• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

View of KAZAKH-CHINESE COOPERATION WITHIN THE FRAMEWORK OF THE PROJECT «ONE BELT, ONE ROAD»

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "View of KAZAKH-CHINESE COOPERATION WITHIN THE FRAMEWORK OF THE PROJECT «ONE BELT, ONE ROAD»"

Copied!
8
0
0

Толық мәтін

(1)

Оразақынқызы Ф.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ., e-mail:faridak09@mail.ru

«БІР БЕЛДЕУ, БІР ЖОЛ» АЯСЫНДА ҚАЗАҚ-ҚЫТАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

Екі мемлекет арасындағы қатынастардың тарихы терең. Бүгінгі күні бұл қатынастар барлық бағыттар бойынша қарқынды дамуда. Қытаймен жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамыту – Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынастардың жаңа кезеңі екіжақты әрекеттесудің барлық салаларындағы жаңа жобалармен толыға түсуінде. Сондай жобалардың бірі ҚР Президенті Н. Назарбаевтың

«Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясаты бастамасын және ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің – «Жібек жолының экономикалық белдеуі» және «ХХІ ғасырдағы Теңіз Жібек жолы» атты екі стратегиялық жобасын қамтитын «Бір белдеу, бір жол» бастамасы. Қарастырылып отырған жұмыста, аталмыш жобаның Қазақ-қытай ынтымақтастығына тигізер әсері баяндалған.

Түйін сөздер: «Бір белдеу, бір жол жобасы», Қазақстан, Қытай, әлемдік экономика.

Orazakynkyzy F.

Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty, e-mail: faridak09@mail.ru Kazakh-Chinese cooperation within the framework

of the project «One Belt, One Road»

The history of relations between the two states is deep. Today, these relations are dynamically de- veloping in all directions. The development of multilateral strategic partnership with China is one of the main priorities of Kazakhstan’s foreign policy. A new stage of relations between Kazakhstan and China is full of new projects in all spheres of bilateral cooperation. One such project is the one belt one road initiative, which includes the initiative of the President of the Republic of Kazakhstan Nursultan Naz- arbayev on the new economic policy of Nurly Zhol and the two strategic projects of President Xi Jinping of China, the «Economic belt of the Silk Road» and the «Silk Road» in the 21st century. « This study shows the impact of this project on Kazakh-Chinese cooperation.

Key words: Project one belt one road, Kazakhstan, China, world economy.

Оразакынкызы Ф.

Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы, e-mail: faridak09@mail.ru

Казахско-китайское содружество в рамках проекта «Один пояс, один путь»

Сегодня отношения между Казахстаном и Китаем динамично развиваются во всех направ- лениях. Рост многосто рон него стратегического партнерства с Китаем является одним из главных приоритетов внешней политики Казахстана. Новый этап отношений между Казахстаном и Китаем полон новых проектов во всех сферах двустороннего сотрудничества. Одним из таких проектов является «Одна пояс, один путь», которая включает в себя инициативу Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева о новой экономической политике «Нурлы Жол» и два стратегических проекта президента Китая Си Цзиньпина «Экономический пояс Шелкового пути» и «Шелковый путь в 21 веке». В настоящем исследовании показано влияние этого проекта на казахстанско-китайское сотрудничество.

Ключевые слова: Проект «Один пояс, один путь», Казахстан, Китай, мировая экономика.

(2)

Кіріспе

«Бір белдеу, бір жол» стратегиясы ежелгі жібек жолын қазіргі заманға сай қайта жаңғыртып, жаңа дәуірлік сипат берді. Қытай елі үшін оның реформа мен ашық есік саясатын тіпті де тереңдетудің тамаша мүмкіндігі болып табы- лады. Сонымен қатар ол Еуразия одағына жаңа серпін береді, әлемдік дамуға жаңа жол ашады.

«Ежелгі Жібек жолы» қытайдың өзге елдермен саяси-экономикалық қарым-қатынасының жал- пы атауы болған. Олар: Батыс хан хандығының тұсында қалыптасқан «Солтүстік батыс жібек жолы»; ішкі Монғол үстірті, батыс бағытта Тянь- шань тауының солтүстігіне келіп қосылатын Орта Азияның «Сахара жібек жолы»; Шианнан Чынду арқылы Үнді еліне баратын «Оңтүстік батыс жібек жолы»; Қытайдың оңтүстік шығысынан басталып теңізді жағалай, Оңтүстік- Қытай теңізі арқылы, Тынық мұхитына, Үнді мұхитының, Парсы шығанағы, Африка, Еуро- па елдеріне баратын «Теңіз жібек жолы», т.б.

ғасырлар бойы әр елдің дипломатиялық мис- сиялары, керуені, саяхатшылары, ғалымдары, қолөнершілері осы «Жібек жолдары» бойы- мен өзара ғылыми, экономикалық және мәдени алмас тыруларды жүзеге асырып, осы негізде Қытай, Үнді, Парсы, Араб өркениетінің өзара тоғысуы жүзеге асырылды.

Негізгі бөлім

«Бір белдеу, бір жол» стратегиясы Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін қалыптастыру ісіне зор үлес қосты. Қазіргі кезде қытаймен қол жеткізген уағдаластықтар мен бірқатар өнеркәсіп орында- рын Қазақстанға көшіру жөніндегі ұсыныс толық қарқынмен жүзеге асырылуда. Соның нәтижесі ретінде бүгінге дейін бірлескен индустриялық нысандар құру туралы 25 келісімге қол қойылды.

Мемлекеттер арасындағы стратегиялық ынты- мақтастықты нығайтуда «Нұрлы жол» және

«Жаңа Жібек жолы» бағдарламалары жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. «Қазіргі уақытта Қазақстаннан Ресейге қарай автомобиль жолы, Иран арқылы Парсы шығанағына қарай теміржол салынды, Каспий теңізінде теңіз порты құрылды, Орталық Азияның барлық мемлекеттері Қорғас арқылы байланыстырылды.

Әлемдік экономика дағдарысты бастан өткеріп жатқан бүгінгі уақытта әлемдік қаржы институттарының инвестициялық мүмкіндіктері айтарлықтай азайды. Осындай жағдайда Қытай-

мен өзара іс-қимыл біз үшін күрделі кезеңді еңсерудің қолайлы мүмкіндігі болып саналады.

Қытаймен бірге іске асырылатын ең ірі жоба- ларда Павлодар алюминий зауытының өндіріс қуатын 150 мың тоннаға жеткізу, Маңғыстау облысында мұнай-газ жабдықтарын шығаратын зауыт пен Қостанайдан қазақстандық брендті қалыптастыратын көлік зауыты құрылысын салу қарастырылады. Ал оңтүстік өңірлерге келсек, химиялық тыңайтқыштар өндірісі дамытылады.

Осылайша, Қытай Қазақстан экономикасы мен өндірісіне 23 миллиард доллар көлемінде инвес- тиция салатын болды. «Қазақстан Темір жолы»

жобасына салынатын қаражат – 600 миллион доллар. Әсіресе, «Қорғас-Шығыс қақпа» арнайы экономикалық аймақтағы логистикалық кешен мен индустриалдық алаңға қаражат молынан салынбақ.

Қазақстан тәуелсіздік алған кезеңнен кейін 20 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы осылайша жемісті бола түспек. Бұған дейін энергетикалық және кен орындарына қатысты жобалар жүзеге асырылған болса, енді машина жасау саласына көбірек көңіл бөлінеді. Елбасы қатысқан кезде- сулерге қытайлық ірі компаниялар – Sinopec, CNPC, Huawei, Citic т.б. өкілдері атсалысты.

Бұл Қазақстанға инвестиция салуға Қытайдың қаншалықты мүдделі екендігін аңғартатыны анық. Қытайлардың ең ірі энергетикалық ком- паниясы – CNPC биылдан бастап Қазақстан Президенті жанынан құрылған Шетелдік ин- весторлар кеңесінің құрамына қабылданатын болды. Сонымен қатар аталған кәсіпорын Қазақ- стандағы мұнай-газ индустриясы үшін қажетті құбырларды шығаратын зауыт құрылысына 150 миллион доллар бөледі.

Бүгінде Қытай – Қазақстанның Ресейден кейін екінші ірі сауда серіктесі. Былтыр екі ел арасындағы сауда айналымы 17 миллиард дол- лардан асқан. Ең бастысы, қытайлармен ара дағы сауда-экономикалық байланысты нығайту және ауқымын кеңейту экономикалық дағдарыстар салдарынан туындаған түйткіл дерді оңтайлы шешуге сеп болмақ. «Қазір әлемдік эконо- мика дағдарысқа тап болып, халықаралық қаржы лық құрылымдардың инвестициялық мүмкіндіктері айтарлықтай азайды. Осы себепті, Қытаймен байланыс аса қиын кезеңнен сүрінбей өтуімізге көмектеседі. Ал негізгі шаруа 2016- 2017 жылдардың үле сінде. Отандық өндірісті қарқынды дамытып, ел экономикасына ерек- ше серпін беретін жобалар 2018-2019 жылда- ры мәресіне жеткізілмек. Осының арқасында

(3)

ондаған мың жаңа жұмыс орындары салынады.

Сонымен қатар жоғары технологиялар саласын- да да серіктестік орнатылады. Әсіресе, жоғары оқу орындарында және өндірісте заманауи тех- ника мен технологияны қолданысқа енгізумен қатар, соларды жасау ісі де қолға алынбақ [1].

Қазақстан мен Қытай Азия мен әлемге жаңа мүмкіндіктер мен ынтымақтастыққа кеңістік, соның ішінде ең алдымен, Жібек жолы экономикалық белдеуі және Теңіз Жібек жолы ауқымында ынтымақтастық үшін кеңістік беру үшін бірлескен күш-жігерін жұмсайтын бола- ды. Бұл жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы саяси өзара іс-қимылды тереңдету, сауда- экономикалық ынтымақтастықты дамыту, парламентаралық байланысты нығайту, мәдени қатынасты күшейту, сондай-ақ күн тәртібіндегі халықаралық және аймақтық деңгейдегі маңызды мәселелерді шешуде маңыздылығы жоғары. Сонымен қатар Қазақстан мен Қытай басшыларының салиқалы саясатының арқасында жыл сайын нығайып келе жатқан достық, әріптестік, тату көршілік қарым-қатынасты нығайтады.

Қытаймен әрекеттесу Ұлы Жібек жолын жаңғырту бағытында жүзеге асу арқылы Қазақ- станды транзиттік мемлекетке айналдыруға мүмкіндік береді.

Жібек жолы экономикалық белдеуі – бұл ондаған мемлекеттерді экономикалық дамуға біріктіретін жаһандық бастамалардың бірі болып, Ұлы Жібек жолының бастауында орналасқан Қазақстан, ең іскерлік, транзитті және логистикалық хабтардың біріне айналып, Еуропа мен Азияның арасындағы көпір болмақ.

БҰҰ жарғысында көрсетілген негізгі мақ- саттар мен қағидаларын қатаң сақтайды. Бейбіт қатар өмір сүрудің бес қағидасын ұста нады, яғни ол дегеніміз әр мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеу, бір-біріне ша- буыл жасамау, ішкі істерге араласпау, бейбіт қатар өмір сүру, теңдік пен өзара тиімділік.

Ашық ынтымақтастықта табанды болу. «Бір белдеу, бір жол» жобасының көлемі тек ежелгі Жібек жолы бойына орналасқан елдермен ғана шектелмейді, өзге де елдер мен халықаралық, аймақтық ұйымдар да бұл жобаға қатысып, бірлікте құрудың жетістіктерін тіпті де кең көлемді жалпыластыруға толығымен құқылы.

Үйлесімділік пен қамқорлық қағидасына та- банды болу. Өзге өркениетке түсіністік танытып, әр елдің таңдаған даму жолы мен үлгісін сый- лап, түрлі мәдениеттер ара диалогты күшейтіп, ұқсастықтарын тауып, өзгешеліктерді сақтап

қалу, бейбіт қатар өмір сүріп, бірлесе гүлденуге қол жеткізу керек.

Нарықтық операцияларды жүргізу. Нарық заңдары мен көпшілік мақұлдаған халықаралық ережелерді ұстану арқылы, нарықтың қорды бөлісудегі шешуші қызметі мен түрлі өндірістегі басты рөлін толыққанды жүзеге асырып, соны- мен қатар үкіметтің маңызын аша түсу керек.

Өзара тиімділік және бірлікте жетістікке жетуге табанды болу. Әр жақтың мүдделері мен пайдасын естен шығармай, мүдде мен ынтымақтастықтың ортақ түйіскен нүктесін іздестіру, екі жақтың да ойы мен ынтасын жүзеге асыру жолында басшылардың барлығы қолынан келгенін жасап, әр жақтың артықшылықтары мен мүмкіндіктерін толық ашады.

«Бір белдеу, бір жол» жобасы бірлікте да- муды жүзеге асырып, өзара тиімді серіктестікті нағайту жолы, көпжақты қатынас аясында өзара сенімділікті, бейбітшілік пен достық байланысын күшейтетін жол. Қытай үкіметі, бейбітшілік және ынтымақтастық, ашықтық пен қамқорлық, өзара үйрену және өзара толықтыру, өзара тиімділік және бірлікте табысқа жету идеясын берік ұстанады, көпжақты қызметтік ынтымақтастықты дамыту, саяси өзара сенім- ділікке қол жеткізу, экономикалық біріккен, мәдениеті тоғысқан, тағдыры мен міндеті ортақ топ құру бастамасын ұсынып отыр.

«Бір белдеу, бір жол» жобасы Азия, Еуропа, Африка континенттеріне тарады, бір жағынан жанданған Шығыс Азия экономикалық шеңбері болса, екінші жағынан дамыған Еуропалық экономикалық шеңбер, ал ортасында, ішкі алып территорияның ұлттық экономикалық дамуының зор әлеуеті жатыр. Жібек жолының экономикалық белбеуі еш кедергісіз Қытайдан басталып, Орталық Азия, Ресейден өтіп, Еуро- па континентіне (Балтық теңізі) дейін жетеді;

Қытайдан Орталық Азия, Батыс Азияны кесіп, Парсы шығанағы, Жерорта теңізіне дейін жетеді; Қытайдан Оңтүстік – Шығыс Азия, Оңтүстік Азия, Үнді мұхитына дейін барады. 21 ғасыр теңіз Жібек жолының басты бағыттары – Қытайдың теңіз бойы айлақтарынан бастау алып, Оңтүстік теңізінен өтіп, Үнді мұхитынан ары қарай Еуропа құрлығына дейін жайыла- ды; Қытайдың теңіз бойы айлақтарынан бастау алып Оңтүстік теңізінен өтіп Тынық мұхитының оңтүстік бөлігіне дейін жетеді [2].

«Бір белдеу, бір жол» жобасы бағытына сәйкес, құрлықта – халықаралық транзит жолда рына, белдеу бойындағы елдердің орта- лық қалаларына арқау етіп, басты сауда-эко-

(4)

но микалық индустриалды парктерді серік тес- тіктің тұғырнамасы етіп, жаңа Еуразия лық континенталдық көпірін, Қытай-Моңғолия- Ресей, Қытай-Орталық Азия-Батыс Азия, Қытай- Үнді қы тай және т.б. халықаралық экономи- калық ынты мақтастық дәліздерін бірлесіп құру;

теңізде – басты айлақтарды қиылысу нүктесі етіп, бірлесіп қауіпсіз жоғары өтімділігі бар тиімді тасымал жолын салу. Қытай-Пәкістан, Бангладеш-Қытай-Үндістан-Бирма екі экономи- калық дәліздер «Бір белдеу, бір жол» жобасын жүзеге асыру бастамасымен тығыз байланы- сты, ынтымақтастық одан ары дамытып, үлкен жетістіктерге жетпекші.

«Бір белдеу, бір жол» жобасы белдеу бойындағы елдерге ауқымды экономикалық ынтымақтастықтың жарқын болашағы болып та- былады. Қатысушы елдер қол ұстаса құлшынуы, өзара тиімділікті басты назарға ала отырып, ортақ қауіпсіздік мақсатына жету жолында күресуі қажет. Аймақтық инфрақұрылым ны- сандарын жетілдіруді қарқынды жүзеге асыру, қауіпсіз де тиімділігі жоғары құрлық, теңіз және әуе жол тармақтарының қалыптастыру жолын- да күш салуы керек, сонда ғана, өзара байланыс пен тұтастық жаңа деңгейге көтерілетін болады;

сау да инвестицияны жеңілдету деңгейін көтеріп, жоғары өлшемді еркін сауда аймағының негізі салынып, экономикалық байланыс нығайып, саяси тұрғыдағы өзара сенімділік одан бетер тереңдейтын болады; мәдени ынтымақтастық аясы кеңейіп, түрлі өркениеттің өзара бірін-бірі толықтырып, бірлікте гүлденіп, елдер халқы бірін-бірі тани бастап, бейбіт қарым-қатынас ор- нататын болады.

«Бір белдеу, бір жол» стратегиясының ын- ты мақтастық басымдықтары. Белдеу бойын- да орналасқан елдердің табиғи қоры әр алуан, экономикасы өзара толасымды, өзара ынты- мақтастық мүмкіншіліктері мен кеңістігі кең.

Саяси байланыс, инфрақұрылымдық байла- ныс, еркін сауда, қаржыландыру, халықтар өзара тату қарым-қатынас сынды мәселелер басты тақырып ретінде қарастырылған, ендігі басты мәселе төменде көрсетілген бағыттарда ынтымақтастықты нығайту болып табылады.

Саяси байланысты күшейту «Бір белдеу, бір жол» жобасын жүзеге асырудың басты кепілі.

Үкіметаралық ынтымақтастықты нығайтып, көп деңгейлі үкіметаралық макросаяси байланыс механизмін белсенді қалыптастырып, мүдделік тоғысуларды тереңдетіп, саяси тұрғыдан өзара сенімділікті дамытып, ынтымақтастықтың жаңа танымына қол жеткізу керек. Белдеу бой-

ында орналасқан елдер экономикалық даму стратегиясы мен жауапты шаралар қолдану бағыттарын сәйкестендіру арқылы, аймақаралық ынтымақтастықты дамыту жоспары мен шарала- рын бірлікте жүзеге асырып, ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді келіссөздер жүргізу арқылы шешіп, нақты ынтымақтастық пен ауқымды жобаларды жүзеге асыру жұмыстарына саяси тұрғыдан қолдау көрсету керек [3].

Инфрақұрылымдық байланыс. Инфрақұ ры- лым объектілерінің өзара байланысы «Бір белдеу, бір жол» жобасының басты жүзеге асу аясы бо- лып табылады. Мемлекет егемендігін құрметтеу мен қауіпсіздікті сақтау негізінде белдеу бой- ында орналасқан елдер инфрақұрылымдық объектілердің құрылысын жоспарлауды, технологиялық стандарттар жүйесінің байла- нысуын күшейтіп, халық аралық тасымал жол- дар қаңқасын бірлікте құрастыру жұмыстарын жүргізіп, біртіндеп Азия аймақтары және де Еу- разия мен Африка арасындағы инфрақұрылым объектілері желісін біріктіруді жүзеге асыру керек. Инфрақұрылым объектілерін жасау ба- рысында көміртегі мөлшерін төмендетіп эко- логияны тазарту және шаруашылық қызметті басқаруды күшейту, жобаны жүзеге асыру ба- рысында климаттық өзгерістерге ықпал ететін жағдайларды толық қарастыру талап етіледі.

Көлік жолдары инфрақұрылым нысанының негізгі транзиттік жолдарын, басты тармақтары мен жобаларын қолға алып, ең бастысы жетіс- пейтін жол бөліктерін жалғап, жолдардың тар бөліктерін кеңейтіп, кешенді тәсілдер қолдану арқылы жол қозғалысы қауіпсіздігі амалда- ры мен көлік легін басқаратын құрылғыларды жетілдіріп, жолдың қатынау деңгейін жоға- ры лату қажет. Бүкіл жүк тасымалын бірың- ғай үйлестіру механизмін жетілдіру, халық- ара лық кедендік рәсімдеу, жүкті қайта тиеу, ин тер модальдық органикалық сілтемесі, бір- тіндеп стандартты көлік регламенттерін қа- лып тастыру, халықаралық жүк тасымалын оңтай ландыруды жүзеге асыру қажет. Порт инфрақұрылымын дамыту, құрлықтық және теңіз біріккен тасымал жолдарын іске қосу, порттар ынтымақтастық құрылысын дамыту, Теңіз бағыттар мен жұмыс кестелерін көбейту, теңіз логистика ақпарат әріптестікті күшейту керек. Ұлттық авиация кешенді ынтымақтастық тетіктері мен құрылымдарын кеңейтіп, авиация инфрақұрылымы деңгейін жоғарылатуды тезде- ту керек.

Энергетикалық инфрақұрылымды бір-біріне тұтастыруға бағытталған ынтымақтастықты

(5)

күшейту, мұнай, газ құбыры, және т.б. тасы- мал жолдарының қауіпсіздігін бірлесіп қорғау, трансшекаралы электр қуаты мен электр қуатын тасымалдау жолын салуды қолға алып, аймақтық электр желілерін жаңарту жолындағы ынтымақтастықты барынша дамыту қажет [4].

Трансшекаралық оптикалық-талшықты ка- бель және т.б. магистралды байланыс жол торап- тарын салуды ортақ жүзеге асыру, халықаралық байланыстағы өзара қол жетімділік деңгейін көтеру, Жібек жолын еркін ақпараттандыру. Екі жақты трансшекаралық оптикалық-талшықты кабель және т.б. салу жұмыстарын тездету, құрылықаралық су асты кабелін салу жоба- сын жоспарлау, әуе ақпарат жолдарын (жа- санды серік) жақсартып, ақпарат алмасу мен ынтымақтастық аясын кеңейту.

Еркін сауда. Сауда мен инвестиция ынты- мақтастығы «Бір белдеу, бір жол» жобасының басты мазмұны. Сауда мен инвестицияның да- муы мәселесін шешу үшін жан-жақты зерттеу- лер жүргізілу қажет, инвестиция мен сауда шектеулерінен толық арылып, аймақ ішінде және әр елде қолайлы кәсіби ортаның негізін қалап, белдеу бойында орналасқан елдермен бірлесе ауқымды еркін сауда аймағын құрып, ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашып, ынтымақтастықтың «тортын» әрі үлкен әрі сапа- лы етіп дайындау қажет.

Белдеу бойындағы елдердің ақпарат алмасу, нормативтік өзара мойындау, Құқығын қорғау және өзара көмектесу негізіндегі кедендік ынтымақтастығын, сондай-ақ, инспекция және карантин, сертификаттау және аккредиттеу, стандарттар және метрология, статистика, және т.б. жөніндегі екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты күшейту. ДСҰ «Сауда про- цедураларын жеңілдету туралы келісімнің»

күшіне ие болу мен атқарылуын жеделде- ту керек. Кедендік рәсімдеу нысандарының жағдайын оңалтып, кедендік ресімдеуде «Бір те- резе» саясатын тездетіп жүзеге асырып, ресімдеу шығындарын азайтып, әлеуетін арттыру қажет.

Жеткізу тізбегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жеңілдету әріптестігін күшейтіп, «Уәкілетті кәсіпкерлерді» өзара таныстыру қажет. Кедендік тарифке жатпайтын кедергілерді (Non-tariff barrier) төмендетіп, техникалық сипаттағы сауда амалдарының ашықтық деңгейін жоғарылатып, сауданы ырықтандыру мен жеңілдету деңгейін көтеру керек [5].

Сауда жасау аясын кеңейтіп, сауда құ ры- лымын жақсартып, сауда көлемін ұлғайтудың жаңа факторларын іздестіріп, үйлесімді түрде

дамыту. Трансшекаралық электрондық коммер- цияны дамыту сынды сауданың инновациялық тәсілдерін жасау. Қызмет көрсету бизнесін да- мыту жүйесін құру және жетілдіру, дәстүрлі сауданы бекемдеу және кеңейту, заманауи сау- даны қарқынды дамыту қажет. Инвестиция мен сауданы толыққанды біріктіру, инвестицияны сауданы дамытудың қозғаушы күші ретінде пай- далану керек.

Инвестицияға қолдау көрсету үрдісін жыл- дамдату арқылы, сауда кедергілерін жою қажет.

Екіжақты инвестицияны қорғау келісімшартын күшейтіп, қосарланған салық салуды болдырмау келісімшартын талқылап, салымшының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау керек.

Сәйкесті инвестицияның аясын кеңітіп, Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, мал шаруашылығы және балық шаруашылығы, Ауыл шаруашылығы жабдықтарын және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу сала- ларындағы ынтымақтастықты дамытып, теңіз өнімдерін өсіру, шалғай теңіз балық шаруа- шылығы, су өнімдерін қайта өңдеу, теңіз суын тұщыту, Теңіз био фармацевтикасы, теңіз құрылыс технологиясы, қоршаған ортаны қорғау мен теңіз туризм салаларындағы әріп- тестікті белсенді дамыту керек. Көмір, мұнай және газ, металл кендері сынды дәстүрлі энер- гия ресурстарын барлау және игеру саласындағы ынтымақтастықты арттыру, ГЭС, ядролық энер- ге тика, жел, күн энергиясы сынды экологиялық таза, жаңартылатын энергия сала сындағы ынтымақтастықты дамыту, энергия және ресур- старды жергілікті орында өндіру және өңдеу саласындағы ынтымақтастықты тереңдету, энергетика және ресурстар ынтымақтастығының жоғары және төмен салалық тізбекті интеграция- сын қалыптастыру. Энергия ресурстарын қайта өңдеу технологиясын жақсарту, жабдық және инжинирингтік қызметтер ынтымақтастығын күшейту керек.

Өнеркәсіптің жаңа салаларында ынты- мақтастықты дамытып, артықшылықтарын өзара толықтырып, өзара тиімді және жетістікке бірлесе жету қағидалары бойынша, белдеу бойындағы елдерде жаңа буын ақпараттық тех- нологиялар, биология, жаңа энергетика, жаңа ма- териалдар сынды жаңа өнеркәсіптер аясындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетіп, кәсіп ашу және инвестициялық ынтымақтастық механизмін құру керек.

Өнеркәсіптік тізбек бөлімшесі орналасуын оңтайландыру, жоғары және төмен өнер кәсіп тізбегі мен байланысты салаларды бірлесіп

(6)

дамытуды ілгерілетіп, ғылыми-зерт теу және тәжірибелік-конструкторлық, өндіріс және маркетинг жүйелерін құруға қолдау көрсетіп, аймақтық өнеркәсіпті қолдау әлеуетін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру керек. Өзара ашық қызмет көрсету салаларының көле- мін кеңейтіп, аймақтық қызмет көрсету сала- ларының қарқынды дамуын жүзеге асыру.

Инвес тициялық әріптестіктің жаңа үлгілерін зерттеп, сыртқы сауда-экономикалық ынтымақ- тастық аймақтары мен трансшекаралық эко- номикалық ынтымақтастық аймағы сынды түрлі индустриялық парктерді құруға қолдау көрсетіп, индустриялық кластерлерді дамыту ісін жедел- дету керек. Инвестиция және сауда саласында экологиялық өркениет тұжырымдамасын тіпті де көрнекілендіріп, экологиялық орта, био- алуантүрлілік пен Климаттың өзгеруіне қарсы тұру жақтарындағы ынтымақтастықты күшейтіп, Жасыл Жібек жолын бірлесе құру көзделген.

Қытай шетелдік кәсіпорындардың Қытайға инвестиция салуын қос қолдап құптайды. Ел ішіндегі кәсіпорындардың да белдеу бойындағы елдердің инфрақұрылым және индустриялық, инвестициялық жобаларға қатысуына қолдау көрсетеді. Аумақтық басқару принципі бойынша кәсіпорындарды басқаруды дамытып, жергілікті экономиканың дамуына қолдау көрсетіп, жұмыспен қамтуды, халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту, әлеуметтік жауапкершілікті саналы түрде арқалау, биоәртүрлілік пен экологиялық ортаны барынша қорғау қажет [6].

Қаржыны тоғыстыру «Бір белдеу, бір жол»

жобасын жүзеге асырудың басты тірегі. Қаржы саласындағы ынтымақтастықты тереңдету, Азияның валютаны тұрақтандыру жүйесін да- мытып, қаржылық инвестиция жүйесі мен не- сие жүйесін құру керек. Қатысушы елдердің екіжақты ұлттық валюта айырбасын, есеп-қисап теңгерімінің деңгейі мен көлемін арттыру.

Азияның облигациялар нарығының ашықтығы мен дамуына үлес қосу. Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкін, БРИКС елдер тобының даму банкін, және т.б. салуды берлесе ілгерілету, мүдделі елдердің ШЫҰ маңында қаржы инс- титуттарын дамыту кеңесін құру. Жібек жолы қорын құру жұмыстарын тездету. Бірлестірілген кредит, банктік кредит желісі, және т.б. амалдар арқылы көпжақты қаржылық қатынасты дамыту үшін, Қытай – АСЕАН банктері ассоциациясы- мен, ШЫҰ банктері ассоциациясымен нақты іскерлік ынтымақтастықты тереңдету. Бел- деу бойындағы елдердің үкіметі мен кредиттік рейтингі біршама жоғары кәсіпорындар,

және де қаржылық мекемелердің Қытай тер- риториясында қытайлық юань облигация- сын таратуына қолдау көрсету керек. Қытай территориясындағы талапқа сай қаржылық ме- кемелер мен кәсіпорындар елден тыс аймақтарда қытайлық юань мен шетелдік валюта облигация- ларын шығарып, белдеу бойында орналасқан ел- дерде таратқан облигацияларын қолдануына дем беру керек.

Қаржылық бақылау саласындағы ынты- мақтастықты нығайту, екіжақты өзара түсіністік меморандумына қол қоюға септігін тигізіп, біртіндеп аймақта аса тиімді басқарудың үйлес- тіруші механизмін құрады. Қауіп-қатерге төтеп беру және дағдарысты реттеудің институцио- налды тетіктерін жақсартып, аймақтық қаржы дағдарысын алдын ала ескерту жүйесінің негізін салып, трансшекаралық қауіпке төтеп беру мен дағдарысты реттеудегі өзара серіктестік механизмін қалыптастыру. Кредит басқармасы, кредит мекемесі мен рейтингілік агенттілік арасындағы трансшекаралық байланыс пен ынтымақтастықты күшейту. Жібек жолы қоры мен әр елдің тәуелсіз қорларының рөлдерін толық жүзеге асырып, акционерлік инвестициялық қорлар мен әлеуметтік қорларды бірлесіп «Бір белдеу, бір жол» жобасының негізгі жобаларын жүзеге асыруға қатысуға бағыттау.

Қорытынды

Халықтар байланысы «Бір белдеу, бір жол»

жобасының ұлттық негізі. Жібек жолы бойында- ғы достық ынтымақтастық рухын сақтап, оны ары қарай жалғастыру, мәдени, ғылыми байланысты, білікті мамандармен алмасу ынтымақтастығын, бұқаралық ақпарат құралдарының бірлесе жұмыс атқаруын, жастар мен әйелдер өзара байланы- сын, еріктілер қызметі және т.б. ынтымақтастық аясын кеңейтіп, көпжақты ынтымақтастықты тереңдету мақсатында қоғамдық пікірдің мықты іргетасын қалау [7].

Студенттерді алмасып оқыту көлемін кеңейту, білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қытай жыл сайын белдеу бойындағы елдерге 10 мың орын мемлекеттік шәкіртақы тағайындайды. Белдеу бойындағы елдер ара мәдениет жылы, өнер фестивалі, ки- нофестиваль, теледидар апталығы, кітап көрмесі және т.б. іс-шаралар ұйымдастырады. Радио, телевидения саласындағы үздік туындылар- ды көптеп аударып тарату және құнды мәдени жәдігерлерді әлемдік деңгейге көтеруге бірігіп ұсыныс беріп, бірлесе қорғау үдерісін дамытады.

(7)

Белдеу бойындағы мемлекеттер ара білікті ма- мандармен алмасу ынтымақтастығын күшейту керек.

Туризм саласындағы ынтымақтастықты күшей тіп, туристік аумақты кеңейтіп, туризмді дамыту апталығы, туризмді насихаттау айы сынды іс-шараларды ұйымдастырып, Жібек жолы ерекшелігіне ие халықаралық танымал турлар мен туризм өнімдерін бірлесе жасап, бел- деу бойындағы елдерде туристік виза мәселесін жеңілдету керек. XXI ғасыр теңіз Жібек жолы круиздік кеме туризмі ынтымақтастығын да- мыту. Спорт саласындағы әріптестік шаралар- ды көптеп ұйымдастырып, белдеу бойындағы елдердің Ірі халықаралық спорттық іс-шаралар өткізуге мүмкіндік алуына колдау көрсететін болады.

Көрші елдер арасында жұқпалы аурулар туралы ақпарат алмасу, алдын алу және ем- деу технологиясымен алмасу, мамандарды тәрбиелеу тараптарындағы ынтымақтастықты күшейтіп, қоғамдық денсаулық сақтау төтенше жағдайларды ынтымақтаса отырып шешу әлеуетін арттыру керек. Медициналық көмек пен төтенше медициналық көмекке мұхтаж ел- дерге көмек көрсетіп, ана мен бала денсаулығы, мүгедектерді оңалту, сондай-ақ, ЖҚТБ, Тубер- кулез, безгек сынды басты жұқпалы аурулар саласындағы прагматикалық ынтымақтастықты күшейтіп, дәстүрлі медицина саласындағы ынтымақтастықты кеңінен қанат жайдыру керек.

Ғылым және технология ынтымақтастықты күшейтіп, бірлескен зертханалар (зерттеу орта- лықтары), халықаралық технологиялар транс- ферті орталығы, теңіз ынтымақтастық орталық- тарын құрып, ғылыми-техникалық кадрлар алмасуды дамытып, ірі ғылыми және техникалық мәселелерді шешу жұмыстарын бірлесе өріс- тетіп, бірлесіп ғылыми-технологиялық иннова- ция лық қабілетін арттыру қажет.

Қолданыстағы ресурстарды реттеу, бел- деу бойындағы елдерде жастарды жұмыспен

қамту, кәсіпкерлікке баулу, кәсіби дағдыларын дамыту, әлеуметтік қауіпсіздік басқару қызмет- тері, Мемлекеттік басқару, және т.б. сынды ортақ қызығушылық тудыратын салаларда прагматикалық ынтымақтастықты қарқынды да- мыту керек.

Саяси партиялар мен парламенттік бай- ланыстардың көпірлік рөлін толығымен сәуле- лендіріп, белдеу бойындағы елдер арасындағы заң шығарушы мекемелер, негізгі партиялар мен саяси ұйымдар арасындағы достық бай- ланысты күшейту қажет. Қалалар арасындағы ынтымақтастықты өріс алдырып, белдеу бойындағы басты қалалар арасындағы достық қатынас орнатуға қолдау көрсетіп, адамзаттық мәдени байланысты негіз еткен, төтенше прагма тикалық ынтымақтастық арқылы ынты- мақтастықтың одан да көп жарқын мысал- дарын қалыптастыру мақсат етіледі. Белдеу бойындағы елдер арасында бірлескен зияткерлік зерттеулер мен ынтымақтастық форумдарын ұйымдастыруды құптайды[8].

Белдеу бойындағы елдерде қоғамдық ұйым- дар арасындағы алмасу мен ынтымақтастықты күшейтіп, негізгі сатыдағы бұқараға басты назар аударып, медициналық білім беру, кедейлікті жою, биоәртүрлілік пен экологиялық орта- ны қорғау салаларында түрлі қайырымдылық іс-шараларын көптеп ұйымдастырып, бел- деу бойындағы елдердегі кедей аймақтардағы тұрмыс деңгейінің көтерілуіне септігін тигізу қажет. Мәдениет бұқаралық ақпарат құрал- дарында халықаралық алмасулар және ынты- мақтастықты нығайту, интернеттік платфор- маларды белсенді пайдалану, жаңа медиа құралдарын қолдану, Үйлесімді және берекелі мәдени экология және жарасымды қоршаған орта жаратуға күш салу керек.

Научный проект МОН РК: Распространение опыта модернизации независимого Казахстана в странах зарубежного Востока: лингвокульту- рологические и переводческие аспекты».

Әдебиеттер

哈力别克.哈山. 浅义丝绸之路经济带及其中重要意义. 新疆社会科学. 2014年03期.1页.

Қытай және Орта Азия елдерi Жiбек жолы экономикалық белдеуiн құрудың жобасы жөнiнде ой тоғыстырды / Қытай тілінен ауд. М. Сағданқызы // Көршi. – 2014. – № 1. – 22-28 бб.

Амалбек Б. «Жаңа Жiбек жолы» – ұлы жоба // Егемен Қазақстан. – 2014. – 30 тамыз, № 169. – 5 б.

Айтжанова А. Қазақ-Қытай қарым-қатынасының өркендеуiне тың серпiн берген – жаңа Жiбек жолы // Фараби әлемi:

тезисы междунар. науч. конф. студентов и молодых ученых (13-16 апреля 2015 г.). – Алматы, 2015. – 5-6 б.

Ұлы Жiбек жолының тарихы // Шәлекенов У.Х. Ғылыми еңбектер: Үш томдық. – Алматы, 2014. – 1-т.

Мандхай Э. Ұлы Жiбек жолының тарихи-географиялық маңызы // Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы.

Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы. – 2007. – №1. – 43-46 бб.

(8)

Сәнiк З. Дала Жiбек жолы: Жiбек жолы мәдениетiнiң iшкi Қытайға, қазақ халқына ықпалы / Арабша төте жазудан ауд.

Н. Қазыбекұлы // Жалын. – 2004. – № 7. – 43-46 бб.

Қанахина С.Т. Ұлы Жiбек жолы – қазақ халқының рухани байлығының түп тамыры // Кiтапханатану. Библиография.

Кiтаптану: Мақалалар жинағы. – Алматы, 2008. – 19 шығарылым. – 45-53 бб.

Әуезов М. Ұлы Жiбек жолының мәдени дәстүрлерiнiң жаңғыруы // Дипломатия жаршысы = Дипломатический курьер.

– 2005. – № 4. – 78-79 бб.

References

哈力别克.哈山. 浅义丝绸之路经济带及其中重要意义. 新疆社会科学. 2014年03期.1页.

Kitay jane Orta Azya elderi Jibek joly ekonomikalik Jibek joli ekonomikalik beldeuin kurudin jobasi joninde oi togistirdi / Kitay tilinen aud. М. Sagdankyzy // Korshi Көршi. – 2014. – № 1. – 22-28 bb.

Amalbek B .»Jana Jibek Joly» – uli joba // Egemen Kazakhstan. – 2014. – 30 tamiz, № 169). – 5 b.

Aytjanova A.Kazak-Kitay karim-katinasynyn orkendeuine tyn serpin bergen – jana Jibek joly// Farabi alemi: tezisi medunar.

nauch.konf. studentov I molodih uchenih (13-16 aprelya 2015 г.). – Аlmaty, 2015. – 5-6 b.

Uli Jibek jolynin tarihi// Shalekenov U.Kh.Gilimy enbekter: Ush tomdik.- Almaty, 2014.- 1-t.

Mandhay E. Uli Jibek jolynin tarihi-geagraphyalik manyzy // Abay atindagi KazUPU – din Habarshi. Jaratilistanu-geography gylymdary seryasi. – 2007. – №1. – 43-46 bb.

Sanik Z. Dala Jibek joly: Jibek joly madenyetinin ishki Kitayga, kazak halkina ikpali / Arapsha tote jazudan aud. N.Kazybekulu // Jalyn. – 2004. – № 7. – 43-46 bb.

Kanahina S.Т. Uli Jibek joly- kazak halkynyn ruhani bayliginin tup tamiri// Kitaphanatanu. Bibliographya. Kitaptanu: Makala- lar jinagi.- Аlmaty, 2008.- 19 shygarylim. – 45-53 bb.

Auezov М. Uli Jibek jolynyn madeni dasturlerinin jangirui // Diplomatya jarshisi = Diplomaticheskii kurer. – 2005. – N 4. – 78-79 bb.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Key words: «One Belt, One Road» initiative, globalization, regionalization, development of trade relations in Eurasia, international transport corridors, integration

Аталмыш мақаланың мақсаты - Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) және Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) даму тенденцияларын анықтау, өзара

and harmony among people’s interactions [11]. These are entitled ‘The Five Ways of Connectivity’. The economic cooperation and interrelationship arising from the plans of the

Орталық Азия елдеріндегі реформалар және Жібек жолы моделінің Қазақстанның экономикалық және рухани-мәдени дамуына ықпалы, Қытай үшін қолайлы геосаяси

of Historical Sci., Prof., L.N.Gumilyov ENU, Nur-Sultan, Kazakhstan (international relations) Оl’ga Аvdeeva Doctor of Political Sci., Assoc.Prof., Loyola University, Chicago,

На системной основе проводятся совместные мероприятия оперативной и боевой подготовки сил и средств системы коллективной безопасности: оперативные

Среди решений на XIX съезде КПК 2017 года, на котором руководство КНР определило основные приоритеты развития страны на ближайшие годы, и было принято включение в

Әлемдік БАҚ-на шолу жасау барысында ақпарат құралдары ұлттық және үкіметтік мүдделерден бұрын қарапайым халыққа қызмет ету миссиясын ең алдыңғы орынға