негізінен антропонимдер құрайды. «Кісі атары қоғамның даму кезеңі, оның мәдениеті мен этнологиясы, саяси-экономикалық күй- жайы, қоғамдық құрылысы жөнінде қыруар мағлұматқа ие» [2, 43 б.]. Көне түркілердің елге, атамекенге деген құрметі титулдық антропонимдердің құрылымы мен мағынасынан да айқын көрінеді. «Қағанатты қайтадан қалпына келтірген, елдің басын біріктіріп, ха- лықтың әл-ауқатын көтерген, елді әділ басқарған билеушілердің атына еl/ел лексемасын қосып айту дәстүрі қалыптасқан. Осы атаққа ие болғандар: Ел-етміш Бумын қаған, Ел-теріс Құтлұқ қаған, Ел-етміш Білге Турайын қағандар. Көне түркі дәуірінде өмір сүрген тарихта қайталанбас орны бар әскери тұлғалар:

Бөгу қаған – Қапаған қағанның үлкен ұлы, қырық мыңдай әскерді басқарған ірі қолбас- шы. Көне түркілер «Тәңірлік діннің» атауын «Бөке/Бөгү» деп атаған, сондықтан Тәңірлік діннің бас өкілі ретінде Böke/Бөгү қағанға «Бөке/Бөгү» деп ардақтап лайықты ат қойған.

Бөгу қаған тайпаларды басқарушы және елдің қамын ойлайтын саясаткер қызметін ойдағы- дай атқарып отырған. Мысалы, Тұй-ұқұқ жырында Бөгу қағанның елді жаулардан қорғаудың алдын алу әдістерінен хабардар екенін көреміз: Oluruŋ tijin temis. Jelme qaraγu edgüti urγyl, basytma!-temis. Bögü qaγan baŋaru anča ajdymys. Apa tarqanγaru ičre sab ydmys. Bilige Tuj- uquq ajyγ ol, öz ol aŋlar. «Отыра беріңдер», депті. Ауыспалы қарауылды жақсы қой. Қапыда басып қалмасын! – депті. Бөгү қаған маған былай айтты: «апа-тарханға құпия сөз жолдапты [сонда]: Білге Тұй-ұқұқ айлакер, ол өзі-ақ аңғарар» (Тұй. I. 34) [3, 317-318 б.].

Бумын қаған – алғашқы Түрік қағанатының негізін қалаушы, 542 жылдан бастап 558 жылға дейін түркі елінің қағаны болған. Бумын қаған басқарған кезеңде түркі тайпаларының саяси-әлеуметтік тұрмысы тұрақты жағдайда болған. Бумын тарихқа Түрік қағанатын орна- тушы және Елхан немесе Ел-етміс лауазымдарымен иеленген қаған. Бумынның бала кезіндегі есімі ұмытылып, түркі халықтарының қамын ойлап, жасаған ерліктеріне қарай Елхан есімімен танымал болған. Бумын қағанның әкесі түркі тілдес тайпалардың көсемі болған, әкесі қайтыс болғаннан кейін мұрагерлік жолмен таққа отырады. Бумынды қытай жазбаларында Тумын қаған деп атаған. Бумын қағанның таққа отырып, еліне қамқор болғанын Күлтегін жырын- да айтылады. Мысалы, üze kök teŋri, asra jaγyz jer qylyntuqda ekin ara kisi oγly qylynmys.

Kisi oγlynda üze ečüm apam bumyn qaγan, istemi qaγan olurmys. Olurypan türük bodunyn elin, törüsin tuta birmis, iti birmis. «Жоғарыда көк Тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасында адам баласы жаралған. Адам баласы үстінде ата-бабам Бұмын-қаған, Істемі қаған [таққа] отырған. [Таққа] отырып түрік халқына, еліне, төріне (билік) тұтқа болған, қалыптастырған» (КТ. I. 1) [3, 186 б.]. Осы сөйлемдерден Бумын қағанның түркі халқын ел ретінде қалыптастырып, оларға қорған болған тұлғалық сапасы айқын аңғарылады.

Елтеріс қаған (Құтлығ) – Бумын қаған қайтыс болғаннан кейін таққа отырады. Құт- лық қаған сол кезеңдерде әлсіреген түркі қағанатының тайпаларын біріктіріп, көк Түрік қағанатын орнатып, қуатты мемлекет дәрежесіне дейін көтерген. Оның ерлігі үшін түрік

(10)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series

86

№2 (127)/2019

халқы Құтлыққа Елтеріс қаған (елді теруші, жинақтаушы мағынасында) деген құрмет- ті атақ береді. Көне түркі тайпаларының басын біріктірген күшпен Ұлы Қытай қорғанын талқандаған қаған. Осы тарихи деректер Тұй-ұқұқ жырында айғақты дереккөз ретінде та- сқа қашалып жазылған. Мысалы, birle ilteris qaγan bolajiyn. Berije tabγačyγ, öŋre qytajyγ jyraja oγuzyγ uküs ök ölürti. Bilig esi čab esi ben kürtüm. Čuγaj quzyn, Qara qumuγ olurur ertimiz. «бірге мен Елтеріс қаған болайын» -деді. Түстікте – табғачты, шығыста – қы- тайды (Кидан), терістікте – оғызды көп қырды. Білік есі, сөз есіне мен бағындым. Шұғай құзында, Қарақұмда отырушы едік» (Тұй. I. 7) [3, 315 б.]. Bu türük bodunqa jaraqlyγ jaγyγ keltürmedim. Tögünlig atyγ jügürtmedim. Ilteris qaγan qazγanmasar. Udu ben özüm qazγanmasar il jeme, bodun jeme joq erteči erti. «Бұл түрік халқына жарақты жау келтірмедім. Қаптаған аттыларды келтірмедім. Елтеріс қаған иелік етпесе, оған еріп мен өзім иелік етпесем, ел де, халық та жойылар еді» (Тұй. I. 54, 55) [3, 319 б.]. Осы жыр жолдарынан Елтеріс қаған қаған болып отырмағанда халықтың жойылатындығы айтылады. Ірі әскери тұлға Құтлығ қаған 693 жылы қайтыс болады.

Қапаған қаған – Құтлығ қағанның інісі. Бег-Чор Қапаған (Мочур шад) деген ат- пен таққа отырып 692-716 жылдары түркі қағанатының шекарасын ұлғайтады. Көне түр- кі тарихында әскери өнерді жетік меңгерген және түркі мемлекетін саяси-экономикалық жағынан нығайтып, көне түркі тайпаларын Өтікенге жинаған әскери тұлға. Қытай импери- ясын бағындырған Қапаған қағанның 716 жылы қайтыс болғаны туралы Күүлі-чор ескерт- кішінде айтылады: [Qap]aγan qaγan elinte aqyryp edgü beŋi körti. Uluγ Küüli-čor sekiz on jasap joq bol[mys]. Қапаған қаған елінде мені құрметтеп ұлықтады. Ұлы Күүлі-чор сексен жасап жоқ болды». (КЧ. I. 3) [3, 342 б.].

Білге қаған – Құтлығ қағанның үлкен баласы, Күлтегіннің туған ағасы, 683 жылы дүниеге келген. 716-734 жылдары түркі тайпаларын басқарып, Біріккен Түрік қағанатын орнатқан, Ел-етміш Білге Тұрайын қаған атағы бар. 734 жылы қайтыс болады. Төменде- гі мәнмәтіннен Білге қағанның іс-әрекеттерімен қатар көңіл-күйі, табғаштар салған іріт- кінің жетегінде кетіп, жойылып бара жатқан халқын ойлап қатты налығаны байқалады.

деректерден Білге қаған өз елінің қамын ойлайтын билеуші ретінде көрінеді: Teŋri teg teŋride bolmyš türük bilige qaγan bödke olurtym. Sabymyn tüketi esid. Ulaju ini jegünim, oγlanym ebreki oγušym, b[odunym ilgerü kün]Toγysqyma birigerü kün ortusyŋaru quuryγaru kün batysqyyyŋa jyrγaru tun ortusyŋaru anda ičreki bodun quup maŋa kürür. [Bunča bodun quup] itdim ol amty jaγ joq. Türük qaγan ötüken jyš olursar ilte buŋ joq. Ilgerü šanduŋ [jazyqa tegi süledim. Talujqa kičig tegmedim b[irigerü t[oquz Ersenke tegi süledim. Tübütke kičig tegmedim. Quuryγaru jinčü ügüz keče temir qapyγqa tegi süledim. Jyrγaru jir bajyrquu jeriŋe tegi süledim. Bunča jirke tegi jorytdym. Ötüken jyšda jig idi joq ermis. Il tutsuq jir ö[tüken jyš ermis. «Тәңір текті, Тәңірден жаратылған түрік Білге қаған бөдке (тақ иесіне) отырдым.

Сөзімді түгел естіңдер! Ұласқан іні, тумаларым, ұрпағым, ебтегі-иелігімдегі халқым! Іл- гері-күн шығысындағы, бергі-күн ортасындағы, [және] артқы-күн батысындағы, тысқа- ры-түн ортасындағы, мұндағының [бәрі] Ордалық халық. Мұншама халықты бағындырып басын құрадым. Ол [сөзімде] ағаттық жоқ. Түрік қағаны Өтүкен-жынысында отырса, елде мұң жоқ. Ілгері Шаңдуң жазығына дейін жауладым. Теңізге сәл жетпедім. Түстікке қарай Тоғыз-Ерсенге дейін жауладым. Түбүтке сәл жетпедім. Батыста Інжу өзенін кеше Темір-қақпаға дейін жауладым. Терістікте Жер-Байырқу жеріне дейін жауладым. Мұнша жерге дейін жорық жасадым. Өтүкен жынысында игі ие жоқ еді. Ел тұтатын жер осы Өтүкен жынысы еді.» (БК. IV. 1-3) [3, 261-262 б.].

Құтлұғ қағанның кіші баласы 685 жылы дүниеге келген Күлтегін бейнесі эпостық образ дәрежесіне жеткен басты және өзекті тұлға. Күлтегін бейнесі елі үшін жанын беруге даяр, ел үшін туған, қаһармандық рухта тәрбиеленген батыр тұлғасы. Түп тамыры бір түркі халықтардың бірлігін, ынтымағын көздеген, ой-сананы бір мақсатқа бағыттау идеясы бар

(11)

87

№2 (127)/2019

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series

ерекше тұлға. Тұлғаға тән сапа – түркілік сана, түркі әлемнің құндылықтары – Отан, туған жер, елін қорғау, ата-баба салтын дәріптеу, құндылықтарын қастерлеу, оларды мақтан тұту сезімі, қайсарлық, отансүйгіштік, табандылық, батылдық, сенімділік, ерік-жігер, бауыр- малдық, жауапкершілік, ар-ожданды қадірлеу, намысқойлық, ұйымшылдық, ұстамдылық, осылардың бәрі бір Күлтегіннің бойында жинақталған. Күлтегін – батыр, қайсар мінезді, ар-намысты, қаһармандық рухы биік, өр де тарихи тұлға. Соғыс өнерінің тактикасы мен стратегиясын жетік меңгерген ерен батыр. Көне түркі халықтарының тайпалы этностарын көк байрақтың астына біріктірген, Ұлы Түрік қағанатының сабақтастығын, әскери жорықта- рын, дәстүрлі заңын жалғастырған және ерліктің өнегесін көрсеткен, найзағай намысты тұлға. 47 жыл өмір сүріп 47 рет әскери қолбасшы ретінде қол бастап жаулармен соғысқан.

Ол 731 жылы қайтыс болады. Күлтегіннің ерлік істері мен батырлық тұлғасын сипаттайтын тілдік бірліктер Күлтегін ескерткіші мәтінінің басынан аяғына дейін көрініс тауып отыра- ды. Мысалы, Umaj teg ögüm qatyn quutyŋa inim Kül-tigin er at boldy. Alty Jigirmi jašyŋa ečim qaγan ilin törüsin anča qazγandy. Alty čub soγdaq tapa süledimiz, buzdymyz. Tabγač oŋ-tutug biš t[ümen sü kelti. Süŋüšdimiz] Kül-tigin jadaγyn oplaju tegdi. Oŋ-tutuq jorčyn jaraqlyγ eligin tutdy. Jaraqlyγqy qaγanqa ančulady. Olsüg anta joq qyšdymyz. Bir otuz jašiŋa čača-seŋünke süŋüsdimiz. Eŋ ilki tadyqyn čoryn boz [atyγ binip tegdi. Ol at anda] «Ұмай текті анам қатынның құтына (бағына) інім Күлтегін ер атанды. Он алты жасында Ағам қағанның елін, төрін аңша меңгерді. Алты баулы соғдаққа қарсы жорық жасадық, бұздық. Табғач Оң-тұтұқ бес түмен қолмен келді. Соғыстық. Күлтегін жаяуларды опыра шашты. Оң-тұтұқ басшыларын қарулы қолымен қоса бағындырды, қаруларды қағанға сыйға тартты. Ол қолды онда біз жоқ қылдық. [Күлтегін] жиырма бір жасында Ча- ча-сеңүнмен соғысты. Ең ілкі рет Тадықын-чордың боз атын мініп айқасты. Ол ат онда» (КТ. I.

31, 32) [3, 188 б.]. Осы мәтін жолдарынан Күлтегіннің жасаған соғыс жорықтарын, ерліктерімен бірге оның жас мөлшері айтылған. Күлтегіннің жасына қатысты Р. Липец былай дейді: «Традиция погодного перечисления подвигов очень глубока. Она известна еще в древнетюрских письменных источниках: на стеле в честь Кюль-тегина именно так изложены подвиги этого принца-воена- чальника» [4, 47 б.].

Тоникуқ Елтеріс Құтлұқ, Қапаған, Білге қағандардың кеңесшісі болған. Қытайда тәр- биеленіп білім алған. Тоникуқ талай жорықтарды бастап, талай шайқастарда жеңіске жет- кен ақылды әскери қолбасшы. Тоникуқтың данышпандық қасиетін жаулары да мойындаған.

Әскери өнерді жетік меңгерген, түркі тайпаларына қызмет еткен кемеңгер, ойшыл саясаткер.

Бойла Баға-тархан Тоникуқ атағы болған. Соңғы жылдары зерттеушілер Тоникуқ антропо- нимін Тұйұқуқ деп оқуды ұсынуда Tuj/тұй тұйғын сөзінің бірінші буыны. Тұйғын шайқаста ең алдыңғы шепте жүретін жауынгерді атаған. Uquq/ұқұқ абыз, ақыл деген мағынаны біл- діреді. Яғни, Тұй-ұқұқ деп атаған, сондай-ақ, ол жойқын соғыстарда әскерді басқарып, жеңіске жеткені үшін де осы есімге лайықты болған соң берілуі мүмкін. Осы Тоникуқ есімі туралы зерттеуші ғалымдар әртүрлі пікірлер айтуда. Мысалы, С. Кляшторный Тоникуқ есімі туралы былай тұжырымдайды: «Более вероятный мне представляется возможность интерпрета- ции здесь глагола *joq-/*juq- в значении ʽхранитьʼ, ʽценитьʼ, известном по древнеуйгурском юридическим документам;» [5, 205 б.]. Білге қаған мәтінінде Тоникуқтың қолбасшы болға- ны жайлы дерек бар: Teŋri teg teŋri jaratmyš türük bilige [qaγan] sabym. Qaŋym türük bilige qaγan olurtuqynda türük amty begler, kisre tarduš begler Kül čor bašlaju ulaju šad apyt begler, öŋre töles begler, apa tarq[an] bašlaju ulaju šad apyt begler bu [...] taman tarqan tuj uquq bojla baγa tarqan ulaju bujruq [...] ič bujruq Sebig Kül erkin bašlaju, ulaju bujruq bunča amty begler qaŋym qaγanqa erteŋü Аудармасы: «Тәңір текті Тәңірі жаратқан түрік Білге қаған [менің]

сөзім. Әкем Түрік Білге қаған [тақта] отырғанда түріктің қазіргі бектері, арттағы тар- душ бектер, Күүлі-чор бастап ұласқан шад, апалар, бектер; өңіре төлес бектер, апа тархан бастаған, ылғи шад, апалар, бектер; ...Таман-Тархан, Тұй-ұқұқ бойла баға-тархан, ылғи бұй- рықтар (қолбасшылар), ...Орда бұйрығы (қолбасшысы) Себіг Күл-еркін бастаған ылғи қол- басшылар – осыншама бүгінгі бектер Әкем-қағанға ер теңі (үзеңгілес; арқа сүйер, сүйеніш) болды» (БК. II. 13, 14) [3, 261 б.].

(12)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series

88

№2 (127)/2019

Күлтегін мен Білге қаған жазба ескерткіштерінің авторы - Иоллығ тегін. Мына жыр жолдарынан Иоллығ тегіннің жырды жиырма күнде жазып шыққаны туралы айтылады. Мы- салы, Bunča bitig bitigme Kül-tigin atysy jol(lu)γ tigin bitidim. Jigirme kün olurup bu tašqa, bu tamqa uqup jol(lu)γ tigin bitidim. Yγar oγlanyŋzda tujγunyŋyzda jigdi igidür ertigiz. Üča bardyγyz.

Teŋride tirig idi kiše [birigiz] «Мұншама тастағы жазуды Күлтегіннің аталығы (ұстазы) Иоллығ-тегін [мен] жаздым. Жиырма күн отырып бұл тасқа, бұл тамға арнап Иоллығ-те- гін [мен] жаздым. Қайғырған ұрпағыңызды да, тұйғұндарыңызды да табындырып, сиынды- рдыңыз. Ұша бардыңыз. Тәңірде тірлік, иелік кеше беріңіз» (КТ. IV. 3) [3, 191 б.].

Батыр тарихи оқиғаларға араласып қана қоймайды, оқиғаларды ұйымдастыра да біледі, өздері бастап, өздері ерлік көрсетеді, ел мүддесін өз мүддесінен жоғары қояды. Бұл әскери тұлға мазмұнының негізгі сапасы. Қазақ халқының ұлттық болмысын айқындайтын батырлар институтының ерекшелігі де осында. Батырлар әр халықта, тарихи кезеңдерде ер- лік пен елдіктің басында тұрып, ұлттың ұлт ретінде қалыптасып, мемлекетті сақтап қалуға үлес қосқан тұлғалар. «Батырлықты тек жеке адамның қасиеті деп қарастырмай қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына ықпал еткен саяси-әлеуметтік үрдіс деп қарастыруы- мыз қажет...» [6, 59 б.]. Жалпытүркілік батырлар мәртебесінің тарихы көне түркілердің жазба ескерткіштерінен бастау алады. Батырлар институтының басты қызметі – елді, мем- лекетті, туған өлкені сыртқы жаулардан қорғау. Батырлардың өзіне тән әлеуметтік нормала- ры, өзін-өзі ұстау ережелері, өзінің идеологиялары, өзінің ерекше өмір-салты, өзінің әскери этикасы, өздеріне ғана тән әдеттері, дәстүрлері, көшпелі қоғам топтары арасында өзара қарым-қатынастары болған. «Ел билігін қолына ұстаған қоғамдық жік болғандықтан, хан- дық билікпен тығыз байланысты болғандықтан батырлар қашанда мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатын анықтауға араласып, ханға кеңесші болып, түрлі мемлекетаралық қа- тынастарға қатнасып түрлі елшіліктерге жүретін» [7, 18 б.]. Батырлардың әскери кәсібі мұра ретінде ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын болған, батыр отбасында туған ер бала міндетті түрде батыр болып ержетеді. Қазақтар осындай дәстүрлі жалғастықты «шынжыр- лы тұқым» деп атаған. Батыр атағы алғаш көрсеткен ерекше жауынгерлік ерлігінен кейін ғана берілген. Батырлардың балалары он үш, он бес жастан бастап жауынгерлік жорыққа атанған. Әр батырдың өзіне арналған жасалып, сақталатын қаруы болады, жауынгерлік қа- ру-жарақтар мен сауыт-саймандар да атадан балаға мирас болып қалып отырған. Батыр қарумен ант қабылдап, неше түрлі рәсімдер жасаған.

Көне түркі жазба ескерткіштерінде әскери қолбасшы, жауынгер қаған тұқымынан өрбіп, ата-бабасынан, ағаларынан мирас ретінде қабылдап одан әрі елді билеп отырған.

Жауынгер – ел қорғаны, еліне тірек бола алатын, әлсізге қорған, жетім-жесірге қамқор бо- латын адам. Жауынгер – ел қорғау, халық мүддесі жолында ата-баба өсиетін бұлжытпай орындайтын тұлға. Жауынгердің мақсаты мен тағдыры халық тағдырымен ұштасып жатыр.

Көне түркілер туралы Л. Гумилевтің: «Түркілердің көк сауытты көкжалдары қытай- дың жаяу сүңгішілерімен де, Иранның атты атқыштарымен де иық тіресе соғыса- тын күшті жау болған. Мойнынан қара санына дейін малындыра темір сауыт киген»

[8, 67 б.]. – деген дерегі көне түркілердің айбынды жауынгерлер болғанын дәлелдейді.

Қорытынды. Жазба мәдениетіміз бен әскери тарихымыздың бастауы – көне түр- кі жазба ескерткіштерінде сипатталған әскери тұлғалардың сапалық мазмұнын құрайтын ел мен жер үшін, тәуелсіздік пен еркіндік үшін жүргізген күресі, ерлік істері, жеңіс жо- лындағы әскери тактикасы ҮІІ-ІХ ғасыр түркілерінің «батырлық/жауынгерлік дәстүрінің»

толық қалыптасқанын, «әскери институттың» негізін қалағанын көрсетеді. Әскери қолбас- шы тұлғалардың жауынгерлікпен қатар адамгершілік қасиеттерімен астасып тұлға мазмұ- нын толықтыра түседі. Түрк Елінің Мәңгі Ел болуын мақсат тұтқан көнетүркілік әскери тұлғалардың өнегелі істері бүгінгі түркі дүниесінің бірлігін қамтамасыз етумен қатар патриоттық рух береді.

(13)

89

№2 (127)/2019

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series

Шартты белгілеулер мен қысқартулар:

БК. Білге қаған мәтіні КТ. Күлтегін мәтіні Тұй. Тұй-ұқұқ мәтіні КЧ. Күүлі-чор

Әдебиеттер тізімі

1 Назарбаев Н.Ә. Ұлы даланың жеті қыры / Н.Ә. Назарбаев // «Егемен Қазақстан» газеті.

- 2018 ж., 21 қараша. - № 223.

2 Жанұзақ Т., Рысберген Қ. Қазақ ономастикасы: жетістіктері мен болашағы. / Т. Жанұзақ, Қ. Рысберген - Алматы: Азия, 2004. - 128 б.

3 Жолдасбеков М., Сартқожаұлы Қ. Орхон ескерткіштерінің толық Атласы. / М. Жолдасбе- ков, Қ. Сартқожа - Астана: Күлтегін, 2005. – 360 б.

4 Липец Р.С. Образы батыра и его коня в тюрко-монгольском эпосе. / Р.С. Липец - Москва:

Прогресс, 1984. – 263 с.

5 Тюркологический сборник к шестидесятилетию А.Н. Кононова. / редактор С. Г. Кляштор- ный - Москва: Наука, 1966. – 205 с.

6 Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. / Н.Ә. Назарбаев - Алматы: Атамұра. 1999. - 296 б.

7 Ахметжанов Қ.С. Жараған темір кигендер (батырлардың қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері). / Қ.С. Ахметжанов - Алматы: «Дәуір», 1996. - 256 б.

8 Гумилев Л.Н. Көне түркілер. / Л.Н. Гумилев - Алматы: Білім, 1994. - 502 б.

Saule Orazbai

The First President of the Republic of Kazakhstan - the Leader of the Nation National Defense University, Nur-Sultan, Kazakhstan

An image of historical figures in the texts of Orkhon-Yenisei monuments

Abstract. The article is devoted to the analysis of Kagans and commanders in the text of the Orkhon-Yenisei written monuments as military personalities. Language units characterizing the qualitative features of historical personalities are considered at the lexical, syntactic, contextual level. The semantics foundations of the anthroponyms characteristic of Kagans and generals are analyzed, military faces of the Turkic sense that existed in the VII-ІХ centuries are identified.

It has been established that the status of the heroes started from the inscriptions of these ancient Turkic peoples. The heroic relationships between the social norms, the rules of self-rule, their ideologies, their own lifestyle, their military etiquette, their own habits, traditions, relationships with the nomadic community. In the dynasty, they were separated from their ancestors and ruled the country, rescued by the enemy from the enemy, and executed by the will of the ancestors. The purpose and the destiny of the warrior is the fate of the people.

Key words: personality, anthropology, language, military words, kagan, military leader, war.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Кейін қабылданған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі

3084 УДК 004.05:006 ТҦРАҚТАЛҒАН ЖЫЛУ ӚТКІЗГІШТІК ЖӘНЕ ТЕРМО-ШЕКТІ ҦЗЫНДЫҚТАҒЫ СТЕРЖЕНЬГЕ ӘР ТҤРЛІ ЖЫЛУ КӚЗДЕРІ ӘСЕР ЕТКЕНДЕ ПАЙДА БОЛЫТЫН ТЕРМО-МЕХАНИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ ЗЕРТТЕУ