• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

The role of information and communication technologies in the diplomacy of modern Kazakhstan and China

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "The role of information and communication technologies in the diplomacy of modern Kazakhstan and China"

Copied!
8
0
0

Толық мәтін

(1)

К.Б. Мубашева*

Ж.О. Есеркепова

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Алматы, Қазақстан

*Корреспонденция үшін автор: kamila.mubasheva.97@mail.ru

Қазіргі Қазақстан және ҚХР дипломатиясындағы

ақпараттық-коммуникациялықтехнологиялардың рөлі

Аңдатпа. Бұл мақалада бүгінгі күні әлем елдерінің дипломатиялық қарым- қатынасын- дағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ролі жайында қарастырылады. Соның ішінде, Қазақстан мен ҚХР дипломатиясына басым назар аударылған. Сонымен қатар, мақалада бүгінгі таңда негізгі орынға ие болып отырған цифрлық дипломатияның халықаралық қатынастардағы жаңа тенденциялары айтылады. Автор бұл мақалада ҚР мен Қытай мемлекеттері аясында қазіргі кезеңдегі дипломатиялық қызметті ақпа- раттық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері мен әдістерін талдауға тырысады. 2000 жылғы 22 шілдеде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері бекіткен жаһандық ақпараттық қоғам Окинава Хартиясында

«ақпараттық-коммуникациялық техноло- гиялар ХХІ ғасырдағы қоғамның қалыптасуына әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады» делінген. Ал Қытай билігі интернет пен заманауи ақпараттық-ком- муникациялық технологияларды тек қарсылас мемлекеттерді тежеу құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар елдің халықаралық аренада оң имиджін қалыптастырудың та- маша мүмкіндіктері ретінде пайдаланады. ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Ақпараттық агенттігі жанынан интернет-насихат жөніндегі арнайы Әкімшілік бюро құрылған. Ол интернеттегі мемлекеттік үгітті басқарып, үйлестіруші ролін атқарады.

Түйін сөздер: дипломатия, ақпараттық-коммуникациялық технология, ҚХР, Қа- зақстан, цифрлік дипломатия, халықаралық саясат, интернет.

DOI:https://doi.org/10.32523/2616-6887/2021-134-1-23-30 Түсті: 16.02.2021 / Жарияланымға рұқсат етілді: 15.03.2021

Кіріспе

ХХІ ғасыр «ақпарат ғасыры» деп айтуға болады. Ақпараттық технологиялардың дамуына негізделген ақпараттық революция, ақпараттың жылдамдығы мен көлемі бұрын- соңды болмаған жағдайда алға жылжуда.

Қазіргі жаһандану және жаңа халықаралық ақпарат тәртібінің пайда болу жағдайында белгілі ағылшын философы Фр. Бэконның бірнеше ғасыр бұрын айтқан «ақпаратқа ие – әлемге ие» деген сөзі жаңа мәнге ие

болуда. Осыған орай, бүгінгі күні «цифрлі дипломатия» тұжырымдамасы пайда болып, интернеттің жаңа мүмкіндіктерін дипломаттар мен мамандар пайдалануда.

Сондықтан, қазіргі Қытай мен ҚР ғаламдық және аймақтағы басым бағыттарын айқындау және олардың дипломатиядағы ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайда- лануы тараптар арақатынасының болашақ- тағы дамуына баға беруге мүмкіндік береді.

Ақпараттық-коммуникациялық технология- лардың пайда болуымен байланысты

(2)

халықаралық қатынастардағы саяси және экономикалық мәселелерді жан-жақты қарастыру қажеттілігімен анықталады.

Интернеттің дамуы арнайы «виртуалды саясаттың» пайда болуына ықпал етеді.

Ал ақпараттық қайшылықтар әлемдік саясаттың маңызды құрамдас бөлігіне айналуда. Халықаралық қатынастар жүйесін трансформациялау барысында азиялық аймаққа көбірек көңіл бөлінеді.

Тиісінше, Азия және жетекші азиялық держава ретінде Қытайдың геосаяси кеңістігі ауқымды ақпараттық қақтығыстардың өрісіне айналуда. «Қоғамдық дипломатия»

шеңберінде үш негізгі бағыт бар: әртүрлі хостингтік сайттарда (мысалы, YouTube-да), микроблогтарды пайдалану (мысалы, Twitter) және әлеуметтік желілерде (мысалы, Facebook- де) ақпаратты орналастыру. Бұл салалар ең алдымен сыртқы саясат ведомстволарымен және тиісті мекемелермен, жеке саяси көшбасшылармен және жетекші бұқаралық ақпарат құралдарымен қолданылады.

Көптеген елдердің елшіліктері Facebook әлеуметтік желісінде өзінің профильдерін қолданады, осылайша олар жұмыс істейтін елдердің азаматтарымен байланыс орната алады. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында

«ақпарат», «ақпараттық технологиялар»,

«ақпараттық соғыс», «кибер-кеңістік»,

«электрондық үкімет» және т.б. түсініктер жиі пайдаланылуда.

Мақаланы жазудағы негізгі мақсат – Қазақстан және ҚХР дипломатиясындағы ақпараттық-коммуникациялық технология- лардың рөлі мен орнын зерттеп, талдау жасау болып табылады. Мақаланы жазу барысында көзделген мaқсaтқа жету үшін төмендегідей мiндeттeр қойылды:

- қазіргі кездегі дипломатия саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ролін айқындау;

- ҚХР мен Қазақстанның дипломатия- сында ақпараттық-коммуникациялық техно- логиялардың қалыптасуын зерттеу;

- Бүгінгі күні орын алып отырған ҚХР- ның халықаралық қатынастардағы ақпараттық қауіпсіздік мәселесін қарастыру.

Зерттеу әдістері

Бұл мақаланы жазу барысында жинақтау, салыстыра зерттеу әдістері мен талдау тәсілі қолданылды. Сонымен қатар, кеңінен қолданылатын тарихи-салыстырмалы және жүйелеу әдістері де зерттеу жұмысына арқау болды. Бұл әдістер ҚХР мен ҚР қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар тұрғысында дамуы мен ҚХР- дың дипломатиялық стратегиясын, басым бағыттарын жүйелі түрде айқындауға мүмкіндік береді.

Жалпы ақпараттық қоғам халықаралық саяси жағдайда қажетті компонент болып табылады. ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту XX ғ.соңы-ХХІ ғ.

ғылым мен техниканың дамуындағы маңызды жетістіктердің бірі болды. Осы жағдай халықаралық қатынастардағы қолданбалы мәселелердің пайда болуына әкелді.

«Цифрлі дипломатия» терминін алғаш рет АҚШ-та ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға жауапты американдық агенттіктер сыртқы саясатқа байланысты бұқаралық коммуникациялар үшін жаһандық желідегі «жаңа медиа»:

әлеуметтік желілер, блогтар және басқа да медиа-платформалар белсенді түрде қолданыла бастады [1, 222 б.]. Соңғы жылдары сыртқы саясат тәжірибесі үлкен өзгеріс үстінде, яғни Интернет заманауи дипломатияға жаңа өмір сыйлады.

Министрлер, елшілер, дипломаттар бұқаралық ақпарат құралдарын халықпен өзара әрекеттесу үшін жиі пайдалануда.

Сонымен қатар, бүгінгі күні интернет өз пікірлерін білдіретін платформаға айналуда.

Іс жүзінде барлық министрліктерде дамыған осындай жағдай ҚХР мен Қазақстанда да бар. Бұл заманауи дипломатияның нысаны мемлекеттік халықаралық саясатты жүзеге асырудың жаңа мүмкіндіктері, сонымен қатар оның қатысушыларына ерекше талаптар қойып отыр.

Қытайдың дипломатиясы мен ондағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы мәселесіне

(3)

Чжао Хунвэй [2], Чжао Цичжэн [3] сынды т.б. қытайлық ғалымдар өз зерттеулерін арнап, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың даму мәселелерін қарастырған деп айтуға болады. О с ы мәселені зерттеуде отандық зерттеушілер де өздерінің үлестерін қосқан. Зерттеу жұмысы бойынша еңбектер қатарындағы Қазақстан- Қытай байланыстары мәселелерін қазіргі Президентіміз Қ.К. Тоқаевтың «Дипломатия Республики Казахстан» т.б. еңбектерінен біле аламыз. Ал Қ. Сұлтановтың «Реформы в Казахстане и Китае» - Астана: Елорда,

2000. сынды зерттеулерінде Қазақстан мен

Қытай арасындағы екіжақты байланыстың қалыптасуы мен дамуы т.б. қарастырып, олардың болашағы жөнінде сөз қозғайды.

Сонымен қатар, белгілі қытайтанушы ғалым Н.

Мұхаметханұлының қазақ-қытай қатынастары бойынша «Қытайдың сыртқы саясаты және Қазақстанмен қатынасы (2000-2010 жж.)» атты зерттеу еңбектері, А.Х. Арыстанбекованың

«Дипломатия в современном мире» А., 2019., А.А. Провоторова [4] т.б. зерттеулерін айтып кеткен жөн.

Ал ресейлік ғалымдардан Н.А.

Кошурникова, А.И. Смирнов, Ю.М. Галенович, М.А. Эпова, И.В. Сурма, Б.Х. Бахриев т.б.

қазіргі кездегі дипломатияға, оның түрлеріне, қазіргі дипломатияның қоғамдағы өзгерісіне, әсіресе ҚХР қазіргі дипломатияның орны мен роліне, ҚХР саясатының экономикалық факторына, ақпараттық-технологиялық дамуына өз зерттеулерін арнаса, О.Д.

Исмагилова, К.Р. Хаджи қазіргі пандемия жағдайындағы халықаралық қатынастар жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың роліне тоқталып кетеді.

Талқылау нәтижелері

Қазіргі таңда дипломатиядағы ақпараттық- коммуникациялық технологиялар мәселесі- нен Азия елдері де қалыс қалған жоқ.

Қытайдың, АСЕАН және басқа елдердің сыртқы саясатын зерттеу барысында дәстүрлі дипломатияның әдістері өзекті мәселелерді шешу үшін жеткіліксіз. Қытайдың сыртқы

саясат мамандары «жұмсақ күш» саясаты арқылы технологияларына батыстық әсерді шебер қолдана отырып, цифрлі дипломатияның әлеуетін сыртқы саяси мәселелерді шешу үшін ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың тиімділігін пайдалануды бағалауда [5].

Қытайдың Батыс ақпарат алмасу қызметтері арасында танымал болғанына қарамастан, QQ (ICQ аналогы), Sina Weibo (Twitter ұқсас), WeChat (WhatsApp, Viber), Renren (Facebook) және т.б. ұлттық әлеуметтік желілер мен жедел хабар таратушылар аудиториясын кеңейту үшін Қытай мұндай бағдарламалардың шет тіліндегі нұсқаларын жариялау әдісін шығарды. Соның ішінде WeChat 15 тілде қол жетімді. Көптеген репосттардан, қытайлық бұқаралық ақпарат құралдарынан, ҚКП және Сыртқы істер министрлігінен тұтынушылар көп тұтынатын әлеуметтік және саяси ақпараттардың қажетті ақпараттың жылдам жариялануын, жариялауға арналған мобильді қосымшалардың саласын белсенді түрде зерттеп жатыр [6, 282 б.]. Ал интернеттің көмегіне сүйене отырып, ҚХР қытай позициясының таралуына елеулі үлес қосады.

Өз кезінде ҚХР әйгілі мемлекеттік қайраткері Чжоу Энлай: «Барлық дипломатия - соғысты басқа тәсілмен жалғастыру көзі. Гибридті технологиялар, нақты қару мен «арнайы күштер» арқылы ұрыс қимылдарының заманауи әдістерін ескере отырып, жалпыұлттық жұмылдыру және ұлттық дипломатиялық қызметті толық көлемде жаңғырту қажет» деген болатын.

Интернетте Қытайдың өзіндік «әскері»

бар, олар онлайн-сөйлесулерге үстемдік жасау үшін үйде және шетелде қоғамдық пікірді қалыптастыру үшін құрастырылған.

Елде 300 мыңға жуық адам жұмыс істеп, олар үкіметтік желіні ілгері жылжытады, форумдар, веб-сайттар және блогтар туралы тиісті ақпаратты орналастырады. Үкімет мұндай «киберәскерлерді» қолдайды.

Өйткені, олар өз кезегінде шетелдік форумдарда белсенді жұмыс істейді, Қытай туралы кез-келген теріс ақпаратқа қарсы тұрады. Сондай-ақ, бұл стратегия «Қытай

(4)

арманы» жаңа идеологиялық құрылымын тарату үшін қолданылуда. Бұл пайда болған ақпараттық кеңістік тек қана Пекиннің ғана емес, сонымен бірге бәсекелестерінің сандық дипломатия технологияларын енгізу мүмкіндігін тудырады. Қытайдағы батыс елінің елшіліктері қытай әлеуметтік желілерінде (Weibo, Wechat) топтар құрып, қоғаммен диалог жүргізеді. Интернет үкімет үшін жаңа мүмкіндіктер ашуды. Батыс үкіметтері азиялық аудиториямен байланысу үшін әлеуметтік медианы пайдаланады.

Интернетті пайдаланушылардың 45%-ы Азияда тұрады. Дипломаттар үшін бұл азиялық мемлекеттердің өміріне қатысуға тамаша мүмкіндік болып табылады. Ішкі ақпараттық кеңістікті қорғауда қытай билігі

«қатал» (белгілі бір сайттар мен әлеуметтік желілерге кіруді тоқтату, негізгі сөздер бойынша мазмұнды бұғаттау, анонимді пайдаланушыларды қоспағанда) және «епті»

(қарсы пропагандалық) әдістерді қолданады.

Дегенмен, кей интернет ресурстарын пайдалануға тыйым салуға қарамастан, Қытай да цифрлі дипломатияның дамуына өз үлесін қосады. Қытай билігі ҚХР шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының үстемдігін мойындайды. Қытайдың дипломатиясы көбіне қорғаныс сипатына ие [7, 85 б.].

Қытай сенімсіз интернет-технологияларды жекеөзінің жүйесіменалмастыру бағытындағы стратегияны қалыптастыруды жалғастыруы керек деп ҚХР басшысы Си Цзиньпин осындай ұсыныс көтерген болатын. «Біз жан-жақты қорғалған және өзіміздің тарапымыздан қадағаланатын ақпараттық технологияларды құру мен өндіру бағытындағы жұмыстарды жеделдетуіміз керек»,-деді Си Цзиньпин.

Оның сөзінше, Қытай бұл бағытта қазірдің өзінде қарышты қадамдар жасап үлгерді. 1998 ж. үкімет халық қорғанысын ойлап, «Алтын қорғаныс» жобасын өңдеуге жол ашты.

Алайда, жоба 2003 ж. ғана жұмысын бастады.

Жобаның ең маңызды функциясы ұятсыз заттар мен саяси қателіктерді болдырмау.

Сайттарды блоктау критерилері әрқашан өзгеріп, дамуда. Қазір интернетте үкімет

пен халық арасында байланыс орнату үшін, дәстүрлі мәселелерден үкіметтің назарын аудару және халықтың өзекті мәселелеріне назар аудару үшін көптеген мүмкіндік бар.

Цифрлі дипломатия құралдарын пайдалану арқылы Азия елдеріндегі қоғамдық дипломатия деңгейі одан әрі өседі деген ой қорытамыз.

Ал, ҚР дипломатиялық қарым- қатынасының қалыптасуы бойынша Тәуелсіз Қазақстанның нығаюында сыртқы саясат маңызды рөл атқарады. 1992 ж. алғашқы айлары Қазақстанның жас дипломатиясы буынының жасақталуы сияқты оқиғамен байланысты болды. Ал қазіргі өз еліміздегі цифрлі дипломатияның жағдайына келер болсақ, сандық дипломатия рейтингісінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде көшбасшылардың қатарына кіреді.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстан Ресейден кейінгі орынға шықты. Бұл жағдайда сандық дипломатияның жоғарғы рейтингісін Ұлыбритания мен АҚШ иеленеді. Ал соңғы орындарда Маршалл аралдары, Палау және Жаңа Гвинея секілді елдер иеленеді.

Әлемдік рейтинг бойынша елдердің СІМ интернеттің және әлеуметтік желілердің пайдалану сапасы бағаланады. Осылайша, Қазақстан әлем бойынша тізімде 38-орынды иеленіп, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан Норвегия секілді т.б. елдерді артта қалдырды. Қазақстанның елдің имиджін және қоғамдық дипломатиясын дамытуға әрекеттері мемлекеттік деңгейге байланысты [8, 114 б.]. Мысалы, қазақстандық дипломатия бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды қадамдар жасады. Біріншіден, бұл Азия елдеріндегі өзара сенімсіздікті азайту үшін 1992 ж. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңестің құрылуы болды.

Бүгінгі әлемге цифрлық технологиялар өз әсері мен рөлін жоғарылатуда. Ұзақ уақыт бойы «электрондық үкімет», «электрондық коммерция», «электрондық партия» сияқты т.б. ұғымдар қалыптасты. Мұның бәрі

(5)

осындай технологиялық инновациялардың дипломатиялық салада қалыптасқандығын көрсетеді, сондықтан «электрондық елшілік»

және «электронды консулдық» құру мәселесін зерттеу керек. Бұл инновациялық жобалар қаржылық шығындарды айтарлықтай оңтайландырып, клиенттерге қызмет көрсетудің тиімділігі мен жылдамдығын арттырады және дипломатиялық миссиялардың сапасы мен тиімділігін арттырады. Сенімді және объективті ақпаратты алу, сондай-ақ зерттеу мәселелерін тиімді зерттеу үшін қабылдаушы елде де, Қазақстанда да мамандандырылған дөңгелек үстелдер мен конференциялар ұйымдастыру арқылы сарапшылардың бірлескен жұмысын ұйымдастырудың дәлелденген әдісін пайдалану қажет[9].

Ал, бүгінгі күні орын алып отырған COVID-19 пандемиясының таралуы, сөзсіз халықаралық сауда-экономикалық қатынастарға айтарлықтай әсер етуде.

Елдер арасындағы көптеген дипломатиялық кездесулер мен бизнес-процестерді тоқтатып және жаңа технологиялық шешімдерге сұранысты арттырады. Іс-шараларды өткізуде онлайн-конференциялардың баламалары көмектесті,бірақтехнологиялықиндустриялар жеке бизнес мүмкіндіктерін жіберіп алу салдарынан осындай жаңартылған кезеңнен зардап шегуі мүмкін. Себебі, конференцияға қатысушылар жеке кездесулердегідей мүмкіншіліктерге ие бола алмайды.

Коронавирустың таралуына байланысты көптеген қызметкерлер қашықтан жұмыс істеуге ауысқанда Microsoft Teams, Google

Hangouts және Zoom сияқты корпоративті

телеконференциялар құралдарына көбірек сенім артты. Эпидемияның елдер арасындағы дипломатия, экономикаға ауыр әсер етіп, жаһандық экономикалық модель біртіндеп жаңа жағдайларға бейімделе бастағанына қарамастан, әлемдік экономиканың қалпына келуі баяу қарқынмен жүруде [10, 60 б.].

Пандемия кезінде «Бір белдеу - бір жол»

бастамасы тек Қытай мен басқа елдер арасындағы байланыс емес, сонымен қатар

дамыған және дамушы елдер арасындағы әлемдік қаржы тепе-теңдігіне ықпал етеді.

COVID-19 пандемиясы «Бір белдеу - бір

жол» бастамасын жан-жақты жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашты. Мысалы, «Цифрлық Жібек Жолы» және «Салауатты Жібек Жолы» жобалары пайда болды. Әлеуметтік оқшаулаудың күшеюі жағдайында оқыту мен жұмысқа деген көзқарас өзгеріп, онлайн режимінде білім алуға, онлайн- семинарлар және онлайн-кездесулерге сұранысты туындатты. «Цифрлық Жібек Жолы» интернетке қосылуды жақсартып, халықаралық электрондық коммерция нарығындағы кедергілерді төмендету арқылы әлемдік экономиканың қалпына келуіне үлкен қолдау көрсетеді деп күтілуде.

Сонымен, зерттеу нәтижелеріне талдау жасай отырып, қазіргі дипломатияда ақпараттық-коммуникациялық технология- лардың ролі басым екендігіне, ол сала біздің еліміз Қазақстан мен ҚХР-ның да қазіргі дипломатиясына әлемдегі алдыңғы қатарлы инновациялық жағынан дамыған озық елдердің қатарына кіріп, бүгінгі күннің талабынан қалыс қалмау үшін қажет екендігін түсінуге болады.

Қорытынды

Қорытындылай келе, жалпы XXI ғасыр негізінен ақпараттық технологияның даму жылдамдығына және көлеміне бұрын-соңды болмаған жаңа технологияларды дамытуға негізделген ақпараттық айналым деп аталады.

Қазіргі күні орын алып отырған ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың алға басуыныңобъективті алғышарттарыбар екенін ұмытпау керек. Дипломатиядағы ақпараттық- коммуникациялық технологиялар бүгінде жаңа сала болғанымен бірақ ол даму үстінде.

Сондықтан, өзге елдердегі секілді Қазақстан мен ҚХР дипломатиясы бойынша интернет мүмкіндіктері ел үкіметі мен тұрғындар арасындағы байланыс алаңына айналуға, үкіметтің назарын дәстүрлі мәселелерден алшақтатуға және халықтың көкейтесті мәселелеріне назар аударуда көмектеседі.

(6)

Әдебиеттер тізімі

1. Сурма И. В. Цифровая дипломатия в глобальной политике // Электронный вестник. Государ- ственное управление. - 2015. - № 49. - С. 221-243.

2. Чжао Хунвэй. Китайская дипломатия в контексте процессов взаимовлияния и соперничества в Восточной Азии // Аналитические записки – 2007. [Электрон.ресурс]. – 2011. – URL: http://mgimo.ru/files2/

y12_2011/216759/az-21 (дата обращения: 20.01.2021).

3. Чжао Цичжэн. Публичная дипломатия и коммуникация между странами / Чжао Цичжэн. - Пе- кин: Изд-во Пекинского народного университета, 2011. - 222 с.

4. Провоторова А.А. Риски и угрозы цифровой дипломатии // Вестник КазНПУ им. Абая. Серия Международные отношения - 2016. - С. 45-50.

5. Эпова М.А. Цифровая дипломатия в странах Азии // Политика, государство и право. [Электрон.

ресурс]. – 2015. – URL: http://politika.snauka.ru/2015/01/2289 (дата обращения: 07.02.2021).

6. Кошурникова Н.А. Особенности информационной политики современного Китая // Китай:

история и современность: материалы IX междунар. науч.-практ. конф. Екатеринбург, 21–23 октября, 2015 г. - Екатеринбург: Издательство Уральского университета, 2016. - С. 279–284.

7. Галенович Ю.М. Войны Нового Китая и его дипломатическая служба / Ю. М. Галенович. Москва:

Восточная книга, 2012. - 640 с.

8. Бахриев Б.Х. Роль механизмов публичной дипломатии в развитии международного сотрудни- чества государств Центральной Азии. [Электрон.ресурс]. – 2019. – URL: https://mgimo.ru/upload/diss/2019/

bahriev-diss.pdf - 240 с. (дата обращения: 10.12.2020).

9. Смирнов А. И. Современные информационные технологии в международных отношениях / А.

И. Смирнов. - Москва: МГИМО, 2017. - 334 с.

10. Хаджи К. Р. Исмагилова О. Д. Информационно-коммуникационные технологии в международ- ной торговле в условиях пандемии. // Мониторинг экономической ситуации в России тенденции и вызо- вы социально-экономического развития: Институт экономической политики им. Е. Т. Гайдара, Россий- ская академия народного хозяйства и государственной службы при Президенте РФ. - Москва, 2020. - C.

59–72.

К.Б. Мубашева, Ж.О. Есеркепова

Казахский университет международных отношении и мировых языков им. Абылай хана, Алматы, Казахстан

Роль информационно-коммуникационных технологий в дипломатии современного Казахстана и КНР

Аннотация. В этой статье обсуждается роль информационных и коммуникационных технологий в дипломатических отношениях в современном мире. В частности, особое внимание было уделено дипло- матии Казахстана и Китая. Кроме того, в статье освещаются новые тенденции цифровой дипломатии в международных отношениях, которые сегодня набирают силу. В данной статье автор пытается про- анализировать основные задачи и методы информационного обеспечения дипломатической службы в контексте Казахстана и Китая на современном этапе. Хартия глобального информационного обще- ства на Окинаве, ратифицированная постоянными членами Совета Безопасности ООН 22 июля 2000 г., гласит, что «информационные и коммуникационные технологии являются одним из наиболее важных факторов в формировании общества в 21 веке». Китайские власти используют интернет и современные информационно-коммуникационные технологии не только как средство сдерживания соперничающих государств, но и как прекрасную возможность создать положительный имидж страны на международ- ной арене. При Информационном агентстве Государственного совета Китайской Народной Республики создано специальное административное бюро интернет-пропаганды. Он управляет и координирует го- сударственную пропаганду в интернете.

Ключевые слова: дипломатия, информационно-коммуникационные технологии, КНР, Казахстан, цифровая дипломатия, международная политика, интернет.

(7)

K.B. Mubasheva , Zh.O. Yesserkepova

Kazakh Ablai khan University of International Relations and World Languages, Almaty, Kazakhstan

The role of information and communication technologies in the diplomacy of modern Kazakhstan and China

Abstract. This article discusses the role of information and communication technologies in diplomatic relations in the modern world. In particular, special attention was paid to the diplomacy of Kazakhstan and China. In addition, the article highlights new trends in digital diplomacy in international relations that are gaining momentum today. In this article, the author tries to analyze the main tasks and methods of information support of the diplomatic service in the context of Kazakhstan and China at the present stage. The Charter for a Global Information Society in Okinawa, ratified by the permanent members of the UN Security Council on July 22, 2000, states that «information and communication technologies are one of the most important factors in shaping society in the 21st century.» The Chinese authorities use the Internet and modern information and communication technologies not only as a means of deterring rival states, but also as an excellent opportunity to create a positive image of the country in the international arena. Under the Information Agency of the State Council of the People’s Republic of China, a special administrative office for Internet propaganda has been established. He manages and coordinates government propaganda on the Internet.

Key words: diplomacy, information and communication technologies, China, Kazakhstan, digital diplomacy, international politics, Internet.

References

1. Surma I.V. Tsifrovaya diplomatiya v global’noy politike [Digital Diplomacy in Global Politics]

Elektronnyy vestnik. Gosudarstvennoye upravleniye. [Electronic bulletin. Public Administration.], No. 49, 221 - 243(2015). [in Russian]

2. Zhao Hongwei. Kitayskaya diplomatiya v kontekste protsessov vzaimovliyaniya i sopernichestva v Vostochnoy Azii [Chinese diplomacy in the context of processes of mutual influence and rivalry in East Asia]

Analiticheskiye zapiski [Analytical notes], Available at: http://mgimo.ru/files2/y12_2011/216759/az-21 (accessed 20.01.2021). [in Russian]

3. Zhao Qizheng. Publichnaya diplomatiya i kommunikatsiya mezhdu stranami [Public diplomacy and communication between countries] (Izd-vo Pekinskogo narodnogo universiteta, Beijing, 2011, 222 p.). [in Chinese].

4. Provotorova A.A. Riski i ugrozy tsifrovoy diplomatii [Risks and threats of digital diplomacy] Vestnik KazNPU im. Abaya. Seriya Mezhdunarodnyye otnosheniya [Bulletin of KazNPU named after Abay. Series International Relations], Almaty, 2016. P. 45-50. [in Russian]

5. Epova M.A. Tsifrovaya diplomatiya v stranakh Azii [Digital diplomacy in Asian countries] Politika, gosudarstvo i pravo [Politics, state and law], Moscow, 2015. No. 1. Available at:http://politika.snauka.

ru/2015/01/2289 (accessed 07.0.2021). [in Russian]

6. Koshurnikova N.A. Osobennosti informatsionnoy politiki sovremennogo Kitaya [Features of the information policy of modern China] Kitay: istoriya i sovremennost’: materialy IX mezhdunar. nauch. -prakt.

konf. [China: history and modernity: materials of the IX international. scientific-practical conf.] Yekaterinburg, October 21-23, 2015 - Yekaterinburg: Izdatel’stvo Ural’skogo universiteta, [Publishing House of the Ural University] Yekaterinburg, 2016. - P. 279-284. [in Russian].

7. Galenovich Yu.M. Voyny Novogo Kitaya i yego diplomaticheskaya sluzhba [Wars of New China and its diplomatic service], (Vostochnaya kniga, Moscow, 2012, 640 p.). [in Russian].

8. Bahriev B.Kh. Rol’ mekhanizmov publichnoy diplomatii v razvitii mezhdunarodnogo sotrudnichestva gosudarstv Tsentral’noy Azii [The role of public diplomacy mechanisms in the development of international cooperation between the Central Asian states], Moscow, 2019, https://mgimo.ru/upload/diss/2019/bahriev-diss.

pdf (accessed 10.12.2020). [in Russian]

9. Smirnov A.I. Sovremennyye informatsionnyye tekhnologii v mezhdunarodnykh otnosheniyakh [Modern information technologies in international relations] (MGIMO, Moscow, 2017, 334 p.). [in Russian]

(8)

10. Khadzhi K.R. Ismagilova O.D. Informatsionno-kommunikatsionnyye tekhnologii v mezhdunarodnoy torgovle v usloviyakh pandemii [Information and communication technologies in international trade in a pandemic], Monitoring ekonomicheskoy situatsii v Rossii tendentsii i vyzovy sotsial’no-ekonomicheskogo razvitiya: Institut ekonomicheskoy politiki im. Ye.T. Gaydara, Rossiyskaya akademiya narodnogo khozyaystva i gosudarstvennoy sluzhby pri Prezidente RF. [Monitoring the economic situation in Russia, trends, and challenges of socio-economic development: Institute of Economic Policy named after E.T. Gaidar, Russian Academy of National Economy and Public Administration under the President of the Russian Federation], - Moscow, 2020. - P. 59-72. [in Russian].

Авторлар туралы мәлімет:

Мубашева Камила Бейбитовна – 2 курс магистранты, Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қа- тынастар және әлем тілдері университеті, Алматы, Қазақстан.

Есеркепова Жанар Онгаровна – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Абылай хан атындағы Қа- зақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Алматы, Қазақстан.

Mubasheva Kamila Beibitovna – The 2nd year master’s student, Kazakh Ablai khan University of International Relations and World Languages, Almaty, Kazakhstan.

Eserkepova Zhanar Ongarovna – Candidate of Historical Sciences, Associate Professor, Kazakh Ablai khan University of International Relations and World Languages, Almaty, Kazakhstan.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

The article analyzes aspects of cultural diplomacy in the framework of humanitarian cooperation between France and Kazakhstan, their importance in establishing diplomatic

Моральдық білім беруді әр ғалым түрлі бағытта зерттеп, қоғамтану, психология, педагогикалық білім беру және дінтану ғылымдарымен байланыстыра зерттеп,

One of the priorities of UNESCO is the development of regional cooperation in the field of education in all regions of the world community.. In recent decades, the organization

Thus, the extracurricular activities of the university with the active participation of various student organizations is an important tool for the education and development

in its work “Digital Diplomacy in World Politics”, digital diplomacy is seen as the widespread use of information and communication technologies, including new

of Political Sci., Assoc.Prof., L.N.Gumilyov ENU, Nur-Sultan, Kazakhstan (political science) Shakir Ibrayev Doctor of Philology, Prof., L.N.Gumilyov ENU, Nur-Sultan, Kazakhstan

of Political Sci., Assoc.Prof., L.N.Gumilyov ENU, Nur-Sultan, Kazakhstan (political science) Shakir Ibrayev Doctor of Philology, Prof., L.N.Gumilyov ENU, Nur-Sultan, Kazakhstan

2007 жылы ҚХР мен РФ арасында көптеген салаларда екіжақты байланыстар кү- шейіп, наурыз айында ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао Ресейдегі Қытай жылын атап өту