• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

International initiatives and works of the First President of the Republic of Kazakhstan N. Nazarbayev in the field of global security

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2022

Share "International initiatives and works of the First President of the Republic of Kazakhstan N. Nazarbayev in the field of global security"

Copied!
10
0
0

Толық мәтін

(1)

ISSN (Print) 2616-6887 ISSN (Online) 2617-605X

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің

ХАБАРШЫСЫ ВЕСТНИК

Евразийского национального

университета имени Л.Н. Гумилева

BULLETIN of L.N. Gumilyov

Eurasian National University

САЯСИ ҒЫЛЫМДАР. АЙМАҚТАНУ.

ШЫҒЫСТАНУ. ТҮРКІТАНУ сериясы POLITICAL SCIENCE. REGIONAL STUDIES.

ORIENTAL STUDIES. TURKOLOGY Series

Серия ПОЛИТИЧЕСКИЕ НАУКИ. РЕГИОНОВЕДЕНИЕ.

ВОСТОКОВЕДЕНИЕ. ТЮРКОЛОГИЯ

№ 3(132)/2020

1995 жылдан бастап шығады Founded in 1995

Издается с 1995 года

Жылына 4 рет шығады Published 4 times a year Выходит 4 раза в год

Нұр-Сұлтан, 2020

Nur-Sultan, 2020

Нур-Султан, 2020

(2)

Бас редакторы: Нуртазина Р.А.

с.ғ.д., проф., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (саяси ғылымдар) Бас редактордың орынбасары Нечаева Е.Л., с.ғ.к.,проф., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ,

Қазақстан (саяси ғылымдар )

Бас редактордың орынбасары Ахметжанова Л.К., т.ғ.к., доцент, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Қазақстан (халықаралық қатынастар)

Редакция алқасы

Абжаппарова Б.Ж. т.ғ.д., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (шығыстану) Авдеева О.А. с.ғ.д., доцент, Лойола университеті, Чикаго, АҚШ (саяси ғылымдар)

Азмуханова А.М. т.ғ.к., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (халықаралық қатынастар) Әбдуалиұлы Б. ф.ғ.д., проф., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (түркітану) Әлібекұлы А. ф.ғ.к., доцент, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (шығыстану)

Әлиева С.К. т.ғ.к., проф., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (халықаралық қатынастар) Барсуков А.М. с.ғ.к., доцент, Сібір басқару институты, ХШжМҚРА филиалы (саяси ғылымдар)

Бирюков С.В. с.ғ.д., проф., Кемерово мемлекеттік университеті, Кемерово, Ресей (саяси ғылымдар) Габдулина Б.А. т.ғ.к., доцент, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (саяси ғылымдар) Дәркенов К.Г. т.ғ.к., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (аймақтану)

Дүйсембекова М.К. с.ғ.к., доцент, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (саяси ғылымдар)

Жолдыбалина А.С. PhD, доцент, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (саяси ғылымдар)

Жолдасбекова А.Н. с.ғ.к., проф., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (халықаралық қатынастар) Зимони Иштван проф., Сегед университеті, Сегед, Венгрия (түркітану)

Ибраев Ш. ф.ғ.д., проф., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (түркітану) Ирфан Шахзад PhD, Саяси зерттеулер институты, Исламабад, Пакистан (халықаралық қатынастар) Каиржанов А.К. ф.ғ.д., проф., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (түркітану) Кайыркен Т.З. т.ғ.д., проф., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (шығыстану) Кожирова С.Б. с.ғ.д., проф., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (саяси ғылымдар) Конкобаев К. ф.ғ.к., проф., Түркі академиясы халықаралық ұйымы, Нұр-Сұлтан (түркітану) Копежанова Д.Е. PhD, доцент, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (саяси ғылымдар)

Ланко Д. А. с.ғ.к., доцент, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, Санкт-Петербург, Ресей (саяси ғылымдар)

Ласлу Марац PhD, проф., Амстердам университеті, Амстердам, Нидерланды (халықаралық қатынастар) Мандана Тишеяр PhD, Алламе Табатабаи университеті, Тегеран, Иран (халықаралық қатынастар)

Невская И.А. ф.ғ.к., проф., Гете атындағы университет, Франкфурт-на-Майне, Германия (түркітану) Нұрбаев Ж.Е. т.ғ.к., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (аймақтану)

Оспанова А.Н. PhD, доцент, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (аймақтану) Пунит Гаур PhD, проф., Нью-Дели университеті, Нью-Дели, Индия (аймақтану)

Пауло Ботта PhD, проф., Ла-Плата ұлттық университеті, Ла-Плата, Аргентина (саяси ғылымдар) Рыстина И.С. PhD, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (саяси ғылымдар) Сеийт Али Авджу PhD, Йылдырыма Беязит университеті, Анкара, Түркия (аймақтану)

Сомжүрек Б.Ж. т.ғ.к., доцент, Astana International University, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (халықаралық қатынастар) Тәштемханова Р.М. т.ғ.д., проф., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (аймақтану)

Шаймердинова Н.Г. ф.ғ.д., проф., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (түркітану) Редакцияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Сәтпаев к-сі, 2, 402 б.

Тел.: +7(7172) 709-500 (ішкі 31-432)

E-mail: vest_polit@enu.kz, web-site:http://bulpolit.enu.kz/

Жауапты хатшы: А.М.Сәрсенбекова

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. САЯСИ ҒЫЛЫМДАР. АЙМАҚТАНУ.

ШЫҒЫСТАНУ. ТҮРКІТАНУ сериясы

Меншіктенуші: «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелген. 25.05.18 ж. № 17125-Ж -тіркеу куәлігі Басуға 16.09.2020 ж.қол қойылды

Aшық қолданудағы электрондық нұсқа: http:// bulpolit.enu.kz Мерзімділігі: жылына 4 рет. Тиражы: 6 дана

Типографияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Қажымұқан к-сі,13/1, тел.: +7(7172)709-500 (ішкі 31-432)

© Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

(3)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы.

Саяси ғылымдар. Аймақтану.

Шығыстану. Түркітану сериясы, № 3(132)/2020

МАЗМҰНЫ

Әділов М.Е. Абайдың «Ескілік киімі» өлеңіндегі этнографиялық ұғымдар 11 Байбусинова Н.К., Ильясова З.С. Парсы шығанағы елдерінің АҚШ-пен сауда қатынастары 20 Бастамитова А.М. Қашқаридің «Дивани лұгат-ит түрк» еңбегіндегі түркі ойындары және

олардың түркі халықтарының мәдениетіндегі орны 30

Жалмагамбетова С.К. Қоғамдық сананы жаңғырту жағдайындағы Қазақстан Республика- сындағы қазіргі заманғы үштілділік саясатының ерекшеліктері 36 Какенова Г.М., Сахова Б.С. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жаһандық қа- уіпсіздік саласындағы халықаралық бастамалары мен еңбектері 44 Карпенко А.М. ХХІ ғасырдағы әлемдік саясат контексіндегі жаһандық денсаулық сақтаудың

дамуы 51

Керімова Ж.Қ. , Ахапов Е.А., Шимидзу К. Киото эко-модель қаласының эко-саясатындағы

көлік секторының талдауы 62

Махаммадұлы С. Қазіргі АҚШ пен ҚХР қатынастарындағы Тайвань факторы 76 Омарова Г.Н. Түркі халықтарының аспаптық дәстүрлерін салыстырмалы зерттеудің пер- спективалары турасында (музыкалық мәдениеттер типологиясы тұрғысынан) 83 Рустами С. Қазіргі Орталық Азия Region Building сатысында 92 Сейтхамит А.Ж., Нұрдавлетова С.М. Қазақстан Республикасындағы еуропалық жұмсақ

күшінің мәдени компоненті 103

Утеулиева Г.К. Жапонияның экономикалық және қорғаныс (әскери) потенциалды корре-

ляциалаусаласындағы манипуляциялық саясаты 114

(4)

44 № 3(132)/2020 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы ISSN: 2616-6887, eISSN:2617-605Х

Г.М. Какенова, Б.С. Сахова

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (E-mail: 1ayazhani09@list.ru , 2botagoz_sakhova@mail.ru)

МРНТИ 11.25.35

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жаһандық қауіпсіздік саласындағы халықаралық бастамалары мен еңбектері

Аңдатпа. Мақалада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.

Назарбаевтің өзінің президенттік өкілеттілігі тұсындағы жаһандық қауіпсіздік са- ласындағы халықаралық бастамалары, мемлекеттік мәселелерге қатысты жазған ең- бектері мен ғылыми ізденістеріне толыққанды талдау жасалынады. Халықаралық қа- уіпсіздік пен ядролық қаруды таратпау мәселесі бүгінде кез келген мемлекеттің саяси өмірінде орталық орын алып отырғаны атап өтіледі. Осы саладағы кез келген өзгерістер әлемнің көптеген елдерінің және Қазақстанның халықаралық жағдайына қатты әсер еткені дәлелденеді.

Түйін сөздер: жаһандық қауіпсіздік, БҰҰ, ШЫҰ, ядролық қару, халықаралық терро- ризм, ұлтаралық қатынастар, әлеуетті қауіп, халықаралық саясат, өзара қарым-қа- тынас, ядролық жарылыстар, ядролық қарусыздану, ядролық арсенал, қарусыздану.

DOI: https://doi. org/10. 32523/26-16-6887/2020-132-3-20-44-50

Бүгінгі егеменді еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – бүкіл әлемдегі адамзат баласына бір емес, бірнеше жаһандық жоба ұсынған және оның жүзеге асуына тікелей ықпал еткен тарихи тұлға. Мәмілегер басшы дүниежүзін бітімгерлігімен, бастамашылдығымен, бейбіт- құмарлығымен тәнті етіп, мойындатып келеді.

Бұған Елбасының халықаралық жиындардың биік мінберлерінен жасаған мәлімдемелері мен жаһан жұрты жұмылып жүзеге асырып жатқан жарқын жобалары дәлел. Бүгінгі таңда Елбасының бір емес, бірнеше жаһандық бастамасы әлемнің алты құрлығында жүзеге сәтті асырылуда [1].

Тәуелсіздік жылдарында республиканың халықаралық беделі айтарлықтай өсті және Тұңғыш Президенттің өзі көптеген халықаралық жобалардың авторы болды. Н.

Ә. Назарбаевтың идеялары мен бастамалары тектен-текке ұсынылған жоқ, олар үнемі

сәттілікпен іске асырылып отырды. Біздің Тұңғыш Президентіміздің даналығы мен саяси көрегендігі әлемдік қоғамдастық арасында құрметке ие екені даусыз. Сондықтан, 2019 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің өкілеттігін тоқтатқанына қарамастан, Елбасының пікірі мен кеңестері әлемдік саяси аренада сұранысқа ие.

Бүгінгі таңда еліміз халықаралық аренада айтарлықтай жетістіктерге жетті, әлемдік қоғамдастықтың беделді және жауапты мүшесіне айналды, әлемдік аренадағы басқа да ірі мемлекеттермен тең дәрежеде қатысады және аймақтық, жаһандық қауіпсіздікке өз үлесін қосады.

Соңғы жылдары ЕҚЫҰ, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ, ИЫҰ, ҰҚШҰ және Түркі кеңесіне төрағалық ету – елдің жоғары халықаралық беделінің айғағы. Қазірде Қазақстан тұрақты және қауіпсіз әлем құруға бағытталған аймақтық бастамашыл мемлекет ретінде мықты

(5)

№ 3(132)/2020 45 ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.

Серия Политические науки. Регионоведение. Востоковедение. Тюркология.

BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Political science. Regional studies. Oriental studies. Turkology Series

Г.М. Какенова, Б.С. Сахова ұстанымға ие. Халықаралық қауымдастық

Тұңғыш Президенттің ядролық қарусыздану мен таратпау ісіне қосқан үлесін жоғары бағалады. Жаһандық қауіпсіздік саласындағы халықаралық бастамалардың арқасында Қазақстан бүкіл әлемде қарусыздану мен жаппай қырып-жоятын қаруды таратпаудың белсенді қолдаушысы ретінде танылды.

Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бері дербес мемлекет ретінде жүргізіп келе жатқан саясатының негізгі бағыттарының бірі – сыртқы істер мәселелері. Сыртқы саясатта жас мемлекет өзінің атқарған істерінің нәтижелігімен ерекшеленіп келеді. Қазіргі күні Қазақстан Республикасын дүниежүзілік беделге ие барлық халықаралық ұйымдардың қатарынан көруге болады. Еліміз әлемнің барлық мемлекеттерінің басым көпшілігімен дипломатиялық, экономикалық, т.б.

салаларда қатынас орнатқан [2].

Қазақстанның Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) шеңберінде, Орталық Азияда, мұсылман әлемінде және жаһандық ортада орны берік қалыптасқан. Бұл күнде әлем жұртшылығы Қазақ елін бейбітсүйгіш, ұлттар достығы берік орын алған, экономикасы қарқынды дамушы, саяси тұрақты мемлекет ретінде танып, білуде. Ал, осындай ішкі саяси тұрақтылық, экономикалық, әлеуметтік бағыттардағы алға басушылық сыртқы саясатты белсенді жүргізудің кепілі екендігі белгілі.

Отанымыздың аймақтық, әлемдік ауқымдағы елдер мен халықтар арасындағы бейбітшілікті, түсіністікті, қарусыздану мен бәсеңдік бағыттарындағы жүргізіп отырған нақты іс-қимылдарының негіздеушісі Елбасы Н. Ә. Назарбаев екендігі барша республика жұртшылығына, Жер шары халықтарына белгілі. Оның егемендіктің алғашқы күнінен- ақ іске асыра бастаған сыртқы саясаттағы бейбітсүйгіш қызметі өз мемлекетінің шеңберінен шығып, дүниежүзілік сипат алды.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тарих аренасында жаңадан құрылған қазақ мемлекетінің тізгінін ұстаған сәттен бастап- ақ тек өзі басшылық жасайтын елдің мүддесі мен қауіпсіздігін ғана ойламайтын, әлемдік

деңгейдегі түйінінде түйткілі көп мәселелерді шешуге батыл кірісе алатын сарабдал саясаткер ретінде таныта білді.

Оған Семей ядролық сынақ полигонын жабу, Қазақстанды ядролық қаруды таратпау ісінде көшбасшы мемлекетке айналдыру, халықаралық, өңірлік ұйымдардың құрылуына ұйытқы болу, соңғы рет 1999 жылы Туркияның Ыстамбул қаласында болып, он бір жыл бойы тоқтап қалған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитін қайта жандандыру, Сирия шиеленісін шешуге ұмтылу, түркі жұртын ортақ идея төңірегінде топтастыру бағытында атқарған ерен еңбектері жарқын дәлел бола алады [3]. Әлем жұртшылығы сөзіне құлақ асып, кеңесіне мойынсұнған Нұрсұлтан Назарбаевты елі де құрметсіз қалдырған жоқ. 2011 жылдың 10 желтоқсанында ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР Заң қабылданып, онда 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні ретінде белгіленген болатын [4].

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан халықаралық қатынастарда дербес субъект болды. Ұлттық мүдделерге сүйене отырып, Нұрсұлтан Назарбаев көпвекторлы және бейбіт сыртқы саясаттың бағытын нақты көрсетті. Оның негізі еліміздің алғашқы құжаттарының бірінде – 1992 жылы

«Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясында»

қаланды [5].

Халықаралық қатынастар нөлден басталды.

Бұл негізінен Нұрсұлтан Назарбаевтың басқа елдердің басшыларымен, ірі шетелдік компаниялармен және ұйымдармен тікелей кездесулері мен келіссөздеріне байланысты болды.

Тек 1992 жылы Елбасы Швейцария, Үндістан, Австрия, Пәкістан, АҚШ, Финляндия, Түркия, Германия және Францияға жұмыс сапарымен барып, осы елдермен тығыз ынтымақтастық орнатты.

Президенттің алғашқы шешуші қадамдарының бірі – Семей ядролық сынақ

(6)

46 № 3(132)/2020 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы ISSN: 2616-6887, eISSN:2617-605Х ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жаһандық қауіпсіздік...

полигонын жабу болатын. 1991 жылғы 29 тамызда Қазақ КСР Президенті Н. Ә.

Назарбаев тарихи құжат – «Семей ядролық полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойды. Осындай дәйекті шешімімен Елбасы жас мемлекеттің бейбітсүйгіш ниеттерін барша әлемге мәлімдеді. Мұндай маңызды қадам Қазақстанның жаһандық антиядролық іс-әрекетінің белсенді бастамасы болды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің бастамасы бойынша 2009 жылғы 2 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-сессиясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс- қимыл күні деп жариялады.

КСРО-ның үлкен ядролық арсеналынан бас тарту тағы бір тағдырлы шешім болды.

Н.Ә. Назарбаев жаппай қырып-жоятын қару-жарақтың керемет қорларына емес, ашықтыққа, бейбітшілікке, парасаттылық пен моральдық беделге сүйенді. Уақыт көрсеткендей, бұл тәсіл өзінің тарихи өміршеңдігін дәлелдеді.

2016 жылғы 31 наурызда Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммитте, Қазақстан Республикасы Президентінің

«ХХІ ғасыр Әлем» манифесі жарияланды, онда елдердің соғыстар мен қақтығыстарды болдырмауға арналған келісілген әрекеттері анықталды. Ол Бас Ассамблеяның және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алды.

Осылайша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында Қазақстан әлемдік аренада мемлекеттің тұрақты, қарқынды әрі табысты даму моделінің генераторы ретінде зор құрметке ие болды. Ядролық қауіпсіздік саласындағы барлық іргелік халықаралық шарттарға қосылып, өзінің ядролық қарусыз мәртебесін заңды түрде бекіте түсті. Ядролық қарусыздану саласының мойындалған көшбасшысына, мәдениеттер, діндер мен өркениеттер диалогының белсенді модераторына айналды [6]. Бұған қоса, қазіргі әлемдегі жаһанды және өңірлік проблемаларды шешуге де өзінің зор үлесін қосып келеді. Айта кетерлігі, еліміз ядролық

мәртебесінен бас тартқанымен ядролық энергетика мен ядролық отын өндірісін қоса алғанда, бейбіт атомды дамыту мүмкіндігін сақтап қалды. Төмен байытылған ядролық отын халықаралық банкінің депозитарийі атанды.

Дегенмен, әлем әлі де болса ядролық қауіп-қатер алдында тұрғаны жасырын емес. Мәселен, Біріккен Ұлттар ұйымының деректеріне қарағанда, қазіргі уақытта әлемде 15 мыңға жуық ядролық қару бірлігі сақталған.

Ал мұндай қаруға ие болып отырған елдер Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қол қоюға асығар емес. Ал Қазақстан болса 2018 жылдың 2 наурызында бұл құжатты рәсімдеген болатын. Жалпы, ядролық қарусыздану тарихындағы алғашқы заңдық күші бар құжатқа айналған бұл шарттың мәтінін әзірлеуге және оның қабылдануына Қазақстан белсенді түрде қатысты. Құжаттың негізгі ережелері әлемдегі төртінші ең ірі ядролық арсенал иесінен ядролық қарусыздану мен таратпау саласындағы көшбасшы мемлекетке айналудың өнегелі жолын көрсеткен Қазақстанның қағидатты ұстанымына жауап береді [7]. Еліміздің мұндай ерен жетістіктері Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдегі ең ірі ядролық полигонды жабу, қырғи-қабақ соғысының ядролық мұрасынан бас тарту сияқты тарихи шешімдерінің арқасында мүмкін болған еді.

Бүгінгі әлемде Қазақстан жаһандық антиядролық қозғалыстағы көшбасшылық орнын сақтап келеді. Қазақстан бастамасымен мәні барлық адамдарды ядролық қаруға жаппай тыйым салу жолындағы күреске жұмылдыру болып саналатын АТОМ жобасы жүзеге асырылуда.

Тәуелсіздік таңында Елбасы азиялық қауіпсіздік жүйесін құруға алғашқы қадам жасады. Сонымен, 1992 жылы 5 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының мінберінен алғаш рет сөйлеген сөзінде Азия кеңістігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ұйым құруды ұсынды. Елбасының бұл идеясы кең халықаралық қолдау тапты, содан кейін Азиядағы өзара іс-қимыл және

(7)

№ 3(132)/2020 47 ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.

Серия Политические науки. Регионоведение. Востоковедение. Тюркология.

BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Political science. Regional studies. Oriental studies. Turkology Series

Г.М. Какенова, Б.С. Сахова сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК)

шақырылды.

АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің арасындағы қатынастарды реттейтін принциптер декларациясы 1999 жылдың 14 қыркүйегінде Алматыда қабылданса, кеңестің алғашқы саммиті 2002 жылдың 4 маусымында өткен еді. Бүгінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес – Азия өңіріндегі 35 мемлекетті және жер шарындағы халықтың жартысына жуығын біріктіріп отырған тиімді көпқырлы құрылымға айналып отыр.

Елбасының бастамасымен құрылған ұйымдардың бірі Еуразиялық экономикалық одақ екендігі сөзсіз. 2019 жылы Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Ә. Назарбаев тұжырымдаған еуразиялық интеграция идеясына 25 жыл, ал Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылғанына 5 жыл толды.

Н. Ә. Назарбаев 1994 жылдың 29 наурызында М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде сөйлеген сөзінде Еуразиялық мемлекеттер одағын құру идеясын алға тартты. Осылайша, іс-қимыл бағдарламасы бірнеше жылдарға белгіленді, интеграциялық вектор құрылды, бұл бізге ТМД елдері арасындағы ынтымақтастықты едәуір нығайтуға және кеңейтуге мүмкіндік берді.

Еуразиялық одақ идеясы ТМД-дағы интеграциялық процестердің ең тұрақты үлгісіне айналды. Егер кеңестік кезеңде интеграция «жоғарыдан» жүргізілсе, онда қазіргі кезеңде интеграция еуразиялық диалогқа қатысушылардың арасындағы көпжақты келісімдер негізінде жүзеге асырылады. Елбасының еуразиялық бастамалары тарихи шежіреге және ХХI ғасырдың күрделі мәселелерін шешудің қуатты және сындарлы факторы ретіндегі қазіргі қалыптасу процесінің практикалық қызметіне негізделген.

Бүгінгі таңда еуразиялық интеграция – Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты басымдықтардың бірі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.

Назарбаевтың 2014 жылғы 21 қаңтардағы

Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2014–2020 жылдарға арналған сыртқы саясат тұжырымдамасында:

«Еуразиялық экономикалық интеграцияны әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіндегі тұрақты позицияларға ілгерілетудің тиімді әдістерінің бірі ретінде қарастыра отырып, Қазақстан осының негізінде Еуразиялық экономикалық одақ құру үшін Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікті нығайта түседі [8].

Халықаралық өмірдегі маңызды оқиға және Қазақстанның сыртқы саясатындағы маңызды жетістік 2010 жылы Астанада ЕҚЫҰ Саммитін өткізу болды. ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұйытқы болуымен елордамызда өтуі қазақ тарихындағы маңызды белестердің бірі еді.

Бұл біздің еліміз үшін үлкен халықаралық жетістік болды, Азиядан шыққан мемлекеттің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің өзі айтулы оқиға саналады.

Саммитке ЕҚЫҰ-ға мүше 38 мемлекет және үкімет басшысы, жоғары лауазымды шенеуніктер, сонымен қатар басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері қатысып, Еуро-атлантикалық және Еуразиялық кеңістіктердегі тұрақты қауіпсіздік мәселелерін, Ауғанстан түйткілін,

«тоңы жібімей келе жатқан» қақтығыстарды шешу жайын егжей-тегжейлі талқыға салды.

Форумға қатысушылар алдында сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа парадигмасына көшу, яғни ынтымақтастықтың төрт мұхит шекарасындағы – Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа және Солтүстік Мұзды мұхитынан Үнді мұхитына дейінгі біртұтас кеңістіктігін қалыптастыру қажеттігі жөнінде мәлімдеді.

Кездесу соңында аса жоғары деңгейде Астана декларациясы қабылданған болатын [9].

2016 жылғы 28 маусымда Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде дауыс беру барысында Қазақстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017–2018 жылдарға тұрақты емес мүшесі болып сайланды.

Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде сайлануы – Елбасының және

(8)

48 № 3(132)/2020 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы ISSN: 2616-6887, eISSN:2617-605Х Қазақстанның бейбітшілік пен қауіпсіздіктің

маңызды жаһандық мәселелерін реттеудегі белсенді рөлінің әлемге кеңінен танылуы. 2018 жылдың қаңтарында Қазақстан делегациясы өз тарихында алғаш рет басты ұйым – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жұмысын басқарды.

2018 жылдың 18 қаңтарында Елбасының төрағалығымен жоғары деңгейде өткен

«Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау:

сенім шаралары» тақырыбындағы жоғары деңгейдегі тақырыптық брифинг БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі Қазақстанның басты оқиғасы болды [10].

Бүгінгі таңда ядролық энергетиканы дамытудың баламасыздығын және әлемде байқалып отырған «ядролық ренессанс»

екенін ескере отырып, Қазақстан МАГАТЭ қамқорлығымен төмен байытылған уранның қосымша резервтерін құру барлық мемлекеттерге ядролық отынға кепілді қол жеткізуді алуға жәрдемдесетіндігіне және олар МАГАТЭ талаптарын толығымен сақтаған жағдайда ЯҚТШ-ға мүше әрбір мемлекеттің бейбіт ядролық қызметті дамытуға заңды және ажырамас құқығын қозғамайтынына нық сенімді.

Бүгінде Қазақстан ядролық, биологиялық, радиологиялық және химиялық қаруды болдырмау жөніндегі барлық негізгі

халықаралық құжаттарға қосылды. Ядролық зарядты пайдалана отырып, террорлық шабуылдың шынайылығын халықаралық қоғамдастық шындап қабылдайды және Біз мемлекеттердің өз аумағында ядролық қызметті бақылауды күшейту және террористік актілердің алдын алудың неғұрлым жетілдірілген инфрақұрылымын құру қажет деп есептейміз.

Қорытындылай келе, ядролық қарусыз әлем олардың ядролық технологияларға ие немесе жоқ екеніне қарамастан, барлық елдер мен халықтардың күш-жігерін біріктірген жағдайда ғана шындыққа айнала алады.

Әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқан Қазақстан атом энергиясын таратпау, қарусыздану және бейбіт мақсатта пайдалану мәселелерінде халықаралық қоғамдастықтың сенімді серіктесі болды. Бұл саясатымыздың өзгермейтін бағаналарының бірі.

Жаһандық және аймақтық қауіпсіздік саласындағы мәселелерді толыққанды көтеріп, Қазақстан Республикасының дүниежүзілік аренадағы беделі мен имиджін біршама тұғырға жеткізуге өлшенбес үлесін қосқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ елі үшін ұлы тұлға, әлем тарихындағы бірегей ұлы саясаткер болып қалары сөзсіз.

Әдебиеттер тізімі

1. Ахметкалиев Б. Р., Жандаулетов В. А. 20 лет: Казахстан и интеграция. Алматы, 2011. – 648 с.

2. Современный Казахстан: стратегия успеха / под ред. М. Е. Шайхутдинова. – Алматы: Ин- ститут мировой экономики и политики при Фонде Первого Президента Республики Казах- стан, 2008.

3. Внешнеполитические инициативы Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева.

Историко-документальное исследование / Нурымбетова Г., Кудайбергенов Р. Выступительные статьи: Селиверстов С.В. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2010. – с. 237.

4. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 267-ІІ Заңы

5. Назарбаев Н. Ә. Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегия- сы. Алматы, 1992.

6. Султанов Б. Республика Казахстан и ШОС: формирование механизмов безопасности и сотрудничества // ШОС: становление и перспективы развития: мат. межд. конф. / под ред. М.

Ашимбаева и Г. Чуфрина. Алматы: Институт мировой экономики и политики при Фонде Пер- вого Президента Республики Казахстан, 2005.

7. Тоқаев К.К. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. Алматы, 2000. – 584 б.

8. The Hill газета статья Президента РК // [Электронный ресурс] // - URL: https://inosmi.ru/

hillnews_com/ (Дата обращения: 16.02.2020)

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жаһандық қауіпсіздік...

(9)

№ 3(132)/2020 49 ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.

Серия Политические науки. Регионоведение. Востоковедение. Тюркология.

BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Political science. Regional studies. Oriental studies. Turkology Series

9. «Әлем ХХІ ғасыр» атты Манифесі / / [Электронный ресурс] // - URL: http://www.akorda.kz/

ru/page/page_215843_o-kontseptsii-vneshnei-politiki-respubliki-kazakhstan-na-2014-%E2%80%93- 2020-gody (Дата обращения: 16.02.2020)

10. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретіндегі жұмысын аяқтады // - URL:

https://www.inform.kz/kz/kazakstan-buu-kauipsizdik-kenesinin-toragasy-retindegi-zhumysyn ayaktady_a3140476. (Дата обращения: 16.02.2020)

References

1. Ahmetkaliev B. R., ZHandauletov V. A. 20 let: Kazahstan i integraciya [20 years: Kazakhstan and integration] (Almaty, 2011, 648 p.).

2. Sovremennyj Kazahstan: strategiya uspekha / pod red. M. E. SHajhutdinova [Modern Kazakhstan: success strategy / Ed. M. E. Shaikhutdinova]. Almaty: Institute of world economy and Politics at the foundation of the first president of the Republic of Kazakhstan, 2008.

3. Vneshnepoliticheskie iniciativy Prezidenta Respubliki Kazahstan N.A. Nazarbaeva. Istoriko- dokumental’noe issledovanie [International initiatives of the president of the Republic of Kazakhstan N. A. Nazarbayeva. Historical and documentary research], Nurymbetova G., Kudajbergenov R.

Vystupitel’nye stat’i: Seliverstov S.V. [Nurymbetova G., Kudaibergenov R. Outstanding Articles:

Seliverstov S. V.]. («Kazakh encyclopedia», Almaty, 2010, 237р.).

4. «Kazakstan Respublikasyndagy merekeler turaly» Kazakstan Respublikasynyn 2001 zhylgy 13 zheltoksandagy N 267-ІІ Zany [Law of the Republic of Kazakhstan dated December 13, 2001 N 267- II» on holidays in the Republic of Kazakhstan»].

5. Nazarbayev N. A. Kazakstannyn egemen memleket retіnde kalyptasu zhane damu strategiyasy [strategy of formation and development of Kazakhstan as a sovereign state] (Almaty, 1992).

6. Sultanov B. Respublika Kazahstan i SHOS: formirovanie mekhanizmov bezopasnosti i sotrudnichestva [Republic of Kazakhstan and SCO: formation of security mechanisms and cooperation], SHOS: stanovlenie i perspektivy razvitiya: mat. mezhd. konf. / pod red. M. Ashimbaeva i G. CHufrina. [SCO: standing and prospects of development: mat. International conf. / Ashimbaeva and G.Chufrina]. (Institute of world economy and Politics at the foundation of the first president of the Republic of Kazakhstan, Almaty, 2005).

7. Tokayev K.K. Kazakstan Respublikasynyn diplomatiyasy [Diplomacy of the Republic of Kazakhstan]. (Almaty, 2000, 584р.).

8. The Hill gazeta stat’ya Prezidenta RK [The Hill newspaper article of the president of the Republic of Kazakhstan] [Electronic resource] Available at: https://inosmi.ru/hillnews_com/ (Accessed:

16.02.2020)

9. «Alem HKHІ gasyr» atty Manifesі [manifesto «the world of the XXI century» ] [Elektronnyj resurs] - Available at: http://www.akorda.kz/ru/page/page_215843_o-kontseptsii-vneshnei-politiki- respubliki-kazakhstan-na-2014-%E2%80%93-2020-gody (Accessed: 16.02.2020)

10. Kazakstan BUU Kauіpsіzdіk Kenesіnіn toragasy retіndegі zhumysyn ayaқtady [Kazakhstan has completed its work as chairman of the UN Security Council] – Available at: https://www.inform.

kz/kz/kazakstan-buu-kauipsizdik-kenesinin-toragasy-retindegi-zhumysyn ayaktady_a3140476.

(Accessed: 16.02.2020)

Г.М. Какенова, Б.С. Сахова

Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева, Нур-Султан, Казахстан Международные инициативы и труды Первого Президента Республики Казахстан

Н. Назарбаева в сфере глобальной безопасности

Аннотация. В статье анализируются международные инициативы Первого Президента Ре- спублики Казахстан-Лидера Нации Н.А.Назарбаева в сфере глобальной безопасности в кон- тексте его президентских полномочий, труды и научные изыскания, касающиеся государствен- Г.М. Какенова, Б.С. Сахова

(10)

50 № 3(132)/2020 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы ISSN: 2616-6887, eISSN:2617-605Х ных проблем. Вопросы международной безопасности и нераспространения ядерного оружия сегодня являются одним из приоритетных направлений развития в политической жизни лю- бого государства. Доказывается, что любые изменения в данной сфере оказывают сильное вли- яние на международное положение многих стран мира, в том числе и Казахстана.

Ключевые слова: глобальная безопасность, ООН, ШОС, ядерное оружие, международный терроризм, международные отношения, потенциальная угроза, международная политика, взаимоотношения, ядерные взрывы,ядерное разоружение, ядерный арсенал, разоружение.

G. M. Kakenova, B. S. Sakhova

L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan

International initiatives and works of the First President of the Republic of Kazakhstan N. Nazarbayev in the field of global security

Abstract. The article analyzes the international initiatives of the First President of the Republic of Kazakhstan-Leader of the Nation N. A. Nazarbayev in the field of global security in the context of his presidential powers, works and research related to state problems. Issues of international security and non-proliferation of nuclear weapons are now one of the priority areas of development in the political life of any state. It is proved that any changes in this sphere have greatly affected the international situation of many countries of the world and Kazakhstan.

Keywords: global security, UN, SCO, nuclear weapons, international terrorism, international relations, potential threat, international politics, relations,nuclear explosions, nuclear disarmament, nuclear Arsenal, disarmament.

Автор туралы мәлімет:

Какенова Г.М. – негізгі автор, т.ғ.д, профессор, Халықаралық қатынастар факультеті Л.Н.

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қ. Сәтпаев көш., 2, Нұр-Сұлтан, Қазақстан.

Сахова Б.С. – Халықаралық қатынастар факультетінің 2 курс магистранты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қ.Сәтпаев көш., 2, Нұр-Сұлтан, Қазақстан.

Kakenova G.M. – the main author, d.h.s., professor, L.N.Gumyliov Eurasian National University, Satpayev street 2, Nur-Sultan, Kazakhstan.

Sakhova B.S. – 2nd year Master’s student, L.N.Gumyliov Eurasian National University, Satpayev street 2, Nur-Sultan, Kazakhstan.

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жаһандық қауіпсіздік...

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Признание большей частью мирового сообщества определенных принципов и норм международного права, независимо от их происхождения и статуса, дает возможность счи- тать эти

An author who wishes to publish an article in a journal must submit the article in hard copy (printed version) in one copy, signed by the author to the scientific publication office

На основании Постановления Правительства РК «О мерах по выполнению резолюции Совета Безопасности ООН №1374 от 28 сентября 2001 года», утвержденного 15 декабря

161;162;169 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан(далее - УИК РК), а также Нормативным постановлением Верховного Суда Республики Казахстан от 2 октября

Результаты выступления сборной команды Республики Казахстан по артистическому плаванию в программе «дуэт» на Олимпийских играх. за

of Historical Sci., Prof., L.N.Gumilyov ENU, Nur-Sultan, Kazakhstan (international relations) Оl’ga Аvdeeva Doctor of Political Sci., Assoc.Prof., Loyola University, Chicago,

На системной основе проводятся совместные мероприятия оперативной и боевой подготовки сил и средств системы коллективной безопасности: оперативные

An author who wishes to publish an article in a journal must submit the article in hard copy (printed version) in one copy, signed by the author to the scientific publication