• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

ОСОБЕННОСТИ ОРГАНИЗАЦИИ ГРУППОВОЙ РАБОТЫ НА УРОКАХ МАТЕМАТИКИ В УСЛОВИЯХ ОБНОВЛЕННОГО СОДЕРЖАНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "ОСОБЕННОСТИ ОРГАНИЗАЦИИ ГРУППОВОЙ РАБОТЫ НА УРОКАХ МАТЕМАТИКИ В УСЛОВИЯХ ОБНОВЛЕННОГО СОДЕРЖАНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ"

Copied!
7
0
0

Толық мәтін

(1)

92 ҒТАХР 27.01.45

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ТОПТЫҚ ЖҦМЫСТАРДЫ ҦЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Б.Ӛ. Сейдазым

6М010900-Математика мамандығының магистранты,

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан, email:

S_boldigiz@mail.r u

Мақалада орта білім берудегі жаңартылған бағдарлама мазмҧнына сәйкес «Математика» пәнін оқытудағы проблемалар қарастырылған. Сондай-ақ, мақала бҥгінгі заманауи талапқа сай әрбір педагогтың кәсіби ӛсуіне жол ашады. Мҧғалім ӛз тәжірибесінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданып, бәсекеге қабілетті жеке тҧлғаны қалыптастыруды кӛздейді. Осы мақалада функционалдық сауаттылықты дамытуға байланысты, тапсырмалар берілген, мҧнда оқушылардың жеткен нәтижелерін саралайтын тәсілдер жайлы айтылады. Мҧғалімдерге арналған жаңартылған бағдарлама мазмҧнындағы ерекшеліктер кӛрсетіледі. Мақала жаңа инновациялық даму бағдарламасымен қызыға айналысатын мектеп, колледж мҧғалімдеріне және білім бақармасының мамандарында кӛмегін тигізеді.

Түйін сӛздер: білім, әдістер, математикалық білім, математикалық білім сапасы, білім мақсаты, функционалдық сауаттылық

Бҥгінде Қазақстан Республикасының білім беру жҥйесінде білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеті тҧр. Заманауи қоғамның азаматтары әртҥрлі ӛмірлік жағдайларда дҧрыс шешімдер қабылдау ҥшін жоғары кәсіпқойлықты және айтарлықтай зияткерлікті талап ететін ситуацияда ӛмір сҥреді. Қазақстанда орта білім беру жҥйесін жаңғырту ҥшін кӛптеген іс- шаралар атқарылуда. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартында тҧжырымдалған білімнің негізгі қҧндылықтары мен мақсаттары халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, инновацияларды енгізу және ҧлттық сәйкестікті дамыту ҥшін қажетті дағдыларды дамытуға бағытталған. Жаңартылған білім беру бағдарламасын жҥзеге асыру білім беру мазмҧнын жетілдірудің алғышарты болып табылады. Жаңа білім стандарттарын енгізу біліктілікті арттырудың жаңартылған білім беру бағдарламасының бӛлігі ретінде оқытуға инновациялық тәсілдерді қолдануды талап етеді. Қазіргі заманның мҧғаліміне жаңа талаптар қойылып, енді ол тек білім беруші бола алмайды. Білім беру мазмҧнын жаңарту жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру пәнді оқып-ҥйрену барысында, дәлірек айтқанда, оқушылар жоғары деңгейдегі тапсырмаларды, ғылыми-зерттеу жҧмыстарын орындағанда жҥзеге асады. «TIMSS және PISA зерттеулерінен алынған мәліметтер Қазақстандағы жалпы орта білім беру жҥйесі теориялық білімді тарату және оқушылардың есте сақтау, тану және табу дағдыларын дамыту контекстінде екенін кӛрсетеді. Дегенмен, бҧл жҥйе математикалық білімді практикалық қолдану және математикалық ойлауды дамыту немесе мәтінді талдау және оқу ҥдерісінде бағалау сияқты оқушылар арасында жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын дамыту және практикалық қолдану тҧрғысынан салыстырмалы тҥрде әлсіз» [1; 54].

Халықаралық зерттеулердің нәтижелері Қазақстандық оқушылар арасында математикалық оқытуда бірқатар кемшіліктерді кӛрсетті. «Зерттеудің 4 кезеңінде (1995, 1999, 2003, 2007 жылдар) қатысушы елдердің Сингапур, Гонконг, Жапония, Оңтҥстік Корея, Тайванның оқушылары алда екендігін дәлелдеді. Олардың ӛзара салыстырмалы нәтижелері ӛзгеріп тҧрғанымен, олар басқа елдермен салыстырғанда едәуір жоғары орындарды иеленеді» деп жазылған [2; 15]. Мысалы, сандардың қатынасы, пропорциялы мәндер, мәтіндік есептерді шешу, уақыт бірліктерін анықтауға, бағалауға және жуықтап есептеулерді қолдануға, нақты тәуелділіктердің графиктерін оқуға арналған тапсырмаларды орындауға байланысты практикалық қолданудың кейбір мәселелерін меңгеру жетіспейді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылы 31 қаңтардағы «Қазақстанды ҥшінші жаңғырту:

жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында: «Оқу бағдарламалары сыни тҧрғысынан ойлау қабілетін дамытуға және ақпарат іздеудің тәуелсіз дағдыларын дамытуға бағытталуы керек

(2)

93

... Сонымен қатар, АТ-ның дамуына ҥлкен назар аудару керек «Білім, қаржылық сауаттылық және жастар патриотизмін тәрбиелеу» [3]. Осылайша, мемлекет басшысы біздің еліміздегі оқу бағдарламаларын және білім берудің мазмҧнын жаңарту қажеттілігін атап ӛтті.

Білім беру мазмҧнын сапалы жаңарту ҥшін оның ҥш қҧрамын ӛзгерту қажет:

1. Білім беру бағдарламасы 2. Оқу пәнін оқытудың тәсілдері 3. Бағалау жҥйесі.

Жаңартылған және дәстҥрлі оқу бағдарламалары арасындағы елеулі айырмашылық келесі ерекшеліктерде кӛрініс табады:

1) Жаңартылған оқу жоспарында пәннің мазмҧнын қҧрастырудағы спиральділік қағидаты, яғни білім алушылардың білімін және дағдыларын тіке және кӛлденең (тақырыптар мен сыныптар бойынша дағдылардың кҥрделілігі) біртіндеп арттыру;

2) білім заңдарына негізделген Блумның таксономиясындағы мақсаттар жҥйесінің болуы 3) пәннің мазмҧны оқу бӛлімдеріне бӛлінеді. Бӛлімдер оқыту мақсаттары бар бӛлімдерге бӛлінеді. Оқу мақсаттары кодтаумен сипатталады. Мысалы, 7.2.1.3, бҧл кодтау мынаны білдіреді: «7» - сынып, «2» - бӛлім, «1» - бӛлімше, «3» - мақсатты нӛмірі [4; 4].

4) ҧзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлауды пайдалана отырып, оқу ҥдерісін ҧйымдастыру

5) жеке қасиеттерді қалыптастыру ҧлттық және жалпыға ортақ қҧндылықтарды тәрбиелеу жолымен жҥзеге асырылады. «Мәңгілік Ел» идеясы тәрбиелік жҧмыс арқылы жҥзеге асырылады

6) білім беру деңгейінің педагогикалық мақсатын белгілеу ішкі пәнаралық қатынастарды ескеруге мҥмкіндік береді

7) бӛлімдердің мазмҧнын және уақыт сҧрауларын сақтау

8) жаңартылған бағдарламада білім беру ҥдерісіне белсенді қатысуға бағытталған педагогикалық тәсілдер айқындалады

9) оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критериалды бағалау жҥйесі бойынша жҥзеге асырылады [5,9].

Жаңартылған оқу бағдарламасы оқушылардың 21-ғасырда қажетті дағдылар қалыптастыруына бағытталған. Аталмыш бағдарлама білім алушылар бойында мәселені шешу, қарым-қатынас жасау, ақпаратты ӛңдеу, сын тҧрғысынан ойлау, АКТ-ні қолдану дағдыларын қалыптастыруға негізделген. Білім беру мазмҧнын жаңартуға сәйкес критериалды бағалау жҥйесін еңгізу туралы Қазақстан Республикасы Ҥкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832

«Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған Ҧлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» қаулысында кӛрсетілген. «Критериялық бағалау жҥйесі енгізілетін болады: білім алушының оқу жетістіктерінің МЖБС-да белгіленген мәлімделген нәтижелерге (ӛлшемдерге) сәйкестігін бағалау. Бағалауға МЖБС-да және оқу бағдарламаларында мәлімделген барлық білім беру нәтижелері, сондай-ақ негізгі және пәндік қҧзыреттіліктер жатады» [6; 1].

Сабақ жоспарын қҧрастыру барысында мҧғалім білім алушыларды шағын топтарда және суреттермен, сызбалармен, графиктермен немесе алгоритмдермен, зерттеу тақырыбымен, проблемасы бар жағдаят жасап оқу ҥдерісіне белсенді қатысуын жоспарлайды. Оқу ҥдерісінде, топтық жҧмыс аяқталу кезеңінде, әрбір топ ӛз жҧмыстарын басқа топтардың пікірлерімен салыстыруға тиіс. Әр топ ӛз ойларын аргументация жасай отырып, бҥкіл сыныпқа талқылау ҥшін ҧсынады.

Орта буын және жоғары сынып оқушыларымен жҧмыс жасағанда мҧғалімдер нақты мысалдар мен абстракциялық ҧғымдарды қолдануы керек.

Математика қолданбалы мәселе есептерді шешуге мҥмкіндік береді, мысалы: отбасылық бюджетті оңтайландыру және уақытты дҧрыс бӛлу, статистикалық, экономикалық және логикалық ақпаратқа сыни бағдар беру, әлеуетті іскер серіктестердің және ҧсыныстардың табыстылығын дҧрыс бағалау, практикалық тапсырмалар ҥшін инженерлік-техникалық есептерді орындау. «Математика» пәнінің интеллектуалды әлеуеті зор: сыни ойлауды, негізделген және негізсіз пікірлерді ажырата білу қабілетін арттырады және терең ойлау әрекеттеріне ҥйретеді.

Математиканы тиімді қолдану басқа да академиялық пәндерді зерттеуді жеңілдетеді және жетілдіреді. «Арнайы курстар», шеберлік сыныптары, математика сабағында қолданатын ойын тәсілдері білім алушылардың логикалық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуда ҥлкен рӛл атқарады. Әртҥрлі деңгейдегі кҥрделі тапсырмаларда балалар назарын аударады, ойды

(3)

94

белсендіреді, шешімді іздеуге қызығушылық тудырады. Баланың жас ерекшелігін ескере отырып қызығушылығын оятуға және логикасын дамытуға бағытталған белгілі бір ой жҥктемесі бар математикалық тапсырма ойын сюжеті, сыртқы деректер және мәселенің жағдайы оқушыға жасырын тҥрінде беріледі. Білім алушының математикалық сауаттылығын жетілдіру мақсатында ребустарды, кроссовордтарды, әртҥрлі деңгейлік тапсырмаларды жасауға болады. Міндеті ойлау қабылетін дамыту болып табылатын тапсырмалар: фигураны жасау, ӛзгерту, шешім табу, санды табу ойын тҥрінде жҥргізілетін әрекеттер арқылы жҥзеге асырылады. Тапқырлықты дамыту қызығушылыққа негізделген белсенді ойлау іс-әрекетінде жҥзеге асырылады. Тапсырмаларға ойын элементтерін, логикалық жаттығулар, басқатырғыштар математикалық материалды қосу абзал. «Балаларға әлем ойын арқылы ашылады, олардың шығармашылық мҥмкіндіктері анықталады. Ойынсыз толыққанды ойлау жоқ, болуыда мҥмкін емес және дамуда жоқ», - деп жазды В.А. Сухомлинский. Мәселен: «Екі таяқшасының кӛмегімен ҥстел ҥстінде квадратты қалай жасауға болады?» ерекше сипатты сҧрағы баланы қиял ойына жетелейді. Іс-қимылдың қисынына негізделе отырып, қарапайым ойын-сауық материалының әрқайсысында шарттылықты, математикалық ойындар мен тапсырмаларды, дамытатын (дидактикалық) ойындар мен жаттығуларды шарттастыруға болады. Осыған орай, топтарды іріктеу негізі - белгілі бір тҥрдегі материалдың сипаты мен мақсаты.

5-6 сынып оқушылары ҥшін логикалық мәтін есептер мысалдары:

1. Бӛлменің тӛрт бҧрышының әрқайсысында мысық отыр. Бҧл мысықтардың әрқайсысына қарсы ҥш мысық отырады. Бӛлмеде қанша мысық бар?

2. Әкесінің алты ҧлы бар. Әрбір баланың қарындасы бар. Әкесінің қанша баласы бар?

3. Киім тігу шеберханасында, 1 наурыздан бастап, кҥнделікті ҧзындығы 200 метр матадан, 20 метрден мата кесіліп отырды. Соңғы мата кесіндісі қай кҥні кесілді?

4. Торда 3 қоян бар еді. Ҥш қыз әрқайсысына бір қояннан беруді ӛтінді. Әр қызға қоян берілді. Бірақ торда бір қоян қалды. Бҧл қалай болды?

5. Алты кҥнде алты балықшы алты кӛксерке жеді. Он балықшы қанша кҥнде он кӛксерке жейді?

6. Ҥш жылқы 30 шақырымға жҥгірді, әр жылқы қанша шақырым жҥгірді?

7. Екі қолда 10 саусақ бар, 10 қолда қанша саусақ бар?

8. Бір килограмм мақта жеңіл ме немесе бір килограмм темір жеңіл ме?

9. Бес қайың ағашы ӛсірілді. Әр қайыңда 5 ірі бҧтақ бар. Әр ірі бҧтақта 5 шағын бҧтақ бар.

Әрбір шағын бҧтақта - 5 алма. Барлығы қанша алма?

Қазіргі мектептегі білім беруді ҧйымдастырудың негізгі тҥрі - әртҥрлі әдістерімен сипатталатын сабақ. Сыныпта оқу жҧмысының келесі тҥрлері бар:

• жалпы сыныптық;

• топтық;

• жеке жҧмыс.

Оқу процесін ҧйымдастырудың топтық тҥрін сипаттай отырып, К.Д.Ушинский барлық балаларға дайындық деңгейіне сәйкес тапсырма әзірлеу ҥшін сыныпты топтарға бӛлуді ҧсынды.

Ол былай деп жазды: «Сыныпты біреуі екіншісінен «мықты» топтарға бӛлу зиянды емес, тіпті пайдалы, егер тәлімгер бір топпен жҧмыс жасаса, қалғандарына ӛзіндік жҧмыс бере алады».

Топтық жҧмыс жҥргізу қандай мҥмкіндіктер береді? Бҧл әрбір білім алушының жеке қасиеттерін (оқу деңгейі, дамуы, ойлау ерекшеліктері, жады, пәнге деген қызығушылық және т.б.) білу арқылы, әр баламен сыныпта жҧмыс істеудің ең лайықты және тиімді жолдарын анықтауға мҥмкіндік береді. «Дараландыру - оқу ҥдерісінде барлық оның нысаны мен әдістерінде оқушының дара ерекшелігін ескеру», - деп атаған Ю.А.Конаржевский [7]. Осыған орай, тиімді оқыту ҥшін білім алушыларды қалай топтастыруға болады? Шын мәнінде, барлығы бір сҧраққа тіреледі: білім алушыларды топтастырғанда не маңызды болып саналады, олардың білім деңгейі әлде қабілеттері ме, әсіресе бҧл қасиеттерге ие емес оқушылар туралы айтатын болсақ. Жақсы оқып жҥрген, бірақ әдеттегіден гӛрі әлдеқайда қиын тапсырмаларды орындауға қабілетсіз балаларды, сондай-ақ кҥрделі ойлау операцияларын талап ететін тапсырмаларды сәтті орындайтын, бірақ білім деңгейі орташа немесе тіпті ортадан тӛмен оқушыларды қай топқа орналастырамыз? Саралап оқытуды ҧйымдастыру кезінде оқушылардың ескеруді қажет ететін ерекшеліктері: оқу, оқу қабілеті және танымдық қызығушылық болып табылады.

Оқушылардың мектеп бағдарламасы бойынша бiлiмдi қалай меңгергенiн емес, оны нақты ӛмiрде қалай қолдана алатындығы тҧрғысындағы мҥмкiндiктерiн бағалауды кӛздейтiн Жоғары

(4)

95

сыныптықтардың бiлiмiн халықаралық бағалау бағдарламасы (PISA) бойынша оқу дағдылары, математика және жаратылыстану саласы бойынша сауаттылық бағаланады. Бҧл зерттеуде

«Математикалық сауаттылық адамның ӛзi ӛмiр сҥретiн әлемiндегi математиканың рӛлiн анықтау және тҥсiну, жақсы негiзделген математикалық пiкiр айта алу және бҥгiнгi және ертеңгi қажеттiлiктердi қанағаттандыру ҥшiн математиканы пайдалана алатын жасампаз, ынталы және ойлай бiлетiн азаматқа тән қабiлеттiлiк» ретінде анықталады [8; 56].

Оқушылардың ӛз бетімен жҧмыс істеуін, ӛз бетімен есеп шығаруын ҧйымдастырудың бірсыпыра артықшылықтары бар. Атап айтқанда, есепті ӛздігінен шығару арқылы оқушылар шығармашылық белсенділіктерін жандандырып, ынталанады, ойлау қызметін дамытады. Есеп шығару арқылы теориялық материалдарды қолдануға ҥйренеді. Оқушылардың ӛздігінен есеп шығаруын ӛрістетіп, олардың дербестігін одан әрі дамыту әр мҧғалімнің міндеті. Оқушыларға қажетті нҧсқаулар беріп, оқулықтағы тиісті тақырыптарды, анықтама материалдарды кӛрсетіп берілген есепті барлық оқушылар ӛздігінен шығарады.

Мысал:

3 a

2

b  (  5 a

3

)

кӛбейтіндісін табыңдар. Мҧғалім берілген мысалды тақтаға жазады да, қандай амал орындалатынын оқушылардың бірінен сҧрайды. Содан соң барлық оқушылар есеп шығаруға кіріседі. Тҥсіндіруші оқушы орнынан: «3-ті – 5-ке кӛбейтсек 15, a2-ты а-ға кӛбейтсек а куб, ал b-ны b3 -қа кӛбейтсек, шығады. Сонда берілген кӛбейтінді 15a3b4 болады» деп жауап береді [9; 96].

Оқудың жоғары деңгейі ӛте кҥрделі қҧрылыммен берілген тапсырма орындау барысында шамалы қиналатын оқушыларда кездеседі, бірақ олар басқа жағдайларда маңызды және маңызды емес белгілерді айқындайды. Кӛбінесе, бҧл білім алушылар ӛздігінен ойлауға, жоспарлау дағдыларын қалыптастыруға, ӛзін-ӛзі реттеуге бейім және әртҥрлі тренингтік іс- әрекеттерді еркін атқарады.

Оқудың орташа деңгейі материалды талдауда, маңызды ерекшеліктерді табуда қиындық танытатын, бірақ мҧғалімнің кӛмегімен тапсырма орындай алатын оқушылар арасында байқалады; мҧндай балалар кӛбінесе ойлауда тәуелсіз емес, олардың оқу дағдылары тӛмендеу, олар тиімді жоспарлауды білмейді, ӛзін-ӛзі реттеуде қиналады.

Оқудың тӛмен деңгейі оқу материалын талдауға, тҧжырымдамалардың маңызды еркшеліктерін айқындауға, жинақтауға, абстракциялауға, ойлау дағдылары тӛмен дәрежеде дамыған немесе мҥлде дамымаған оқушыларға тән.

Оқудан басқа, мҧғалім оқушы деңгейін анықтауы керек. Оқу деңгейін диагностикалаудың ең тиімді және ыңғайлы әдістерінің бірі пәндік тесттер болып табылады.

Математиканы оқытуға жалпы кӛзқарас мҧғалімдерге орта мектепте болған кезде белгілі бір дәрежеде математикалық сауаттылықты дамытуға мҥмкіндік береді. Оқушылардың математикалық сауаттылыққа қатысты проблемалары бойынша сандық деректеріне ҥлкен назар аударылды. Мҧғалімдер не істеу керектігі туралы белгісіз, математика арқылы тек математикалық сауаттылықпен тікелей жҧмыс істеу әрекеттері сәтті болмады. Сонымен қатар, математикалық сауаттылыққа оқыту дәстҥрлі математиканы оқытудан басқа нәрсені талап етеді.

Бҧл қиындықтарға ғылыми негізделген жауаптар мҧғалімдерге және зерттеу қоғамдастығына математикалық сауаттылықты дамытуды жақсартатын басымдықтарды оқытуға кӛмектеседі.

Осындай жауаптар ҥшін мектептердегі математикалық сауаттылықты зерттеу оның болашағын ӛзгертуі керек. Бҧдан басқа, мҧғалімдердің және зерттеушілердің ынтымақтасуына арналған математикалық сауаттылыққа және ҥздік практикаға немесе зерттеулерге негізделген араласуларға қатысты мҧғалімдердің басымдықтарына кӛңіл бӛлетін сыныптық зерттеулер сияқты сапалы жобалар қажет.

PISA сынақ нәтижелері бойынша зерттеулер одан әрі тҥсіндіруге бағытталған немесе қазірдің ӛзінде қалыптасқан нәтижелердің әлеуметтік салдары. Бҧл маңызды білім оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту туралы, бірақ ол мҧғалімге кӛмектеспейді. Біз оны кӛп деп таптық бҧл шолудағы математикалық сауаттылыққа арналған ғылыми мақалалардың басым кӛпшілігі тҥсінбеді математикалық сауаттылықты жетілдіретін сыныпта ӛткізілетін сапалы тәсілдерді ерекше атап ӛтеді. Бҧл мәселе бойынша. Біріншіден, мҧғалімдер неге басымдықты білетінін білмейді және олар алынады оқу жоспарынан немесе оқулықтардан кӛп кӛмек.

Екіншіден, тікелей жҧмыс істеу ҥшін нақты әрекет

Математика арқылы математикалық сауаттылықты тек оқушылардың математикалық сауаттылығын ықпалдауға аз дәрежеде болады. Ҥшіншіден, математикалық сауаттылыққа оқыту

(5)

96

басқа нәрсені талап етеді жеке міндеттерді шешу және анықталған математика бойынша дәстҥрлі оқыту сынып қҧрылымы басым. Бҧл математиканы іске қосу ҥшін ӛзгерістер енгізу керек дегенді білдіреді мҧғалімдер осы ҥш қиындықты шешуге кӛмектеседі. Математиканы оқытуға неғҧрлым тҧтас тәсіл оқушыларға математикалық сауаттылықты дамытуға мҥмкіндік береді [10; 293]

Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға жеке саралау тапсырмаларын берген тиімді. Жеке тапсырмаларды орындау барысындағы оқушыларда кездесетін қиындықтар, әрине, болады. Мынадай мысал алайық: мына теңдеулердің екі жағын тең ететін кейбір нӛмірлерді теңдестіру қажет.

898 + тең? = 900 +? 95 -? =? – 10.

Әрқайсысына бірқатар жауаптар беріңіз. Осы жайлы кӛптеген мҧғалімдер зерттеу нәтижесін жҥргізу барысындағы балалардың эквиваленттік тҧжырымдамасымен тәжірибесі туралы айтып берді. Олар оқушылардың не айтқанын тҥсінбейтіндігін айтты. Сондай-ақ, қиындықтар туралы баяндаған оқытушылар да болды. Мысалға: оқушыларға қарағанда болжауы қиын болды. Олар қайтадан әдетте ҧқыпты қолданған, бірақ әрдайым оның дәл екендігін тексере алмады. Олар тҧжырымдамамен бастан кешірген қиындықтары - олар жазуға бейім. Әр тараптың тепе-теңдікті қажет ететінін тҥсіндіру қиынға соқты. Біраз уақыттан кейін идеяны алды және одан кейін ҥлгіні қолдана алды. Әрине, оқушылар тапсырманы қиын деп таппайды және шын мәнінде бҧл - ниеті, бірақ мҧғалімдер оқушылардың қиындықтарын білетіні және оларды шешу ҥшін әрекет жасауы ӛте маңызды. Мҧғалімдер әртҥрлі сабақ элементтерін жҥзеге асыратын жолдарды зерттеу ҥшін постреквизиттік пропорция мҧғалімдердің әрқайсысында ӛткізген минуттарының санын кӛрсетуге тырысатындықтарын айтты [11].

Сабақ ҧйымдастырудың ҥшінші тҥрі - жеке тҧлғалық әр білім алушының ӛз бетімен жҧмыс істейтін бастамасы бар білім беру ҥдерісі. Жҧмыстың қарқыны оқу мҥмкіндігіне және білім алушының дайындығына байланысты. Мҧнда оқытуды саралау әр оқушыға жеке жҧмыс ҧйымдастыру арқылы жҥзеге асырылуы мҥмкін. Саралаудың бҧл тәсілі білім алушыларға бірдей тапсырмалар берілмегендіктен, оқушылардың ерекшеліктеріне байланысты әртҥрлі тапсырмалар әзірленуде болып табылады.

Саралаудың кең мҥмкіндіктері жаңа білімді қолдану және бекіту кезеңдерінде қамтамасыз етіледі. Сабақтың осы кезеңінде, топтық жҧмыстың маңыздылығы: жҧмыс барысында оқушылар мҥмкіндіктеріне сәйкес келетін нақты тапсырмалар орындайтындығында.

Топтардағы жҧмыс мынадай ретпен орындалады: білім алушылар тапсырмамен танысады, бәрі оны орындауға кіріседі. Егер нәтиже барлығында бірдей болса, онда келесі тапсырманы орындауға тиісті. Егер кейбір оқушылар басқаларға қарағанда ӛзге нәтижеге келсе, олар оны қалай тапқанын тҥсіндіріп, мҥмкіндігінше қатені табады. Қажет болса, оған қолдау кӛрсетіледі. Егер бірнеше ӛзге жауаптар орын алса, онда топтың барлық мҥшелері тапсырманың шешуін қайта талдайды, одан кейін жалпы тҧжырым жасалады. Егер топ қиындыққа тап болса, мҧғалім осы жҧмысқа қосылып, талқылауды бастайды. Осылайша, жалпы сыныптық сабақ тҥріне қарағанда топтық жҧмыста білім алушыларға кӛп кӛңіл бӛлу мҥмкіндігі қарастырылады.

Ӛзіндік жҧмыстар оқушылардан білімдері мен дағдыларын қолдануды талап етеді. Ӛзіндік жҧмыс белгілі шешім алгоритмдері бойынша орындалатын жаттығулармен қатар шығармашылықты қажет ететін тапсырмалармен қамтылуы керек. Осы жҧмыстарды тексеру нәтижелері бойынша алдағы кҥндерге жоспар қҧрылып, білім алушылардың оқуымен оқыту деңгейі бойынша қайтадан топтар қҧрастырылады.

Қорытындылай отырып, саралап оқыту – оқытудың «жҧмыстың кӛп қажет ететін тҥрі» деп айтуға болады. Саралап оқыту тәсілдерін қолдану мҧғалімнен ойластырылған, тынымсыз жҧмысты, сабақтарға шығармашылық дайындықты талап етеді. Бҧл оқыту әдістері жҥйелілік пен жҥйелендірудіге негізделген. Осы факторлардың негізінде бағдарламалық материалды меңгеруде жоғары нәтижелерге, жҧмыстың тиімділігіне қол жеткізуге болады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1 Ы.Алтынсарин атындағы Ҧлттық білім академиясы. Әдістемелік нҧсқаулық. «TIMSS және PISA халықаралық зерттеулеріне оқушыларды дайындау бойынша тапсырмалар жинағы».

Астана, 2016.

2 Қҧсайынов А.К. Әлемдегі және Қазақстандағы білім сапасы. Монография. Алматы, 2013

(6)

97

3 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның ҥшінші жаңғырту: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауы, 2017 жылғы 31 қаңтар.

4 Негізгі орта білім деңгейінің 5-9 сыныптарға арналған «Математика» пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы. Астана, 2016.

5 «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҦ педагогикалық шеберлік орталығы. Мҧғалімге арналған нҧсқаулық. Астана, 2016.

6 Қазақстан Республикасы Ҥкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған Ҧлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» қаулысы.

7 Бекмагамбетова Р.К. Формы организации учебной работы: Методическре пособие. А., 2001.

8 Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы. http://www.inform.kz/kz/elbasy-makalasy-bolashakka-bagdar-ruhani- zhangyru_a3016293

9 Қасқатаева Б.Р. Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі. ЖС «Тантеев» баспасы, 2018.

10 Sfard, A. Why mathematics? What mathematics? The Mathematics Educator. 2012. Vol.22.

No.1, 3-16.

11 Sullivan, P., & Davidson, A. The role of challenging mathematical tasks in creating opportunities for student reasoning. Conference: Proceedings of the 37th annual conference of the Mathematics Education Research Group of Australasia. Sydney. 2014. 605-612.

ОСОБЕННОСТИ ОРГАНИЗАЦИИ ГРУППОВОЙ РАБОТЫ НА УРОКАХ МАТЕМАТИКИ

В УСЛОВИЯХ ОБНОВЛЕННОГО СОДЕРЖАНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ Б.О. Сейдазым

Магистрант специальности 6М010900-Математика

Казахский государственный женский педагогический университет, Алматы, Казахстан, email: S_boldigiz@mail.ru

В статье рассматриваются проблемы преподавания математики в соответствии с содержанием обновленной учебной программы. Автор описывает пути профессионального развития педагога в условиях обновления содержания образования. В своей практике учитель посредством использования инновационных подходов в преподавании создает условия для формирования конкурентоспособной личности. В статье приведены примеры задач по развитию функциональной грамотности, подходы, используемые при реализации обновленной образовательной программы по предмету «Математика», подходы к оценке результатов достижений учащихся, система критериальных оценок. В статье также представлена значимая разница между обновленной образовательной программой и текущей. Вопросы, затронутые в статье, могут заинтересовать школьных учителей, преподавателей колледжей и специалистов других образовательных организаций.

Ключевые слова: образование, методы, математическое образование, качество математических знаний, цель образования, функциональная грамотность

FEATURES OF THE ORGANIZATION OF GROUP WORK AT THE LESSONS OF MATHEMATICS

IN THE CONDITIONS OF UPDATED CONTENT OF EDUCATION

B.O. Seidazym

Master student of the specialty 6М010900-Математика

Kazakh State Women‘s Teacher Training University, Almaty, Kazakhstan email: S_boldigiz@mail.ru

The article is devoted to the question of the updated curriculum in "Mathematics" in the secondary school.

The author describes the ways of the teacher professional development in the conditions of updated content of education. In his practice, the teacher through the use of innovative approaches in teaching creates the conditions for the formation of a competitive personality. The article includes examples of tasks for the development of

(7)

98

functional literacy, the approaches used in the implementation of the updated educational program on the subject

"Mathematics", the approaches to evaluating the results of the achievements of students, criteria-based assessment system. The article also presents a meaningful difference in the updated educational program and the current one.

The questions addressed in the article will help interest school teachers, college teachers and specialists of other educational organizations.

Key words: education, methods, mathematical education, quality of mathematical education, learning objectives, functional literacy

Редакцияға 27.02.2019 қабылданды.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Үздіксіз білім алуға арналған жүйесінде, əсіресе мектеп- арнайы кəсіби орта білім беру жəне жоғары білім беруде (қашықтықтан оқыту, қысқа мерзімді қайта

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен

Таким образом, можно подтвердить эффективность применения проектной техно- логии на уроках художественного труда в условиях обновленного

Соның ішінде заманауи білім берудің өзекті бағыттары білім беру мен кəсіптік даярлау «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді

 əлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған жəне жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көпдеңгейлі үздіксіз білім берудің

ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ПРАКТИКАСЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ƏДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ ТƏЖІРИБЕСІ ОПЫТ ПРИМЕНЕНИЯ ИННОВАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ

Сондықтан бұл зерттеу жұмысымызда Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі негізгі мəселе болып отырған сапа мəселесін жетілдіру мен арттыру, бұл салада