• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Матаев Ө.М., Абдурахманов А.А., Заурбекова Д.С. Электр станциялары және қосалқы станциялары электр жабдықтарын жөндеу және реттеу. 5В071800 – Электр энергетикасы мамандығы үшін дәрістер жинағы. – Алматы: АЭжБУ, 2018. – 78 б.

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Share "ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Матаев Ө.М., Абдурахманов А.А., Заурбекова Д.С. Электр станциялары және қосалқы станциялары электр жабдықтарын жөндеу және реттеу. 5В071800 – Электр энергетикасы мамандығы үшін дәрістер жинағы. – Алматы: АЭжБУ, 2018. – 78 б."

Copied!
79
0
0

Толық мәтін

(1)

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯЛАРЫ ЭЛЕКТР ЖАБДЫҚТАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ

5В071800 – Электр энергетикасы мамандығы үшін дәрістер жинағы

Алматы 2018

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА

ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Электр станциялары және электр энергетикалық жүйелері кафедрасы

(2)

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Матаев Ө.М., Абдурахманов А.А., Заурбекова Д.С. Электр станциялары және қосалқы станциялары электр жабдықтарын жөндеу және реттеу. 5В071800 – Электр энергетикасы мамандығы үшін дәрістер жинағы. – Алматы: АЭжБУ, 2018. – 78 б.

Бұл дәрістер 15 дәрістер жинағынан тұрады. Олардың барлығы да оқу жоспарына және оқу бағдарламасына сәйкес жазылған. Дәрістер жинағында қарастырылған мәселелер түсінікті және қарапайым мемлекеттік тілде студенттерге жеткізілілген.

Без. 54, кесте 3, 10 әдебиет көрсеткіші атау.

Пікір беруші: Аршидинов М.М.

«Алматы энергетика және байланыс университеті», коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2018 жыл жоспары бойынша басылады.

© «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2018 ж.

(3)

Кіріспе

«Электр станциялары және қосалқы станциялары электр жабдықтарын жөндеу және монтаждау» пәні студенттерді электр станциялардың және қосалқы станциялардың электр монтаждау жұмыстарын жүргізу технологиясымен, олардың негізгі элементтерінің зақымдалуы және жөнделуімен таныстырады. Электр жабдықтарын монтаждаудың заманауи әдістері мен сапалы жөндеу электр жабдықтарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге, қызмет мерзімін ұзартуға және шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Бұл пәнді оқу студенттердің тәжірибелік қызметтерінде көмек көрсетеді.

Дәрістер жинағы 15 дәрістен тұрады, олар көптеген кестелер мен сызбалардан құралған.

Дәрісте негізгі терминдер мен электр станциялар және қосалқы станциялар жабдықтарының анықтаулары, электрлік және электрмеханикалық жабдықтарды жөндеу және монтаждау үрдісіндегі технологиялар көрсетілген.

Дәрістер жинағында эксплуатацияға кіретін жабдықты тасымалдау, сақтау, монтаж, сынақ, іске қосу және эксплуатацияға беру, техникалық қызмет көрсету мәселелері қарастырылған. Әдістемелік еңбекте электрстанциялардың және қосалқы станциялардың негізгі жабдығы болып табылатын электр машиналарын және күштік трансформаторларын монтаждау және жөндеу үрдістері қамтылған.

(4)

1 дәріс. Эксплуатацияның және жөндеудің жалпы мәселелері

Жабдықтың эксплуатациясы жасайтын зауыттан шыққаннан қайталама материалдарға өткізгенше жүреді. Эксплуатацияға кіреді: жабдықты тасымалдау; сақтау; монтаж; сынақ, іске қосу және эксплуатацияға беру;

техникалық қызмет көрсету (ТҚК – ТО); ТҚК кезіндегі жөндеулер.

Кезекті жөндеуден кейін жабдық монтажға немесе қоймаға кейін жөндеуге шығатын жабдықты ауыстыру мақсатымен жіберіледі.

1.1 Жабдықты тасымалдау және сақтау

Зауыттан шыққанда әдетте жабдық тасымалданғанда және сақталғанда қоршаған ортаның әсерінен қорғану үшін қапталып шығады. Оны сақтау үшін тұрғынжайлардың (қоймалардың) төрт типі бар. Бірінші топты Л топ қоймалары құрайды, мұнда жабдық жеткілікті жайлы жағдайда болады, 2 топ қоймаларында сақтаудың жақсы жағдайлары қамтамасыз етіледі (С тобы), 3 және 4 топ қоймаларында жеткілікті қатаң (Ж тобы) және ерекше қатаң (ОЖ) сақтау шарттары бар. Мұнда JI тобының үш сақтау топшасы бар (1, 1.1 және 1.2), Ж тобы – үш топша (Ж1, Ж2 және ЖЗ), ОЖ тобы – төртеу (ОЖ1, ОЖ2, ОЖЗ және ОЖ4).

Жасаушы зауыттың нұсқамаларында жабдықты сақтаудың оның жұмыс қабілеті бұзылмайтын рұқсат етілетін шарттары мен шектеулі мерзімі көрсетіледі. Сондықтан сақтауға қабылдарда оның қапталуын тексеріп, қажет болса оны қалпына келтіріп, жабдықтың толықтығын тексеріп, заттың сақталу жағдайларының зауыттың талаптарына сай екендігін тексеру керек. Сақтау шарттарын бұзу жабдықтың кейбір элементтерінің зақымдалуына, оның ішінде метал бөлшектерінің даттануына, түйіспе беттерінің тотығуына алып келеді. Әрине, сақтау шарттарын зауыттыкіне қарағанда жеңілдетуге болады.

Тасымалдау және сақтау жағынан қарағанда электр машиналарын екі қиыстырмалық типтерге бөледі: айгөлектері қалқанды және тіректі машиналар). Бірінші машиналарда айгөлек түйіні машинаның тұрқысына ендірілген, және ол жиналған күйінде тасымалданады; көбінесе мұнда домалау айгөлектері (качения) пайдаланылады. Екінші машиналарда айгөлектер сыртта, өзінің жеке тұрқыларында орналасқан; көбіне мұнда сырғанау айгөлектері (скольжения) пайдаланылады. Бірінші типті машиналар, әдетте, жиналған күйінде тасылып сақталады, екінші типті машиналар – бөлек түйіндерге бөлшектенеді. Домалау айгөлектеріне ерекше назар аударылу керек, өйткені ұзақ тасымалдауда дірілдер мен соққылардан олардың домалау жолдарында ұялар (бринеллирование) және тойтармалар (наклеп) пайда болуы мүмкін. Сондықтан темір жолмен тасығанда машиналар қозғалысқа кесе орналастырылады.

М а й л ы т р а н с ф о р м а т о р л а р ж ә н е м а й т о л т ы р ы л ғ а н э л е к т р а п п а р а т т а р ы зауыттан толық жиналып және майы құйылып жіберіледі. Ірі жоғарывольттік трансформаторлар кейбір жерлері бөлшектеніп

(5)

(кеңейткішсіз және жоғарывольттік кірмелерсіз), қақпағынан төмен май құйылып жіберіледі. Бактың ішіндегі майдың үстіндегі кеңістік инерттік газ немесе құрғақ ауамен толтырылады.

Май трансформаторлары және тасу кезінде бөлшектенген ірі түйіндер мен бөлшектер (кеңейткіш, шығатын құбыр, май тазалайтын және термосифондық сүзгілер және т.б.) қапталмай ашық темір жол платфор- маларында тасымалданады. Олар сенімді орнатылатын жердегі монтажға дейінгі барлық кезеңдерде ылғалдан қорғалу керек. Кернеуі 35 кВ дейінгі кірмелер, құранды аппаратура және аспаптар, салқындату жүйесі, бекітетін заттар және қосалқы бөлшектер трансформатормен бірге қапталып жіберіледі.

Кернеуі 66 – 750 кВ май толтырылған кірмелер трансформатордың орнатылатын жеріне зауыттың қаптамасымен тасылады.

Құрғақ трансформаторлар және электр аппараттары олардың механикалық зақымдардың және тасымалдау мен сақтауда ылғал тікелей әсер жасамайтынына кепіл беретін өзіндік қаптамасында тасымалданады.

Майды толық құйып тасымалдаған трансформаторлардың кеңейткішінде майдың деңгейі май көрсеткіші бойынша бақыланатын деңгейдің шектерінде болу керек. Трансформатордың багында ТК маркалы майдың тесілу кернеуі 50 кВ/мм төмен болмау керек, шығындар бұрышының тангенсы (tg δ) –70 °С – да 0,02 – ден артық болмау керек. Кернеуді жүктеме барда реттейтін құрылғы түйістіргішінің багында майдың тесілу кернеуі 45 кВ/мм кем болмау керек, ылғал – 0,0025 % артық болмау керек. Майдың қасиеттерін тексерудің қанағаттандырарлық нәтижелерінде трансформаторды мерзімін шектемей монтаж басталғанша сақтауға болады.

Күштік трансформаторлар және ток трансформаторлар жаппаның астында (ОЖ4 тобы) өздерінің бітеу жабылған және май құйылған қаптамаларында сақталады. Құранды аппаратураны, бекіту құралдарын, арнайы құралдарды, кернеуі 6 – 35 кВ құрғақ кірмелерді жабық құрғақ тұрғынжайда (ЖЗ тобы) сақтайды. Май толтырылған кірмелерді тік жағдайда сақтайды және майдың ақпауы мен май көрсеткіші бойынша майдың қалыпты деңгейін бақылайды.

Жабдықты сақтау мерзімдері минималды болу керек, өйткені сақтау уақыты кепіл мерзіміне кіреді және жабдықтың құнын көбейтеді. Идеалды нұсқа жабдықты көліктен түсіре сала монтаждау, мұнда жабдық зауыттан тікелей қоймаға соқпай монтаж алаңына түседі.

1.2 Жабдықтың қиыстырмалық жасалынуы

Жабдықтың қиыстырмалық жасалынуы үш нышанмен анықталады:

қоршаған ортаның әсерінен қорғау тәсілімен, салқындату тәсілімен, монтаждау тәсілімен.

Қоршаған ортаның әсерінен қорғау тәсілін таңдау жабдықты орнатқан жерден және қоршаған ортаның қасиеттерінен тәуелді. Стандартпен

(6)

климаттық жасалудың 10 нұсқасы және жабдықты орналастырудың 5 категориясы бекітілген.

1.3 Техникалық қызмет көрсетудің түрлері

Техникалық қызмет көрсетуге электрлік және электрмеханикалық жабдыққа тұрақты қарау және арнайы график және бағдарлама бойынша өтетін жасаушы зауыттың ұсыныстарына сәйкес техникалық шаралар кіреді.

ТҚК құрамына өзінің көлемімен айырмашылығы бар жабдықтың жөндеулері де кіреді. ТҚК сыртқы қараулардан басқа жұмыс істемейтін жабдықта ағытылған кернеуде жүргізілгесін, ТҚК графиктері негізгі технологиялық жабдықтың жұмыс графиктерімен үйлестірілу керек.

Электрлік және электрмеханикалық жабдық өзінің функционалдық арналымы бойынша негізгіге және қосалқыға бөлінеді. Негізгіге өнімді шығару үшін олсыз қалыпты технологиялық процесті өткізу мүмкін емес жабдық жатады. Қосалқыға еңбек шарттарын жақсарту және оның өнімділігін көтеру және өндірістің экологиялық немесе басқа нормативтерін сақтау үшін арналған электрлік және электрмеханикалық жабдық жатады.

Оның жарамсыздығы негізінде технологиялық процесте үзілістерге алып келмейді.

Бүгінгі күнде ТҚК үш жүйесі бар:

– іс жүзінде қызмет көрсетусіз («сынып қалғанша тимеу»);

– қызмет көрсету мен жөндеулердің жоспарлы – алдын ала жөндеу (ЖАЖ – ППР);

– қажеттілігі бойынша жөндеумен қызмет көрсету.

1.4 Электрлік және электрмеханикалық жабдықтың тозу түрлері және себептері

Эксплуатация процесінде электрлік және электрмеханикалық жабдық тозады. Оның негізінде жатқан физикалық процестердің сипаты бойынша шартты түрде тозудың үш түрін бөлуге болады: механикалық, электрлік және моральдік.

1.5 Электрлік және электрмеханикалық жабдықтың жөндеулерін жіктеу

К ө л е м і бойынша жөндеулер ағымдағыға, орта және күрделіге бөлінеді. Ағымдағыларға жабдықты эксплуатациялау кезінде оның жұмыс қабілетін кепілдік қамтамасыз етіп, оның кейбір бөлшектерін ауыстырып, қалпына келтіріп, реттеуден тұратын жөндеулерді жатқызады. Ағымдағы жөндеу жабдық орнатылған жерде, оны тоқтатып, ағытып жүргізіледі. Орта жөндеуде жабдықты толық немесе кейбір жерлерін бөлшектеп, тозған бөлшектері мен түйіндерін жөндеп және ауыстырып, оқшауламаның сапасын

(7)

қалпына келтіреді. Мұнда жабдық жұмысының негізгі техникалық көрсеткіштері қалпына келтіріледі. Күрделі жөндеуде жабдықты толық бөлшектеп, оның кез келген бөліктерін, орамдарды қосқанда, ауыстырып немесе қалпына келтіреді, мұнда жабдықтық ресурсын толық (немесе оған жақын) қалпына келтіреді. Қазіргі кезде негізінде жөндеудің екі түрін пайдаланады: ағымдағы және күрделі, кейде жабдықтың кейбір түрлеріне орта жөндеу де қарастырылады.

А р н а л ы м ы б о й ы н ш а жөндеулер қалпына келтіруге (восстановительный), қайта құруға (реконструкция) және жаңартуға (модернизация) бөлінеді. Қалпына келтіру жөндеуі бөлек түйіндердің және барлық құрылғының толық қиыстырмасын өзгертпей жасалады. Жабдықтың техникалық сипаттамалары өзгермейді. Қайта құруда іс жүзінде жабдықтың техникалық сипаттамалары өзгермегенде кейбір түйіндердің қиыстырмасы өзгеруі және олар жасалған кейбір материалдар ауыстырылуы мүмкін.

Жаңартуда бар түйіндер мен қолданатын материалдарды ауыстырып және жетілдіріп, жабдықтың техникалық сипаттамаларын, жаңа осы кездегі жабдықтың сипаттамаларына жақындатып, маңызды жақсарту мегзеледі.

Ө т к і з у ә д і с і б о й ы н ш а жөндеулер еріксізге (принудительный) және қараудан кейінгіге (послеосмотровый) бөлінеді. Еріксіз әдіс негізінде жауапты жабдыққа қолданылады. Оның маңызы белгілі уақыт арасында элек- трлік және электрмеханикалық жабдыққа міндетті түрде күрделі жөндеу жүргізуде, сосын белгілі кезең арасында жөндеу циклының ұзақтығына және оның құрылымына сәйкес ағымдағы және орта жөндеулерді жасауда. Мұнда жабдықтың ресурсы жөндеулер арасында толық пайдаланылмайды және жөндеуге ақаусыз жабдық түсуі мүмкін. Сондықтан жөндеудің мұндай түрі өте қымбат.

Жөндеудің қараудан кейінгі әдісінде электрлік және электрмеханикалық жабдық күрделі жөндеуге тек қараудан және кезекті ревизия кезіндегі профилактикалық сынақтардан кейін жіберіледі. Жабдықтың ресурсы бұл жөндеудің әдісінде толық пайдаланылады, сондықтан жөндеулердің құны аз.

Бірақ кезектен тыс жоспарланбаған жөндеудің мүмкіндігінен оны өткізу процесі қиындайды және оның ұзақтығы көбейуі мүмкін. Еріксізден жөндеудің қараудан кейінгі әдісіне негізгіге жатпайтын және жеткілікті ауыстыратын паркі бар бұқара қолданылатын жабдықты ауыстыруға болады.

Ұ й ы м д а с т ы р у ф о р м а с ы бойынша жөндеулер орталықтанғанға, орталықтанбағанға және араласқа бөлінеді. Орталықтанған формада (централизованный) электрлік және электрмеханикалық жабдықтың жөндеуі, сынақтары және баптауы жергілікті жөндеу – эксплуатациялық қызметтерді пайдаланбай арнаулы жөндеу – баптау кәсіпорындарымен жасалынады.

Жөндеудің бұл формасына фирмалық ТҚК де жатады (қазіргі уақытта жауапты импорттық жабдыққа жүргізіледі). Жөндеудің бұл формасын жетілдіруге жабдықтың орталық аумастыру фондын жасау және оның номенклатурасын кеңейту, сонымен қатар жөндеу кәсіпорындарының қызмет көрсету аймағын ағымдағы жөндеулерге және профилактикалық қызмет

(8)

көрсетуге тарату жатады. Жөндеудің орталықтанған формасы жұмыстардың ең жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

Орталықтанбаған формасында (децентрализованный) жабдықты жөндеу, сынау және баптау осы жабдық орнатылған кәсіпорынның жөндейтін қызметтерімен жасалынады. Жөндеудің аралас формасында жұмыстардың бір бөлігі орталықтанып жасалынады (сырт ұйымдармен), ал қалғаны – орталықтанбай (өзінің жөндеу қызметтерімен). Орталықтандыру дәрежесі кәсіпорынның сипатынан, жабдықтың типі және қуатынан тәуелді.

Жөндеу өндірісін жобалағанда екі жоспарлы күрделі жөндеулердің арасындағы күнтізбе уақытын анықтайтын жөндеу циклы ұғымы ендіріледі.

Жаңадан эксплуатацияға ендіріліп жатқан жабдық үшін жөндеу циклы деп эксплуатацияға енген кезден бірінші жоспарлы күрделі жөндеуге дейінгі күнтізбелі уақытты айтады.

Жөндеу циклының ұзақтығы эксплуатация жағдайымен, сенімділіктің көрсеткішіне қойылатын талаптармен, жөндеуге жарайтындығымен, техникалық эксплуатацияның ережелерімен және электрлік және электрмеханикалық жабдықты жасайтын зауыттың нұсқауларымен анықталады. Әдетте жөндеу циклы 41 сағаттық жұмыс аптасындағы сегіз сағаттық жұмыс күнімен саналады (арнаулы өндірістердің жабдығы үшін жөндеу циклының есебіне осы жабдық жұмысының нақты графигі енуі мүмкін).

1.1 сурет – Техникалық бұйымның «өмір қисығы»

2 дәріс. Таратушы электр тораптарын монтаждау

Таратушы электр тораптарының және жарықтандырушы қондырғылардың монтажы Құрылыс нормалары және ережелері (СНиП), электрқондырғылары құрылымының Ережелері (ПУЭ) және жасаушы зауыттардың монтаждық нұсқамаларының талаптарына сәйкес жасалынады.

Монтаждың алдында жабдықтың қиыстырмалық жасалуының және орналасу категориясының оның эксплуатация шарттарына сәйкес екендігіне көз жеткізу керек.

(9)

1000 В дейін және 1000 В жоғары кернеулердегі жұмыстарға арналған электржабдығы мен тораптар монтажы ережелерінің, тәртібінің, тәсілі мен ұйымдастыруының күрделі айырмашылығы бар. Жоғары вольттік жабдықты монтаждау төменгі вольттікке қарағанда едәуір қиын, өйткені ол үлкен күрделілікпен, маңызды көлемдер және массамен сипатталады. Оны орнатуға қойған талаптары да едәуір қатаң.

Монтаждың технологиялық процесі жалпы сұлбамен құрастырылады:

Алдын алу жұмыстары Монтаж жасау 1 1 Келген жабдықты қабылдау

2 2 Жабдықты жайғастыру орындарымен танысу

3Материалдарды, құрал саймандарды дайындау

1 Жабдықты жайғастыру орындарын дайындау

2 2 Жабдықты орналастыру 3 3 Электрмонтаждық жұмыстар 4 Жіберу баптау жұмыстары және тапсырыс берушіге өткізу

2.1 Кабель желілерін монтаждау

Кабель желілерін монтаждауды желінің жолы және трассаның бөлек айландары деңгейлерінің айырмашлығын анықтайтын оның геодезиялық белгілері көрсетілген жобалық – техникалық құжаттарға сәйкес орындайды.

Монтажда кабельдердің арналымын ескеру керек, олар күштік немесе бақылаушы (контрольный) болуы мүмкін.

Күштік кабельдер жарықтандырушы және күштік электрқондырғыларда электр энергияны жеткізу және тарату үшін қолданылады. 6... 10 кВ және жоғары электрберіліс желілерін арнайы күштік кабельмен жасайды. Күштік кабельдердің қиыстырмасы кернеу класынан тәуелді. Ең кеңінен тараған оқшауламасы қағаз үш – және төртталсымды күштік кабельдер. 10 кВ кернеу үшін оларды барлық талсым үшін белдік оқшауламамен жалпы қорғасын қабықта, ал 20 және 35 кВ кернеулер үшін бөлек қорғасындалған талсымдармен жасайды.

Кабельдерді дөңгелек талсымдармен жасайды, кернеуі 6 кВ жоғары және қимасы 16 мм2 жоғары кабельдерді – секторлық талсымдармен жасайды (көлденең қимасындағы талсымның формасы – шеңбердің секторы).

2.1, в сурет 10 кВ кернеуге арналған талсымдары секторлы үшталсымды кабель көрсетілген. Әр талсымы бір – бірінен құрамына май мен канифоль кіретін арнайы массамен қаныққан арнайы кабель қағазымен 2 қапталған.

Барлық талсымдары қаныққан қағаздан жасалған белдік оқшауламамен 4 жерден оқшауланған. Кабельдің бітеулігін қамтамасыз ету үшін белдік оқшауламаға тігісі жоқ қорғасын қабықты кигізеді. Механикалық зақымдардан кабель болат таспадан 8 жасалған сауытпен қорғалған, ал химиялық әсерлерден – асфальтталған кендірмен. Соңғы кезде қорғасын қаптамасы алюминиймен немесе пластмассамен ауыстырылған кабельдер шығып жатыр (сопрен, винилит).

(10)

I - талсымдар; 2 – талсымдардың оқшауламасы; 3 – толтырғыш;

4 – белдік оқшаулама; 5 – қорғаныс қабық; 6 – компаундпен қаныққан қағаз;

7 – қаныққан кабельдің иірген жібінен жасалған қорғаныс қаптама;

8 – таспа сауыт; 9 – қаныққан кабельдің иірген жібі.

2.1 сурет – Қаныққан қағаздан жасалған оқшауламасы белдік үшталсымды кабель ( а ) және оның қималары ( б – дөңгелек талсымдармен; в –секторлық

талсымдармен)

Бақылау кабельдері бақылау, сигнализация, аралық басқару және автоматика тізбектерін жасауға арналған. Олардың 4 тен 37 дейін қималары 0,75... 10 мм2 талсымдары бар және оқшауламасы қаныққан кабель қағазынан немесе резинадан жасалған. Олардың бітеулігі үшін қорғасын, алюминий немесе поливинилхлорид қабығын пайдаланады, қабық механикалық зақымдардан болат таспалардан немесе қимасы дөңгелек немесе тікбұрышты мырышталған болат сымдардан жасалған сауытпен қорғалған. Болат сауыт кендір жіппен оралған. Бақылау кабельдерін жерде, тоннелдерде, агрессивтік ортасы бар тұрғынжайларда, шахталарда және суда төсеуге болады.

Бақылау кабельдерінің күштікке қарағанда маркаларында талсым материалынан кейін К әрпі бар. Әріптерден кейінгі сандар кабель есептелген жұмыс кернеуін (кВ), талсымдар санын және әр талсымның көлденең қимасының ауданын (мм2) көрсетеді.

(11)

а ) бір; б ) екі; в ) үш; г ) төрт.

2.2 сурет – Кабель траншеяларының мөлшері (мм) және оларда кабельдердің жайғасуы

К а б е л ь д е р д і т р а н ш е я л а р д а т ө с е г е н д е келесі жұмыстар орындалады: дайындық, траншеяларды құру, барабандарды кабельдерімен монтаждау орнына жеткізу, кабельді тарқатып, траншеяға салу, кабельді механикалық зақымдардан қорғау, траншеяны көму.

1 – тұрқының жоғарғы жартысы; 2 – шытырман тығыздау; 3 – кабель;

4 – фарфор керетін пластина; 5 – құятын тесіктің қақпағы; 6 – тұтастырғы болттар; 7, 13 – ораулар (подмотки); 8 – тұрқының төменгі жағындағы саңлаудағы бітейтін төсем; 9

– жерлендіруші өткізгіш; 10 – жалғайтын гильза; 11 – құятын тесіктің пробкасы; 12 – қамыт; 14 – қамытты бекітетін болттар.

2.3 сурет – 1 кВ дейінгі кабельдер үшін шойын жалғайтын муфталар (а – СЧо; б – СЧм)

Кабель муфталарын кернеу (1 дейін, 6, 10, 35 кВ), арналымы (жалғайтын, тармақтайтын, соңғы), габариттік мөлшермен (қалыпты,

(12)

азгабаритті), материалы (шойын, қорғасын, эпоксид), формасы (У – тәрізді, Т–

тәрізді, Х– тәрізді, орнату орны (ішкі, сыртқы), фазалар саны (соңғы үшфазалық немесе төртфазалық) бойынша бөледі.

Шойын муфталарды (2.3 сурет) кернеуі 1 кВ дейінгі кабельдерді жалғау үшін қолданады. Монтаждан кейін оларға қызған МБ–70 немесе МБ–90 ка- бель мастикасын құяды.

Қорғасын муфталарды (2.4 сурет) кернеуі 6, 10 кВ және жоғары жоғарывольттік кабельдерді жалғау үшін қолданады және монтаж кезінде өңдеп, диаметрі тиісті қорғасын құбырлардан жасайды. Монтаждан кейін қорғасын муфталарға МБ кабель мастикасын құяды. Қорғасын муфталарды механикалық зақымдардан қорғау үшін жиі шойын немесе шыныпластик қаптамаға салады. Қорғасын муфталар жалғанатын кабельдер талсымдарының қимасына және кернеу қласына сәйкес алты типтік мөлшермен шығарылады.

Муфталардың әріптік – сандық маркировкасы бар. Ч әрпімен шойын муфтаны, С – қорғасынды, СС – жалғайтын қорғасынды белгілейді. 60, 70, 80, 90, 100, 110 сандары мм кабельдің диаметрін белгілейді.

Эпоксид муфталарын кернеуі 1, 6 және 10 кВ кабельдерді және 1 кВ дейінгі тармақтарды жалғауға қолданады.

1 – жерлендіруші сымның муфта тұрқысына жалғау айланы;

2 – жерлендіруші сым; 3 – сым шен темірлер (бандаж); 4 – тұрқы;

5 – қорғасын тілікпен жабылған құятын тесік.

2.4 сурет – Кернеуі 6 және 10 кВ кабельдердің жалғаушы қорғасын муфтасы

К а б е л ь д е р д і б л о к т а р д а т ө с е у оларды механикалық зақымдардан қорғау үшін қолданады. Блок (2.5 сурет) бірнеше құбырлардан (асбоцементтік, керамикалық және басқалар) немесе оларға қатысты құдықтары бар темірбетон панельдерден жасалған жер астындағы құрылым болып келеді. Кабель блоктарының жердегі тереңдігі жергілікті жағдайларға байланысты, бірақ кабельдерді траншеяларда төсегеннен кем болмау керек.

(13)

1 – құм немесе еленген топырақ; 2 – құбырлар; 3 – ағаш төсемдер;

4 – бетон жастық; 5 – гидрооқшаулама.

2.5 сурет – Құрғақ (а) және ылғал (б) топырақтардағы асбоцементтік құбырлардан жасалған кабель блогы

Трасса бағытын өзгерткен жерлерде кабель құдықтарын салады, олар кабельдерді тартуға және оларды эксплуатация кезінде ауыстыруға ыңғайлы.

Су ағып кету үшін блоктарды құдықтар жағына әр 100 м 100 мм кем емес көлбеу беріп салады. Кабель құдықтарын сонымен қатар орнатылған қашықтықтарды сақтап, трассаның түзу айландарына да салады. Құдықтың түбінде су жиналатын орын дайындайды, ол су жинауға арналған тормен жабылған шұңқыр.

К а б е л ь д е р д і т і р е к т і қ и ы с т ы р м а л а р д а ж ә н е н а у а ш а л а р д а төсеу өндірістік кәсіпорындардың цехтарында, ғимараттардың қабырғаларында, туннельдерде жүргізіледі. Тіректі кабель қиыстырмаларын сөресі бар тірек, қапсырмасы бар тірек, қабырға сөрелері түрінде қаңылтыр болаттан жасайды. Арнайы тесілген және пісірілген науашаларды кесек және бетон қабырғалары бойымен 2 м кем емес биіктікте сымдар мен сауытсыз кабельдерді төсеуге пайдаланады. Оларды міндетті түрде кемінде екі жерде жерлендіреді және өзара электрлік жалғайды.

(14)

а) жатық; б) кабельдер трассасының бір жатық белгіден екіншісіне өтуі;

в ) жоғары қапталмен тармақталу; г ) мөлшері аз науаға өту;

д) жалпағымен жоғары өту; е) шығып тұрған колоннадан өту.

2.6 сурет – Кабель науашаларын орнату

Д ә н е к е р л е у д і кернеуі 1, 6 және 10 кВ кабельдерінің талсымдарын жалғағанда қолданады. Дәнекерлеуді жақсы қызған дәнекерлеуішпен немесе балқыған дәнекері бар арнайы бұлауға (ванночка) талсымдар ұштарын орналастыру жолымен жасайды. Кабельдерді дәнекерлеу үшін әдетте жартылай қатаң (ПФ) және қатаң (ПСр) дәнекерлерді пайдаланады.

С ы ғ ы м д а у д ы негізінде 1 кВ дейінгі кабельдердің алюминий талсымдарын жалғау үшін қолданады және оны гильза және атауыз бен сыққыш механизмдердің көмегімен жасайды. Гильзаға екі жағынан кабельдердің жалғанатын талсымдарын жайғастырады да гильзаны қысады.

Сығатын механизм жасайтын қысымның әсерінен біртұтас жалғау жасалынып, гильзаның металы сығылады.

Г а з ж ә н е э л е к т р п і с і р у і қимасы 16...240 мм2 кабельдің алюминий талсымдарын жалғауға арналған. Газбен пісіргенде жанатын газдың жылуы пайдаланылады (мысалы, пропан – бутан қоспасы), оның температурасы 2300°С және одан жоғарыға барады, ал электр пісіруінде – электр доғасының жылуы қолданылады.

Т е р м и т т і к п і с і р у – бұл кабельдердің алюминий талсымдарын жалғаудың ең жетілген тәсілдерінің бірі, ол типі А арнайы патрондардың көмегімен жасалынады. Патрондағы сымдар айқасып орналасады және оны арнайы сіріңкемен жағады. Патронның ішінде термиттік құрам бар, ол жанғанда температура бірнеше мың градусқа жетеді.

(15)

3 дәріс. Электр машиналарын және трансформаторларды монтаждау

Электр машиналарының, электр жетектерінің, трансформаторлардың және трансформаторлық қосалқы станциялардың монтажы СНиП, ПУЭ және жасаушы зауыттардың монтаждық нұсқауларының талаптарына сәйкес жасалынады. Монтаждың алдында жабдық жасалынуының (§ 1.2 қараңыз) эксплуатация шарттарына сәйкес екендігіне көз жеткізу керек.

Монтаждың алдында монтаждалатын жабдық, монтаждың көлемдері, сипаты және шарттары туралы анық ұғым болу керек. Жабдықтың жобасымен, машиналар және аппараттардың деректерімен (каталог бойынша немесе өзін қарап), монтаждалатын аппаратураның техникалық шарттарымен, жасаушы зауыттың сызбалары және нормаларымен, тапсырыс берушінің талаптарымен және тиісті стандарт және нормалармен мұқият танысу керек.

3.1 Электрлік және электрмеханикалық жабдықтың монтажын инженерлік деңгейде дайындау

Монтаж тәсілдері қуаттардың, қиыстырмалық шешімдердің, жабдықтың типтері және жасалу формаларының үлкен аралығына байланысты едәуір әртүрлі болып келеді. Одан басқа, әдетте зауыттың жинайтын цехтарында емес, тұтынушыда жасалатын болғасын, монтажды ұйымдастыруының және әдістерінің өзіндік ерекшеліктері болады. Мысалы, бұл монтаж жұмыстарын ең қарапайым құралдармен жасауға ұмтылу.

Еңбектің минималды шығындарында және материалдық ресурстардың аз жұмсалуында электрмонтаждық жұмыстарды сапалы жасау үшін инженерлік дайындық жүргізу керек, ол келесі мәселелерді қамтиды:

– тиісті энергетикалық нысанның электр бөлігінің жоба – сметалық құжаттарын зерттеу негізінде техникалық жобаны ойластырып жасау;

– экономикалық негіздеуді ойластырып жасау;

– жұмыстарды ұйымдастыру жобасын ойластырып жасау;

– жұмыстарды жүргізу жобасын ойластырып жасау (ЖЖЖ – ППР);

– жұмыстарды жүргізу үшін қажетті сызбаларды, монтаждық сұлбалар және технологиялық карталарды ойластырып жасау;

– монтаждық және жіберу баптау жұмыстарын жүргізудің тораптық графиктерін ойластырып жасау.

Бұл талаптарға сәйкес жұмыстар жүретін бас құжаттарға ПУЭ және құрылыс нормалары мен ережелері жатады. Олардың негізінде ЖЖЖ, монтаждық нұсқаулар және технологиялық карталар және шығаратын жабдыққа және материалдарға зауыт нұсқаулары ойластырылып жасалынады.

Нысандарда электрмонтаждық жұмыстарды ЖЖЖ – сыз жасау рұқсат етілмейді.

Технологиялық карталарда жұмыстар орындалуының технологиялық реттілігі, еңбектің әдістері мен тәсілдерін сипаттауы, механизмдердің,

(16)

саймандардың және құралдың тізімі, еңбек процесінің графигі, еңбек шығындарының калькуляциясы, жұмыс орындарын ұйымдастыру сұлбалары, белгілі санаты бар қажетті қызметкерлердің саны, жұмыстарды орындауға кететін уақыт және құн нормалары бар.

3.2 Іргетастарды монтаждың алдында тексеру

Қуаты аз электр машиналары және электржетектері әдетте металл жақтаушаларда немесе технологиялық жабдықта (станоктарда, конвейерлерде және басқаларда), ал орта және үлкен қуаттардың жабдықтары бетон немесе темірбетон іргетастарда орнатылады. Жұмыста жылжу және діріл болдырмау үшін жұмыс істеп тұрған жабдықтың статикалық және динамикалық жүктемелерін қабылдау үшін іргетас жеткілікті шомбал (массивный) болу керек. Құрылысшылар іргетастарға олардың бас өстерін (бойлық және көлденең) және нөл реперіне байланысты іргетас бетінің белгісін салу керек.

Монтаждың алдында іргетастарды олардың жоба құжаттарына сәйкес екендігін тексеру керек: іргетастың ғимарат қиыстырмасының бөлек элементтеріне және басқа іргетастарға дұрыс орналасқаны және негізгі өстер бойынша іргетас мөлшерлерінің дәлдігі.

Сосын іргетастың бас өстерін белгілейді. Ол үшін тіректен 1, онда бекітілген қапсырмадан 3, онымен бекітілетін көтеретін роликтен 5 тұратын өс ұстайтындар пайдаланылады (3.1 сурет). Ролик арқылы жүгі 2 бар болат ішек салынады 6, онымен тіктеуі 8 бар жіпті жылжытуға болады 7. Бас өстерді белгілеу сұлбасы 3.2 суретте көрсетілген. Белгілегеннен кейін бас өстерді белгілеуге тіктеулері бар жіптерді пайдаланып іргетасқа түсіреді.

1 – тірек; 2 – жүк; 3 – қапсырма; 4 – гайка; 5– көтеретін ролик; 6 – ішек;

7 жіп; 8– тіктеуіш; 9– өстік тәлі (плашка).

3.1 сурет – Өсті ұстаушы

(17)

3.3 Электр машиналарының және трансформаторлардың орамдарын кептіру

Орамдарды кептіру үшін келесі әдістер қолданылады: индукциялық, токтық және сырттан қыздыру. Кептіру кезінде оқшаулама мен орамның температурасы күрт өзгермеу керек, болмаса оқшауламада оны зақымдандыратын үлкен термомеханикалық кернеулер пайда болуы мүмкін.

Сондықтан орамдар температурасының өсу жыдамдығы сағатына 5...7 °С аспайтындай етіп, қызу режимін таңдайды.

А–А – бас бойлық өс; В–В– бас көлденең өс.

3.2 сурет – Іргетастың бас өстерінің белгілеу сұлбасы

Кептірудің индукциялық әдісін пайдаланғанда ротор шығарылғанда статор өзекшесінің айналасына немесе шығарылған ротордың өзекше айналасына немесе машина тұрқысының айналасына айнымалы ток көзіне қосылған сақиналы магниттеуші орам оралады (3.8, 3.9, б суреттер). Осы орамның көмегімен жасалатын айнымалы магнит өрісі статордың немесе ротордың немесе тұрқының өзекшесін, яғни орамдарын қыздырады, соның есебінен кептіру жүреді.

Токпен кептіру әдісін пайдаланғанда орамдармен сырт көзден тұрақты және айнымалы ток жіберіледі. Электр машинасының салқындауы күрт нашарлағасын токтың күші оның номиналды мәнінен 40 – 60% шектеледі.

Токпен кептірудің түрлеріне 3.3, г көрсетілгендей қысқа тұйықтау токтарымен орамдарды қыздыру жатады. Соңғы жағдайда машинаның роторын сырт қозғалтқышымен номиналды жылдамдықпен айналдырады.

Сыртқы қыздыру әдісін пайдаланғанда ыстық құрғақ ауа орамдарға емес, олар бірқалыпты қызбауы мүмкін, қиыстырманың металл элементтеріне бағытталады (3.3, а сурет).

(18)

Кептіру жағдайларын жақсарту үшін қорғалған электр машиналарының жалюзиін алып тастайды.

а) жылы ауамен тікелей қыздыру; б) индукциялық шығындар әдісімен;

в) орамдардағы шығындар әдісімен; г) қысқа тұйықтау токтарымен.

3.3 сурет – Электр машиналарын кептіру тәсілдері

3.4 Электр машиналарын монтаждау

Қуаты аз машиналар жетектейтін механизммен әртүрлі типті муфталардың және тіс, ремен немесе фрикциялық берілістердің көмегімен жалғанады. 3.4 суретте муфталардың жиі кездесетін типтері көрсетілген.

Жиналған күйінде келетін ірі электр машиналарын монтаждаудың ерекшелігі бөлек іргетас плитаны орнатудан басталады, оған машинаны қондырады, содан кейін біліктердің ортасын дәлдейді. Бір қатар машиналардың білік ұшында фланец бар, сол арқылы машина механизммен жалғасады. Одан басқа, L ротордың үлкен ұзындығында оның салмағының әсерінен Р тік жазықтықта білік майысады (3.5 сурет).

1, 2 – жартылай муфталар; 3 – нүктелік болт; 4 – буат (шпонка); 5, 7 – күпшектер (ступицы); 6 – тіс тәжі; 8 – таспа серіппесі; 9 – тістер;

10 – қаптама; 11 – саусақ – болт; 12 – тері шайба; 13 – қима сақина.

3.4 сурет – Біліктер мен ( а ) муфталарды жалғау – қатты көлденең – ұйысатын (свертной); в – тістік; г – жартылай қатты тістік – серіппелі;

д – серпімді төлкелі – саусақтық)

(19)

Сондықтан жалғанатын машиналардың жатық жағдайында жартылай муфталардың (немесе фланецтердің) жазықтықтары 3.6, а суретте көрсетілгендей бір – біріне бұрышпен жайғасады.

Бұл жағдайда біліктердің ортасын дәлдеу тік жазықтықта олардың сызығы баяу қисық (3.6, б сурет.), ал жатықта түзу сызық болатындай етіп жалғанатын біліктерді қойуында болады. Ортаны дәлдегенде қосақтанатын жартылай муфталардың (немесе фланецтердің) ұштары қатар орналасады, ал біліктердің өстік сызықтары бір – бірінің жалғасы болып, қосақтанатын жартылай муфталарда (фланецтерде) сәйкес келу керек. Ол үшін тұрқы табандарына төсемдер салып, білік мойындарының жатық сызыққа көлбеу бұрыштарын теңестіреді. Көлбеу бұрышы біліктің шығатын ұшында жатық орналасқан деңгеймен тексеріледі.

3.5 сурет – Білік мойындарының көлбеулерін өлшеу сұлба

а) дәлдеуге дейін; б) білік сызығын дәлдеуден кейін.

3.6 сурет – Жартылай муфталар көмегімен жалғанған біліктердің жағдайы

3.5 Трансформаторларды монтаждау

1600 к В А д е й і н г і трансформаторлар жасаушы зауыттардан толық жиналып және майлары құйылып шығады; 2500 кВА және жоғары қуаттарда ауқымдық мөлшерлері және массасына тәуелді трансформаторларды бөлшектенген түйіндері және бөлшектерімен бірге, ал өте қуаттыларын майсыз тасымалдайды.

(20)

Монтаж жұмыстары басталғанша трансформатордың астына іргетасты, трансформатор – май шаруашылығын, май өткізгіштердің барлық коммуникациясы бар май сақтайтын бактерді, монтаждық механизмдерді, ап- параттарды, саймандар мен құралдарды дайындайды; монтаж кезінде трансформаторға және технологиялық мұқтаждарға құюға қажет трансформаторлық майды (май кептіріліп май өлшейтін құрылғысы және

«дем алатын» жүйесі бар бактерге құйылу керек) дайындайды;

трансформаторды қыздыру және кептіру уақытына өрт сөндіретін құралдар және өртке қарсы бекет дайындайды.

а) тегіс; б ) гофраланған; в ) құбыршалы; г ) радиаторларымен;

д ) жоғарғы ағытпасымен (разъемом); е ) қоңыраулы типті (төменгі ағытпасымен); ж ) күшейтілген көтеретін арқасымен.

3.7 сурет – Күштік трансформаторлардың бактері

Массалары 2 т дейін трансформаторлар тікелей іргетасқа орнатылуы мүмкін, басқа жағдайларда іргетас трансформаторды іргетасқа дөңгелеткеннен кейін трансформатордың екі жағынан орнатылатын тіректері бар трансформатордың дөңгелектері үшін бағыттауыштармен жабдықталады.

Трансформатор іргетасқа орнатылғанда оның қақпағының көлбеуі I...

1,5% болып, газ релесіне келе жатқан газдың трансформатордан май өткізгішке кедергісіз келіп тұруын қамтамасыз ету керек. Көлбеу әдетте дөңгелектердің астына немесе бактың астына төсенішті салумен жасалынады (дөңгелектер болмаса).

Трансформаторларды жабық орналастыру үшін трансформаторларды және оладың қосалқы жабдығын (салқындату жүйелері, желдету, өртсөндіру) орналастыруға арналған бөлек ғимарат немесе трансформаторлық камералар – энергетикалық нысанның жалпы ғимаратындағы тұрғынжайлар

(21)

пайдаланылады. Әр трансформаторлық камера ғимараттың басқа желдету жүйелерімен байланысы жоқ бөлек желдету жүйесімен жабдықтанады. Жүйе номиналды жүктемемен трансформатор жұмыс істегенде бөлінетін жылуды алып шығуға есептеледі және тұрғынжайдың кірісі мен шығысындағы темпе- ратуралар айырмашылығы 15 °С аспайтындай етіп жобаланады. Желдетуші шахталардың қиыстырмасы олар арқылы трансформаторға ылғал өтуін болдырмау керек.

Трансформатордың құранды бөліктерін монтаждау белсенді бөлігіне ревизия жасамай және алынатын бөлігін көтермей («қоңырауды») жасалады, егер түсіру, тасымалдау және сақтау шарттары немесе трансформатор багінің ішіндегі зақымдарға алып келетін басқалар бұзылмаса. Мұндай зақымдар болса құранды бұйымдарды орнатудың алдында трансформатордың ревизиясын жүргізу керек. Құранды бөліктерін (кірмелерді, ендірілген ток трансформаторларын және т.б.) орнату үшін трансформаторды ашық құрғақ күні ашу керек. Трансформаторды ашқаннан кейін орамдардың оқшауламасы бакты барлық ашылған уақытында құрғақ ауамен үрлеу есебінен ылғалдан сақталады.

1 – кронштейн; 2 – газ релесі; 3, 9 – өңештер (патрубки); 4 – шүмек;

5 – газ релесінің фланцы; 6 – түтікше; 7– сақтандырғыш құбыр;

8 – кеңейткіш; 10 – бактың қақпағы.

3.8 сурет – Трансформаторда кеңейткішті, газ релесін және сақтандырғыш құбырды орнату

1 – бак; 2 – белсенді бөлігі; 3 – конустық тиек; 4 – төменгі қиғаш тірек (раскос).

3.9 сурет – Белсенді бөлікті конустық шабақтарға (шипы) орналастыру

(22)

3.6 Электрмонтаждық және жіберу баптау жұмыстарының мазмұны Нысандарды эксплуатацияға ендіруді үдету үшін электрмонтаждық жұмыстар екі кезеңде жасалынады. Біріншіде еңбекті ұйымдастыруға байланысты мәселелер шешіледі, және монтаждың инженерлік дайындығы іске асады. Құрылыс алаңында жабдықты орналастыруға қажет өтпелерді және технологиялық арналарды және кепілдік бөлшектердің орналасуын тексереді. Екінші кезең құрылыс, өңдеу және электрмашина тұрғынжайларында, оның ішінде ішкі электр тораптарының және коммутациялық аппаратураның, арнайы жұмыстарының толық аяқталғанынан кейін басталады. Электрмонтажниктердің өздері (қарапайым нысандар жағдайында) немесе арнайы ұйымдар (күрделі жабдықты баптау) жасайтын жіберу баптау жұмыстарымен екінші кезең аяқталады.

Баптау жұмыстары мынадай реттілікте жасалынады:

1) Кернеусіз істелетін жұмыстар, олардың процесінде жабдық байқалады, бітпеген жұмыстар анықталып аяқталады, оқшауламаның кедергісі өлшенеді, жіберіп реттейтін аппаратура және желілердің фазировкасы тексеріледі,

2) Байқалған ақауларды тіркеп кернеудің нормаланған ауытқуларында сұлбаның барлық элементтерінің әрекетін тексеру үшін басқарудың оперативтік тізбектеріне кернеуді беретін жұмыстар.

3) Электржетектерінің әртүрлі режимдерде жұмысын тексеру үшін оларды қолмен басқарып, оперативтік және күштік тізбектерге кернеуді беріп, күштік тізбектерді тексеру жұмыстары. Осы кезеңде жабдық қызмет көрсетушілерге беріледі.

4) Жұмыстың тапсырылған режимдерінде жабдықты баптауына қатысатын баптаушылардың бақылауымен эксплуатациялық қызметкерлердің іске асыратын кешендік сынақтары және режимдік баптау.

4 дәріс. Электр тораптарын, жіберу реттеу аппаратурасын, қорғаныс, басқару және бақылау аппаратурасын эксплуатациялау

Тораптарда және кәсіпорындарда пайдаланылатын электр аппа- ратурасының түрі көп. Оларға ажыратқыштардың, шапқыштардың, түйістіргіштердің, релелердің, магниттік жібергіштердің, контроллерлердің, командоаппараттардың, реостаттардың, сақтандырғыштардың және аппараттардан құралған құранды құрылғылардың, өлшеуіш аспаптардың және басқалардың барлық түрлері жатады.

4.1 Кабель ЭБЖ техникалық қызмет көрсету және жөндеу

Кабель желілеріне (КЖ) техникалық қызмет көрсетуге ревизиялар, жабдықты бақылау және жөндеулер, қосалқы құрылымдарды бақылау кіреді.

Бақылаулар (аралап шығу) жоспарлы және кезексіз (немесе арнайы) болады.

(23)

Кезексіз бақылаулар желілердің зақымын тудыратын жағдайларда және олардың автоматты ағытылғанынан кейін, егер олардың жұмысы бұзылмағанның өзінде, жасалынады. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу перспективалық, жылдық және айлық жоспарлардың негізінде жүргізіледі. Ревизиялар және байқаулар кезінде профилактикалық өлшеулер жүргізеді және майда зақымдар мен ақауларды жояды.

Кабель желісінің зақымдалу орнын анықтау үшін алдымен шамамен зақымдалу аймағы бөлінеді, сосын онда желіні ашатын орын пысықталады.

Зақымдалу орнын табу үшін салыстырмалы әдістерді пайдаланады, ал зақымдалудың дәл орнын абсолюттік әдістермен анықтайды. Салыстырмалы әдістерге жатады: импульстік, тербеліс разряды, тұзақ және сыйымдылық.

Абсолюттікке – индукциялық және акустикалық.

Импульстік әдіс зақымдалған желіге электр сигналын жіберіп, оның желіге жіберілген уақытымен шағылған импульстің қайтып келген сәттерінің арасындағы уақыт аралығын өлшейді. Импульс желінің үзілген орнынан шағылысады және импульстің қайтып келген уақыты бойынша апат орнының сигнал жіберген орыннан қанша қашықта екені анықталады.

Тербеліс разрядының әдісі кабельге сынақ кернеуін бергенде зақымдалған кабельдің тесілу сәтінде онда пайда болатын меншікті электр тербелістерінің периодын (немесе жартылай периодын) өлшеуде негізделген.

Тербеліс периоды зақымдалған орынның қашықтығына пропорционалды.

Тұзақ әдісі тұрақты ток көпірінің көмегімен кабель талсымдарын екі жағынан кедергілерін өлшеуде негізделген. Көрсетулердің айырмасы зақымдалған орынды табуға мүмкіндік береді.

Сыйымдылық әдісі 1 кГц жиіліктегі айнымалы токтың көпірінің көмегімен үзілген талсым бөлшектерінің сыйымдылығын өлшеуде негізделген (талсымның әр бөлігі мен қабықт

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР