• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Электронная хрестоматия Габитова Т.Х. - Библиотека аль-Фараби | Казахский национальный университет имени аль-Фараби

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Share "Электронная хрестоматия Габитова Т.Х. - Библиотека аль-Фараби | Казахский национальный университет имени аль-Фараби"

Copied!
260
0
0

Толық мәтін

(1)

ҚАЗАҚТАНУ

ТҰРСЫН ҒАБИТОВ

ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ ОҚУЛЫҚ

Алматы, 2022

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Әл-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

(2)

Баспаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Редакциялық алқа кеңесі ұсынған

Редакциялық алқа төрағасы: Түймебаев Ж.Қ.

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ ректоры, Басқарма төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор

Құранбек Ә.А.

Философия кафедрасының меңгерушісі философия ғылымдарының кандидаты

2015 жылдың 7 қазанындағы әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті жанындағы ҚР БҒМ-нің Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесінің Қаулысымен

«Оқулық» грифі берілді. РОӘК ОӘБ мәжілісінің № 2 хаттамасы.

Барлық оқу формаларындағы «5В020400 – Мәдениеттану» мамандығы бойынша студенттерге оқулық ретінде ҚР БҒМ баспаға ұсынған.

Ғабитов Т.Х.Қазақ мәдениетінің теориясы тарихы / ЖОО-на арналған оқулық. Толықтырған, өндеген және безендірген Зейнуллин Р. – Алматы: Қазақ университеті, 2021. – 260 б.

ISBN

Пікір жазғандар:

Әбдіғалиева Г.К. – философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби ат. ҚазҰУ профессоры;

Әлімжанова Ә.Ш. – профессор, Т. Жүргенов ат. ҚазҰӨА кафедра меңгерушісі;

Жанабаева Д.М. – мәдениеттану PhD докторы, ФСДИ

Оқулықта қазақ мәдениетінің рухани, этикалық, діни және әлеуметтік құндылықтарына, олардың тарихи дәуірлер арасын жалғастырушы сабақтастық рөліне және тәуелсіз Қазақстан мәдениетінің бүгіні мен болашағына феноменологиялық, тарихи және мәтiндiк талдау жасалады. Оқулықтың негізін аталмыш мәселеге қатысты тың ғылыми зерттеулер құрады, сонымен қатар Қазақстан мәдениетінің қазіргі жаһандану кеңістігіндегі инновациялық үрдістеріне сараптау беріледі.

Оқулық мәдениеттану мамандағының бакалаврлары, магистрлері мен докторанттарына және қазақ мәдениетіне қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе - 3 1-модуль. Қазақ мәдениетінің тарихи нысандары

1.1.Қазақ мәдениетінің бастаулары - 7 1.2. Қазақ мәдениетінің мифологиялық санасы - 14

1.3. Көшпелілік мәдениеттің ерекшеліктері - 25

1.4. Ортағасырлық Ислам Ренессансы және түркі мәдениеті -40 1.5. Дәстүрлі қазақ мәдениетінің хронотоптары- 55

(3)

1.6. Өзгерістер уақыты және отарлық мәдениет - 70 1.7. Қазақ ағартушылары - 79

1.8. Қазақтың XX ғасырдың басындағы мәдениеті - 88 1.9. Тоталитарлық мәдениет- 98

2- модуль. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің типологиясы 2.1. Қазақ бейнелеу өнерінің мәдени ерекшеліктері -108 2.2. Қазақ көркем мәдениетіндегі ою-өрнектің рөлі - 129 2.3. Қазақтың күй өнері мәдени феномен ретінде -150 2.4. Қазақтың дәстүрлі ойын-сауық мәдениетi - 168

2.5. Қазақтың діни мәдениеті - 185

3- модуль. Қазақстан Республиксы мәдениетінің әмбебаптылығы мен төлтумалығы

3.1 Қазақстан Республиксындағы жаңа мәдени үрдістер - 196 3.2. Казіргі Қазақстан мәдениетінің типологиясы - 203

3.3. Казіргі қазақ коғамы мәдениетінің басты құндылықтары - 215

3.4. Жаһандану үдерісіндегі қазақстандық мәдениет - 231 3.5. Қазақстанның ұлттық идеясы - 245

КІРІСПЕ

Қазақтар – Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдегі жалпы саны 20 миллионға жуық, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігі түркі тобының қыпшақ-ноғай топтамасына жатады. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Бұл мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен уақыт ағымында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін анықтайық.

Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол

(4)

тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті – оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «Ата қоныс» ұғымы көшпелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтытдығын мойындайды.

Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен туады. Ата қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен-көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған.

Алдыңғы тарих пен қазіргі кезде өз ықпалынан сақтаған және әлемдік үдерістерге терең әсер тигізген далалық өркениеттің белгілі бір уақыт тербелістерін Қазақстанға байланысты қарастырып өтейік. Шарықтап өткен бұл өркениеттің түркістандық тармағының шамамен ХІІІ ғ. бастап күйзеліске ұшырағаны тарихан белгілі. Этникалық тұтастанудың немесе жаугеріліктің нәтижесінде қалптасқан Кіндік Азиялық империялар ұзақ уақыт мәдени өрісте өзінің қалпын сақтай алмады.

Әртүрлі түркілік алғашқы дала империялары мен мемлекеттері, араб халифаты, Шыңғысхан империясы, Алтын Орда мен Ақсақ Темір мемлекеттері уақыт сынағынан өтпеді. Олардың құрамындағы халықтардың рухы күшпен енгізілген бірлік белдеуін үзіп тастады. Бұл үдерісті әртүрлі бағалауға болады. Қалыптасып келе жатқан этностар тұрғысынан көшпелік империялардың ыдырауын қолайлы құбылыс деп те тануға негіз бар.

Бірақ бұл ыдырау уақыты номадаларды қоршап тұрған отырықшы империялардың есін жинап, қарсы шабуылға көшуіне мүмкіндік берді. Ол Еуразияда жаңа геосаяси жағдайды тудырды. Қазақ мәдениетінің дәстүрлік уақыты ұлт болып қалыптасуымен және өзіндік төл мәдениетінің пісіп-жетілуімен байланысты. Бұл кездегі мәдениет туралы түсініктер архетиптік уақыттың негізгі ерекшеліктерін жаңа мәдени хронотопқа байланысты жалғастырады. Осыған қатысты тағы бір пікір әдебиетте жиі келтіріледі: бұрынғы архетиптік түрік мәдениетінің басты құндылықтарын бойына толық сақтаған түріктік этностарға қазақтар, қырғыздар, ноғайлар, қарақалпақтар, қашқайлар, башқұрттар ж.т.б.

жатады. Өйткені олар ХХ ғ. дейін бұрынғы көшпелілік өмір салтын жалғастырады. Бұл тұрғыдан алғанда, қазақ халқының мәдениет туралы дәстүрлі түсініктерінің негіздері өзгерістерге көбірек ұшыраған басқа халықтар үшін архетиптік қызметі бар. Сонымен Орталық Азияның және жапсарлас жатқан аймақтардың номадтары Х-ХІІ ғғ. өркениетілік уақыт өрісіне тартылғанымен, кейін ыдырау және этностық қалыптасу кезінде уақыттың дәстүрлі түсініктерін қайтадан жандандырды. Яғни, дәстүрлік уақыт халықтық дүниетанымда фольклорлық уақыт арқылы бейнеленеді.

Қазақтың мәдениеті туралы дәстүрлік түсініктерде көне негіздермен қоса мұсылмандық қағидалар қатарлана келеді. Дәстүрлі дүниетанымда

(5)

қиял-ғажайып кейіпкерлерді, алғашқы тотемдік бейнелерді ислам өркениетіне жалпы тән Ғайып Ерен Қырық Шілтен, Жеті кәміл пірлер, Арыстанбаб, Қыдыр, мұсылмандырылған Түкті Баба Шашты Азиз тәрізді қуатты әулиелер ауыстырған.

Бұл мәселені А. Байтұрсынов өзінің «Қобыланды батыр жырындағы әйел бейнесі» атты мақаласында жақсы көрсеткен. Қалмақтармен күрескен қазақтардың салт-дәстүрлері әлі де ескі сенім-нанымдардың исламға өту дәуірін бейнелейді. Мысалы, Қобыландының әйелі Құртқа бойына мұсылмандық әдеп-ғұрып жүйесін жинақтаса, оның шешесі Көктен кемпір– мифологиялық жан. Исламдық өркениеттің қазақ тіліне тигізген әсернің күшеюі нәтижесінде уақыттың хиджралық өлшемі де қазақтың дәстүрлік мәдениеттерінде кең қолданыла бастады. Бұл есептеу жүйесі, әсіресе, еуразиялық далада қалыптасқан жазба шежірелерде жиі қолданылған.

1 МОДУЛЬ. ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ТАРИХИ НЫСАНДАРЫ

(6)

Беғазы-Дәндібай мәдениетіжәдігерлері

Есікқорғаны жәдігерлері

1.1Қазақ мәдениетінің бастаулары

(7)

Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді.

Кеңістікпен үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында «қытай қорғаны» тұрған жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны) білдіретін дәнекер қызметін атқарады.

Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық мәселе әдептіліктік жүйесіндігі обал және сауап деген ұғымдармен тікелей байланыстырылды.

Табиғат аясындағы мәдениетті қатып-семіп қалған, өзгеріссіз әлем дейтін пікірлер де әдебиетте жиі кездеседі. Алайда, бұл осы мәдениетке тынымсыз қозғалыс тән екендігін аңғармаудан туады. Шексіз далада бір орында тоқталып қалу көшпелілік тіршілікке сәйкес келмейді. Ол мезгілдік, вегитациялық заңдылықтарға бағынып, қозғалыс шеңберінен шықпайды. Әрине бұл қозғалыс негізінен қайталанбалы, тұрақты сипатта болады. Қуаң даланы игеру табиғатты өзгертуге емес, қайта оның ажырамас бір бөлігіне айналуға бағытталған. Яғни, адам табиғат құбылыстарына тәуелді болып қалады.

Шексіз даланы игеру оны жай ғана кеңістік, жазықтық деп түсінбей, осы даланы тұтас бір континуим ретінде бағалаумен қатысты. XX ғ.

қалыптасқан этникалық аумақтар мен жағрафиялық ұғымдардың және көшпелілер өркениеті шарықтап тұрған кездегі ата-мекен түсінігінің арасында үлкен айырмашылық бар.

Архаикалық қауым әдептік реттеуі басым қоғамға айналуы үшін бірнеше сатылардан өтуі қажет. Осы жөнінде әдебиетте әдептің қалыптасуындағы үш саты аталып өтіледі: 1) Культ (табыну) сатысы.

Бұл сатыда жеке адам табиғаттан да, қауымнан да ажырамаған, «Біз»

феномені үстемдік етеді. 2) Мәдениет сатысы. Бұл сатыда әдеп, құқық, өркениет қалыптаса бастайды. Жеке адам тарихи өзгерістердің басты күшіне айналады. 3) Әлеуметтік сатысы. Бұл сатыда жеке адамның құқықтарын қастерлеу және келісімділік негізінде азаматтық қоғам (адамдық қауымдастық) қалыптасады.

Біз бұл оқулықта «мәдени реттеу» түсінігін адамдық ынтымақтастық пен бірегейленудің, адамдардың бірлесе өмір сүруінің ерекше нысаны ретінде қолданамыз. Кезінде Э. Дюркгейм адамдық қауымдасудың органикалық түрі туралы арнаулы пікір айтқан. Ол мұндай тұтастықты биологиялық ағзамен салыстырады: онда барлық мүшелер бір-біріне ұқсамайды, бірақ барлығы бірігіпағзаның өмір сүруін қамтамасыз етеді. Органикалық ынтамастықтың әлеуметтік- мәдени негізінде әдеп, тұлғалық еркіндік, мүдделер келісімі және заң жатады. Осындай тұлға жалпы келісімге негізделген императивтер аймағында еркін әрекет ете алады. Бұл қоғамның жетекші қағидаты – дарашылдық. Ф. Хайек те қазіргі кезде «капитализм» мен

«социализм»деген атаулардың ескіргенін және бүгінгі адамдар бірлігін

«адамдық қауымдасу мен ынтымақтастықтың кеңейтілген тәртібі» деп атау керек деген.

(8)

Архаикалық тобыр мен адамдық қауымның арақатынасы жөнінде әдебиетте сан алуан көзқарас бар. Адамдық және әлеуметтік құрылымдарды еңбек теориясымен түсіндіретін марксистік ілімдерде шаруашылық коллективтері мен туысқандық қауым біртектес болып келеді деген қағида басшылыққа алынады. Алайда этнографиялық деректер бұл көзқарасқа күмән келтіреді. Қазіргі этнологиялық зерттеулер антропоидтардағы топтар мен гоминидтердің ілкі топтарының арасында ұқсастық барлығын дәлелдейді (экзогамия, иерархиялық құрылым, реттеу). Жыныстық қатынастарды реттеу алғашқы қауымдық бірлестіктердің (отбасы, ру, тайпа) пайда болуының маңызды факторына жатады. Басқаша айтқанда, тобырдан жеке индивид емес, қауымдық құрылымдар бөлініп шықты.

Алғашқы қауымдық мәдениеттер (аңшылық-көшпелік және екінші көшпелік – номадизм) пайда мен табыс табу принципінде емес, керісінше, «сый экономикасына» негізделген. Қонақжайлық осының бір көрінісі болып табылады. Табиғи ресурстар қауымының меншігі болып табылғандықтан эгоистік мүдде қалыптаса алмайды. Егер патриархалдық бастауларға сүйенетін отбасында индивидуализм үстем болса, Бахофен ашқан «Аналық құқықта» қауымшылдық пен жалпылық алдыңғы қатарға шығады. Алғашқы адамдық бірлестіктер элитарлық емес, қайта эгалитарлық негізде пайда болады. Туысқандық қауымда руластар арасындағы кикілжіңдер ақсақалдарының араласуымен шешіліп отырған. Қазіргі кең тараған айтыс бір замандарда адамдар немесе олардың топтары арасындағы қайшылықтарды шешуге бағытталған.

Өз тарихымыздан, минорат салтының көшпелі қауымда адамгершілік принциптерінің жоғары деңгейінің дәлелі екендігі туралы еске салғымыз келеді. Әр түрлі себептермен әкесінен айырылған кіші ұл осы «алтын мұра» арқылы аяғына тұра алады және қара шаңырақты бекім ұстай алады. Әрине адамның материалдық болмысынан туатын әлеуметтік-мәдени факторлар тұлғалық дербестіліктің қалыптасуына үлкен әсер еткенін бекерге шығара алмаймыз. Шынында да еңбектің бөлінісі, меншіктік қатынастардың дамуы, әлеуметтік байланыстардың күрделенуі өзіне-өзі жауапты дербес адамды тарих сахынасына шығара алады. Алайда, қоғамдағы бірінші әлеуметтік бөлініс – жыныстық бөлініс екендігін естен шығармау қажет. гендерлік қатынастардың дамуы тұлғалық мәдениеттің қалыптасуында әлеуметтік-экономикалық факторлардан кем рөл атқарған жоқ. Сол себепті қазақтың және оның арғы тектерінің әдеп мәдениетін сипаттағанда тек «патриномиялық ру»

төңірегінде айнала беру жеткіліксіз. Қазақ мәдениеті тарихын зерттеушілер еуразиялық далада матриархат ұзақ ғасырлар бойы қоғамдасудың басты түрі болды дейді. Археологиялық деректер балалардың аналарының қасында жерленгенін дәлелдеуде.

(9)

Енді осы қауымнан алғашқы дараланып шыққан феномендерге этикалық талдау берейік. Алғашқы қоғамдастықтарда тұтастықтың басымдылығы жөніндегі пайымдау дұрыс болғанымен, бұл тұтастықты не механикалық агрегат, не биологиялық популяция, не көпмүшелі ағза ретінде қарастырған дұрыс емес. Адамдық коллективті (тіпті, қоңыс аударушы ежелгі аңшылар мен терімшілердің өзінде) жекелік қасиеттерін жоғалтпаған адамдар бірлестігі құрастырады. Осының бір дәлелі – субъективтік жаны жоқ адамдардың о бастан болмағандығы.

Архаикалық көшпелілер мәдениетін зерттеушілер қауымнан алғашқы дараланған адамдар ретінде ру басыларды, ақсақалдарды, батырды, абыз, бек, көсемдерді, сәуегейлерді тағы б. атап өтеді. Бұл сипаттағы ру басылар адамдық ынтымастықтың қауымдық тәртібін жүзеге асырушыларға жатады. Ру басылардың «билігі» шын мәнісінде бағындырушы қатынастардан тумайды. Ру басы мен кейінгі қазақ қоғамындағы билердің арасында түбегейлі айырмашылықтар бар.

Ежелгі мәдениет контекстінде ру басылардың төмендегідей ерекшеліктерін атап өтуге болады. Біріншіден, ауызекі ақпараттық беріліс жағдайында ру басылар ең тәжірибелі, көпті көрген және көпті түйген, осының нәтижесінде руластарының арасынан дараланып шыққан. Екіншіден, ру басының белгі мен беделі сакралды (қасиетті) сипатта тиянақталған.

Ру басыларының қауымнан даралануы екінші мифологизациялану нәтижесінде жүзеге аса бастады. Әлеуметтік жіктері ажыратылмаған қоғамда адамдық қарым-қатынастар дәстүр, рәсім (ритуал) және мифтік сананың қауымда шексіз үстемдік етуімен реттеліп отырды. Алғашқы фратрияларда (жыныстық қатынастары шектелген тотемдік топтарда) дәстүр рәсімдерін коллектив мүшелерінің барлығы орындалған және білген. Кейін дуалдық (қосбайланыстық) фратриялардың әлеуметтік өмірі күрделенген жағдайда осы топтардағы ең беделді адамдар өкілеттік функцияға ие болып, бүкіл рудың атынан әр түрлі сайысқа түсе алатын болған.

Ру басылардың сакральдық билігі тек олардың қоғамдағы орнын фетиштендірумен қатар, туысқандық қауымға тән тотемдік сенімдермен де нығайтылған. Арғы тек (тотем) тек қауым-фратрияны ғана емес, сонымен бірге бүкіл ұлысты біріктіретін магиялық бейнеге жатады.

Жаңа тас дәуірінен бастап ру басылар басқа қауымдастарынан бөліне бастайды және бұл олардың ритуалдық дәнекершілер қызметінен де туады. Әдетте, ақсақалдар дәстүр-рәсімдердің тасадағы мазмұнын терең меңгергендіктен басқа қандастарының арасында киелі адамдарға айналады. Егер әскери демократия батырлардың дараланып шығуына әсер етсе, ілкі тектерді антропоморфтандыру ру басыларының мәдени функцияларын күрделендірді. Осы кезеңде адам мен дүниенің жаратылуы туралы этнологиялық, ру мен тайпаның арғы тектен бергі

(10)

тарихын баяндайтын генеалогиялық, мифтер мен арғы аталардың ерлігін жырлайтын поэтика қалыптасады.

Ру басыларының қауымнан дараланып бөлінуінің тағы бір әлеуметтік-мәдени негізіне көшпелі қауымдағы ақсақалдардың билігі (геронтократия) жатады. Бұл әлеуметтік құрылым қауымдық меншік шытынап, негізгі тіршілік құралдарына (көшпелілерде – малға) индивидуалдық меншік пайда бола бастаған кезде өз нышанын береді.

Патриархаттың матриархатты ауыстыруы нәтижесінде еркектердің рөлі бірінші орынға шығады және ру басылар, көсемдер, әскер басылар, т.т.

олардың арасынан таңдалып алынады. Шын мәнісіндегі әлеуметтік мұралану тек аталық құқықта жүзеге аса алады. Э. Фроммның пікірін қайталасақ, аналық қоғам қауымшылдықтың тірегі болса, аталық қоғам тарихтағы индивидуалдандыру үдерісін бастап берді. Патриархалдық қатынастар геронтократия мен арғы текті әсірелеуге сүйенді.

Жоғары келтірілген аңыздардан алғашқы қоғамдастықтарда жеке билік тек сакральды, дәстүр мен салттық сананың күші арқылы бекітілетінін көреміз. Әрине, ата-бабалар қиын-қыстауда арқа сүйетін тірек бола алады. Бірақ, оларға сай құрмет көрсете алмаған жағдайда арғы тектер кесірлі күштерге де айналып кетуі мүмкін. Сол себепті ата- бабалар культі жіктеле басталған қауым ынтымақтастығын сақтайтын басты фактор еді.

Исламды қабылдағанға дейінгі түрік көшпелілерінде «басқарушы»

топтың әлеуметтік орны арнаулы дәстүр мен салттық сананың бақылауында болды. Бұл дәстүр көптеген жағдайда хандар мен бектердің билігін қауым мүдделері тұрғысынан шектеуге бағытталған.

Сол себепті осы әдептік тұтастыққа қатысты автаркия мен деспотия туралы айту орынсыз. Мысалы, қытай тарихшылары көшпелі түрік иеліктерінде хан мен бектердің қатардағы тайпаластарынан артықшылығы аз екенін және соғыс жағдайында ғана олардың билігінің артатындығын атап өтеді. Зерттеушілер көшпелі мемлекеттерде «хан талау» деген дәстүрдің болғанын айтып өтеді. Бұл бір сипатта Дж.

Фрезер мен З. Фрейд еңбектерінде кездесетін архаикалық «көсемді құрбандыққа шалу» сарынымен ұқсас келеді.

Аталған үрдіс қазақ хандығында да сақталып келген. Мысалы, Орынбор губернаторы Ваконскийдің мына бір куәлігі бар: «Күшті ру басылары немесе топтасқан барымташылар ханға бағынбақ түгіл, оның малын тартып алады». Тағы бір куәлік: Әбілхайыр хан Ресейге бодандыққа ену туралы келісімге келгеннен кейін, ел жиыны оны өлім жазасына бұйырады және сонда бұл үкімді Барақ сұлтан жүзеге асырады. Ш. Уәлиханов та осы сипатта өз дәлелін келтіреді. «Қазақтың ешқандай ханы Абылайға дейін шексіз билікке ие болған жоқ. Ол бірінші болып өз кеңестерімен хан билігін тежеп келген күшті ру басылары мен сұлтандарды бағындырды, тек халық жиынының ғана шешімімен берілетін өлім жазасын өзі бұйыруға мүмкіндік алды»

(11)

(Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в 5 т. – Алма-Ата: Наука, 1976. – 94 б.).

Д. Қасымов «Күлтегін»картинасы

Бумын, Естемі, Білге, Күлтегін, Тоңыкөк қағандар «елдік»

принципін басшылыққа алып, мәдени тұтастықта түрік халқы үшін басты қауіп табғаштан (Қытайдан) келеді дейді. Табғаштар жібек маталарымен қоса өздерінің өмір салтын, діні мен ділін арамызда таратып, түбінде түріктерді бодандандыруды көксейді. Сол себепті ішкі бірлікті нығайту қажет. Біз, әрине, мәдени қаһармандар ретіндегі елбасылардың орны мен қызметін әсірлеуден аулақпыз. Бірорталыққа бағындырылған биліктің жеткіліксіздігі ру-тайпалық сепаратизмді

(12)

өршілендіріп жіберуі мүмкін. Бұл жағдайда, Л. Гумилев айтқан, түрік тайпаларының тарихи қарғысы – рулар қақтығысы орын алды.

Біздің өркениетіміз өте ерте дамыған және ол қала мен даланың синтезі. Ендеше, біздің жерімізде мемлекеттің жабайы түрі емес, кемеліне жеткен түрі болған. Б.з.д. V ғасырда бұрынғы үйсін мемлекеті жөніндегі қазіргі Қытай жерінде көптеген зерттеулер бар. Түрік қағанаты кейінгі түргеш, ұйғыр, қарахан, қырғыз, хазар қағанаттарына қарлық, оғыз, қимақ мемлекеттеріне, Алтын Орда, Жошы ұлысына, қазақ хандықтарына жол салды.

Л.Н. Гумилевтің пікірінше тәңірге табынушылық аспан мен жер арасындағы көзқарастардың басын қосқан дүние деп мойындайды.

Л.Н. Гумилев ғұндар туралы айта келіп, Қытай елшісі (245-250 ж.ж.) Кампучияда болған кезінде ғұндардың жазуына ұқсас жазу көргенін ескертеді. Ендеше Орхон-Енесай жазуының түпнұсқасы тым алыста жатыр. Қ.И. Сатпаев өзінің 1942-жылғы өкіметке жолдаған хатында 81 жастағы Мұрын Сеңгірбаев жыраудың 18 жастан бастап «Қырымның 40 батыры туралы» сияқты жырларды орындағанын жазыпты. Ол Сыпыра жыраудың, Әбіл жыраудың, Нұрым жыраудың мұрагері. Мұрын жырау әрбір жырды 7-10 күннен жырлайды екен (Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. – Алматы: Қазақ университеті, 1991. – 400 б.).

Сонда 40 жырға 400 күн керек емес пе?

Міне, осылай Қытай, Иран, Византиялық өркениеттермен тоғысқан түркілер жаңа мәдениет типін қалыптастырды. Егер бірінші түркі қағанатында соғды тілі үстемдік етсе, екінші түркі қағанатында руналық жазу тарады. VІІ-ХІІІ ғ. қалған Монғолия мен Алтайда, Хакасия мен Тувада, Шығыс Түркістан мен Жетісуда көне түркі алфавитімен жазылған 200-ден астам ескерткіштер қалды. Ал біздің жыл санауымызға дейін V ғасырда өмір сурген Есік жазуындағы 17 әріптің 13 көне түркі руникалық алфавиті екенін айтсақ түркілердің жазуы, өнері тым ерте екендігі көрінеді.

Д. Клеменецтің көне түркілерді «тамаша халық» деуі осыдан.

VІ ғасырда түркілердің әдеби тілі қалыптасты, көрші шығыс мәдениеті игеріле бастады.

Кезінде кеңестік шығыстанушылар орта ғасыр дәуірінде жеті тарихи-мәдени өлкелер қалыптасқанын мойындағанды: еуропалық, араб-исламдық, орташығыстық, Оңтүстік Азиялық, Орталық Азиялық, Қиыр Шығыстық, Оңтүстік Шығыс Азиялық. Академик Н.И. Конрад алғашқы кезде мәдени қарым-қатынаста көне халықтардың мәдениеті үстем болды, ал екінші кезеңде жаңа ортағасырлық әдебиет туындаған кезл\де жас халықтарға кезек тиді, олар ортағасырлық әдебиет жасады – жапондық, жаңа үнділік, жаңа түркілік, жаңа ирандық, арабтық, армяндық, грузиндік, славяндық, романдық, германдық (Конрад Н. Запад и Восток.

(13)

Традиции и современность. – М.: Наука, 1993. – 403 б.), – деп атап көрсетті.Міне, осылай түркі өркениетінің қанат жайып, түркі әдебиетінің өскен кезеңі Түркі қағанатының тұсына келеді. Егер біз Египет өркениеті 6000 жыл бойы дамып, өзін танытты десек, жас түркі өркениеті алда кеткен өркениетті аса жылдамдықпен қуып, баса көктеп өркендеді.

Түркі қағанатының ғажабы – тайпалық томаға тұйықтық көзқарас орнына жалпы империялық, жалпы түркілік идеология орнады. Кейін империя құлаған кезде бұл тайпалардың мемлекеттігінде бір әдеби тіл, жазу, бірегей саяси-әлеуметтік жүйе, материалдлық мәдениеттің бірегей нормалары сақталды. Сайын даладағы халықтар өздерінің бір мәдени ортаға қосылатынын білді, осының негізінде болашақ түркі тектес халықтардың бірегейлігі беки түсті. Ал бірегейлік Алтайдан Дунайға дейінгі қыпшақ даласында одан әрі жалғасын тапты. Ұлы Жібек жолы трансконтиненталды трасса сайын сахарада дала мәдениетіне қала мәдениетін қосты.

Дала өркениетінің бір белесі моңғол шапқыншылығы тарихына байланысты. Сөз жоқ, бұл шапқыншылықты Европа варварлардың ісі деп біледі. Ұлы Евразия даласында пайда болған мемлекеттер жаңа мәдени-әлеуметтік тұтастықтың көрінісі болды:

«Түріктер мен татарлар бәр-бәрі Кіндік Азиядан келіп, тарихта елеулі рөл атқарды. Көпшілігі олар көшпенді болғандықтан варвар болуға тиіс деп ойлайды, ал бұл қате түсінік» (Конрад Н. Запад и Восток. Традиции и современность. – М.: Наука, 1993. – 403 б.).

Моңғолдар сан емес, жауларын сапамен жеңді, онда да тәртіп, ғажайып ұйымшылдықта болды. Әлемді таңдандырған жеңіс Шыңғыс ханның асқан қолбасшылық өнерінің арқасы еді.

Бұл арада Шыңғыс ханның жиһангерлігін емес, өркениеттік дәрежедегі жасампаз қайраткерлігін айту керек. Далалық мемлекет басқару жүйесі сол кезде шыңдала түсті. Моңғолдардың адат заңы ғасырлық халық тәжірибесі үлкен Ясыға – Кодекске айналды. Оған бас қағанның өзі бағынуға тиіс болды. Моңғолдардың Ұлы мәжілісі – Құрылтай хан сайлады, іргелі мәселелерді шешті. Бұл тәртіп империя өз құрамына отырқшы халықты қосып алып, мемлекет көшпелілік сипатын жоғалта бастаған кезде де өзгермеді. М. Аджи Шыңғысханның түбі түркі екендігіне назар аударды (Мурад Аджи.

Кипчаки. Древняя история тюрков и Великой степи. - М., 1999. –21 б.).Бұл пікірді кезінде академик В. Бартольд та айтқан-ды. З.В.

Тоғанның айтуынша, Шыңғыстың бабалары өздерін Ергүнікөннен шыққан көктүрікпіз деп санаған (Кокалып З. Түрікшілдіктің негіздері. - Алматы: Мерей, 2000. - 128 б.).

Орыс әскери ғалымы М.Н. Иванин көрсеткендей, Әмір Темір Ұлы Шыңғыстың заңдарын одан әрі дамыта түсті. Моңғол

(14)

мемлекеттік жүйесі Алтын Орда мен Мәскеу Русінің державалығын шыңдады. Мәскеу мемлекеттігіне самодержавие, орталықтандыру, басыбайлық, почта бекеттері, көлік салығы, халықты жалпылай санақтау, әскери-әкімшілік жүйе, орыстың ақшасы – күміс теңгесі моңғолдар арқылы тарады. Эренжен Хара-Даван моңғолдан сабақ алған орыс елі шашырап жатқан жұртын біріктіріп, Ұлы Мәскеу мемлекеті болып қалыптастыруға әкелді деп санайды.

Басқаша айтқанда, Шыңғыс хан бұл арада ғасырға созылған дала әлемінің тәжірибесін жинақтап, жасампаздық қасиетін танытты. Ендеше, өркениеттің эволюциялық даму барысында болған тарихты даяр қалыпқа бағындырып, қатырып тастамай, салыстырмалы, жүйелі қараған жөн.

Пысықтау сұрақтары 1.Қазақ мәдениетінің архетипіне не жатады?

2. Қазақстан аумағында архаикалық мәдениеттің қандай нысандары өрістеді?

3. Қазақ мәдениетінің типологиясын келтіріңіз

4. Қазақ әдеп мәдениетіндегі дәстүр мен жаңашылдық қандай қатынаста болды?

5. Қазақ мәдениетінің әдептік бастаулары немен анықталады?

1.2Қазақ мәдениетінің мифологиялық санасы

Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-санасына, рәміздеріне байланысты туған мифологиясы ұлттық дүниетаныммен, көшпелі өмір салтымен байланысты. Қазақ дүниетанымындағы мифологияға байланысты түсініктері әу баста халқымыздың мал бағу кәсібі мен диқаншылық өміріне байланысты туған. Әсіресе, жыл мерзімдерін белгілеу мен ауа райының болашағын болжау қоғам тіршілігіне тікелей қатысты болды. Дүниетанымның неғұрлым көне түрі ретінде халық мифтері әрбір халықтың рухани мәдениеті тарихында, оның адамгершілік және эстетикалық тәрбиесінде айрықша орын алады.

Мифология ұғымдарының дәстүрлі ұлттық сипаты алдымен фольклорда сақталған. Ежелгі мифтерден бастап эпостық жырларға дейін, наным- сенім өлеңдерінен қазіргі әңгімеге дейін халықтың уақыт пен кеңістік туралы түсініктері сан-тарау кезеңдерді бастан кешірді. Көркемдік ойлаудың тарихын уақыт пен кеңістік туралы ұғымдардың қалыптасу тарихынан бөліп алуға болмайды.

(15)

Мифологияға тек қана бір халықтың немесе туысқан халықтардың шеңберінде ғана дамитын құбылыс ретінде емес, ареалды құбылыс ретінде қараудың қажеттігі айқын болып отыр. Әртүрлі халықтар мәдениетінің ұқсастығы олардың тіршілік ету аймағынан, географиялық ортасынан туындайды. Орасан зор Еуразия далаларындағы халықтар мифтерінің жақындығы күмән тудырмайды. Орасан зор аймақта мыңдаған жылдар бойы өмір сүрген, тіпті әртүрлі тілдік рәміздерге жататын халықтар мен тайпалар бір-бірімен араласып, кейде толығымен сіңісіп кетіп отырды. Қоғамдық тарихи процестердің динамикасын да ескермеуге болмайды, мысалы, белгілі бір халықтың отырықшылыққа көшу деңгейі, шаруашылық-мәдени өмірдің өзгеруіне ғана алып келген жоқ, дүниетанымын да өзгертіп, ол мәдениетте көрініс берді.

Алайда бұл салалардың даму бағыттары әр түрлі болды.

Ежелгі миф-аңыздар алғашқы адамдардың тіршілігінің маңызды белгісіндей, олардың символдық (рәміздік) мазмұны арқылы адамзат қоршаған ортаны және уақытты әрі игерді, әрі түсінді. «Мифология, – деп жазады А. Қасымжанов, – алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші бөлінбеген формасы. Мұнда поэзия мен ғылымның, дін мен моральдың, рационалды әсердің элементтері бар» (Касымжанов А.Х.

Пространство и время великих традиций. – Алматы: КазНУ, 2001. – 12 б.).

Миф алғашқы адамдар тіршілігінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Миф дегеніміз ойдан шығарылған қиял да, ғылыми қағида да, символикалық таңба да, діни сенім де емес. Ол – сөз құдіретіне ие болған мәдени тұлғаның тарихы (уақыты). Мифтік уақыт туралы сөз қозғағанда оның жазусыз мәдениетпен бітісе қалыптасқанын ескеру керек. Мифтік түсініктерге, болжамдарға, көріпкелдік пен сәуегейлікке арқа сүйеген жазусыз мәдениет өз пиғылын жеке адамның еркінен тыс жағдайда жүзеге асырады. Ұжымдық тәжірибе мен әдет-ғұрыпты арқау еткен қоғамның куатты болжау мәдениеті болуы шарт, ал бұл табиғатты, әсіресе, аспан шырақтарын бақылауды міндетті түрде ынталандыра отырып, осыған байланысты теориялық танымнын өркендеуіне алып келеді. Мифтік танымның уақыт пен кеңістікті игеру құралы екендігін көреміз. Жазулы ақпарат жоқ кезде миф оның қызметін атқарған, адам мен дүниенің дәнекері болған. Кейін құдай адамдарға кітап (Інжіл, Құран, Библия) сыйлаған соң, мифтік дүниетанымды дін мен философия ығыстырды. Бірақ ол уақыт ағынында жоғалып кетпей, баспананы көмескі сана мен архетиптік жадыдан табады.

К. Леви-Строс зерттеулері негізінде бұл теориялық ұйғарымдардың дұрыстығына, Көне Шығыс қолжазбаларын ашыуға бағытталған мамандар әрекетіндегі қиындықтар дәлел бола алады. Олар, Х.

Гютербок, Э. Ларош және басқа да ғалымдардың соңғы жылдары жазылған еңбектері көрсеткендей, сол сыналық жазудағы ерекше мәтіндер аккад және хуррид музыкалық сына жазулары болып шықты.

(16)

Музыка мен мифті салыстыра келе, К. Леви-Строс кейінгі еңбектеріндеВагнерді өзінің ізашары ретінде атап өтеді. С.М.

Эйзенштейн Вагнердің«Валькирия» операсын 1940 жылы Үлкен театрдың сахнасында қоюында мифологиялық ойлау стиліне ену мақсатында «Мифтің жүзеге асуы» деген өз мақаласын жазады.

Жер бетінде адамзат жоғалып кеткеннен кейін, онда пайда болған археологтарды және олардың біздің кітапханаларымыздың орнында жүргізіп жатқан қазба жұмыстарын елестетейік. Бұл археологтарға біздің жазуымыз мүлдем таныс емес, бірақ олар оны шешкісі келсін. Бұл үшін алдын ала біздің сондай ойда және жоғарыдан төмен қарай жазатынымыз анықталуы тиіс. Бірақ осы жаңалықтан кейін де кітаптардың бір бөлігі оқылмай қалады. Бұлар, музыка бөлімінде сақталған, оркестр партитуралары болып шығады. Басқа планетадан келгендер нота жолдарын жоғарыдан төменге қарай әдеттегідей оқығысы келеді, бірақ олар нота топтарының кезекпе-кезек жартылай немесе толық уақыт интервалдары арқылы қайталанатынын және бір- бірінен қашықтықта тұрған кейбір әуендік сөйлемшелердің ұқсас екендігін байқайды. Басқаша айтқанда, бір тік сызықта тұрған, барлық ноталар үлкен құрастырушы бірлікті, немесе қатынастар шоғырын өзімен көрсетеді (Леви-Строс К. Құрылымдық антропология // Әлемдік философиялық мұра. Батыстың классикалық емес философиясы. – Алматы: Жазушы, 2006. – Т. 12. - 462-489 бб.).

Адамзаттың тарихында номадизмнің қалыптасуы прогрессивтік қадам болды, өйткені оның бірқатар жағымды және қолайлы жағдайлары шекаралас жерлерде тұратын, жер шаруашылығымен айналысатын елдердің және қала мәдениетінің элементтерін тартатын.

Заңды түрде маңызды мәселе көтеріліп тұр: номадизм осы жерлерге келгенде осында бұрын болған көркемдік әрекеттердің түрлерін сақтап қалды ма, әлде керісінше, өзімен бірге осы жерлерге көркемдік мәдениеттің жаңа формалары мен құралдарын әкелді ме?

Көшпелі қауымнан дараланып бөлінген хан, сұлтан, бек, тархан, ру басы, мырза, бай, би сияқты тұлғалардың әлеуметтік статусы олардың қоғамда атқаратын қызметімен қоса рухани-мәдени факторлармен де негізделіп отырылған және бұл аңыздық қасиеттермен толықтырылған.

Мәдени қаһармандар тек реалды кеңістік пен уақыт өрісінде әрекет етіп қоймай, мифтік континиумда қатар өмір сүрген. Тарихы оқиғалар аңыздық қосымшалармен тұтасып кеткен. Батырлар мен хандар ғажайып өмірге келеді, тез ержетеді, тұлпарымен сөйлесе алады, тылсым күштерге иелік етеді, Ғайып Ерен Қырық шілтен, Түкті Баба Шашты Әзиз, пірлер мен аруақтар оларға қолдау көрсетіп отырады. Өткен уақыт пен баяғы кеңістік қайтадан келгендей болады. Мезгіл мен мекен мәдени қаһарманның төңірегінде қоюланып тоғысады. Осы жөнінде М. Әуезов мына бір ойын алға тартады: «Ескілікті әңгімелердің бірсыпырасы белгілі бір хан мен патша немесе бір белгілі, асқан бидің айналасында

(17)

жиналған болады. Ескілік әңгімелерін кейде бір үлкен тарихи дәуірге әкеп те жинап қояды. Орыс жұртының ескіліктегі батырлар әңгімесінің барлығы «Қызыл күндей Владимирдің» айналасында жиналған. Араб жұртының ескіліктегі әңгіме, ертегісінің көбі Арон Рашид патшасының айналасында жиналған. Қазақ атаулы елдің ноғайлы дәуірінен қалған әңгіме-жырларының көбі Орманбет би заманының маңызына жиналған.

Онан соң қазақтың ноғайдан бөлініп шығып, қазақ атанып, бөлек хандық құрып жүрген заманнан қалған ескілік әңгімелерінің көбі Әз Жәнібек ханның тұсында болдың. Тарихи инверсия бұрынғы мәдени қаһармандарды бізге жақындатады, тіпті арамызда жүргендей әсер қалдырады. Сол себепті Қобыланды мен Алпамыс та, Еділ мен Едіге де, Жәнібек пен Абылай да біздің замандастарымыз сияқты. Сондықтан мәдени қаһармандар біздің қазіргі өмірімізде де жақсылық пен жамандықтың арасындағы таңдауда үлгі мен бағыт беретін кейіпкерлер болып табылады (Әуезов М. Таңдамалы. – Алматы: Энциклопедия, 1997. – 512 б.). Мәселенің бұл қыры ары қарай талдауды қажет етеді.

Тәңірлік дүниетаным белгілері

Мифтік ұғымның араласпайтын жері жоқ. Құс пен жануарлар тілін адам тіршілігіне көшіру үшін, әрине, олармен тікелей байланыс, қарым- қатынас қажет, әр нәрсенің, заттың нақты қадір-қасиетін білу керек.

Жылан әдетте батырға ақылгөйлік, даналық дарытады, емшілік, балгерлік ғаламат дарын сыйлайды. Аңдар тілін жете ұқтырып, қажет кезінде солардың өзіне де айналдырып жібіре алады. Осыншалық ғұлама білім, құдіреткүш қанына, жанына әбден сіңуі үшін жылан батырды жұтуы керек, немесе керісінше, ол жыланның денесінен жұлып жеп дәм татуға тиіс. Самұрық құс Құдайбергенді жұтып жібереді де, қайта құсып, лақтырып, жарық дүние көрінетін ғажайып айнаны тауып алуына жәрдемдеседі.

(18)

Мифтерде де, ертегілерде де жалпы айналмалы, ауыспалы сарын мықты дамыған. Хан тыңшылары Құдайбергенді тас төбешікке айналдырып жібереді, ал оның ордасының оң жағындағы бұрынғы тас үйіндісі Жалмауызкемпірдің дәу ұлы боп шығады. Құдайбергеннің қайтыс болған балықшы өгей әкесі Тасшылардың қызы Айсұлуды тәрбиелеп, су астында өмір сүретін етеді. Соның талап етуі бойынша ғана хан Құдайбергенді қайта тірілтеді. Айсұлудың өзіне де зымиян бақсыны инеге айналдырып, жан-перілерді орамалымен бір желпіп қалып жанына жинап ала қоятын керемет сыйқырлық қасиет дарыған.

Өліп, қайта тірілу, жан бітіріп, жан көшіру – ғасырлыр бойы халық санасында, салт-дәстүрінде ұялап келген ежелгі наным-сенім қалдықтары. Жануарларға табынуға, қоршаған ортаның көзге көрінбейтін құпия қауіп-қатерімен жасқап, әйелдерді үйден ұзатпай, тұмшалап ұстауға байланысты туған әр қилы тыйым салу (табу) жүйелері бұл.

Тәңір бейнесі. Назым Рахимбердиева галереясынан

Көне дүние көшпелілері үшін су – шейіттер патшалығы. Оған кеткендер қайтып оралмайды. Жер тіршілігіне ұқсас құралғанына қарамастан, бұл – қыршын өмірлерді қылғып жұтып жатқан мүлдем басқаша әлем – су асты әлемі. Көзге көрінбейтін Албасты осы әлеммен сабақтас, екі қабат әйелдердің ажалы содан, өкпесін ұрлап алып, суға атып жібереді.

Албасты туралы Гильгамеш дастаны мифологиялық суреттерге тұнып тұр. Бірақ соның өзінде де ол эпикалық дәстүрлермен келісті дараланған.

Жын-пері, құбыжық, құдайлар мейлінше молдығына қарамастан,

(19)

мифологиялық үлгілер мұнда керемет көркемдік мәнісін тапқан.

Эстетикалық айырықша қадір-қасиетке бөлініп, біраз өнделіп, қорытылып, жаңа ұғыммен, дүние туралы жаңаша түсінікпен байыған.

Жаратылысты тәуелсіз, ақиқат бар болмысымен жан-жақты тану талпынысы кәдімгі іс адамы қызметімен өрістес тұтас бір мифтік мәнердің қалыптасуына қолайлы негіз қалаған.

Дәстүрлі түркілік дүниетанымдағы «өліммен күрес» уақытқа қарсы күрес ретінде «алғашқы жұмақтық уақытқа оралуды» меңзейтін ұстындармен, қимыл-әрекеттермен, яғни символдық ойлау категорияларымен берілсе, исламдағы «өліммен күресуң уақытпен алға қарай жарысу, болашақтан үміт етуге негізделген. Дегенмен, «өлімнен қашу», «өліммен күрес», «өлімді қабылдау», «өлімді аңсау» сияқты құбылыстар психологиялық абстрактілі салмақтағы ұғымдар. Тәңірлік сенімде «өлімнен қорқуды» қамдық институт реттеп отырады. Бақсылық адамға «өліп-тірілу» тәжірибесін үйретеді. Яғни, тек бақсылар ғана өлімді таниды. Өлімді тану — қорқыныш-үрейдің жойылуы деген сөз.

Ал исламда кез келген адам иман арқылы өзінің «өлімнен қорқу»

сезімін реттеуге қабілетті.

Сақтар мен савроматтардағы отқа табыну ғұрпы о баста күнге табынудан шыққан. Күн мен от зұлым, қас күштерден қорғап, тазартады деген ұғыммен молаларды өртеп тазарту әдеті савромат, сақтарда көп кездеседі. Ғұндар мен үйсіндер, сақтар қабірлерінен жиі шығатын қызыл бояу сол қасиетті күн мен оттың рәмізі болған. Тотемдік және магиялық ескі түсініктер тұмарлар асудан, тас моншақтар қадау, киімге құс қауырсындарын тігіп алудан, ұлу, жылан бас сүйектерін тағудан байқалған.

Скифтердің де, ғұндардың де өмір салтында жауынгерлік асқақ рух күшті дәріптелген. Сондықтан да наным-сенімдер сақ-ғұн қоғамының тірегі – жауынгерлердің соғыс қабілетін, соғыстағы женіске деген сенімін нығайтуға қызмет еткен.

(20)

Таңбалы петроглифтері. Күнбасты адам бейнесі

Архетиптік сипаттағы мәдени символдар өздеріне құпиялылықты, құдіреттілікті сақтаған. Олар терең эмоцияны тудырары сөзсіз. Бұл жағдайда мәдениет белгілі бір жүйе ретінде, адам және оны қоршағана ақиқат арасында тұрған жүйе ретінде танылады, яғни әлемнен түсетін хабарды өңдейтін тетік ретінде танылады. Сонымен қатар берілген бір мәлімет өте маңызды орынға ие болады да, ал енді біреуі белгілі бір мәдениет саласында ғана танылады. Керісінше, басқа мәдениеттің тілінде бұл мәлімет өзгеше сипатта болады. Осылайша мәдениет жалпы семиотикалық жағдайда адам және әлем арасында орнайтын қарым- қатынас жүйесінде түсіндіріледі. Бұл жүйе бір жағынан оның әлемді осылайша модельдейтіні анықталады, бір жағынан адам тәртібін анықтайды (Лотман Ю.М. О мифологическом коде сюжетных текстов //

Сборник статей по вторичным моделирующим системам. – Тарту, 1973.

– 276 б.).

Ежелгі діни нанымдар, мифтер мен аңыздар адамдардың рухын көтеру үшін, табиғатпен өзара байланысын қалыптастыру үшін қолданыста болған , әрі халықтың тарихи тағдырына, дамуына әсер еткен. Олардың мән-жайын идеялық тегі мен тарихи тұрпатын ашып көрсету аса күрделі, себебі сырттай қарағанда кез-келген діннің болмысы ессіздік сияқты немесе тіпті бір түсініксіз нәрсе болып көрінеді. Ал сол ессіздіктің өзін танып білу үшін кемел зерде қажет.

Мұны түсіну үшін көне этнографиялық материалдарға, ертегілер мен аңыздарға, мифтерге жүгініп терең зерттеуді талап етеді. Олардың түп- тамырын тарихи этникалық кең аяда танып түсіндіруге болады. Ұлтық маңызы бар мифтер мен аңыздар діни наныммен байланысты аңыздармен сәйкес келе бермейді, тіпті қайшы келуі де ғажап емес.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Askhat Kazakh Ablaikhan University of International Relations and Foreign Languages, Kazakhstan, Almaty, ⃰ e-mail: zhakyanova.a@inbox.ru ACADEMIC MOBILITY THROUGH THE PRISM OF

Vityuk2 1«Institute of Atomic Energy» Branch of National Nuclear Center of the Republic of Kazakhstan, Kazakhstan, Kurchatov 2National Nuclear Center of the Republic of Kazakhstan,

Усть- Каменогорск *е-mail: alexsktl@mail.ru Влияние параметров микроплазменного напыления на потери напыляемой Zr проволоки и пористость покрытия В статье представлены новые

Advanced In-Flight Measurement Techniques Fritz Boden, Nicholas Lawson, Henk W.. Henry Kempe: A 50 Year Legacy to the Field of Child Abuse and Ne Richard

Fick’s second law of diffusion has been used to model mass transport in the gas phase: IRSTI 31.19.00 https://doi.org/10.15328/cb1300 Article Статья Optimization of headspace

2017 Hydrogen production by catalytic methane decomposition: Carbon materials as catalysts or catalyst supports // International Journal of Hydrogen Energy.. Dry reforming of methane:

2.3 Этанолды анықтауға арналған молибден оксиді негізіндегі сенсорлар Молибден оксиді негізіндегі басқа да бір сенсор этанолды анықтау үшін қолданылған.. Аралас молибден және марганец

The results demonstrated that the production levels of TNF-α, IFN-γ and IL-10 in 3D-spheroid MSCs were low and the level of IL-6 was high compared with 2D MSCs Figure 4..