• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

West Alash and its role on the way to the idea of the Kazakh State

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "West Alash and its role on the way to the idea of the Kazakh State"

Copied!
21
0
0

Толық мәтін

(1)

Батыс Алаш және оның қазақ мемлекеттігі идеясы жолындағы рөлі

Туякбай З. Рысбекова Салтанат Т. Рысбековаб Баян Ғ. Шинтимировав

аМ.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал, Қазақстан

б,вБатыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Орал, Қазақстан

Корреспонденция үшін автор E-mail:

а tuyakbai.rysbekov@mail.ru

б Saltanat.Rysbekova@mail.ru

в ansar_2004@mail.ru

а https:// orcid.org/0000-0002-1204-1307

б https:// orcid.org/0000-0002-5307-309x

в https:// orcid.org/0000-0001-6131-3113 DOI: 10.32523/2616-7255-2022-138-1-72-92

Аңдатпа. Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі таңдағы дамуы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жағдайына, пандемия және басқада қиыншылықтарға қарамастан тарихымы- здың әлі де болса шынайы ашылмай, зерттелмей жатқан беттерін саралау мәселесіне ға- лымдар ерекше мән беруде. Солардың ішінде ерекше орын алатындары: «Қазақстандағы 20-30 жылдардағы ашаршылық» және «Алаш Орда тарихы» болып табылады.

Қоғамдық ғылымдардың алдына қойылған жаңа талаптарға байланысты, бұрын жабық болып келген архив құжаттарына қолжетімділіктің көбеюіне байланысты тарихшы- лар қауымы Қазақстан тарихындағы «ақ таңдақтарды» жоюға айтарлықтай үлес қосуда. Соңғы жылдары республика творчестволық жұртшылығының жасаған шарала- рының нәтижесінде Қазақстанға Сталиндік жеке басқа табыну кезеңінде негізсіз жаза- ланған көптеген қоғамдық саяси және мәдениет қайраткерлерінің есімдері қайтарылды.

Қазақ даласындағы әділет, теңдік және ұлттық мемлекеттілікті көксеген ХХ ғасыр- дың басындағы ұлттық қозғалыс көшбасшылары - Алаш Орда көсемдері.

«Алаш» қозғалысының басты мақсаттары: ұлтты сақтап қалу, тұтастығын қамта- масыз ету, оның таптар мен топтарға бөлінуіне жол бермеу; қазақ мемлекеттілігін қайта өркендету; қазақ шаруаларының тартып алынған жерлерін қайтару; Қазақстан территориясында тұратындардың барлығының толық теңдігін орнату; ұлттық әске- ри жасақ құру және т.б.

Өткен тарихымыздың ақтаңдақтарын толық және шынайы тұрғыдан қалпына кел- тіру-бүгінгі таңдағы тарих ғылымының негізгі міндеттерінің бірі. Оның ішінде ХІХ ға- сырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ұлттық қозғалыстардың тарихы елеулі орын алады. Бұл ең алдымен Қазақстандағы алаш қозғалысына тікелей қатынасы бар.

Мақалада авторлар Алаш Орда өкіметінің құрамдас бөлігі болып табылатын Батыс Алаш және оның көсемдерінің бірі Жаханша Досмұхамедовтың осы мақсаттарды іске асыру жолындағы табанды еңбегін баяндайды.

Түйін сөздер: Батыс Алаш; Жаханша Досмұхамедов; Алаш автономиясы; Ойыл уәлая- ты үкіметі; қуғын сүргін жылдары.

(2)

1. Кіріспе.

Алаш қозғалысы өзінің бастау көздерін 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясынан ала отырып, 1917 жылғы жазда түңғыш жалпыұлттық Алаш партиясын құрды. «Торлаған тұманнан жол таппай халқын өрге сүйреген күш Алаш қозғалысы еді. Саяси мәдениетті әлемдік деңгейге көтерген, кәсіби даярлығы заманның сұранысына сай, адамгершілік-имандық қасиеттері ұлы даланың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен суғарылған Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышпаев, Ж. Ақпаев, С. Лапин, Б. Қаратаев сияқты дүлділдер бастапқыда осынау қозғалыстың тұлғалық-интеллектуалдық әлеуетін сомдаса, іле-шала Х. Досмұхамедов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, Т. Рысқұлов, С. Сәдуақасов, М. Әуезов, Ж. Аймауытов, М. Шоқай, тағы басқалар әрлендірді.

Бұдан, әрине, XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары шетінен періште болды деген ой- түйін шықпауы керек. М. Дулатов жазғандай,

«ұлтшыл болуға жарамай, өз басының қамын ойлап, жылтыр түйме таққанына мәз болып, переводчик болып пара алып, пристав болып халықтың қанын сорып, болыс болып ел бүлдіріп, тыңшы болып, шағым жүргізіп жүрген соғылғандар» қай аймақтан да табылатын. Мұндайлар тарихи прогрестің өзегінде тұрған жоқ» [1, бб. 219-220].

Алаш тарихы мен Қазақстанның мемлекеттілігі арасында өзара тарихи байланыс пен сабақтастық бар. Ол біріншіден, XX ғасырдың басы империялық және кеңестік мемлекеттілік дағдарысқа ұшырады.

Осының өзі қоғамның белгілі бір бөлігінің, атап айтқанда, Алашорданың идеялық дем берушілері мен кеңестік және посткеңестік Қазақстанның саяси жетекшілерінің шешуші қимылдар жасауына түрткі болды. Екіншіден, екі жағдайда да ұлттық қозғалыстар саны арта түсті. Үшіншіден, алашордалықтар қазақтардың мемлекеттік құрылымының түрін, еуразиялық геосаяси кеңістіктегі орнын, өкілеттігі мен мәртебесін өз көзқарастары тұрғысында дамыта білді. XX ғасырдың басында саяси қайраткерлер де саяси

сауаттылық, күрделі міндеттерді шешуде шапшаңдық таныта білді. Өйткені, Кеңес Одағы деп аталатын аса қуатты империя дамып жатты. Осы кезде қоғамды сақтап қалып, жаңа мемлекетті, ұлттың ілгері дамуы үшін қажетті жағдайларды жаңадан құру керек болды. Бұдан бөлек, аталған жағдайда мемлекеттілік – ұлттық мәселелерді шешетін және оны шешудің кілті жатқан негізгі құрал болатын [2, б. 22].

Жанталасқан өтпелі кезеңде қазақ зиялыларының ұстаған бағыты халықтың ұлттық санасын оятты. Ұлт-азаттық күресінің әдіс-тәсілдерін меңгеруге, шынайы азаттыққа жетудің алғы шарттарын қалыптастырды.

Нәтижесінде, Алаш қозғалысының тарихын зерттеуші тарихшы-ғалым М.Қойгелдінің тұжырамдауынша: «1917 жылы Алаш автономиясын құру туралы хабарлама ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудың әрекеті болды. «Ресей империясының құрамындағы Алаш автономиясы» деген сөзді айта отырып, Әлихан Бөкейханов қазақтар өз мемлекетін құруға әлі даяр емес дегенді білдіргісі келді.

Ол жеке мемлекеттілікке өту үшін даярлық кезеңі қажет, тәуелсіздік туралы мәселені болашақта айтуға болады деді. Желтоқсанның сол бір күндерінде бір кездері Алаш қозғалысы өз алдына қойған мәселелер көтерді.

Қазақстанның 1991 жылы мемлекеттілік алуы Алашорда идеясының заңды жалғасы деп есептелінеді [3, б. 3].

Сайып келгенде Алаш қозғалысы қазақ тарихында тұңғыш рет қалың бұқара санасында Бостандық, Теңдік, Туысқандық деген мәңгілік ұғымдардың ұрығын шашты.

Ақпан революциясынан кейін өзінің бастауын 1905-1917 жылдардағы революциялық қозғалысынан алған қазақ интеллегенциясы бірлесу әрекеті «Алаш»

қозғалысының қалыптасуына алып келді.

Көптеген жерлерде қазақтардың құқығын қорғау жөніндегі комитеттер құрыла бастады.

Қазақ даласында бұқараның революциялық оянуы кең етек ала бастады.

Ақпан революциясы солшыл радикалдық күштердің саяси қатынасындағы маңызды, әрі шешуші табысы еді. Қазақ халқы ақпаннан кейінгі жағдайды шаттықпен

(3)

қабылдаса, қазаннан кейінгі жағдайда барлығын билік мәселесі толғандырды.

Бұл жағдайға А. Байтұрсынов былай деп жазды: «Бірінші революция түсінікті және қазақтар қуанышпен қарсы алды, өйткені біріншіден, оларды патша үкіметінің езгісі мен қорлығынан азат етті, екіншіден, олардың өздерінің арманы – өз бетінше басқару үмітін іске асыруын нығайтты. Екінші революцияның қырғыздарға (қазақтарға) түсініксіз болып көрінетін себебі жәй ғана түсіндіріледі: қырғыздарда (қазақтарда) таптық диференциямен капитализм жоқ;

меншіктің өзі оларда басқа халықтардағыдай шұғыл шектелмеген: көптеген тұтыну заттары оларда қоғамдық игілік деп саналады» [4].

Айта кететін жәй, алаш зиялыларының басым көпшілігі ауқатты отбасынан шығып, Ресей орталық қалаларындағы алдыңғы қатарлы оқу орындарынан білім алған және сол кездегі әкімшілік жүйесінде еңбек еткен азаматтар болатын. Оларды саяси көзқарастары мен әлеуметтік ұстанымдары жағынан бірнеше топқа бөліп қарауға болады.

Бірінші топты («батыстықтар» деп атаған) мынандай белгілі зиялылар құрайды: А.

Байтұрсынов – «Қазақ» газетінің бас редакторы, ақын, жазушы, лингвист тілтанушы; Ж.

Ақпаев – заңгер; М. Тынышпаев – инженер;

М. Дулатов – ақын, жазушы; М. Жұмабаев – ақын, жазушы; Х. Ғаббасов – жазушы; Ж.

Аймаутов – жазушы, ақын; Х. Досмұхамедов – дәрігер; Ж. Досмұхамедов – экономист- заңгер; А.К. Кенжин – мамандығы мұғалім.

И. Мұстамбаев – геолог; А.Ә. Ермеков – ұстаз, ғалым, математик және т.б. [5, 24 п.].

Ұлт зиялы қауым өкілдерінің екінші тобын мұсылман қозғалысының өкілдерімен қарым қатынаста болған ұлт зиялылары құрайды, олардың көбі кейін Түркияға бағыт ұстанады және соған байланысты «түрікшілдер» атауын алған болатын. Бұл топтың өкілдері М. Шоқай, С. Лапин, У. Хожа, А. Махмұд, Х. Юрғули- Ағаев, С. Герцфельд, Ш. Шағиахметов, Ә. Оразаев, К. Қары, С. Ақаев, А. Бадин, Кішкенбаев, Кәрімбаев, М. Бехбуди және т.б.

[6, б. 52].

Үшінші топты, саны жағынан аз және әлсіз топты көзқарастары социалистік бағытты

ұстанушы ұлт зиялылары құрады, оларда тек сирек ерекшелік болмаса, көбі кедей малшылар мен жер иеленушілерден шықты.

Олар: Мұқан Әйтпенов, Көлбай Төгісов, Шаймерден Әлжанов, Қасен-Қожа Бекхожин, Махмұт Уәлиханов, Қазы Торсанов, Байсейіт Әділов, Әлиасқар Қуанышев, Үсен Қосаев, Нұрғали Құлжанов, Ыбырай Төлебаев, Сұлтан Аблаевтар және т.б. болды [5, 10 п.].

Ал бұл туралы С.Сейфуллин «Қырғыз зиялылары туралы» атты мақаласында былай деп келтіреді: «Қырғыз интеллигенттер екі лагерьге бөлінді: 1-ші лагерге жататындардың басым көпшілігі реакциялық топтағы қазақтар, кадеттер және оңшыл эссерлер болашақ партия ұйымдастырып, оның атын тапқырлықпен дәстүрлі ұлттық күрес үрдісімен «Алаш» деп атады. Ал, 2-ші лагерге жататындар орыс большевиктерін жақтаушы азшылдық топ өкілдерін құрады, олар қазан төңкерісі жеңіске жеткен соң «Үш жүз»

партиясы төңірегіне топтасты [5, 3 п.].

XX ғасырдың басында ұлт зиялылары ұлтының тұтастығы үшін жан тәнімен күресті. «Ұлт ісі деген ұлы жұмыс. Ұлт ісін ұлт болып өзі істемесе, өзі жөндемесе істелмейді де, жөнделмейді де. Жұрт жұмысының жөні, мақсаты бір, істеу жолы түрліше. Соның әр түрін әркім қолға алып жұртқа керек жөнімен мақсатқа қарай жүргізу керек. Жұрт ісі тоқсан тарау жолмен істеліп, бәрі барып бір салаға қосылмақ» деп, ұлтжандылықтың көрінер шағы туғандығын және әр жолмен жүрсе ұлт бола алмайтынын, ал ел болам десе бір идея төңірегіне бірігу қажеттілігін атап көрсетеді [7, бб. 379-380].

Алаш арыстарының ұлттық мемлекет құруды көздеп, елді бірлікке шақыруы – бүгінгі ең қажетті құндылық. Ол қазіргі тәуелсіз Қазақстанның мемлекетінің саясатымен үндесіп жатыр. Халқының азаттығы мен бақыты жолында жан сала күрескен, сол жолда құрбан болған Алаш ардақтыларының сан-салалы асыл идеялары бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан жағдайында бірте-бірте жүзеге асуда. Кезінде Алаштың арыстары атанған ұлтымыздың ұлы перзенттерінің халқына жасаған ұшан-теңіз еңбектері, рухани асыл мұралары қазақ өз елінің иесі болып тұрғанда

(4)

мәңгі жасай бермек. Тарих тағылымына терең бойлаған сайын біз бүгінгі тәуелсіз бейбіт күннің қаншалықты ауырлықпен келгенін түсінеміз.

Тарихтан белгілі жағдай: Алаш Орда ұлттық өкіметі 1917 жылы 5-13 желтоқсан күндері Орынбор қаласында өткен жалпы қазақ съезінде құрылды. Орынбор қаласында болып өткен I жалпықазақ съезінің күн тәртібіне барлығы он төрт мәселе қойылды:

Мемлекетті билеу түрі;

Қазақ облыстарында автономия;

Жер мәселесі;

Халық милициясын құру;

Земство;

Оқу мәселесі;

Сот мәселесі;

Дін мәселесі;

Әйел мәселесі;

Учредительное собрание сайлауына даярлану һәм қазақ облыстарынан депутаттар;

Бүкіл Россия мұсылмандарының кеңесі («Шуро-и Исламия»);

Қазақ саяси партиясы;

Жетісу облысының оқиғасы;

Киев шаһарында болатын бүкіл Россия федералистерінің съезіне һәм Петроградта болатын оқу комиссиясына қазақтан өкіл жіберу [8].

Мұрағат деректеріне сүйенсек, съезд қазақ автономиясы мен милиция туралы Халел Ғаббасов жасаған баяндаманы тыңдап, осы мәселе бойынша қаулы қабылдайды, жалпы съезд тоқталған қарарлардың негізгілері мынандай:

1. Тегі бір, тарихы және тілі бір қазақ-қырғыз халқы басым тұтас аумақ болып табылатын Бөкей ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстарының, Ферғана, Самарқан уездерінің, Закаспий облыстары қырғыздарының, Алтай губерниясының жапсарлас жатқан қырғыз болыстарының аумақтық-ұлттық автономиясы құрылсын.

2. Қырғыз-қазақ облыстарының автономиясына Алаш атауы берілсін.

3. Автономиялы Алаш облыстарының аумағы жер бетінде жатқан барлық байлықтармен, суымен, оның байлықтарымен,

сондай-ақ жер қойнауларымен қоса Алаштың меншігі болып табылады.

4. Алаш автономиясының Конститу- циясын Бүкілресейлік құрылтай жиналысы бекітеді.

5. Қырғыз-қазақтар арасында тұратын- дардың бәріне азшылық, құқықтарына кепілдік беріледі. Алаш автономиясының барлық мекемелеріне барлық ұлттар өкілдері пропорциялы түрде болуға тиіс. Алаш автономиясы шегінде жері жоқтарға ерекше аумақтық және мәдени автономия да беріледі.

6. Алаш облыстарын анархияның жалпы күйзелтуінен құтқару мақсатында 25 мүшеден тұратын Алашорда Уақытша Халықтық Кеңесі ұйымдастырылып, оның 10 орны қазақ- қызғыздар арасында тұратын орыстар мен басқа да халықтарға берілсін. Алашорданың орталығы ретінде уақытша Семей белгіленсін.

Алашорда қазақ-қырғыз халқының бүкіл атқарушы өкімет билігін дереу өз қолына алуы тиіс.

7. Алашорда милиция құруға жігерлі шаралар қолдануға міндеттенеді.

8. Алашорда Жалпы Ресей Құрылтай Жиналысының сайлауын өткізу туралы қолданылып отырған ережелерге сәйкес өзі әзірлеген негіздерде таяудағы уақытта Алаш автономиясының Құрылтай жиналысын шақыруға міндетті.

9. Съезд Алашордағы: 1) шарттар жасауға; 2) басқа автономиялық көршілермен блоктар туралы келіссөз жүргізуге уәкілдік береді, бұл ретте шарттар жасаудың өзі Алаштың құрылтай жиналысына беріледі.

10. Алаштың Құрылтай Жиналысына Халықтық Кеңес Алаш автономиясы Конституциясының өзі әзірлеген жобасын ұсынуға міндетті» [9, 2-3 п.].

Съезд жаңадан құрылған Алаш Орда үкіметіне үлкен екі міндет жүктеді:

1) Болашақта өтетін жалпы мемлекеттік немесе жалпыхалықтық жиналыс алдында өмір сүріп отырған Қазақ автономиясы үлгісін көрсету үшін дереу қазақ өлкесін басқаруды жүзеге асыруға кірісу;

2) Елдегі қарама-қарсы күштер арасындағы шиеленістің күшеюіне байланысты қолында қару жоқ қазақ халқын

(5)

бүлікшілік пен зорлық-зомбылықтан қорғау және ел ішіндегі тәртіпті сақтау [10, 229 п.].

Жалпы, белгілі жағдай, 1917 жылы мамыр айында Мәскеу қаласында өткен

I Бүкілресейлік мұсылмандар съезінде автономия мәселесі кеңінен талқыланды.

Осыған сәйкес мұсылман халықтарының арасында автономия мәселесіне байланысты қозғалыстың дамуына әсер етті. Сонымен қатар, Ресей құрамында ұлттық- территориялық автономияны жақтаушы федералистер мен біртұтас Ресейде ұлттық- мәдени автономия құруды жақтаушы біртұтастар арасында қызу талас болды. Қазақ делегаттары федералистерді қолдады [11, б.

319].

Сонымен, алаш көшбасшылары автономия идеясын пікірлері мен жігерліліктерінде айырмашылық болғанымен Ресейдегі саяси жағдайды бақылай отырып мұқият және ақырын дамытты. Олар басқа халықтардың көшбасшыларына қарағанда автономияны кейінірек қол жеткізу мақсатын анық қойды және Алаш-Орда автономиялық үкіметін құрғаннан кейін де оны арнайы жариялауға қалыс қалды. Әсіресе, 1917 жылдың көктеміне дейін мұндай мұқияттылықтың бір себебі кадеттердің әсері болды. Олар азербайжандар сияқты автономия идеясын анық дамытып үлгере алмады, бірақ Қазан революциясынан кейінгі жағдайдың өзгеруіне батыл және шебер әрекет етіп, іс жүзінде автономияны дамытты [11, б. 324].

Қазақ зиялыларын әңгіме еткенде алаш көшбасшыларымен ымыраға келе алмағанмен, қазақ халқының көзін ашып, сауаттылыққа, оқу-білімге үндеген кеңес өкіметін қолдаған азаматтарды да есте сақтауымыз қажет.

Олардың Қазан төңкерісіне дейінгі арман- тілектері мен атқарып келген жұмыстарының мақсаты да бір еді. Кеңес өкіметі олардың бастарын біріктірмей, бір-біріне қарсы қойды.

Кеңес өкіметін қолдаушы қазақ зиялылары да алаш өкілдерінің қал-жағдайын басынан кешірді.

Сонымен, XX ғасырдың басында қазақ тарихында бұрын-соңды болып көрмеген бетбұрыс басталды. XX ғасырдың басында орын алған әлеуметтік қақтығыс жағдайында

өз елінің дамуы мен болашағына қатысты мәселелерді шешуге ұмтылған алғашқы саяси қозғалыс «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметінің пайда болуы қазақ қоғамының азаматтық кемелденуінің және саяси элитасының биік дәрежеде екендігін көрсетті [12, б. 221-222].

2. Зерттеу әдістері.

Қарастырылып отырған мәселеге байланысты деректер базасын бес топқа бөліп қарауға болады. Бірінші топқа

«Алаш» қозғалысының көшбасшылары мен белсенділерінің еңбектерін жатқызамыз: Ә.

Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Шоқай, Ж. Ақбаев, Жаханша және Халел Досмұхамедовтер, М. Тынышбаев және басқалар. Олар ең алғашқылар болып өз қызметтері мен автономиялық қозғалыстың мәнін талдау әрекетін жасады [4]. Екінші топқа кеңестік құрылыстың алғашқы жылдарында (XX ғ. 20-30-шы жылдары) жарық көрген еңбектер [13].

Үшінші топқа жататын еңбектердің хронологиялық мерзімі XX ғ. 30-80 жылдарында шыққан зерттеулерді қамтиды. Бұл еңбектерде

«Алаш» қозғалысының революциялық рөлі обьективті тұрғыдан баяндалған. Бұл еңбектерде Қазан революциясы қарсаңы мен Кеңестік өкіметтің алғашқы жылдарындағы жағдай, ұлт зиялыларының қалыптасу процесі мен саяси көзқарастарының дамуы баяндалады. Әрине, бұл топтағы кейбір зерттеулер таптық көқарас тұрғысынан жазылған және алаш көшбасшылары

«буржуазияшыл ұлтшылдар» тұрғысынан сипатталады. «Алаш» қозғалысы жөніндегі еңбектердің төртінші тобын Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарында жарық көрген зерттеулер құрайды [1; 3;

15; 17; 18; 19]. Бұл еңбектердің өзгешелігі – көптеген мұрағаттардағы бұрын жабық қорлардың ашылып, «Алаш» көшбасшылары мен белсенділерінің өміріне, қызметі мен саяси көзқарастарына байланысты жаңа, бұрын ғылыми айналымда болмаған құжаттардың пайдаланылуымен байланысты.

Бұл зерттеулерде «Алаш» қозғалысының

(6)

бастау қайнар көзіне, алашордашылар мен большевиктер көзқарасына салыстырмалы талдау жасалынады.

«Алаш» партиясы мен Алашорда қозғалысы жөніндегі дереккөздердің бесінші тобына таяу және алыс шетел ғалымдарының зерттеулерін жатқызамын [2; 11; 28; 30]. Бұл авторлар өз зерттеулерінде ұлт-азаттық қозғалысқа жаңа көзқарас және ондағы қазақ зиялыларының рөлі туралы, жаңа мемлекеттің жалпы демократиялық қағидаларына көңіл бөледі.

Біз қарастырып отырған Батыс Алаш мәселесіне тікелей қатысы болмаса да Кеңестік федерализм және Қазақстандағы алаш қозғалысының тарихын жан-жақты зерттеуші Д. Аманжолова бірнеше кітаптар мен мақалалар жарыққа шығарды. Бұл зерттеу жұмыстарында автор мұрағат құжаттарының негізінде Қазақстанның ұлттық құрылыс және өзін-өзі анықтау процесін пайымдау көзқарастары белгіленген.

Он тараудан тұратын бұл еңбегінде автор Қазақстанның 20-30 жылдардағы этносаяси тарихының қасыретті беттерін жаңадан жасай отырып, репрессиялардың этносаяси сана сезімді деформациялағанын, зиялылардың құрамы мен оларды іріктеудің түрленіп отырғанын көрсете білген. Сондай-ақ автор Қазақстандағы өкімет пен басқару жүйесін ұйымдастыру, федерацияның әртүрлі субъектілері арасындағы қарым-қатынасты реттеу мәселесі талданады. Монографияның төртінші тарауында автономияның саяси құрылымы мәселелері ашып көрсетіледі.

Бұл бөлімде Қазақстан астанасы ретінде Орынбор қаласының белгілену жобасындағы тиімсіздігінің себептері талданады [14, 55-77 бб.].

Соңғы жылдары шыққан зерттеу жұмыстарының ішінде Ш. Забихтың [15]

монографиясын ерекше атауға болады.

Автор Жаханшаны Алаш қозғалысының, соның ішінде Батыс Алаштың көсемдерінің бірі ретінде көрсетумен қатар оның

«Алаштың» құқықтық концепциясын қалыптастырудағы шешуші рөлін ашып береді. Жаханшаның прогрессивтік идеялары мен көзқарастарының «Алаш-Орданың»

бағдарламалық құжаттарының негізіне алынғанына талдау жасайды. Бұл, Жаханша Досмұхамедовтың мемлекеттік-құқықтық көзқарастарын зерттеуге арналған алғашқы еңбек болып табылады.

Қарастырып отырылған мәселе жөніндегі жаңа еңбектердің қатарына М.Қойгелдиевтің

«Алаш қозғалысын» қосуға болады. Автор Алаш қозғалысы жөніндегі ғылыми еңбектерді жазудың қиындықтарына тоқтала келе

«Кеңестік билік тұсында ұлт зиялыларының тарихын жазу ісі ресми саясатқа тікелей тәуелді болды, билік талабына сай бейімделіп отырды» [16, 6 б.] деп тұжырымдайды. Әрине, бұл зерттеу жұмысының бұған дейін (2008 жылы) басылып шыққанын және автордың бұл басылымы өңделіп, толықтырылған нұсқасы екенін оқырман қауымға атап өткеніміз абзал.

Автор қазақ зиялыларының XX ғасырдың басынан бастап, Алаш қозғалысының соңғы кезеңіне дейінгі тарихын баяндайды. Бұл еңбекте Батыс Алашорда мәселесі көп қозғалмайды.

Мақаланың обьектісі мен мәнін, тарихи маңыздылығын ашып берудің тәсілдері айқындалып, теориялық және эмпирикалық танымдық деңгейі қарастырылады.

Әдіснамалық тұрғыдан алғанда мақалада қарастырылып отырған мәселенің ақиқатын, себеп-салдарларын, әсерлері мен кері байланысын, субъективтік факторлардың рөлін ашып көрсету принциптерін негізге ала отырып, талдау, синтез, жалпы қорытындылау және дедукциялау әдістерін пайдалану.

Зерттеу әдістерінің маңыздылығының ерекше болатын себебі оны қабылдаудың біркелкі және ыңғайлы формасына келтіру қажет.

3. Талқылау.

«Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуының қазақ халқының қоғамдық- саяси және рухани өмірінде алатын орны ерекше. Тоталитарлық-әкімшілік басқару кезеңінде ұлт саясатының бұрмалануының нәтижесінде бұл топтың өкілдері мен олардың көзқарастары «Құбыжық» көрініп, «алаш»

деген сөзден «ат-тонымызды ала қашатын»

болдық.

(7)

Бұл қозғалыстың және оның көшбасшыларының тарихы 60 жылдан астам ресми өкімет тарапынан тыйым салынған тарихымыздың «ақтаңдақ беттері»

болып келді. Демек, бұл мәселе бойынша жазылатын зерттеу жұмыстарының басты мақсаты: алаш қозғалысының шығу қайнар көздерін, алаш көшбасшыларының қазақ даласындағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік- экономикалық және ұлттық-мемлекеттік құрылыс мәселелерін шешу жолдарын анықтаудағы атқарған ерен еңбегін, олардың бағдарламаларын, Алашорда үкіметінің қызметі мен өмір сүру мерзімін, «Алаш»

қайраткерлерінің жазалану және ақталу процестерін тарихи шындық тұрғысынан ашып көрсету өте қажет. Ал бұл мақсатқа жету жолында осы жағдайларды жан-жақты сипаттайтын зерттеулер мен баспа бетінде жарық көрген мақалаларға сүйену, оған талдау жасау өте орынды.

4. Нәтижелер.

Орал өңірінде қазақтардың өзінің жұмысын 1917 жылы 19 наурызда бастаған бірінші өкілдік съезі белгілі. Бұл съезде облыстық барлық болыстығынан қазақ тұрғындарының әртүрлі топтарының өкілдерінен сайланған 800-ден астам адам патша мемлекеттік құрылысы құлағаннан кейінгі жағдайдағы саясат және экономиканың маңызды мәселелерін қарау үшін жиналды. Съезд бір ауыздан демалыста жүрген Томск округтық сотының прокурорының орынбасары оралдық Жаханша Досмұхамедовты төраға етіп сайлады. Орынбасарлары болып бұрынғы уақытша комитеттің төрағасы Г.А. Әлібеков және V-ші Мемлекеттік Думаның бұрынғы мүшесі А.К. Қалменовті бір ауыздан сайлады.

Съезд делегаттарын Орал облысы уақытша үкіметінің комиссары Бизянов құттықтады.

Жаханшаның бастауымен және ұсынысымен облыс өмірінің бір топ мәселесі талқыланып, мынандай қорытындылар жасалды:

- Қазақ халқы монархизмді құлдықтың таңбасы, бір халықты екіншісіне айдап салудың көзі деп біледі, сондықтан да ол мәңгілікке жойылуы керек.

- Ұлттық-территориялық федерация мәселесін әзірге ашық қалдыра отырып демократиялық республика идеясын қуаттайды.

- Облыстың Оралдың арғы бет бөлігінде бұрынғы бюрократиялық басқаруды халықтық ауылдық, уездік және облыстық комитеттермен алмастыру.

- Мына қажеттіліктерді мойындау:

а) Қазақ құрылтай съезін шақыруды;

б) Оралда гимназия бағдарламасындағы орта оқу мекемесін уақытша ашу;

- Қазақ тіліндегі газет, кітапшалар және басқа бұқаралық ақпарат құралдарын шығаруды қажет деп табу;

Съезд обылыстық қазақ комитетін сайлады [13, бб. 37,39,41,42].

Съезде облыстың қазақ комитетінің құрамына мына адамдар сайланды.

Ж. Досмұхамбетов, И. Таңберменов, Х.

Тасымов, Т. Сыпырбөлиев, И. Мұқанов, Д. Сәрсенбаев, Ғ. Әлібеков, Д. Құсыпқалиев, И. Топаев, И. Абенов, К. Жаленов, Ғ. Есенғұлов, С. Қаратілеуов, Б. Жұманғалиев, С. Омаров, Б.

Тілепов.

Республикамыздың барлық облыстарында Кеңес өкіметінің күшейіп жатқандығына байланысты Алашорда олардың орталық және жергілікті органдарымен амалсыздан байланыс жасауға мәжбүр болды. Бұл мәселеде де Жаханша белсенділік көрсетіп, өзінің серігі Халелмен бірге Москвада Кеңес үкіметінің басшыларымен кездесулер өткізуге қатысты. Сталинмен жүргізілген бұл келіссөздерден Орталық Кеңес үкіметінің ынтымақ пен ұлттық тұтастық негізіндегі қазақ мемлекеттігін мойындамайтындығы, керісінше қазақ халқына таптық жіктелуге негізделген советтік тұрпаттағы автономия беруге даяр екендігі анық байқалды.

жылғы мамыр айының 18-21 аралығында Жымпитыда Орал өңірі қазақтарының IV облыстық съезі өтті. Онда Жаханша мен Халел Досмұхамбетовтер Ойыл уәлаятының уақытша үкіметін құрды. Құрамына Ілбішін, Орал, Атырау, Ақтөбе, Ырғыз уездерінің қазақтар мекендеген аудандары мен Маңғыстау, Ойыл және Бөкей уездері кірді.

Бұл әрекет Жаһаншаның бүкіл қазақтың

(8)

екінші съезіндегі ұлттық - территориялық автономия құру жөніндегі шешімінің Батыс Қазақстанның айтарлықтай территориясында жүзеге асқандығының көрінісі еді.Сондықтан да 1918 жылғы қыркүйекте Уфе директориясын құру туралы мәжіліске қатынасқан Алаш автономиясының кару жүйесі туралы мәселені талқылап, Алашорданың Батыс бөлім делегаттары сол айдың 11 - жұлдызында автономияның жергілікті басқару жүйесі туралы шешімге қол қойды. Бұл мәжіліске Алашорда ның төрағасы Әлихан Бөкейханов, мүшелері: У. Танашев, Халел және Жаханша Досмұхамбетовтер, А.Бірімжанов, Ә. Ермеков және М. Тынышбаев қатысты. Алашорданың батыс бөлімшесінің төрағасы болып Жаһанша тағайындалып, Ойыл уәлаятының уақытша үкіметі таратылып, Батыс Қазақстанның қазақтар мекендеген жерлері аталған бөлімшенің қарамағына берілді [17, б. 189].

Осы арада аздаған шегініс жасап, Жаһанша Досмухамедов кім, оның өмір жолы қалай өтті деген сұраққа тоқтала кетейік.

Жаншаның тұлға ретінде қалыптасуы.

Қазақ халқының қадірменді ұлдарының бірі – Жаханша Досмұхамедұлы. Ол өлкемізде кұрылып, жұмыс істеген Батыс Алашорда үкіметін құрушылардың бірі, әрі басшысы. Жаханша Досмұхамедұлының қазақ тарихында алатын орасан зор орнына қарамастан, өмір жолы, қоғамдық - саяси қызметі күні бүгінге дейін жеке ғылыми тұрғыда жүйелі түрде зерттелмеген.

Жаханша Досмұхамедовтың өмірі, заңгерлік қызметі және саяси көзқарастарын зерттеумен айналысып жүрген заң ғылымдарының докторы Ш.А.Забих былай дейді: «Жаханша Досмұхамедовтың тұлғасы

«Алаш» қайраткерлері мен «Алаш-Орда»

үкіметінің ішіндегі қазақ ұлтының бетке ұстар өкілдерінің ішінде ерекшеленіп тұрады. Көрнекті саясаткер, кәсіби заңгер, талантты ұйымдастырушы және тамаша ұйымдастырушы Жаханша Досмұхамедовтың өмірі мен қызметі ұзақ ондаған жылдар бойы кеңестік кезеңде зерттелмей келді, ал оның творчестволық мұрасы мен мемлекеттік және заңгерлік көзқарастары арнайы зерттелмей келді. Елдегі бүгінгі таңда қазақ

өлкесінің тамаша ұлдарының бостандық пен тәуелсіздік үшін қажымас күрескері Жаханша Досмұхамедовтың асыл және мақтаныш есімдерін халыққа жеткізудің бірегей мүмкіндігі пайда болды. Оның зердесінде қоғамды және мемлекетті басқару мәселелері, үкіметтің мәнін, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара қатынасын, ұлттық өзін-өзі басқару мәселелерін заңдық жүйедегі әдеттің орны мен рөлін зерттеу ерекше орын алды.

Сондықтан да саясаткердің идеялары мен көзқарастары, сондай-ақ оның творчестволық мұрасы қазіргі күнге дейін Қазақстан үшін өзінің актуалдығын жойған жоқ және үлкен қызығушылық туғызады. Өйткені еліміздің алдында дағдарыстан шығу мәселесі өзінің өткірлігімен тұр» [15, б. 4].

XX ғасырдың екінші он жылдығындағы аласапыран, төңкерістер кезеңінде қазақ халқының жеке ел болу мүддесін көздеп, Досмұхамедовтер автономия құруға ұмтылды және сол үшін де олар уақыттың тығыздығына, жағдайдың қиындығына байланысты қазақ жерінің батысында басқарушы аппараты, әскері, орталығы бар, тиісті қаржысы жинақталған, белгілі бір территориясы бар мемлекеттік құрылым жасады.

Жаханша жас кезінен-ақ халқы үшін өте маңызды мәселеге араласып, болашақта үлкен істің басына келетін азамат, тағылымы мол, көргені көп, халқының өткен тарихынан жан-жақты хабардар ортадан өсіп шыққан адам.

Жаханша 1887 жылы қазіргі Жымпиты ауданындағы Бұлдырты елді мекенінде дүниеге келген. Жалпы, Жаханшаның туған жылы жөнінде екі нұсқасы кездеседі. Біріншісі – 1886 жыл. Екіншісі – 1887 жыл. Көптеген деректер мен мұрағат құжаттарында бірінші нұсқа айтылады: «Досмұхамедов Жаханша 1886 жылы туылған, қазақ партияда жоқ (тұтқындалу кезінде 44 жаста). 1930 жылы Мәскеудегі «Скотовод» басқармасында бас экономист болып істеп жүргенінде ҚазССР бұрынғы ОГПУ органдарымен «Алаш»

партиясын құрушылардың және бұрынғы

«Алаш-Орда» үкіметінің мүшесінің бірі ретінде тұтқындалды. Ақпан революциясына дейін юстиция Министрлігінде жұмыс

(9)

істеп, құрылтай жиналысы жөніндегі заңды жасаудың ерекше мәжілісінің, предпарламент (Ресей республикасының арнайы Уақытша кеңесі) мүшесі болды. Алайда Алматы ҰҚКД мұрағатындағы анықталған құжаттар бойынша Ж. Досмұхамедовты айыптау протоколында және мұрағат анықтамасында екінші нұсқа көрсетіледі. Сондықтан да екінші нұсқа шынайы және сенімді, өйткені өтініш мәліметі Ж. Досмұхамедовтың өзінің қатысуымен толтырылады. Тағы да бір көңіл аударатын мәселе дереккөздерде Досмұхамедовтың есімі әртүрлі жазылады:

Жанша, Джанша, Джаганша, Жаханша және т.б., бірақ Досмұхамедовтың дұрыс және толық есімі – Жаханша, яғни «Ғаламдық»

деген мағынаны білдіреді, ал Жанша бала кезіндегі еркелетіп айтылған есімі [18, бб. 27- 28]. Бастауыш білімді ауылда алып, кейінірек Орал әскери реалдық оқу орнында білімін жалғастырды. Ол оқуды өте зерек оқыды.

Училищеден кейін білімін жалғастырады. Ол оқуды өте зерек оқыды. Училищеден кейін білімін Санкт-Петербург университетінің заң факультетінде жалғастырды.

Училищеде Халел Досмұхамбетұлы, Жалмұхаммед Сүйінтұрұлы, Нұрғали Ипмағамбетұлы, Нұрғали Досбайұлы, Ғұбайдолла Бердіұлы, Шабазгерей Көсепғалиұлы араласты, сырласты.

Реалдық училищеде шәкірттері қаланың көптеген өндіріс орындарында болып, тәжірибе жинақтады. Олар Кондрахинның бағында, Дадонов кірпіш зауытында, Ванюшин диірменінде, Михайлов соборында, Пфейлдің лаурица зауытында болды [19, б.

277].

Ұстаздарының ішінде Жаханшаға жақын іш тартатын неміс тілінің мұғалімі Феликс Глизенгер болды. Ол жас шәкіртінің халқыма қызмет ету үшін оқып жүрмін деген жауабына ризашылық білдіріп, «олай болса, тарихқа көбірек үңіл, заңдық қағидаларды зерттеу, халқың үшін қызмет істеуге көп, табанды дайындал» деп кеңес берді. Көңіл аударарлық жағдай – Батыс Алаш қозғалысына қатысқандардың басым көпшілігі Жаханша сияқты Орал реальдық училищесінде білім

алған: Атшыбаев Беркінғали Мұқашұлы (Гурьев уезі Миялы ауылында 1897 жылы дүниеге келген. 1937 жылы репрессияға ұшыраған), Әлібеков Әлиасқар (Ғалиасқар) Меңдиярұлы (Батыс Қазақстан облысы Жымпиты уезі; 1893-1937 жж.), Әлібеков Ғұбайдолла (Ғабдолла) (Жымпиты уезі, 1870- 1923 жж.), Бекімов Молданияз Байболсынұлы (БҚО, Жақсыбай болысы, қазіргі Қаратөбе ауданы, 1882 - ?), Бисенов Бақтығали (БҚО, Лбішін уезі, Қызылжар болысы, 1889/1890- 1922 жж.), Бердиев Ғұбайдолла Есқалиұлы (Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Ақжайық ауылы, 1883-1922 жж.), Бөкейханов Ғабдол Хакім Нұрмұхамедұлы (Бөкей ордасы, Шонай ауылы, 1896-1938 жж.), Досмұхамедов Халел (Қызылқоға ауданы, Тайсойған құмында, 1883- 1939 жж.), Есенқұлов Ғұмар Қожахметұлы (Темір уезі, Ембі-Темір болысы. 1890-1930 жж.), Жанқадамов Бижан (Джанкамов Бижангали Абулкасович, 1889-1937 жж.), Жәленов Кәрім (Джаленов Карим), Жымпиты уезі, Байғұтты болысы, 1889-1938 жж.), Ипмағамбетов Нұрғали (Қараоба болысы, Төлектөбе ауылы, қазіргі БҚО, Теректі ауданы, 1882-1922 жж.), Қасаболатов Есенғали Керейұлы (Ілбішін уезі, Қурайлы болысы, 1889-1938 жж.), Қашқынбаев Иса (Ғайса) Таумышұлы, Ілбішін уезі, Қурайлы болысы, 1891-?), Сарығожин Сабыр (Қаратөбе, Соналы болысы). Бұл аталған Орал реальдық училищесінің түлектері, Батыс Қазақстанда Тәуелсіздік туын орнату жолында әртүрлі тағдырды басынан кешірді [20, бб. 173-191].

1906 жылы Жаханша Мәскеу университетіне оқуға түседі [21]. Заң факультетінің профессорларының, Батыс Еуропа елдерінің заңгерлерінің еңбектері, оған қоса Ресейде шығатын «Вестник права» (1899-1906),

«Тюремный вестник» (1893-1917), журналдары мен «Право» заңгерлік газеттерін оқыды. Ол шешендік өнерге ерекше көңіл бөлді. Сырым бабасының нақыл сөздерін басшылыққа ала отырып, мына қағидаларды ұстауға тырысты:

- Халық алдында сөйлеген сөзің сұлу болып, оны жұрт ықыласпен тыңдасын;

- Сөз өнерін меңгеріп, биік дәрежеге көтерілгеніңізді жұрт сөйлеген сөзіңнен білсін;

(10)

- Сөздің оңы мен терісіне, астары мен өңіне айрықша мән беріп, мағыналы етіп сөйле;

- Сөз жай нәрсе емес, сөздің құнын бағалай біл;

- Сөз үйренуден жиренбе, көп біліп, аз сөйле, аз біліп, көп сөйлеме.

1911 жылы оқу бітірер қарсаңында бұрын Черняев (қазіргі Шымкент) қаласының оязы болған генерал К.Колоссовскийдің қызы Ольгаға үйленді. Үйлену қарсаңында әкесінен рұқсат сұрап жазған хатында мынандай жауап болатын: «Қатын алмақшы болсаң, оның дүниесі көбін талап етпей, тәрбиелісін ал, ұлтына қарама-табиғаты таза, жан – дүниесі пәк, өзіңе дос болсын, балам» [19, б. 278].

ХХ ғасырдың басында еліміздің барлық өңірінде жаппай орын алған белсенді ұлт- азаттық қозғалысының екпініне араласқанға дейін, Ж. Досмұхамедов патшалық сот органдарында қызмет атқарып, маңызды мемлекеттік іспен шұғылданған.

Алғашқыда Орал аумақтық сотының жанындағы сот лауазымына үміткер ретінде қызмет атқарып, бітімгершілік соты және қылмыстық бөлім хатшысы көмекшісінің міндеттерін орындаған. 1912 жылдың жазында Барнауыл уезінің 10 учаскесінің бейбітшілік сотының міндеттемелерін орындау үшін іссапарға жолданып, кейін Омск сот палатасына аға үміткер ретінде ауыстырылады. 1913 жылы аталған лауазым бойынша Змеиногорск уезінің 1 учаскесіне ауыстырылып, 1913 жылдың күзінде Барнауыл қаласына «прокуратура органдарына көмекке» шақырылып, 1914 жылдың наурыз айында Каин уезі бойынша Томск округтік сотында прокурорлық (орынбасары) қызметіне тағайындалды. Томск округтік соты прокурорының жолдасы (орынбасары) міндетін атқара жүріп, ол саяси айдалуды қадағалады және осы қызметте ол әділет генералы шенін иеленді.

Прокурор Н.Г. Красильниковтың қолы қойылған «Распределение участков товарищей Прокурора Томского Окружного суда» атты құжат сақталған. Бұл тізімге Ж.

Досмұхамедовтың аты-жөні де енгізілген, құжатқа сәйкес, ол 1914 жылы Каин учаскесі

прокурорының жолдасы (орынбасары) болып тағайындалған. Прокурорлық учаскенің құрамына Каин түрмесі және Каин уезінің 3, 6, 7 және 8 учаскелерінің бітімгер соттары енгізілген. Сонымен қатар Томск округтік сотының прокурорлық қадағалау қызметіне байланысты «Наряд камеры прокурора Омской судебной палаты» деген құжат сақталған. Аталған құжатта прокурор жолдасы (орынбасары) лауазымдардағы қызметіне толық сипат берілген. Томск аумағында Змеиногорск, Томск-Кузнецк, Бийск, 1 және 2 Барнауыл, Томск қаласының 9 учаскесі болған. Әрбір учаскені Томск округтік сотының Прокурорымен тағайындалған прокурор жолдасы (орынбасары) басқарған.

Жолдас прокурорлар ай сайын Омск сот палатасының Прокурорына учаскелерінің қызметі туралы ақпарат жолдаған. Қызметтің келесідей бағыттары бойынша есеп берілген:

1. Жалпы қылмыстар бойынша Округтік сотқа жолданған істер: а. Айыптау актілерімен, соның ішінде 525-бап бойынша Қылмыстық Сотқа жолданған; б. Соттылығының өзгеруі туралы және тоқтату туралы қорытындылармен және айыптау актілерімен; в. Ойлау мүмкіндігін куәландыру туралы қорытындылармен; г.

356-бабы бойынша қорытындылармен; д.

Жеке айыптау тәртібімен; 2. Лауазымдық қылмыстар бойынша: а. Қорытындылармен басшылыққа; б. Айыптау актілерімен Округтік сотқа.

1915 жылғы «Памятная книга Томской губернии» атты кітапқа Томск губернаторының нұсқауымен губернияның көрнекті қайраткерлерінің аты-жөндері енгізілген. «Прокурорлық қадағалау» бөліміне Ж.Досмұхамедовтың да есімі енгізілген [19, б.

279].

Заң органдарында жұмыс жасаған кезінде Жаһанша әділдігімен, кәсіби дайындығымен және сатылмайтындығымен танымал болды.

Әдеттегідей сол кезеңде қазақтың білімді азаматтарын еліне қызметке жібермеу әдісі көрінісін тапқанымен, 1917 жылы Жаханша Ақжайық өңіріне оралады [19, б. 280].

Жас Жаханшаның саяси қызметі мен өміріне Б. Қаратаев, Г. Жетпісұлы, И. Ахметшеұлы және Орал облысы қазақтарының атынан

(11)

1-ші мемлекеттік Думаның мүшесі болған А.Қалменұлының әсері көп болды.

Жаханша – Батыс Қазақстандағы «Алаш»

қозғалысының көсемі.

1917 жылы 19-22 сәуірде өткен облыстық қазақ съезінде (800-ден астам адам қатысты) Жаһанша Орал облыстық қазақ-қырғыз комитетінің төрағасы болып сайланды.

Төрағасының ұсынысы бойынша съезд мынандай шешімдер алды:

1. Россия халықтарын құлдықта, қараңғылықта ұстаған монархия осыдан былай жойылсын;

2. Россияда Демократиялық Республика орнату идеясын түгел қуаттай отырып, қазақ халқына ұлттық терриориялық автономия беруді талап етеді;

3. Қазақ еліне келімсектерді жіберуді тоқтатып, осы кезге дейін пайдаланбай келген монастырьлардың, шіркеулердің, дворяндардың жерлерін қазақтарға себеп- сылтаусыз қайтарылсын;

4. Бұрынғы бюрократтық әкімшілік жүйесі жойылып, оның орнына қазақ жерінде халық сайлаған өкілетті комитеттер құрылсын;

5. Халық ағарту ісін қанағаттанғысыз деп тауып, мұғалімдер съезін өткізу, Оралда гимназия бағдарламасы негізінде қазақ балаларына арнайы оқу орнын ұйымдастырып, оны қазақ қаражатына салынған бұрынғы кәсіптік мектептің үйіне орналастыру белгіленсін;

6. Қазақ тілінде газет, кітапшалар шығу шаралары жүзеге ассын [19, б. 280].

Съезде облыстың қазақ комитетінің құрамына мына адамдар сайланды: Ж.

Досмұхамедов, И. Таңберменов, Х. Тасымов, Т. Сыпырбөлиев, И. Мұқанов, Д. Сарсенбаев, Ғ. Әлібеков, Д. Құсыпқалиев, И. Топаев, И. Әбенов, К. Жаленов, Ғ.Есенғұлов, С.

Қаратілеуов, Б. Жұманғалиев, С. Омаров, Б.

Тілепов.

Жаханша 1917 жылы желтоқсанның 5-13 жұлдыздары аралығында Орынбор қаласында өткен екінші жалпы қазақ-қызғыз съезіне қатысып, тез қарқынмен өзгеріп отырған жағдайдағы партия тактикасы мәселелері жөнінде және съездің күн тәртібіндегі

маңызды проблемалар (автономия, милиция, ұлт кеңесі, т.с.с.) бойынша сөз сөйлеп, жарыссөздерге белсенді түрде араласты.

Съезде автономияны жариялау мерзімінде Ә.Бөкейханұлы мен Ж.Досмұхамебетұлы бастаған екі бағыт арасында едәуір талас болды. Алайда ұлттық, халықтық мүддені жеке бастарының саяси ұпай жинауының жоғары қойған Әлихан мен Жаханша Алаш автономиясын жариялау мерзіміне байланысты ортақ ымыралы келісімге келді.

1918 жылы мамыр айының 18-21 аралығында Жымпитыда Орал өңірі қазақтарының IV облыстық съезі өтті. Онда Жаханша мен Халел Досмұхамбетовтер Ойыл уәлаятының уақытша үкіметін құрды.

Құрамына Ілбішін, Орал, Атырау, Ақтөбе, Ырғыз уездерінің қазақтар мекендеген аудандары мен Маңғыстау, Ойыл және Бөкей уездері кірді. Бұл әрекет Жаханшаның бүкіл қазақтық екінші съезіндегі ұлттық- территориялық автономия құру жөніндегі шешімінің Батыс Қазақстанның айтарлықтай территориясында автономия жүзеге асқандығының көрінісі еді. Сондықтан да 1918 жылғы қыркүйекте Уфа директориясын құру туралы мәжіліске қатынасқан Алаш автономиясының делегеттары сол айдың 11-жұлдызында автономияның жергілікті басқару жүйесі туралы мәселені талқылап, Алашорданың Батыс бөлімшесін құру туралы шешімге қол қойды. Бұл мәжіліске Алашорданың төрағасы Әлихан Бөкейханов, мүшелері: У. Танышев, Халел және Жаханша Досмұхамбетовтер, А. Бірімжанов, Ә. Ермеков және М. Тынышпаев қатысты. Алашорданың батыс бөлімшесінің төрағасы болып Жаханша тағайындалып, Ойыл уәлаятының уақытша үкіметі таратылып, Батыс Қазақстанның қазақтар мекендеген жерлері аталған бөлімшенің қарамағына берілді [19, бб. 281- 282].

Жаханша басшылық еткен Ойыл уәлаяты үкіметі өзінің ішкі және сыртқы саясатында елеулі қиыншылықтарға кездесті.

Бастапқыда ниеттес болып бірге жүрген, Алаш қозғалысының белсенді қайраткерлері Ғұбайдолла және Ғалиасқар Әлібековтер, Молдағали Жолдыбаев, Хафиз Мырзағалиев

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

В исключительных случаях руководитель государственного органа или органа местного самоуправления, должностное лицо либо уполномоченное на то лицо

Моральдық білім беруді әр ғалым түрлі бағытта зерттеп, қоғамтану, психология, педагогикалық білім беру және дінтану ғылымдарымен байланыстыра зерттеп,

Рассмотрим историю становления и развития таможенной службы Горного Алтая, покажем вклад роли та- моженной службы в развитие торговли с Монголией, а также

of Political Sci., Assoc.Prof., L.N.Gumilyov ENU, Nur-Sultan, Kazakhstan (political science) Shakir Ibrayev Doctor of Philology, Prof., L.N.Gumilyov ENU, Nur-Sultan, Kazakhstan

The report will consider corruption in the system of public administration in the Republic of Kazakhstan and will be focused on the consequences of the corruption on the economy

Алаш подтверждает транзит субъектности элитарной части казахского общества к модерности, в ходе которого утверждается новый тип идентичности (от

кезде, әліде бостандықта жүрген Алаш арыстарының бір тобы ұлт-азаттығын жүзеге асырудың екінші бір қолайлы мекені ретінде Қытай қоластындағы Шығыс Түркістанды

Но по состоянию на сегодняшний день страны исламского мира представили лишь 2 % мировых патентов в области науки и технологий,