ҒТАМР 00.08, 13.09, 03.61
Ұлы Жібек жолының ұлттық санадағы тарихи іздері
Шынар Қ. Құрманбаева1*, Жамиля Қ. Өмірбекова2
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Казақстан
*Корреспонденция үшін автор:
1https://orcid.org/ 0000-0003-2896-4322 DOI: 10.32523/2616-7255-2022-140-3-39-58 Аңдатпа. Ұлы Жібек жолы Қытай және Рим империялары арасында біздің заманымызға дейінгі II ғасырдан бастап біздің заманымыздың 15 ғасырына дейінгі аралықта ұзақ уақыт бойы жалғасып келіп, Шығыс пен Батыс арасындағы сауда процесінде маңызды рөл атқарған жол болды. Сауда керуендері Қытайдан Батыс елдеріне жібек, қағаз, қола айналар және Батыс елдерінен Қытайға кілемдер, гобелендер, жүн бұйымдары, шыны ыдыстар тасыды. Сондай-ақ Шығыс пен Батыс елдерінің басқа да көптеген асыл бұйымдары мен зергерлік тастары, хош иісті май-сулары мен түрлі материалдық құндылықтары осы жол арқылы сауда айналымына түсті. Ұлы Жібек жолы сауда жолы болуымен қатар әртүрлі мәдениеттер мен өркениеттердің диалогы жүзеге асқан үлкен алаң болды. Қытай мен Орта Азияның, Үндістанның көптеген елдері арқылы Еуропаға әр түрлі тарихи және мәдени ареалдар арқылы өткен құрлықтағы сауда дәлізі материал- дық құндылықтармен қатар өз заманының рухы мен танымын да бір ортадан екіншісіне тасымалдағаны айқын. Түрлі өркениеттердің тоғысынан туындаған мәдени-тұрмыстық құндылықтар тіл арқылы көрініс тауып, ұлттық санада өз ізін қалдырды. Қазақстан үшін Ұлы Жібек жолындағы мәдени өзгерістер мен өркениеттің зерттелуі өте маңызды. Ұлы Жібек жолының мәдени мұрасын қалыптастырған мәдениеттердің әрқайсысы өздерінің барын дамытуға ұмтылып қана қоймай, бір-бірінің игілігі мен әле- уетін шығармашылық синтездеу арқылы өзін-өзі түсіну және өзара түсіністік арқылы дамыды. Бүгінгі күні тарихымызда болған осы ұлы кезеңнің тиісті бағасын беріп, жады ны пәнаралық зерттеу арқылы санамызда қайта жаңғырту еліміздің болашақ бағдарын айқындауға өз үлесін қосар аса маңызды іс болмақ.
Түйін сөздер: Ұлы Жібек жолы; қазақ халқы; тілдік сана; тарихи жад; мәдениет;
құн- дылық; ұлт.
Received 05 March 2022. Revised 15 March 2022. Accepted 30 June 2022. Available online 30 September 2022.
For citation:
Kurmanbayeva Sh.K., Umirbekova Zh.K. Historical traces of the Great Silk Road in the national consciousness //
Bulletin of the L.N. Gumilyov ENU. Historical sciences. Philosophy. Religion Series. 2022. ‒ Vol. 140. ‒ №. 3. ‒ P. 39- 58. DOI: 10.32523/2616-7255- 2022-140-3-39-58
Для цитирования:
Курманбаева Ш.К., Умирбекова Ж.К. Исторические следы Великого Шелкового пути в национальном сознании // Вестник ЕНУ им. Л. Гумилева Серия Исторические науки. Философия. Религиоведение. ‒ 2022. ‒ Т. 140. ‒ №. 3. ‒ С. 39-58. DOI: 10.32523/2616-7255-2022-140-3-39-58
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.
Серия Исторические науки. Философия. Религиоведение
№ 3(140)/2022 39
Кіріспе
Ұлы Жібек жолы – бірнеше ғасырлар бойы қызмет еткен сауда керуен жолы.
Ол ежелгі дәуір мен орта ғасырларда Шығыс Азия мен Жерорта теңізі арасында байланыстырушы рөл атқарды. «Ұлы Жібек жолы» термині Ф.П.Рихтгофен тарапынан ғылыми айналымға енгеннен бастап шығыс пен батысты байланыстырушы тарихи феномен ретінде зерттеушілердің назарында болып келе жатыр. Шығыс Азияны Жерорта теңізімен байланыстыратын ежелгі және орта ғасырлардағы көлік сауда жолдары адамзат өркениетінің тарихындағы ең ұлы құбылыс болды және ғалымдар түбі бір қайта жанданатынын болжап келеді.
Осы атауға ие болуына ең алдымен, бұл жолдың Қытайдан жібек экспорттау үшін пайдаланылғаны себеп болды. Бұл трансконтинентальды жолмен жібектен басқа да көптеген тауарлар тасымалданды.
Орта Азиядан Қытайға жоғары бағаланған асыл тұқымды жылқылар, әскери құрал- жабдықтар, алтын және күміс, жартылай бағалы тастар мен шыны ыдыстар, былғары мен жүн, кілемдер мен мақта маталар, қарбыз, шабдалы тәрізді экзотикалық жемістер, май құйрықты қойлар мен аңшылық иттер, барыстар мен арыстандар әкелінді. Қытайдан керуендер фарфор және металл ыдыстар, косметика, шай және күріш тасыды.
Ұлы Жібек жолы Батыс Азия, Орта Азия, Кавказ және Қытай халықтары арасындағы экономикалық және мәдени байланыстардың дамуына үлкен үлес қосты.
Бұл жол «өркениеттік маңызы бар әлемге ашықтық символы» болды (Гребенюк, 2017:
25-28). Бүгінгі археология, тарих, география
ғылымдарындағы ізденістер бізге осы бірегей сауда жолының тарихы туралы білуге мүмкіндік береді. Сауда керуені жолының көптеген тармақталған бағыттары болғаны қазірдің өзінде дәлелденген. Тауарларын ыңғайлы тәсілдермен, аман-есен жеткізудің тиімді жолдарын іздеген керуендер Қазақстан аумағының да бірнеше қалалары мен ежелгі қоныстарын сауда-саттық, байланыс торабына айналдырған.
Адам баласы қалыптасқан кезден бастап ең күрделі мәселе – адамдардың өзара мәдени байланысы мен қарым-қатынасы болып келеді. Көптеген теориялық концепциялар мен халықаралық құжаттарда мәдени байланыс идеялар мен әрекеттер арқылы көрініс табады. Ал мәдениет негіздері ұлттық жад арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріледі.
Ұлы Жібек жолы бойындағы өркениеттердің мәдени алмасуы мен игілігі оның үлкен жетістігі болды. Егемендікке қол жеткізген бүгінгі күнде ел басынан өткен барлық тарихи-рухани тәжірибені жаңаша қорытып, ел игілігіне жарату – ұлттық сана мен тарихи жадты жаңғыртудың бірден-бір жолы.
Еліміздің қалыптасу-даму жолында үлкен орын алатын Ұлы Жібек жолының халықтың тарихи жадына әсерін айқындау үшінші мыңжылдықтың жаңа дәуірінде өте маңызды.
Қазіргі жаһандану құбылысы мәдениеттер мен өркениеттер дамуында жүзеге асып жатқан үдерістерді айқындайды. Сондай- ақ тарихи құбылыстардың, әлемдік экономикалық байланыстардың бірлігі мен саяси үдерістердің, ғылымның, технология мен мәдениеттің өзара байланысының объектитвтілігін көрсетеді. Осыған байланысты түрлі мәдениеттер арасындағы диалог пен өзара әсерлерді зерттеу әлеуметтік- мәдени жүйелердің әртүрлі деңгейінде сенім, түсіністік пен өзара әрекеттесуді қамтитын аса өзекті мәселелердің қатарында саналады.
Қазіргі заманғы әлемді кез келген мәдениет, құндылықтар жүйесі немесе идеология тұрғысынан түсіндіру тым күрделі. Оның өмір сүру жағдайларының бірі – елдердің психологиялық, діни және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, құрылуы тиіс бастапқы ұлттық мәдениеттердің диалогы.
Ұлы Жібек жолы бойында орналасып, тарихтың сол бір кезеңдерінде өзара әлеуметтік-мәдени ықпалға ұшыраған әрбір мемлекет бүгінгі күнде де іргелі мәдени сабақтастықтарды дамытуға мүдделі.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев: «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек. ...Ең бастысы, біз
40 № 3(140)/2022 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.
Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы ISSN: 2616-7255, eISSN: 2663-2489
нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз», - деп атап көрсеткен болатын (Тоқаев, 2018). Сондықтан ұлттың тарихи жады мен тілдік санасын зерттеп, тану – оның жалпыадамзаттық даму үдерісіндегі орны мен маңызын анықтау. Тарихтың әрқилы кезеңдерінде мәдениеттер мен өркениеттер диалогына қатысушы әр ұлттың қоршаған ортаға деген сан қилы көзқарас, түсінігі қалыптасады.
Себебі әр мәдениет заманына, моральдық нормаларына қарай халықтың құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Осы құндылықтар тіл арқылы көрініс табады, тіл арқылы таралады, тілде сақталады. Бірнеше дәуірдің тарихы, мәдениеті, қоғамдық-әлеуметтік, психологиялық, саяси-экономикалық т.б.
даму көрсеткіштері тарихи, археологиялық, этнографиялық, географиялық т.б.
зерттеулермен қатар ұрпақтан ұрпаққа тіл арқылы сақталып, жететіні ғылымда дәлелденген.
Зерттеу жұмысының мақсаты осы маңызды мәселені жан-жақты зерттеп, дұрыс шешімін табуға үлес қосу арқылы Қазақстанның болашақ даму бағытына ықпал ету. Осы мақсатта мақалада Жібек жолы мен қазақ халқының тарихи кезеңдерде бір- біріне тигізген әсерлеріне талдау жасау, қазақ өркениеті мен мәдениетінің Жібек жолының қалыптасу жолындағы маңызын айқындау, бүгінгі халықтың тарихи жадындағы іздерін анықтау көзделеді. «Жібек жолы» феноменінің қазақ халқының тұрмыс-салтына, мәдени, рухани өміріне ықпалын зерттеу өте маңызды. Сол себепті зерттеу жұмысының алдына халықтың басынан өткен тарихының іздеріндей тілдік санада қалыптасып, қазақ әдебиетінің жыр-жауһарларында көрініс тапқан «жібек» архетипіне талдау жасай отырып, эстетикалық құндылық ретіндегі мәнін ашу міндеттері қойылады. Осындай зерттеу жүргізу арқылы Ұлы Жібек жолының ұлттық санадағы мәдени-эстетикалық құндылықтардың қалыптасуына тигізген әсері айқындалады.
Зерттеу материалдары мен әдістері
Жұмысты жазу барысында Ұлы Жібек жолы тақырыбында зерттеу жүргізген тарихшы, мәдениеттанушы, философ, тілші ғалымдардың еңбектері қарастырылды.
Олардың ішінде тақырып бойынша ұлттың тарихи жады мен тілдік санасына өркениет пен мәдениеттің әсерін зерттеген еңбектерге баса назар аударылды. Осы бағытта жазылған зерттеу еңбектермен жұмыс барысында ең қолжетімді және кең таралған әдіс ретінде зерттеудің талдау, жинақтау, саралау әдістері қолданылды. Пайымдау, жинақтау, бағалау әдістері арқылы нақты ғылыми тұжырымдар жасалды.
Сонымен қатар «жібек» ұғымының қазақ халқының тілдік санасына әсерін қарастыру мақсатында осы лексемамен байланысты тілдік бірліктер лингвоэтностанымдық, лингвомәдениеттанымдық тұрғыдан зерттеу нысанына алынды. Сауалнама әдісі арқылы анықталған тілдік бірліктерге статистикалық талдау жасалды. «Жібек» лексемасының халық санасындағы символдық мәніне когнитивтік талдау жасала келе, Жібек жолы феноменінің ұлттың тарихи жады мен тілдік санасындағы іздері сипатталды. Көрсетілген әдістерді пайдалану нәтижесі «жібек»
архетипінің тарихи негіздерін айқындап, ұлттың тұрмысы мен рухани мәдениетіндегі орнын бағалауға, сол арқылы қазақ елінің Ұлы Жібек жолындағы орнын, одан алған мәдени әсерін айқындауға мүмкіндік берді.
Талқылау
ХХ ғасырда ұлы Жібек жолын тарихнамада зерттеудің бірнеше бағыттарын атап көрсетуге болады:
– ежелгі дәуірдегі алғашқы мыңжылдық б.з.б. және жаңа дәуірдің алғашқы ғасырларында Қазақстан аймағының жекелеген бөліктеріндегі Ұлы Жібек жолының қызметі туралы шашыраңқы, аз ақпарат алуға мүмкіндік беретін археологиялық және жазбаша дереккөздерге талдау жасау;
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.
Серия Исторические науки. Философия. Религиоведение
№ 3(140)/2022 41
– халықтар дамуының әртүрлі кезеңдерінде маңызды рөл атқаратын сауда шарттары мен ұлы Жібек жолының қызмет ету факторларын тарихи және экономикалық тұрғыдан зерттеу;
– Ұлы Жібек жолының мәдени-тарихи мұрасын зерттеуге бағытталған халықаралық туризмдік жобалар құру;
– Жібек жолының ортағасырлық жолдарының бойында болған Қазақстан қалалары мен елдімекендеріне өркениет құндылықтары ретінде талдау жүргізу.
Ұлы Жібек жолының ортағасырлық Қазақстан жеріне қатысты тарихы жайлы еңбектердің басында К. Байпақовтың есімін атау орынды. Ғалым өз еңбектерінде Ұлы Жібек жолы жалпы алғанда екі мың жыл қызмет етті деген тұжырымға келеді. Қазақстанның тарихи жерлері жайлы еңбектерінде Талғар, Отырар, Іле, Жетісу, Талас, Тараз, Шу өңірлеріндегі Ұлы Жібек жолының тарамдары мен сілемдері жайлы нақты ақпараттар археологиялық деректермен дәлелденіп, тарихи тұрғыдан талданып ұсынылған. Біздің зерттеуіміз үшін ғалымның Ұлы Жібек жолы жайлы қазақ жеріндегі халықтардың жаңа тұрпатты, ерекше бағыттағы мәдени дамуына әсер еткені жайлы айта келіп, «өнер мен дін жолы болған» деп берген бағасы маңызды (Байпақов, Нұржанов, 2002: 9). Ұлы Жібек жолы бойында орналаласып, ірі сауда- орталықтары болған көне қалалар жайлы жазылған ғылыми мақалалар авторлары ол қалалардың өз заманында басты мәдени- рухани орталық қызметін де атқарғандығын ерекше атап көрсетеді. Олардың қатарында Ұлы Жібек жолы бойындағы Тараз қаласы жайлы (Сатаева, Бексеитов, 2021), Ханқорған қалашығы жайлы (Зулпыхарова, Балтабаева,
2020), тарихи қалалар коммуникациясының
мәдени ерекшеліктері жайлы (Альджанова, Мионг, 2015) мақалаларды атап өтуге болады.
Д. Ахметжанов пен А. Алимжановалардың зерттеу мақаласы Жібек жолы аясындағы мәдениеттердің өзара әрекеттесуі мен алмасуы мәселесін зерттеуге арналған.
Авторлар жаһандану дәуірінде де Ұлы Жібек жолы мәдениеттер алмасуын әртүрлі
мәдениеттердің қалыптасуы мен дамуының негізгі факторы болып табылатынын айта келе, ғасырлар бойы Еуропаға апаратын бірден-бір трансконтинентальдық жол болып келген Ұлы Жібек жолының мәдени трансформациясын мәдениеттану ғылымының өзекті мәселесі ретінде қарастырады (Ахметжанов, Алимжанова, 2019: 121).
Тақырыпқа қатысты әр жылдарда жазылған еңбектерді саралау нәтижесі біздің зерттеу нысанымызға алынып отырған Ұлы Жібек жолының ұлттың дүниетанымына, тілдік санасына, тарихи жадына әсері мәселесіне қатысты зерттеу еңбектер жоқтың қасы екені анықталды. Зерттеуші В.А Шальнев бұл туралы: «Өкінішке қарай, мәдениеттің генезисі мен эволюциясы контекстіндегі өркениеттік өзара әрекеттесу идеясы Ұлы Жібек жолына қатысты кең тараған жоқ.
Адамдардың белгілі бір топтарының өміріндегі табиғи жағдайлардың рөлін және олардың нақты бір уақыт аралығында өзгеруін түсіндіретін географиялық детерминизм де мұнда байқалмайды», - деп жазды (Шальнев,
2017: 164). Бұл мәселеге қатысты тек бірді-
екілі еңбектер авторларының осы Ұлы Жібек жолының мәдениаралық маңызы жайлы жекелеген пікірлерін ғана кездестіруге болады.
В.А. Дмитриев өз зерттеулерінде Ұлы Жібек жолын Еуразия аясындағы өркениеттік өзара әрекеттестік дәлізі ретінде қарастырады. Ол транзитке әрбір аймақ өз тауарларын енгізе отырып, өзара мәдени құндылықтарымен де алмасқаны жайлы жазады (Дмитриев,
2017: 29). Осындай мәдениаралық өзара
алмасу құбылысын белгілі бір субъектілердің мәдениетіне жергілікті әсер ету дәстүрі, олардың жүйелі өзара әрекеттесуі және соның нәтижесінде өзіндік мәдени мұрасы бар дәстүрлі мәдени аймақтардың қалыптасуы деуге болады (Лубо-Лесниченко, 1988).
Өркениетаралық өзара әрекеттестік теориясының «мәдениет», «өркениет», және «сана» деген базалық ұғымдары бар.
О.Шпенглер адамзат өмірінің екі фазасы – мәдениет фазасы (тууы, өсуі және дамуы) және өркениет фазасы (мәдениеттің гүлденуі
42 № 3(140)/2022 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.
Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы ISSN: 2616-7255, eISSN: 2663-2489
мен өлуі) туралы жазады (Шпенглер, 1993:
49). «Мәдениет» және «өркениет» негізінде
олардың түпкі нәтижесі ретінде «сана»
қалыптасады. «Мәдениет» сөзі кең мағынада қоғам дамуының әр түрлі кезеңдерінде белгілі бір адамдар тобының жасаған материалдық, интеллектуалдық және рухани бүкіл адамзат өнімінің жиынтығын білдіреді. Екінші сөзбен айтқанда, «мәдениет дегеніміз – өзі өмір сүріп отырған қоғамда жүзеге асып жатқан барлық оқиғалар үшін жауап беретін, сонымен қатар сол қоғамның тарихын бастан кешіп, жүзеге асыратын барлық мүшелерінің ортақ құндылықтарының жиынтығы» (Topçu, 1970:
179). М.М.Бахтин айтқандай: «Мәдениет
келген кезде басқа мәдениет арқылы ғана өзін тереңірек және толық ашады» (Бахтин, 1979).
Ұлы Жібек жолы торабында тағдырлары тоғысқан мемлекеттер өзге елдердің мәдениеті арқылы өздерінің бірегейліктерін айқындады.
«Шығыс пен Батыс – мәдени генезистің бастапқы кезеңі. Шығыс пен Батыс идеялары бірін-бірі толықтыра келе, адамзаттың өткен тарихын қалыптастырды» (Абасов, 2020: 19).
«Мәдениеттердің бір-біріне ықпалы тек диалогтық байланыспен шектелмейді.
Мысалы, Ұлы Жібек жолындағы коммуникацияға енген мәдениеттердің әрқайсысы оларда бар нәрсені дамытуға ғана емес, сонымен қатар шығармашылық синтез және түсінік құру арқылы өздерін жетілдіруге тырысты» (Tursynbayeva т.б., 2015: 29). Қазақ этносы өз тарихи дамуында қалыптастырған бірегей бай мәдени мұраға ие. Рухани мәдениет этникалық жадтың сақтаушысы және тасымалдаушысы бола отырып, этносоциумның әлеуметтік тәжірибесін үздіксіз жаңғыртып отырады. Ұлы Жібек жолы мәселесіне мәдениеттанымдық тұрғыдан келген зерттеулердің қатарында музыкатану бағытындағы еңбектер ерекше орын алады. Бұл тұста іргелі зерттеу ретінде әуелі В.Д. Мэйдің осы тақырыпта жазған диссертациялық зерттеуін атау орынды (Мэй, 2004). Сонымен қатар П.А.
Заклинский (Заклинский, 2018), Е.Е. Володина (Володина, 2018), В.Н. Юнусова (Юнусова,
2016), И.Я. Шубиналардың (Шубина, 2018)
зерттеулерінде Ұлы Жібек жолының Шығыс пен Батыстың музыка әлеміне тигізген тарихи әсерлері сипатталады. Сонымен қатар Ұлы Жібек жолы бойында қалыптасқан музыкалық терминдер, музыкалық аспаптардың түрлері мен атаулары, музыкалық өнімдердің алуан түрлері жайлы мәселелер қарастырылады.
Қазіргі тарихи-әлеуметтік жағдайда алуан түрлі мәдениеттер арасындағы өзара байланысты зерттеу – әлеуметтік-мәдени жүйелердің әртүрлі деңгейлерінде сенім, түсіністік пен өзара әрекеттесуді қамтитын аса өзекті мәелелердің бірі. Ұлы Жібек жолының мәдени құндылықтарын өткені мен бүгіні тұрғысынан қарастырған зерттеуде авторлар осы жол бойындағы мәдени ескерткіштерді қастерлеу және сақтау, сонымен қатар қазақстандықтардың әлеуметтік санасында, қоғамның басты бөлшегі ретінде әрбір отбасында мәдени мұраларды рухани қайта өрлету мақсатында ұлттық идеяларды дамыту қажеттігін алға тартады (Baltabayeva т.б., 2019:
225). Ал зерттеуші И. Киселев мемлекеттің
өзін-өзі әлемге танытатын құрылымдық тұжырымдамасы сол мемлекетте қалыптасқан ұлттық сәйкестік, ұлттық идея, ұлттық сана, ұлттық жад негізінде қалыптасатынын айтады (Киселев, 2003). Сондықтан «...әр халықтың материалдық және рухани мәдениетінің табыстарын қайта жаңғырту тарихи жадыны қайта орнықтырмайынша мүмкін емес» (Мәңгілік Ел, 2019: 144). Мәдениеттің ұжымдық жады болады. Бұл ұжымдық сана мен есте сақтау дәстүрі адамдарға өз қоғамында қауіпсіз өмір сүру мүмкіндігін қамтамасыз етеді (Bayraktar, 2016: 18). «Тарихи жад дегеніміз – нысаны өткен шақ болып табылатын жеке немесе ұжымдық жадтың белгілі бір бөлігі (өлшемі)» (Романенко, 2018). Жад өткен шақ туралы барлық білімді жинақтап қана қоймайды, сонымен бірге оны символдық бейне түрінде көрсетеді. Тарихи жадты зерттеп, түп негізін, себептері мен салдарларын айқындау сол өткен шақтың қазіргі уақыттағы әлеуметтік маңызын жоғары көтереді. Ұжымдық жадта жазылған оқиғалардың бейнелері әртүрлі мәдени стереотиптер, символдар, мифтер түрінде
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.
Серия Исторические науки. Философия. Религиоведение
№ 3(140)/2022 43
жеке адам мен әлеуметтік топтың әлемде және нақты жағдайларда бағдарлануына мүмкіндік беретін түсіндірме модельдері ретінде әрекет етеді (Репина, 2003).
Жалпы алғанда, «тарихи жад» ұғымының нақты анықтамасы жайлы ғалымдар арасында нақты бірыңғайкөзқарас жоқ. Зерттеушілердің бірқатары тарихи жад телінген бейне немесе ұжымдық жадтың құрылымы ретінде әрекет етеді десе, екінші біреулері тарихи жад ұжымдық сананың өнімі ретінде әрекет етеді және қоғамға өзіндік ерекшелігі мен бірегейлігін сақтап қалуға көп көмектеседі деп есептейді. Сарапшылардың пікірінше, тарихи жадтың жағымды жағы оның аксиологиялық қызметі болып табылады. Яғни, тарихтың белгілі бір кезеңдеріндегі елеулі оқиғалар мен әрекеттер ұжым мен жеке тұлғаның санасында құндылық бағдар қалыптастыруға әсер етеді.
Ал енді тарихи жадтың теріс жағы – оның идеологиялық бағытта әсер етуі. Көптеген зерттеулерде тарихи жад жеке тұлғаның жеке басын қалыптастыру факторы және жеке тұлғаның әлеуметтену факторы ретінде әрекет етеді. Тарихи жад қоғамның әлеуметтік өзін- өзі ұйымдастыру процестерінде маңызды рөл атқарады. Салт-дәстүрлер халықтың тарихи жадының нысаны ретінде әрекет етеді. Ал мәдени мұра тарихи жадтың факторы болып табылады.
Ұлттың тарихи жадына үңілуде этнографиялық зерттеу жүргізудің маңызы зор. Тарих іздері әрбір этностың, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде қолданған заттарында, айналысқан кәсібінде көрініс табады. Ұлы Жібек жолының да басты әсері, тарихи іздері халықтың тұрмыс- тіршілігі мен салт-дәстүрінде көрінген.
Айталық, сауда құндылығының өлшем бірлігі саналатын ақшаны әрбір ел өзіндік қолтаңбасымен дайындайтыны белгілі. Бұл бүгінгі күнде қалай қалыптасқан заңдылық болса, тарихымызда да солай болғанын археологиялық зерттеулер дәлелдеп отыр. А.
Әубәкірдің көне түркі ғұрыптық кешендері жайлы мақаласына назар аударсақ, зерттеуші Жібек жолы саудаларында түркілік қағандар
мен тегіндер бейнеленген монеталар көптеп қолданылғанын айтады (Әубәкір, 2015: 168).
Нақты тарихи деректер мен материалдарға сүйене отырып келтірілген осындай дәлелден сауда-саттықтың қызған ортасында түркі империясының өзіндік маңызды орны болғанын көреміз.
Мемлекет басшысы жоғарыда аталған мақаласында Ұлы даланың жеті қырының басты ерекшеліктерінің бірі ретінде ата- бабаларымыздың атқа міну мәдениетін атап көрсетіп, жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағанын айтады (Тоқаев,
2018). Осы тақырыпқа жазылған еңбектерге
тоқталсақ,З.К. Сураганова түркі халықтарының атқа міну мәдениетін Бозоқ қаласының тарихымен байланыстыра зерттейді (Сураганова, 2019), Б.Л.
Хамидуллиннің зерттеу мақаласында жылқыны қолға үйрету өнері алтын орда өркениетінің феномені ретінде қарастырылады (Хамидуллин, 2019). Ұлы Жібек жолының бойына жан бітіріп, жан- жақты дамуына қазақ халқының қосқан тікелей үлкен үлесі Шығыстан Батысқа созылған ұзақ-сонар жолдарды жақындататын бірден- бір көлік – аттарды саудаға салуы болғаны да осыны дәлелдей түседі. Оған байланысты жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, «...
Ат саудасының алтын дәуірі атанған осы Таң дәуірінде жылына 10 мың атқа сауда жасалып, оған 40 мың топ торғын төленеді екен. Кейде тіпті бір аттың құны 50 топ торғынға көтерілген кезі болыпты. Біздің ата- бабаларымыз Таң патшалығының Астанасы Чаң-ан қаласында жібек саудасымен мыңдап жүреді екен» (Зейнолла, т.б., 2015).
Жоғарыда талдау нысанына іліккен осындай зерттеулер жаһандық тарихтағы түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының орнын дұрыс пайымдап, лайықты бағасын сараптауға мүмкіндік береді. Ұлы дала өркениеті үлгілерінің, әсіресе оның ішінде тұрмыстық мәдениеті мен рухани құндылықтарының Жібек жолының қалыптасып, дамуына тигізген әсері, сол тарихи кезеңдегі атқарған рөлі, алған орны ерекше болғандығын көрсетеді.
44 № 3(140)/2022 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.
Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы
Нәтижелер
Зерттеу барысында ұлттық санадағы Ұлы Жібек жолының тарихи іздерін айқындау мақсатында сауалнама үргізілді. Сауалнамада респонденттерге «Ұлы Жібек жолы» туралы өз білім деңгейіңізді бағалаңыз деген сұрақ ұсынылған болатын. Алынған жауаптардың талдауы жағдайдың ойлантарлық екендігін көрсетеді. Атап айтсақ, сауалнамаға тартылғандардың жартысынан астамы халқымыздың басынан өткен тарихындағы осы феномен жайлы өте аз біледі (57%) немесе мүлде естімеген (3%). Сауалнама нәтижесі 1- суретте ұсынылды.
Келесі «Жібектің жасалу процесіне қатысы бар жауаптарды белгілеңіз» деген сұраққа берілген жауаптардың пайыздық көрсеткіші дәлел бола алады (2-сурет).
Алынған жауаптардан сауалнамаға қатысушылардың «Жібек жолы» атауының қалыптасуына негіз болған, ұлы сауда жолының басты тауарларының бірі – жібек жайлы, оның қалай өндірілетіні жайлы білімдерінің де төмен деңгейде екенін көреміз.
Аталған көрсеткіштер бұл тақырыпты зерттеудің қажеттігін, маңыздылығын, өзектілігін тағы да нақтылай түседі.
Сондықтан да тарих іздерінің ұлттың санасына әсерін зерттеуде лингвомәдениеттанымдық,
Сурет 1. Сауалнама нәтижесі.
Сурет 2. Сауалнама жауаптарының пайыздық көрсеткіші.
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.
Серия Исторические науки. Философия. Религиоведение
№ 3(140)/2022 45
лингвокогнитивтік, лингвопсихологиялық, этнолингвистикалық талдаулар жасаудың маңызы ерекше. Себебі тарихқа халықтың тілдік санасы тұрғысынан қарау оның жаңа қырлары мен ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік береді. Тіл әлемін зерттеу арқылы халықтың тілдік қолданысының ерекшелігін түсінуге, жекелеген тілдік бірдіктердің семантикалық әлеуетін тануға, сөйлеу тіліндегі тілдік бірліктердің саяси, мәдени, тарихи сипаттағы коннотациясын анықтап, әлеуметтік-мәдени фонын түсінуге болады.
Тілдік ұғымдардың өзіндік ерекшелігін айқындау оның тарихи кеңістіктегі орнын бағалауға мүмкіндік береді. Өйткені, «тіл – дүниені концептуализациялаудың және адам тәжірибесін рационализациялаудың әмбебап нысаны, дүние туралы бейсаналық стихиялық білімнің экспоненті және сақтаушысы, әлеуметтік маңызы бар оқиғалардың тарихи жады» (Дань, 2015).
Тілдік сана термині «екі түрлі болмысты біріктіреді: сана – материалдық емес табиғаттың психикалық құбылысы және ауызша немесе жазбаша сөйлеудің материалдық құбылысы және сонымен қатар вербалды тілдік байланыстардың қалыптасуының физиологиялық процесі»
(Ушакова, 2000: 45). Тілдік сана индивид пен ұлттың әлемінің тұтас бейнесін жасауға қатысатындықтан, оның институционалдық матрицаға сәйкес идеологияны құрайтын басым құндылығы тілде және дискурстық тәжірибеде көрініс табады.
Зерттеушілердің пікірінше, «...тілдің қызметі жалаң коммуникативтік құрал ретінде емес, ойды білдіріп қана қоймай, тілдік санада ойды түзетін, құратын, сақтайтын, жеткізетін таным тетігі, ел тарихын сақтаған мәдени-құжаттық қор», - деп тұжырымдалады (Тасболатқызы, Смагулова, 2018). Сондықтан тілдік сана, аялық білім тәрізді тілдік құрылымдардың сипатын анықтау үшін сол тілде сөйлетін ұлттың тарихын танудың маңызы зор. Тілдік сана ұлттық тілдің сөз байлығымен қалыптасып, халықтың тарихи жадындағы әлем жайлы танымы мен білімінің көрсеткіші болады. Тілдегі нақты ұғымдардың
ұлт тіліндегі, ұлттық мәдениеттегі, ұлттың әлеуметтік-қоғамдық өміріндегі қызметі мен орнын зерттелеу арқылы тарихтар бойы қалыптасқан ұлттың тілдік санасы жайлы аялық білім қорын тануға мүмкіндік ашылады. Адамзаттың рухы мен болмыс- бітімі, бостандығы мен еркі, тарихи жады мен діни наным-сенімдері, рәміз-таңбалық сипаттамалары, өмірлікдәстүрі, дүниетанымы мен мәдениеті бәрі жинақталып келіп, тілдік санада көрініс табады. Зерттеушілер аумақтық жағынан жақын орналасқан туыстас және туыс емес тілдерде сөйлеушілердің алғашқы тілдік білімді көрсететін сөздерінің мәдени жадының бейнеленуінде ұқсастық бар деген пікірді қуаттайды (Авербух т.б., 2018).
Адамның өзін қоршаған әлем туралы аялық білімі тілде заттар мен құбылыстарға, олардың сапалық белгілеріне атау беру түрінде көрініс табады. Бұл әрекетті экстралингвистикалық факторлармен байланыста қарастыру ұлттың тілдік санасын оның тарихы мен географиялық жағдайы, психологиясы мен менталитеті тұрғысынан айқындауға мүмкіндік береді.
Адамның тұрмыс-тіршілігіндегі тың өзгерістер оның тілінде көрініс табады, соған байланысты ұлттың сөздік қорында жаңа атаулар мен ұғымдар пайда болады, кейбір тілдік бірліктердің семантикалық аясы кеңейіп, коннотациялық мәні ашыла түседі.
Ұлы Жібек жолы заманынан бері қазақ халқының тарихи жадында мәдени тамырын тереңге жайған архетиптердің бірі – жібек.
Оның бойында қазақ халқының осы ұғымға деген ұлттық болмысын танытатын өзіне тән стереотиптері көрініс табады. Ғалым Қ.
Жаманбаеваның: «...символдың бір қызметі тілдік сана арқылы қолданыс табады немесе символдарды танып білу нәтижесінде тілдік сана қалыптасады», - деген пікірі жібектің қазақ танымы мен ұғымында байлықтың, нәзіктіктің символы болып орнығуының себебін көрсетіп береді (Жаманбаева, 1998:
4). Осыған байланысты қазақ тіліндегі
«жібек» архетипіне лингвокогнитологиялық, лингвомәдениеттанымдық, лингвопсихо- логиядық, этнолингвистикалық тұрғыдан талдау жасау арқылы сол стереотиптердің
46 № 3(140)/2022 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.
Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы ISSN: 2616-7255, eISSN: 2663-2489
ұлттың тілдік санасындағы орнын айқындауға болады.
Сөздіктерде «жібек» сөзіне «беті тегіс, жылтыр, қымбат, бағалы мата» (ҚДМЭС, 1997); «Жібек құртының пілләсынан өндіріліп, тоқыма-мата өнеркәсібінде пай- даланылатын табиғи талшық. Жібектің механикалық қасиеттері жоғары, әрі жақсы диэлектрик,
120-130о С ыстыққа төтеп береді» (ҚӘТС,
2011) деген анықтамалар беріледі. Ұлы Жібек жолының бойында ең көп қолданылған тауар атауларының бірі – «жібек» сөзінің халықтың этимологиясының бір нұсқасын О.
Сүлейменов ұсынады. Ол өз мақалаларында
«жібек» сөзі қытай тілінде «si» деп аталатыны туралы жазады. Осы қытайлық «сі» деген түбір сөз ұлы сауда жолының басты тауарының атауы ретінде Орта Азияға келген кезде түркілік «лік» жұрнағы жалғанып,
«сі+лік» сөзінен ағылшындардың «silk», славян тілдеріндегі «шёлк» сөздері пайда болғаны туралы болжамын айтады. Бұл сөзіне дәлел ретінде Білгеқаған ескерткішіндегі «Табғач бұдұнқа беглік ун оғлұң құл қылты, сілік қыз оғлұң күң қылты» деген жолдарда осы
«сілік» сөзінің «жібектей» деген мағынада кездесетінін айтады. Түркілер өздері жібек өндіру технологиясын меңгеріп алған кезде қазақша «жіп», түрікше «ип» сөздеріне
«ек» қосымшасы қосылып, «жібек»,
«ипек» (түрікше) сөздері пайда болды деп келтіреді (Сулейменов, 2013). Автордың бұл болжамдары да семантикалық, фонетикалық және лингвогеографиялық тұрғыдан алғанда шындыққа жанасады.
Керуен саудасы қалыптасқан кезден бастап Қытай жібегі Үндістан, Жапония, Корея және Орталық Азия мен Еуропада орналасқан елдердің назарын аударды.
Тарихта «Жібек жолы» деген атпен сақталған бұл бұйым атауымен тарих аталды. «Жібек матасы әлемдік саудада үлкен сұранысқа ие болып қана қоймай, бірқатар елдерде ол ресми валюта болып саналды, ал енді бір елдер жібек түрінде салық төлеуге міндетті болды» (Отарбаева, 2017). Қытайдан бастау алып, Еуропаға дейін тараған керуен жолында бірнеше жүздеген тауар түрлері
тасымалданып, сатылғанына қарамастан, жібек бұйымдары әрқашан ерекше сұранысқа ие болды.
Қазақ тілінде жібек матаның сапасы мен сынына, түрі мен түсіне, жұқалығы мен қалыңдығына, қолданылу дәстүріне, тоқылу ерекшелігіне байланысты алуан түрлі аталарының болуы, осы материалдық құндылықтың ұлттық дәстүрдегі берік орнын көрсетеді. Олар жібек матаның кініпас, баршын, кәләңкөр, кініпас, қатипа, күлдірі, сарпөңке, патсайы/батсайы, сіндіп, тапта, торғын, торқа, шәйі, атлас, қырмызы, маңлық, кінауыз, құлпы, маңлық деген түрлерінің атауларына қатысты төмендегі ерекшеліктері мен белгілері:
Жібек – беті тегіс, жып-жылтыр болып келген қымбат мата түрі.
Қамқа – зерлі жіптен тоқылған жібек мата түрі.
Торқа – жібек матаның ең бағалы, қымбат түрі.
Қатипа – жолақ-жолақ сызығы бар жұқа жібек матаның түрі.
Торғын – жібек матаның қымбат, бағалы бір түрі.
Биқасап – тоқылуы тығыз болып келген жібек матаның түрі.
Патсайы /батсайы – бұл да тығыз етіп тоқылған жібек мата түрі.
Баршын – жолақты жібек мата түрі.
Дүрия – жылтырауық әрі тығыз жібек мата түрі.
Насар – жібектен жасалған кездеме.
Қырмызы – жоғары сапалы қызыл жібек.
Парша – алтын-күмісті араластыра отырып, тығыз етіп тоқылған жылтырақ жібек мата және сол матадан тігілген қымбат бағалы киім.
Пай / пайы – жібек матаның бір түрі.
Барқыт – түкті, тығыз жібек мата.
Шибарқыт – өң жағына жолақ-жолақ жіңішке сызықтар түскен барқыт жібектің бір түрі.
Құлпы – түсі құбылып, өңі өзгеріп тұратын жібек мата түрі.
Сәрпөңке – астарлық жібек мата.
Қазине – жібектен тоқылатын қалың / жұқа мата түрі (Мұстафина, 2019).
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.
Серия Исторические науки. Философия. Религиоведение
№ 3(140)/2022 47
Қазақ халқының тарихында Ұлы Жібек жолымен байланысты тілдік санамызда берік орын алған «жібек» лексемасы бағалауыштық мәнге ие ұлттық-мәдени концепт. Жібек лексемасының семантикалық құрылымы қазақ әдеби тілінің сөздігенде төмендегідей беріледі:
1. Жібек құртының пілләсынан өндіріліп, тоқыма-мата өнеркәсібінде пайдаланылатын табиғи талшық;
2. Беті тегіс, жылтыр қымбат (бағалы) мата;
3. Жұмсақ, биязы, майда (ауыс. мағына);
4. Жайлы, қолайлы (ауыс. мағына);
5. Жарамды, пайдалы (ауыс. мағына) (ҚӘТС, 2011).
Осы жердегі жібек сөзінің дефинициясы
«мата», «байлық», «нәзік», «жайлы»,
«бағалы» деген семалық белгілерді қамтиды.
Аталған сөздікте ұсынылған «жібек»
сөзінің лексикалық мағынасы бүгінгі тілді қолданушылардың тілдік санасында қандай бейнеде қалыптасқанын айқындау аса маңызды. Соған байланысты тілдік санада
«жібек» лексемасының бойына жинақталған аялық білімді айқындау мақсатында сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға әртүрлі жастағы 451 респондент тартылды. «Қазақ
«жібектей» деп, нелерді жібекке теңеген?»
деген сұраққа алынған жауаптар жиілік тұрғысынан төмендегідей берілді: «мінез»
– 227; «қыз» – 93; «нәзіктік» – 55; «шаш» – 48;
«жұмсақ» – 46; «мата» – 29; «әдемілік» – 27;
«сұлулық» – 21; «сөз» – 6; «ару» – 5; «жүн» – 4;
«қылық» – 4; «жылтыр» – 4; «жел» – 3, «мақта»
– 2; «келбет» – 2; «жіңішке» – 2; «аттың жал- құйрығы» - 2; «бағалы» - 2; «қымбат» - 2.
Жүргізілген сауалнама нәтижесінде тілдік санадағы «жібек» лексемасы сөздікте берілген ұғымдардан әлдеқайда кең семантикалық белгілерді қамтитындығын байқаймыз.
Төменде диаграммада осы мәліметтерді мағыналық жағынан жақындарын біріктіріп, алғашқы ондыққа кіретін ассоциацияларды пайыздық көрсеткішімен ұсынамыз (1- диаграмма).
Талдау нәтижелері көрсеткендей, халық ұғымында «жібек» лексемасы тілдік санада ең алдымен адамға қатысты орныққан екен. Оның ішінде ару қыздың көркем мінезінің, әдемілігі мен сұлулығының, нәзіктігінің, төгілген қара шашының сипатын беруде ауыспалы мағынада қолданылады екен. Сауалнама нәтижесінде жібек матаның өзінің тікелей сапалары – жұмсақтығы, жылтырлығы, қымбаттығы мен бағалылығы, яғни тура мағынада қолданылуы саны жағынан адамға қатысты қолданылуынан аз болды.
Айқындалған этномәдени ұғымдар негізінде тілімізде «жібек» сөзінің қатысуымен жасалған ұлттық антропонимдер жүйесі қалыптасқан. Жібек есімі қыздарға «Мінезі жібектей болсын, әрі әдемі, әрі сұлу болсын Диаграмма 1. Қазақ халқының тілдік санасындағы «жібек» ұғымының ассоциациялары.
48 № 3(140)/2022 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.
Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы ISSN: 2616-7255, eISSN: 2663-2489
деген ниетпен қойылған есім» (Жанұзақ, 2009).
«Талдырмаш қара торы, ақша маңдай, Майда тіл, жібек мінез асқар жандай» (С. Мұқанов) деген ақын өлеңінің жолдары жібектің халық санасындағы қыздың образымен байланысты символдық мәнін береді.
«Қыз Жібек» лиро-эпостық жырындағы бас кейіпкер Жібек – атына заты сай, ақылына көркі сай, инабатты, ибалы, көркем мінезді, ибалы, тәрбиелі, сабырлы қазақтың қарапайым қызы. Бас кейіпкердің Жібек есімін иеленуінің өзінің символикалық мәні тереңде жатыр. Ұлттың тарихи жадындағы, тілдік санасындағы осындай көркем жанға ең бір лайық есімдерден бірі ретінде таңдалып алынған атау.
Қазақ әдемі, сұлу қызды көрсе: «Қыз Жібектей екен», - дейді. Ақылды аруды көрсе:
«Нағыз Қыз Жібектің өзі екен!» - дейді. Ата- анаға тілек ретінде «Қызың Жібектей болсын», - деген тілек айтысып жатады. Осылайша Қыз Жібек қазақ қыздарының жиынтық символикалық бейнесіне айналған. Тілімізде
«Жібек» есіміне аппақ, әдемі, гүлдей көркем, айдай сұлу, нұрлы болсын деген ниетпен «ақ»,
«гүл», «нұр», «ай» сөздерін үстемелей қосып жасалған Ақжібек, Гүлжібек, Нұржібек, Айжібек деген кісі есімдері де бар.
Қазақтың тұрмыс-салтында «жібек» ұғымы байлық, барлық, береке ұғымымен астасып, халық санасына сіңді. Жібектен тігілген киім- кешек ең қымбат, бағалы зат деп саналды.
Мысалы, қазақта «бес жақсы» деген тоғыз беру салтына қатысты айтылатын тұрақты сөз тіркесі бар. Ол жөнінде ғалым Н. Уәлиұлы:
«Үш тоғыздың ішінде бес жақсы болуы шарт.
Сол бес жақсыға жанды тоғыздан қара нар, емшегі тұтам бие (не қазанат), жансызда қалы кілем, алмас қылыш (не түзу мылтық), тәуір киім (қымбат ішік, жібек шапан т.б.) жатады», - деп жазады (Уәлиұлы, 1998: 24). Қарап отырсақ, осы жерде жібектен жасалған киім (шапан) халық санасында қымбат теріден тігілген ішікпен қатар дәрежедегі бағаға ие болған.
Жібекті материалдық құндылық деп таныған қазақ халқының ұлттық санасында осы мағынаны аша түсетін көптеген паремиялар
бар. Өйткені, «мақал-мәтелдер халықтың әр замандағы қалыптасуы кезінде оның тұрмыстық, әлеуметтік-тарихи тәжірибесі негізінде пайда болады» (Закирова, 2011: 146).
Мысалы:
«Арзан нәрсе жерде жатар,
Парша, жібек төрде жатар» деген мақалдан халық тұрмыс-тіршілігіндегі жібек матаның нарқын, бағасын көреміз.
«Жiбек белбеу – белдiң көркi,
Батыр жiгiт елдiң көркi» деген мақал болса, киім атаулының ең бағалысы осы жібек матадан жасалғаны деген мағынаны білдіріп, халық санасындағы жібектің маңызын, орнын көрсетеді.
«Жібекті ұстай алмаған жүн қылады, Қызды асырай алмаған күң қылады»
деген мақалдан жібек затын ұзақ уақыттар бойы қолында ұстап, өз тұрмысында етене қолданған, ерекшеліктерін әбден таныған қазақтың түсінігін көрсек,
«Жібек тозса, есекке жабуға да жарамайды»
деген мәтелдің мәні де алдыңғымен ұқсас келеді. Мәтелдің тура мағынасындағы қолданысында жібек матаның түр-түрін тоздырғанша кәдесіне жаратқанын, сөйтіп, барынша сырын алып, тозған кезде ештеңеге жарамайтынын білгенін көреміз.
«Жібекке – жібек, жамаса,
Жүнге жүн ғана жарасар» деген мақалдың тура мағынасы егер жыртықты жамап тігу керек болса, жібек маталы киімді жібекпен, жүннен тоқылған киімді жүнмен жамау керек дегенді білдіреді.
Ал енді «Уақыт пен сабыр тұтты жібекке айналдырады» деген мәтелден қазақ халқының жібек өндіру технологиясын меңгергендігін, бұл ұзақ та күрделі үдерістің асқан сабырлылықты, шыдамды, еңбекті талап ететінін жақсы білгендігін көреміз.
«Жақсының ашуы жібек орамал кепкенше, Жаманның ашуы басы көрге жеткенше»
деген мақалда жібек материалдан жасалған орамалдың қасиетін, сапасын тану арқылы оны адам мінезімен салыстырудың үлгісін көреміз.
Біз бұл жерде берілген паремиялар құрамындағы «жібек» сөзінің нақты өмірлік
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.
Серия Исторические науки. Философия. Религиоведение
№ 3(140)/2022 49