• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Silk road economic belt and national development strategies

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "Silk road economic belt and national development strategies"

Copied!
26
0
0

Толық мәтін

(1)

ISSN (Print) 2079-620Х ISSN (Online) 2617-5193

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ХАБАРШЫСЫНЫҢ

ЭКОНОМИКА СЕРИЯСЫ ECONOMIC SERIES

OF THE BULLETIN OF L.N. GUMILYOV ENU

ЭКОНОМИЧЕСКАЯ СЕРИЯ ВЕСТНИКА ЕНУ ИМЕНИ

Л.Н. ГУМИЛЕВА

№ 3•2019

2010 жылдан бастап шығады Издается с 2010 года

Founded in 2010

Жылына 4 рет шығады Выходит 4 раза в год Published 4 times a year

Нұр-Сұлтан, 2019 Нур-Султан, 2019 Nur-Sultan, 2019

(2)

Бас редакторы С.Б. Мақыш э.ғ.д., профессор (Қазақстан)

Бас редактордың орынбасары А.М. Бакирбекова, э.ғ.к., доцент (Қазақстан) Редакция алқасы

Акимова Б. Ж. э.ғ.к., доцент (Қазақстан) Алибекова Б.А. э.ғ.к., доцент (Қазақстан) Аманова Г. Д. э.ғ.к., доцент (Қазақстан) Арын Е. М. э.ғ.д., проф. (Қазақстан) Байжолова Р.А. э.ғ.д., проф.(Қазақстан) Бейсенова Л.З. э.ғ.к., доцент (Қазақстан) Дуйсембаев А. А. э.ғ.к., доцент (Қазақстан) Егембердиева С.М. э.ғ.д., проф. (Қазақстан) Есенова Г. Ж. э.ғ.к., доцент (Қазақстан) Кирдасинова К.А. э.ғ.к., доцент (Қазақстан) Кучукова Н.К. э.ғ.д., проф. (Қазақстан) Лавровский Б.Л. э.ғ.д., проф. (Ресей) Мадиярова Д.М. э.ғ.д., проф. (Ресей) Майдырова А.Б. э.ғ.д., проф. (Қазақстан) Муталиева Л.М. э.ғ.к., доцент(Қазақстан) Мухияева Д. М. PhD, доцент м.а. (Қазақстан) Никифорова Е.В. э.ғ.д., проф.(Ресей)

Палешкевич Д. PhD, проф. (Польша) Петрова М. PhD, доцент (Болгария) Санг Кю Ли PhD, проф.(Оңтүстік Корея) Сембиева Л.М. э.ғ.д., проф. (Қазақстан) Сидорович А.В. э.ғ.д., проф. (Ресей) Сыздыкбаева Б.У. э.ғ.д., проф. (Қазақстан) Толысбаев Б.С. э.ғ.д., проф. (Қазақстан) Урузбаева Н.А. э.ғ.д., проф. (Қазақстан) Шалболова У.Ж. э.ғ.д., проф. (Қазақстан)

Шаш Н.Н. э.ғ.д., проф. (Ресей)

Редакцияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Сәтпаев к-сі, 2, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 402 б.

Тел.: +7(7172) 709-500 (ішкі 31-357) E-mail: vest_econom@enu.kz Жауапты хатшы, компьютерде беттеген:

Қ.Ж. Жұмабекова Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысының экономика сериясы

Меншіктенуші: ҚР БжҒМ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігімен тіркелген. 18.02.14ж.

№ 14171-Ж -тіркеу куәлігі Мерзімділігі: жылына 4 рет.

Тиражы: 25 дана

Типографияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Қажымұқан к-сі,13/1, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

тел.: +7(7172)709-500 (ішкі 31-357)

© Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

(3)

Editor-in-Chief S.B. Makysh

Doctor of Economic Sciences, Professor (Kazakhstan)

Deputy Editor-in-Chief A.M. Bakirbekova, Can. of Economic Sciences, Assoc.prof. (Kazakhstan) Editorial board

Akimova B. Doctor of Economic Sciences, Assoc.Prof. (Kazakhstan) Alibekova B.A. Doctor of Economic Sciences, Assoc.Prof. (Kazakhstan) Amanova G.D. Doctor of Economic Sciences, Assoc. Prof. (Kazakhstan) Aryn Y. М. Doctor of Economic Sciences, Prof. (Kazakhstan) Baizholova R.A. Doctor of Economic Sciences, Prof. (Kazakhstan) Beisenova L.Z. Can. of Economic Sciences, Assoc.Prof. (Kazakhstan) Duissembayev A.А. Doctor of Economic Sciences, Assoc. Prof. (Kazakhstan) Yegemberdiyeva S. M. Doctor of Economic Sciences , Prof. (Kazakhstan) Yessenova G. Zh. Doctor of Economic Sciences, Assoc. Prof. (Kazakhstan) Kirdasinova K.A. Can. of Economic Sciences, Assoc.Prof.(Kazakhstan) Kuchukova N.K. Doctor of Economic Sciences, Prof. (Kazakhstan) Lavrovskii B.L. Doctor of Economic Sciences, Prof. (Russia) Madiyarova D.M. Doctor of Economic Sciences, Prof. (Russia) Maidyrova А.B. Doctor of Economic Sciences, Prof. (Kazakhstan) Mutaliyeva L.M. Can. of Economic Sciences, Assoc.Prof. (Kazakhstan) Mukhiyayeva D. M. PhD, acting Associate Prof. (Kazakhstan)

Nikiforova E.V. Doctor of Economic Sciеnces, Prof.(Russia) Paliszkiewicz J. PhD, Prof. (Poland)

Sembieva L.M. Doctor of Economic Sciences, Prof. (Kazakhstan) Petrova M. PhD, Assoc. Prof. (Bulgaria)

Shalbolova U. Zh. Doctor of Economic Sciences, Prof. (Kazakhstan) Sidorovich А.V. Doctor of Economic Sciences, Prof. (Russia) Sung-Kyu Lee PhD, Prof. (South Korea)

Syzdykbayeva B.U. Doctor of Economic Sciences, Prof. (Kazakhstan) Tolysbayev B.S. Doctor of Economic Sciences, Prof. (Kazakhstan) Urusbayeva N.A Doctor of Economic Sciences, Prof. (Kazakhstan) Shash N.N. Doctor of Economic Sciences, Prof. (Russia)

Editorial address: L.N.Gumilyov Eurasian National University, Satpayev str. 2, of.402, Nur-Sultan, Kazakhstan, 010008

Теl.: +7(7172) 709-500 (ext. 31-357) E-mail: vest_econom@enu.kz Responsible secretary, computer layout:

K.Zh. Zhumabekova Economic Series of the bulletin of the L.N. Gumilyov ENU

Owner: Republican State Enterprise in the capacity of economic conduct «L.N.Gumilyov Eurasian National University» Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan

Registered by Ministry culture and information of Republic of Kazakhstan. Registration certificate No. 14171-Ж from 18.02.14

Periodicity: 4 times a year Circulation: 25 copies

Address of printing house: L.N.Gumilyov Eurasian National University, Kazhimukan str. 13/1, Nur-Sultan, Kazakhstan 010008; tel.: +7(7172) 709-500 (ext.31-357)

© L.N.Gumilyov Eurasian National University

(4)

Главный редактор С.Б. Макыш д.э.н., профессор (Казахстан)

Зам. главного редактора А.М. Бакирбекова, к.э.н., доцент (Казахстан) Редакционная коллегия

Акимова Б. Ж. к.э.н., доцент (Казахстан) Алибекова Б.А. к.э.н. доцент (Казахстан) Аманова Г. Д. к.э.н., доцент (Казахстан) Арын Е.М. д.э.н., проф. (Казахстан) Байжолова Р.А. д.э.н., проф. (Казахстан) Бейсенова Л.З. к.э.н., доцент (Казахстан) Дуйсембаев А. А. к.э.н., доцент (Казахстан) Егембердиева С.М. д.э.н. проф. (Казахстан) Есенова Г.Ж. к.э.н., доцент (Казахстан) Кирдасинова К.А. к.э.н., доцент (Казахстан) Кучукова Н.К. д.э.н., проф. (Казахстан) Лавровский Б.Л. д.э.н., проф. (Россия) Мадиярова Д.М. д.э.н. проф. (Россия) Майдырова А.Б. д.э.н., проф. (Казахстан) Муталиева Л.М. к.э.н., доцент (Казахстан) Мухияева Д. М. PhD, и.о. доцента (Казахстан) Никифорова Е.В. д.э.н., проф.(Россия)

Палешкевич Д. PhD, проф. (Польша) Петрова М. PhD, доцент (Болгария)

Санг Кю Ли PhD, проф. (Юж. Корея)

Сембиева Л.М. д.э.н., проф. (Казахстан) Сидорович А.В. д.э.н., проф. (Россия) Сыздыкбаева Б.У. д.э.н., проф. (Казахстан) Толысбаев Б.С. д.э.н., проф. (Казахстан) Урузбаева Н.А. д.э.н., проф. (Казахстан) Шалболова У.Ж. д.э.н., проф.(Казахстан) Шаш Н. Н. д.э.н., проф. (Россия)

Адрес редакции: 010008, Казахстан, г. Нур-Султан, ул. К. Сатпаева, 2, каб. 402 Тел.: +7(7172) 709-500 (вн. 31-357)

E-mail: vest_econom@enu.kz

Ответственный секретарь, компьютерная верстка:

К.Ж.Жумабекова Экономическая серия вестника ЕНУ имени Л.Н. Гумилева

Собственник: РГП на ПХВ «Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева» МОН РК Зарегистрирован Министерством культуры и информации Республики Казахстан. Регистрационное свиде- тельство № 14171-Ж от 18.02.14 г.

Периодичность: 4 раза в год Тираж: 25 экземпляров

Адрес типографии: 010008, Казахстан, г. Нур-Султан, ул. Кажымукана, 13/1, Евразийский национальный уни- верситет имени Л.Н. Гумилева

тел.: +7(7172)709-500 (вн.31-357)

© Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

(5)

МАЗМҰНЫ Экономикалық теория

Бельгибаева А.С. Қазақстан экономикасындағы бейресми жұмыспен қамтудың

даму ерекшеліктері 8

Доғалов А.Н., Қайранбеков Б.О., Досмағанбетов Н.С. Мұстафа Шоқайдың Қазақстанда және Орталық Азия елдеріндегі ұжымдастыру туралы экономика- лық көзқарастары

18

Курманова Г.Қ., Уразова Б.А., Суханбердина Б.Б. «Қаржылық тұрақтылық»

мазмұнын ашу ұғымдарына теориялық көзқарас 25

Разакова А.А., Елпанова М.А., Шошанов С.В. Аутсорсинг тиімділігі және мұнай-

газ компанияларының қызметінде пайдалану 37

Рахметулина Ж.Б., Карипова А.Т. «Жібек жолы экономикалық белдеуі» және

дамудың ұлттық стратегиялары 46

Таубаев А.А., Амирова Г.Н., Борисова Е.И. Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінің қайта индустрияландыруы жағдайында ғылыми сыйымды экономика дамуының негізгі үрдістері

55

Шалболова У.Ж., Егембердиева С.М., Хойч А.Тұрғын-үй коммуналдық қызмет-

тердің сапасын жоғарылату жолдары 64

Шінет Г.Ғ., Бугубаева Р.О., Беспаева Р.С. Ауыл шаруашылығының экономика- лық тиімділігі мен халықтық шаруашылықтағы ерекшеліктері 77

Есеп және аудит

Петровская М.В., Сапарбаева С.С., Туребекова Б.О. Бухгалтерлік есеп объек-

тілеріне арналған әділ құнын бағалау сұрақтары 89

Рейдолда C. Ұлттық шоттар жүйесіндегі жиынтық ұлттық өнім мен жиынтық

ішкі өнімнің экономикалық табиғаты 96

Туризм

Тлеубаева А.Т. Ақмола облысының ауыл туризмі дамуының басым бағыттары 105 Қаржы

Ахметов Ж.Т., Ажмухамедова А.А. Төлем жүйелеріндегі тәуекелдер 116 Конуспаев Р.Қ., Демесінов Т.Ж. Кәсіпорын капиталының оңтайлы қаржылық

құрылымын қалыптастыру мәселелері 123

Саякбаева А.А., Таалайбек Темірлан Қырғыз Республикасының Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық қызметіне диагностика 132

Менеджмент

Жабытай Б.Н., Жетесова М.Т., Айтхожина Л.Ж. Қалалық инфрақұрылымның инновациялық дамуын басқарудың негізгі бағыттары мен жетілдіру жолдары 141 Увалеева Ж.Б. , Кирдасинова К.А. Жоғары білім беру жүйесіндегі инновациялар

мен оны басқару механизмдерінің жіктелуі 153

Шеримова Н.М. Өнеркәсіптік секторды инновациялық басқару тетігі 173

(6)

CONTENTS Economic theory

Belgibaeva A.S. Features of unofficial employment development of in the economics

of Kazakhstan 8

Dоgalov A.N., Kairanbekov Б.О., Dosmaganbetov N.S. Mustafa Shokay about collectivization in Kazakhstan and the republic of Media Asia 18 Kurmanova G.K., Urazova B. A., Sukhanberdina B.B. Theoretical approaches to the disclosure of the content of the concept “financial stability” 25 Razakova A.A., Yelpanova M.A., Shoshanov S.В. The efficiency of outsourcing and the issues of its USE in the activities of oil and gas companies 37 Rakhmetulina Zh.B., Karipova A.T. Silk road economic belt and national development

strategies 46

Taubayev A.A., AmirovaG.N., Borisova E.I. The main trends in the development of science-intensive economy in the conditions of reindustrialization of the countries of the Eurasian economic union

55

Shalbolova U.Zh., Yegemberdiyeva S.M., Khoich A. Ways to improve the quality of

housing-communal services 64

Shinet G.G., Bugubayeva R.O., Bespayeva R.S. Economic efficiency of agriculture

and its features in personal husbandaries 77

Accounting and Auditing

Petrovskaya M.V., Saparbayeva S.S., Turebekova B.O. Fair value measurement issues

for accounting objects 89

Reydolda S. Economic nature of total national product and total domestic product in

the system of national accounts 96

Tourism

Tleubayeva A.T. Priority directions of development of rural tourism of Akmola region 105 Finance

Аkhmetov Zh.T., Аzhmukhamedova А.А Risks in payment systems 116 Konuspayev R.K., Demessinov T. Zh. Problems of formation of the optimal financial

structure of the enterprise capital 123

Sayakbayeva A.A. , Taalaibek Temirlan Diagnosis of the financial activities of the State Savings Pension Fund of the Kyrgyz Republic 132

Management

Zhabytay B.N., Zhetesova M.T., Aitkhozhina L.Zh. The main directions and ways to improve the management of innovative development of urban infrastructure 141 Uvaleeva Zh.B., Kirdasinova K. A. Classification of innovations in higher education

system and mechanisms of their management 153

Sherimova N. M. The mechanism of innovative management of industrial sector 173

(7)

СОДЕРЖАНИЕ Экономикалық теория

Бельгибаева А.С.Особенности развития неформальной занятости в экономике

Казахстана 8

Догалов А.Н., Кайранбеков Б.О., Досмаганбетов Н.С. Мустафа Шокай о коллек-

тивизации в Казахстане и республиках Cредней Азии 18

Курманова Г.К., Уразова Б.А., Суханбердина Б.Б. Теоретические подходы к рас- крытию содержания понятия «финансовая устойчивость» 25 Разакова А.А., Елпанова М.А., Шошанов С.В. Эффективность аутсорсинга и проблемы его использования в деятельности нефтегазовых компаний 37 Рахметулина Ж.Б., Карипова А.Т. «Экономический пояс Шелкового пути» и на-

циональные стратегии развития 46

Таубаев А.А., Амирова Г.Н., Борисова Е.И. Основные тенденции развития науко- емкой экономики в условиях реиндустриализации стран Евразийского Экономи- ческого Союза

55

Шалболова У.Ж., Егембердиева С.М., Хойч А. Пути повышения качества

жилищно-коммунальных услуг 64

Шінет Г.Ғ., Бугубаева Р.О ., Беспаева Р.С. Экономическая эффективность сель- ского хозяйства и ее особенности в хозяйствах населения 77

Учет и аудит

Петровская М.В., Сапарбаева С.С., Туребекова Б.О. Вопросы оценки справедли-

вой стоимости для объектов учета 89

Рейдолда C. Экономическая природа совокупного национального продукта и

совокупного внутреннего продукта в системе национальных счетов 96 Туризм

Тлеубаева А.Т. Приоритетные направления развития сельского туризма Акмолин-

ской области 105

Финансы

Ахметов Ж.Т., Ажмухамедова А.А.Риски в платежных системах 116 Конуспаев Р.К., Демесинов Т.Ж. Проблемы формирования оптимальной финан-

совой структуры капитала предприятия 123

Саякбаева А.А., Таалайбек Темирлан Диагностика финансовой деятельности

Государственного накопительного пенсионного фонда Кыргызской Республики 132 Менеджмент

Жабытай Б.Н., Жетесова М.Т., Айтхожина Л.Ж. Основные направления и пути совершенствования управления инновационным развитием городской инфра-структуры

141

Увалеева Ж.Б., Кирдасинова К.А. Классификация инноваций в системе высшего

образования и механизмов управления ими 153

Шеримова Н.М. Механизм инновационного управления промышленным

сектором 173

(8)

ХҒТАР 06.51.25

Ж.Б.Рахметулина, А.Т. Карипова

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (E-mail: rahmetulina_zh@mail.ru)

«Жібек жолы экономикалық белдеуі» және дамудың ұлттық стратегиялары Аңдатпа. Қазіргі уақытта халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы жаһандық ауқымдағы, соның ішінде әлемдік шаруашылықтың дәстүрлі орталықтарының арасындағы бәсе- келестіктің дамуымен сипатталады. Әлемдік аренада Азияның алдыңғы позицияға шығуына бай- ланысты «Жібек жолы экономикалық белдеуін» (ЖЖЭБ) қалыптастыру және дамыту бүгінде өте өзекті болып отыр. Сонымен қатар әлемдік экономикада аймақтық өзара ықпалдастық үдерістерінің күшеюі байқалады.

Осы тұрғыда Қытайдың аталмыш бағдарламасына аралық аудит жасау бұл бастаманың ұсы- нылуының нақты себептері мен мақсаттарын, 2013 жылдан бері әлемде және аймақта жасалған қадамдарды түсінуге негіз береді.

Берілген мақалада авторлар аймақтық, ұлттық және әлемдік деңгейдегі ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму келешегіне, Қазақстанның аталған деңгейлердегі ұстанған позициялары- на, ЖЖЭБ-не қатысты ұлттық мүдделерді жүзеге асыруға, сондай-ақ «Жібек жолы экономикалық белдеуінің» мәніне қатысты мәселелерге талдау жасаған. Берілген жұмыста Қазақстан мен Қытай- дың экспорттық әлеуетінің бәсекеқабілеттілігіне бағалау және талдау жасалған, елдер арасындағы сауда қатынастарының дамуы зерттелген.

Түйін сөздері: Жібек жолының экономикалық белдеуі, сауда-экономикалық ынтымақтастық, дамудың ұлттық стратегиялары.

DOI: https://doi.org/10.32523/2079-620X-2019-3-46-54 Кіріспе. Қазақстан «Белдеу және жол» бастамасында басты буын болып табылады.

Қытайдың «Батысқа» барар жолы негізінен Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Бұл жобаны жү- зеге асыру Қытайдың сыртқы саясатындағы маңызды бағытқа айналды және Орталық Азия

«Жібек жолы экономикалық белдеуі» (ЖЖЭБ) бастамасында шешуші рөл атқарады [1].

Қазақстан аймақтық даму әлеуетін ашу үдерісінде Қытаймен белсенді қарым-қатынас жүргізе отырып, бүгінде Аспан асты елінің өз мүмкіндіктерін айқынырақ ұғынуына және жүзеге асыруына ықпал етуде. Тиімді сыртқы сауда саясаты, жаңғыру саясаты, технологи- ялық әлеуеті [2] Қазақстан экономикасының жедел дамуына әсер етті.

ЖЖЭБ экономика дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын [3], тұрақтылық пен қа- уіпсіздік әкелетінін де атап өткен жөн. ЖЖЭБ жобасына қатысушы елдердің өзара ықпалда- стыққа мүдделі екендігі олардың әр түрлі сипаттағы сыртқы қауіп-қатерлерге қарсы тұруға көмектесетін, саяси диалогқа, әріптестікке негізделген қауіпсіздіктің біртұтас кеңістігін құруға дайындығынан көрініс табады.

Си Цзиньпинь «Белдеу және жол» бастамасын ұсына отырып, Қытайдың әлемдік сая- сатта өзіне лайықты орнын алуына бағытталған жаһандық амбициялары бар екенін көрсету арқылы «көлеңкеден» шығуына ықпал етті [4].

Осылайша, «Белдеу және жол» бастамасы жеке геосаяси мүдде немесе көліктік-ло- гистикалық жоба ғана емес, прогресске бағытталған бірлесіп өркендеу мен өзара ықпалда- стық жолдары ретінде қазіргі әлемдік құрылыс стратегиясы, өзара әрекеттесудің айрықша саяси философиясы болып табылады.

Зерттеу әдістері. Мақалада тақырыптық материалды жүйелеу және құрылымдау не- гізінде кешенді талдау жасауға мүмкіндік беретін компилятивті, жүйелік, сондай-ақ таңдау, аналитикалық және сыни тәсілдер қолданылған.

(9)

Қытайдың аталмыш бағдарламасына берілген бастаманың ұсынылуының нақты се- бептері мен мақсаттарын, 2013 жылдан бері әлемде және аймақта жасалған қадамдарды түсінуге негіз беретін аралық аудит жасау арқылы зерттеу міндеттері жүзеге асырылған. Жұ- мыста аймақтық, ұлттық және әлемдік деңгейдегі ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму келешегіне, Қазақстанның аталған деңгейлердегі ұстанған позицияларына, ЖЖЭБ-не қатысты ұлттық мүдделерді жүзеге асыруға қатысты мәселелерге талдау жасаған.

Әдеби шолу. Қазіргі уақытта Қытай Орталық Азияда үлкен ықпал ету күшіне ие [5]

және жалпы адамзат дамуының жаһандық келешегін айқындауға әсер етуге қабілетті. Қы- тай аймақтағы елдер үшін негізгі инвестор және басты саудалық серіктес ретінде Орталық Азияда маңызды рөлге ие [6,7] және әртүрлі аймақтық контекстерде әртүрлі аспектте әре- кет етіп отырған алпауыт мемлекетке айналуда [8,9].

Шетелдік экономистер осы мәселелерді зерттеуге елеулі үлес қосты: Zhang Hongzhou, Casey Michel, Kerr D., Younkyoo Kim, Fabio Indeo, Shisong Zhu, Zhuo Zhang, Захарова С.В., Лысенко Е.И., Соколова О.Ю., Уянаев С.В. және т.б. Қазақстанның экономикалық ғылы- мында бұл мәселенің түрлі аспектілері Ж.Раимбеков, Г.Садыханова, М.Шибутов т.б. еңбек- терінде жарық көрді.

Ғалымдардың берілген тақырыпты зерттеуде қосқан қомақты үлестеріне қарамастан,

«Жібек жолы экономикалық белдеуі» бағдарламасындағы Қазақстанның ұлттық мүдде- лерінің жүзеге асырылуына ба йланысты мәселелер жеткілікті дәрежеде ашылмаған.

Осы аталған аргумент берілген тақырыптың таңдалуына негіз болды. Зерттеудің маңыз- дылығы мен жаңалығы мәселенің кешенді түрде қарастырылуымен негізделген.

«Жібек жолы экономикалық белдеуі» бағыты бойында орналасқан елдер ынтымақта- стығының мәселелері мен келешегі, сондай-ақ ұлттық экономикалардың экспорттық әлеу- еттерін бағалау мәселелері қазіргі уақытта үлкен ғылыми және тәжірибелік қызығушылық тудырады. Аталған сұрақтардың түрлі аспектілері ҚР Үкіметінің іс-қимыл бағдарламала- рында көрсетілген.

Нәтижелер мен талқылаулар. Қытайдың соңғы жиырма жылдағы қарқынды эко- номикалық өсуі, «Белдеу және жол» бастамасы Орталық Азия елдеріне Еуразиядағы жаңа бір даму орталығына айналу мүмкіндігін беріп отыр. Қытай экономикасының қарқынды жаңғыруымен қатар тұтас аймақ дамуының қажеттілігі туындады.

ҚХР ортаазиялық мемлекеттер үшін әлемнің басқа да ірі орталықтарымен байланыс орнату мақсатында көлік дәліздерін жаңғыртуға және кең ауқымды ықпалдастыққа мүд- делі, қарқынды даму үстіндегі бизнес-әріптес болып табылады. Орталық Азия мемлекет- тері Шығыс пен Батыс, Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы бизнес байланыстарды қайта жаңғырту үшін маңызды жолдар торабында орналасқандықтан, аталған аймақта аймақтық және елдік даму орталықтарын құру жобалары бүгінде өте өзекті болып отыр.

Азияның аймақтық интеграциясы – экономикалық жаһандану үдерісіндегі қажетті кезең. Алайда аймақтағы ықпалдастық жеткілікті дәрежеде дамымағандықтан Азияның жекелеген субаймақтарының даму деңгейерінде үлкен айырмашылық болуына және елдер арасында байланыстардың әлсіз болуына байланысты «Белдеу және жол» жобасы Азия- ның барлық – Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс, Батыс және Орталық субаймақтары интеграци- ясының ұзақ мерзімді стратегиялық келешегіне бағытталған, ауқымды қаржы салымда- рын талап ететін, іске асуы тұрғысынан күрделі жоба болып табылады. «Белдеу және жол»

жобасы аталған аймақтар арасындағы артықшылықтарды өзара алмасуды ынталандыруға, ұсыныс, өндіріс пен баға белгілеудің еуразиялық тізбегін қалыптастырып, жетілдіруге ықпал ете отырып, жалпы азиялық және еуразиялық ықпалдастықты дамудың жаңа сапа- лық деңгейіне көтеруге бағытталған.

Бүгінде Қытай тарабы көрші мемлекеттермен «стратегиялық әріптестікке» негіздел- ген дәстүрлі екі жақты формат, дамудың ұлттық жобаларының (ҚР-ның «Нұрлы Жол»

(10)

бағдарламасы мен қытайлық «Белдеу және жол» жобасы) үйлесуі, өзара ықпалдастықтың бұрыннан бар интеграциялық форматтарымен (ЕАЭО және ЖЖЭБ) түйісуі, ШЫҰ, БРИКС сияқты халықаралық ұйымдардың әрекеттерімен жан-жақты үйлесуі сияқты әр түрлі тәсіл- дерді қолданып отырғанын байқаймыз.

Қытай «Белдеу және жол» бастамасын халықаралық жоба ретінде ұсынғанымен, Қы- тай экономикасын дамытуға жаңа қарқын беру түпкі басты мақсаты болып табылады.

ҚХР-ның Төрағасы Си Цзиньпиннің ҚКП-ның XIX Съезінде жасаған баяндамасын- да атап өткеніндей: «Қытай экономикасы орташа жоғары өсу қарқынын (2017 жылы 6,9%) сақтап отыр және әлемнің ең озық елдерінің арасында алдыңғы позияциялардың қатарында келеді. ЖІӨ көрсеткіші 54 трлн. юаннен 80 трлн. юанге дейін өсіп, аталған көрсеткіш бой- ынша Қытай әлемде екінші орында иеленді. Қытайдың әлемдік экономика өсуіне қосқан үлесі 30%-дан асады. Ұсыныс саласындағы құрылымдық реформалар тереңдеп, жалпы экономикалық құрылым үздіксіз оңтайландырылуда. Сандық экономика мен жаңа өндіріс салалары жедел дамып, инфрақұрылым құрылысы, соның ішінде жоғары жылдамдықты теміржолдар, автомагистральдар, көпірлер, порттар мен әуежайлар құрылысы қарқынды жүргізілді. Ауыл шаруашылығын жаңғыртуда нық қадамдар жасалды, астық өндіру қуаты 600 млн. тоннаға жетті. Қытай сыртқы саудада, шетелдегі инвестициялар және валюталық қорлар бойынша әлемде алға шықты».

«Белдеу және жол» бастамасына белсене қатысумен қатар Қытайдың жаңғырту тәжірибесіне аса ден қойып қадағалап отырған Қазақстан үшін үлкен жетістікке жеткен шығыстағы алып көрші мемлекеттің басшылығы бүгінде алдына қойған міндеттер мен мақсаттар, оларға қол жеткізу әдіс-тәсілдері аса қызықты.

«Қазақстан-2050» Стратегиясында қытайлық реформаға ұқсас бірқатар міндеттер қойылған. Атап айтар болсақ, біздің еліміздің стратегиялық даму бағытына «Жалпыға бір- дей еңбек қоғамын» құру, саяси трансформация үшін тұрақты экономикалық негізді құру («Біріншіден - экономика, содан кейін - саясат»), «Қазақстандық жолдың» ерекшеліктерін жүзеге асыруға әкелетін қоғамдық сананы жаңғырту, заманауи бәсекеге қабілетті мемлекет құру процесінде Ұлт Көшбасшысының ерекше рөлі сияқты шешуші әрі жүйелі ұғымдар тән. Бұл стратегиялық мақсаттарға әлеуметтік теңгерімсіздіктерді жою үшін әлеуметтік жаңғыртуды жүзеге асыру, қоғам алдында жауапты, кәсіпқой мемлекетті қалыптастыру, азаматтардың көпшілігі үшін жоғары өмір сүру деңгейіне қол жеткізу, қазақ халқының жаңа жағдайларда қайта жаңғыруын қамтамасыз ететін қоғамдық сананы жаңғырту арқылы қол жеткізіледі. Бұл мақсаттар бүгінде Қытайдың алдына қойып отырған міндеттерімен сай келеді.

Қазақстан өз көршілерінен ертерек әрекет ете бастағандықтан, «Қытай қолшатыры»

құрамына ену үшін инфрақұрылым тұрғысынан барынша дайын болды. Біріншіден, Қа- зақстан КСРО-дан мұраға қалған, ірі мемлекеттің шет аймақтарын байланыстыру үшін жеткілікті дәрежеде дамымаған автомобиль және теміржол инфрақұрылымын іске қосты, жұмыс істетті. Екіншіден, Қазақстан теңіз жолы бағыттарына шыға алмайтын ел болған- дықтан, тауарлардың түпкілікті құнында көлік және логистикалық шығындардың үлесі жоғары, яғни 20% -дан астам болды. Бұл Ляньюньган портындағы контейнерлік тасымал- даулар бойынша Қазақстан-Қытай ықпалдастығы сияқты оңтайлы маршруттарды қарасты- руды қажет етті. Үшіншіден, мұнайдан түскен жоғары кірістері республиканың Ұлттық қорын қалыптастыруға мүмкіндік берді, оның бір бөлігі инфрақұрылымды дамытуға бағыт- талған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінді. Мәселен, 2015- 2019 жылдар аралығында өз қаражаты есебінен және қарыз қаражаты есебінен (9 млрд.

АҚШ доллары) бірқатар жобаларды іске асыру жалғасуда. Атап айтқанда, екі бағытты қа- растыратын «Еуразия трансқұрлықтық дәлізі» іске қосылды. Ол бағыттар: а) Қазақстан,

(11)

Ресей және одан әрі Еуропаға; б) Қазақстан аумағы арқылы Қорғас арқылы Ақтау портына, одан әрі Каспий теңізі арқылы Әзірбайжанға содан кейін Грузияға. Төртіншіден, Қазақстан бағалы қағаздармен немесе инвестицияларды сақтандыру бойынша ағылшындық сипатта жұмыс істейтін халықаралық қаржы орталығын құрды, бұл өз кезегінде «Бір белдеу, бір жол» кешені аясында қазақстандық жер бағытының тартымдылығына басымдық береді.

Демек, Қазақстанның инфрақұрылымы қытайлық тауарлардың транзиті үшін пайдала- ну тұрғысынан барынша дайын жүйе болып табылады және сәйкес инфрақұрылымы бар теміржол, автомобиль, теңіз жолдарынан тұрады.

«Белдеу және жол» жобасы басталған сәттен бастап екі ел арасында күрделі эко- номикалық мәселелерді шешуге көмектесетін, айрықша сенімге негізделген сәтті эконо- микалық байланыстар орын ала бастады. Қытай Қазақстанның көлік инфрақұрылымының ірі инвесторы болып табылады: 2018 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша аталмыш секторға салынған барлық инвестицияның 31,2%-ы қытайлық инве- сторлармен салынған. Екі ел арасындағы инвестициялық жобалардың жалпы саны – 51, ал инвестициялардың жиынтық көлемі 27 млрд доллардан асады. 2018-2019 жылдарда инвестиция көлемі 4,4 млрд доллардан асатын тағы 11 жоба жүзеге аса бастады. Бұл жоба- лардың орындалуы 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

2018 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша қытайлық инве- сторлардың салған инвестицияларының жиынтық көлемі 15,6млрд $, ал алдыңғы жылдың сәйкес мерзімінде 14,8млрд $ құраған. Соңғы үш жылда Қытайдан келген инвестиция ағынының сызықтық түрде 6,6%-ға дейін артуы байқалады.

2018 жылы алғаш рет қытайлық инвесторлардың басты құралы тікелей инвестиция- лар болды және оның көлемі 9,5 млрд долл. (барлық инвестициялардың 60,3%-ын) құрады.

Портфельдік инвестициялар мен басқа да қаржы құралдарының жалпы инвестиция құра- мындағы үлесі аз, 2,1 млн долл. (1%-дан аз) ғана құрайды. Алайда аталған құралдар арқылы салынған инвестициялар көлемі бір жыл ішінде 69,8%-ға артқан (сурет 1).

6030,1

4723

3569,7 2962,9

9663,1 9477,5

3,6 0 4,4 0 5,4 0 2,9 0 1,2 0 0,5 1,6

15221,3 14206,9

12480,5 11789,4

5090,8 6247

0 5000 10000 15000 20000

2013 2014 2015 2016 2017 2018

тікелей инвестициялар портфельдік инвестициялар Ескерту: https://nationalbank.kz

Сурет 1- Қытайдың Қазақстан экономикасына инвестициялары 2018 ж.

1 жарты жылдығы, млн. АҚШ долл.

Салалық сегменттер бойынша бөліп қарастыратын болсақ, қытайлық инвесторлар үшін көлік және қоймалау (4,9 млрд $), кен өндіру өнеркәсібі (2,6млрд $), қаржы және сақтанды- ру қызметі (2,2млрд. $.), құрылыс (2,1млрд $) және өңдеу өнеркәсібі (2,1млрд $) секторла- ры аса тартымды болып табылады және бұған дейін басым болып келген көтерме-бөлшек сауда саласын (833,1 млн $) артта қалдырды. Аталған ТОП-5 саланың барлық қытайлық инвестициялар көлеміндегі үлес салмағы 88,9%-ды (14 млрд $) құрайды (сурет 2).

(12)

5,5

2,5 2,5

1,4

1,4

2017

4,9

2,6 2,2

2,1

2,1

2018

Көлік және қоймалау Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу Қаржы және сақтандыру қызметі Құрылыс

Өңдеу өнеркәсібі

Ескерту: https://nationalbank.kz

Сурет 2- ҚХР-ның салалар бойынша ТОП-5 инвестициялары, 2018 ж. 1 жарты жылдығы, млн. АҚШ долл.

Басты жоба – «Белдеу және жол» бастамасы аясында 6 жыл ішінде, Ляньюньган пор- ты; Қытаймен шекарадағы «Қорғас-Шығыс қақпа» құрғақ порты, Каспий теңізіндегі Ақтау порты, Орталық Азия елдерін Парсы шығанағымен және Иранның оңтүстігіндегі Бен- дер-Аббас портымен қосатын жалпы ұзындығы 900 шақырымды құрайтын Қазақстан-Түр- кменстан-Иран жаңа теміржол дәлізі, сондай-ақ бір бөлігі Қазақстан аумағы арқылы өтетін Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізі сияқты бірқатар ірі инфрақұра- лымдық жобалар жүзеге асырылды. «Белдеу және жол» бойында қытайлық компаниялар- дың қатысуымен 80-нен астам сауда-экономикалық ықпалдастық аймақтары құрылып, 200 мыңнан аса жұмыс орындары ашылған.

Нарықтардың жаһандану үдерісі қаржы секторының есебінен де күшейе түсуде. Аста- на және оның қаржы орталығы халықаралық инвесторлардың инвестициялық белсенділі- гін біріктіруде. Қытай осы орайда қазақстандық капитал нарығын дамытуға белсене қаты- сып отыр. 2018 жылы қаржы орталығында негізделген 5 меморандум мен келісімшарттарға (2016-2018 жж. жалпы саны – 13) қол қойылған. Ол келісімдердің басты мақсаты жоғары сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге және жаңа қаржылық қызметтерді әзірлеуге бағытталған трансшекаралық бизнесті дамыту болып табылады.

2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытайдың сыртқы сауда айналымы 8,2 млрд $ (бір жыл бұрын - 7,4 млрд $) құраған. Қытай Қазақстанның басты серіктестерінің бірі болып табылады: жалпы тауар айналымы көлеміндегі (68,2 млрд

$) ҚХР-ның үлесі 12,1%-ды құрайды.

Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің Қытайға экспорты мен импорты те- пе-теңдікте: экспорт – 4,2млрд $. (+6,6%), импорт – 4 млрд $ (+17,2%). Алайда Қытайға қазақстандық экспорттың өсуі 2011 жылы тоқтап, бір-екі жыл тұрақтылығын сақтап, сосын қысқарып отырғанын атап өткен жөн (кесте 1).

Кестеден байқағанымыздай, 17 жыл бойы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда оң сальдомен жүзеге асырылған, алайда соңғы жылдарда бұл көрсеткіш қысқарған. Екі ел арасындағы сауда сальдосы 2011 жылы өзінің ең жоғары мәніне ие болған. М.Шибутовтың пікірінше, қазіргі уақытта Қазақстан мен Қытайдың арасындағы қарым-қатынастың жаңа үлгісі қалыптасуда.

(13)

Кесте 1 ҚР-ның Қытайға тауар экспорты мен импорты, млн АҚШ долл.

жыл Экспорт Импорт жыл Экспорт Импорт

2001 646,7 172,0 2010 10122,1 3964,5

2002 1018,7 313,0 2011 16291,5 5021,1

2003 1653,1 523,7 2012 16484,4 7497,7

2004 1966,9 758,2 2013 14373,7 8364,5

2005 2422,5 1251,8 2014 9799,4 7357,2

2006 3592,5 1924,9 2015 5480,1 5987,8

2007 5635,9 3507,3 2016 4214,9 3665,7

2008 7676,6 4565,1 2017 5777,7 4692,2

2009 5888,6 3509,5 2018 4200,0 4000,0

Атап айтқанда, Қазақстан Қытайға экспорт көлемін қысқартқан, демек, ҚХР өткізу нарығы ретінде маңызы төмендеуде. Оның ойынша, Қытайды Қазақстан тек уран жеткізуші ретінде ғана қызықтырады. Ал ҚХР-нан импорт көлемі өсуде, сәйкесінше ҚР үшін сау- да-саттықтың теріс сальдосы да артуда. Қазақстан ҚХР нарығына шикізат экспорттаушы- дан қытайлық тауарларды әрі қарайғы қайта сату мен жеке тұтыну үшін сатып алушыға айналып отыр [10].

Жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды. Қазақстан мен Қытайдың екі жақты стратегиялық саяси қатынастарды, Ұлы Жібек жолындағы тиімді экономикалық және адами достық байланыстарды орнату арқылы ішкі дамудың ұқсас стратегиясын ұстануы әлемдік саясаттағы бүгінде туындап отырған мәселелерге қарамастан, арадағы қарым-қа- тынаста қажетті синергияны қамтамасыз етеді. «Белдеу және жол» жобасы басталған сәт- тен бастап екі ел арасында күрделі мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін айрықша сенімге негізделген, экономикалық тұрғыда сәтті байланыстар қалыптаса бастады.

Бұл зерттеуді Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2018- 2020 жж. (№ AP05131498 жоба) қаржыландыратын грант қолдады.

Әдебиеттер тізімі

1 Zhang Hongzhou. Building the Silk Road Economic Belt: Problems and Priorities in Central Asia// Policy Report.- Nanyang Technological University, 2015, 20 p.

2 Sadykhanova G.A., Turginbayeva A.N., Celetti D., Nurtasova B.E. Тhe trade and investment cooperation of the EAEU// The Journal of Economic Research & Business Administration.-2019.- Vol. 126(4). р.117-126.

3 Raimbekov Zh., Syzdykbayeva B., Zhenskhan D., Rakhmetulina Zh. The effectiveness of logistics development and its impact on the economies of the countries along the Silk Road passing through Kazakhstan // Transport problems.- 2018.-Vol. 13 (4).- р. 127-143.

4 Уянаев С.В. Инициатива КНР «Один пояс, один путь»: эволюция, документы, взгляд из России// Проблемы Дальнего Востока.– 2015.-№ 4. – 8–21б.

(14)

5 Casey Michel. China Edging Russia out of Central Asia. The Diplomat, 11.11.2014 [Эл.ре- сурс]. -URL: https://thediplomat.com/2014/11/ china-edging-russia-out-of-central-asia/ (жүгіну мерзімі: 30.07.2019).

6 Shisong Zhu, Zhuo Zhang. Does the economic openness promote the five Central Asian countries ‘economic development? - the analysis based on the data of 1992-2011// Економічний вісник університету.-2015.- Vol. 25/1.- рр.141-148.

7 Захарова С.В., Соколова О.Ю., Лысенко Е.И. Показатели развития внешней торгов- ли Евразийского экономического союза// Развитие международного торгового потенциала России: проблемы и перспективы. – Саратов: Изд-во ССЭИ РЭУ им. Г.В.Плеханова.- 2016.- 148 c.

8 Kerr D. Strategic regionalism: central Asian and Russian perspectives on China’s re- emergence// International Affairs.-2010.- Vol.86, Issue 1.- рр. 127–152.

9 Younkyoo Kim, Fabio Indeo. The new great game in Central Asia post 2014: The US “New Silk Road” strategy and Sino-Russian rivalry//Communist and Post-Communist Studies.- 2013.- Vol. 46, Issue 2.- рр. 275-286.

10 Шибутов М. Специфика современных торговых отношений Казахстана и Китая: экс- пертные оценки [Эл. ресурс].– URL: http://www.chinastudies.kz/ ru/publications/kazakhstan_

and_china/312/(жүгіну мерзімі: 30.07.2019)

Ж.Б. Рахметулина, А.Т. Карипова

Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева, Нур-Султан, Казахстан

«Экономический пояс Шелкового пути» и национальные стратегии развития Аннотация. В настоящее время развитие международных экономических связей характери- зуется усилением конкуренции в глобальном масштабе, в том числе между традиционными центра- ми мирового хозяйства. На фоне беспрецедентного продвижения Азии на передовые позиции ми- ровой арены вопрос формирования и развития «Экономического пояса Шелкового пути» (ЭПШП) очень актуален. Одновременно в глобальной экономике наблюдается усиление процессов регио- нального взаимодействия.

В этом контексте представляется целесообразным провести своеобразный промежуточный аудит программы Китая, который даст основание для понимания, почему данная инициатива была выдвинута, какие конкретные цели она преследует, что было сделано с 2013 года в регионе и мире.

В настоящей статье авторами проанализированы проблемы и перспективы сотрудничества на региональном, национальном и глобальном уровнях, вопросы позиционирования Казахстана в этих разных измерениях, реализации национальных интересов в контексте соприкосновения с ЭПШП, а также значение «Экономического пояса Шелкового пути». В данной работе проведено исследова- ние по развитию торговых отношений между странами ЭПШП.

Ключевые слова: «Экономический пояс Шелкового пути», торгово-экономическое сотруд- ничество, национальные стратегии развития.

(15)

Zh.B. Rakhmetulina, A.T.Karipova

L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan Silk road economic belt and national development strategies

Abstract: Currently, the development of international economic relations is characterized by increased competition on a global scale, including between the traditional centers of the world economy.

Against the background of the unprecedented advancement of Asia to the forefront of the world stage, the issue of the formation and development of the Silk Road Economic Belt (SREB) is very relevant. At the same time, a strengthening of regional interaction processes is observed in the global economy. In this context, it seems appropriate to conduct a kind of interim audit of China’s program, which will give reason to understand why this initiative was launched, what specific goals it pursues, what has been done since 2013 in the region and the world.

In this article, the authors analyzed the problems and prospects of cooperation at the regional, national and global level, the issues of positioning Kazakhstan in these different dimensions, the realization of national interests in the context of contact with the SREB, as well as the significance of the “Silk Road Economic Belt”. In this paper, a study was conducted on the development of trade relations between countries, the level of competitiveness of the export sector of national economies, and an assessment and analysis of the competitiveness of the export potential of Kazakhstan and China.

Key words: Silk Road Economic Belt, trade and economic cooperation, national development strategies.

References

1 Zhang Hongzhou. Building the Silk Road Economic Belt: Problems and Priorities in Central Asia, Policy Report, Nanyang Technological University (2015), 20 p.

2 Sadykhanova G.A., Turginbayeva A.N., Celetti D., Nurtasova B.E. Тhe trade and investment cooperation of the EAEU, The Journal of Economic Research & Business Administration,126(4), 117-126 (2019)

3 Raimbekov Zh., Syzdykbayeva B., Zhenskhan D., Rakhmetulina Zh. The effectiveness of logistics development and its impact on the economies of the countries along the Silk Road passing through Kazakhstan, Transport problems, 13 (4), 127-143 (2018).

4 Uyanaev S.V. Initsiativa KNR Odin poias odin put: evoliutsiia dokumenty vzgliad iz Rossii [PRC initiative «One Belt, One Way»: evolution, documents, view from Russia], Problemy Dalnego Vostoka [Problems of the Far East], 4. 8–21(2015) [in Russian]

5 Casey Michel. China Edging Russia out of Central Asia. The Diplomat, 11.11.2014 Available at:https://thediplomat.com/2014/11/ china-edging-russia-out-of-central-asia/ (accessed:

30.07.2019).

6 Shisong Zhu, Zhuo Zhang. Does the economic openness promote the five Central Asian countries ‘economic development? - the analysis based on the data of 1992-2011, Ekonomichnii visnik universitetu [Economic Herald of the University], 25/1, 141-148(2015).

7 Zakharova S.V., Sokolova O.Yu., Lysenko E.I. Pokazateli razvitiia vneshnei torgovli Evraziiskogo ekonomicheskogo soiuza [Indicators of the development of foreign trade of the Eurasian Economic Union], Razvitie mezhdunarodnogo torgovogo potentsiala Rossii problemy i perspektivy [Development of the international trade potential of Russia: problems and prospects], Saratov: Publishing House SSEI REU them. GVPlekhanova. (2016) [in Russian]

8 Kerr D. Strategic regionalism: central Asian and Russian perspectives on China’s re-emergence, International Affairs, 86(1), 127–152 (2010)

9 Younkyoo Kim, Fabio Indeo. The new great game in Central Asia post 2014: The US «New Silk Road» strategy and Sino-Russian rivalry, Communist and Post-Communist Studies, 46(2),

(16)

275-286 (2013)

10 Shibutov M. Spetsifika sovremennykh torgovykh otnoshenii Kazakhstana i Kitaia ekspertnye otsenki [Specificity of modern trade relations of Kazakhstan and China: expert assessments]

Available at: http://do.gendocs.ru/ docs/ index-195690.html (accessed 30.07.2019) [in Russian]

Сведения об авторах:

Рахметулина Ж.Б. – экономика ғылымдарының кандидаты, «Экономика және кәсіп- керлік» кафедрасының профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Сәтпаев көш. 2, Нұр-Сұлтан, Қазақстан.

Карипова А.Т.– экономика ғылымдарының кандидаты, «Экономика және кәсіпкер- лік» кафедрасының доцент, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Сәтпаев көш. 2, Нұр-Сұлтан, Қазақстан.

Rakhmetulina Zh. –Candidate of Economic Sciences, Professor of the department of

«Economics and Entrepreneurship», L.N. Gumilyov Eurasian National University, Satpayev str., Nur-Sultan, Kazakhstan.

Karipova А.Т. –Candidate of Economic Sciences, Associate Professor of the department of

«Economics and Entrepreneurship», L.N. Gumilyov Eurasian National University, Satpayev str., Nur-Sultan, Kazakhstan.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Abaydeldinov E.M. Doctor of Juridical Sciences, Prof., L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan.. Abdilov K.S. Gumilyov Eurasian National

Abaydeldinov E.M. Doctor of Juridical Sciences, Prof., L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan.. Abdilov K.S. Gumilyov Eurasian National

Abaydeldinov E.M. Doctor of Juridical Sciences, Prof., L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan.. Abdilov K.S. Gumilyov Eurasian National

Abaydeldinov E.M. Doctor of Juridical Sciences, Prof., L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan.. Abdilov K.S. Gumilyov Eurasian National

Abaydeldinov E.M. Doctor of Juridical Sciences, Prof., L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan.. Abdilov K.S. Gumilyov Eurasian National

Среди решений на XIX съезде КПК 2017 года, на котором руководство КНР определило основные приоритеты развития страны на ближайшие годы, и было принято включение в

В статье указывается, что проект Экономического пояса Шелкового пути может стать новой моделью регионального взаимодействия, удобной

Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan Historical and Source value of. «Zhanhodja batyr» tale by