• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan"

Copied!
9
0
0

Толық мәтін

(1)

ХҒТАР 14.01.11

Г.З. Тажитова

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр - Сұлтан, Қазақстан (E-mail: gulzhahan@mail.ru)

Жоғары білім және аймақтық мәдениет

Аннотация. Мақалада жоғары білім мен аймақтық мәдениеттің өзара әрекеттесу мәселелері қарастырылған. Қазіргі жоғары білім беру саласындағы аймақтық мәдени- еттің алатын орны айқындалып, маңыздылығы атап көрсетіліген. Аймақ, аймақтық мәдениет ұғымдарының мәні түсіндіріліп, олардың жоғары білім саласындағы қажет- тіліктері, маңыздылығы және алатын орны айқындалған. Аймақтық мәдениет - бұл ұзақ тарихы бар ортамен өзара әрекеттесу түсінігі. Аймақтық білім күнделікті өмірдің негізгі аспектілері бойынша шешім қабылдауға негіз болады. Сондықтан бұл білім берудің ажырамас бөлігі болып табылады. Аймақтық мәдениет ресурстарды пай- далану тәжірибесі, әлеуметтік өзара іс-қимыл, ұрпақтан-ұрпаққа өзгермейтін түрде берілетін даналықтың жиынтығы ретінде ұсынылады. Мақалада мәдениет, аймақтық мәдениет төңірегінде жазылған Отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбек- теріне шолу жасалып, зерттеу тақырыбының алғышарттары баяндалған. Жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының білім алушыларының ағылшын тілін оқу үдерісінде аймақтық мәдени материалдарды пайдалануға қатысын анықтау мақса- тында сауалнама жүргізілді. Сауалнама барысында алынған деректер өңдеуден өткізіліп, нәтижелері талқыланды. Зерттеу барысында алынған нәтижелер негізінде жоғары оқу орындарының оқу үдерісінде аймақтық мәдени материалдарды қолдану мәселесі бойын- ша ұсыныстар беріліп, тұжырымдамалар жасалды.

Түйінді сөздер: ЖОО, аймақ, құндылық, этнопедагогика, оқу үдерісі, аймақтық мә- дени материалдар.

DOI: https://doi org/10.32523/2616-6895-2021-135-2-182-190 Түсті: 27.12.20 / Жарияланымға рұқсат етілді: 18.01.21

Кіріспе

Қазіргі жаһандану заманында әлем үлкен өзгерістер үстінде. Жаңа технологиялар мен инновациялар енгізілуде, экономиканың бар- лық салалары сандық үлгіге көшуде, адам ресурстарының ұтқырлығы өсуде. Мұндай жағдайда білім мен ғылым үлкен рөл атқа- руы керек. Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев

«Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қа- зақстан халқына Жолдауында: «Болашақта өр- кениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін

заман талабына сай білім қажет[1]. Қазақстан- ды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, те- резесін тең ететін – білім» деп, осы мақсатқа жету үшін «Бізге экономикалық және қоғам- дық жаңару қажеттіліктеріне caй келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», – деп білім беру жүйесін көтеруді алға тартқан.

Осы орайда, білім беру саясатына, әсіресе жоғары білім беру жүйесіне көп көңіл бөлу қажет, себебі жоғары білім елдің экономи- калық, мәдени, тарихи, саяси дамуына себеп болатын мамандарды дайындайтын негіз бо- лып табылады. Жоғары білімнің сапалы бо-

(2)

луы елдің табысты мемлекетке айналуының кілті. Сондықтан университет қабырғасынан шыққан әрбір маман елдің, өзі туып өскен ай- мақтың үздіксіз дамуына және табиғатын құр- меттеп, ұқыпты қарауға, тарихты, мәдениетті және ұлттық құндылықтарды қастерлейтін белсенді азамат болуы керек.

Осы тұрғыда «аймақ» деп отырғанымыз қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде төңірек, атырап, айнала, маңай деген мағыналарды білдіреді [2].. «Аймақ» өмірдің әртүрлі сала- ларында экономика, саясат, әлеуметтану, та- рих, мәдениеттану, білім және т.б. салалалар- да кеңінен қолданылады.

Экономикалық тұрғыдан алғанда, «аймақ»

бірлескен шаруашылықтары бар және басқа- ру құрылымдарымен біріктірілген әртүрлі өндірістік жүйелердің үйлесімі. Ол ортақ та- рихы, белгілі бір мәдениет деңгейі бар эконо- микалық аймақ.

Саясаттануда «аймақ» белгілі бір ел немесе бірнеше елдердің аумағының географиялық факторын білдіреді. Мемлекеттік басқару ай- мақтық құқықтары мен міндеттері заңдармен бекітілген субъект ретінде түсіндіріледі.

Әлеуметтану саласында «аймақ» ұғымы қоғамның әлеуметтік құрылымын, әлеуметтік байланыстар мен қатынастарды, әлеуметтік институттар мен үдерістерді аймақтық ұй- ымдастыру нысаны ретінде қарастырылады.

Мәдениеттану саласына келетін болсақ, қоғамдық өмірдің және тарихи дамудың жал- пы негізін құрайтын біртұтас физикалық орта және біртектес экономикасы арқылы белгілі бір «ландшафтқа» кіретін арнайы мәдени форма. Осылайша, «аймақ» ұғымының түр- лі салаларда қолданылатынын тілге тиек ете отырып, мақаламызда белгілі бір аймақтың мәдениетінің жоғары біліммен байланысын қарастырамыз.

Мәселенің қойылымы

Жоғары білім беруде аймақтық мәдениет мәселелері түрлі аспектілер негізінде зерттел- ді. Алайда, жоғары білімнің оқу бағдарлама- ларында аймақтық мәдениетті зерттеу және оқыту мәселесі біржақты көзқараспен шекте-

леді. Жоғары білім беруде аймақтық мәдени- ет мәселесі бойынша теориялық жұмыстар- ды талдау «аймақ мәдениеті» деген ұғымның

«көркем мәдениет» ұғымы ретінде түсініл- генін көрсетеді. Білім беру бағдарламала- рында мәдениет тарихы жалпы өнер тарихы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, аймақ мәдениеті бір ғана жанр тұрғысынан талданған, мысалы: сәулет, әдебиет және т. б.

Кез келген елдің мәдениеті белгілі бір аймақта болып жатқан мәдени үдерістерден тұратыны барлығымызға белгілі, ал қоғам өмірі мәдени құбылыстармен анықталады, оларға кез-кел- ген елді мекеннің музыкалық және театр мәде- ниеті, дәстүрлері, мерекелері, көрнекті тұлға- лары және т.б. жатады. Аймақтық мәдениет қоғамның өмір сүруі мен дамуының барлық аспектілерін сипаттайды, олай болса аймақты дамытуда жоғары білім берудің ерекше ор- нын ескере отырып, оқу бағдарламаларының мазмұнына белгілі бір аймақтың мәдениеті жайында материалдарды енгізу қажет деп са- наймыз.

Әдебиеттерге шолу

Бүгінгі таңда ғылыми әдебиеттерде «мә- дениет» ұғымының әртүрлі түсіндірмелерін таба аламыз. Атап айтқанда, ғалым М. Лиза

«мәдениет» түсінігін кең мағынада қара- стырып, «Мәдениет адамдар арасындағы қарым-қатынас, өзара әрекеттесу тәсілдері, құндылықтардың, тәжірибелер мен қалып- тасқан әдет-ғұрыптардың, нанымдардың, мі- нез-құлықтың, іс-әрекеттердің біріктірілген моделі болып табылады, мәдениет адамдар- дың жалпы өмір салты» екенін айтады [3].

Ғалымдар Г. Васянович пен В.Онищенко мәдениетті «адам өмірінің мәнін, мазмұнын түсінуге деген ұмтылыс арқылы адамның шығармашылық өзін-өзі тануының әмбебап тәсілі» деп түсіндіреді [4]. Зерттеуші М.Сем- чишин мәдениет «ұлттық дүниетанымды, ха- лық өмірінің түрлі аспектілерін, атап айтсақ эстетикалық, көркемдік, діни, әдеби, әлеумет- тік және т.б. бейнелейді» деп сипаттайды[5].

Біз аталған зерттеушілердің пікірлерімен келісеміз, себебі мәдениет адамдарды шабыт-

ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.

Серия Педагогика. Психология. Социология

№ 2(135)/2021 183

(3)

тандырады және оларды қоғаммен байланы- стырады деген ойдамыз.

Аймақтық мәдениет ұғ ымы қазіргі әлемде- гі жаһандану және аймақтану түсініктерімен байланысты. Алғашында ол белгілі бір та- рихи-географиялық ортада (әртүрлі елдерде, әртүрлі континенттерде) тұратын жергілікті қауымдастық болды. Ғасырлар тоғысында ай- мақтардың дамуымен, этностардың өз мәде- ниетін сақтауымен, өзін-өзі қамтамасыз ететін аумақтық құрылымдардың пайда болуымен

«аймақтық мәдениет» ұғымы бір елдің немесе белгілі бір аймақ аясында қарастырыла баста- ды.

Жоғары білім саласында аймақтық мәде- ниетті зерттеу арнайы зерттеу нысаны болған емес. Бұл бағытта зерделенген диссертаци- ялық жұмыстардан байқағанымыз, олар білім алушылардың этнопедагогикалық дайын- дығына көп көңіл бөлген. А. В. Спиридонов- тың пікірінше, «аймақтық мәдениет» ұғымы

«этнос», «этникалық мәдениет» ұғымдарымен генетикалық байланыста, бірақ оның өзіндік ерекшеліктері бар. Зерттеуші табиғи, геогра- фиялық, тарихи жағдайларға көңіл бөліп, эт- никалық мәдениеттің мазмұнын анықтайтын факторларға назар аударады. «Аймақтық мә- дениет - белгілі бір аймақтың мәдени қасиет- тері мен белгілерінің қозғалмалы жиынтығы, оның өмір сүру жағдайлары өзгерген сайын, ол да өзгеріп отырады» деген [6]. А.В. Люби- чанковскийдің пікірінше «Аймақтық мәдени- ет белгілі бір аймақта тұратын халықтың сана- сымен байланысты» деген [7].

Зерттеуіміздің негізгі ұғымдары төңірегін- де Қазақстанда зерделенген ғылыми еңбек- тер этномәдени бағытпен байланысты. Осы тұрғыда ғалымдар Ускенбаева С.Т., Шал- гинбаева С.Х зерттеулер жүргізіп, диссерта- циялық жұмыстар жазған. Ускенбаева С.Т.

өз еңбегін білім алушылардың этномәдени мүдделерін қалыптастыруға арнаса [8], Шал- гинбаева С.Х. Алматы және Тараз қалаларын- дағы қазақтардың әлеуметтік-мәдени келбеті мен әдет-ғұрпын зерделеген [9]. Аталған ға- лымдардың еңбектерінің біздің зерттеуіміз үшін маңыздылығы олардың этномәдениет саласына арналуында және ұлттық болмысты

сақтаудың, құрметтеудің қажеттілігіне бағыт- талуларында.

Аймақтық мәдениеттің өз алдына дербес ғылым болуы мүмкін емес, сондықтан ай- мақтың құндылықтары мен рухани мұрасын зерттеу интегративті тәсіл арқылы жүзеге аса- ды. Сондықтан аталған ұғымды мәдениеттану тұрғысынан қарастыруға болады. Осы тұрғы- да ғалым И.К. Чиркова аймақтық мәдениет- ті білім беру үдерісінде жүзеге асырудың екі тәсілін қарастырады[10]:

1) ресми деңгейде, жергілікті педагогтар- дың қалауы бойынша оқу үдерісіне блоктар немесе элементтер ретінде енгізу. Бұл кез кел- ген оқу пәніне, оны зерделеуге арналған сағат- тарды кеңейтуге немесе қысқартуға, тақырып- тардың пропорциясына және т. б. қатысты болуы мүмкін;

2) мазмұндық деңгейде, оқу бағдарлама- рының құрылымына жүйелі түрде аймақтық мәдениеттің материалдарын енгізу.

Елімізде бірқатар ғалымдар түрлі пәндер бойынша аймақтық мәдениетті оқу үдерісіне енгізудің қажеттіліктері туралы еңбектер жа- зып, дәлелдеген. Атап айтсақ, ғалымдар Ка- пышев А.К. түрлі пәндер бойынша жоғары білім саласында аймақтық жоғары мектепті дамыту жайында [11], Жолдасбеков А.А. ай- мақтық ЖОО туризм саласының мамандарын даярлау жайында [12], Темиров К.У. білім алушылардың экологиялық білімінде ай- мақтық компонентті жүзеге асырудың шарт- тарына [13], Курманаева Д.К. аймақтық мате- риал негізінде тілдік емес мамандықтардың білім алушыларына шетел тілін оқытудың мазмұнын жетілдіру (Жезқазған аймағы мы- салында) [14], Ермекбаева А.Т. педагогикалық университеттегі бакалавр-биологтарды әдісте- мелік даярлауда және пән мазмұны құрылы- мындағы аймақтық компонентке арналған [15] ғылыми еңбектер жазған.

Аймақтық мәдениетті жүзеге асыру- дағы жоғары білімнің орны туралы ғалым В.Стрельцова «Жоғары оқу орнының мәдени

— білім беру ортасы - бұл білім беру меке- месінде білім алушылардың мәдени қалыпта- су және даму үрдісіне әсер ететін оқытушылар жасайтын түрлі жағдайлардың жиынтығы

(4)

(материалдық, ұйымдастырушылық - басқа- рушылық, психологиялық - педагогикалық, ақпараттық, коммуникативтік, адамгершілік, инновациялық және т.б.) десе[16], зерттеуші А.Масуренко «Жоғары оқу орнының мәдени - білім беру ортасы - барлық пәндердің әлеу- меттік серіктестік жүйесіне қатысуға мүмкін- дік беретін білім беру, тәрбие беру, дамыту және мәдени-шығармашылық қатынастар- дың жиынтығы» деген[17]. Осылайша, мең- герілетін білімнің құндылық қасиеттерін қа- лыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау деп, аймақтық мәдениетті дамытудағы жоға- ры оқу орнының маңызын атап көрсеткен.

Зерттеу әдістері

Зерттеуіміздің эмпирикалық бөлігін пе- дагогикалық мамандықтардың білім алушы- ларымен сауалнама арқылы өткіздік. Сау- алнама білім алушылардың ағылшын тілін аймақтық мәдениет арқылы үйренуге қатысы жайында жүргізілді. Сауалнамызға жастары 17 - 20 аралығындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, М.Х.Дула- ти атындағы Тараз мемлекеттік универси- тетінің, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ - Түрік университетінің, Е.А. Букетов атын- дағы Қарағанды мемлекеттік университетінің

«Педагогика», «Биология», «Химия», «Мате-

матика», «Шет тілі» және «Қазақ тілі мен әде- биеті» мамандықтарының 108 білім алушыла- ры қатысты. Сауалнаманың мақсаты – білім алушылардың ағылшын тілін оқу үдерісінде аймақтық мәдениеттің материалдарын пайда- лану туралы пікірін анықтау болды. Сауална- ма 20 ашық және жабық сұрақтардан тұрды.

Сауалнамада білім алушылар туралы жеке ақпарат, олардың ағылшын тілін меңгеру дең- гейі, Қазақстанның қай бөлігінен екендіктері, ағылшын тілін оқу себептері, ағылшын тілін қандай материалдар арқылы оқығанды қа- лайтындықтары, аймақтық мәдениетке бай- ланысты жеке пікірлерін қамтитын сұрақтар берілді.

Зерттеу нәтижелері және талқылау

Зерттеу нәтижелеріне келетін болсақ, сау- алнамаға қатысқан білім алушылар ағылшын тілін 18 бастапқы, 19 элементарлық, 46 орта, 13 жалғастырушы, және 12 жоғары деңгейде меңгерген. Бұл білім алушылардың ағылшын тілін меңгеруінің басым көпшілігінің орта деңгейде екендігін көрсетеді. «Ағылшын тілін- дегі дағдыларыңызды қалай бағалар едіңіз?»

деген сұраққа сауалнамаға қатысқан 108 білім алушының 29 оқу дағдысын «өте жақсы», 1 білім алушы «өте нашар», тыңдау дағдысын 12 «өте жақсы», 1 білім алушы «өте нашар»,

Кесте 1 Білім алушылардың ағылшын тілін оқу себептері

шетелде оқу 5

шетелдіктермен қарым –

4 қатынас жасау

шетелге саяхат жасау 3

2 магистр немесе доктор

дәрежесін алу үшін тікелей жол

1 жақсы жұмыс табу

мүмкіндіктері

0 20 40 60 80

ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.

Серия Педагогика. Психология. Социология

№ 2(135)/2021 185

(5)

24 білім алушы жазу дағдысын «өте жақсы», 2 «өте нашар», жалпы ағылшынша сөйлеу қабілеті 8 «өте жақсы», 6 «өте нашар», шетел- діктермен ағылшынша сөйлесудегі мәдени құзіреттілік 5 «өте жақсы», 13 «өте нашар»

деп бағалаған.

Біздің назарымызды ерекше аударған білім алушылардың ағылшын тілін үйрену себеп- тері болды. Білім алушылардың 76 % тілді жақсы жұмыс табу мүмкіндіктері үшін үй- реніп жүргендіктерін көрсеткен. Нәтижелер 1 кестеде берілген.

Келесі кезекте «Ағылшын тілін қандай ма- териалдар арқылы үйренген маңызды деп ойлайсыз?» және «Ағылшын тілін үйренуде қандай контентті пайдалы деп есептейсіз»

деген сұрақтар болды. Бірінші сұраққа білім алушылардың 60% оқулықтар арқылы деп жауап берсе, екінші сұраққа білім алушылар- дың 58% жергілікті және халықаралық кон- тент деп жауап берген. Бұл көрсеткіш білім алушылардың басым көпшілігінің ағылшын тілін үйренуде жергілікті материалдар мен тілін үйреніп жатқан елдер туралы материал- дарды қалайтындықтарын көрсетеді.

«Аймақтық мәдени материалдар арқылы арқылы ағылшын тілін үйренуге қалай қарай- сыз?» деген сұраққа білім алушылардың 53 % бұл «өте жақсы ой», 12 % «өтетін тақырыпқа байланысты», 46 % «қарсы емеспін» деп жау- ап берген. «Аймақтық мәдени материалдар

сіздің оқу үдерісіңізге қалай әсер етеді?» деген сұрақтың жауаптары біздің қызығушылығы- мызды туғызды. Нәтижелер 2 кестеде беріл- ген.

Берілген кестеден байқағанымыз, білім алушылар көбінде аймақтық мәдени матери- алдарды қолданудың тек пайдалы жақтарын белгілеген. Дегенмен, білім алушылардың 6

% «бұл менің оқуыма еш әсер етпейді» деген жауапты таңдаған, бұдан кейбір білім алушы- лардың аймақтық мәдени материалдардың маңызын түсінбейтіндігін бақылаймыз.

Келесі «Аймақтық мәдени материалдарды пайдалану сіздің біліміңізге, ағылшын тілін білуге және жеке тұлғаңызды дамытуға қан- шалықты ықпал етеді?» деген сұраққа білім алушылардың көбі «аймақтық мәдени білімді кеңейтеді, жергілікті құндылықтарды түсіну мен құрметтеуге баулиды, берілген тапсыр- маны анықтауға, зерттеуге және орындауға жол ашады» деп жауап берген.

Ұсыныстар

Зерттеу барысында алынған нәтижелер жоғары оқу орындарының оқу үдерісінде ай- мақтық мәдени материалдарды қолдану бағы- тында ұсыныстар беруге мүмкіндік жасайды.

1. ЖОО білім берудің мәдени тұғыры не- гізінде оқу үдерісінде аймақтық мәдени мате- риалдарды енгізу;

Кесте 2 Білім алушылардың аймақтық мәдени материалдарға қатысы

Мен туған жер туралы көбірек білетін боламын.

Мен аймақтық материалдар арқылы тіл байлығымды жетілдіремін.

Мен шетелдіктермен өз мәдениетім / тарихым / дәстүрлерім туралы сөйлесе аламын.

Сөз байлығым ұлғаяады.

Бұл мені ынталандырады және ағылшын тілін үйренуге деген сенімімді арттырады.

Бұл менің оқуыма әсер етпейді.

6 15

18

16

22

31

(6)

2. Түрлі пәндердің оқу үдерісінде ай- мақтық мәдени материалдарды қамтитын оқу бағдарламалары мен интеграцияланған кур- стар құрастыру;

3. Мәдени тұғырды жүзеге асыру мақ- сатында оқытушы мен білім алушының өзін - өзі жетілдіруіне қолайлы жағдайлар жасау, сабақ тақырыбы мен мәселесіне еркіндік беру және бұл бағыттың үнемі орын алуы шарт емес;

4. ЖОО аймақтық мәдениетті белгілі бір аумақтағы адамдар өмірінің ерекшеліктерін көрсету ғана емес, сонымен қатар өзінің ло- гикасы мен заңдылықтары бар үдеріс ретінде түсіну.

Қорытынды

Аймақтық мәдениет белгілі бір аймақта өмір сүретін білім алушы үшін аймақтың құндылығын түсініп, ұлтжандық сезімдерін дамытуға алғышарттар жасайды.

Жоғары оқу орындарының оқу үдерісі- не аймақтық мәдениетті енгізу мәдени тұрақтылықтың орын алуына мүмкіндік береді, бұл болашақ маманның өзі туған өңірінің тыныс тіршілігін білуіне, оның ерек- шеліктерін түсінуіне, білім алудың ақпарат- тық саласының ұлғаюына, заманауи әлеумет- тік мәдени кеңістікке еркін бейімделе алуына жол ашады.

Әдебиеттер тізімі

1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына Жолдауы [Электрон.ресурс] – 2012. – URL: http://adilet.zan.kz/

kaz/docs/K1200002050 (қаралған күні: 10.12.2020).

2. Жанұзақов Т. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Дайк-Пресс. – 2008. - 968 б.

3. Lisa M., Vaughn L. Psychology and Culture. Thinking, Feeling and Behaving in a Global Context:

Psychology Focus, 2010.- 268 p.

4. Vasyanovych H.P., Onyshchenko V.D. Noology of personality: educational manual. Lviv: Spolom, 2007.

-217 p.

5. Semchyshyn M. Thousand years of the Ukrainian culture: Historical review of cultural process. The Second hand, Kiev, 1993.- 550 p.

6. Спиридонова А.В. Региональная культура: диалектика локального и универсального: дис. на со- искание канд. наук культурологии, Чита, 2007. - 187 с.

7. Любичанковский А.В. Ментальные факторы культурного регионализма // Вестник ассоциации российских географов – обществоведов.-2018.-№7 – С. 161-172.

8. Ускенбаева С.Т. Қазақстан студенттерінің этномәдени мүдделерін қалыптастырудың педагогика- лық шарттары: п.ғ.к. ғылыми дәрежесін алуға дайындалған диссертация. - Барнаул. 2014. - 218 б.

9. Шалгинбаева С.Х. Алматы және Тараз қалаларындағы қазақтардың әлеуметтік-мәдени келбеті мен әдет-ғұрпы: п.ғ.к. ғылыми дәрежесін алуға дайындалған диссертацияның авторефераты. - Алматы.

2002. – 196 б.

10. Чиркова И.К. Внедрение регионального компонента в культурологическое образование студен- тов педагогического вуза: дис. канд. пед. наук. - Ярославль, 1997. - 205 б.

11. Капышев А.К. Формирование и развитие региональной высшей школы в Центральном Казах- стане в 30-60-е годы XX века: диссертация на соискание ученой степени к.и.н. - Алматы, 2002. - 197 с.

12. Жолдасбеков А.А. Система подготовки туристических кадров в региональных вузах Республики Казахстан: диссертация на соискание ученой степени к.и.н. - Алматы, 2005. - 271 с.

13. Темиров К.У. Педагогические условия реализации регионального компонента экологического образования студентов: диссертация на соискание ученой степени к.и.н. - Алматы, 2009. - 153 с.

14. Курманаева Д.К.Совершенствование содержания обучения иностранному языку студентов не- языковых специальностей на основе регионального материала (на примере Жезказганского региона):

диссертация на соискание ученой степени: - Бишкек, 2015. – 122 с.

ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.

Серия Педагогика. Психология. Социология

№ 2(135)/2021 187

(7)

15. Ермекбаева А.Т. Региональный компонент в структуре содержания предметной и методической подготовки бакалавров-биологов в педагогическом вузе: диссертация на соискание ученой степени. - Ал- маты, 2018. - 148 с.

16. Streltsova V. J. Social adaptation of students of the Institute of culture and arts to the terms of the cultural and educational environment: The abstract of thesis of the dissertation of the candidate of pedagogical sciences. - Yurinkom Inter, Kiev, 2007. - 22 p.

17. Mazurenko, A.V. Pedagogical terms of formation and the development of social qualities of youth in the cultural environment of the higher school: Dissertation of the candidate of pedagogical sciences. Rostov – on – Don, - 2006. - 183 p.

G.Z. Tazhitova

L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan Higher education and region – based culture

Abstract. The article discusses issues of interaction between higher education and region-based culture.

There have been identified both role and importance of the region – based culture in the field of modern higher education. The author explains an essence of the concepts of region and region - based cuture and determines their needs in the field of higher education. Regional culture is the concept of interaction with an environment that has a long history. Regional education serves as the basis for decision-making on the main aspects of everyday life and therefore it is an integral part of education. Regional culture is presented as a combination of experience in the use of resources, social interaction, and wisdom passed down from generation to generation in an unchanged form. The article presents an overview of the scientific works of foreign and domestic scholars written around culture, region-based culture, and the prerequisites for the research topic. A survey was conducted with students of pedagogical specialties of higher educational institutions to determine the students’

altitude in the introduction of the region-based cultural materials in the process of learning English. The data obtained during the survey were processed and the results were discussed. Based on the results obtained during the study, the author made recommendations and developed concepts in the direction of using region -based cultural materials in the educational process of higher educational institutions.

Keywords: HEI, region, value, ethnopedagogy, studying process, regional cultural materials.

Г.З. Тажитова

Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева, Нур-Султан, Казахстан Высшее образование и региональная культура

Аннотация. В статье рассматриваются аспекты взаимодействия высшего образования и региональ- ной культуры. Автор определяет место и значимость региональной культуры в современном высшем образовании, разъясняет сущность понятий «регион», «региональная культура», также определяются потребности в сфере высшего образования. Региональное образование служит основой для принятия решений по основным аспектам повседневной жизни и поэтому является неотъемлемой частью образо- вания. Региональная культура представляется как совокупность опыта использования ресурсов, социаль- ного взаимодействия, мудрости, передаваемой из поколения в поколение в неизменном виде.

Также представлен обзор научных трудов зарубежных и отечественных ученых, посвященных куль- туре, региональной культуре, и изложены предпосылки темы исследования. Проведено анкетирование с обучающимися педагогических специальностей вузов с целью выявления их отношения к использова- нию региональных материалов в процессе изучения английского языка. На основе полученных результа- тов в ходе исследования даны рекомендации и сформулированы выводы по использованию региональ- ных материалов в учебном процессе высших учебных заведений.

Ключевые слова: вуз, регион, ценность, этнопедагогика, учебный процесс, региональные культурные материалы.

(8)

References

1. Nazarbayev N.A. Kazakhstan halkina zholday [Message to Kazakhstan people] [Electronic resource]

– 2012. – Available at: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1200002050 (Accessed: 10.12.2020).

2. Zhanuzakova Т. Kazakh tilinin tusindirme sozdigi [Explanatory dictionary of the Kazakh language]

(Dike-Press, Almaty, 2008, 968 p.).

3. Lisa M., Vaughn L. Psychology and Culture. Thinking, Feeling and Behaving in a Global Context:

Psychology Focus, 2010, 268 p.).

4. Vasyanovych H.P., Onyshchenko V.D. Noology of personality: educational manual (Lviv: Spolom, 2007, 217 p.)

5. Semchyshyn, M. Thousand years of the Ukrainian culture: Historical review of cultural process. (The Second hand, Kiev, 1993, 550 p.).

6. Spiridonova A.V. Regionalnaya kultura: dialektika localnogo i universalnogo [Regional culture: dialect of local and universal] dissertatsia na sosikanie kandidata nauk kultyrologi (Chita, 2007, 187 p.).

7. А.V.Lubichankovsky. Mentalnyi factory kulturnogo regionalism [Mental factors of cultural regionalism],Vestnik assotciatsii rossiiskih geographovers [Bulletin of Association of Russian geographers], 7, 161-172 (2018).

8. Uskenbayeva S.T. Kazakhstan studentterinin ethnomadeni muddelerin kaliptasturudin pedagogikalik sharttari: р.g.k. gilimy darezhesin aluga daiindalgan dissertatcia. [Pedagogical conditions for the formation of ethnocultural interests of students in Kazakhstan: dissertation for the degree of candidate of p.s.] (Barnaul, 2014, 218 p.).

10. Shalginbayeva S.X. Almaty zhane taraz kalalaryndagi kazaktardin aleumettik – madeni kelbeti men adet-gurpi, p.g.k. gilimy darezhesin aluga daiindalgan dissertatcia avtoreferaty [Socio-cultural appearance and customs of Kazakhs in Almaty and Taraz: аbstract of the dissertation for the degree of c.p.s.] (Almaty, 2002, 196 p.).

11. Chirkova I.K. Vnedrenie regionalnogo komponenta v kulturologicheskoe obrazovanie studentov pedagogicheskogo vuza: dissertatcia dlya poluchenia stepeni k.p.n. [Implementation of the regional component in the cultural education of students of a pedagogical university: dissertation for the degree of c.p.s.] (Yaroslavl, 1997, 205 p.).

12. Каpishev А.К. Formirovanie i razvitie regionalnoy visshei shkoli v Tcentralnom Kazachstane v 30- 60e gody XX veka. Dissertatcia dlya poluchenia stepeni k.p.n. [Formation and development of regional higher education in Central Kazakhstan in the 30-60s of the XX century. Dissertation for the degree of c.p.s.] (Almaty, 2002, 197 p.).

13. Zholdasbekov А.А. Systema podgotovki turistcheskih kadrov v regionalnich vuzah Respubliki Kazakhstan, Dissertatcia dlya poluchenia stepeni k.p.n. [The system of training tourist personnel in regional universities of the Republic of Kazakhstan]. Dissertation for the degree of c.p.s.] (Almaty, 2005, 271 p.).

14. Temirov К.U. Pedagogicheskie uslovia realizatsii regonalnogo komponenta ekologicheskogo obrazovanya studentov Dissertatcia dlya poluchenia stepeni k.p.n. [Pedagogical conditions for the implementation of the regional component of environmental education of student. Dissertation for the degree of c.p.s.] (Almaty, 2009, 153 p.).

15. Kurmanayeva D.К. Soversenstvovanie soderzhaniya obuchenia inostrannomy yaziku studentov neyzikovich spetsialnostey na osnove regionalnogo materiala (na primere Zhezkazganskogo regiona) Dissertatcia dlya poluchenia stepeni k.p.n. [Improving the content of teaching a foreign language to students of non-linguistic specialties on the basis of regional material (on the example of the Zhezkazgan region).

Dissertation for the degree of c.p.s.] (Bishkek, 2015, 122 p.).

16. Ermekbayeva А.Т. Regionalnyi component v structure soderzhaniya predmetnoi i metodicheskoi podgotovki bakalavrov – biologov v pedagogicheskom vuze. Dissertatcia dlya poluchenia stepeni k.p.n. [The regional component in the structure of the content of the subject and methodological training of bachelors - biologists at a pedagogical university. Dissertation for the degree of c.p.s.] (Алматы, 2018, 148 p.).

17. Streltsova, V. J. Social adaptation of students of the Institute of culture and arts to the terms of the cultural and educational environment: The abstract of thesis of the dissertation of the candidate of pedagogical science. (Yurinkom Inter, Kyiv, 2007, 22 p.).

ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.

Серия Педагогика. Психология. Социология

№ 2(135)/2021 189

(9)

18. Mazurenko A.V. Pedagogical terms of formation and the development of social qualities of youth in the cultural environment of the higher school: Dissertation of the candidate of pedagogical sciences (Rostov–on –Don, 2006,183 p.).

Автор туралы мәлімет:

Тажитова Г.З. – әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының докторанты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан.

Tazhitova G.Z. – Ph.D. student of Social Pedagogy and Self-Knowledge Department, L.N.Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Abaydeldinov E.M. Doctor of Juridical Sciences, Prof., L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan.. Abdilov K.S. Gumilyov Eurasian National

Abaydeldinov E.M. Doctor of Juridical Sciences, Prof., L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan.. Abdilov K.S. Gumilyov Eurasian National

Ispolinov A.S. Doctor of Juridical Sciences, Prof., Lomonosov Moscow State University, Moscow, Russia Kala N.S. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan..

Ispolinov A.S. Doctor of Juridical Sciences, Prof., Lomonosov Moscow State University, Moscow, Russia Kala N.S. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan..

Ispolinov A.S. Doctor of Juridical Sciences, Prof., Lomonosov Moscow State University, Moscow, Russia Kala N.S. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan..

Abaydeldinov E.M. Doctor of Juridical Sciences, Prof., L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan.. Abdilov K.S. Gumilyov Eurasian National

Abaydeldinov E.M. Doctor of Juridical Sciences, Prof., L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan.. Abdilov K.S. Gumilyov Eurasian National

Abaydeldinov E.M. Doctor of Juridical Sciences, Prof., L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan.. Abdilov K.S. Gumilyov Eurasian National