• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Results of a sociological study of domestic violence against women in the family relations (on the example of the Crisis center for women in Almaty)

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Results of a sociological study of domestic violence against women in the family relations (on the example of the Crisis center for women in Almaty)"

Copied!
13
0
0

Толық мәтін

(1)

Кіріспе. Ағылшын тіліндегі көптеген ше- телдік әлеуметтанулық және психологиялық еңбектерде отбасындағы зорлық-зомбылықты сипаттайтын бірнеше терминдер бар.

А.А. Бақытжанова¹ Г.Т. Алимбекова² А.Б. Шабденова²

¹Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

²Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы, Алматы, Қазақстан (E-mail: ainurb1997@gmail.com, g.alimbekova@gmail.com, aija2005@mail.ru)

ХҒТАР 04.51.67

Отбасындағы әйелдерге қатысты жасалынған тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін әлеуметтік зерттеудің

нәтижесі (Алматы қаласындағы әйелдерге арналған Кризистік орталықтың мысалы негізінде)

Аңдатпа. БҰҰ қорының мәлімдеуінше, жыл сайын тұрмыстық зорлық-зомбылық сал- дарынан елімізде 400 әйел қаза болады екен. Осы себептеп ажырасу көрсеткіштері де ар- туда. Аталған әлеуметтік проблеманың туындауына мыңдаған себептер бар, ал ол мәсе- лені қазіргі кезде зерттеп, болдырмау шараларын жасамасақ әлеуметтік салдары барлық қоғамдық институттарға ауыртпалығын тигізеді. Отбасында аналарын әкесінің ұрып, кемсітуін көріп өскен балаларда аталған оқиға есейген кезінде баланың есінде «тарихи түп тамыр» болып қалады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген қазақ мақалын біздің респонденттер сұхбаттары кезінде күйеулерінің балалық шағының ізінің олардың отбасына қалай әсер еткендігін оқиғаларымен дәлелдеген. Отбасында әкелерінің анасын ұрып, кемсітуін көрген балаларда «ананың ізгі бейнесі» өзгертеді. Тақырып бойынша зерттеу жұмысын Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы 2019 жылдың желтоқсан айын- да далалық зерттеу жұмыстары жүргізген, зерттеу материалдарын талдау мен өңдеу жұмыстары 2020 жылдың наурыз айының соңына дейін жүргізілген. Зерттеу жұмысы- ның мақсаты: Алматы қаласындағы Кризистік орталықтың көмегіне жүгінген әйел- дердің оқиғасы негізінде қазақстандық отбасыларда болып жатқан әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың болу себебін анықтау.

Түйін сөздер: Алматы қаласындағы әйелдерге арналған Кризистік орталық, Кризистік орталық, Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы, сапалық әдіс, тұрмыстық зорлық-зом- былық, отбасында әйелдерге қатысты күш көрсетулер.

DOI: https://doi org/10.32523/2616-6895-2020-133-4-213-225 Түсті: 25.05.2020 / Жарияланымға рұқсат етілді: 28.07.2020

«Domestic violence» бұл отбасы ішіндегі отба- сы мүшелерінің сол отбасыда өмір сүретін бір отбасы мүшесіне қатысты күш көрсету мен зорлық-зомбылық іс-әрекетінің жасалуын

(2)

білдіреді. Сонымен қоса, некелік қарым-қа- тынаста тұратын ерлі-зайыптылар арасын- да болатын, жасалынатын зорық-зомбылық іс-әрекетін де сипаттайтын арнайы терминде бар, ол – «spouse abuse» (ерлі зайыпты жұп- тың бір мүшесінің өзінің жұбайына қиянат/

үстемдік жасауы), «wife battering» (әйеліне қатысты күш көрсету, қол жұмсау), «marital rape» (некелік қарым-қатынаста зорлау әре- кетін жасау). Біз зерттеп отырған тақырып жайлы теориялық мәлеметтердің көп болуы, аталған мәселенің шет елдерде терең әртүрлі бағыттарда зерттелгендігін көрсетеді. Деген- мен, аталған терминдер мен теориялардың толық жиынтығы қазақстандық отбасылар- дың ішінде болып жатқан отбасы мен некеде- гі зорлық-зомбылықтың барлық мәнін ашып бере алмайды. Мысалы ретінде «жұбайына қатысты зорлық-зомбылық әрекетін жасау»

сөзін бір деңгейде некелік қарым-қатынастағы ер адамның әйеліне қатысты күш көрсетуі, екінші жағынан алғанда, әйелінің ер жұбай- ына қатысты күш көрсетуі деп бірдей түсін- діріледі.

Әлеуметтанулық зерттеулерде отбасы және некедегі зорлық-зомбылық мәселесі ген- дер әлеуметтануы мен гендерлік зерттеулер шеңберінде жүргізіледі де, аталған зерттеу- лер шеңберінде некедегі зорлық-зомбылық мәселесін зерттеуде басты негізге ер адамның қоғам мен отбасындағы, некедегі басымдық (доминирования) шеңберінде зерттеп, қара- стырылады. Аталған мәселе отбасы мен неке- дегі зорлық-зомбылықты, сонымен қоса, тари- хи, философиялық және мәдени тұрғыларда қарастыруды алып келіп, отбасы мен некедегі билік, басымдылық, күш көрсету мәселесін жаңа қырынан қарастыруды талап етеді. Ай- тып кеткеніміздей, некедегі басымдық, күш көрсету мәселесі кезінде оны ер адамның әйел адамға немесе әйел адамның ер адамға қатысты күш көрсетулерін нақты бөліп қа- растыратын ғылыми терминнің жоқ болуы салдарынан келесі бір мәселе де туындайды.

Ол мәселе, ер адамдар әйеліне қатысты күш көрсету болса да, әйелдері де ерлеріне қаты- сты психологиялық жәбірлеулермен де агрес- сияны туындатады. Тақырыпқа қатысты ай- тып өткіміз келетін мәселе, ол шынымен де

неке мен отбасылық қарым-қатынастарда ер жұбайлары әйелдерін күш көрсетіп, ұрады, дегенімен сол ұрыстан кейін де әйел адамдар күйеуінен өшімді аламын деп балаларында ұруы мүмкін. Аталған мәселе зерттеу тақыры- бының ауқымын кеңейтеді, біз, өз кезегімізде, отбасындағы күйеуінің әйеліне қатысты жа- сайтын зорлық-зомбылық, күш көрсету мәсе- лелерін сөз етеміз.

Теориялық- әдіснамалық бөлім. Қоғам- дық пікірді зерттеу орталығының аталған тақырып бойынша Алматы қаласында орна- ласқан Кризистік орталықпен зерттеу жүр- гізуінің негізгі мәселесі ол отбасы, некелік қарым-қатынастардағы және қоғамдағы ер адамдардың әйелдерге қатысты басымдық пен үстемдік көрсету жағдайларының көбе- юі болатын. Аталған мәселе бойынша зерт- теу 2019 жылдың желтоқсан айында далалық зерттеу жұмыстары (сапалық ақпараттар жинастыру) жүргізілген, қазіргі кезде біз сол әлеуметтік зерттеуге басты негіз болған мәсе- ле мен оны зерттеу кезінде қолданған теория- ларды да атап өтеміз, мақаланың соныңында Қоғамдық пікірді зерттеу орталығының қы- зметкерлері жүргізген сұхбаттардың нәти- жесімен бөлісеміз. Біздің мақаламызда тақы- рыптың мазмұнын ашу мақсатында отбасы мен некедегі зорлық-зомбылық мәселесін сипаттайтын бірнеше әлеуметтанулық теори- ялар қолданылып, көрсетілген (коммуника- ция, конфликт, интеракционизм, құрылым- дық-функционализм, отбасы әлеуметтануы, бала кездегі психологиялық жарақаттар, т.б.).

Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зом- былық немесе жалпы жайсыз отбасылар- дың пайда болуына тұрақсыз әлеуметтік қа- рым-қатынастар мен әлеуметтік қалаулардың тұрақсыздығы әсер еткен. Осыған сәйкес тақы- рыпты әлеуметтік-психологиялық аспектілер тұрғысынан зерттеу, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың не себепті болатын- дығын анықтай аламыз.

Ғылыми әдебиеттерде некедегі зорлық-зом- былық мәселесін зерттеуде некеде күш көрсе- тудің 4 түрін бөліп қарастырады, олар: пси- хологиялық күш көрсету (моральдық немесе эмоционалды күш көрсету деп атаса болады);

экономикалық, физикалық және жыныстық

(3)

күш көрсетудің түрлері бөлініп көрсетілген.

Аталған күш көрсетулердің кейбір отбасылық, некелік қатынастарда тек біреуі ғана көрінетін болса, көп жағдайларда некелік, отбасылық қатынастағы ерлі-зайыптыларда психологи- ялық күш көрсетудің соңы физикалық күш көрсетуге, содан жыныстық күш көрсету мен кемсітуге, ұрып-соғуға, аталғандардан кейін экономикалық ресурстарға қолжетімділікті тоқтатуға да алып келетін жағдайлар бар.

Отбасы мен некелік қарым-қатынастар- дағы тұрмыстық, зорлық-зомбылықтағы ре- сурстарға қолжетімділікті төмендету деген сөзді біз өзіміздің зерттеуіміздің нәтижесінде көріп, осы мәселені де қозғағымыз келеді. Біз тақырыптың актуалдығын көрсету үшін ірік- теп 15 респондентті алған болатынбыз, олар- дың сұхбатына талдау жасап біткеннен кейін, осы ресурстарға қол жетімділіктің төмендігі мәселесін айқын көрдік. Біздің 15 респон- дентіміздің барлығы, көп бала босанғысы кел- меген, алайда оларға күйеулері жүктіліктен қорғанатын дәрілер мен қорғаныш заттарды алып бермеген, күйеулері өздері қолданбаған, көп жағдайда біздің респонденттер балала- рын қатарынан, демалыссыз босанып оты- рған, өздерінің денсаулықтары бала босануға дайын емес болып, құрсақтағы балаларына қауіп төнсе де күйеулері жасанды түсік таста- уға ақша мен рұқсаттарын бермеген. Аталған мәселе де біздің медициналық ресурстарды иелену кезінде де гендерлік теңсіздіктердің болатынын көрсетті.

Отбасындағы зорлық-зомбылық пен күш көрсетулерді ғылыми тілде сипаттау үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық, отбасындағы зорлық, гендерлік зорлық-зомбылық және қорлау сөздері қолданылады. Сондықтан біз мақала барысында тұрмыстық және отбасын- дағы зорлық-зомбылық және соған жақын от- басында адамды еркінен тыс құлдықта ұстау сынды мәселелерге де тоқталамыз.

Зерттеуде алынып отырған тақырып ол өзінің латентті формасымен ерекшеленеді, осы жағдай әлеуметтанулық зерттеу әдістерін пайдалана отырып қарастыруымызды қиын- датады. Бұған себеп бір жағынан біздің мен- талитет. Мысалы ретінде, «Қайтып келген қыз жаман», «Көш жүре түзеледі». Ал орыс

халқының менталитетіне сіңіп қалған мына стереотиптер «Сор из избы не выносят», «Бьет – значит любит». Аталған стереотиптер біздің менталитетімізге сіңіп, зардап шегуші, зор- лықтың құрбаны болған әйел азаматтарын шыдамды болуға итеріп, оларды шыдаушы жақ болады деп клеймо жасап қойғандай.

«Жақсы әйел жаман еркекті ер қылады, Жа- ман еркек жақсы әйелді жер қылады». Осы мақалдағы жаман еркек ол әйелді жер қылуы мен қатар, отбасының әлеуметтік-психологи- ялық ахуалы мен балаларының психикасында жер қылады.

Алғаш отбасындағы тұрмыстық зор- лық-зомбылық немесе күш көрсетулер туралы зерттеулер Батыс елдерінде (АҚШ, Ұлыбрита- ния, т.б.) елдерде жүргізілген. Көптеген әлеу- меттік проблемаларды зерттейтін теориялар олар сол Батыс зерттеушілердің еңбектерінен алынған, дегенмен, елімізде біздің жүргізіп отырған эмпирикалық зерттеуіміздің басты ерекшелігі – ол еліміздің ұлттық құндылықта- ры мен менталитеттерінің ерекшелігін ескере отырып жасап отырғандығымыз. Қазақстан отбасыларындағы күш көрсетулер тақырыбы- на қатысты зерттеу жүргізудің тағы бір ерек- шелігі бұл жерде зерттелінетін нысандар мен мақсаттардың, зерттеу тақырыбының ауқы- мының кеңейетіндігінде. Мысалы, отбасында әйелдерге қатысты күш көрсетулер тек қана оның күйеуінен емес, сонымен қоса, күйеуінің анасы (енесі), қайын әпкелері мен отбасы- ның басқа мүшелері де күш көрсетілетіндігі анықталып жатады.

Зерттеушілер отбасындағы некелік қатына- стар кезінде пайда болатын зорлық пен зом- былықтың болуына әсер ететін факторларды анықтайтын бірнеше зерттеу бақыттарын көрсеткен. Олар:

Виктимологиялық бағыт (лат. Victim – жапа шегуші, лат. Logos – ілім) [1]. Бұл бағыт бой- ынша, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шегушінің өзіне қатысты әрекет еткен ұрып- соққан адамды өзіне арандатуынан мәселе пайда болатындығында. Осы бағыт бойынша зерттеу жүргізген неміс ғалымы У.

Шнайдер, оның зерттеуіне сәйкес «жапа ше- гуші» мен «жазалаушы» арасындағы қандай- да бір байланыс орнайды деген. Шнайдер үш

(4)

фазалы зорлық-зомбылықтың болатындығын айтқан. Бірінші фазада «жәбірленуші» «жа- залаушыны» бақылау мен қадағалауға тыры- сады, екінші фаза кезінде зорлық пен ұрып соғу болады, үшінші кезеңде «жәбірленуші»

белгілі бір жағдай не мәселе бойынша «жа- залаушыға» тәуелді екендігін түсінеді. Осы тәуелділікті түсінген «жазалаушы» оның жа- сап жатқан әрекеттерінің жазаланбайтығын түсініп, өзінің зорлық-қорлық әрекеттерін әрі қарай жалғастыра береді [2].

Отбасы мен некедегі зорлық-зомбылық әрекеттерін зерттеуде, сонымен қоса, мәсе- ленің тарихи тамырын зерттеу бағыты да бар.

Бұл бағыт бойынша тұрмыстық зорлық-зом- былық өткенде көрген зорлық пен күш көр- сетудің іздерінің күш көрсетушінің бойында қалып қойған қалдығы ретінде қарастырады.

Тарихи түп тамыры ретінде көптеген елдердің салт-дәстүрлері мен заңдары, нома-ережелері бойынша ерлеріне некедегі әйелдерін ұруға жол беру мәселесі. Бұл бойынша, жаһанда- нуға дейінгі кезеңде, күйеулері заң бойын- ша әйелдерін тәрбиелеу үшін қол көтеруге рұқсаттың берілуі болды. Зорлық-зомбылық әрекеттерін тәрбиелеу мақсатында жасау теориясы бойынша зерттеу жүргізгендер олар Гондольф пен Фишер болды. Авторлар аталған бағыт бойынша зерттеулерін ХІХ ға- сырдағы АҚШ заңнамысына сәйкес жүргіз- ген, заң бойынша отбасы мен некелік қаты- настағы күйеуі әйелін тәрбиелеу мақсатында бас саусақтың қалындығындай болатын та- яқпен әйелдерін ұруға құқықтары болған.

1824 жылғы АҚШ заңнамасы бойынша «қа- жеттілік болғандықтан» әйелдерін ұрғандары мен тәрбиелеу мақсатында күш көрсеткендігі үшін заң негізінде жауапкершіліктен боса- тылған [3, 274 б.]. Аталған бағыт бойынша да ресейлік зерттеушілердің еңбектерінде «До- мострой» ежелгі Русьтегі отбасы мен некелік қатынастарды реттейтін заңда, күйеулерінің әйелдерін қалай «дұрыс» жауапкершілік пен жазалау керек екендігін көрсететін норма ере- желер бар.

Әлеуметтік үйрету теориясы негізіндегі бағыты (теория социального научения) – ер адамдарды қоршап отырған әлеуметтік орта- ның ер адамның бойында, мінезінде зорлық

пен қорлық көрсетуге деген ойды тәрбиелей- тін бағыт. Аталған теория М. Кауфманның еңбектері мен зерттеулері негізінде дамыған.

Қазіргі кездегі зорлық-зомбылық мәселе- сін зерттей келе, Кауфман 1970 жылдардағы феминистік ойларды да ескереді [4]. С. Бру- миллер болса зорлық- зомбылық әрекеттерін жасау ол ер адамдардың психологиясындағы бар нәрсе деп атаған. Кауфманның айтуы бой- ынша, адамдар жынысына қарамастан, био- логиялық тұрғыдан агрессияға бейім болып келеді. Осындай агрессияның маңызы оның қайда бағытталғандығы мен қоғамның ол агрессиямен не істегендігі. Автор ер адамдар- дың алғашқы зорлық көрсетулері өздеріне бағытталған (мысалы ретінде, ер адамдар көз жастарын көрсетпейді, олар жыламайды деп өздерін күшпен ұстап тұрулары), осыдан кей- ін жасөспірім кезінде оларда қыздар мен әйел адамдарды жеккөру сезімдері пайда болады, жиналған агрессиялары мен реніштері салда- рынан ер адамдар өз агрессияларын қоғамға қарай бағыттайды. Осындай жағдайлар кезін- де әйелдерге қатысты күш көрсетулер мен зорлық- зомбылық әрекеттері қоғамдағы не- месе жұмыстағы ер адамның күші мен билі- гінің жоқтығы салдарынан істеуі мүмкін, зор- лық, күш көрсету соның өтемақысы сияқты болады. Ер адамдар қоғамда, жұмыстарында немесе жалпы ерлер мен әйелдер арасында билігі немесе күші болмағандығынан зор- лық, күш көрсету арқылы әйелдерді (әйелін) өзінің күшіне бағындырып, оны бақылауда ұстап отырғылары келеді [4]. Осы теория- ны біздің №7 респондентіміз өзінің өмірін, көрген қорлығын айтқан кезінде дәлелденді.

№7 респондентіміздің күйеуі Қазақстандағы үздік университеттің танылған профессоры.

Респондентіміздің айтуы бойынша, күйеуі үнемі жұмыс орындарындағы (жанжалдың себебінен бірнеше рет жұмысыны ауысты- рған), биліктегі және жалпы өзінің көзқарасы сәйкес емес әйелдермен үнемі жанжалдасып, балағаттап және қол көтеріп отырған екен.

Интерактивтік теорияның қарамағындағы ойлар бойынша, мәселе билік пен күш көр- сетуді коммуникацияның бір түрі ретінде көрулері. М. Киммель осы айтылған ойды әлеуметтік үйрету теориясының қарамағында

(5)

жасаған. Киммельдің пікірінше, ер адамдар жастайынан әйел адамдарға қатысты күш көрсету мен бақылауда ұстауды бір коммуни- кацияның түрі ретіде есептеп, олар осы ойдың жетегінде әлеуметтенген. Күш көрсету ком- муникациясы балағаттау, ұру, күштеп жы- ныстық қатынасқа итермелеу формаларында байқалуы мүмкін. М.Киммель сонымен қоса, отбасындағы тұрмыстық зорлық- зомбылық пен күш көрсету коммуникациясының пай- да болуына отбасындағы маңызды шешімді отбасының тек бір ғана мүшесінің (күйеуі) қабылдауы мысал деп айтқан. Бұл дегеніміз отбасындағы билік пен жалпы шешім қабыл- дауға құқықтың тең бөлінбегендігі [5]. Автор- дың ойына сәйкес біздің айтқымыз келетіні, ер адам әйел адамға күш көрсету коммуникаци- ясы кезіндегі мақсаты әйел оны мойындауы, бағынуын қаласа, әйел адамдар күш көрсету- ді, қарсыласуды агрессия кезінде тек ішіндегі ашу мен ызаны шығару үшін әрекет етеді.

Әлеуметтану ғылымында отбасындағы қорлық-зорлық әрекеттерін зерттеуде гендір- лік және феминистік, маскулиндік теориялар негізге алына отырып зерттеледі. Эссенциа- листік гендерлік айырмашылықтардың баста- пқы уәжі ерлердің патриархалды дискур- сында әйелдердің ерлерден бірқатар төмен тұратыны және ол табиғи жетіспеушілік олардың әлеуметтік бағынуын түсіндіретінін әйелдерге қарсы қолданады. Бірақ бұл уәжді алғашқы феминистік толқын - «әйел мінезі»

мен «әйел сипаты» ұғымының оң аспек- тілерін қарастырған мәдени феминизм те- ориясын жалғастырушылар тоқтатқан еді.

Маргарет Фулдер, Фрэнсис Уиллард, Джейн Аддамс, Шарлотта Церкинс Гилман сияқты теорияшылдар пацифизм, қамқорлық, жұм- сақтық, серіктестік, қақтығыстарды оңтай- лы басқару сынды әйел қасиеттері қоғамды басқаратын үкіметтің бойында болу керек деп есептеді (Deegan and Hill, 1998, Donovan,1985;

Lengermann and Niebrugge- Brantley,1998).

Ерлердің патриархалды әйелдерге қатысты үрдісі бүгінге дейін ерекше нормалар тура- лы дауларға қатысты әйелдердің этикалық шешімдері, әйел санасындағы «қамқорлық назары» тәсілі, әйелдердің қарым-қатынас стилі, әйелдердің эмоционалды тәжірибе ашу

тәсілі, сондай-ақ, әйелдердің агрессиялы мі- нез- құлқының төмен және бейбіт өмірге әсер ететін қасиетінің жоғары болуы деп бағалана- ды [6, 484 б.].

Жоғарыда аталып кеткен теорияларға Дж.

Готманн мен Н. Якобсонның эмпирикалық зерттеу нәтижелерін қосқымыз келеді. Ол зерттеу бойынша авторлар 8 жыл қатарынан 63 некедегі және отбасыларында зорлық- зом- былық байқалған жұбайларды бақылаған [7, 4 б.]. Авторлар жалпы отбасындағы мынадай динамиканы анықтаған: зерттеуге қатысқан барлық «күш көрсетушілер» өздерін агрес- сивті, іс-әрекеттері кенеттен жасалынатын, бақылау мен қадағалауға мүмкін емес екенін айтқан, ал «жапа шегушілер» өз кезектерін- де пассивті емес, оларда өздерінің жәбірле- ушілеріне ыза көрсеткен, бірақ өздері күш көрсететін субъект ретінде болмаған. «Күш көрсетушілер» жағынан «жапа шегушілерге»

қатысты эмоционалды балағаттаулар бол- ды, сондай сөздерді жапа шегушіге қолдану арқылы олар жапа шегушілердің өздеріне деген сенімдері мен күштеріне сенімсіздікті ұялатқан.

Отбасы мен некелік қатынастағы зор- лық-зомбылық мәселесін конфликтологиялық теория негізінде зерттейтін зерттеушілер, от- басында әйеліне қатысты көрсетілетін күш көрсетулерді ерлі-зайыптылар арасындағы қызығушылықтың бір-біріне қарсы келуінен, жанжалдасудың ақырғы шырқау шегі ретінде көрсетеді. Л. Козер жанжалдың құрылымын зерттеу кезінде жанжалдың туындау себебі мен ол жанжалдың ішіндегі зорлық-зом- былықтың қалай пайда болғандығын айтқан.

Л. Козердің жанжал теориясын тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесінде қолданудың маңызы, тақырыптың теориялық мазмұнын толық ашып береді [8].

Біздің тақырып бойынша негіз ретінде қа- растырған теориямыз Леонардо Берковицтің

«Агрессия: себеп, салдар және контроль» атты зерттеуінде отбасындағы тұрмыстық зор- лық-зомбылықтың болу себебін әлеуметтік және мәдени құндылықтар негізінде зертте- ген. Автордың мәлеметі бойынша, аталған құндылықтар отбасы мен жалпы жанжалдың сипатына әсер етіндігін анықтаған. Л. Берко-

(6)

виц жанжал шығарушы мен жанжалды қа- былдаушы арасындағы ерекше қатынастар- дың болатындығын айтып, осы жағдайды виктимологиялық тұрғымен байланыстырып – «дөрекілік пен күш қайтарудың үлкен жан- жалды шығаратынын, бір жақтың агрессиясы екінші жақтың агрессиялық әрекетін тудыра- тынды» деп айтқан [9, 31 б.].

Зерттеу бөлімі. Зерттеудің нысаны: Ал- маты қаласы Тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан жапа шегуші әйелдерге арналған кризистік орталығының некелік қарым-қаты- настағы ерлерінен тұрмыстық зорлық-зом- былықты көрген әйелдер.

Зерттеу пәні: Отбасы мен некелік қа- рым-қатынастардағы ерлердің әйелдерге қатысты жасайтын тұрмыстық зорлық-зом- былық мәселесін әлеуметтік талдау.

Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зом- былық мәселесін зерттеудің өзектілігі:

1. Біріккен Ұлттар Ұйымы қорының мәлімдемесі бойынша жыл сайын Қазақстан- да 400 әйел отбасында тұрмыстық зорлық-зом- былықтың құрбаны болып қаза табады [10].

2. Біздің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдердің барлығы физика- лық тұрғыда әрдайым ерлерінің соққысынан жапа шегіп, әйелдері жүкті кезде де оларды ұрып, соңында әйелдері өлі туылған бала, әй- елдердің репродуктивтік денсаулықтарына залал тигізген. Психологиялық соққы ретін- де, некедегі әйелдердің ерлерден түрлі соққы алған салдарынан, күштеу мен зорлау салда- рынан өздеріне қол жұмсауға дейін барған.

3. Некелік қатынастардағы зорлық-зом- былықтың салдары отбасындағы қатына- стардың өзгеруіне алып келеді. Ерлі-зайып- тылар арасындағы жанжал мен тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан көп жағдайда олардың балалары зардап шегеді.

4. Отбасында болатын зорлық-зом- былықтық құрбаны әйелдерде медициналық ресурстарға қолжетімділік жоқ.

Болжамдар:

1. Отбасы мен некелік қарым-қаты- настардағы күйеуінің әйеліне жасаған зор- лық-зомбылықты әрекеттері әйелдердің күй- еуінің айтқанына шыдап, бағынуға алып келіп отыр. Әйелдері ондай ер адамнан бірден кетіп

қала алмау себептері күйеулерінсіз өмір сүре алмаймын деп, өздерінің күштері мен бола- шақтарына деген сенімдерін жоғалтқандықта- рынан.

2. Ата-ана арасындағы зорлық-зом- былықтан, ұрыс пен жанжалдың, әкесінің үстел үстінде балаларының алдында анасын жамандап, балағаттауы балалардың анасы- ның бейнесі мен анасына деген қарым-қаты- настарын өзгертіп, аналарын жек көре бастай- ды.

3. Отбасында зорлық-зомбылықтан жапа шегуші әйелдер медициналық көмек және дәрі-дәрімек алу мен оны пайдалануда ре- сурстарға қолжетімсіздігі, әйелдер өздерінің еркілерінен тыс ерлеріне жыныстық қызмет атқарады, жүкті болып қалған жағдайда жа- санды түсік жасатуға мүмкіндіктері де жоқ.

Зерттеу мақсаты:

1. Отбасындағы, некедегі әйелдерге қаты- сты ерлерінің тарапынан болатын зорлықтың болу себептерін нақты анықтау. Әлеуметтік факторлар мен статустардың, зорлық көрсе- туші тараптың әлеуметтік-тарихын талдап, оны әйелін ұрып-соғуға не түрткі болғанын анықтау.

2. Зорлық құрбаны болған әйелдердің медициналық қызметтерге қолжетімділік деңгейін анықтау үшін әйелдердің қанша жа- санды түсік жасатып, қанша рет денсаулық жағдайына байланысты түсік тастағандарын анықтаймыз.

Зерттеу міндеттері: Алматы қаласы Тұр- мыстық зорлық-зомбылық салдарынан жапа шегуші әйелдерге арналған кризистік орта- лықтың 2019 жылдың желтоқсан айындағы орталыққа келген әйелдер арасында сұхбат жүргізіп, тақырыптың актуалдығын анықтап, талдау мен өңдеу жасап, Алматы қаласындағы кризистік орталықтың мысалында елімізде болып жатқан тұрмыстық зорлық-зомбылық жайлы зерттеу нәтижесін тарату.

Зерттеу жұмысының жүргізілген уақыты:

2019 жылдың желтоқсан айынан бастап Алма- ты қаласындағы кризистік орталықтың көме- гіне жүгінген әйелдер арасында сұхбаттар мен сауалнамалар алынды, далалық зерттеу екі айға созылды. 2020 жылдың наурыз айының

(7)

соңына дейін жиналған ақпараттарға анализ- дер жасалынды.

Зерттеудегі іріктеу жиынтығы: Алматы қаласы Тұрмыстық зорлық-зомбылық сал- дарынан жапа шегуші әйелдерге арналған кризистік орталығының көмегіне жүгінген әйелдер, оның ішінде, таңдалынып алынған басты критерилер: денелерінде физикалық дене жарақаттары бар, психологтың көмегін алған, 2 баладан бала саны көп аналар-әйел- дер. Қоғамдық пікірді зерттеу орталығының қызметкерлері 35 респоденттен сұхбат алып, тақырып бойынша 15 ең өзекті сұхбат ірік- теліп алынған.

Қолданылған әдіс: сапалы әлеуметтік зерт- теу әдісі, оның ішінде, сұхбат. Сұхбатты то- лығымен жазып, гайд сұрақтары бойынша сандық талдау жасалынған.

Зерттеу бойынша сұралған 15 респондент- тің орта жасы 32,5 жас. Ұлттық ерекшеліктері

бойынша 12 респондент қазақ, 2 респондент қырғыз, 1 респондент орыс ұлтының өкілдері.

Алматы облысынан келгендер 4, Қызылорда облысынан 2, Шымкент қаласынан 2, Қырғы- зстанның Нарын облысынан 2 әйел келген (еңбек мигранттары болып қазақ жігітке тұр- мысқа шығып, соның қолынан зардап шек- кен), Жаркент 1, Жамбыл облысынан 1, Түр- кістан облысы мен Қырғызстаннан бір әйел Кризистік орталықтың көмегіне жүгінген.

Сұхбатқа таңдалынып алған 15 респон- денттің тек мамандықтары барлар саны 6, оның барлығы өз дипломында жазылған ма- мандықтармен жұмыс істемеген, ал мүлде ма- мандықтары жоқтар саны - 9.

Зерттеу бойынша анықтағанымыз біздің 15 респонденттің 4-еуі 16 жасында тұрмыс құрғандар.

15 респонденттің босанған бала саны, қан- ша мәрте денсаулығына байланысты түсік

№1 гистограмма. Респонденттердің білім деңгейі.

№2 гистограмма. Респонденттердің тұрмысқа шыққан жастары.

(8)

тастағандығы және өз еркілерімен қанша рет аборт жасағандары (№3 гистограмма) көрсетілген. «Қанша мәрте түсік тастаған»

бұл жерде респонденттер өзінің денсау- лық жағдайына байланысты түсік жасаған,

«Аборт» – респонденттердің қанша мәрте жасанды түсік тастағандығын көрсетеді. №13 респондент басқа респонденттерге қарағанда айырмашылығы ешқашан азаматтық және заңды некеде болмаған, бірақ өзінің бірге тұратын азаматының қол көтеруі салдарынан осы орталықтың көмегіне жүгінген.

№8 респондент 5 бала босанған, 5 баланы денсаулығына байланысты түсіріп алған, 5 рет аборт жасатқан.

№1 кестеде сұхбат жүргізілген 15 респон- денттің тұрмыс құрғанға дейінгі өздерінің ата-аналарымен бірге тұрғандағы балалық шақтары мен отбасы болған кезіндегі өмір- леріндегі естеліктерін төмендегі сұрақтарды қою арқылы анықтадық.

Респонденттердің күйеулері мен ер жол- дастарының отбасындағы психологиялық жағдайының респондентпен отбасындағы, не-

кедегі қатынаста не себепті ұрыстың болған- дығын анықтамас бұрын қорлық көрсеткен ер адамдардың психологиялық жағдайының әсерін анықтаған болатынбыз. Әңгіме етіліп жатқан 15 респонденттің ішінде бірнеше ре- спондент некелік және отбасылық қарым-қа- тынастарда күйеулерінің анасы (енесі) арала- суының негізінде көп жанжал болатындығын айтқан.

15 респонденттің тек 4-еуі ресми жұмы- старда істеген, олар: хатшы, заңгер, құрылыс- шы, аспазшы болып. 5 респондент ресми, жалданып ешқашан жұмыс істеп көрмеген. 6 респондент мал шаруашылық фермаларын- да сауыншы, аула тазалаушы болып уақытша жұмыс істеген.

Отбасы мен некелік қарым-қатынастар- дағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін зерттеу кезінде Алматы қаласында тұрмы- стық зорлық-зомбылық құрбандары көмек сұрап келетін Кризистік орталықта сұхбат жүргізу кезімізде көптеген әйелдер және олардың өмірінде болған қиын жағдайлармен таныстық. Отбасындағы, ерлі-зайыптылар

№3 гистограмма. Респонденттердің репродуктивтік денсаулықтары.

(9)

№1 кесте әйелдердің өздерінің тұрмыс құрмағанға дейінгі өздерінің отбасылары мен қа- рым-қатынастарын сипаттаулары.

Сұхбат атауының номері

Респондент бала кезін қа-

лай сипаттаған Респондент отбасы мен он- дағы қарым-қатынасты қа- лай сипаттаған?

Респонденттің анасының әкесімен қарым-қатынасы қандай болған?

№1 Әкесі есінде жоқ, бала кезін- де тастап кеткен. Анасы 3 рет тұрмыс құрған. Нағашы туыстары оны бала кезінде асырап алып, ұрып келген.

Әкесі және анасымен ара- ласпайды. Туыстарынан қашып кеткен, араласпай- ды.

Әкесі ішімдік ішіп анасын ұрып соққан.

№2 Ата-анасы оны 16 жасында Шымкент қаласының бай 42 жастағы ер адамға сатып жіберген.

Жағымды естеліктер.

Қаржы тапшылығынан әкесі қызын бай ер адамға сатып жіберген, әлі күнге дейін ата-анасымен сөйле- спейді.

Жағымды естеліктер.

№4 Жайсыз, екінші әкесі жы- ныстық қатынасқа итерме- леген. Анасы тастап кеткен.

Жайсыз, анасы тастап кет- кен, өгей әкесі қысым жа- саған, бауырларымен ара- ласпайды, туған әкесімен жиі араласпайды.

Туған әкесімен анасы -жан- жал, екінші жолдасымен анасы- ақша үшін бірге тұрған, үшінші күйеуі мен анасы жайсыз отбасы.

№5 Үйлері жоқ, барлығын са- тып жіберген. Әкесі ауыр науқас жұмыс істемейді, анасы мен балалары от- басын асырау үшін жан- жаққа кетіп қалған.

Жағымды естеліктер. Жағымды естеліктер.

№6 Жағымды естеліктер. Жағымды естеліктер. Жағымды естеліктер.

№7 Ата-анасы ажырасқан, өгей әкесі мен анасының 2 бала- сы бар. Ата-анасы ішімдік ішеді. Жағдайлары төмен.

Көп ұрысатын, ішімдік көп ішілген. Анасыда ішімдік ішетін.

Нашар, анасы респондент- ке тамақ бермей, оны жұ- мыс істеткізіп қоятын.

№8 Жағымды естеліктер. Жағымды естеліктер. Жағымды естеліктер.

№9 Жағымды естеліктер. Жағымды естеліктер. Жағымды естеліктер.

№11 Отбасында бақытсыз, себебі оны өгей анасы қинайты.

Бауырлары ұратын.

Өгей анасы мен оның 6 ба- ласы оны ұрып отырған, өз анасының 6 баласы онымен араласпай қойған.

Өз анасы 3 жасында қаза болған, әкесі анасының қа- засынан кейін бірден үй- ленген.

№13 Нашар отбасы, әкесінің көп әйелі болған, анасы-ауру.

Ата-анасы баласына қамқорлық көрсетпеген, 9 сыныпта оны ер адам зор- лап, жүкті қылған. Анасы қызын 10 сыныпқа келген- де үлкен ер азаматқа қы- зын тұрмысқа берген. Қы- зын қорғамаған ата-ана.

Ешкіммен араласпайды, ата-анасы да іздемейді, ешкімге керек емеспін деп ойлайды.

(10)

№16 Анасы бірнеше рет тұр- мысқа шығып, балаларын қарамайтын. Анасының психологиялық ауытқуы бар.

Әкесі қарапайым, анасы- ның бірнеше күйеуі мен көп балалары бар. Анасы балаларын ұрып, оларды еріктерінен тыс тұрмысқа беріп, сатып отырған.

Әкесімен қарым-қатына- сы әкесі қайтыс болғанға дейін жақсы болған. Ана- сымен қарым-қатынасы нашар.

№17 Жағымды естеліктер. Жағымды естеліктер. Жағымды естеліктер.

№21 Жағымды естеліктер. Жағымды естеліктер. Респондент ата-анасы ұнатпаған адамға тұр- мысқа шыққаннан кейін қыздарымен араласпай кеткен.

№14 Жағымды естеліктер. Жағымды естеліктер. Жағымды естеліктер.

№15 Әкесі жоқ, анасы ішімдік ішіп балаларын тастап кет- кен.

Жайсыз, әкесі түрмеде оты- рған, анасы ішімдік ішкен.

Әкесі түрмеде, анасы ішімдік ішкен, балалар 12 жасынан бастап жұмыс істеген, ішімдік ішкен.

№2 кесте, Респонденттердің заңды неке немесе азаматтық некедегі күйеулерін сипаттауы.

№13-сауалнамадағы респонденттің тұрақты күйеуі немесе жолдасы болмаған, бірнеше ер адаммен бірге тұрғандықтан жауаптары нақты емес.

Сұхбат атау-ның

номері

Нешінші жолдасы?

Жолдасымен қалай танысқан?

Күйеуі соттал-

ғанба?

Күйеуі мектептен

кейін оқу оқығанба?

Күйеуі зиянды заттарға әуеспе?

ҚАНДАЙ?

№1 3 Ғаламтор Иә Жоқ Ішімдік ішкен, жасы-

рын есірткі қолданған.

№2 1

42 жастағы ер азамат ре- спондентті ұнатып, ата-а- насынан сатып алған.

Иә Иә Жоқ

№4 2 Алып қашу, респондент-

тің келісімінсіз. Иә Жоқ. Ішімдік ішкен, жасы- рын есірткі қолданған.

№5 2 Алып қашу, респон-

дент-тің келісімінсіз. Жоқ Жоқ Ішімдік ішкен, жасы- рын есірткі қолданған.

№6 1 Алып қашу, респон-

дент-тің келісімінсіз. Жоқ Жоқ

Респонденттент жасы- рын ішімдік, синтетика- лық есірткі шеккен.

№7 2 Алып қашу, респон-

дент-тің келісімінсіз. Иә Жоқ Ішімдік ішкен, психоло- гиялық ауытқуы бар.

№8 1 Студент кезінде Жоқ Ғылым

докторы Жоқ

№9 2 Алып қашу, респон-

дент-тің келісімінсіз. Иә Жоқ Ішімдік, есірткі (геро- ин).

№11 1 Алып қашу, респон-

дент-тің келісімінсіз. Жоқ Жоқ Ішімдік, темекі.

(11)

№13

Тұрақты күйеуі, жолдасы

жоқ.

Әпкесі респондентті 50 жастағы малшымен таны- стырған.

Жоқ Жоқ Ішімдік, темекі.

№16 2 Айтылмады Айтыл-

мады Жоқ Айтылмады

№17 1 Бір университетте оқыған Жоқ Иә

Ішімдік ішкен. Шизоф- рения. Невроз аурула- ры бар.

№21 1 Бірге жұмыс істеген Жоқ Иә Жоқ

№14 1 Ғаламторда Иә Иә Жоқ

№15 2 Кездейсоқ Жоқ Жоқ Ішімдік, есірткі.

арасындағы әйелдерге қатысты жасалынатын зорлықты болдырмау кезінде көмектесетін немесе сондай әйелдерге кеңес айтып, иық тіресетін құрбылары не достары бар ма екен деп респонденттерге сұрақ қойған болатын- быз. Нәтижесінде тек 15 респонденттің, 13-і ғана өздерінің қиын өмірі туралы жайлы сы- рын айта алатын достары мен құрбыларының жоқтығын айтты, тек 2 респонденттің қолдау көрсететін достары бар екендігін айтты.

Қорытынды. Біз жоғарыда келтірген болжамдарымызды растап отырмыз. Біздің респонденттеріміз өздерін ұрып-соққан ер азаматтарымен айырылыса алмай отыр, ұры- стың соңында ер адамдар әрдайым балала- рында ұрып отырған, тұрмыстық зорлық-зом- былықтың құрбаны болып отырған әйелдер медициналық көмекке зәру.

Алматы қаласындағы қиын жағдайларға тап болған әйелдерге көмектесетін кризистік орталықтың мысалы негізінде жалпы Қа- зақстандағы тұрмыстық зорлықтың құрбаны

болып отырған барлық әйелдер жайлы айта алмаймыз. Дегенмен, Алматы қаласының мы- салы негізінде біз отбасы мен некелік, азамат- тық некедегі ерлер мен әйелдердің арасында болатын зорлық-зомбылықтың болу себеп- терін анықтай алдық.

Мақалада айтылған зерттеу жұмыстарын Қазақстан бойынша төтенше жағдай енгізіл- мей тұрып жүргізген болатынбыз, қазіргі кездегі БАҚ ақпараттарын талдау кезінде тұр- мыстық зорлық-зомбылық ісінің көбейген- дігін, тағыда ерлердің қолдарынан әйелдер зардап шегіп отырғандығын естіп отырмыз.

Төтенше жағдайдың енгізілуі отбасындағы әлеуметтік-психологиялық, отбасының пси- хологиялық климатын толық өзгертті. Сон- дықтан біздің тақырыпты әліде жаңа қырынан танытып зерттеуімізді сұрап тұр. Біздің мақ- сатымыз, Қазақстандық отбасы мен некелік қарым-қатынастағы әйел адамдарды тұрмы- стық зорлық-зомбылықтан сақтау және ондай жағдайларды алдын алу.

Әдебиеттер тізімі

1. Karmen А. Crime Victims: An Introduction to Victimology, Wadsworth Publishing, 2003.

2. Горшкова И. Д., Шурыгина И. И. Насилие против жен как проблема социологического анализа // Общество и гендер. Материалы летней школы. - Рязань, 2003.

3. Gondolf E., Fisher E. Wife battering // Case Studies in Family Violence. Ed. by R.Ammerman and M.Hersen . New York and London: Plenum Press, 1991.

4. Kaufman М. The Construction of Masculinity and the triad of Men’s Violence // Men’s Lives. Ed. by М.

Kimmel and M.Messner. New-York-Toronto: Makmillan publishing company, 1985.

5. Kimmel М. The Gendered Society. New York-Oxford: Oxford University Press, 2000.

(12)

6. Ритцер Г., Сепницкий Ж. Теории социологии. 100 новых учебников на казахском языке. - 2018.

7. Писклакова М., Синельников А. Между молчанием и криком // Насилие и социальные измене- ния. Теория, практика, исследования. - М., 2000, № 1. -С.4-46.

8. Coser L.A. The Functions of Social Conflict. London: Free Press of Glencoe, 1956.

9. Берковиц Л. Агрессия: причины, последствия и контроль. - СПб: Прайм Еврознак, 2001. – 512 с.

10. Садырова С. Ежедневно более 10 казахстанок подвергаются бытовому насилию [Электрон.ре- сурс]. 2018. URL: https://baigenews.kz/news/ezhednevno_bolee_10_kazahstanok_podvergautsya_bitovomu_

nasiliu/ (дата обращения: 5.05.2020).

References

1. Karmen А. Crime Victims: An Introduction to Victimology (Wadsworth Publishing, 2003).

2. Gorshkova I. D., Shurygina I. I. Nasilie protiv zhen kak problema sociologicheskogo analiza [Violence against women as a problem of sociological analysis], Obshhestvo i gender. Materialy letnej shkoly [Society and Gender. Summer School Materials] (Ryazan, 2003).

3. Gondolf E., Fisher E. Wife battering, Case Studies in Family Violence. Ed. by R.Ammerman and M.Hersen (Plenum Press, New York and London, 1991).

4. Kaufman М. The Construction of Masculinity and the triad of Men’s Violence, Men’s Lives. Ed. by М.

Kimmel and M.Messner (Makmillan publishing company New-York-Toronto, 1985).

5. Kimmel М. The Gendered Society (Oxford University Press, New York-Oxford, 2000).

6. Ritzer G., Sepnitsky J. Teorii sociologii. 100 novyh uchebnikov na kazahskom jazyke [Theories of sociology”, 100 new textbooks in the Kazakh language]. - 2018.

7. Pisklakova M., Sinelnikov A. Mezhdu molchaniem i krikom [Between silence and scream], Nasilie i social’nye izmenenija. Teorija, praktika, issledovanija [Violence and social change. Theory, practice, research], 1, 4-46 (2000).

8. Coser L.A. The Functions of Social Conflict (Free Press of Glencoe, London, 1956).

9. Berkovits L. Agressija: prichiny, posledstvija i kontrol’ [Aggression: causes, consequences and control]

(Prime Euroznak, Saint Petersburg, 2001, 512 p.).

10. Sadyrova S. Ezhednevno bolee 10 kazahstanok podvergajutsja bytovomu nasiliju [More than 10 Kazakhstani women are exposed to domestic violence every day] [Electron resource]. – 2018. Available at:

https://baigenews.kz/news/ezhednevno_bolee_10_kazahstanok_podvergautsya_bitovomu_nasiliu/ – internet sources (Accessed: 5.05.2020).

A.A. Baqytzhanova¹, G.T. Alimbekova², A.B.Shabdenova²

¹ Kazakh National Women’s Teacher Training University, Almaty, Kazakhstan

² Public Opinion Research Center (CIOM), Almaty, Kazakhstan

Results of a sociological study of domestic violence against women in the family relations (on the example of the Crisis center for women in Almaty)

Abstract. According to the UN Foundation, 400 women are killed every year as a result of domestic violence in Kazakhstan. For this reason, divorce rates are also increasing. There are thousands of cause of this social problem, and the social consequences can be burdensome for all social institutions if prevention measures are not currently studied and developed. For children who have seen their father beaten and humiliated in the family, this event becomes a “historical root” in the child’s memory. The Kazakh proverb about what you see from the nest, in interviews with our respondents, proved how the trace of their husbands’ childhood affected their family. Researchers say that children who have seen their mothers beaten by their fathers change their image of ‘mum’. Research on the topic has been conducted by the Public Opinion Research Center in December

(13)

2019. Analysis and processing of research materials have been conducted until the end of March 2020. The purpose of the research: to identify the causes of domestic violence against women in Kazakhstani families, based on cases of women seeking help from the crisis center in Almaty.

Key words: Crisis Center for women in the city of Almaty; Crisis center; Center for the Study of Public Opinion; quality method; domestic violence; violence against women in the family.

А.А. Бакытжанова¹, Г.Т. Алимбекова², А.Б. Шабденова²

¹Казахский национальный женский педагогический университет, Алматы, Казахстан

²Центр изучения общественного мнения, Алматы, Казахстан

Результаты социологического исследования проблемы насилия в семье в отношении женщин (на примере Кризисного центра для женщин города Алматы)

Аннотация. По данным Фонда ООН каждый год в нашей стране 400 женщин умирают от домашнего насилия. Также увеличивается число разводов.

Существует множество причин возникновения данной социальной проблемы, и если мы не изучать ее, не принимать соответствующие меры для ее предотвращения, то социальные последствия станут бременем для всех социальных институтов. У детей, которые выросли в семье, где их матери подвер- гались избиению и дискриминации со стороны отцов, эта история останется надолго в памяти, и не ясно, каковы могут быть последствия в сознании ребенка после пережитых фактов насилия. Исследова- тели утверждают, что у детей, которые видели, как отцы избивали их матерей, меняется образ «мамы».

Исследования по данной теме проводились Центром изучения общественного мнения в декабре 2019 года, анализ и обработка материалов исследования проводились до конца марта 2020 года. Цель нашего исследования: определить причины бытового насилия в отношении женщин в казахстанских семьях.

Анализ сделан на основе данных интервью с жертвами бытового насилия, обратившимися за помощью в Кризисный центр города Алматы.

Ключевые слова: Кризисный центр для женщин в городе Алматы, Кризисный центр, Центр изуче- ния общественного мнения, качественный метод, домашнее насилие, насилие в отношении женщин в семье.

Авторлар туралы мәлімет:

Бақытжанова А.А. – корреспонденция үшін автор, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық универси- теті «Әлеуметтану» мамандығының 1 курс магистранты, Әйтеке би көш., 99, Алматы, Қазақстан.

Алимбекова Г.Т. – әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, Қоғамдық пікірді зерттеу орталығының директоры, Жібек жолы көш., 54, Алматы, Қазақстан.

Шабденова А.Б. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, әлеуметтану және әлеуметтік жұ- мыс кафедрасының оқытушысы, PhD, Қоғамдық пікірді зерттеу орталығының жоба менеджері, Жібек жолы көш., 54, Алматы, Қазақстан.

Baqytzhanova A.A. – Corresponding author, The 1st year undergraduate in Sociology at Kazakh National Women’s Teacher Training University, Aiteke by str., 99, Almaty, Kazakhstan.

Alimbekova G.T. – Candidate Of Social Sciences, Director of CIOM, Zhibek Zholy str., 54, Almaty, Kazakhstan.

Shabdenova A.B. – Ph.D. in Sociology Lecturer of Sociology and Social Work Department, at Al-Farabi Kazakh National University, Project Manager of CIOM.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі кәмелетке толмағандарға қатысты қылмы- стық құқық бұзушылықтарға қатаң қылмыстық жауаптылық қарастырса да,

Алайда шетелдік оңалту бағдарламалары көбінде терапиялық бағыттағы психологиялық оңалту моделдері, яғни әрбір орталықтың отбасылық зорлық- зомбылықтың құрбаны

между Таким адаптацию образом, обучению можно следует рассматривать проблема эмоциональный постоянная фон могут как отношениеоснову

Атрибуты, подходящие для описания Алматы как туристской дестинации, были отобраны авторами на основе отзывов туристов, посетивших город в Интернете и

Рассмотрим историю становления и развития таможенной службы Горного Алтая, покажем вклад роли та- моженной службы в развитие торговли с Монголией, а также

in its work “Digital Diplomacy in World Politics”, digital diplomacy is seen as the widespread use of information and communication technologies, including new

Сравнительное изучение, к примеру, музыкальных инструментов ряда народов евразийского континента (тюркских, монгольских, иранских) принесет ощутимые

of Historical Sci., Prof., L.N.Gumilyov ENU, Nur-Sultan, Kazakhstan (international relations) Оl’ga Аvdeeva Doctor of Political Sci., Assoc.Prof., Loyola University, Chicago,