• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Study of the history of the Jochi Ulus in the period of independent Kazakhstan

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Study of the history of the Jochi Ulus in the period of independent Kazakhstan"

Copied!
16
0
0

Толық мәтін

(1)

Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі Жошы Ұлысы тарихының зерттелуі

Айсауле С. Шакиева

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Корреспонденция үшін автор E-mail: aisaule_10@mail.ru https://orcid.org/0000-0001-9598-1486 DOI: 10.32523/2616-7255-2022-138-1-126-141

Аңдатпа. Мақалада Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы өзекті мәселелердің бірі ортағасы- рларда еліміз территориясында өмір сүрген мемлекеттердің бірі Жошы Ұлысы тарихы- на байланысты еңбектерге тарихнамалық зерттеу жасалынған. Оның ішінде, басты мәселе ретінде Кеңес мемлекеті құлағаннан кейін қазақтың зерттеушілері тақырыпқа қатысты еңбектеріндегі тұжырымдамалық өзгерістер мен жаңа көзқарастарға баса мән берілген. Автор ғылыми еңбектерді талдай келе, тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ та- рихнамасын екі кезеңге бөліп, пікірлердің өзгеру динамикасы мен жаңа деректер мен ойлардың пайда болу эволюциясын көрсетеді. Аталмыш тақырыптың академиялық ортада талқыланып, кейін мемлекеттік дәрежеге көтерілуіне дейінгі талдай келе, жан- жақты сараптама жасады. Назар аударатын жағдай, тарихшылар зерттеулеріндегі Жошы Ұлысы тарихындағы өзекті тұстарын, кейінгі ғасырларда қалыптасқан Қазақ хандығымен байланыстырады. Мақаланың негізгі дерек көздері осы кезеңде жарияланған еңбектер мен мақалалар болып табылады. Автор Жошы Ұлысы тарихын зерттеудегі бірегей парадигманы соңғы отыз жылдағы отандық зерттеушілердің еңбектерінен ізде- стіріп, қазіргі кездегі тақырыпты зерттеудің барысы мен дәрежесі айқындауға ұмты- лады.

Жұмыста Жошы Ұлысы тарихына қатысты жаңа теориялық идеялардың топтама- сы қазақтың зерттеушілерінің еңбектерін талдау арқылы суреттеледі. Оның ішін- де, қазіргі ортағасыр тарихының зерттеу нысанындағы маңызды өзгерістерді қажет ететін тұстары, соның ішінде жаңа «Жошы Ұлысы» тұжырымдамасының қалыпта- суы көрсетіледі. Автор мақаланы жазу барысында «Қазақстан Алтын Орданың (Жошы Ұлысының) мұрагері» деген жаңа тұжырымдаманың қазақстандық ғалымдардың қол- дап, жаңа бір деңгейге көтерілу үдерісі белгілі бір дәрежеге мемлекеттер сабақтастығын уағыздауда зор серпін берді деп қорытынды жасайды.

Түйін сөздер: Жошы Ұлысы; тарих; отандық тарихнама; Тәуелсіз Қазақстан; қазақ хандығы; көптомдық.

1. Кіріспе.

Қазақстан тарихында Алтын Орда тарихының зерттелуі тарихи тұрғыда кең ауқымды маңызды мәселелердің бірі болып қала береді. Моңғолдар мен түркілердің Шығыс Еуропа елдерінің саяси, әлеуметтік және мәдени дамуына қатысты баға беруі ұзақ жылдар бойы тарихи тартысты мәселелердің біріне айналды. Осы тұста Жошы Ұлысы

тарихын зерттеуде келесі саяси мәселелерге назар аударылды: мемлекеттің құрылымы, басқару жүйесі, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері, құқық негіздері және көрші елдермен саяси-дипломатиялық қарым-қатынастары. Айта кету керек, XIII-XV ғғ. Алтын орданың империя ретіндегі тарихы отандық тарихнамада жан-жақты зерттеліп, жүйеленбеген. Аталған мемлекет жер көлемі бойынша ортағасырлық мемлекеттердің

(2)

ішінде ірісі болып табылады, оның иеліктері Азияда ғана емес, Еуропаға дейін созылды.

Алтын Орданың әскери-саяси күші алыс және жақын көрші мемлекеттер үшін ұзақ уақыт бойы елеулі геосаяси фактор болып есептелінді. Алайда, осы уақытқа дейін отандық тарихнамада Алтын Орданың саяси, әлеуметтік, тұрмыстық өмірінің тарихына қатысты түрлі қарама-қайшы пікірлер орын алып келді.

ХІІІ-ХV ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер туралы тұжырымдар отандық тарихнамада ерекше көңіл аударылған мәселе еді. Соңғы жылдардағы «Алтын Орда» тарихы бойынша зерттеулер бірнеше топқа бөлінеді, сондай-ақ, олар зерттеу тақырыбы бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. Мәселен, біріншісі – Алтын Орданың тарихы мен археологиясының жалпы мәселелеріне арналған еңбектер.

Екінші – Алтын Орда терминологиясына арналған ғылыми жұмыстар. Үшінші топ – Қазақ хандығының Алтын Орда тарихымен байланысын көрсетін еңбектер. Бұл аталмыш тарихи үдерістің тарихы мен деректерінің көбейіп және зерттеу ауқымдылығының кеңейіп, Отан тарихы үшін маңыздылығы артып, күннен-күнге өзекті болып келе жатқанын білдіреді.

Біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты – қазіргі отандық тарихнамада қалыптасып келе жатқан Жошы Ұлысы тарихнамасына талдап, объективті баға беру.

2. Зерттеу әдістері.

Мақала жазу барысында салыстырмалы- тарихи, хронологиялық тәсілдері қолданылды. Бірінші, салыстырмалы- тарихилық саралау қарастырылып отырған мәселені отандық тарихнамадағы ерекшелікті анықтауға, зерттеу заңдылықтарын саралауға, пікір өрісінің кеңеюіне мүмкіндік береді.

Аталған методологиялық тәсіл мақаланың маңыздылығын, қарастырылған еңбектердің мазмұнының жазылу ерекшелігін барынша дұрыс талдауға мүмкіндік береді. Екінші, хронологиялық тәсілді пайдалану арқылы Жошы Ұлысы тарихын зерттеуде кезеңдік

тарихнамалық білімді терең жинақтауға мүмкіндік туғызады. Тарихи дәуірдің өзіндік ерекшелігін ескере отырып, жаңсақ тұжырымдардан алшақ болуға жол ашады.

3. Талқылау.

Отандық тарихнамада Жошы Ұлысы тарихы туралы зерттелген көптеген еңбектер бар. Осы жылдарда тақырыпқа байланысты жаңа еңбектер де көптеп жарық көре бастады. Тәуелсіздік кезеңіндегі Жошы Ұлысы тарихнамасын екі кезеңге бөліп қарауға болады.

Бірінші кезең, 1990-2000 жылдар аралығында тарихнама. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Отан тарихының басқа өзекті мәселелерімен бірге Жошы Ұлысы тарихына деген көзқарасты өзгертуге талпыныс жасалды. Алғашқы тарихшылар легі тақырыпқа байланысты ғылыми мақалалар мен еңбектерді жариялай бастады. Сол кездегі еңбек шығарған алғашқы тарихшылардың бірі, белгілі шығыстанушы В.П. Юдин болды. Оның «Переход власти к племенным биям и неизвестной династии Тукатимуридов в Казахских степях в XIV в. (к проблеме восточных письменных источников, степной устной историографии и предыстории Казахского ханства)» [1] еңбегінің жариялануы осы тақырып бойынша отандық тарихнамаға зор серпін берді. Осы жылдарда тарихшы А.И.Исиннің «Тимур в Восточном Казахстане: план и направление похода 1389 г.»[2] атты еңбегі жарияланды. 1997 жылы М.Х. Әбусеиітова «Казахстан и Центральная Азия: политические, международные и культурные связи (XV-XVII вв.)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады [3]. Кейін М.

Әбусеиітова осы тақырыпты жалғастырып, ғылыми жұмысын «Письменные источники по истории и культуре Казахстана и Центральной Азии в ХІІІ - ХVІІІ вв» [4]

монография етіп шығарды. Ең үлкен еңбек ретінде Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының шығарған жаңа академиялық 5 томдық «Қазақстан тарихы» жинағын айтуға болады. Кітаптың

(3)

2 томында Жошы Ұлысы тарихына арналған бөлімінде құрастырушылар бұрынғы кеңестік зерттеушілердің еңбектеріне көптеп сілтеме берілгені байқалады. Бұл дегеніміз, моңғол шапқыншылығының өлкенің әлеуметтік- саяси, этникалық дамуына теріс әсер етті деген кеңестік идеологиядағы тұжырымдардың көптігіне назар аударған жөн. Айтып өтуіміз керек, бірінші кезеңде жарияланған отандық зерттеушілердің еңбектерінде кеңестік тұжырымдамадан алшақтау аз болғаны байқалады. Мәселен, «Қазақ хандығы Орда Ежен ұлысының географиялық, әулеттік жағынан мұрагері болып есептеледі.

Қазақтардың өздері көшпелі өзбектерден шыққан» деген пікірлер орын алды.

Екінші кезең, 2000-2020 жылдар. Алтын Орданың тарихына көзқарас өзгере бастады, халықтың ерекше қолдауымен және ғалымдардың жаңа тұжырымдарды ұсынуына байланысты тақырып мемлекеттік дәрежеге көтеріле алды. Мәселен, 2014 жылы 25 тамыз айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Н.Ә.Назарбаевтың Ұлытау төрінде берген сұхбатынан кейін Жошы Ұлысы тарихының мәселесі назарға ілікті. Соған орай, зерттеушілердің қатары көбейді. Оның ішінде отандық көрнекті тарихшылар А.К. Муминов, Ж.М. Тулибаева, Т.И. Султанов, К.З. Ускенбай, А.К.Кушкумбаев, Ж.М. Сабитовтер бар [5].

Бұл кезде, жарияланған зерттеушілердің еңбектері белгілі идеологиядан тәуелсіз болуға тырысты, дерек қорларының көбейді, жан-жақты және объективті баға беруге ұмтылғаны көрінеді. Қазіргі уақытта отандық тарихшылар Қазақ хандығының Жошы Ұлысымен сабақтастығы туралы тезисті еңбектерінде келесідей негіздеді:1) географиялық тұрғыдан алғанда Жошы Ұлысы аумағының 40% - дан астамы, Көк Орда және Ақ Орданың жартысы территориялық тұрғыдан қазіргі Қазақстанның аумағына кіреді; 2) этникалық ру-тайпалық тізімдегі Жошы Ұлысына кірген 92 тайпадан 20-сы қазақтар құрамында өмір сүрді, қалғандары бұрынғы басқа Дешті Қыпшақ түркі халықтарының құрамында болды. Осылайша,

Қазақстан тарихи, географиялық тұрғыдан да Жошы Ұлысы мұрагері болып есептеуге болады деп көзқарас орын ала бастады.

4. Нәтижелер

Бүгінде дереккөздердің көптігіне байланысты Алтын Орда тақырыбында зерттелген еңбектер біршама. Кеңестік кезеңде Моңғол империясының шапқыншылығының зардаптары жайлы пікірді ұстанған бір жақты көзқарастағы еңбектер де жеткілікті болды. Енді Қазақстан Республикасы ресми тәуелсіз мемлекет деп жарияланған шақтан бастап, ерте және ортағасырлардағы отандық тарихымызды баяндауға, объективті зерттеуге мүмкіндік туды. Отандық тарихнамада Алтын Орда мемлекетінің рулық тайпалық бірлестіктер мәселесі, Еуразия түркілерінің этногенез бен этникалық тарихы, моңғол дәуіріне ортақ этно-саяси тарих сияқты тақырыптар өзекті бола бастады.

Тәуелсіз Қазақстанда Алтын Орда тақырыбы тарихнамасының зерттелуі нақты түрде жолға қойыла бастады. 1990 жылдан бастап біршама зерттеушілер осы тақырыпқа белсенді түрде ғылыми жұмыстар жаза бастады. Солардың ішінде 1992 жылы жарияланған белгілі тарихшы В.П.Юдинның еңбектерін айтып кетуге болады, онда Шығыс Дешті Қыпшақ тарихының маңызды беттеріне тоқталады.

Шығыстанушы ретінде шығармаларда кездесетін тарихи деректерге назар аударып, жан-жақты, толықтай зерттеді. Ғалым моңғол дәуіріне қатысты көптеген деректерді қарастырып, келесідей тұжырымға келді:

«Кеңестік тарихнамадағы еңбектердің ішінде қазақ даласының тарихын хронологиялық бірегейлікпен жазылған жұмыстар жоқ» [1, 64 б.]. Қорыта келе, көптеген ғасырға созылған Жошы Ұлысы тарихын зерттеу барысында Шығыс Дешті Қыпшақ этносаяси тарихына қатысты эмпирикалық материалдарға жалпылама талдау жасалмады. Осы жылдары жарияланған еңбектердің қатарына В.Г. Кляшторный мен И.Т. Сұлтановтың

«Казахстан. Летопись трех тысячлетий»

жатады. Бұл кітап қазақ тарихы сақ кезеңінен

(4)

бастап, Қазақ хандығының XVIII ғасырына дейінгі тарихи оқиғалары жазылған. Еңбектің төртінші бөлімінде Алтын Орда тарихы жайлы мәліметтер кездестіруге болады.

Авторлар Батый хан билігі кезінде Еуразия даласында Алтын Орда мемлекеті қуатты мемлекетке айналды деген дерек келтірді [6]. Бұл жұмыстың мақсаты ретінде ғылыми зерттеулерде орын алынған мәселелерді қарастыра отырып, осы уақытқа дейін жинақталынған дерек қорларымен ғылыми ортаны және қазақ интеллигенциясын таныстыру болып табылады. В.Г. Кляшторный мен И.Т. Султановтың пікірінше, қазақ халқы мен Орталық Азия, Еділ және Сібір аймағының туыстас халықтары тарихына қатысты біржақты тұжырымдар әлі сақтаулы қалпында қалды. Осылайша авторлар көптеген қиындықтарға қарамастан, мақсатты түрде қазақ тарихын жазуға тырысты.

1994 жылдан бастап көптомдық «Қазақстан тарихы» жазыла бастады. Соның ішінде Алтын Орда тарихына қатысты тарихи деректер кездесетін көлемді бөлімі ретінде 1997 жылы жарияланған «Қазақстан тарихы» 2-ші томын атап кеткен жөн деп санаймыз. Көптомдықтың 2 кітабын құрастырушылардың қатарында К.М. Байпақов, М.К. Қозыбаев, Б.Е.Көмеков, К.А. Пищулина сынды белді ғалымдар болды. Кітапта XIII ғасырдың ортасынан XVIII ғасырдың басына дейінгі кейінгі орта ғасыр дәуіріндегі Қазақстан тарихы баяндалады.

Жазбаша деректер мен археологиялық ізденістер кешені негізінде Қазақ хандығының қалыптасуы мен дамуы, қазақ ұлтының қалыптасуы, этникалық аумақтың қалыптасуы, қазақ қоғамындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар мәселелері, сондай-ақ Алтын Орда тарихымен байланысы қаралды.

Шығыс Дешті Қыпшақ тарихын зерттеу үшін К.А.Пищулинаның еңбектері маңызды болып келеді. Кейбір зерттеу жұмыстарының нәтижелері 5 томдық «Қазақстан тарихы»

жинағында орын алды. К.А. Пищулина көптомдықта Ақ Орда және Көк Орда терминдарының шығу тарихы, Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісу территориясындағы Әмір Темір соғыстары, XV ғасырдың І ширегіндегі

Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісу жайлы тақырыптарды қарастырды. Ерекше назарға іліккен жұмыстардың біріне «Ақ Орданың ыдырауы» атты мақаласы болып келеді [7].

Алайда, еңбекте Алтын Орда тарихына қатысты оң көзқарасты тұжырымдардың аздығы байқалады. Тарихи деректерге сүйене отырып, авторлардың көбіне әлі де кеңестік тұжырымнан алшақтамағаны көрінеді.

Себебі, моңғол шапқыншылығына қатысты пікірлер, оның қазақ этносаясатына әсері жайлы тұжырымдардың көптігін байқауға болады. Сондай-ақ, көбіне Ақ Орда тарихына айрықша назар аударылғанына көз жеткізуге болады.

1997 жылы «За пределами Великой Степи»

атты А.Ш.Қадырбаевтың еңбегі жарияланды.

Автордың ғылыми шығармасында Алтын Орданың әскери тарихына, соның ішінде негізгі құрамы жайлы мәселелеріне көңіл бөлінді. Ол жерде түркі және моңғол тайпаларының тарихи мағынасына назар аудара отыра жазылды [8]. Қазақстанның кеңес кезіндегі академиялық тарихында Қазақ хандығы Алтын Орданың мұрагері болып табылмайтын тұжырымдама жазылған болатын. Революцияға дейінгі ресейлік тарихшылардың көпшілігі Қазақ хандығы көптеген өлшемдер бойынша Алтын Орданың

«құқықтық мұрагерлерінің» бірі болғандығын мойындаған болатын. Тәуелсіздік алғаннан кейін кеңестік тарихнамадағы тұжырымдардың өзгермеді және тіпті дами бастады. 1990-2000 жылдары жарық көрген Қазақстанның академиялық тарихында осы көзқарас толығымен көрініс тауып, сақталып қалды.

ХХІ ғасырдың басында бұл тақырыпқа деген қызығушылық жаңа көзқараспен жазылған зерттеулерде байқала бастады. Осы кезеңде біраз еңбек жарияланған ғалымдардың ішінде А.И. Исин, М.Х. Абусеитова, Ж.М.

Тулибаев, Т. Султанов [9] сынды ғалымдардың жұмыстарын атауға болады.

2000 жылы тарихшы А. Исиннің «Тимур в Восточном Казахстане: план и направление похода 1389 г.», XIII–XV ғасырлардағы Шығыс Дешті Қыпшақ мемлекетінің тарихи

(5)

мәселелерін зерттеген еңбегі жарық көрді.

Алғаш рет Ақ Орданың саяси тарихы құрылу кезеңінен бастап құлау мерзіміне дейін зерттеліп, Әмір Темір шапқыншылық жорықтарының тарихи барысы сипатталады [2]. А.И. Исин қазіргі Ақ Орда тарихнамасының негізгі үрдістерін айқындады. Кейінгі орта ғасыр уақытының тарихи көздерімен жұмыс істейтін А.Исин авторлардың хроника жасаған әртүрлі ақпараттарына, тақырыптарды жариялаудың қалыптасқан пікірлеріне ғана емес, сонымен қатар белгілі бір оқиғалардың қасақана бұрмалануы мен үндемеуіне байланысты өзіндік ғылыми тұжырымдарымен бөлісті. Сондай-ақ белгілі бір саяси негізі бар генеалогиялық бұрмаланулар бар деп санайды.

2001 жылы З. Қинаятұлының «Моңғол үстіртін мекен еткен соңғы түркі тайпалары:

IX–XII ғасырлар» еңбегі жарияланды [10].

Бұл еңбектің ерекшілігі, зерттеу барысында араб-парсы деректері, Рашид ад-Дин, Марко Поло, Плано Карпинидың еңбектері кеңінен пайдаланылды. Мысалы, Батый ханның билік еткен жылдары жайлы маңызды мәліметтер келтірілген. Алайда, бұл қазақ тарихына қысқаша шолу ретінде саналады.

Осы жылы М.Х. Абусеитованың «Тарих’-и Джахангушай» Джувайни как источник по истории Казахстана» [4] жұмысы жарыққа шықты. Еңбекте автор ортағасырлық деректерді пайдалана отырып, моңғол кезеңі бойынша маңызды тұстарды аша білді. Бұл деректердің теориялық маңызы отандық деректік зерттеулерде ерекше жоғары болып табылады. Шығыс жазба деректерінен анықталынған жаңа мәліметтер Жошы Ұлысы тарихына қатысты жаңа мәліметтермен бөлісті. М.Х. Әбусейітованың еңбектерінде ғылыми айналымға енгізудің маңызы жаңа мәліметтер шығыс жазба дереккөздері Жошы Ұлысы тарихының зерттелмеген жақтарын қарастыру болып табылады.

Қорыта айтқанда, жоғарыда келтірілген еңбектерде Алтын Орда тарихын жазуда ортағасырлық дерек көздерін жан-жақты пайдаланылғаны көрінеді. Оның басты себебі мемлекет тарапынан ұйымдастырылған 2004

жылы «Мәдени Мұра» бағдарламасымен байланысты болып келеді.

«Мәдени Мұра» бағдарламасы аясында Армения елінен келген архив құжаттарында

«Алтын Орда» тарихына қатысты деректерді кездестіруге болады. Мәселен, «Из истории Вардана. Армянские источники о монголах. Извлечение из рукописей 1985 г.»,

«Степанян Грач. Борьба армянского народа против татаро-монгольского ига – Ереван, издательство академии наук Армянской ССР, 1990» сынды құжаттар әкелінді. Келтірілген деректердің «Алтын Орда» тарихын әлі де жаңаша қырынан көрсетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, осы тақырып аясында зерттеуші, ғалым Жақсылық Сәбитовтың еңбектерін атауға болады. 2008 жылы «Аноним Искендера как генеалогический источник» [11], 2010 жылы

«Натанзи как источник по истории Золотой Орды» атты ғылыми мақалалары Қазан қаласында жарияланатын «Золотоордынская цивилизация» журналында жарыққа шықты [12]. Соңғы уақытта ол Қазан қаласында орналасқан Ш. Марджани атындағы тарих инстутының ұйымдастыруымен өткізілетін ғылыми конференцияларына қатысып келеді. Автордың пікірінше, кеңестік идеологияның кесірінен Жошы Ұлысына тарихына дұрыс зерттеу жүргізілмеді. Негізі, ғалым ортағасырлық деректерді өзінің ғылыми мақалаларында көптеп қолданады.

Ғалым Ж.Сабитов ғылыми жұмыстарында, келесідей тұжырымдарды алға жетелейді.

Мәселен, «кеңестік дәуірде қалыптасқан пікірге сәйкес «Жошы Ұлысы» әлі де шет елдік ортағасырлық мемлекет ретінде қарастырылып келеді. Сол себепті қазіргі отандық медиевистика мектептеріне ескі моральді ұстанымға сүйенбей, Жошы Ұлысын ортағасырлық Қазақстан тарихына қатысты мемлекет ретінде қараған жөн» [12, 848 б.].

Ғалым мақалаларында тек қазақтар ғана Жошы Ұлысының «жалғыз» мұрагерлері деп есептеуге үміттенбейтіндігіне назар аудару қажет деп есептейді. Жошы Ұлысы кең тарихи тұрғыда тең дәрежеде де Қырым, поляк, Литва, Астрахань, Сібір, Қазан татарлары, башқұрттар, ноғайлар, қарақалпақтар үшін,

(6)

Киев Русімен бірдей украин, белорус, орыс және орыс сияқты халықтары ұрпағы болуы мүмкін. Жас ғалым Жошы Ұлысына қатысты ортағасырлық деректермен жұмыс істей келе, келесідей қорытындыларға келді:

«Біріншіден, Кеңес дәуірінде Орда Ежен ұлысымен ұқсас және Қазақ хандығының алдындағы Ақ Орда (Ақ Орда) мемлекеті бар деп есептелді, ал Алтын Орда - оның батыс көршісі, яғни 1940 -шы жылдардан бастап, біз тарих оқулықтарында Қазақ хандығы Ақ Орданың белгілі бір мемлекетінің мұрагері болған деп болжадық. Бұл көзқарасты көп жағдайда ескі кеңес тарихшылары қолдайды.

Мен және менің әріптестерім Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың (Алматыдағы Тарих және этнология институтына оның есімі берілген) және Вениамин Петрович Юдиннің көзқарасын қолдаймыз. Екеуі де Ақ Орда да, Алтын Орда да (Алтын Орда) мемлекеттің ресми атауы емес, Ұлыс Жошы хандарының штабының атауы деп жазды.

Ақ Орда мен Алтын Орда - бұл штаттар емес, резиденциялар. Сондықтан, қазіргі уақытта мен ғылыми мақалалардағы

«Жошы Ұлысы» немесе «Ұлық Ұлысы»

терминін танымал мәдениетте «Алтын Орда» деп аталатын мемлекетті белгілеу үшін қолданғанды жөн көремін. Сондықтан, Қазақстанның ортағасырлық тарихының кеңестік парадигмасының өкілдері Қазақ хандығы Ақорда мемлекетінің мұрагері деп жазғанда, бұл күлкілі естіледі» [12, 842 б.].

Негізінен, ғалым кең ауқымда ортағасырлық деректермен тығыз жұмыс жасайды, Жошы Ұлысы тарихына қатысты жаңа мәліметтермен толықтырып отырады. Автор өзінің жұмыстарында дерек қорларын талдай отырып, барынша жеткілікті түрде тарихи әдістерді қолданып келеді. Бұрынғы кеңестік тұжырымдамадан алыс, тәуелсіз ғылыми ортада қалыптасып келе жатқан тарихи парадигмаға сәйкес келеді.

Алтын Орда тақырыбына жүгінудің тарихи-идеологиялық және таза прагматикалық, экономикалық себептері бар.

Алтын Орда тұжырымдамасы таяу жылдары Қазақстанның ұлттық тарихында өзінің заңды

орнын алады деп есептейміз. Өйткені, ұлт өзінің өткенін тарихи тұрғыдан білуді қажет етеді. Мерейтойлар ұлттың жеңістері мен батырларының айналасында жиналуына көмектесіп, жеке басын құрудың жақсы құралына айналуда деген пікір бар.

2010 жылдан бастап қоғамдық талқылауларда ғылыми сарапшылардың арасында «Алтын Орда тұжырымдамасын»

қайта қарау керек және ол билеуші саяси элита үшін саяси тұрғыдан тиімді болуы мүмкін деген пікірлер тарихи ортада пайда бола бастады. 2013 жылы көпшіліктің назарына іліккен Т.А. Козыревтың «Независимый Казахстан. Борьба за прошлое. (Актуальные проблемы современной казахстанской историографии)» [13] монографиясы жарияланды. Монографияның орталық тезисі Қазақстандағы ұлттық құрылыста

«Алтын Орда тұжырымдамасын» пайдалану қажет деген көзқарасты ұстаным етіп алды.

Автор «Алтын Орданы қазіргі Қазақстанның символикалық ата-бабасы ретінде таңдау»

саяси тұрғыдан тиімді деп тұжырымдайды.

Себебі, осылайша Қазақстанда халықтың түрлі топтарына тарих беттері айқындала береді.

Қазіргі кезде, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алтын Орда мемлекетінің Қазақстан тарихындағы маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. 2014 жылғы 24 тамызда Ұлытауда өткен сұхбатында Тұңғыш Президент қазақтардың Алтын Ордадамен тарихи сабақтастығын айқындап, бұл мемлекеттің Қазақ хандығының тарихи бастаушысы екендігі туралы тұжырым жариялады. Осы сәттен бастап бұл мемлекеттік дәрежеге көтеріліп, жаңаша қырынан қарастыру мүмкіндігіне ие болды.

2010 жылғы Ұрыс ханның генеология мәселесі, тарихи география мәселелері жайлы жазылған Ж.М.Тулибаеваның мақаласын жарияланды [14]. «Улус Урус-хана» атты мақаласында Ұрыс ханның генеологиясына талдау жасалынып, осылайша оның ұлысының орналасқан географиялық мекенін анықтауға тырысты. Деректерді

(7)

зерттей келе, ғалым Ұрыс хан Тоқай Темірдің ұрпағы, бұл дегеніміз Ұрыс хан ұлысы, онық ұрпақтары Әмудария өзеніне тиесілі аймақты иемденді. Автордың мақаласында Тоқай Темірдің үлкен территориясының шекарасы белгіленді, айтуынша: «Осы жерден Әмудария атырауынан Маңғышлақ, Каспий маңы ойпаты, Солтүстік Кавказ және Қырымға дейін Алтын Орданың ең үлкен және қуатты үйлерінде Тоқа Темір жерлері созылды» [14, 444 б.]. Белгілі Ұрыс ханның немересі, Барақ ханның Сығанаққа иемдену құқығына қатысты айтылған пікіріне сай келе, «Сығанақ жайылымы заң мен әдеп- ғұрып құқығына сәйкес маған тиесілі, себебі менің атам, Ұрыс хан Сығанақта ғимарат тұрғызды» [14, 447 б.]. Ж.М.Тулибаеваның пікірінше, «Егер Сығанақ шынымен Ұрыс ханның және оның ұрпақтарының иелігінде болғанда, Барақ хан онда жеткілікті дәлелдер келтіріп, бұл жерге меншік құқығын айқындайтын еді» [14, 448 б.]. Мүбәрак ходжа хан, Ұрыс хан мен Тоқтамыс ханның атымен шығарылған 760 жылдың аяғы-780 жылдың басында хижра бойынша күміс дирхемдер Сығанақ қаласында соғылғаны көрсетілді [15, 57 б.]. Осылайша Ұрыс хан ұлысының орналасуына қатысты басқа сұрақтарға нақты жауап қайтарылды. Ж.М.Тулибаевтың бұл жұмысы отандық тарихнамада Жошы Ұлысы тақырыбына қатысты жаңа дерек қорларымен таныстырылып, деректерде келтірілген мәліметтерге талдау жасалды.

2011 жылы тарихшы Т.Сұлтановтың «Алтын Орда. Еуразия даласындағы Шыңғысхан ұрпақтарының мемлекеті» еңбегі жарыққа шықты [16]. Еңбекте араб, парсы деректерін пайдалана отырып, Алтын орда мемлекетінің құрылу тарихы жайлы жазды. Соның ішінде, Жошы Ұлысының құрамына кіретін халықтардың шаруашылығы, мәдениеті, салт- дәстүрлері туралы мәліметтерді кездестіруге болады. Бұл еңбекте Алтын Орда тарихына қатысты жаңа мәліметтер легі аздығы

байқалады, келтірілген ақпараттар суретмелік сипат алғанына назар аударуға болады.

2013 жылы К.З.Ускенбайдың «Восточный Дашт-и Кыпшак в XIII- начале XV века.

Проблемы этнополитической истории Улуса Джучи» атты еңбегі жарияланды. Еңбекте Шығыс Дешті Қыпшақ даласының Моңғол империясына кіру үрдісі, Жошы Ұлысының құрылуы, «Ақ Орда» және «Көк Орда»

терминдеріне жаңаша көзқарастар сияқты мәселелерге арналған. Жошы Ұлысының шығыс бөлігінде орналасқан Ақ Орданың саяси үрдістеріне тарихи талдау жүргізілді [17]. Бұл еңбекке пікір берушілердің бірі,

«еңбек тек Ақ Орданың саяси тарихын жазуға көп көңіл бөлді. Зерттеу аясында этникалық, әлеуметтік-саяси құрылымы, тарихи география сияқты тақырыптарына арналған сұрақтар аз қарастырылды. Бұл сұрақтар терең зерттеуді қажет етеді»

[17, 9 б.], деген тұжырым жасады. Автор тақырыпқа қатысты тарихнамалық талдау жасауда Шығыс Дешті Қыпшақ хандары Орда Еженнен бастап Барак ханға дейінгі саяси тарихының өзгеру динамикасына мән бере отырып, кең ауқымда мұсылман деректерін (парсы, түркі, араб) қолданды.

Ғалым бұл тақырыпты зерттеу барысында ғылыми ортадағы маңызды мәселелерге назар аудара білді. Бұл жұмыста Жошы Ұлысы тарихына қатысты тарихнамалық талдау бірнеше бағытта жүргізілген. Автор шетел тарихнамасы, Ресей тарихнамасы, қазіргі кездегі Татар тарихнамасы, отандық тарихнама деп топтастыру жасады. Бұл бөлімінде Жошы Ұлысы тақырыбына қатысты алғаш жарияланған авторлардың жұмыстары көрсетіледі. Алайда, соңғы уақытта осы тақырыпта жазып жүрген отандық зерттеушілердің жұмыстары сирек жазылған. Дегенмен, автор қарастырылған тарихнамалық материалдар Алтын Орда тарихына қатысты әлі де зерттеулерді жүргізу қажеттігін көрсетеді деп санайды.

2014 жылы тарих ғылымдарының докторы Аширбек Муминовтың «Золотоордынская историография: вклад и потенциал историко-биографической литературы»

атты мақаласында Жошы Ұлысының мәдени тарихының кейбір аспектілерін тарихи және өмірбаяндық әдебиеттер материалдары негізінде талдауға тырысады.

(8)

Әртүрлі дереккөздер негізінде автордың ғылыми мақаласында көбірек зерттеу арқылы оның композициясының басылымдары Жошы Ұлысын зерттеулері үшін әл- Кафауи ақпаратының құндылығын ашуға көмектесті. Катаибтан алынған жаңа деректер мұсылмандық ғылыми орталықтардың Жошы Ұлысы астанасына көшуі, нәтижесінде мәдени өмірдің күшеюі фактілерін анықтауға көмектесті [18].

2015 жылы Астана қаласында «Золотая Орда: история и культурное наследие» атты материалдар жинағы жарияланымға шықты.

Ғылыми басылым «Этнополитическая история Золотой Орды (Улуса Джучи) XIII-XV вв.:

политическая система, социальное развитие, этнокультурный состав» атты «этносаяси»

зерттеу жобасын жүзеге асыру аясында дайындалған [19]. Ұсынылған жинақта XIII-XV ғасырлардағы Алтын Орданың тарихы мен мәдениеті туралы Қазақстан, Ресей, Украина және Финляндия мамандарының ғылыми мақалалары мен материалдары жарияланды.

Бұл жинақта А.Кушкумбаев, А.В. Парунин, Я.В. Пилипчук, авторлардың мақалалары жарияланды, әрі келесідей мәселелерге назар аударылды. Мәселен, тарихшы Айболат Кушкумбаевтың «Ақ Орда» в тюркском эпическом жыре «Ер Едіге» (к вопросу о политическом центре Джучиева Улуса) атты мақаласында «Ақ Орда» ұғымының мәселесіне тоқталады. Ең алдымен оның географиялық орналасуына қатысты бұрыннан нысанасы болды тиянақты түрде қарастыра келе, қазіргі кезеңінде көпшілік зерттеушілер бұл терминді Батыс аумағымен сенімді түрде байланыстырады [19, 36 б.]. Түркі тілдес халықтардың эпикалық циклын қолдана келе, Едіге, Алтын Орда тарихының тарихи қайнар көзі ретінде үлкен эвристикалық потенциал және оны тарих бойынша ауызша дереккөздердің жеке түрі ретінде қарастыруға болады. Келесі, ресейлік белгілі тарихшы А.В.

Парунинның «Сведения об Ак-Орде и Кок- Орде в свете устной исторической традиции»

атты мақаласын айтуға болады. Онда келесідей пікір келтірілген: «Зерттеушілердің қалыптастырған Алтын Орданың

мифологиялық әлемі Алтын Орданың Мұрагер мемлекеттерінде орын алған мәдени дәстүрлер «Алтын отбасына» жататын рулар мемлекеттің сәтсіздікке ұшырау себептерін түсінуге тырысты» [19, 59 б.]. Украинаның тарихшысы Я.В. Пилипчук «Ногаев Улус» и Европа» атты мақаласында: «Жошы Ұлысы тарихындағы ең қызықты есімдердің бірі Ноғай болған. Жошы мемлекеттің шетінде жаңа саяси орталық құра алды» [19, 62 б.]. Бұл зерттеуде ноғайлардың саясаты қарастырылады.

Бүгінде тарихшы А.К.Кушкумбаевтың аталған тақырыпқа байланысты көптеген зерттеу жұмыстары бар. Мысалы, «Военно- политическая ситуация в Кок-Орде XIII- XIV веков» жұмысында Алтын Орда мемлекетіне тиесілі шекарасы, әскери тарихы жайлы жазылды [20]. Сондай-ақ, автор

«Шайбаниларға тиесілі иелікті «Көк Орда», Жошы Ұлысының сол қанаты «Ақ Орда»

деп аталады» деген пікірмен келіспейтінін білдірді.

Автордың келесі «Историография истории военного дела кочевников Улуса Джучи»

мақаласында кеңестік, отандық, шетелдік тарихнамадағы Жошы Ұлысы тарихы жайлы жазылды. А. Кушкумбаев «История военного дела кочевников Золотой Орды XIII-XV вв.»

атты мақаласын жазу барасында моңғол дәуіріне қатысты тарихнамалық жұмыстарда археолог ғалымдардың мақалаларын пайдаланды.

2017 жылы ғалым А.К. Кушкумбаевтың

«Алтын Орда: об одном символе власти в империи джучидов» атты мақаласында тарихи деректерге ғылыми тұрғыда анализ жасай келе, «Алтын Орда» атауының шығу тарихымен таныстырады. Осылайша, «Ұлық Ұлыс» атауының пайда болу тарихымен,

«Алтын Орда» атауының Жошы ұрпақтарында орталық атауы ретінде ғана қолданылады [21, 356 б.]. Ғалым А.Кушкумбаев өзінің ғылыми жұмыстарында кеңестік зерттеушілерге көптеп сілтеме береді. Сондай-ақ, ортағасырлық араб, парсы, түркі деректері қолданылған. Жалпы, автор қазіргі таңда Жошы Ұлысы тақырыбына қатысты отандық

(9)

тарихнамада белгілі зерттеушілердің бірі деп санауға болады. Өзінің мақалаларында бұрынғы кеңестік тұжырымнан алшақтап, ортағасырлық дерек қорларының көмегімен жаңаша мәліметтер топтамасымен бөлісуде.

2019 жылғы 24 тамызда Президент Қ.Ж.Тоқаев «Ұлытау-2019» халықаралық туристік форумында сөйлеген сөзінде ескі идеяны жандандырып, Алтын Орданың мерейтойын мерекелеу қажеттігін алғаш рет атап өтті. Осы мерейтойдың жоғарыда аталған тарихи және саяси аспектілерінен басқа, Президенттің мәлімдемесінде Алтын Орданың қуатты «символикалық капиталының» көмегімен Қазақстанның туристік әлеуетін арттыруға деген ықылас байқалатынын атап өткен жөн. Бұл ретте қабірі Ұлытауда орналасқан Жошы Алтын ордасының негізін қалаушы Моңғолиядағы Шыңғысхан сияқты, яғни «туристік бренд»

ретінде жайғаса алады.

2019 жылы ғалым Айболат Кушкумбаевтың бастамасымен «К вопросу о дате образования Улуса Джучи» атты мақаласы жарыққа шықты. Бұл мақалада автор Жошы Ұлысының қалыптасуын жан -жақты қарастырады. Қорытындылай келе, автор Жошы Ұлысының қалыптасуының бастапқы кезеңі, салыстырмалы түрде айтқанда,

«эмбриональды» кезеңде болған XIII ғасырдың бірінші онжылдығының екінші жартысы деп есептелуі керек деген қорытындыға келеді [22, 31 б.]. Сондай-ақ, 2019 жылы ғалым «Золотая Орда в истории тюркских народов» атты мақаласында Алтын Орда тарихының тарихи- мәдени мәселесі жайлы жазды. Автордың пікірінше Алтын Орда тарихы өткенге қатысты мәселе емес, сондай-ақ қазіргі заманғы тарихнама үшін маңызды болып табылады.

Тарихшы А.Кушкумбаев тақырыпты зерттеу барысында келесідей тұжырымға келді: «Жошы империясының (Алтын Орда) билігі кезеңінде оның территориясында түрік, моңғол фин- угор, славян және кавказ сияқты этникалық топтар еркін өмір сүрді. Сондай-ақ, Алтын Орда әскери, саяси және мәдени тұрғыдан мықты держава болды, өзіндік «Pax Nomadica»- Еуразияның орталығы болды» [23, 13 б.].

2020 жылы Жошы Ұлысы тақырыбында Жақсылық Сабитовтың «Сведения Натанзи о событиях в восточной части Улуча Джучи в 1313-1370-ых годах: критика достоверности»

атты мақаласы жарыққа шықты [24].

Мақалада автор Аноним Искендер (Натанзи) деректерінің ғылыми маңызы көңіл бөледі.

Автор «Аноним Искандера» шығармасымен жұмыс істей келе, келесідей тұжырымдарға келді: «Аноним Искандара» хиджра бойынша 816 жылы (1413-14 жылдары) жазылып, Тимур Искандарға арналған еді. Қазіргі уақытта қолжазбаның 5 нұсқасы бар. Осы деректерді зерттей келе, 1313 жылдан 1370 жылға дейінгі Жошы Ұлысы тарихы бойынша Натанзидың деректерінің нақтылығы әлсіз болғанын айтуға болады». Осылайша, Натанзида келтірілген үзінділерде автордың пікірінше көптеген хронологиялық және генеалогиялық қателіктер жасалды деп санайды.

Қазір кезде, тікелей «Жошы Ұлысы»

тарихы бойынша зерттеушілер өздерінің мақалаларымен жарыққа шығуға мүмкіндік беретін «Золотоордынское обозрение»

журналы өз жұмысын жасап келеді.

Журнал беттерінде Жошы Ұлысы мен татар хандықтарының тарихын зерттеудің барлық салаларын қамтитын нақты тарихи, тарихнамалық және деректану сипатындағы ғылыми жарияланымдар көрсетілген.

Сонымен бірге журнал Жошы Ұлысы мен татар хандықтарының тарихы «Жошы Ұлысы өркениетінің» біртұтас әлемі ретінде қарастырылатын ғылыми тұжырымдамадан шығады.

Аталған журналда 2020 жылдары Ж.М.

Тулибаеваның «История Золотой Орды в хивинской историографии» [25], Ж.М.

Сабитовтың «Интерпретация сведений

«Зубдат ал-Фикра» в научном труде А.А.

Порсина» сынды жұмыстары жарияланды [26]. Аталған мақалаларда «Жошы Ұлысы»

тарихына қатысты тың деректермен бөлісіп, ғылыми негіздемеге сай жазылған [26, 2 б.]. Бұл мақалада «XIII аяғы – XIV ғасырдың басындағы Ұлыс Жошы тарихы туралы

«Зубдат әл -ой» ақпаратынан А.А.Порсинның ұсынған гипотезалардың тұтас сериясын талдауға бағытталған. Қорытындылай келе,

(10)

А.А. Порсина XIII - XIV ғасырдың басында Ұлыс Жошының саяси тарихын зерттеумен айналысатын тарихшылардың үлкен назарына лайық. Бұл кітапта автор ұсынған гипотезалардың көпшілігі қисынды және дәлелді. Бұл монография дәуір туралы да,

«Зубдат әл-ой» композициясы туралы да біздің ғылыми білімдерімізді тереңдетеді және кеңейтеді. А.А. Порсин «Зубдат әл-Фикра»

еңбегіндегі «Алтын Ордаға арналған бөлімінде басқа араб тіліндегі шығармалармен бірге 1313 жылдан кейін Мысырда жазылған эссеге оралады.

Ғалым Ж.М. Тулибаеваның мақаласында Шыңғыс ұлыстарында болған тарихи оқиғалардың әртүрлі нұсқаларын баяндайтын Хиуа шығармаларының жаңалықтарына ерекше назар аударылған. Мысалы, Бату ханның Үгедай ханның Қытайға жорығына қатысуы, Берке ханның мұсылман дінін қабылдауы, Жәнібек ханның қазий Мухи әл-Динмен кездесуі және т.б. Жошы Ұлысы тарихының қысқаша мазмұнына қарамастан, Хиуа тарихшылары басқа тарихи жазбаларда жоқ түпнұсқа мәліметтерді келтіретінін атап өткен жөн. Автор мақаласында зерттеудің мақсаты – Алтын Орда тарихын баяндайтын Хиуа тарихи жазбаларының материалдарын зерттеу. Мақалада Хиуа тарихнамасының мәліметтері мен сарай тарихшыларының пікірлері, олардың Дешті Қыпшақ оқиғасына берген бағасы талданады. Автор Хиуа жазбаларының жаңалықтарына ерекше назар аударылады, онда Шыңғыс ұлыстарында болған тарихи оқиғалардың әр түрлі нұсқаларын баяндаған. Мысалы, Бату ханның Үгедей ханның Қытайға жорығына қатысуы туралы ақпарат, Берке ханның мұсылмандық сенімін қабылдауы, Жәнібек ханның Казиджи Мухи ад-Динмен кездесуі және т.б.

Айта кету керек, Алтын Орда тарихының қысқаша көрсетілуіне қарамастан, хиуалық тарихшылар басқа тарихи еңбектерде жоқ түпнұсқалық ақпаратты ұсынады[25, 366 б.]. Жұлдыз Тулибаева Хорезмнің бұрынғы тарихын ұсынған кезде, бабалардың даңқты ерліктерін кунграт тайпасынан атап өтеді, сондай-ақ, Шыңғыс хан мен шыңғыс ұрпақтарының тарихы қысқаша баяндалады.

Хиуалық шығармалардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері, өзіндік идеялық саяси бағыты болды, бұл бізге Жошы Ұлысы тарихын әр түрлі көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

2020 жылы тарих ғылымдарының докторы Бүркіт Аяған «История Улуг Улуса-Золотой Орды» атты дәрістер жинағын жариялады [27]. Дәріс барысында Ұлық Ұлыс-Алтын Орда тарихының білімі, жұмыс істеуі және жойылуы туралы кең ақпарат беріледі.

Автор кең байтақ Еуразия мемлекеті тұрғындарының экономикасы, сыртқы саясаты мен мәдениетінің жай-күйінің суретін берді. Сонымен қатар көрнекті хандардың, билеушілер мен әмірлердің қызметі, сондай- ақ, Орданың ыдырауы кезінде жаңа этникалық топтардың құрылуы қарастырылды. Бөлек бөлімдерде Қазақ хандығының құрылу кезеңіне арналған. Бұл еңбек хронологиялық кезеңнің барлық тұстарына ерекше көңіл бөле жазылды. Еңбек материалдары 5 лекциялық бөліктерге бөлінген, осылайша жүйелі түрде Ұлық Ұлыс мемлекетінің құрылу, шарықтау шағына, ыдырау кезеңдері бойынша мәліметтер келтірілген. Ғалымның осы жұмысында жасаған қорытындысы ерекше назарға лайық деп санаймыз. Мәселен, Жошы Ұлысының құлауы ғылым мен индустриалды технологияда көшбасшылық жоғалтуымен байланыстырады. Автордың осы қорытындысы ғылыми зерттеудегі жаңа міндеттер мен бағыттардың құрылуына әкелуі мүмкін. Автор мақалада келесідей мәліметтермен таныстырады: «XIII ғасырдың бірінші жартысында Шыңғыс хан мен Жошы Ұлысы империясының құрылуы әлемдік тарихта ең көп талқыланған мәселелердің бірі болды және солай болып қала береді. Бұл алып мемлекеттің аумағы мен салдары бойынша генезисі, қызметі мен ыдырауы туралы кәсіби дайындалған еңбектер әлі де аз. Ұлы мемлекетті құрған халықтар оған этникалық емес, бір-бірінің орнын басқан ордаға саяси, әлдебір жолмен, тіпті жеке емес саяси атау берді. Мемлекет тұрғындары толығымен моңғол нәсілі болды деген бұрмаланған стереотип бар. Шынында да, жауынгерлердің көпшілігі монголоидтық антропологиялық

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Ispolinov A.S. Doctor of Juridical Sciences, Prof., Lomonosov Moscow State University, Moscow, Russia Kala N.S. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan..

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған

Безусловно, необходимо согласиться с необходимостью признания и гаран- тирования прав и свобод человека и гражданина там, где установлено верховенство

Анализ статистических показателей преступности на территории Республики Казахстан за период с 2010 по 2018 гг.. Для того, чтобы дать криминологическую

Keywords: « diploma mill», higher education, reforms in education, quality of education, private universities, competitive environment, university graduates, diplomas,

На системной основе проводятся совместные мероприятия оперативной и боевой подготовки сил и средств системы коллективной безопасности: оперативные

В ходе исследования был проведен анализ ряда записок католических миссионеров, одни из них сами провели некоторое время в Золотой Орде, другие же

Следующая экспедиция НИИХП на территорию Алтайского края, по которой удалось найти сведения в архиве ВМДПНИ, проходила с 9 сентября по