• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Авторлардың мүліктік құқығын жəне аралас құқық иелерін ұжымдық басқару

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Авторлардың мүліктік құқығын жəне аралас құқық иелерін ұжымдық басқару"

Copied!
6
0
0

Толық мәтін

(1)

Сонымен, жоғарыда қарастырылып өткен мысалдардың негізінде біз келесідей қорытындыларға келеміз:

1) Бүгінгі күнге дейін заңнамалардың мемлекеттік тілдегі нұсқасы алдымен орыс тілінде қабылданып, сосын қазақ тіліне аударылатынына тағы да көзімізді жеткізіп отырмыз. Сол себепті заң мəтінін аударуда қателіктер əлі де орын алуда.

2) ҚР Азаматтық-процестік кодексінің атауынан бастап мəтініне дейін аудару сапасы сын көтермейді.

3) Заңды аудару барысында бұл процесске заң мамандарының қатыспауы да осы проблеманың орын алуына бірден бір себеп болып отыр.

4) Заңдарды аудару барысындағы əртүрлі нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тілдегі мəтінінде орысша бір сөздің орнына бірнеше қазақша аудармасының қолджанылуына көзімізді жеткізе аламыз.

Əдебиеттер тізімі:

1 Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_#z0

2 Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151 Заңы «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_

3 Ильясова Г.А. Заңдарды мемлекеттік тілге аудару сапасына қатысты өзекті мəселелер //

http://www.zakon.kz/4622235-za1187dardy-memlekettk-tlge-audaru.html

4 Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі» // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000377

5 Сапаргалиев Г.С. Русско-казахский словарь юридических терминов и понятий //

http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30355569&page=5#pos=1;-154

6 Кодекс Республики Казахстан от 31 октября 2015 года № 377-V ЗРК «Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан» // http://adilet.zan.kz/rus/docs/K1500000377

7 Окушева Г.Т., Жанаділова З.М., Еркінбаева Л.Қ. Ағылшынша-орысша-қазақша заң терминдерінің сөздігі. - Алматы: Нұр-пресс, – 2006. – 106 б.

8 Бектаев К. Большой казахско-русский, русско-казахский словарь - Алматы, 1995. - 703 с.

АВТОРЛАРДЫҢ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҒЫН ЖƏНЕ АРАЛАС ҚҰҚЫҚ ИЕЛЕРІН ҰЖЫМДЫҚ БАСҚАРУ

Ысқақ Ж.М., заң факультетінің магистранты, Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ Заң шығарушы қандай ұйымдық - құқықтық пішінде автордың мүліктік құқықтық ұжымды жасау керектігін анықтамайды. Мүшеліктің белгісі РФ АК мен салыстырсақ (1242 бабының 1 бөлімі) не Авторлық құқық туралы заңда, не ҚР АК-нда бекітілмеген. Аталмыш ұйымда, шұбаланған тұжырымдаманың жариялық критерилері (авторлармен жəне аралас құқықтың иеленушілерімен құрылады жəне басқарылады; коммерциялық қызметпен айналысуға жəне сенімді шығармашылық нəтижесін қолдануға құқығы жоқ; интелектуалды меншік құқығының шеңберінде əрекет етеді; заңда көрсетілген «өкілдікті» іске асырады жəне т.б.) бірқатар шектеулермен (саяси емес партия, адвокаттық емес жəне нотариалдық емес кеңсе, діни емес партия, тұтынушылық кооператив емес жəне т.б.) коммерциялық емес заңдық тұлға ретінде ұйымдастырушылық – құқықтық пішінде тəжірибелік құрылым ретінде мүмкіндігі бар екен болжайды (қоғамдық бірлестік, қоғамдық қор, жекеменшік мекеме, ассоциация, одақ т.б.). Мұндай ұйымдастырушылық-құқықтықтың форма таңдау еркіндігі –құқықтық тəртіптегі олқылық. Қағида бойынша іс жүзінде жеке мекемелер мен қоғамдық бірлестіктер құрылады.

Ұйымдық аккредитивтеу əр түрлі ұжымдық басқаруда рұқсат етіледі (Авторлық құқық туралы заңның 46-І, 43 бабының 3 бөлімі). Бұл сəтте - ресейлік кеңейтілген өкілдікпен қағидатты келіспеушілік болып отыр: «АК 1244 бабының 1 бөлімінің əрбір көрсетілген аумағында тек бірі ғана жүзеге асады, ол айырықша мəселе ретінде қарастырылады» (Авторлық құқық туралы заңның 46-І бабының 2 бөлімінің 1 тараушасы) [1, 361]. Қазіргі заңға сəйкес 43-бабының 3-тармағында көрсетілген жеке аккредитациялау қаншалықты ақылға қонымды (авторлық құқық туралы заң)?

Арыз берушіде фактілер болған жағдайда ұжымдық иемдену саласынан бір немесе бірнеше аккредитацилауға беруі мүмкін бе?

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(2)

Дəстүрлі жүйемен шектелген ұжымдық иемдену мекемесі – кеңейтілген жəне шектелген өкілдік. Бірінші жағдайда, авторлық сыйақы жинау өкілетті иелік етушісіз заңды түрде немесе əкімшілік акт арқылы жүзеге асырылады. Екінші жағдайда, құқық иелері арасындағы сыйақы жинау жəне таратуға құқық иесінің арнайы өкілеттілігі - келісім (сыйақы жинау жəне тарату мекемелерінің тапсырыстары) немесе сенімхат болып табылады.

Ұжымдық басқаруды ұйымдастырудың Қазақстанда екі жүйесі де жұмыс істейді, аккредитациядан өткен («құқық иеленушінің ресми мойындауы») Қазақстан Республикасының əділет министрлігі интелектуалды меншік құқығы Комитет құқық иеленушінің рұқсатынсыз қызмет етеді, аккредитациядан өтпегендер - келісім шарт бойынша құқық иеленушілер. Іс жүзінде бірінші үлгі басты идея болып табылады.

Аккредитацияның заңды анықтамасы (Авторлық құқық туралы заңның 2 бабының (8 тармақшасы) осы Заңның 46-1 бабының 2 бөлімінің 3 тарауынынан келіп шығатын ұғымқа қарама-қарсы.

Біздің ойымызша, жергілікті шарттың неғұрлым қолайлысы өкілеттілік жүйесінің шектеулілігі болып табылады.

Авторлық заңда қолданылған нормаларды салыстыру, жеке жəне қоғамдық құқық тұрғысынан көптеген сұрақтарды тудырады да, қоғамда күнделікті талқыға түсетін мəселелерді қайтадан еске түсіртіп, эффектісіз жəне еш қызықсыз қызметті еске салады. Осы тұрғыдан қарағанда ұжымдық иемдену мекемелерінің назарын сол мекемелердің тұлғалы қарым – қатынасымен Қазақстандық авторлық құқықты жаңартуды қажет етеді.

Аккредитация заңының 2 бабының 8) тармақшасына сəйкес – ол «ұжымдық тұрғыдан меншікке иелік ететін мекемені өкілетті органдардың мойындау рəсімі». Бірақ заң мағынасына сəйкес, аккредитация əдейі аккредитацияланған мекемені «мадақтау жиынынан əлі келісімге отырмаған иелік етушілермен жүзеге асыру» мақсатында қарастырылған (Заңның 46-1 бабының 2 бөлімінің 3 тарауы), яғни, интелектуалды меншік заңына сəйкес, Комитет өкілділігі авторлық құқықсыз мадақтау жиынына қолданушыларды автор ниетіне немесе автор атынан (иелік етуші) шақырушы еді. Қайталайық, қазақстандық мекеменің қызметі келісім шарт болған жағдайда, иелік етушінің ниетіне қарай аккредитациясыз ұжымдық иемденуге рұқсат береді (Заңның 46- 2 бабының 1бөлімі).

Аккредитация механизіміндегі басқа қарама-қайшылықтар: аккредитация қорытындысы шығар кезде мынадай жағдай ескеріледі «қолданыстағы келісімнің бары туралы мүдденің ұжымдық басқару ұйымдарының ресми сыйақы жинауы «иелік етуші» мүліктік құқықтармен басқа мемлекеттің иелік етушісімен (Заңның 46-2 бабының 7 бөлімінің 4) тармақшасы).

Қазақстандық мекемеге егер оларда «ұйымдық ұжымдық басқару мүліктік құқықтық иелік етушінің басқа мемлекеттерде өзара келісім шарты» (шектеулі үкімет) болса не үшін ұжымдық басқару ұйымына ресми «келісім шарт жасалмаған иелік етушілер үшін» сыйақы жинау (кеңейтілген үкімет) не үшін қажет? Өзара үкімет келісім шарты (соншалықты маңызды) ресми мəртебеге қалай болса да «қолға түсіру» сыйақы жинауды рұқсат етеді, басқа да қалған иелік етушілердің «қызығушылығымен», барлық əлемде бытырап орналасқан болып табылады. Шартты түрде айтқанда, Қазақстанда А.Б. Пугачеваның, Пол Маккартни, Майкл Джексон, Патрисиа Каастың жəне т.б. əлемдік деңгейдегі əншілердің əндерін орындағаны үшін сыйақыны жинау жергілікті ұжымдық басқармасы эстрада жұлдыздарымен келісім шартқа отыру міндетті емес. Бір ғана ұжыммен келісімге келуі жеткілікті, мысалы, Қырғызстаннан немесе Өзбекстаннан рəсімделген құжатты аккредитация комиссия мүшесіне көрсетсе болғаны. Бұл тəжірибелік жағдайда, ұжымдық басқару сана бұрмалануына əкеліп соғады. В.И. Ленин айтқандай: «ресми жағдайда дұрыс, бірақ негізгі мағынасында қорлау».

Бірнеше қосымша тұжырымдамалық ескертпелер.

Біріншіден, «құқық иесі өзіне тиесілі құқықты өз қалауынша қолдана алады. Басқа тұлғалар авторлық құқықты құқық иесінің рұхсатымен, ол рұхсат еткен өкілдік шеңберінде ғана жұмыс жасай алады» (ҚР АК 984 бабының 1 бөлімі). Яғни Авторлық құқық туралы заңның нормасынан келіп шыққан кеңейтілген өкілдік тəртіптері ҚР АК нормасына қайшы келеді. Сатылы лауазымды күшке сəйкес Кодекс ережесі белгіленген əдеттегі заңға қарағанда үлкен заңды күшке ие (ҚР АК 3 бабының 2 бөлімі, 4 бабының 2 жəне 3 бөлімі, 1998 жылдың 24 наурызында қабылданған

«Нормативті құқықтық актілер туралы» заңның 6 бабының 1 жəне 2 бөлімі). Сот аралас

құқықықты басқару (ҚР АК 5 бабы) антологиясы ережесін таратуғы жəне кең талқылауға құқылы.

Ресми негіздері: аралас құқық авторлық құқықпен негіздес, ҚР АК 984 бабының 2 жəне 3

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(3)

бөлімдерінде аралас құқықтар сөз болады, авторлар мен «араластықтар» өзінің қызығушылықтарын (ҚР АК 2 бабы) тең дəрежеде талап етуге құқылы жəне т.т..

Екіншіден, авторлық құқық жайлы аккредитация анықтамасы (ресми мойындау рəсімі құқық иеленушілік ұйымы) тіркелген сол Заң мазмұнына қарама – қайшы болып табылады.

Аккредитацияны қалаған ұйымдар, қажетті мүлігі жəне ұйымдасқан құқықиеленушілігі болмайды.

Əйтпесе, ол неліктен өз еркімен өзін əкімшілік рəсімдеуге итермелейді? Аккредитация кезінде болмағандар, «ресми мойындалған» құқық иеленушілік болып саналмайды. Егер басқа құқық иеленушілік анықталса, онда неге бір уақытта осы құқық иеленушілік, аккредиттаушы ұйымда жоқ?

Үшіншіден, атқарушы билік органы қазақстандық жеке тұлғаға басқа жеке тұлғаның атынан (қазақстандық, шетелдік жəне халықаралық) өкілеттілік бере ала ма? Мəтінді нығайтайық: осы мемлекеттік орган өзінің құзыретінде жоқ болсада жергілікті ұйымдарға өкім бере ала ма? Жауап айқын. Ульпиан айтқан екен: «Ешкім өзінде жоқ құқықты басқа біреуге бере алмайды», «Nemo plus iuris ad alium transferre potest, guam ipse haberet» (50.17.54.). Мүмкін мемлекеттік орган аккредетивтік ұйымдарға өзінің жеке бақылауы мен қадағалау фунциясын атқаратын шығар?

Жауап айқын. Бұл заңға қайшы. «Ұйымдарға, яғни, мемлекеттік статусы жоқ, мемлекеттік бақылау жəне қадағалау функцияларын жүргізу» жемқорлыққа жол беретін, заңға бағынбаушылық болып табылады (1998 ж. 2 шілдедегі «Жемқорлықпен күрес туралы» заңның 12 бабының 1 бөлімі 13-1) тармақшасы).

Авторлық құқық заңы негізінде аккредетация сөзінің мағынасы қандай? Жауап нақты емес.

Бұл жағдайда қақтығыс логика ережелерінің бұзылуында болып отыр, бірақ азаматтық құқықтың бұзушылық: азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушыларының теңдігі, адамның жеке ісіне араласуына жол бермеу, азаматтық құқықтардың кедергісіз орындалуын, мүлiкке қол сұқпаушылығын қамтамасыз ету жəне т.б. (ҚР Конституциясының 26 бабының 2 бөлімі жəне 6 бабының 1 бөлімі, АК 2 бабының 1 бөлімі).

Егер авторлардың мүлік құқықтарын басқару бойынша бір қазақстандық ұйым өзінің шетелдік серіктестерімен, мысалы, Ресейлік авторлық ұжымымен (РАҰ) Қазақстандағы ресейлік құқық иелерінің мүдделерін қарастыру келісім шарты, ал басқа қазақстандық ұйым, сəйкесінше ондай келісімшарттың құқығы жоқ, бірақ атқарушы органдааккредитация өткен, сондықтан ресми түрде екеуі де Қазақстан территориясында шетелдік авторлар пайдасына сыйақы жинау құқығына ие. Бұл ретте, негізінде болмауы тиіс кикілжіңнен басқа заңдық теңдік қағидаты бұзылады. Ресми - жасандылық (процедуралық, заңды), бірақ объективті емес (экономикалық, саяси, мəдени, техникалық) себептермен – екінші ұйым (РАҰ –мен келісімшарты жоқ) біріншімен салыстырғанда артықшылық жағдайында- аз шығындар негізінде, яғни тура сол ұйымдық финанстың жəне басқа да ресурстарды алады. Егер РАҰ Қазақстанда оның құқық иелерінің мүдделерін қарастыратын бір ғана («айырықша») ұйымды тағайындап жəне бекітсе (бекітілсе) не істеу керек? Бəлкім мұндай Қазақстанда бар шығар? Кім біледі? Аккредитация негізінде күшіне енген үшінші жақтың құқықтары қандай мағына жəне қандай заңды күшке ие болды? Бұл жағдайда сыйақылардың тағдыры қандай, егер олар жалпы төленсе (мұндай аккредитацияның қаржылық қорытындысы аса күдікті болуы мүмкін). Құқықтық реттеудегі шатасушылық бірқатар сұрақтар тудырады.

Егер қарастырылып отырған жағдайда, РАҰ қазақсатандық контрагентке сыйақы жинауды бөліп бермесе, немесе, жағымсыз жұмыс тəжірибесі болса, тура немесе жасырын түрде ресейлік туындыгерлердің Қазақстан назары үшін ұсынысына негізделген келісімшарттан бас тартса, ал қазақстандық мемлекеттік орган, аккредитация негізінде жергілікті ұжымдық басқарманы «құқық иеленушілікті мойындады», жеке істерге ерікті кірісу туындайды (мысалы, РАҰ істерінде жəне авторлармен тапсырылған сонымен қатар басқа да құқық иеленушілермен).

Бар аккредитацияның механизмі, қанша оғаш көрінгенімен, Қазақстан Республикасындағы интелектуалды меншіктік қорғаудың тиімділігін азайтады. Ұжымдық басқарумен айналысатын жергілікті мекемелердің кəсіби өсуіне объективті ынтасы мен қызметтік белсенділігінің артуын тежеп, өзі тектес шет елдік немесе халықаралық мекемелермен жақын қарым қатынас орната алмайды.

Ұжымдық басқарумен айналысатын жергілікте мекемелер қазақстандық жəне шетелдік авторлардың (құқық иелерінің) болмасын бақылауынан шыққысы келеді. Нəтижесінде біз сынап отырған бассыздыққа апаратын жағдайлар ресми негіз алады.

«Əнші жəне атақты «Кел, отбасы құрайық» телебағдарламасының авторы Айгүл Бабаева»

қаржы полициясына өзінің гонорарын жинап жүрген Қазақстандық авторлық ұйымның жұмысының дұрыстығын тексеруге талап етуші қуыным берді. Онымен бірге «Үркер» тобының əншісі Айдос Сағат жəне продюсер, əрлеуші Павел Ли осы тектес арыз берген. Ашық емес –

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(4)

басқа орындаушылар мен радио, телеканалдардан олардың аттарынан гонорар жинайтын Қазақстандық авторлық қоғамның үш автордың наразылығын тудырған негіз осы. Менің қоғам басшысына қояр бірнеше сұрағым бар,- дейді Айгүл,- мен гонорар алған кезде ол қайдан келгенін білмеймін. Тек тізімдемеге белгілі бір сомадағы ақша алдым деп қол қоямын. Мүмкін мен 90 мың емес, 150 мың алуым керек шығар. Ең құрығанда ақшаның шыққан тегі жайлы деректі жылына бір рет алып отырсақ ˂...˃ Қаз АҚ заңгерлік бөлімінің басшысы Серік Исаев авторлырдың көңілдерінен шықпай жүрген ебебі тіптен басқа - Ашықтық тақырыбы бізге таңсық емес, осы себеп үшін бізді былтыр да тексерген. Қаржы полициясының бұл тексерісіне бірнеше авторлардың арыздары сеп болғын еді...»[2, 4]. Яғни дау үнемі туындап тұрады. Заңның негізгі мақаты – дауды тудыру емес, конфликтілердің алдын алу (болдырмау).

Қазақстан көптеген - халықаралық жəне жергілікті интелектуалды құқықты қорғау келісімдерге кірген. Республикамыз сəйкесінше халықаралық ережелерді қабылдаған. Сол себепті мүліктік меншікті ұжымдық басқару мекемелерінің күманды политикасы мен пайдасыз аккредитациясы мемлекеттік органның сенімін жойып қана қоймай, сонымен бірге интелектуалды меншікті қорғау аясында халықаралық беделімізге нұқсын келтіреді.

2010 жылдың 9 желтоқсанында қабылданған интелектуалды меншікті қорғау жəне күзет аясында реттеудің бірыңғай қағидаттары Келісімінің 10 бабының 1 бөліміне сəйкес «ұжымдық басқару мекемесіне ... авторлар мен басқа да авторлық жəне аралас құқық иелерінің келісімімен...

қызмет жасайтын өкілетті мекеме жатады». Осы себеппен, ұжымдық басқарудың негізгі ережесі боп құқық иелері берген өкілетпен ғана табыстау болып тбылады.осы ережелерді тыянақты, жан жақты зерттеп, біз мынандай шешім шығардық Келісімді жалпы ережелерден алып тастауға болмайды. Мысалы, мынандай жғдайларда, «құқықты... жекеленген тəртіпте қолдану қиынға соқса» (мүндай қиындықтарды əрине, дəлелдеу қажет болады; процессуалды ықылас құқық иесінен бастау алу керек) немесе «ұлттық зааңнамамен... авторлық жəне аралас құқық иелерінің объектілерінің рұхсатынсыз олардың құқықтарын қолдану» ( Авторлық құқық туралы заңның 16 бабының 3 бөлімі, 28, 18, 17 баптарындағы айтылатын құқықтарды еркін қолдану жағдайлары), бірақ қазақстандық емес нұсқадаңы «аккредитациялар» - Заңдар түптеп келгенде басқарушы мекемеге шығармашылықтың нəтижесін басқаруға тыйым салады). Берілген аумақтағы, Келісімге қатысатын мемлекеттерде (Беларус, Қазақстан жəне Ресей), «ұжымдық басқару мекемелерінің құрылуы мен қызметіне көмек көрсетеді» (10 бабының 2 бөлімі). Назар аударамыз: «теріс пайдалануға емес, ұжымдық басқару мекемелерінің құрылуы мен қызметіне көмек көрсетеді».

Конвенциялық норманы (дегенмен кез келгенін) өз еркінше емес, ақылман талдау керек. «, жəне басқа да олардың мүддесі үшін қызмет жасаудан бас тартпаған авторлар мен басқа құқық иелерінің, авторлар мен басқа да құқық иелерінің мүддесі үшін қызмет жасайтын ұжымдық басқару мекемелердің қызмет көрсету мүмкіндігі» деген жағдай айырықша зейінді талап етеді.

«Бас тартпағандар» деп, шамасы, жергілікті басқару мекемелері мен халықаралық құқық иелерінің қызметтестігінің алғашқы кезеңін айтылады. Əйтпесе құқық иесі қашан, кімге жəне қай мерзім аралығында «тікелей бас тарту» жіберуі керек («міндетті» ме)? Қатысушылар мен ұжымдық басқару мекемелердің арасында Келісім бұзылмас үшін келесі шарттар орындалуы керек: Келісімнің күшіне енетін мезгіліне дейін Тараптар келесі халықаралық шарт жасайды

«ұжымдық басқарудағы бірыңғай тəртіпті анықтау», «қатысушы-мемлекеттердің Біріккен

экономикалық кеңстігіндегі ұжымдық басқару мекемесінің жұмысын реттейтін космиссияның жұмыс тəртібін құру жəне анықтау» жəне т.б. (10 баптың 4 бөлімі, 3), 1) тармақшалары ).

Сауалдың халықаралық маңызы бекітілді. Қазақстан өз міндетін орындауға дайын ба?

РФ АК дайындушылар мойындайды: құқық иелерінің келісімінсіз авторлық құқық пен аралас құқық объектілерін ұжымждық басқару – «негізінде құқық иелері үшін қажет емес, бірақ заңда айырықша жағдайларда қолданылады» [1; 347]. Қазақстандық жəне ресейліқ ұжымдық басқару конструкциясы қағидатты болып табылады. РФ АК əдеттен тыс кеңейтілген өкілдік идеясы бірте бірте іске асуда. Ал ұжымдық басқарудағы біздің Заңнама пен тəжірибеде ол жай ереженің бірі болып қалады. Біріншісі екіншісінің «көлеңкесінде» қалып қояды.

Қалыптасқан жағдайдан қалай шығуға болады? 1996 жыл мен 2009 жыл аралығында өзін дəлəлдеген, қазіргі АК бекітілген ұжымдық басқарудың заңдық констукциясына сүйену керек (Заңдағы аккредитацияның сыналып отырған механизмінің пайда болғанына дейінгі). Қазақстанда мүліктиік құққты ұжымдық басқару мекемелерінің аккредитацияланған кезінен бастап жиналған тəжірибесін де ұмытпау керек.

Енді «ұжымдық басқару» ұғымының мағынасына тоқталсақ. Ол қандай қызметтерді атқарады? Ол өзі тектес цивилистикалық категориялармен қалай қатынасқа түседі? Біздің құқықтық қолданбалы тəжірибемізде ол əлі де болса маңызды.

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(5)

«Басқару» термині шартты əрі сəтсіз: «басқару» əкімшілік қарым-қатынасты, билік пен бағыну қатынасын көрсетеді, алайда бұл жүйеде барлық тараптар тең құқылы, азаматтық- құқықтық қатынаста» [3, 173]. «Ұжымдық басқарудағы авторлық жəне аралас құқықты «басқару»

термині сенімді басқарумен тең емес» [1, 350].

Заңшығарушы «басқару» терминін бірнеше мағынада қарастырған: заңды тұлғаны басқарушы орган, сеніммен басқару, ұжымдық негізде басқару жəне т.б. азаматтық құқықтағы басқаруды əкімшілік қатынастағы билік пен бағынушыдан ажырата білу керек. Мағына қолдану аясына қарай өзгеріп отырады.

Ұжымдық «сеніммен» басқару заңды деуден гөрі ресми деген дұрысырақ. Құқық иесі өздері құрған мекемеге өз еркімен қолданушылармен ымыраға келуге, сыйақыны жинауға жəне табыстауға, сотта интелектуалды құқығын қорғауға жəне т.б. рұхсат береді. Заң тұрғысынан қарағанда сеніммен жəне ұжымдық басқару қағидатты түрде ұқсамайды (субъектілерімен, қызмет аумағы мен мақсаты, міндет объектісіне, қолдану айырықшалігіне жəне т.б.).

Келесі жайлар өзіндік айырықшаліктерін ғана көрсетіп қоймай, Заңды жетілдірудің уақыты келгендігін көрсетеді.

Сенімді басқарумен алынған (алған) мүлік меншік иесіне тиесілі.Бұл норма өзгеріссіз қалады.

Авторлық құқық туралы заң мүліктік құқықты ұжымдық басқарып отырған мекемеге жиналған сыйақылардың бөлігін «олар өкілеттілік ететін авторлық жəне аралас құқық иелерінің келісімімен арнайы қорларға аударуға» рұхсат береді.(бабының бөлімі тармақшасы). Қолданушылардын алған сыйақы дербестендірілуі керек, жəне осыған ұмтылу керек. «Арнайы қор» ашу үшін барлығы бір ауыздан келісім берулері керек. Əрине, мекеменің барлық мүшелері, олар əр елді мекенде (мемелекетте), əрі көп болуы мүмкін, сондықтан осы сұраққа олар бір ауыздан келісулері екіталай.

Арнайы қорлардың құрылуын Заңда арнайы үлгімен бекітілу керек. Заңшығарушының үнсіздігі қиянат етуге əкеліп соқтырады. Тəжірибе көрсеткендей ол қосымша аргументті талап етеді, біз осы проблема бойынша алдында сөз қозғаған болатынбыз [4, 44].

Ұжымдық басқарушы мекемелерге сауда-саттықпен айналысуға болмайды (Заңның 43 бабының 2 бөлімі).

Ю.Г. Басын кəсіпкерлікті сауда-саттықтан айыруды ұсынды [5, 171]. Ұғымды таңдау қиындықтарды шешпейді. Қазақстанда нтелектуалды құқықты басқарушы мекемелер авторлық жəне аралас құқық объектілері мен туындыларды депозиттеп, құқық пен объектілеріне тіркеу жасайды, ақылы түрде мұндай деректерді хабарлап, насихаттау мақсатында өздеріне шығын келтірмей арнайы əдебиет басып шығарып, іс шаралар өткізеді. Осындай істерге тыйым салу логикасына келісу қиындық тудырады, себебі олар «меншіктік құқықты... тəжірибеде іске асыру»

мақсатымен келісіледі (Заңның 43 бабының 1 бөлімі). Бұл жерде ҚР АК 34 бабының 3 бөлімімен тығыз байланысады: «Коммерциялық емес мекемелер кəсіпкерлікпен өздерінің жарғылық мақсатына қаншалықты сай келсе, соншалықты айналыса алады». Шегінен шықпаған кəсіпкерлік қызметті Заң демеу жасауы керек.

Автор құқығы туралы заңдағы 43-бап 6-тармағының екінші сөйлемінде былай делінген:

«Шешім қабылдау салыстырылмалы... лицензиялық келісімнің қорытынды шарты... тек қана авторлық жəне алқалы құқық иегерлерінің ортақ жиналысында жүзеге асады». Дəл осы мəн мəтіндегі «лицензиялық келісімнің қорытынды шарты» сəтсіз тұжырымдама, себебі сол Заңдағы 44 баптың 2-тармағының мағынасына сəйкес келмейді. «Лицензиялық келісімнің қорытынды шарты» емес, дұрысында оның мазмұны, яғни «лицензиялық келісімнің шарты» типті, ұжымдық басқарма мүшелерінің көпшілік даусымен мақұлданған болуы керек. Келісімнің қорытынды реті Кодекспен реттелген (ҚР АК 400, 393 баптары) жəне айрықша мəмілеге мұқтаж емес. Жария келісімге арналған заңымызға сəйкес, бірдей категорядағы пайдаланушылардың лицензиялық келісімі ешқандай артықшылықсыз бірдей шартқа негізделуі керек (АК 387-бабы). Басқару ыңғайлы болу үшін, мұндай категориялар мейілінше көп болу тиіс. Типке негіздеу ұжымдық негіздегі айырықша құқықты басқаратын ұйымның қалауында.

Бір жағынан, егер туындыны жəне аралас құқықтарды пайдалануға «ұжыммен» тыйым салынса (Заңның 43 бабының 2 бөлімі, 44 бабының 1 бөлімі), онда қандай «лицензиялық келісім»

туралы (АК 966 бабының 1 бабының 1бөлімін қараңыз ) сөз болып жатыр? Авторлық келісімнің айырықша типі деу дұрысырақ сияқты.

Лицензиялық келісімді тіркеуді пайдаланушыға артуға болмайды. Мемлекеттік тіркеуді растау жоғары технологиялы заманда керексіз, ескірген формальдылық. Тəртіп, заңдағы 44- баптың 3-тармағы пайдаланушылар мен құқық иеленушілердің емес, ұжымдық басқару

Ре по зи то ри й Ка рГ У

(6)

ұйымының қызығушылығына ғана жауап берді. Ресми сұрақтарды шешуде педанттық жəне қолданушылардың кəсіптік икемі ұсынылмайды. Ұжымдық басқару ұйымы керісінше үнемі мемлекеттік органмен қарым-қатынаста болады (болуы керек). Тіркеу рəсімін жеңілдету ұсынысы – 2012 жылдың шілде айында қабылданып, 44-баптың 3-тармағында күшін жойды [6]. Қазіргі Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйенің (БНАЖ) аналогиясы бойынша электрондық дерекқор құру.Ол ұжымдық басқарудың периодтық хабарлама есебінен толығып отырады. Осындай дерекқор мазмұны біріктірілген «электрондық үкіметтің» белсенді пайдаланудағы жүйесін ҚР Əділет министрлігі интелектуалдық меншігінің құқық Комитеті бойынша интернет-ресурсқа жариялау.

Əдебиеттер тізімі:

1. Комментарий к части четвертой Гражданского кодекса Российской Федерации (поглавный) / Г.Е. Авилов, К.В. Всеволожский, В.О. Калятин и др.; под ред. А.Л. Маковского. - М.: Статут, 2008. – 225 с.

2. Халабузарь Н. Давай поделимся! // Мегаполис. - 2012. - №15 (573). - С.3-6.

3. Гаврилов Э.П. Комментарий к Закону Российской Федерации « Об авторском праве и смежных правах». - М.:Спарк, 1996. – 224 с.

4. Братусь Д.А., Туребеков С.А. Коллективное управление интеллектуальными правами:

рекомендации и новеллы. // Юрист. - 2005 - №8. - С.44-47.

5. Басин Ю.Г. Правовые проблемы концентрации капитала в условиях свободного рынка и необходимости защиты публичных интересов // Он же. Избранные труды по гражданскому праву.

–А.:АЮ-ВШП «Аділет», НИИ частного права КазГЮУ, 2003. – 550 с.

6. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту жəне мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңы // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1200000036

ДАУЛАРДЫ РЕТТЕУДІҢ ЖАҢА ТƏСІЛІ РЕТІНДЕ ПАРТИСИПАТИВТІК РƏСІМ

Асмагамбетова С., заң факультетінің 3-курс студенті, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

(Ғылыми жетекші – Мулькубаева Ш.Р., з.ғ.м.,азаматтық жəне еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушы)

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық процесстік кодекс қолданысқа енгізілді. Қазақстан Республикасының (əрі қарай –ҚР) жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексінде сот ісін жүргізу тəртібін реттейтін жеткілікті жаңа нормалар қабылданды.

Солардың бірі дауды партисипативтік рəсім тəртібімен реттеу процедурасы болып табылады.

Аталмыш процедураны ҚР Азаматтық процестік кодексіне енгізе отырып, азаматтардың конституциялық құқықтарын жəне бостандықтарын сотпен тиімді қорғауды қамтамасыз ету үшін азаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мақсатында қабылдаған. Қолданысқа енгізілген ҚР Азаматтық процестік кодексінде, тараптарды бітімгерлікке келуге ықпал етуге басымдылық берілген. Соның нəтижесінде сот, тараптарды татуластыру үшін барлық шараларды қолданады жəне процестің барлық сатысында дауларды реттеуге ықпал етеді. Партисипативтік рəсімнің бұл орайда атқаратын ролі өте маңызды. Дауды партисипативтік рəсім тəртібінде реттеу, бұл біздің процессуалдық құқықтағы мүлде жаңа институт жəне бұл процедура тікелей кəсіби адвокаттардың қатысуымен өтеді. Дауды реттеудің мұндай тəсілі азаматтық сот өндірісін жеңілдетіп қана қоймай сонымен қатар дауды бейбіт жолмен реттеуге септігін тигізеді. Партисипативтік рəсім тəртібін енгізу процестегі адвокаттың рөлін арттырады.

«Participative» термині француз тілінен аударғанда «қатысады, қатыса алады» деген мағынаны білдіреді. 2010-2011жж. Франция мемлекетінде дауларды шешудің баламалы тəсілдері жөнінде, соңғы ең ірі реформа болып өтті. Осы реформа нəтижесінде француз-құқықтық жүйесінде келесідей дауларды шешу тəсілдері орнықты: келіссөздер, медиация, консилиация (келісу процедурасы), арбитражды сот жəне партисипативтік рəсім. Франция партисипативтік рəсім тəжірибесін, Солтүстік Америкада орныққан «коллаборативті құқықтан» жəне Канада

Ре по зи то ри й Ка рГ У

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

На рисунке 1б наблюдается отсутствие роста культур эпизоотического штамма микобактерий бычьего вида, что указывает на

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жəне осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтармен айналысуының негізгі себептері мыналар

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жəне осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтармен айналысуының негізгі себептері мыналар

Авторлық құқықтың пайда болуы жəне оның іске асуы үшін шығарманы тіркеу, немесе басқа да арнайы рəсімдеу шараларын жүргізу міндетті емес» (Авторлық

ҚР «Неке жəне отбасы туралы» Заңының 76-бабының 3-бөлігіне сəйкес, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды шетелдіктерге асырап алуға

Мəселен, М.М.Бринчуктың пікірі бойынша, экологиялық сараптау-құқықтық, шаруашылық, басқару жəне басқа іс-əрекеттерде экологиялық құқық тəртібін,

Мəселен, М.М.Бринчуктың пікірі бойынша, экологиялық сараптау-құқықтық, шаруашылық, басқару жəне басқа іс-əрекеттерде экологиялық құқық тəртібін,

Дəл қазір қазақстандық заң ғылымы жəне жеке жалпы теориялық құқық алдында мемлекеттің барлық құқық қолдану субъектілеріне арналған құқық нормасын