• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

A study of «Self» concept of students by the method of S.A. Budassi

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "A study of «Self» concept of students by the method of S.A. Budassi"

Copied!
9
0
0

Толық мәтін

(1)

ХҒТАР 15.21.51

Қ.Қ. Шалғынбаева Б.А. Матаев

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Султан, Қазақстан (E-mail: kadisha1954@mail.ru, mataev_berik@mail.ru)

С.А. Будасси әдісі арқылы студенттердің «Мен»

концепциясын зерттеу

Аннотация. Кәсіби қалыптасу саласындағы заманауи психологиялық - педагогикалық зерттеулер болашақ маманның құзыретті және табысты тұлғасын қалыптасты- руға бағытталған. Қоғамның құбылмалы өзгерістері зерттеушіден диагностикалық құралдарды жаңартып немесе модификациялауды және зерттеудің жаңа психологи- ялық - педагогикалық заңдылықтарын анықтайтын жұмыс формалары мен әдістерін жетілдіруді талап етеді. Кәсіби даярлау жағдайында болашақ педагог - психологтың жеке басының тұрғысынан «Мен» концепциясын диагностикалау және сипаттау мәселесі ерекше қызығушылық тудырады. Осыған орай, мақалада «Мен» концепциясын зерттеу тарихы және жоғары мектептің психологиялық - педагогикалық мәселесі ретінде кәсі- би даярлау жағдайында студенттердің «Мен» концепциясын қалыптастыру процесі қарастырылды. Сондай-ақ, С.А. Будассидің «Тұлғаның өзін-өзі бағалауы» әдістемесінің көмегімен студенттердің кәсіби даярлау жағдайындағы «Мен» концепциясын зертте- удің ерекшеліктері және оның зерттеу мүмкіндіктері, модификациялардың жіктелуі және түсіндіру әдістері ашылады. Іріктемені Павлодар педагогикалық университетінің және С. Торайғыровтың атындағы университеттің «Педагогика және психология» ма- мандығының 237 студенті кірді. Сыналушылар жасы 17-ден 23-ке дейін, әр түрлі курс студенттері. Студенттер эксперименттік және бақылау зерттеу топтарына бөлін- ді. Математикалық-статистикалық өңдеу нәтижелері SPSS Statistics 21 бағдарлама- лық жасақтамасының көмегімен алынды. Алынған нәтижелер студенттердің кәсіби даярлау жағдайындағы «Мен» концепциясын зерттеудегі қол жетімділік пен валидтілік туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді.

Түйінді сөздер: «Мен» концепциясы, С.А. Будасси әдісі, өзін-өзі бағалау, өздік сана, өзі- не қатынас.

DOI: https://doi org/10.32523/2616-6895-2021-135-2-274-282 Түсті: 2.12.20 / Жарияланымға рұқсат етілді: 12.01.21

Кіріспе

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан- дықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, ком- муникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге» басты назар аудару қа-

жеттілігін ерекше атап көрсетуі білім беру жүйесінің алдына көптеген міндеттер жүктей- ді [1]. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауында:

«Біз кәсіби білім берудің бүкіл жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар қа- лыптастыруға бағыттағанымыз жөн» деп атап көрсетті [2]. Сондықтан жаһандану кезеңінде

(2)

болашақ мамандарды кәсіби даярлау жағдай- ында жоғары деңгейлі, жан-жақты, үздіксіз өзін-өзі тұлғалық және кәсіби жағынан жетіл- діруге қабілетті, сонымен қатар, «Мен» бей- несі туралы білімді үнемі толықтыра алатын мамандарды даярлау ЖОО-ның басты міндет- терінің бірі болуы керек. Қазіргі ЖОО-дағы білім беру процессінің шындығы, болашақ мамандардың тұлғалық, кәсіби қасиеттерін қалыптастыру және дамыту теориясы мен практикасының мазмұнын субъектісі ретінде анықтайды. Субъектілік мәселелер адам ту- ралы тұлғалық, кәсіби дамудың теориялық және қолданбалы зерттеулерінде психоло- гиялық-педагогикалық механизмдері негізгі орындардың бірін алатындығын есте ұстаған жөн.

Тарихы

ЖОО-ның білім беру процесінде студент- тердің кәсіби «Мен» концепциясын қалыпта- стыру – бұл уақыт өте келе қалыптасқан екі процестің өзара әрекеті: ішкі детерминистік тұлғалық және кәсіби даму (қажеттіліктер, мотивтер, мақсаттар, міндеттер және өзін- өзі жүзеге асыру); сыртқы, студенттің жеке басына және оны оқыту процесіне қатысты.

Болашақ мамандардың кәсіби «Мен» концеп- циясын қалыптастыру идеясы білім алушы- ның ішкі әлеуетін (гносеологиялық, аксиоло- гиялық, коммуникативтік, шығармашылық және т.б.) ашуға, іске асыруға және өрістетуге ұмтылатын белсенділіктің, жеке, субъектілік тәжірибенің тасымалдаушысы ретінде қара- стырылады.

Студенттің кәсіби «Мен» концепциясын қарастырмас бұрын, осы терминнің мағы- насын ашып алған абзал. Robert Bruce Burns (1909-1997) айтуынша, «Мен» концепциясы категориясының нақты анықтамасы жоқ. Ол

«Мен» концепция ұғымына келесідей анықта- ма береді: «Мен» концепциясы - бұл адам- ның өзі туралы ойларының динамикалық жүйесі, оның физикалық, интеллектуалдық және басқа да қасиеттерін нақты түсіну, өзін- өзі бағалау, сондай-ақ сыртқы факторлардың тұлғаға әсер ететін субъективті қабылдауы»

[3]. «Мен» концепциясы адамның өзара әле- уметтік әрекеттесу процесінде пайда болады және өзара психикалық әрекеттесудің ерекше нәтижесі, салыстырмалы түрде тұрақты және сонымен қатар ішкі рухани өзгерістер мен психикалық өзгерістерге тәуелді. Ол адам- ның барлық өмір көріністерінде - бала кезінен бастап қартайғанға дейін өшпес із қалдырады.

Қоршаған орта, басқа адамдар туралы ойлар тұлға бойындағы «Мен» концепция- сының әлеуметтену мен тәрбиелеу процесін- де қалыптасады, бірақ белгілі бір соматика- лық және жеке қасиеттер детерминанттары тұрғысынан қабылданады. Тұлғаның «Мен»

бейнелері есею кезеңдерінде, қажеттіліктер туындай бастағанда дами түседі. Осы кезде тұлғаның адами қасиеттері көрініс тауып,

«Мен» концепциясы өзгеріске ұшырайды. Өз кезегінде ол маңызды кері байланыс қызметін атқарады.

«Мен» бейнесін екі аспектіге бөлуге бола- ды: өзін-өзі тану және өзін-өзі ұстау. Өмір сүру барысында тұлға өзін-өзі таниды әрі өзі тура- лы білім жинайды, бұл білім оның өзі және

«Мен» концепциясы туралы синтезінің маңы- зды бөлігін құрайды. Өзі туралы білім тұлға үшін маңызды, себебі жаңа эмоциялар мен бағалау оның ішкі дүниесінің объектісі болып табылады және ол перманетті (тұрақты) өздік қатынас болып табылады. Осы тұста «Мен»

бейнесінің кейбір аспектілері санадан және бейсанадан тыс жүреді.

«Мен» концепциясы ұғымы арнайы ғылы- ми әдебиеттерде жақында ғана пайда болға- нымен, бұл мәселе ғалымдардың еңбектерінде бұрын да орын алған еді. Тұлғаның «Мен» біре- гейлігі мен мәселесіне ХХ ғасырдың ортасында батыс ғылыми қоғамдастығының назары арта түсті және гуманистік, феноменологиялық бағыттардың басты және өзекті зерттеулері- не айналды. Ілімнің негізін қалаушылар Carl Ransom Rogers (1902-1987) пен Abraham Maslow (1908-1970) және олардың шәкірттері болып табылады, олар тұлға көріністерін:

эмоциялар, сезімдер, көзқарастар және т.б.

зерттеулер жүргізіп, тұлғаның дамуын түсіну- ге абстрактылық, антропологиялық, тарихтан тыс тұрғыдан қарастырды [4].

(3)

Негізгі бөлім

А.В. Карпов тұлғаның «Мен» концепция- сы қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі және өз-өзіне талдау жасау арқылы қалыптасады деп көрсетті. Сондай-ақ А.В. Карпов «Мен»

концепциясының қалыптасуын өзін-өзі тану процесімен байланыстырады және бұл пси- хикалық қасиет статикалық емес, керісінше үнемі өзгерістерге ұшырап, даму үстінде деп санайды. Тұлғаның адекваттық дәрежесі мен қалыптасу деңгейі адамның нақты әрекеттері мен қылықтарында анықталады, осыған бай- ланысты тұлғаның «Мен» концепциясы адам- ның психикасына да, мінез-құлқына да айтар- лықтай әсер етеді [5].

С.Л. Рубинштейн тұлғаның «Мен» бейнесі қоршаған ортамен әртүрлі қарым-қатына- сқа түсетінін, нәтижесінде түрлі қасиеттер мен ерекшеліктерді анықтайтын формалар- да көрініс табатынын болжады. Осы жекеле- ген өзара әрекеттесуден өзін-өзі қабылдау, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі талдау арқылы тұлғаның барлық мәндік-мазмұнды ерек- шеліктерін біріктіретін «Мен» бейнесі немесе тұлғаның «Мен» концепциясы қалыптасады [6].

Психологиялық сөздіктің авторлары [7]

тұлғаның «Мен» концепциясына төмендегі- дей аңықтама береді:

1) тұлғаның өзі туралы қөзқарастыры- ның тұрақты, белгілі бір дәрежеде саналы, тәжірибелі және ерекше жүйесі;

2) бүтін әрі ішкі қарама-қайшылығы бар, өзін-өзі белгілейтін «Мен» бейнесі

Қ.Қ. Шалғынбаеваның пікірінше,

«Мен-тұжырымдамасы» жеке адамның өзін- өзі ұғыну қызметінің нәтижесінде пайда болған рефлексивті анықтау» деп қарасты-

рады. Оның құрамында үш құрылымдық құрамдастарды белгілеуге болады:

1) когнитивті құрамдас – «Мен бейнесі», оған өзі туралы көріністер мазмұны кіреді;

2) өзін-өзі бағалау жүйесі;

3) мінез-құлықтағы когнитивтік және бағалаушы көрінестерді сипаттайтын мі- нез- құлықтық құрамдас дейді [8].

Психологиялық-педагогикалық әдебиет- терді талдау барысында «Мен» концепциясы термині көбінесе біржақты түсіндіріледі, яғни

«Мен» концепциясын тұлғаның өзін-өзі баға- лауымен байланыстырады. Тұлғаның «Мен»

концепциясы неден және қалай құрылаты- нын анықтаған кезде, авторлар «Мен» концеп- циясының әртүрлі формалары, аспектілері және компонентері туралы өзін-өзі бағалау контексінде ғана жазды.

«Мен» концепциясын зерттеу барысында - шынайы «Мен» және мінсіз «Мен» жиын- тықтарының ара қатынасын қарастырған жөн.

Сондықтан «Мен» концепциясын тұлғаның өзін-өзі туралы жалпылама бейнелеуі, өзіне қатысты көзқарастар жүйесі немесе практи- калық психологтар айтуынша, «Мен» концеп- циясы - бұл «Адамның өзі туралы теориясы».

Тағы бір ескеретін жайт, ол «Мен» - концеп- циясы статикалық (тұрақты) емес, ол дина- микалық, психологиялық кұрамдас болып табылады. Біз өз зерттеуімізде «Мен» концеп- циясының компоненттерін 1-ші кестеде кел- тірдік.

Зерттеу жұмысымызға Павлодар педаго- гикалық университетінің (эксперименталды топ) және Toraighyrov university (бақылаушы топ) студенттері қатысты. Зерттенушілер 1-3 курс студенттері, жалпы саны 237 адам. Жеке талдау нәтижесінде экперименталды топ (әрі қарай ЭТ) – 91 респондент, оның ішінде 1 курс

Кесте 1

«Мен» концепциясының компонеттері

Компонентер Когнитивті Мінез-құлықтық Аффективті Мазмұны Тұлғалық және өзін-

өзі болашақ маман ретінде сезіну

Оқу - кәсіби және тұлғалық мотивация

Өзін-өзі бағалау және құндылық бағдары

(4)

– 28 студент, 2 курс – 15 студент, 3 курс – 48 сту- дент және бақылаушы топ (әрі қарай БТ) - 146 респондент, оның ішінде 1 курс – 50 студент, 2 курс – 60 студент, 3 курс – 36 студент болды

Зерттеу әдістері

Жоғарыда көрсетілген теориялық шолу негізінде және әртүрлі психодиагностикалық әдістердің мүмкіндіктерін ескере отырып, біз өз зерттеу жұмысымыздың бір зерттеуші ин- струменті ретінде Сергей Андреевич Будасси- дің «Тұлғаның өзін-өзі бағалау» [9] әдістемесін қолдандық.

Бұл әдістеме «Педагогика және психоло- гия» мамандығы студенттерінің кәсіби «Мен»

концепциясын зерттеуге мүмкіндік берді.

Зерттеушілерге тұлға қасиеттерінің тізімі ұсынылды. Әдістемені орындау барысында зерттелушілер 3 қадамнан тұратын нұсқау- лықты орындайды:

1 қадам - «Мінсіз педагог-психолог маманы» сипаттамасына лайық қасиеттер ішінен 20-сын таңдау керек, таңдалған 20 қа- сиеттер арасында жағымсыз қасиеттер орын табуы да мүмкін;

2 қадам - таңдалған 20 сөзден өзіңіз үшін жағымды қасиетті таңдаңыз, бұл сөз- ге қарама-қарсы «Мінсіз Мен» бағанында 20 санын қойыңыз. Одан кейін қалған 19 сөзден келесі жағымды қасиетті таңдап, осы сөздің қарама-қарсына 19 санын қойыңыз және со- лай 20-дан 1 санына дейін реттік нөмірлерді қойып шығыңыз;

3 қадам - сол 20 сөзден өзіңізге тән қасиетті таңдаңыз және осы қасиетке қара- ма-қарсы «Шынайы Мен» бағанасына 20 са- нын қойыңыз. Одан әрі қалған 19 сөзден Сізге тән келесі қасиетті таңдап, осы сөздің қара- ма-қарсына 19 санын қойыңыз және солай 20- дан 1 санына дейін реттік нөмірлерді қойып шығыңыз.

Әдістеме нәтижесін төмендегі хаттамадан қараңыз (сурет 1).

Зерттеудің нәтижесі

«Мен» концепциясының когнитивті ком- понентін зерттеу аясында біз үшін екі жетек- ші қасиет динамикасындағы «Мінсіз маман»

және «Шынайы Мен» бейнелеріндегі салы- стыру қызығушылық тудырды (кесте 2 қара)

Сурет 1. А.С. Будасси әдістемесі бойынша хаттама бланкісі

(5)

Кесте 2 Екі жетекші қасиеттін қорытынды рейтингісі

Бейне Ранг 1 курс 2 курс 3 курс

Мінсіз маман 1 Адалдық Шыдамдылық Еңбексүйгіштік 2 Намысшылдық Еңбексүйгіштік Адалдық Шынайы Мен 1 Кекшілдік Қоркақтық Батылсыздық

2 Ұстамсыздық Шынайылық Адалдық

1-3 курс студенттерінің әдістемеде беріл- ген қасиеттерді талдау барысында екі жетек- ші қасиеттер қорытынды рейтингісін қарай отырып, 1-ші курс студенттері «Мінсіз маман»

сипаттаған кезде жетекші қасиеттер ретінде

«адалдық» пен «намысшылдықты» таңдаға- нын байқадық. «Шынайы Мен» сипаттау кезінде жетекші қасиеттер ретінде «кекшіл- дік», «ұстамсыздық» таңдалды. 2-курс студент- тері «Мінсіз маманды» сипаттаған кезде же- текші қасиеттер ретінде «шыдамдылық» пен

«еңбексүйгіштік», ал «Шынайы Менді» сипат- тау кезінде «қорқақтық» пен «шынайылық»

қасиеттерін таңдады. 3-курс студенттері «Мін- сіз маман» сипаттамасында «еңбексүйгіштік»

пен «адалдықты» жетекші қасиеттер ретінде,

«Шынайы Менді» сипаттау кезінде «батыл- сыздық» пен «адалдық» жетекші қасиеттер ретінде таңдағанын көреміз.

Таңдалған жетекші қасиеттерді сапалы тал- дау кезінде 1-3 курс студенттері үшін «Мінсіз маман» мен «Шынайы Мен» сипаттамасында барлық студенттер үшін сәйкес келетін жетек- ші қасиеттер анықталмағаны белгілі болды, бұл бізді жетекші қасиеттердің санын экспе- рименттік және бақылау топтарында екіден

үшке дейін арттыруға итермеледі (3-кестеге қараңыз).

Эксперименттік және бақылау топтары студенттерінің әдістемедегі қасиеттерді сара- лау және 3 жетекші қасиетті эксперименттік топ студенттерінде «Мінсіз маманды» си- паттау кезінде «адалдық», «еңбексүйгіштік»

және «батылдық» жетекші қасиеттер ретінде таңдағанын көрсетті. «Шынайы Менді» сипат- тау кезінде кекшілдік, ұстамсыздық, сезімтал- дық сияқты қасиеттерді жетекші қасиеттер ретінде таңдады.

Бақылау тобының студенттері «Мінсіз ма- манды» сипаттаған кезде шыдамдылық, адал- дық және еңбексүйгіштік қасиеттерді жетекші қасиеттер ретінде таңдаған, ал «Шынайы Мен- ді» сипаттау кезінде адалдық, шынайылық, мейірімділік қасиеттерді жетекші қасиеттер ретінде таңдаған.

Таңдаған жетекші қасиеттерді сапалы тал- дау кезінде эксперименттік және бақылау топтарының студенттерінде «Мінсіз маман»

бейнесінде адалдық сияқты қасиетті бар- лық респонденттер үшін таңдаулы болып анықталғандығы белгілі болды. «Шынайы Мен» бейнесінде эксперименттік және бақы-

Кесте 3 Үш жетекші қасиеттің эксперименттік және бақылау топтарындағы қорытынды рейтингісі

Бейне Ранг ЭТ БТ

Мінсіз маман 1 Адалдық Шыдамдылық 2 Еңбексүйгіштік Адалдық 3 Батылдық Еңбексүйгіштік Шынайы Мен 1 Кекшілдік Адалдық

2 Ұстамсыздық Шынайылық 3 Сезімталдық Мейірімділік

(6)

«Мінсіз Мен» және «Мінсіз маман» бейнелеріндегі өзін-өзі бағалаудың өзара байланысы

Кесте 4

Өзара байланысы бейнелері

Курс

1 2 3

Орташа

көрсеткіш Ст. аутқу Орташа

көрсеткіш Ст. аутқу Орташа

көрсеткіш Ст. аутқу Мінсіз Мен және

Мінсіз маман 0,83 0,05 0,82 0,07 0,83 0,05

лау топтарының студенттері қалаған қаси- еттерде ортақ қасиет табылмады. Осылай- ша, алынған нәтижелер «Мінсіз маман» мен

«Шынайы Менді» сипаттау кезінде сәйкестікті анықтау үшін кем дегенде 5 жетекші қасиет бойынша қорытынды рейтингісін жүргізу қа- жет екендігіне көз жеткіздік.

Студенттердің кәсіби «Мен» концепция- сының аффективті компонентін зерттеу үшін біз «Мінсіз Мен» және «Мінсіз маман» бей- нелеріндегі өзін-өзі бағалаудың өзара байла- нысы және ең аз сәйкес келетін қасиеттерді салыстыру үшін, IBM SPSS 22 бағдарламасын қолдандық, оның нәтижелері 4 - кестеде беріл- ген.

Студенттердің кәсіби «Мен» концепциясы- ның мінез-құлық компонентіне келетін бол- сақ, 1-ші курс студенттерінде өзін-өзі бағалау 0,83±0,05, 2 курс студенттерінде өзін-өзі баға- лау 0,82±0,07, 3 курс студенттерінде өзін-өзі бағалау 0,83±0,05 шегінде екендігі анықталды.

Алынған коэффициенттер өзін-өзі бағалау деңгейі адекватты шектеуде екенін көрсетеді.

Алайда, егер біз өзін-өзі бағалауды тұлға ретінде және өзін-өзі бағалауды кәсіби ма- ман ретінде қарастыратын болсақ, онда тұлға ретінде өзін-өзі бағалау деңгейі кәсіби өзін-өзі

бағалау деңгейінен жоғары екенін байқаймыз.

«Педагогика және психология» маман- дығы студенттерінің кәсіби «Мен» концепция- сының аффективті компонентін зерттеу үшін біз өзін-өзі бағалаудың жалпы деңгейін және

«Мінсіз Мен» мен «Шынайы Мен» арасындағы алшақтықты бөліп алуымыз керек (5-кестені қараңыз).

Жүргізілген статистикалық сипаттама нәтижесінде 1-курс студенттерінің өзін-өзі бағалауы 0,88±0,06, 2-курс студенттерінің өзін- өзі бағалауы 0,89±0,06, 3-курс студенттерінің өзін-өзі бағалауы 0,88±0,06 аралығында екенді- гі анықталды.

Әрі қарай, 2-суретте біз эксперименттік және бақылау топтарындағы өзін-өзі баға- лаудың өзара байланыстағын қарастыруды ұсынамыз.

Статистикалық сипаттама нәтижесінде эксперименттік топтың студенттері өзін-өзі бағалау, тұлға ретінде, 0,89±0,06 шегінде және бақылау тобының студенттері өзін-өзі бағалау 0,88±0,06 шегінде екендігі анықталды. Кәсіби маман ретінде өзін-өзі бағалау эксперимент- тік топ студенттерінде 0,84±0,05 және бақылау тобының студенттерінде 0,82±0,06 аралығында екені аңықталды. Алынған коэффициенттер

Кесте 5

«Мінсіз Мен» мен «Шынайы Мен» арасындағы алшақтық Курс

1 2 3

Орташа көрсеткіш

Ст. аутқу Орташа көрсеткіш

Ст. аутқу Орташа көрсеткіш

Ст. аутқу

Алшақтық 0,88 0,06 0,89 0,06 0,88 0,06

(7)

0,9 0,89

0,88 0,88

0,86

0,84 0,84

0,82 0,82

0,8

0,78

Тұлға лық Кәсі би

Эксперименталды топ Бақылаушы топ

Сурет 2. Эксперименттік және бақылау топтары студенттерінің өзін-өзі бағалауының өзара байланысы

өзін-өзі бағалау деңгейі адекватты шектеуде, дегенмен де сәл жоғарлау тенденциясын көр- сетті. Сонымен қатар, егер біз өзін-өзі баға- лауды тұлғалық және кәсіби маман ретінде ерекшеліктерін қарастыратын болсақ, онда өзін-өзі бағалау деңгейі тұлға ретінде кәсіби маман деңгейінен жоғары екенін байқаймыз.

Осылайша, орташа алғанда, зерттеу әдісте- месінде үлгіні бөлудің әртүрлі жағдайларына қарамастан, өзін-өзі бағалаудың жоғары дең- гейі байқалады.

Анықтаушы эксперимент барысында сту- денттер «Шынайы Мен» және «Мінсіз маман»

бейнелері үшін бірдей жетекші қасиеттерді анықтағаны дәлелденді, яғни студенттер өз- дерінің «адалдығы» мен «еңбексүйгіштігін»

шынайы бейнесіне жатқызады, бұл «Мен»

концепцияның когнитивті компонентінің сәй- кестігінің көрсеткіші. Сонымен қатар, өзін-өзі бағалау деңгейі адекватты шектеуде, ал егер

біз өзін-өзі бағалауды тұлғалық және кәсіби маман ретінде ерекшеліктерін жекелеп қара- стыратын болсақ, онда өзін-өзі бағалау дең- гейі тұлға ретінде кәсіби маман деңгейінен жоғары екенін байқаймыз. Алынған нәтиже бойынша студенттердің кәсіби «Мен» концеп- циясын қалыптастыру үшін арнайы бағдарла- маны құрастыру қажеттілігі туындайтынын анықтадық.

Қорытынды

Қорытындылай келе, мынадай шешімге келдік: «Математикалық-статистикалық өң- деулердің көмегімен сандық және сапалық процедураларды қолдана отырып, өзіміздің зерттеу мақсатымызға лайықты нәтижелерді анықтай алдық және бұл әдісті студенттің кәсіби «Мен» концепциясын зерттеуде басқа әдістермен бірге қолдануға болады».

Әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан- дықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауы [Электрон. ресурс]. - 2018. - URL: http:// www.akorda.kz (қаралған күні: 29.11.2020).

(8)

2. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі»

атты Қазақстан халқына жолдауы [Электрон. ресурс]. - 2020. - URL: http:// www.akorda.kz (қаралған күні:

29.11.2020).

3. Бернс Р. Развитие Я-концепции воспитания. / Пер. с англ. Общ. ред. Пилиповского. - М.: Про- гресс, 1986. - 421 с.

4. Матаев Б.А., Чекалева Н.В. «Я-концепция» в личностно-ориентированном обучении // Модер- низация системы образования: тенденции, проблемы и перспективы: материалы из докладов Междуна- родная научно-практическая конференция. - Алматы: Казахский университет международных отноше- ний и мировых языков имени Абылай хана, 2019. - С. 396-401.

5. Карпова Л.В. Общая психология: учебник. - М.: Гардарики, 2005. - 232 с.

6. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. - СПб.: Питер, 2006. - 713 с.

7. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. Психология. Словарь. - М.: Политиздат, 1990. - 494 с.

8. Шалғынбаева Қ.Қ. Өзін-өзі тану негіздері: Оқу құралы. - Қарағанды: «АҚНҰР» баспасы, 2017. - 158 б.

9. С.Д. Некрасов, З.И. Рябикина, Г.Г. Танасов. Личность и ее свойства: Практикум. - Краснодар, Ку- банский государственнй университет, 2017. - 108 с.

K.K. Shalgynbayeva, B.A. Matayev

L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan A study of «Self» concept of students by the method of S.A. Budassi

Abstract. Modern psychological and pedagogical research in the field of professional development is aimed at the formation of a competent and successful personality of the future specialist. The rapidly changing changes in society require the researcher to update and modify the diagnostic tools, to improve forms and methods of work that establish new psychological and pedagogical patterns of research. In this scientific field, the problem of diagnosing and describing a «Self» concept of the personality of the future teacher-psychologist is of particular interest. In this connection, the article examines the history of studying the «Self»concept and the process of forming the «Self» concept of students in the context of professional training as a psychologist - a pedagogical problem of higher education. Also, the article reveals features of studying the «Self» concept of students in the conditions of professional training and its research capabilities, classification of modifications and methods of interpretation, using the methodology of S. A. Budassi «Self-assessment of personality». The sample consisted of 237 students in «Pedagogy and Psychology», aged from 17 to 23 at Pavlodar Pedagogical University and Toraighyrov University, from different courses of study. The subjects were divided into experimental and control study groups. The results of mathematical and statistical processing were obtained using the SPSS Statistics 21 software. The results obtained allow us to conclude the availability and validity of this technique when studying the «Self» concept of a student in the conditions of professional training of higher education.

Keywords: «Self» concept, method of S.A. Budassi, self-esteem, self-awareness, self-attitude.

К.К. Шалгынбаева, Б.А. Матаев

Евразийский национальный университет им. Л.Н.Гумилева, Нур-Султан, Казахстан Изучение «Я-концепции» студентов методом С. А. Будасси

Аннотация. Современные психолого-педагогические исследования в области профессионального становления направлены на формирование компетентной и успешной личности будущего специали- ста. Быстро меняющиеся перемены общества требуют от исследователя обновлять и модифицировать диагностический инструментарий, совершенствовать формы и методы работы, которые устанавливают новые психолого-педагогические закономерности исследования. В условиях профессиональной подго- товки особый интерес представляет собой проблема диагностики и описания «Я-концепции» личности будущего педагога-психолога. В связи с чем в статье рассматривается история изучения «Я-концепции»

и процесс формирования «Я-концепции» студентов в условиях профессиональной подготовки как пси-

(9)

холога-педагогической проблемы высшей школы. Также с помощью методики С.А. Будасси «Самоо- ценка личности» раскрываются особенности изучения «Я-концепции» студентов в условиях професси- ональной подготовки и ее исследовательские возможности, классификация модификаций и методы интерпретации. Выборка составила 237 студентов с разных курсов обучения специальности «Педагоги- ка и психология» Павлодарского педагогического университета и университета им. С. Торайгырова в возрасте от 17 до 23 лет. Испытуемые были разделены на экспериментальную и контрольную группы исследования. Результаты математическо-статистической обработки были получены с использованием программного обеспечения SPSS Statistics 21. Полученные результаты позволяют сделать вывод о доступ- ности и валидности данной методики при изучении «Я-концепции» студента в условиях профессиональ- ной подготовки высшей школы.

Ключевые слова: «Я-концепция», методика С.А. Будасси, самооценка, самосознание, самоотноше- ние.

References

1. Kazakstan Respublikasynyn Tyngysh Prezidentі - Elbasy N.A.Nazarbaevtyn «Kazakstandyktardyn al- aukatynyn osuі: tabys pen tyrmys sapasyn arttyru» [The message of the First President of the Republic of Kazakhstan-Leader of the Nation N. A. Nazarbayev to the people of Kazakhstan «Growth of the welfare of the people of Kazakhstan: increasing income and quality of life»]. [Electronic resource]. - 2018. - URL: http:// www.

akorda.kz (Accessed: 29.11.2020).

2. Memleket basshysy Kasym-Zhomart Tokaevtyn «Zhana zhagdajdagy Kazakstan: іs-kimyl kezenі» atty Kazakstan halkyna zholdauy [The message of President Kassym-Jomart Tokayev to the people of Kazakhstan

«Kazakhstan in a new situation: the period of action»]. [Electronic resource]. - 2020. - URL: http:// www.akorda.

kz (Accessed: 29.11.2020).

3. Berns R. Razvitie Ya-koncepcii vospitaniya [Self-concept development and education]. Translated from the English. General Ed. Pilipovsky (Progress, Moscow, 1986, 421 p.) [in Russian]

4. Matayev B.A., Chekaleva N.V. «Ya-koncepciya» v lichnostno-orientirovannom obuchenii [The «Self»

concept in person-centered learning], Modernizaciya sistemy obrazovaniya: tendencii, problemy i perspektivy:

materialy iz dokladov Mezhdunarodnaya nauchno-prakticheskaya konferenciya [Modernization of the education system: trends, problems and prospects: materials from reports International Scientific and Practical Conference] (Kazakh Ablai khan University of International Relations and World Languages Almaty, 2019, р.

396-401).

5. Karpova L.V. Obshchaya psihologiya [General psychology] (Gardariki, Moscow, 2005, 232 p.). [in Russian]

6. Rubinshtejn S.L. Osnovy obshchej psihologii [Basics of general psychology] (Piter, SPb., 2006, 713 p.) [in Russian]

7. Petrovskij A.V. and Yaroshevskij M.G. Psihologiya. Slovar’ [Psychology. Dictionary] (Politizdat, Moscow, 1990, 494 p.) [in Russian]

8. Shalgynbaeva K.K. Ozіn-ozі tanu negіzderі [Fundamentals of self-knowledge] («AKNYR», Karagandy, 2017, 158 p7.) [in Kazakhstan]

9. S.D. Nekrasov, Z.I. Ryabikina, G.G. Tanasov. Lichnost’ i ee svojstva: Praktikum [Personality and its properties: Workshop] (Kuban State University, Krasnodar, 2017, 108 p.). [in Russian]

Авторлар туралы мәліметтер:

Шалғынбаева Қ.Қ. – педагогика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тан» кафедрасының профессоры, А.Янушкевич көш., 6, Нұр-Сұлтан, Қазақстан.

Матаев Б.А. корреспонденция үшін автор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универси- тетінің «Педагогика және психология» мамандығының докторанты, А.Янушкевич көш., 6, Нұр-Сұлтан, Қазақстан.

Shalgynbayeva K.K. – Doctor of Pedagogical Sciences, Professor of the Department of Social Pedagogy and Self-knowledge, L.N. Gumilyov Eurasian National University, 6 Yanushkevich str., Nur-Sultan, Kazakhstan.

Matayev B.A. – Ph.D. in Pedagogy and Psychology, L.N. Gumilyov Eurasian National University, 6 Yanushkevich str., Nur-Sultan, Kazakhstan.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

1) Совокупность средств и способов, используемых в ходе выявления, предотвращения, устранения, возмещения вреда, причиненного уголовным

Опрос родителей показал, что ребенок затрудняется привлечь внимание других людей адекватным способом, не способен выражать

В связи с этим в статье актуализируется проблема формирования национального самосознания будущих педагогов,

Выбранная нами концепция формирования лингвокультурологической компетенции студентов в процессе преподавания русского языка возможна и

Сравнительное изучение, к примеру, музыкальных инструментов ряда народов евразийского континента (тюркских, монгольских, иранских) принесет ощутимые

Бұл мақалада Қытайдың қазіргі кезеңдегі сыртқы саясатында ең негізгі орынды иеленіп отырған «тағдыры ортақ жаһандық қауымдастық» тұжырымдамасының

Бaстaпқы нeгіз жaйы (құдaй), Ибн Aрaби тaрaпынaн ойлaстырылып eкіліктің бірлігі, бір- бірін толықтырып тұрушы (Бaстaпқы нeгіз жәнe қaлғaн болмыс) деп

На рисунке 1 показаны распределение длины волны Брэгга как функция длины сетки для ЛЧМ от фазовой маски от 0 нм до 0,35 нм и численно