• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

View of Public and legal activities of the lawyer S. Kadyrbayev

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Share "View of Public and legal activities of the lawyer S. Kadyrbayev"

Copied!
26
0
0

Толық мәтін

(1)

Э.Б. Сактаганова1 Е.Е. Сайлаубай2 Н.Д. Четин3

1,2Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан

3Ахи Эвран атындағы Қыршехир университеті, Қыршехир, Түркия (E-mail:1e-saktaganova@mail.ru, 2alashorda100@mail.ru, 3nursulu@mail.ru)

Заңгер С. Қадырбаевтың қоғамдық және құқықтық қызметі

Аңдатпа. Мақалада көпшілікке беймәлім, алайда қазақ халқының көрнекті өкілдерінің бірі – заңгер, аудармашы Сейдәзім Құлмұхамедұлы Қадырбаевтың патша өкіметі тұ- сындағы оқыған оқу орындары мен оқу үлгерімі және мұғалімдік мамандықты бітір- гендігіне қарамастан алғашқы қызметін заң саласында аудармашылықтан бастауының себептері, қарастырылып отырылған кезеңдегі қазақ халқының дәстүрлі өмір салтын өзгеріске ұшыратқан қоғамда орын алған жағдайлармен байланыстырыла отырылып қарастырылады. Қызмет барысында сатылап көтерілуі де мұрағат деректерімен дәй- ектеле отырылып зерттелген. Сонымен қатар, тақырыптың зерттелу деңгейіне мән беріліп Сейдәзім Қадырбаевтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне қатысты аз- ды-көпті мәліметтер беретін ғылыми әдебиеттерге шолу жасалды. Ресейлік және отан- дық ғылыми әдебиеттердегі көптеген мәліметтер мен ресейлік және отандық мұрағат- тардан алынған деректерге салыстырыла отырып, талдау жасалды. Талдау нәтижелері Сейдәзім Құлмұхамедұлы Қадырбаевтың өмірбаянынан көпке мәлім емес фактілерді анықтап, жүйелеуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, қазақ зиялыларымен достық, ағалық байланыста болуы, оның одан әрі дамып жетілуінің негізі болғандығы және ХХ ғасырдың басында, империяда саяси белсенділіктің оянуы кезінде яғни революция және азаматтық соғыс кезеңінде ол халықтың саяси және азаматтық мүдделерін қорғауға бағытталған саяси күштермен ынтымақтастық жасауына ықпал еткені де нықтыланды. Мақалада Қадырбаевтың Алаш – Орда саяси ұйымының белсенді қайраткері ретіндегі қызметіне және арнайы заң білімінің болмағандығына қарамастан ол заң саласында сатылап кө- терілуі, өзін сауатты, білікті қызметкер ретінде таныта білуі, сонымен қатар, заң саласына қажетті көмекші құралдар жазып бірнеше заңдарды орыс тілінен қазақшаға тәржімалап, оларды қазақ елінің тұрмыс салтына бейімдей отырып жазу арқылы са- уатсыз халықты құқықтық қорғауға қосқан үлесі және Қазақстанның заңтану ғылы- мын кәсіби деңгейде зерделеген, соның ішінде, алғашқылардың бірі болып құқық теори- ясының мәселелерін кәсіби деңгейде талдаудан өткізіп, құқықтану бағытында бірнеше еңбектерді қазақшаға тәржімалаған қайраткерлердің бірі ретінде де баға берілді.

Түйін сөздер: аудармашы; хатшы; наркомюст; заңгер; сот жүйесі; Алашорда; интел- лигенция; титулды аға кеңесші.

DOI: https://doi.org/10.32523/2616-7255-2021-134-1-94-106 Поступила: 15.01.2021/Одобрена к опубликованию: 15.03.2021

(2)

Кіріспе. ХХ ғасырдың басында қалыптасқан қоғамдық-саяси ахуал қазақ даласына үлкен өзгерістер әкелді. Көшпелі қазақ қоғамы ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлері мен шаруашылық жүргізу ерекшеліктерінен ажырап, жағдайлары қиындай түсті. Осы кезеңде қазақ интеллигенциясы өздерінің саяси бағыттарын айқын көрсетіп, белсенділік танытты. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының үлкен бөлігі гимназия мен прогимназиялардың, медициналық училищелер мен курстардың, мұғалімдер даярлайтын семинариялардың түлектерінен тұрды. Олар дәрігерлік, фельдшерлік, мұғалімдік кәсіпте, байланыс және банк қызметінде, газет пен журнал редакцияларында, баспаханаларда, переселен және басқа мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеді. Зиялылар тарихын зерттеуші маман профессор В.К. Григорьевтің есебі бойынша, бұл топтағы ұлттық интеллигенцияның саны 700 шамасында.

Бұл топтың қатарында Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Елдес Омаров, Мырзағазы Есболов, Телжан Шонанов, Сейдәзім Қадірбаев, Жұмағали Тілеулин, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Омар Қарашев, Сағындық Досжанов, Отыншы Әлжанов сияқты және басқа көптеген белгілі қайраткерлер болды [1, 48 б.].

Ұлттық саяси топтың алдында экономикалық әлеуметтік жағдайы төмен, қараңғы, өзінің осы ауыр күйін түсінуден алыс тұрған қарапайым халықтың сауатын ашып, саяси белсенділігін көтеріп, сол арқылы мүмкін болғанша оны өз тағдырын өзі өзгерте алатындай күйге жеткізу сияқты өте күрделі міндеттер тұрды.

Әртүрлі әлеуметтік топтар өкілдерінен құралған қазақ интеллигенттерінің бір бөлігі рессейлік университеттерде білім алған болса, енді бір тобы училищелерде оқыған болатын. Алайда олар қандай оқу орындарын бітіргендіктеріне қарамастан, түрлі мемлекеттік қызметтерде жұмыс жасай жүріп қоғамдық саяси жұмыстармен де айналысты.

Аталған кезеңдегі, қазақ интеллигенциясы

өкілдерінің бірі – Сейдәзім Құлмұхамедұлы Қадырбаев болатын.

Торғай өлкесінен шыққан Сейдәзім Құлмұхамедұлы Қадырбаев қазақ тарихында өз орнын ала алмай келген тұлғаның бірі. Оның өмірі, қоғамдық – саяси, құқықтық саладағы қызметі Қазақ елінің жарқын болашағына арналды. Туған халқының мүддесі үшін адал қызмет етіп, сол жолда құрбан болса да, ұзақ жылдар бойы ұлтына меймәлім болып келген Сейдәзім Қадырбаевтың өмірі мен қоғамдық – саяси қызметін тарихи тұрғыдан зерттеу қазіргі заман талабы қажет етіп отырған мәселе деп білеміз. Сейдәзім Қадырбаевтай санаулы азаматтың өмірі, еңбек жолы туралы осы кезге дейін толыққанды дәйекті сөздің айтылмауы, жазылмауы осы ізденісімізге негіз болды. Тақырыптың тарихи – танымдық маңызы осындай өзектілігімен ерекшеленеді.

Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 5 қаңтарында президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында айтып өткеніндей «Біз кезінде елге қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен Алаш қайраткерлерінен тағлым аламыз.

Олар өткен ғасырдың басында тәуелсіздік идеяларын халық арасында дәріптеуге зор еңбек сіңіріп, азаттық жолында құрбан болды... Тәуелсіздік мерейтой аясында осындай біртуар тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш етуіміз керек... Алаш арыстарының асыл мұрасын игеру жалғаса беруге тиіс.»

-деген сөздердің өзі Алаш қайраткерлері мен олардың шығармашылық мұраларын зерттеу үнемі өзекті болып қала беретіндігін көрсетеді [2, 2 б.].

Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысының деректік базасы болып, мұрағаттарда сақталған құжаттар мен арнайы басылымдарда жарияланған материалдар табылды. Атап айтар болсақ, Ресей Федерациясының Орынбор қаласындағы Орталық мемлекеттік мұрағаты қорларының материалдары, Воронеж қаласындағы Воронеж облыстық қоғамдық-саяси тарих мұрағаты мен Алматы қаласындағы Орталық мемелекеттік мұрағат және Алматы қаласындағы Президентттік

(3)

мұрағат пен Қостанай облыстық мемлекеттік мұрағаты қорларындағы алаш қозғалысы мен С. Қадырбаевтың өмірі мен қызметіне қатысты жеке істермен жұмыс жасалды.

Жұмыстың әдіснамалық негізін, объективтілік, жүйелілік, дәйектілік, нақтылық, салыстырмалық сияқты ғылыми- тарихи танымның негізгі принциптері құрады. Зерттеу жұмысының тақырыбы жеке тұлғаның өмірі мен қоғамдық саяси қызметіне бағытталғандықтан, оның жеке көзқарастарын баяндау барысында тарихи микроанализ әдістері қолданылса, сонымен қатар, жеке тұлғаның қайраткерлік көзқарасының қалыптасуына әсер еткен қоғамдық мәселелерді баяндау барысында макроанализ жасау әдістері де кеңінен қолданылды.

Талқылау. Сейдәзім Құлмұхамедұлы Қадырбаев заңгер, аудармашы, саяси қайраткер, алайда зерттелмеген ақтаңдақтар қатарында. С. Қадырбаев туралы және оның аудармалары мен заң саласындағы кітаптары төте жазумен жазылғандықтан және біздің елімізде емес, шет жерлердегі мұрағаттарда сақталғандықтан, оның көптеген еңбектері бізге әлі күнге дейін беймәлім болып отыр.

1980 жылдардың соңы мен 1990 жылдардың басында Алаш зиялылары жаппай ақталып, жеке тұлғалардың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі, ғылыми-шығармашылық мұралары туралы зерттеулер көптеп жариялана бастады.

Дегенмен, ондай шығармалардың арасында С. Қадырбаевқа қатысты жазылғандары аз болды.

Сейдәзім Қадырбаев тұлғасы туралы зерттеулер естелік жазбаларда, жалпы Алаш пен Алашорда тарихы туралы еңбектерде, зиялылар туралы жалпылама тізімдерде, анықтамалық мазмұндағы басылымдарда бір-екі жолмен ғана кездеседі. Атап айтар болсақ: Н. Мартыненконың «Алаш-Орда:

Сборник документов» атты еңбегінде, 1-2 сәуір аралығында Орынбор қаласында болып өткен Торғай облысы қазақтарының съезінде С. Қадырбаевтың хатшылыққа сайланғандығы және сондай-ақ, бүкіл қырғыз халқын біріктіру, оның мұқтаждықтарын анықтау және талқылау мақсатында, жалпы түркі

съезін шақыруды қажет деп тауып, арнайы ұйымдастыру бюросын құруған. Аталған бюро құрамына сайланғандар ішінде Сейдәзім Қадырбаевта бар. Оларға съезд бағдарламасын әзірлеу және съездің шақырылу орны мен уақытын анықтау тапсырылған. Сондай-ақ, жалпы мұсылмандық мәселелерді шешуге қатысу үшін Торғай облысынан 1-8 мамырда Мәскеуде өтетін жалпы мұсылман съезіне 4 делегат іс сапарға жіберілген, солардың бірі С. Қадырбаев деп берілген [3, 21-120 б.].

М. Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы»

етты еңбегінде Қадырбаевқа қатысты Н. Мартыненконың кітабында аталған деректерден өзге, «Қазақ» газетінің жанынан құрылған «Еркін дала» ұйымын құрушылар арасында аты аталса, сонымен қатар, қазақ зиялыларының халққа жолдаған хат авторларының бірі ретінде де бірнеше рет есімі аталады [4, 112-433 б.].

Е. Тілешов және Д. Қамзабекұлының

«Алаш қозғалысы. Энциклопедиялық анықтамалық» еңбегінде 244-245 беттерде Сейдәзім Қадырбаевтың қысқаша өмірбаяны ғана берілген [5, 244-245 б.].

М. Ескендірұлының (Әбдешев) «Алаш Орда» министрлері» атты кітабында Қадырбаев Сейдәзім мүшелікке кандидаттар деген тізімде 11 болып тұр және 1885-1938 жылдары өмір сүрген, торғайлық, заңгер деген ғана жазбалар кездеседі [6, 6 бет.].

Т. Жұртбайдың «Ұраным-Алаш!...» атты еңбегінде Сейдәзім Қадырбаевты Алаш қайраткерлерінің белді мүшелерінің бірі ретінде сипаттайтын және Міржақып Дулатовқа бағытталған тергеу сұрақтарында аты жиі аталатындығы жөнінде де тың көптеген деректер берілген [7, 24-438 бб; 8, 17- 447 бб].

Б. Әбдіғалиұлының «Торғай көтерілісі.

1916-1917 жж.» атты еңбегінде «Торғай Һәм Ырғыз үйезінің халқына» атты А.

Байтұрсынов, М. Дулатұлы, М. Тұнғаншин және С. Қадырбаевтардың халыққа жолдаған хаты берілген [9, 86 б]. Ал «Алаш әскері. 1918- 1920 жж.» атты еңбегінде С. Қадырбаевтың қысқаша өмірбаяны мен жалпы алаш қозғалысы тарихын баяндайтын еңбектерде

(4)

кездесетін кейбір мәліметтер берілгенін [10, 52-286 бб] көруге болады. Жалпы көп деректің арасынан Қадырбаевтың ара-тұра есімі кездескенімен, оған қатысты молынан қамтылған, хронологиялық жағынан жүйеленген дерекнамалар көзге ілікпейді.

Сейдәзім Құлмағамбетұлы Қадырбаев тарих қалтарысында қалып, қазақ тарихында өз орнын ала алмай келген тұлғаның бірі.

Сондықтан біз бұл зерттеуімізде жаңа тарихи мәліметтер мен қолжетімді мұрағат көздерін негізге алатын боламыз. Сондай-ақ, Сейдәзім Қадырбаев туралы азды-көпті зерттеулерді де пайдаланамыз.

Сейдәзім Қадырбаевтың өмірбаяны мен қоғамдық-саяси қызметін толығырақ таныстыру мақсатында автор жүйелі зерттеу жұмысын жүргізуге негіз болатын, бұрын соңды жарияланбаған, тың мұрағат деректерін ғылыми айналымға енгізді. Нақты С. Қадырбаев шығармашылығы бойынша анықталған материалдарды талдау, еуропо – кеңестік стандартпен дайындалған қазақ интеллигенциясының, реформаланушы азаматтық қоғамның маңызды факторлары болып табылатын әлеуметтік-құқықтық сала мен ғылым және білімді дамытудағы, әлеуеттік мүмкіндіктері туралы, логикалық тұжырым жасауға мүмкіндік берді.

Қазақ зиялысы, заңгер, аудармашы, Алаш қозғалысының, Алаш партиясының, Алаш үкіметінің белсенді мүшесі Сейдәзім Құлмұхамедұлы Қадырбаевтың халықтың келешегі үшін жанпида өмір кешкен, ұлт алдындағы перзенттік борышын орындаған азаматтық позициясы, өз елінің демократиялық құқықтарын қорғау жолындағы қайраткерлігі, ел басына күн туған тарихи шешуші сәттердегі ұлт, халық мүддесін қорғауға қосқан үлесі – оның ғұмырнамасын, тұлғалық бейнесін ашу арқылы зерделенеді.

Нәтижелер. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүріп, қазақ елінің тарихында елге елеулі еңбек сіңірген, ұлт мүддесі үшін қызмет еткен айтулы тұлғалардың бірі Сейдәзім Қадырбаев.

Сейдәзім Қадырбаевтың тұлға ретінде қалыптасып дамуы Ресей империясы,

кейіннен оның тікелей жалғасы болып табылатын Кеңес өкіметінің қазақ жерін түгелімен бағындырып, бұрынғы қоғамдық- саяси жүйенің күйреп, ел ішінде бірлік идеясы құлдырып, өзара алауыздықтар өршіп тұрған кезеңмен тұспа-тұс келді.

Ашып айтар болсақ, ХХ ғасырда Қазақстан толықтай Ресей империясының бодандығында болды. Әкімшілік–басқарушылық және сот–

құқықтық реформалар қазақ қоғамының қалыптасқан экономикалық және мәдени өмірін өзгертті. 1914 жылы басталған бірінші дүние жүзілік соғыс зардаптары да, әсіресе, қара халыққа үлкен ауыртпалықтар әкелуімен қатар, шенеуніктер тарапынан сауатсыз қазақ халқының құқығы тапталып, түрлі зорлық-зомбылықтар да жасалды.

Патша өкіметінің қазақ жерін бағындыруға және билей түсуге бағытталған саясаты тек біржақты жауынгерлік күш көрсетумен ғана шектелмей, мәдени-ағартушылық бағыт арқылы қолдау көрсеткендей сыңай танытып, империя мүддесін көздейтін білім беру орындарын ашу арқылы да жүзеге асырылды.

Себебі өлкелерде үкіметтің ықпалын арттыру мақсатында ұлттық кадрлардың әлеуметтік секторда қажеттілігі туындады. Жаңа білім беру моделі арқылы, сол халықтың өз ішінен білімді және сауатты азаматтарды даярлап, оларды халықты еркін басқару бағытында өз мақсаттарына пайдалануды көздеді. Осындай мақсатта құрылған білім ордаларының бірінде оқыған қазақ жастарының бірі С. Қадырбаев болатын.

С. Қадырбаев 1899-1901 жылдар аралығында Торғайдағы екі жылдық орыс- қазақ училищесінде оқып, білім алған.

Училищені үздік бағамен тамамдаған Сейдәзім Қадырбаев сол жылы одан әрі білімін жетілдіру мақсатында Орынбор қаласындағы Орынбор қырғыз мұғалімдер мектебіне оқуға түседі. Аталған оқу орнында Торғай облыстық басқармасының қазыналық есебінен оқыған. Алайда С. Қадырбаев 1905 жылы мұғалімдік оқуын бітіргеннен кейін, үлгілі тәртібі мен жоғары оқу үлгерімі және сол кезеңдегі жоғары сұранысқа ие болған орыс тілін жоғары деңгейде меңгергендігі

(5)

себепті, алғашқы жұмыс жолын мұғалімдіктен емес, Орынбор қырғыз мұғалімдер мектебінің инспекторы Андрусевичтің берген мінездемесі мен ұсынысы негізінде Орынбор аймақтық сотында аудармашылықтан бастаған.

Ұсыныстың мектеп инспекторы Андрусевичтің өзінен берілгендігіне байланысты Сейдәзім Құлмұхамедұлы Қадырбаев Орынбор қырғыз мұғалімдер мектебін бітіргеннен кейін, 6 жыл қырғыз бастауыш мектебінде мұғалім болып қызмет істеу және аталған оқу орнында Торғай облыстық басқармасының қазыналық есебінен оқығандығы себепті 360 сом қаржыны қайтару міндеттемесінен босатылған [11, 6 б.; 12, 150- 151 б.]. Мұрағат деректеріне талдау жасау арқылы, С. Қадырбаевтың жоғарыда аталған екі білім беру ордаларында да білім үздігі ғана болып қоймай, үлгілі тәртібімен және тілді игеру деңгеймен де көзге түскендігін көруге болады.

ХІХ - ХХ ғасырлар тоғысында қазақстандық студенттер империяның барлық оқу орындарында түрлі мамандықтарда оқыған.

Алайда қазақ жастары арасында заң мамандығына деген қызығушылық басым болған. Бұл қызығушылықтың өсуіне әсер кеткен маңызды себептердің бірі дәстүрлі әдет-ғұрып құқығының қолданыстан ығыстырылып, орнына қара халық үшін түсініксіз болып саналған, әрі орлардың өмір сүру салтына бейімделіп жасалынбаған империялық сот жүйесінің енуі еді. Сондай- ақ, көп жұрттың оқымаған қараңғылығының салдарынан жаңадан енгізілген сот жүйесін түсінбеудің яғни құқықтық сауатсыздықтың салдарынан көпшіліктің құқықтары тапталып, қоғамда көптеген әділетсіздіктердің орын алуы да қазақ жастарының заң саласына деген бет бұрысына ықпал жасады деген, тұжырым жасауға толық негіз бар.

Мұғалімдік мамандықты игергендігіне қарамастан, сондай қызығушылықпен өмір сүрген қазақ жастарының бірі - Сейдәзім Қадырбаевтың да қызмет жолы патшалық Ресейдің сот органдарында аудармашылық қызметтен басталып, кейін сот саласында түрлі қызметтер жасаумен жалғасын табуына,

сонымен қатар, қазақтың дәстүрлі құқығының орнына империялық жалпыға бірдей заңдық жүйе енгізілген кезеңде, оқыған, орыс тілін жақсы меңгерген қазақ жастары, басқаушы аппараттың тарапынан жоғары сұрасына ие болғандығыда әсер етсе керек.

Орынбор облысының мемлекеттік мұрағатынан табылған Сейдәзім Қадырбаевтың жеке ісі нақты алғаш жұмысқа орналасқан кезеңінен бастап, яғни 1905 жылдың 28 шілдесі мен 1918 жылдың 14 қыркүйек аралығын толық қамтыған.

Орынбор генерал губернаторлығына қарасты, Торғай облысының әкімшілік қарамағындағы Торғай уезінің тумасы Қадырбаевтың еңбек жолын толығырақ қарастыратын болсақ: Орынбор мұрағатынан табылған жеке ісінің 5 бетінде Сейдәзім Қадырбаевтың Орынбор аймақтық сотының төрағасына жазған аймақтық соттағы аудармашылық бос жұмыс орнына жұмысқа қабылдауын сұрап жазған өтініші тіркелген.

Сонымен қатар, аталған құжаттың 6 бетінде, Орынбор қырғыз мұғалімдер мектебінің инспекторы Андрусевичтің 4 тамыз 1905 жылы Орынбор аймақтық сотының төрағасына жазған Сейдазым Қадырбаевтың адамгершілік қасиеттері туралы төмендегі толық мәтіндегі:

«Всльдствіе отношенія оть 28 іюля за №1174 честь имью сообщить, что окончившій вь ныньшнемь году курсь ввьренной мнъ школы Сейдазымъ Кадирбаев, будучи въ школъ 1-ымъ ученикомъ, былъ отличнаго поведенія, прекрасно усвоилъ себъ какъ русскій яз., на которомъ изъясняется вполнъ свободно и правильно, такъ и другіе предметы, преподаваемые въ школъ; выработалъ твердыня, честныя убъжденія и прекрасный характеръ, съ добрыми нравственными качествами; проникнуть уваженіемъ и любовью къ русской гражданственности и высокимъ патріотизмомъ. А посему могу его рекомендовать на должность переводчика при Окружномъ Судъ, но считаю нужнымъ сообщить, что Кадирбаевъ, какъ получившій воспитаніе въ школъ на счеть Тургайскаго Областного Правленія, обязанъ службой въ Тургайской Области въ должности учителя

(6)

начального училища и отъ Областного Правленія зависитъ освободить его отъ возврата денегъ за полученное образованіе, в суммъ 360 руб. Документы Кадирбаева, а именно: свидътельсиво на званіе учителя за № 305, свидътельство объ оконгчаніи курса въ Тургайскомъ 2-х классномъ учил.

за № 55, медицинское свидътельство за

№ 76 и удостовъреніе о лътахъ за № 349 при семъ прилагаю и о полученіи ихъ покорнъише прошу увъдомить меня» - деп жазған мінездемесі негізінде, Сейдәзім Қадырбаевтың Орынбор аудандық соты төрағасының 1905 жылғы 5 тамыздағы №26 бұйрығымен 3 санаттағы канцеляриялық қызметкерлер бөліміне 1905 жылдың 20 тамызынан бастап сот аудармашысының түзетушісі міндетін атқарушысы ретінде жұмысқа қабылданғандығы жөніндегі бұйрық Орынбор мұрағатынан табылған жеке ісінің 9 бетінде тіркелген.

Жоғарыда аталған мұрағат ісінің 8 бетінде Торғай уезінің №2 дәрігерлік бөлімшесі дәрігерінің С. Қадырбаевтың денсаулығы жөнінде берген анықтама куәлігі, 10 бетте Сейдәзім Құлмұхамедұлын жұмысқа қабылдану алдында берген ант беру отырысының хаттамасы мен екі беттік орыс және төте жазумен жазылған, «Клятвенное объщаніе» атты құжат тіркелген. Ант беру Орынбор соборный мешітінде Г.

Давлетшиннің ұйымдастырумен өткізілген.

Жоғарда аталған істің 14-бетінде, 1907 жылдың 23 ақпанында Қадырбаевтың ауырып қалуы себепті лауазымдық міндеттерін орындай алмайтындығы жөніндегі есебі берілсе, 15 бетте Сейдәзімнің

«инфлюэнцеймен» (тұмау) сырқаттанып қалуына байланысты дәрігердің берген анықтамасы тіркелген.

Одан әрі, азаматтық бөліміндегі ең жоғарғы

№84 бұйрықпен 1907 жылғы 17 желтоқсандағы Орынбор аудандық сотының аудармашысы Кадирбаевқа 1907 жылдың 20 тамыздан бастап жоғары еңбек өтілі бар колледж тіркеушілігіне ауыстыру туралы шешім шығарылады. Аудармашылық қызметтегі жалақысы 300 рубльді, асханалық-150 рубль,

пәтерақысы-150 рубль, барлығы 600 рубльді құрады.

1908 жылдың 17 сәуірінде Орынбор аймақтық сотының төрағасына жазған Сейдәзім Құлмұхамедұлы пара-тифпен (іш сүзегі) сырқаттанып қалғандығы жөніндегі рапорты, аталған істің 29 бетінде тағыда тіркелсе, 31 бетте 1908 жылдың 12 мамырында

«Іш сүзегімен ұзақ мерзімге ауырып қалуым салдарынан, қазіргі уақытта маляриямен (безгекпен) ауырып жүрмін. Күш-қуатым азаюы себепті және дәрігерлер осындай әлсіздіктің кесірінен өкпе туберкулезінің пайда болу қаупі де бар екендігін, ескертті»

дей отырып, денсаулығы мен күшін қалыпқа келтіру үшін екі ай жайлауда қымыз ішіп, таза ауамен демалу керектігін ескертті дей келе, екі айлық демалысқа сұранады. 32 бетте дәрігердің берген анықтамасыда тігілген.

Орынбор аймақтық соты төрағасының 1908 жылғы 7 шілдедегі бұйрығымен ол қазылар алқасы сотының аудармашысы болып бекітілді. Бұл қызметтегі жалақысы 450 рубльді, асханалық-225 рубль, пәтерақысы-225 рубль, барлығы 900 рубльді құрады.

Сот төрағасының 1908 жылғы 9 тамыздағы

№ 41 бұйрығына сәйкес уақытша 11-21 тамыз аралғында аймақтық соттың кассасын басқару міндеті сеніп тапсырылған.

1909 жылдың 9 шілдесіндегі сот төрағаның

№25 бұйрығымен 15 шілде мен 1 қыркүйек аралығында аймақтық соттың кассасын басқару және сот ғимаратының қараушысы қызметтерін уақытша атқару міндеттері жүктелген.

1910 жылғы 30 сәуірдегі №21 бұйрығымен ол сот отырысында хатшы міндеттерін орындау үшін соттың қылмыстық бөліміне жіберілген.

Мұрағат деректеріне мұқият зер салып талдау барысында, 1910 жылы 1 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында 1910 жылдың 31 шілдедегі №47 бұйрығымен аймақтық соттың кассасын басқару қызметін уақытша атқару міндеттері үшінші мәрте сеніп тапсырылғандығын және негізгі аудармашылық қызметімен қатар өзгеде қосымша жұмыстардың жүктеліп

(7)

отырғандығын анықтай отырып, Сейдәзім Қадырбаевтың еңбек жолының алғашқы жылдарынан бастап-ақ, жақсы қырларынан көзге түсіп, басшылық тарапынан оның қызмет барысындағы адалдығы мен еңбекқорлығы жоғары бағаланғандығын аңғаруға болады.

1910 жылғы 28 қыркүйектегі азаматтық ведомство бойынша ең жоғары №66 бұйрықпен атқарған қызмет жылдары үшін жоғары губерниялық хатшы шені берілді. Ал 1911 жылдың 28 наурызында Сейдәзім Құлмухамедұлы Қадырбаев осы күнге дейін ешқандай рұқсат құжатының болмауына байланысты Орынбор аймақтық сот төрағасынан жедел түрде мерзімсіз паспорттық кітапшаны беруіңізді сұраймын деген білдірмесі 39 бетте тіркеліп, оған жауап ретінде 40 бетте Орынбор аймақтық сотының төрағасымен мерзімсіз паспорттық кітапша 29 наурыз 1911 жылы беріледі.

1911 жылы 15 қазаннан бастап Орынбор аймақтық сотында аудармашылықтан №50 өкімімен уездік соттың қылмыстық бөлімінің хатшылық қызметіне тағайындалуы жөніндегі бітімгер соттың рапорты 42 бетте тіркелген.

Осы қызметтегі жалақысы 1500 рубльді құрағандығында көруге болады.

1913 жылдың 19 ақпанында Сот мекемесінің жарғысы негізінде №14 бұйрықпен 1913 жылдың 21 ақпанынан бастап хатшы қызметіне тағайындалды және осы мұрағат құжатының 43 бетінде Жоғарғы бұйрық негізінде 1913 жылдың 21 ақпанында Орынбор аймақтық сотының губерниялық хатшысы С.Қ. Қадырбаевқа Романовтар әулетінің 300 жылдық мерейтойына орай қола төс белігісімен марапатталып, тағып жүруге рұқсат берілгендігі туралы куәлігі тіркелген. Қола төс белгімен марапатталуы Қадырбаевтың өз ісінің білікті маман ретінде жоғары бағаланғандығының тағы бір дәлелі болып табылады.

1913 жылдың 19 шілдесінде С.Қ.

Қадырбаевтың Орынбор аймақтық төрағасына жазған білдірмесінде дәрігер Мышкинаның медициналық анықтамасын ұсына отырып, 23 шілдеден 23 тамыз аралығына берілген еңбек демалысы денсаулығын қалпына

келтіруге жеткіліксіз болуына байланысты 1 қыркүйекке дейін ұзартуды сұраған.

1914 жылғы 9 маусымдағы азаматтық ведомство бойынша ең жоғары №41 бұйрықпен еңбек сіңірген жылдары үшін коллеждік аға хатшы болып бекітілді. Мұрағат деректерін талдау барысында Қадырбаевтың бірнеше мәрте сырқаттанып, ұзақ уақыт ем қабылдағанына қарамастан, одан әрі жұмысын жалғастырып қана қоймай, қызмет бабында жоғарылап көтерілгендігін де көруге болады.

Орынбор округтік сотының қылмыстық бөлімшесінің хатшысы Сейдазым Құлмұхамедұлы Қадырбаев 1916 жылдың 20 тамызынан бастап №93 бұйрықпен еңбек сіңірген жылдары үшін титулды аға кеңесші лауазымына ауыстырылды [11, 45 б.].

1917 жылы Ресейде болған ақпан революциясының нәтижесінде, бірнеше ғасырға созылған патша үкіметінің билігі құлап, оның орнына буржуазиялық- демократиялық республика орнады. 1917 жылғы Ақпан төңкерісін, сол кезде А.

Байтұрсынов жазғандай, «қырғыздар оны дұрыс түсінді және қуанышпен қарсы алды, өйткені, біріншіден, төңкеріс оларды патша үкіметінің қысымшылығынан және зорлық – зомбылығынан босатты, екіншіден, олардың өз армандарын жүзеге асыруға - өз бетінше басқаруға деген үмітін нығайтты» деп жазса [13, 24 б], ал Ә. Бөкейханов Минскіден Қазақстанға 1917 жылдың 16 наурызында зор ықыласпен жолдаған жеделхатында:

«Ресейдің барлық халықтары үшін еркіндік, теңдік, бауырластық күні туды»

деп жазылған болатын [14, 190-199 б]. Бұл ақпан революциясы Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың заңды нәтижесі еді. Осылайша ұзақ уақытқа созылған Ресей империясының отарлық езгісі жойылып, билік Уақытша үкімет қолына көшті. Қазақ даласындағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатыстқандарды жазалау процесі жүріп, патшаның 25 маусым жарлығына қарсы шыққандарды түрмеге қамап, өлім жазасына кесіп, қатаң жаза қолданып, ұлттық намысты аяққа таптап,

(8)

қорлық-зорлықтың күшейіп жатқан кезінде патшаның тақтан түсуін «бұратана» атанған халықтар зор қуанышпен қарсы алды.

1917 жылы наурыз айының 10 бастап облыс, уез, болыс және ауылдарда ескі құлаған үкіметтің орнына жаңа Уақытша үкіметтің басқару орындары қалыптаса бастайды.

Бүкіл Ресей сияқты Қазақстанда да ол билік орындары алғашқы кезеңде Азаматтық комитеттер есебінде пайда болды. Үкімет билігін қолына алаған Уақытша үкімет қазақ интеллигенция өкілдерін қызметке тартты.

Осылайша автократия құлағаннан кейін ұлт – азаттық қозғалыстың өкілдері, қазақ қоғам қайраткерлері, бірінші кезекте «Алаш»

партиясының көшбасшылары (мысалы А Байтұрсынов, А. Бірімжанов, С. Досжанов, М. Дулатов, С. Қадырбаев, А. Қозбағаров, Р. Марсеков, М. Тынышбаев, М. Шоқаев), Уақытша үкіметтің жергілікті органдарының құрамына енді [15, 42-44 б]. Сонымен, ескі патшалық билік жойылып, оның орнына жаңа билік келгенімен қазақ қоғамының талап- тілектерінің тағыда ескерусіз қалуы әбден мүмкін еді. Соған байланысты Азаматтық комитеттерімен бір мезгілде облыстық, уездік және болыстық деңгейде Қазақ комитеттері өмірге келе бастайды. Қазақ комитеттерінің өкілдері облыстық және уездік Азаматтық комитеттерінің атқару органдарына мүше болып енеді.

Қазақ комитеттері ұлт-азаттық қозғалыстың Ақпан революциясынан кейінгі кезеңдегі даму нәтижесі, оның өзінің түпкі, негізгі мақсаты – мемлекеттік еркіндікке ұмтылысының табиғи көрінісі, ұлттық мемлекет болуға жасаған алғашқы қадамы болатын.

Наурыз айының ортасына қарай Торғай облыстық Азаматтық комитеті құрылып, оның құрамына енгендердің арасында А.

Байтұрсынов, Н. Бегімбетов, М. Тұнғанчин және С. Қадырбаев бар еді. Комитет Торғай облысы азаматтарына үндеу жолдап, онда жергілікті жерде тәртіп сақтау қажеттігін, соғысты жеңіске жеткенге дейін жүргізу үшін үкіметке көмек беру керектігін айтып,

«сословиелік, таптық, партиялық және діни қырқысуға» шек қоюға шақырды. Құжатта

тез арада өз араларынан уездік, аудандық, болыстық, селолық және ауылдық Азаматтық комитеттер сайлап, жергілікті жерде тәртіп және тыныштық орнатуға үндеу бар еді [16, 19-19об-п].

ҚР ОММ-ның 1541-қоры 1-тізімдеме 3201-ісінің 38-39 беттеріндегі « 1917 жылдан кейін деген кестеде: «1917 жылдың наурыз- шілде айларында Орынборда Торғай облыстық азаматтық атқару комитетінің мүшесі болдым» - деген жауабы ҚР Президенттік мұрағаты деректерінде айтылған деректі одан әрі нақтылай түседі.

1917 жылдың 1 сәуірінен 7 мамырға дейінгі аралықта Ұлт зиялыларының бастауымен жер-жерлерде облыстық қазақ съездері болып өтеді. Бұл съездердің барлығыда Уақытша үкіметтен үлкен үміт күтіп, сенім артты.

Облыстық қазақ съездерін бастап берген 1-2 сәуір аралығында Орынбор қаласында болып өткен Торғай облысы қазақтарының съезі еді.

Съезге барлығы 300-ден астам адам қатынасты. Съезд жұмысы негізінен А.

Байтұрсынов, С. Қадырбаев, У. Танашев, О.

Алмасов сияқты Алаш қозғалысының алдыңғы қатарлы қайраткерлерінің ықпалымен өтті.

Мәжіліс төрағалығына Ахмет Байтұрсынов, орынбасарлығына 1-ші Мемлекеттік Думаның мүшесі А. Кәлменов пен У Танашев, хатшылығына С. Қадырбаев, О. Алмасов, Ш.

Бекмұхамедов сайланды.

Съезге жаңа ғана Торғай облысының комиссары қызметінде бекітілген Ә.

Бөкейханов та қатынасады. Бұл «Қазақ» тілшісі Имам Әлімбеков тура атап көрсеткендей

«қазақтың орыс қол астына кіргеннен бері зор қалыпта құрылған тұңғыш съезі»еді [17, 41- 351 б.]

Съезд жаңа тәртіп жайы және бұрыннан келе жатқан қазақтың ең өзекті дін, жер мәселесін, земство туралы, оқу, сот тағы сол сияқты барлығы 13 мәселені қарап, олар бойынша қаулы қабылдады. Қаралған мәселелердің бірі оқу ісі жөнінде «жалпы міндетті оқуды съезд аса қажет көргеннен кейін, қазірге бастауыш мектептерді көбейтуге қаулы» етіп, «100 үйге бір мектептен кем болмасын, оқу ана тілінде болсын һәм әйел-еркек балалар бірге оқысын»

(9)

деп көрсетті. Сондай-ақ, съезде аса маңызды екі саяси мәселе бойынша комиссия құрғанын айта кеткен жөн. Олардың біріне патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы «бұратана»

халықтардан қара жұмысқа адам алу жөніндегі жарлығына қарсы шығып, патша үкіметінің абақтысында азап шегіп жатқандарды босату және 1916 жылғы көтеріліс кезінде басқа елдерге қашып немесе босып кеткендерді, қара жұмысқа алынғандарды еліне қайтару мәселесі жүктелсе, екіншісіне жалпы қазақ съезін дайындау міндеті тапсырылды. Съезд жалпы қазақ съезінде қаралатын мәселелерді дайындауға, орнын һәм уақытын лайықтап, жұртқа хабар беруге айрықша бюро құрып, оның ағзалары етіп Ә. Бөкейхановты, А. Байтұрсынұлын, М. Дулатұлын, С.

Қадірбаевты, Ғ. Есенғұловты, И. Әлімбековты, Е. Тұрмұхамедовты және К. Тұрымовты бекітеді.

Съезд Торғай облыстық атқару комитетін сайлап, оның төрағалығына заңгер Ткаченконы, оған орынбасарлыққа С.

Қадірбаевты, мүшелікке басқалармен бірге А. Байтұрсынұлын, М. Дулатұлын және Н.

Бегімбетовты бекітеді [4, 304-324 б.].

Одан кейінгі уақытта жоғарыда аталған ҚР ОММ-нан алынған «Народный комиссариат юстиции Кир ССР. Стол учета личного состава» атты С. Қадырбаевтың жеке ісінің

«Личный листок ответственного работника»

деп аталатын өз қолымен толтырылған құжаттан көріп отырғанымыздай, 1917 жылғы 14 мамырдағы Әділет министрлігінің ведомствосының бұйрығымен Торғай уезінің бітімгер судьясы болып тағайындалып, 1917 жылдың қараша айына дейінгі аралықта Торғайда бітімгер сот лауазымында болды.

Орынбор округтік соты бөлімшесінің 1917 жылғы 22 желтоқсандағы жалпы жиналысының шешімімен Торғай облыстық комиссарының көмекшісі болып тағайындалуына байланысты бітімгер судьяның міндеттерін атқарудан босатылды [11, 71 б.].

Қарастырылып отырған кезеңдегі Сейдәзім Қадырбевтың қоғамдық-саяси қызметіне қатысты «Ситуацию усугубило и

то обстоятельство, что в конце июля – начале августа 1918 г. в Кустанае и Омске произошло несколько конфликтов на национальной почве между русскими и казахами, инициаторами и участниками которых стали видные алашордынцы, в том числе член Акмолинского областного киргизского исполнительного комитета Е.И. Итбаев и депутат Всероссийского учредительного собрания, член военного совета Алаш-Орды С.К. Кадирбаев» деген деректе кездеседі [18, 110-113 б.].

Жоғарыда баяндалған деректен, қарастырылып отырған кезеңде Сейдәзім Қадырбаевтың мемлекеттік маңызы бар саяси істі жауапкершілікпен атқара алатын сенімді мемлекеттік қызметкер ретінде танылғанын көруге болады.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған құжатта, 1917 жылдың қараша айынан 1919 жылға дейін Алаш орданың Торғайдағы әскери бөлімінің мүшесі болғандығын, екі жыл алашордашылар қатарында ұлттық мемлекетті құру жолында белсенді қайраткерлік танытқанын да ашық жазған.

Сейдәзім Қадырбаевтың білікті заңгер ретінде ширатылып, әрі тұлға ретінде қоғамдық–саяси көзқарасының қалыптасуына біріншіден, заң саласында қызмет жасай жүріп, сол заманда қазақ даласында қолданылған нормативтік-құқықтық құжаттар, құқықтық нормалар, оларды қолдану актілері мен тергеу және сот ісін жүргізу практикасын өз көзімен көріп, біліп, іс жүзінде тәжірибе жинақтауы әсер етсе, екіншіден, бастапқыда өз замандастары, әрі ауылдастары, қазақ зиялылары Міржақып Дулатов пен Ахмет Байтұрсыновтармен және кейіннен басқа да белгілі қоғам қайраткерлерімен жақын қарым қатынаста болып, ұлттық мемлекет құру жолындағы ортақ мақсатты жүзеге асыру жолындағы қызметтері ықпал етті. РФ. Воронеж қаласындағы

«Воронеж облыстық мемлекеттік қоғамдық- саяси тарихы мұрағатынан» алынған Қадырбаевтың тергеу ісінен алынған мына бір дерек «Перечисленнных выше бывших членов буржуазного-националистической организации «Алаш-Орда» имел личные

(10)

связи до моего ареста с Байтурсуновым Ахмедом, Дулатовым Мирякубом, Омаровым Елдес, Ермековым Алимханом и Шонановым Тельманом, с которыми проживал и работали городах Оренбург, Кзылорда и Алма-Ата»

-деген мәліметтерді талдау барысында, жоғарыдағы жасалған тұжырмды одан әрі нақтылай түсетіндігін көруге болады [19, 8 б.].

Қадырбаев қазақ зиялыларының бірі ретінде Ақпан төңкерісінен кейін жаңа қоғамдық өзгеріске белсене араласып, өз ұлтының өмірін түбегейлі өзгертуге, жақсартуға талпынды.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласындағы мына бір жолдар біздің ойымызды одан әрі толықтырып растай түсетіндей: «Ең ғажайып ерліктер Отанға шексіз сүйіспеншіліктен туындайтыны сөзсіз. Шын отансүйгіштік дегеніміз – жалаң ұран тастау емес, еліңе, халқыңа қызмет көрсету. Адам баласы дүниеге патриот болып келмейді. Ол білім мен тәрбие алып, әлеуметтік ортамен араласып, азаматтық болмысын қалыптастыру кезінде патриотқа айналады. Өзінің жеке мақсат-мүдделері қоғам игілігімен үндесіп, елінің дамуына елеулі үлес қосып жатқанын жан-жүрегімен сезінген адам нағыз бақытқа кенеледі» [2, 3 б.].

Қорытынды. Сейдәзім Қадырбаев көп өмір сүрмесе де, бар өмірін басқа да көптеген қазақ интеллигенциясының өкілдері сияқты, халқына риясыз қызмет етіп, қазақ қоғамының эволюциясына айтарлықтай үлес қосуға арнады. Оның азаматтық ұстанымдары Алаш қозғалысы тұсында ғана көрініс таппай, Кеңес үкіметі орнағаннан кейін де өз жалғасын тапты. Қадырбаев қазақ халқының құқықтық сауаттылығын көтеру мақсатында, кеңес үкіметі тұсында да өзінің заң саласындағы

қызметін жалғастыра жүріп, шала сауатты заңгерлер үшін бірнеше көмекші құралдар жазып бірнеше заңдарды орыс тілінен қазақшаға тәржімалап, оларды қазақ елінің тұрмыс-салтына бейімдей отырып жазған.

Атап айтар болсақ; «Қылмыс заңы», «Ақы заңы», «Жер заңы», «Ноториат туралы заң, ереже, нұсқаулар», «Ақылы істерді жүргізу заңы» және «Неке, үй-іші және қамқорлық туралы заң» атты еңбектері [20, 360 б; 21].

Әрбір адам өз заманының саяси қатынастары мен саяси жүйесінің бір мүшесі дейтін болсақ, онда оқымаған қараңғылықтың салдарынан құқығы тапталған қазақ қоғамына оң әсер етуге талпынған Сейдәзім Қадырбаевтың дәл осындай еңбектерді жазуының себебі әрбір адамның, әсіресе, айтулы әлеуметтік тұлғаның болмысы мен оның шығармашылығы өз заманынан тыс болмайтындығынан. Ондай тұлғалардың сол дәуірдегі қоғам дамуына белгілі бір деңгейде ықпал етіп, өзіндік өзгерістер енгізуіде тарихи заңдылық.

Жоғарыда атап өтілгендей, сот жүйесінде төменгі сатыдан бастап түрлі қызметтер атқару барысында тәжірибе жүзінде жинаған білімі болмаса, арнайы заң оқу орнын тамамдамағанына қарамастан қызмет бабында сатылап көтерілуі яғни аудармашылық қызметтен Наркомюстта бөлім меңгерушісі деңгейіне дейін жеткенді, біріншіден, Сейдәзім Құлмұхамедұлы Қадырбаевтың халқымның қайтсем құқықтық сауаттылығын көтеремін деген тынымсыз ізденістерінің негізінде жинақтаған мол тәжірибесі мен білімінің негізінде десек, екіншіден, қызмет бабындағы жоғары жауапкершілігі мен қажырлы еңбегінің арқасында деп тұжырым жасауға болады.

Әдебиеттер тізімі

1 Григорьев В.К., Шапорев Ю. Фрагменты времени. О чем не говорили. / В.К. Григорьев, Ю. Шапо- рев. - Алма-ата: Жалын, 1990. - 48 с.

2 Тоқаев Қ.К. Тәуелсіздік бәрінен қымбат/ Қ.К. Тоқаев // Егемен Қазақстан. - 2021. - №2. - Б. 2.

3 Мартыненко Н. Алаш-Орда: сборник документов / Н. Мартыненко. - Алма-ата: Айкап, 1992. - 120 с.

4 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы / М. Қойгелдиев. - Алматы: Мектеп, 2008. - Б. 433.

(11)

5 Тілешов Е., Қамзабекұлы Д. Алаш қозғалысы. Энциклопедиялық анықтамалық. / Е. Тілешов, Д.

Қамзабекұлы. - Алматы: Сардар, 2014. - Б. 528.

6 Ескендірұлы М. «Алаш Орда» министрлері / М. Ескендірұлы. - Алматы: 2008. - 114 б.

7 Жұртбай Т. Ж. Ұраным-Алаш! / Т.Ж. Жұртбай. - Алматы: Ел-шежіре, 2008. - 438 б.

8 Жұртбай Т. Ж. Ұраным-Алаш! : 2 том. / Т.Ж. Жұртбай. - Алматы: Ел-шежіре, 2011. - 447 б.

9 Әбдіғалиұлы Б. Торғай көтерілісі: 1916-1917 жж. / Б.Әбдіғалиұлы. -Астана: Фолиант, 2016. – 86 б.

10 Әбдіғалиұлы Б. Алаш әскері. 1918-1920 жж. / Б. Әбдіғалиұлы. - Астана: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, 2017. - 286 б.

11 Государственный архив Оренбургской области (далее ГАОО) Ф. 57. О. 1. Д. 275. 6-14, 31-45 -71 л.

12 Сактаганова Э.Б., Четин Н.Д. Заңгер Сейдәзім Қадырбаев өмірінің кейбір сәттері туралы тарихи деректер // Әл-Фараби ат. ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. -2020. - №3(98). - Б. 156.

13 Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. / Д.А. Аманжоло- ва. - Москва: ИЦ. Россия молодая, 1994. – 213 с.

14 Тулепбаев Б. Алаш // История национальных политических партий России: Матер. Междунар.

конф., - Москва, 1996. - С. 408.

15 Легкий Д.М. Казахские политические деятели в 1917 году: от февраля до октября // Вестник Ха- касского государственного университета им. Н.Ф. Катанова. Сер. Ист. - 2017. - №22. -151 с.

16 Қазақстан Республикасының президенттік мұрағаты (әрі қарай ҚР ПМ), Қ. 811. Т. 20. Іс. 137. 19- 19об-п.

17 Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы: Қазақ съездері. Құжаттар мен материалдар жинағы. - Алматы:

Ел-шежіре, 2007. – Т. 4. - Б. 352.

18 Шишкин В.И. Взаимоотношения Алаш-Орды и Временного Сибирского правительства // Изве- стия Уральского государственного университета. Сер. 2, Гуманитарные науки - 2011. - № 4 (96). С. 318.

19 Государственный архив общественно-политической истории Воронежской области (далее ГАО- ПИ ВО) Ф. 9353. О. 2. Д. 16483. 8 л.

20 Дулатова Г., Иманбаева С. Міржақып Дулатұлы: Көсемсөз, әдеби-сын және зерттеу мақалала- ры: 5-томдық шығармалар жинағы. Т.3 / Г.Дулатова, С. Иманбаева. - Алматы: Мектеп, 2003. - 360 б.

21 Тоқтарбай Е.Н. Қайта оралған қайраткер. [Электрон.ресурс] - 2021. -URL: https://turkystan.kz/

article/89605 (Қолданылған күні: 10.02.21)

Э.Б. Сактаганова1, Е.Е. Сайлаубай2, Н.Д. Четин3

1,2 Евразийский национальный университет им. Л.Гумилева, Нур-Султан, Казахстан

3 Киршехирский университет имени Ахи Эврана, Киршехир, Турция

Общественная и правовая деятельность юриста С. Кадырбаева

Аннотация. В данной статье рассматриваются деятельность юриста, переводчика Сейдазыма Кул- мухамедулы Кадырбаева, годы его обучения в учебных заведениях во времена царского правительства, успеваемость. Несмотря на то, что Кадырбаев получил педагогическое образование, свою трудовую де- ятельность он начал с должности переводчика в правовой системе. И это не случайно, так в тот период претерпевал изменения традиционный образ жизни казахского народа. Его продвижение по службе исследовано при помощи архивных данных. Был произведен обзор научной литературы для более под- робного изучения общественно-политической жизни и деятельности Сейдазыма Кадырбаева. Произве- ден сравнительный анализ сведений из архивов и научной литературы России и Казахстана. В резуль- тате анализа выявлены неизвестные общественности факты из жизни Сейдазыма Кадырбаева, которые были, которые также дали возможность для систематизации работы. В свою очередь было выявлено, что дружба с казахской интеллегенцией была основой для его дальнейшего развития и сотрудничества с политическими силами, направленными на защиту политических и гражданских интересов народа в начале ХХ века, в период возрождения политической активности в империи. В статье оцениваются роль Кадырбаева как активного члена политической организации «Алаш – Орда» и его способность продви-

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Сонымен қатар, қазақ және қытай салтындағы тілдік қарым-қатынас сол елде қалыптасқан ережелер мен принциптерге сүйеніп жүзеге асырылатындығы,

Түркітанушы, лингвист, ақын, педагог, ау- дар машы және қоғам қайраткері Ахмет Бай- тұрсынұлы өз зерттеулерін оқу-ағарту саласына

Ги по те зой дaнно го исс ле довa ния яв ляет ся по ло же ние о том, что сохрaне ние эт ни чес кой иден тич нос ти сов ре мен ной ко рейс кой диaспо- ры

Мақалада ҚР мен Жапония арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың даму ерекшеліктері қарастырылады, сонымен қатар, доктриналық

Алайда қытай және қазақ мәдениетінде, әйел затының сыртқы келбетін мадақтау негізінен ұқсас жыныстылар арасында жиірек болып, сөйлеуші тарап

Как и многие его сотоварищи первоначальное образование он получил в волостной школе, в период обучения в которой он усовершенствовал свои знания

Мақалада қытай тілі фразеологизмдерінің ішіндегі негізгі фразеологиялық бірліктердің бірігуань юн юй- дағдылы тіркестердің шығу

Аңдатпа. Мақалада Жапония мен Қазақстанның ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бергі экономикалық, саяси жəне мəдени салалардағы байланыстарының дамуы