• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

View of Ancient Turkish reading of the Brahmi text Kuis-Tolgoi (HT1)

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Share "View of Ancient Turkish reading of the Brahmi text Kuis-Tolgoi (HT1)"

Copied!
28
0
0

Толық мәтін

(1)

Мақаланың өзектілігі

Күйс-Толғай (НТ1) мәтіні ертеорта ғасырдағы отан тарихын жаңғыртуға қосылып отырған сирек (уникальный) түпнұсқалардың бірігейі. Байырғы Түрік бітік (руна), соғды, манихей алфавиттермен түркі тілінде жазылған түпнұсқалардан бұрынғы құжат.

Дәлірек айтсақ әлемдегі түркі тілді алғашқы дерек. Пратотүрік тілінің бізге жеткен алғашқы нұсқасы. Бұл жағынан алып қарасақ

пратотүрік тіл лингвистикасының теориялық мәселесін қайта қарауға жаңа деректер итермелеп отыр. М: «ǰ» (ж) фонем мәселесі.

Түрік тарихының алтын арқауы ру, тайпадан басталады. Осы алтын арқаудың үлкен желісін ұстаған Керей, Қият, Үйсін, Қаңлы, Бұғра тайпалары қазақ тарихымен қатар орта ғасырдағы бүкіл түркі тарихын жаңғыртатын негізгі кілт.

Кейінгі Қазақ мемлекетін (хандығын) құрушы Керей тайпалық одағы, Қоңырат, Қ. Сартқожаұлы

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (e-mail: [email protected])

Күйс-Толғой (НТ1) брахми мәтінінің байырғы түрікше оқылымы

Аңдатпа. Орталық Азияның көшпелі халықтардың тіліне, тарихына байланысты тарихи құжаттар бұған дейін ж.с. VIII-XI ғғ- да жазылып, бүгінге жеткенеді. Олар: бай- ырғы түрік бітіг жазулары (руника), соғд, манихей алфавитімен жазылған мәтіндер еді.

1974 жылы Орталық Монғолия жерінен алғаш рет ежелгі санскриттің брахми алфа- витімен жазылған ұстын табылды. Ол ұстынның мәтіні 2017 жылға дейін құпиясы ашылмай 43 жылды артқа тастады. 2017 жылы санскриттанушы неміс ғалымы Дитер Мауе осы құпияның кілтін тауып тек қана транслитерациясын жариялады. О. Ма- уеннің транслитерациясын А.Вовин, Л. Хурцбатарлар пайдаланып көне моңғол тілді құжат деп көріп талпыныс жасады. Өкініштісі бұл талпыныс сәтті болмады.

Осы мақаланың авторы брахми алфавитімен байырғы түрік тілінде жазылған мәтінді оқып, жаңғыртып, тарихи және лингвистикалық анализ жасап ұсынып отыр.

Мәтін бұдан 1400 жыл бұрын жазылған. Алғашқы Көк Түрік қағанатына байланысты тарихи оқиғалардан ақпарат береді. Алғашқы Көк Түрік қағанаты батыс, шығыс болып бөлінген кезеңдегі Елбасшыларының тағдырына, өлеміне байланысты сенімді ақпарат қалдырған.

Моңғол үстіртіндегі бәсекелес екі үлкен топ қыпшақтар мен оғуз группасының басты тайпаларының іс-қимылдарын сөз еткен. Онымен қатар тұтынған діні, палеоэтногра- фиясынан хабардар етеді.

Түйін сөздер: Күйс-Толғой; брахми шрифті; байырғы түрік тілі; Моңғол тілі; Нири (Нири) қаған; Төлес қанаты; шивэй; Керей; байырқу; буғра; транлитерация; транскрип- ция, і (і), ï (ы), у (й), h (q), ñ=ŋ (ң), j (ж).

DOI: https://doi.org/10.32523/2616-7255-2021-136-3-105-132 Түсті: 20.07.2021 / Жарияланымға рұқсат етілді: 05.08.2021

(2)

106 № 3(136)/2021 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы ISSN: 2616-7255, eISSN: 2663-2489 арғын тайпаларының арғы бабаларға болушы

байырқу, Қараханид хандығын құрушы Бұғра (қараңыз. Бұғра Сұлтан Садуқ) тайпалары іс- әрекеттерінен тамшыдайын болса да ақпарат береді.

Нақтылап айтсақ қазақ халқының тарихын екі мың жылға созып қарастыратын мүмкіндікке қол жеткізеді.

1 сурет. Күйс-Толғой ұстыны Зерттеу әдістері

Бұл ұстынды алғаш мәрте Моңғолия ғалымдарының Тарих институтының ғылыми қызметкерлері М. Шинэху 1974 жылғы жазғы экспедиция кезінде тауып жариялаған [1, 100 б.]. Келесі жылы археолог Д. Наван Орталық Моңғолия Хаңғай үстіртінің (Бұлғын аймағы Моғды сұмыны) Күйе-Толғай деген жердегі ұстынға тап болып Улан- батар қаласындағы Тарих институтының қоймасына алып келіп сақтаған [2].

Ұстынның орналасқан координаты N49о, Е103о. Бірінші ұстын (НТ1) биіктігі 154 см, көлденеңі, 0,41 см, қалыңдығы 0,12-0,15 см.

Екінші ұстын (НТ2) биіктігі – 162 см, көлденеңі – 0,40-0,45 см, қалыңдығы – 0,20-0,21 см.

Мәтін жоғарыдан төмен қарай бағытталып жазылған.

2 сурет. Күйс-Толғой ұстыны

1984 жылы осы жолдардың авторы ұстын тұрғызылған орынға барып сипаттамасын, Улан-батардағы ұстыннан көшірмесін жасады [3]. Куйс-толғай ескерткішін 2003 (қазақ тілінде), 2007 жылғы (орыс тілінде), басылымдарына енгізіп жарияланды.

Аталмыш Далалық экспедиция есебінде де, монографиямызда да, Аталаста да, Күйс- толғой мәтіні ежелгі бархми алфавитімен жазылғанын қадап айтқан едік.

Н.Базылхан Күйс-толғой ұстынының сипаттамасы, фотосын беріп, жазу брахми алфавитімен жазылғанын айтып 2003 жылы ұстын мәтінінен эстампаж алып, фотоға түсіріп көшірмесін жасап, 2011 жылы Индияның Жаңа Дели қаласында болған халықаралық конференцияда баяндама жасады [6, 71-77].

(3)

3 cурет. Күйс-Толғой көшірмесі

Германияның атақты санскриттанушы ғалымы Дитер Мауе 2014 жылы Улан-батар қаласына барып, қоймада сақталған Күйс- толғой ұстынын фотаға түсіріп, жазуын қолмен көшіріп қайтқан. Нәтижесінде «The Khuis Tolgoi inscription – sings and sound» атты еңбегін жазды.

Ғалым Дитер Мауе 2017 жылы Венгрияның Szekertehervar қаласында Алтайтанушылардың 60 жиынында (PIAC) Күйс-толғой НТ1 ұстынындағы брахми алфавитінің кілтін тауып әріп кескіндерінің мәнін белгілеп әлем филологтарын таңқылдырған сенсациясын жариялады [7].

1. Дитер Мауе еңбегі 4 бөлімнен тұрады.

Онда: 1. Брахми жазуларының нұсқалары (вариант) туралы түсінік (вариант) (Оңтүстік, Шығыс Түркістан, Сағд, Тохар, Ұйғур).

2. НТ1-дегі Күйс-толғой мәтініндегі мәні белгісіз біраз алфавиттерді Буғыты (Моңғолия), Кергенас (Қазақстан Тарбағатай атауы), Тумшукес (Тәжікістан) жерінен табылған брахми әріп кескіндерімен салыстыра қарастыра отырып Күйс-толғой ұстын жазуының кілтін тапқан.

Зерттеу нысанына осындай анализ жасаумен қатар мәтіннің транслитерациясын, транскрипциясын жасаған. Күйс-толғой мәтінінде брахми алфавитінің Тохар нұсқасы басым болғанымен біраз әріп кескіндері онда кездеспейді екен. Осы алфавиттердің мәнін Тарбағатай тауынан табылған Кергентас Моңғолиядағы Буғуты, Қазақстанның Тараз қаласынан табылған алфавитімен салыстыра анализ жасай отырып белгісіз кескіндердің мәнін анықтаған. Онда: дауыссыз 4 дыбысты белгілеген шрифті мен дауысты 2 дыбысты белгілеген әріп кескіндері НТ1-де Буғуты, Кергентас алфавитінің сыртында Бактриян әріпін қолданған. Бұл нені білдіреді? Біздің сөз етіп отырған НТ1 (Күйс- Толғой) Ұстыны Буғуты (Монғолия), Кергентас (Қазақстан) мәтіндерін сабақтастығын көрсетеді. Әрі аталмыш екі ұстынан кейін жазылған жазу болғанын Д.Мауе нақты дәлелдермен (К, gla буындар мәні) көрсетіп, тұжырымдаған.

Тохар брахми жазуы солдан оңға қарай горизантал бағытта жазылады. Ал мына НТ1- жазуы жоғарыдан төмен қарай жазылған.

3. Брахми алфавиті сол тілдің буын ерекшелігіне арналап жасағандықтан, жат тілдің ерекшелігін дөп басып бере алмайтыны түсінікті. Д. Мауе брахми тілінің әсерінен шыға алмағандықтан, бөтен тілдің дыбыстарын жаңғыртып бере алмаған.

Брахми алфавитін қолданушы, жат тілдің дыбыс жүйесінің ерекшелігін меңгерген болу керек. Мауе маңында жүрген адамдардың әсерімен Күйс-толғой тілін протомонгол тілі деген тұжырым жасаған. Ондағы сүйенген дәлелі мәтін тіліндегі сингорменизм заңдылығы еді. Алтай текті тілдердің

(4)

108 № 3(136)/2021 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы ISSN: 2616-7255, eISSN: 2663-2489 барлығында сингормонизм заңдылығы негізгі

рөл атқарады. Соның ішінде Түркі, Моңғол тілдерінде осы заңдылық басым сақталған.

4. Д. Мауе брахми алфавитімен жазылған мәтіннің әрбір буынын таблицаға енгізе отырып транслитерациясын жасаған. Сол арқылы жаңғыртып транскрипциясын берген.

Осыншама ауыр да, азапты жұмысты Жанкештілікпен жасап шыққан ғалым Дитер Мауе мырзаға мың қайтара алғыс айтып бас иеміз.Д. Мауе мырзаның бұл еңбегі ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отыратын болады.

Санскриттанушы ғалым Д. Мауеннің жасаған транскрипцисымен танысалық:

Дитер Мауэннің транскрипциясы:

Франциялық лингвист-түрколог А.Вовин, Д. Мауеннің рұқсатымен оның транслитерациясының бірде бір нүктесін өзгеріпестен пайдалана отырып мәтіннің басқаша жаңғыртпасын жасауға әрекеттенген.

Оның өзінде төртақ сөздің басқаша транскрипция жасады. Олар 2 жолдағы- xiri (Kera); 3-жолдағы-hügbü (hügbüt); 4-жолдағы- ñälän (nelan); 6-жолдағы -xiri härgin (Kera erkin) сөздер болмақ . Александр Вовиннің жасаған жаңғыртпасымен танысалық [8]:

1. biti[g]-ńar qaɣan digin šińe-n bodi-satva törö-k

2. qaɣan buda qaɣan-u uqa-qu uqa-ǰu kera Ańaq 3. [.?.]-ı te-n ǰa-qu bod-ı beg-ey-ńar bayyı-Ø dolu ǰa-ǰu (h)ügbü +?

4. b[i]tī[g] jīlo-nar q[a]ra-n[V]ya-ɣuń tuwa pṳro

̤-r čiči-rä pügtîg ńele-n

5. [+] q[a]ɣa[n-u? + ] qato-ńar düge-d nīrı̣ ̣ qaɣan türük qaɣan

6. uč d[ö]rö taya-ju kera erkin bar-ɣo[l] pa̤lxīṛ [+]

xa̤cı ̣ h îgbî-j

7. tüg-jü uqa-ba-r-ńar qaɣan qan-ı ǰula-ba tün-ü tüg-n[V]yä tuwa

8. [ir]ge[n] tu ̤[] to[ɣo]-ɣun pügtig-či šińi-n bodi- satva törö-k qaɣan

9. [+]l[][+] []ı-̣yU uč bitig-iń [ + + ] g[×-+] tṳwa ̤ par qaɣan törö-k qaɣan-un

10. pada- Niri qaɣan türüg [qa]ɣa[n] [k/g]īǰi-n ubī-ǰ ǰalo-ba-ǰ darqa-d ǰay bi

11. [e’]ün bitig [+]säg pag [ +? +? ] ǰ[] [ +? +? ] darqa-n b[i]ti-be qa

А. Вовин бұл жаңғыртпасына лингвистик алық тұрғыда түсініктеме бермек болған.

Мақаласында: «Қазіргі жағдайда толық оқып түсініктеме беру мүмкін емес. Ары қарай терең анализ жасаса қандай бір моңғол тілді мәтін болатынына күдіктенуге болмайды»

деген. Арықарай: «Нақты себептермен жазылған бұл тілдік мәтінді протомоңғолдың бір нұсқасы деп атауға болады. Онын нақты ерекшелігі Щивэй-киден тілімен ұқсастығы.

НТ1 тілі моңғол тектес ортағасырлық және қазіргі тілі моңғол тілдерімен тым жақындығы» дейді [8].

Бұл фраздан нені түсінуге болады?

– Мәтін толық оқылмаған, түсініктеме беру мүмкін емес;

(5)

– Сөйте тұра, терең анализ жасаса мәтін моңғол тілді болатынын алдын ала болжайды;

– «Нақты себептермен жазылған протомоңғол (жыл санаудан бұрынғы ежелгі моңғол автор) тілінің бір нұсқасы» дейді.

Шивэй тілінде жазылған бір сөйлем, бір сөз біздің заманымызға жеткен жоқ. Сонда ол қандай тілді айтып отырғанын түсіне алмадық.

– Ішкі Моңғолия ғалымдарының Кидан тілін жаңғыртып жариялаған мақалаларымен таныспыз. НТ1 мәтін тілін кидан тіліндегі сөз қорымен салғастырып қарадық. Өкініштісі ұқсастық таппадық.

– Моңғол тектес орта ғасырлық және бүгінгі тірі тілімен Күйс-толғой тілінің ұқсастығын көре алмай тұрмыз.

– Осылай бола тұра А. Вовин:

«Мақаласында «НТ1 мәтін тілі Киданнан гөрі Моңғол тілінінің жүйесіне тым жақын дегенге мен сенімдімін. Бұл географиялық орналасу мәселесі тарапынан алып қарасаңыз, өзін- өзі ақтайды. НТ1 солтүстік Моңғолияда орналасқан Кидандардан алыс» дейді.

А. Вовиннің бұл уәжі НТ1 тілін моңғол тілді деп қорытынды шығаруға дәлел бола алмайды. Кепілдік бере алмайды. Кидан тілінің жазба құжаттары ІХ-ХІІ ғғ. аралығынан белгілі бола бастаған А. Вовиннің жасаған жаңғыртпа транскрипциясынан мен өзбасым бірде бір моңғол сөзін таппадым.

Осы жолдардың авторымен моңғол тілін ұлттық тілімнің деңгейінде меңгерген адаммын. Университтете Моңғолдың құпия шежіресін жаттап өстік. Көне моңғол тілін моңғол ғалымдарының моңғолтанушы ғалымдардың деңгейінде меңгерген моңғол филологиясының (лингвистика) маманымын.

Онымен қатар бүкіл өмірімді Байырғы түрік руникалық жазуын іздеп табу, оқу, тарихпен ұштастыру, этнолингвистикалық анализ жасауға арнаған адаммын.

Александр Вовин мақаласында «Ұлы даланың аглотативтік тілінің жазба нұқсқасы деп дәлелденген алғашқы Алтай текті тілі- түркі тілі емес екеніне толық сенімдімін.

Менің дайындаған баяндама тілбіліміне жаңалық енгізумен қатар, аса үлкен төңкеріс алып келді» [8] депсіз. Оған уақыт атты қатал

сыншы баға береді.

Күйс-толғой жазуын оқуға үшінші болып талпынған адам Германияда бизнеспен әрі ғылыми ізденіспен жүрген ҚХР-ның бұрынғы азаматы Л.Хурцбаатар Д. Мауеге жолығып оған шәкіртікке енген екен. ҚХР-ның Ішкі Моңғолияда туып өскен моңғол Л.Хурцбаатар доктор Д.Мауенің Күйс-толғой мәтіні моңғол тілінде жазылған болуы мүмкін деген пікірі мен «Моңғол даласындағы брахми жазу» деген сөзін малданып, қазіргі моңғол тілімен оқуға күш салған. Л. Хурцбаатар Моңғолияның Археология институтының қоймасындағы мәтінге көшірме жасағаны туралы еңбегінде белгіленген. Бірақ, оның бұл көшірмесі Н.

Базылхан, Д. Мауелердің көшірмелерімен салыстырғанда қаншалықты ойырмашылықта болғаны туралы сөз қозғамаған. Өйтсе, Д.

Мауенің жасаған транскрипцисын толық пайдалана отырып, моңғол тілінде оқып аударуды мақсат еткен (2019). Мәтін орта есеппен не бәрі 84 сөзден Л. Хурцбаатар есебі бойынша 100 сөз тұрады. Соның ішіндегі 6 сөзді Д.Мауеден бөлекше транскрипция жасаған. Олар: 1-жолдағы Buda (boda); 4- жолдағы aguñ (xong); ñälän (nälän);7-жолдағы tuwa (tuwar);9 жолдағы фрагмент ..i..iyu üč (dolaǰaǰu); 10-жолдағы iǰin (göǰin) лексикондар.

Л. Хурцбаатар транскрипциясында қазіргі моңғол тілінің сөздік қорына сүйеніп, мәтінді моңғол тілінде оқымақшы болған. Оның өзі 3-4 сөзден аспайды.

Мәтін лексикасы ішінде дауысты дыбыспен басталған сөздер тым аз. Түркі, моңғол тілдері анлаут тілдер. Үш автордың дауысты дыбыспен басталатын сөздерін таблицамен көрсетейік:

Күйс-толғой брахми мәтінінің кілтін тауып алғаш рет транслитерация, транскрипция жасаған Д.Мауе, мәтін моңғол тілінде жазылған болуы мүмкін деген ой айтқан. Ал, аталмыш транскрипция жаңғырған оқыған А.Вовин, Л. Хурцбаатарлар мәтін моңғол тілінде жазылған деген тұжырым жасады.

Өйтсе моңғол тілі қашан қалай қалыптасқаны туралы мәселені ең алдымен қысқаша алып қарастыруға бұл авторлардың пікір бізді итермелеп отыр.

(6)

110 № 3(136)/2021 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы ISSN: 2616-7255, eISSN: 2663-2489 Бүгінгі күні «моңғол» деп аталған халықтың

бабаларын (протомоңғол) ғалымдар Қытайдың Вэйшу, Сүйшу, Ескі Таншу (ЦТШ), Жаңа Таншу (СТШ) түпнұсқаларында Мэнгү Шивэй, Мэнва (menba) шивэй деп аталған тайпалардан таратады. Бұл пікірді ту баста францияның ғалым П.Пеллио белсене қолдаған еді [10, 146, 326]. Ширатори К. [24, 502-205], П. Пеллионың ұсынысын Ту жи [11, 687; 1,2], Л.Г.Легети [18, 334], И.Амбис [12, 126- 127], Х.Серрюс [13, 475], Л.Л. Викторова [20, 41- 67], В.С. Таскин [21, 135-141], Кычанов [26, 138], П. Рачневский [14,152] сияқты ғалымдар мен бірге моңғолдың тілші, тарихшы ғалымдары қолдап, моңғолдардың арғы тегі Мэнгү- шивэйлерден шыққан деген қорытындыға келген [22,123-139].

Шивэй атанған тайпалар 840 жылға дейін рулық жүйеде басы қосылмай ру басшылардың басшылығымен өмір кешкен.

Таң династиясының көне шежіресінде (ЦТШ).

Олардың руларын «bu» деп атаған. Онда шивэйлер бірнеше ондаған түтін, кейде бірнеше жүздеген түтін бірігіп қоныстанып өмір сүреді. [21, 140, 138] деген. В.С. Таскин

«bu» атауын «кочевье» деп аударған. Бұл

«курень» болуы мүмкін деген пікірді синолог Г. Сүхбаатар ұстанады [25,45].

Иә, ол заманда қауіпсіздік үшін, өзін-өзі басқа тайплардың қорғау мақсатында eb (түрікше), курень (моңғолша) болып көшіп қонып жүрген.

Олар Эргүнэ дариясының бойын (кейін

«Амур» деп аталған) мекендеген. Амурды Жеке

сөздер Авторлар

Uqaǰu (2 жол)

Uč (6,8 жол)

Üč (6-жол)

Ukabar (7-жол)

Ubiǰu (10-жол)

Erkin (3 жол)

Anaqaj (2-жол)

Д. Мауе + + - + + - +

А. Вовин + + + + + + +

Л. Хурцбатар + + - + + - +

Таблицамен көрсетсек:

Не бары жеті-ақ сөз. Ойланатын мәселе.

Л. Хурцбаатар жаңғыртпасы. (Бұл Д. Мауе жаңғыртпасының бір нұсқасы)

(7)

қытай дерегінде «Ваньшуа дариясы» деп атаған. Олар 840 жылға дейін йесіз (без хозяина) өмір сүрген. Сүй династиясының дәуірінде 25 бу шивэй болған. Таңның соңғы кезеңінде йесіз 17 бу болған. Таңның соңғы дәуірінде 9-ға түсіп бұлардың саны азайған.

Олар басшыларын «мохэ фу» деп атапты [23, 276]. Ол байырғы түрікше «баға» деген шеннің атауы.

Таң династиясының соңғы кезеңі кезінде үш үлкен топқа жіктеле бастаған.

1. Нань шивэй: Оған Үсугу, Шаймо, Хэжэ, Сайхэжи, Улоху, Нали Уваньо, Дун Шивэй, Дагоу.

2. Бэй шивэйге: Линси, Шаньбэй, Хуантоу, Да Рүжэ, Сяо Рүжэ, Пово, Нэбэй, Лото.

3. Да шивэйге: да шивэй, си шивэй, мэнгү, лото шивэй [22, 134; 15, 174-175; 14, 246]

деп жіктеп көрсеткен.

Онымен қатар осы Таң династиясының ескі тарихында (ЦТШ): «Да шивэй мен мэнгү шивэй екеуі бір тілде сөйлеседі. Қалған басқалары бұлардың тілін білмейді» [14, 246;

22, 133; 21, 139]. Бұл ақпарат Да шивэй мен Мэнва шивэйден басқалары Тунгус немесе Маньчжу тілді болуы мүмкін деген ойға жетелейді. Ал Да шивэй мен Мэнва (Мэнгу) шивэй түрік тілді тайпалар (куреньдер) болуы мүмкін деген тұжырымға итермелейді. Олар ІХ-ХІ ғғ.

Онон дариясының бастау басы Кентай тауына келіп қоныстанғанын Моңғолия Республикасынан ҒА-ның академигі; тарихшы- медиавист Ш. Нацагдорт [29, 51], тарихшы- медиавист доктор Д.Гонгор [30, 43-65]

ғылыми сараптама жасай отырып анықтаған.

Қытайдың көне нұсқаларын жетік меңгерген Ішкі Моңғолияның атақты филологія әрі тарихшы М. Иринчин: «Түрік, ұйғырлардың күйреуі Моңғол үстіртіне топ-тобымен ІХ ғасырдың соңынан бастап Шивэйлар көшіп келуіне мүмкіндік тудырды [31, 126] деп нақты көрсеткен. Онымен қатар Моңғол тарихының, әдебиетінің, тілінің бізге жеткен алғашқы тарихи түпнұсқасы «Моңғолдың құпия шежіресі» атты еңбекте Бодончор ағасы Буха- Қатақиға: «жаңағы Түнкелі бұлақ бойындағы адамдар иесіз. Басшысы жоқ жақсы мен

жаманда айырмайды. Осыларды жаулап алсақ, қалай қарайсыз» дейді. Олар Аданхан Урианхайлар еді. Кентай тауынан бас алған, Онон дариясының басынғы осы адамдар тобын жаулап алғаннан бастап кейін Моңғол аталған халық топтаса бастаған [28, 36-39]

МҚШ-де бұл адамдар Көбсукөл (Ховсгөл) көлінен өтіп келгені туралы сөз етеді [28, 1, 39- 43] Көбсукөл ол заманда байырғы Түріктердің мекені еді.

Bodun-байырғы түрікше «халық» čor – сол топтың тайпаның басшысының лауазымы.

Сияньбилер Иньшань, Ордосқа қарай жылжығаннан кейін олардың ескі мекеніне мэнгу- шивэйлер келіп қоныстанды деп ЦТШ хабарлайды [22,127]. Сияньбилердің ескі мекені Хянган жотасының солтүстігі, Көлөнбор, Далайнұр болып келеді. Нақтырақ айтсақ байырғы түрік тайпаларымен араласып көршілес қоңсы қонған. Міне, бұрын тунгус, маньжулармен мыңдаған жыл бірге өмір сүрген шивэйлер кейін 840 жылдан соң сияньбилермен көршілес болып түркітілді халықтармен жаңағы Бодунчор басшылық еткен тайпалармен араласқан. Шивэйлер тілі осылайша тунгус, маньжу, түрік тілімен араласып жаңа тілді болған. Сөйтіп жаңа тіл пайда болды. Ол бүгінгі моңғолдар тілі еді.

Ғалымдардың анализі бойынша бүгінгі моңғол тілінің түбір сөзінің 50-60% түркі тілдермен ұқсас болса, жалғаулықтарының 70% бірдей [27]. Өйтсе моңғол тілі ж.с. ІХ-ХІІІ ғғ. аралығында қалыптасқан тіл болмақ. Ж.с.

600 жылдары Шивэйлер (протомоңғолдар) рулық деңгейде, бастарын құрай алмай, бір тудың астына жинала алмай жүрді. Империя құрып, бүкіл Орталық Азияға билігін жүргізіп тұрған алпауыт түріктердің мемлекеттік тілі тайганың жабайы шивэйлер тілінде болды, рухани құндылықтарын сол тілде (протомоңғол) жасады дегенге ХХІ ғасырда ешкім сене қоймас-ау!

Қ. Сартқожаұлының нұсқасы

Негізгі нысан (объект) болып отырған Күйс-толғой мәтінінің тілін байырғы түрік тілінің сөз қорынан қарастыруға тура келді.

(8)

112 № 3(136)/2021 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы ISSN: 2616-7255, eISSN: 2663-2489 Біз Д. Мауеннің жасаған транскрипциясын

пайдалана отырып, 600-жылдары брахми алфавитімен түрік тілінде жазылған ескерткіштің мәтінін байырғы түрікше жаңғырта оқуға талпындық. Бұл ниетіміз бірден-бір дұрыс бағыт дегенге сенімдіміз.

Д. Мауеннің транслитерациясын көзсіз көшіре салмадық. Оның қағаз бетіне түсірген әрбір брахми әріп кескіндерін Н.Базылхан, Л.Хурцбаатар, М. Шинэхуу сияқты автор көшірмелерімен салыстыра қарастырдық.

Солардың ішінде Д. Мауе, Н.Базылхан, Л.Хурцбаатарлардың жасаған көшірмелері

сәтті болғанын баса айта кешуді жөн көрдік [25,81-82]. Бұл ғалымдарға рахмет айтамыз.

Сондықтан да тастағы әріп кескіндерін бір шама дұрыс көшілгеніне сенімдіміз.

Күйс-толғой мәтінінің әр бір буындарға бөле қарастырған түпнұсқасын, оның транслитерацисын, және байырғы түрікше жаңғыртпасын беріп отырмыз. (Таблица №1)

Қысқартылған есімдер:

-DM- Dieter Maue - AB- Александр Вовин - Л. Хурц. -Л. Хурцбатар -ҚС- Қаржаубай Сартқожа

(9)
(10)

114 № 3(136)/2021 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы ISSN: 2616-7255, eISSN: 2663-2489

(11)
(12)

116 № 3(136)/2021 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы ISSN: 2616-7255, eISSN: 2663-2489

(13)

Алтыншы жол

(14)

118 № 3(136)/2021 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы ISSN: 2616-7255, eISSN: 2663-2489 Жетінші жол:

(15)

Сегізінші жол:

(16)

120 № 3(136)/2021 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы ISSN: 2616-7255, eISSN: 2663-2489 Тоғызыншы жол:

(17)

Оныншы жол:

(18)

122 № 3(136)/2021 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы ISSN: 2616-7255, eISSN: 2663-2489 Күйс-толғой мәтінінің жаңғыртқан

транскрипциясы (Қ. Сартқожаұлы нұсқасы) 1. Bit[t]I [1]. Aŋar1 [2] qaɣan tegin sïnïn [3]

Bodisatva [4] törükü

2. Qaɣan Buda2 qaɣanï uquq [5] uqaǰu. Kerey3 [6] anaqaya4 [7]

29

3. … ebden5 [8] ǰaqa6 [9] abad7 [10] ebgie8 [11]

aŋar bajï [12] tolï ǰuǰa9 [13] kögübü10[14]

4. Bit[t]I [15]. ǰolo aŋnar11 [16] qara ǰaɣin12 [17]

tuvar[18] boručï13[19].

Ičre14 bögü15 [20] ajtïs aŋlan16.

5. Niri qaɣanïŋ qatu[nï] aŋar. Edgü17 Niri qaɣan Türük qaɣan

6. Uča. Törö[21] tajaču18 [22] kerey qarqïn19[23], bayïrqu20[24], buɣra21[25], čibiǰü22 [26] kög ibiǰü (ebiǰü)23[27]

7. Tïšїyar24 [28] uqa bar[29], aŋar qaɣan xanï ǰïrlap tüner25, ötünip tabar26

Он бірінші жол:

(19)

8. ………..toŋ qaɣan27 bögü etgüči28 sïnїn bodisatva Türük qaɣan

9. ……čarїɣčї[šarčï] [30] bitigin29 qaɣanï [31]

tevir[32]. Aŋar qaɣan törükü qaɣanïŋ

10. Abada30 [33] Niri qaɣan Türük qaɣan eǰin (idin)[34] upasï31 [35] zula[36] bayї sarqїd[37] ǰajїb

11. …… bitig ……baɣa ……ǰu…….darqan…

bitib qa….

______________________

1. DM: biti- Ňar; AB: bitig-nar; ЛХ: biti nar 2. DM: buda; AB: buda; ЛХ: boda

3. DM: xiri; AB: k’era; ЛХ: hiri (kerey) 4. DM: añaqay; AB: anaqay; ЛХ: anaqaya 5. DM: tin; AB: ten; ЛХ: bidin

6. DM: ǰax; AB: ǰa-qu; ЛХ: ǰaha 7. DM: bodi; AB: bod-i; ЛХ: bodi

8. DM: bidiy-ñar; AB: bed-ey-nar; ЛХ: bidiyä när

9. DM: dolüǰaǰu; AB: dolu ǰaǰu; ЛХ: dolu ǰaǰu 10. DM:hügbü ; AB: (h)ügbüt; ЛХ: hügbü 11 DM: ǰilonar; AB: ǰolo-nar; ЛХ: ǰilonar

12. DM: karenyaɣuñ; AB: qara-n[‘v] ǰaɣun; ЛХ:

kara naya ɣong

13. DM: pürür; AB: puro-r; ЛХ: pürör 14. DM: čičirä; AB: čiči-re; ЛХ: čičiri 15. DM: pügtig; AB: pügtig; ЛХ: pügtig 16. DM: ñalan; AB: nele-n; ЛХ: nälän 17. DM: dügid; AB: düge-d; ЛХ: dögid

18. DM: dörö tayaǰu; AB: dörö tayaǰu; ЛХ: törö tuyiǰu

19. DM: hiri härgin; AB: kĕra erkin; ЛХ: hiri härgin

20. DM: bargo[l]; AB: bar-ɣo; ЛХ: bargo 21. DM: palxir; AB: palxir; ЛХ: pahiru 22. DM: xači; AB: xači; ЛХ: xači 23. DM: higbiǰ; AB: higbi-j; ЛХ: higbiǰü 24. DM: tügǰü; AB: tüg-ǰü; ЛХ: tügeǰü 25. DM: ǰulaba; AB: ǰulaba; ЛХ: ǰulaba

26. DM: tugnyä tüwä; AB: tüg-n yä tuwa; ЛХ:

tügäniyä tuwar

27. DM: +xa[] tu[] to[go] gun; AB: [ir] ge [n] tu [] ta [ɣo] un; ЛХ: [kodisutva] katon kaɣan

28. DM: pügtigči ; AB: pügtig-či; ЛХ: pugtigči 29. DM: +l[]+[]iyü uč bitihiñ; AB: …yu üč bitigin; ЛХ: dolaǰaju lola uča-da bitigin

30. DM: pada niri kaɣan; AB: pada niri qaɣan;

ЛХ: pada niri kaɣan

31. DM: iǰin ubiǰ; AB: iǰi-n ubiї; ЛХ: göǰin ubiǰu 32. DM: darkad ǰayabi; AB: darqat ǰay bi; ЛХ:

darkad ǰäyibi

Күйс-толғой мәтінінің мағыналық аудармасы (Қ. Сартқожаұлы нұсқасы) 1. Бітті. Мұнда қаған ұстынынан бодисатва [болып қаған қайта] туады.

2. Қаған, Будда –қаған тарихатын (ұқұқтарын) уағыздау Керейдің Анақая тауында (прародина = Өтүкенде) болды.

3. Аба (ау) құрып [аң] табынанын толтыра йіріп , қоныстан (куреньнен) атқалағанда [аңдар] бейберекетсіз шашылып жатты.

4. Бітті. Ылаңшы [қорғаушылармен]

(тезарада) ымыраға келіп, сөз байласты. Іште мүрит [адамдарды] дуалады.

5. Нири қаған Қатуны (ханымы) бәрін сезді.

Сөйтіп, Тәңір қаған Түрік қаған.

6. Ұшты (қайтыс болды). Төрге (билікке) бата тілек тіледі. Керей Қарқын, Байырқу, Бұғра, Чібижү [Билікпен] мақұлдасты, келісті.

7. Сырттай-ұғысты. [Олар] өздерін [жақсы]

ұстады. Онда қаған қатуны

(ханы [мы] жаны күйіп, зарлап, жоқтап түнеді. Жалбарына тілек тілеп тәуетті.

8. ... Қаһарлы қаған күш қуат беруші ұстыннан Бодсатва болып қайта туатын қаған.

9. ... [эрозия] шаршы [тастағы] бітігті (ұстынды) құшақтап ұлықтаса қаған қайта туады.

10. Көпшіл Нири қаған-Түрік қаған йеміздің қаптаған шәкіртері шырақ ұстап самсытты. [Аруақтың] сарқытасы (қонақасы) жайылды

11. ... [эрозия].... мәтін (бітік)... [эрозия]

Баға (лауазым) Тархан жазып қа...

Түсініктемелер

[1]. Biti (bit[t]i). Бұл сөздің 1-буынын Dieter Maue (бұдан былай DM деп қысқартып беріледі), оның шәкірті Л. Хурцбаатар (бұдан былай ЛХ деп қысқартылып беріледі) «Bi» деп, 2-буынын ti-деп транскрипция жасап. DM- Biti, ЛХ- Bid (біз) деп жаңғыртқан. Мұндағы -і- еріндік емес, ілгерінді, көтеріңкі дыбыс (негубной, передний ряд, верхний подъем).

(20)

124 № 3(136)/2021 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы ISSN: 2616-7255, eISSN: 2663-2489 ЛХ-бұл дыбысты тіл ортасымен сүйемелденіп

кедергісіз шығатын әлсіз дауыссыз дыбыспен -у- (-й) шатастырып алған. -İ, мен-y екеуі екі түрлі айтылатын дыбыстар.

Бұл дыбыстар қолданылған сөздің мәні мүлде басқаша болып өзгереді. Александр Вовин (АВ) екінші буынның соңына -g- дыбысын қосып транскрипция жасап «Biti»

[g] деп оқып жаңғыртқан. Біз «bit[t]i»

деп оқыдық. Бір тұлғаның бір ғұмыры бітті, өлді. Bit-аяқтау, біту (ЭСТЯ.1978.с.352;

ДТС.103;МК.s4616)

[2] aŋar-сөзін DM –«ŋar» деп транскрипция жасаған, АВ мен ЛХ екеуі бұл ескерткіштегі мәтінді ежелгі моңғол тілінде жазылған мұра етіп жасау мақсатында моңғол тілінің

«nar» (көптік) жалғауы етіп оқуға тырысқан.

Өкініштісі, авторлардың мақсатын мәтіннің 1-жолындағы сөйлем логикасы қабылдамай тұр. Біз бұл буынды DM-нің транскрипциясы бойынша «aŋar» деген көмекші сөз ретінде оқып жаңғырттық (suv.24711; KT.IV.11; Tyj.20).

[3]. 5 сөз «sїnїn»-ды құраған šїn+nїn буындарын жоғардағы үш автор бірдей транскрипция жасаған. Берілген атау сөздің мәнін дөп басып айтып бере алмаған. «sїn taš»

-ұстын тас (МК.ІІІ.65; қазіргі сібір түріктері, қазақтар ежелгі ұстын тастарды сынтас деп атайды (ҚТС. 2013.б. 1193; МК.ІІІ.65; ДТС.503)

[4] Botisatva -будда дінінің философиялық атауы «ақылман, данагой» деген мағына береді.

Будда діні философиясын жеттік меңгерген даналар адами тұрғыда жетіліп, дүниетанымы мүлде өзгереді мұндай діні қайраткерлерді будда дінінде қайта туған адам деген түсінік қалыптастырған. Олар -Бодисатвалар. «sekiz jükmek» деп аталатын будданың қасиетті кітабында мүриттері (quvraɣ) бодисатва болып даналыққа қол жеткізгені туралы ақпарат қалдырған (ТТ.VI.424; ДТС.107).

Алғашқы Көк Түрік қағанатының Таспар (Нивар) қағаны будда дінін қабылдап, бүкіл халықты сол дінге енгізуге ниет еткен. Халық қабылдамағандықтан будді діні Нири қаған өлген соң түріктер ортасынан мүлдем шеттетілген.

[5] Екінші жолдың 11 сөзі «uquɣ~*uquɣ».

Күндіз -түні тәуетіп, кітап оқып білімге жетілу (QBN 237; QBH 1625; MK.I.62; Юг С22)

[6]13 cөз «кереу» тайпа этнонимі (атауы) [7]14 сөз «anaqaya». Бұл атауға жоғардағы үш автор түсінік бере алмаған. Апа-ана (мать) (МК.І.93;169; Юг В291;ДТС.43). «qaya»- жартас, таулы жер (МК.ІІІ.20;177;ТТ.VII.2913; ДТС.406).

Сөзбе сөз мағынасы Ана жер (исконная земля, прародина), Ана жартас немесе Ана қырат, жотасы. Олай болса бұл тіркеске байланысты үш түрлі түсінік беруге болады.

1. Күйс Толғой ұстыны бүгінгі күні Хаңғай жотасы аталып отырған ежелгі Өтүкен байтағынан табылып отыр. Байырғы түрікше Өтүкен йыш (Өтүкен орманы) аталмыш мәтін бойынша бұл жер ол заманда Керей тайпалық Одағының байырғы мекені екенін сөз етіп тұр.

2. Байырғы түріктердің дәстүрі бойынша ұлы адамдардының мүрдесін таудың үстіне , немесе жартас үңгіріне жерлейтін болған.

3. Будда дінінің мүриттері Құдайға жалбарынғанда, ғибадат жасағанда таудың үңгіріне барып орналасып , сонда бір неше күн, немесе бір неше ай бойы уағызнама оқып, ғибадат жасайтын болған. Сондай бір киелі орын Керей тайпасының мекенінде болған болуы мүмкін. Соны мегзеп «Керей анакаяа»

(anaqaya) деп жазып қалдырған болуы да мүмкін.

Түріктің Таспар қағаны 570-жылдарда Будда дінін қабылдап бүкіл халықты сол дінге кіргізбек болғаны тарихта белгілі.

Осы үш түрлі ақпарат түсінікте «Анақаяа»

деп байырғы Өтүкенді айтып отырған сияқты. Ол байырғы түріктердің Тоғыз- оғыз қауымының (теле) Керей тайпасының байырғы тұрғын мекені.

[8] Үшінші жолдың 1-буын әріп кескені эрозияға үшыраған. Одан кейінгі 2-буынның алғашқы шрифтісі «bi»анық жазылған осыдан кейінгі бір әріп жазылатын орын бос тұр.

Мұнда әріп болуы мүмкін деген оймен DM, АВ екеуі бұл буынды оқымаған сияқты. Ал, ЛХ жолдың бірінші буынымен бірдей деп көріп

«Бид» (біз) деп оқыған. 1- жолдағы «bit» сөзінің t-дыбысы деген кескінмен берілген. Ал мұнда (d) шрифтімен жазылған. Бұл екеуінің мағынасы екі бөлек түбір сөз екенін білдіреді. Сондықтан біз «ebden» деп оқуды ұсынып отырмыз. Eb -алқа -қотан (курень)

(21)

[9] jaqa-жағалап , жақындап бару (ЭСТЯ.

1989.с.81), jaq~*jaɣ- ұмтылу (сыпаться) (МК.І.

494; ДТС.224).

[10] Abad= ab-d; ab-аңдарды сай саладан жинап, ауға (abға) түсіру. – d көптік жалғау.

Сонда «Abad» сөзі болады. Мағнасы абадағы аңдар.

[11] ebgie- табын , аң табыны

[12] Жоғардағы үш автордың үшеуі де

«baji»деп оқыған. Өкініштісі мағынасын дөп басып бере алмаған. Baji-сол сәтте (ЭСТЯ.

1978.с.30-31;МК.315; Suv 4137; ДТС.79).

[13] ǰuǰa~*ǰu-sa ≈+* ǰusa+ [dї]= ǰusadї.

Бей-беркетсіз құлап жатты. ǰuša-жусау (ЭСТЯ.1989.с.30-31)

[14] kögbü~* kögüb~* kögüp- шашылу (ДТС.311*312; МК.ІІІ.131;ТТ Х440). Өйтсе, үшінші жолдың 12-20 -буын арасындағы сөздерді «aŋar baji tolu ǰusaj kögüp» деп жаңғыртып « сөйтіп , сол сәтте [маңай] толы [аңдар] жусай бей-беркетсіз шашылып құлап жатты» деген сөйлем шығады. Сай-саладан қуып жинап әкеліп аb жасап аулаған аңдар осылайша атылып қырылып шашылып қалды.

[15] Адамдардың нәпісі қанға тоймай көздерін қанталаған аласапран кезде Түрік қағаны Нириді аңмен қоса қапияда атып өлтіргенін «bit[t]i» (аяқталды, бітті) деген жалғыз ауыз сөзбен (4 -жолдағы) құпиялап аяқтаған.

Төртінші жолдың 24 сөз «biti»- ні алдынғы – «bid» сөзімен оқуға келмейді. Өйткені мұнда соңғы -t- дыбысын брахми алфавитінің (ti) буынмен басқаша берген. Сондықтан біз

«bit[t]i» деп оқып, «аяқталды», «соңы»

деп аудардық. Не біткенін, оқиға немен аяқталғанын келсеі тіркестер көрсетіп берген.

Bit-біту, аяқтау, орындалу , «жасақталу, жасау (ЭСТЯ.1978.с.152-154).

[16] «jolo aŋnar» -ымыралас, сөз байласу (ЭСТЯ.1989.с.29)

[17] «qara jaɣїn»- қара ниетті, жамандыққа жақын адам (ЭСТЯ.1989.с.63)

Бұл арада Нири қағанның жеке қорғаушыларының ішінен қарсы жақтың басшылары бір адамды өзіне көмектесуге көндірген болар. Сол адамды «qara jaɣїnа

(қара ниетті ) деп көрсетіп отыр. «jaɣїn» түбір

«жақын» деген мағына береді. «Qara (қара) сөзі жамандық, зұлындық, арамдықты білдіреді.

Сондықтан біз бұл «qara jaɣїn» тіркесін «қара ниетті» деп аудардық.

[18] «tuwar» - тез арада, шапшаң (Муталлибов С. 1962.с.171)

[19] borči. Bor-шарап (ДТС.17). borči-мас адам, жаңжал, ылаң шығарушы, қызу адам.

Біз сөйлемнің мағынасына қарай «ылаң шығарушы», «ылаңшы»-деп аударуд жөн көрдік.

Онымен қатар «boran» сөзінің түбірі «bor».

Оның ежелгі формасы «bor~bor»- дауыл.

(А. Фон. Гавэн, А. Сабожо ( A. Sauvogeat), К.

Мэнгес, А. Иоки (LSg8) бұл ұсынысты қолдаған.

Табиғат құбылысындағы мәні «боран», адамның іс-қимылына салыстыра теңесек

«ылаң», «шайқас», «жаңжал».

[20] bögü-Тәңір дінінің дінбасы, мүрит (ДТС. 116) büк/ böк- жадылау, сиқырлау, дуалау (колдовство, чародейство) (ЭСТЯ.

1978.с. 294). Олай болса bögü (büкü) ajtis»

тіркесі «дуа жасады» деп аударылады.

[21] Tör-билік (власть) (Теркин. ІІІ; QBN.55) Бұған дейінгі түпнұсқалардағы «Tör, Törі»

сөздерін «жасаушы», «жаратушы» (творец) деп аударып келген. Бір ғана С. Е. Малов «Tör»

атауын билік (власть) « орындаушы билік» деп аударған (Малов С.Е. 1959.с.104). осы аударма дұрыс. Басқа ғалымдар көшпелі түріктерде

«билік» (власть) болмаған деп қателікке ұрынған сияқты.

[22] Tayaǰu -жалбарыну. Құрбан шалып жалбарыну. Буддалық атау (Suv.36119; ДТС.

528).

[23] Керейдің 9 тайпасының бірі. Кейін қарқын тайпасы Орта Азияға өтіп кетіп Түркімен халқының бір белді тайпасына айналған.

[24] ba[y]rɣu~bayїrqu-тоғыз оғуздың (VI- VIIІ ғғ) белді бір тайпасы. Қытай деректерінде

«bajegu» деп белгіленген (ЦТШ).

[25] buɣra-тайпаның атауы. Қытай дерегіндегі Пугу тайпасының байырғы түрікше атауы. Ганьчжоу уйғурларының басшы тайпасы. Наньшань, Ганьсу, соңында Бесбалық маңын мекендеген. Ань Лушань

(22)

126 № 3(136)/2021 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы ISSN: 2616-7255, eISSN: 2663-2489 көтерілісін басу үшін Таң империясы

Уйғур Қағанатынан көмек сұрауға мәжбүр болды. Таң Ордасының ресми өкілін Уйғур қағанатына ертіп барып, дипломатиялық миссия жүргізіп, ара ағайындық жасаған атақты Хуаэньнің шыққан тайпасы.

Кейін Х ғасырда Қараханит хандығын орынатқан Сатуқ Буғра Қара хан және оның ұрпақтары осы Буғра тайпасынан шыққан хандар. Қарахан хандығының онға жуық хандар «Буғра» есімін өз тегі (фамилиясы) етіп алып жүрген.

[26] Čibiǰü -бүған дейінгі байырғы түрік тілінде кездеспеген. Мүмкін солтүстік шығыстағы Шивэй тайпасының көне түрікше атауы болуы әбден мүмкін.

[27] kög ibiǰü (ebiǰü)-ынтымақтасу. Kög- келісу, мақұлдау (ЭСТЯ. 1997.с.82)

Eb. I- курень (қорғаныс қонысы). Eb baryq- ғибадатхана 5К32,МЧ.14,

Eb- үй (МК.І.79, І.333;І.112;

Ebet - мақұл болу, ұйғару (МК.І.85., І. 50) Ebdi- жиналды ( Муталлибов (І. 146, 179) Қазақ тілінде «Eb» түбірі «ептеу, ыңғайлау, икемдеу, жарастыру» деген мағына береді (КТ.2001.394-бет). Ал, моңғол тілінде адамдардың өз ара жарастығын, ынтымағын, келісімін білдіреді (Цэвэл. 1966.-865 бет).

[28] tїsiyur. Tїs-сырт, - jur-бағыттаушы жалғау (ДТС. 540) ~ jur ~- - ur =іс-қимылдың осы шағын және келер шағын білдіретін жалғаулық (ДТС. 656, 667).

[29] Uqa bar-ұғысты (МК.ІІІ. 20; QBN.3343; Юг В119)

[30] šаrїɣčї~* čarčї, Алтай тобының кейбір тілінде -ɣ- дыбыс түсін қалады. Čarčї лексиконы түркі тілдерінде квадрат деген мағына береді. «Шаршы тас»- тік төрт бұрышты геометриялық өлшем. (ҚС. Алматы. 2013.-139 бет).

[31] -їɣ, - ілік септігінің жалғауы. Іс -әрекет кімге тән екендігін білдіретін мағына береді.

[32] tevir~-tebir- құшақтау. М: tebre qabčї- құшақтап қысу (ДТС.546; Suv. 6172)

[33] abada [n] -көпшіл, халықшыл (ДТС. 1;

ЮгВ399)

[34] eǰin-* ije-idi -йе, басшы (ДТС. 203,205) [35] upaǰї~*upasї -қаптаған шәкірті,

қарашасы (ТТ.VII.409;VII.40118; UiqII.3882; ДТС.613)

[36] ǰul -шырақ (буддалық атау) (Цэвэл.

1966.-235 бет)

[37] 10-жолдың 20-буыны д е г е н шрифтінің бірінші кескін деген сызбасын авторлар деп көшіріп алып «d» деп транскрипция жасаған. Ұстында осы кескін (s) деп қашалған.

Ал, 11-жолында «darqan» лексиконның -d- фонемін шрифтімен жазылған. Екеуі екі түрлі шрифті. Сондықтан екеуін бірдей -d-дыбысымен оқуға болмайды. Бұл буынды біз «dar»емес «sar» деп транскрипциия жасадық. Оған жалғасқан д е г е н шрифтіні алдыңғы авторлар -qat деп оқыған.

Өйтсе бұл сөзді «sarqїd» деп оқуға тұра келеді.

Осы «sarqїd» (құрметті ас) сөзінің логикалық мағынасын келесі сөз ашып берген.

Енді осы «sarqїd» сөзінің мағынасына түсінік берелік.

Бұған дейінгі «sarqїd» сөзіне түсініктеме берген ғалымдар шетелдіктер болғандықтан оның түпкі мәнін түсінбей «қалдық ас», арақ- шарап (ЭСТЯ.2009. с.205-206) деп түсіндірген.

Сарқыт беру салты бүгінге дейін түркі халықтардың ортасында сақталған.

Ел басшыларына, халық арасында беделді, көсем-көреген, аузы дуалы адамдарды құрметтеп дастархан жояды. Құрмет дастархандағы жаңағы беделді адамдар келешегі бар, әдепті де тәрбиелі жастарға саарқыт береді. Сарқыт алған жастардың беделі өсіп, өз ортасында басқаға үлгі көрсетіп, келешекте дастархан басындағы ұлы адамдардай болуға өзін тәрбиелейді.

Ұлылардың ықыласына бөленеді.

«Моңғолдың құпия шежіресі» атты еңбекте бұл құрметті асты «sarqїd» деп атаған (МНТ.§70). С.А. Козин, Е. Хэниш бұл сөзді дастарханда қалған қалдық еті (Козин С.А.

1941.88; Haenish E.962.132) деп қате түсінген.

ҚХР-ның ғалымы Э. Ардажав бұл атау түрікше атау екенін дәлелдей отырып, моңғол тілінде

«bilaɣur» деп аталады. ХІІІ ғ-да «sarqud- bilaɣur»

деп түрік, моңғол атрибуттық байланысты қос сөз ретінде берілген. Мағынасы ұлылардың тарапынан алқап берілген «құрметті ас» деп түсіндірген. Негізгі мағынасы осы сияқты.

(23)

2. Моңғол империясының заманында арақ-шарапты осы құрметті ас еттің орнына арақ беретін болған. Сол дәуірден бастап моңғолдар арақтың бірі атауы ретінде «sarqїd»

сөзін қолданған (Шагж С. 1976. 811)

3. Ж.с. VII ғасыр басында (НТ 1) марқұмның дүниеден өткен күні сол адамның атынан халыққа қонақ асы берілген. Тәңірлік дін, будда, христиандықтар да өткен адамның атынан қонақ асы береді. Бұл дегеніңіз марқұмның халықымен бөліскен ең соңғы асы- сарқыты. Түрік халықтары бұл салтты бүгінге дейін ұстанып келеді.

[37] ja-ya-ba~*jajїb = жаға (МК.ІІІ.29; ДТС.226;

ЭСТЯ.1989.с.12; Р.ІІІ.13 өзбек , қазақ, телеуіт) Алдыңғы «sarqїd» сөзімен тіркесіп

«дастархан жайылды (раскладывается)» деген мағына береді. Өйтсе О дүниелік болған адам атынан оның соңғы сарқыты ретінде көпшілікке дастархан жайылғанын ашық белгілеген.

Тарихи маңыздығы

Жоғарда сөз еткен анализдердің нәтижесінде аталмыш ұстындығы мәтіннің тарихи маңыздылығын ашып беруді жөн көрдік.

Мәтіннің негізгі мазмұны алғашқы Көк түрік қағанатының Алтай, моңғол үстіртіне йелік жүргізіп тұрған төлес (шығыс) қағанатының ханы Нири (Нили) өліміне байланысты.

Нири қаған Көк түрік хандығын империялық деңгейге көтерген атақты Муқан қағанның шөбересі. Нири қағанға арналып екі мәрте ескерткіш ұстын орнатылған. Оның бірі ҚХР ШУАР-дың Іле қазақ-автономиялық облысына қарасты Моңғол куре (Чжаосу) аудан орталығынан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км қашықтықтағы жазық далада орналасқан [32,32].

Алғаш мәрте бұл тасмүсінді Іле археологиялық экспедиция жетекшісі У Болунь тапқан [33, №12]. Тасмүсін мәтіні және мүсін туралы зерттеулер жалғасып тапты.

Бұған Р.Х. Итс [34, 100-103], Л.Б. Кларк (1978), Иошида Иутака (1991), Ван Инмей (1972),

Осава Такаши (1999) атасалысып зерттеу жұмыстарын жүргізіп, мәтіннің транкрипция және аудармасы, түсініктемесімен қоса мақалаларын арнады.

Моңғолкуре Тәңіртауы мен Тарбағатай- тауының арасы. Бұл Ниридің туған жері.

Онымен қатар бабаларынан бермен қарай әулеттің иелігіндегі жер. Мұнда да ұстын орынатылған. Ал Моңғолиядағы Орхон бойы Көк Түрік қағанатының Төлес (Шығыс) қағанатының қарамағындағы аймақ. Орхон дариясының бойына оған арналған ғибадатхана Күйс-толоғай ұстыны орнатылған. Міне бұл сұрақ ғылымда бүгінге дейін белгісіз болып келген түйінді шешуге көмектеседі деген сенімдеміз.

Бұл туралы кейін арнайы тоқталамыз.

Таспар қаған 581 жылы дүние салды.

Сол кезден бастап Көк Түрік қағанат Ордасында тақ таласы басталып саяси ахуал күн санап шинелісе келіп, 605 жыл Ұлы қағанат екіге бөлінді. Көк Түрік дәуіріндегі ең бір күрделі кезең еді. Осы кезеңге байланысты қытайдың Орда деректеріне ыждағаттықпен жан-жағына терең үңіле, анализ жасамаса, көп жағдайда қателікке ұрынады. Мәселен бірнеше Ышбара (шаболюэ) хандар, екі Чуло (Чури, Чур) қағандар қытай деректерінде хатталған. Осыдан болып көптеген ғалымдар қателікке ұрынған. Нири (Нили) қағанды Істемі қағанның шөбересі дей келіп генеологиясын Істеми Дату (Дяньгу) Тардуш хан-Яншух тегін Нили (Нири) қаған Даман (Чори қаған) деп көрсетілген [35, 460]. Қытай ғалымы Сюэ Цзунчжэн; Нили Істемінің әулеті емес Мұқан қағанның әулеті деп дәлелдеп берді. Ол: Бумын

Мұқан-Долобянь Янсоух тегін Нили (Нири) қаған деп көрсетті [36,275-276].

Мұқан қағаннан ағалы-інілі Долобянь мен Янсоух тегін туады. Моңғолкуреден табылған тасмүсіндегі мәтін Сюэ Цзунчжэннің ұсынысы 100% дәлелдеп берді. Осы тасмүсінді жасатқан Нири қағанның ұлы Чуло (Чури) қаған. Істемі қайтыс болған соң Тардуш (батыс) қағанатының тағына оның ұлы Дату.

Ие болып, өзін Тарду (Тардуш хан) деп ұлықтады. Таспар қаған қайтыс болған соң оның ұлы Аньлоны қаған сайлайды. Негізінде

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Адамзат тарихының ХІV ғасырында жазылған ескерткіштің бірі «Кодекс Куманикустың» қазақ тіл білімінде алғаш зерттеушісі Ҽбжан Құрышжанұлының еңбектеріне арналғандықтан, мақаланың мақсаты

Садыглы Нигяр Фаик кызы Экологический консалтинг как фактор развития зеленных технологий в экотуризме Азербайджана на примере северо-западной части Республики… 5567 1525..